Барлығы – 135 сағат



жүктеу 1,21 Mb.
бет5/12
Дата14.11.2018
өлшемі1,21 Mb.
#19789
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

№20 дәріс

Тақырып: Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.

Дәрістің мазмұны: Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін талдау.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жыл-дамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қар-жылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.

Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әр түрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражаттың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпорынның әрекет өрісін (өндірістік, делдалдық, жабдықтау-өткізу және басқа), салалығын (мысалы, кондитер фабрикасы мен станок жасау зауытының айналымдылығы әр түрлі болатындығы еш күмән тудырмайды), ауқымын (көп жағдайда шағын кәсіпорындарда, үлкендеріне қарағанда қаражат айналымдылығы айтарлықтай жоғары келеді -бұл шағын бизнестің бір артықшылығы деуге болады) және тағы басқаларын жатқызуға болады. Елдегі эконо-микалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына аз әсер етпейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың ба-сым көпшілігшін, жабдықтаушылармен, сатып алушылармен реттелген шаруашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқтырады да, бұл қаражат айналымын айтарлықтай бәсеңдетеді.

Қаражаттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару сгратегиясының тиімділігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.

Шынында да, қолданылған баға саясаты, құрылған актив құрылымы, пайдаланылған тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кәсіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету еркіндігіне ие болады.

Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдам-дығыньщ өсуі кәсіпорынның өндірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіште-ріне мына коэффициенттер жатады:

1. Капиталдың жалпы айналымдылық коэффи-циенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына формула бойынша анықтапады:

К0А= DN /AK

Мұнда, К0А - капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;

DN - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көр-сету) түскен табыс (саудадан түскен ақша);

Ак - авансталған капитал (кезеңдегі орташа баланс валютасы).

Авансталған капиталдың кезеңдегі орташа шамасының жалпы айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның іскерлік белсенділігі туралы жан-жақты түсінік береді. Сатудан түскен табыстың баланс валютасының (барлық капиталдың) орташа шамасына қатынасымен есептелетін ол, кәсіпорынның барлық капиталының айналым санын көрсетеді және олардың жұмылдыру көздеріне байланыссыз, барлық ресурстарды кәсіпорынның пайдалану тиімділігімен сипаттайды. Бұл көрсеткіш салаға байланысты ауытқып отырады және өндіріс процесіндегі ерекшеліктерді қамтып көрсетеді.

Түрлі кәсіпорындарға немесе бір кәсіпорынға әр жылдардағы жалпы айналымдылық коэффициентін салыстырғанда, активтердің орташа жылдық сомасын бағалауда біркелкілі қамтамасыз етшгендігін тексеру қажет. Мысалы, егер бір кәсіпорында негізгі құралдар бірқалыпты тура сызықты шығынға жазу әдісімен есеп-телген амортизацияны назарға ала отырып бағаланса, екіншісінде басқа бір шапшандатылған амортизация әдісі пайдаланылған болса, онда екінші жағдайда айналымдылық тым жоғары болады. Одан басқа, бұл көрсеткіш бірдей жағдайда кәсіпорынның негізгі құралдары көбірек тозған сайын жоғарылай береді. Белгіленген жағдайлар, капиталдың жалпы айналымдылық коэффи-циентін талдау қажетті түзетулерді ескере отырып жүргізуді керек етеді.

№21 дәріс

Тақырып: Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау.

Дәрістің мазмұны: Меншікті және қарыз капиталының арақатынасын талдау негізінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – кәсіпорынның менш ікті капиталының деңгейімен сипатталатын, төлемқабілеттілік, несиеқабілеттілік және ликвидтілік көрсеткіштерінің жиынтығынан құралатын көрсеткіш. Меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Нарықтық қатыныстар кезінде кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбінесе өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Ал меншікті капитал жетпегенде, шеттен капитал тартылады.

Бұл кезде қиын болса да, сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз, әрине, шаруашылық қызметті жүргізу мүмкін емес.

Баланс активтерінің құрамын талдау кезінде меншікті капитал және қарызға алынған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есепті кезеңдегі олардың өзгеру себебі анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға баса назар аударылады, себебі өз қаражаттарының болуы оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер бар:

Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:

Ктс = МКК

Мұндағы: Ктс - тәуелсіздік коэффициенті; Мк - меншікті капитал; Ак - авансталған капитал (баланс валюта-сы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.

Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақ-тауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғары-латады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіп-керлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғы-лық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.

Қаржылық талдаудан кітаптардың бірқатар авторлары инвесторлар мен несие берушілерді қамтамасыз ететін, меншікті капиталдың оның жалпы сомасына қатынасының ең аз мәні 0,6 болып табылады деп есеп-тейді. А.Д. Шеремет, А.М. Ковалев; В.П. Привалов, О.В. Ефимова және тағы басқалар бұл көрсеткіштің 0,5 деңгейдегі мәні кәсіпорынның барлық міндеттемелерін өз қаражатымен жабуды қамтамасыз ете алатын ең төменгі көрсеткіш бола алады деп санайды.

АҚШ және Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффициентінің жоғары жетерлік деңгейі болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуе-келдігі төмен болады: өз қаражаттарынан қалыптастырылған мүліктің жартысын сатып (қарызға алынған қаражаттар салынған, екінші жартысы кейбір себеп-термен құнсызданған болса да), кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады.

Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық міндеттемелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берілген нарықтық экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін төмендетуге болады).

Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 деңгейінде шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сондықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгілеуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол ақпаратт ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асырылады. Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер меншіктік капиталдың авансталынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капиталдың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылымын зерттеу оларға кәсіпорын қызметі-нің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүм-кіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және меншіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қысқарғанын көрсетеді. Бірақ бірыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражатты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс. Әрине, аванс-талған каішталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағдайларға тәуелді болады.

Меншікті капиталды зерттегенде өзіндік айналым қаражаттарындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильдік сипаттағы құндылықтарда бекітілмегендігін және осы қаражаттарды неғұрлым азды-көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы анықталады. Меншікті айналым қаражаттарының көлемін анықтау үшін, меншікті капиталдың сомасынан баланс активінің екінші бөлімінің жалпы сомасын (қорытындысын) алып тастау керек.

Тәжірибе жүзінде күрделі салымдарды қаржыландыру және негізгі құралдарды сатып алу үшін, меншікті капиталға теңестіріліп қосылатын, ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар пайдаланылады. Қаржыландырудың осы қатыстырылған көзі ескеріліп, алдағы көрсеткіштің мөлшері анықталады. Бұл көрсеткіш абсолютті болып табылады, оның динамикадағы өсуі - оң, ал төмендеуі -теріс бағыты ретінде қарастырылады.

Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағын да табу керек. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлдеқайда нақты сипаггамасы болып саналады. Арнайы әдебиеттерде оны іс жүзінде жұмсау (маневрлық) коэффициенті деп аталады.

Ол кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы қаражаггарды еркін жұмсауға болатын, мобильді нысанда екендігін көрсетеді және келесі формуламен анықталады:

Кж=Ма.к : Мк

Мұндағы: Кж - жұмсау коэффициенті;

Мак - меншікті айналым капиталы; Мк — меншікті капитал.

Бүл коэффициентті А.Д. Шеремет, Р.С. Сайфуллин, Е.В. Негашев осылай анықтайды. Ұзақ мерзімді қарыз қаражаттары негізгі құрадцарды алуға және капитал салымдарына бағытталатынын ескере отырып, В.В. Ковалев, Э.А. Маркарьян және Г.П. Герасименко бұл коэффициентті меншікті капиталға ұзақ мерзімді міндеттемелерді қосып есептейді. В.Ф. Палий бұны "дұрыс" десе де біз оған қосыла алмаймыз, себебі сөз жұмыс капиталы жөнінде емес меншікті айналым капиталы жайында болып отыр. Жұмсау коэффициентінің төмен мәні кәсіпорынның меншікті қаражатының көп бөлігі иммобильді сипаттағы құндылықтарда бекі-тілгендігін көрсетеді, ал олар тез айналатын қаражаттар емес, яғни ақшаға тез айнала алмайды.

Қаржылық көзқараспен айтсақ оның өсуі және жоғары деңгейі кәсіпорынның қаржылық жағдайын оңды деп сипаттайды: бұл кезде меншікті қаражаттар мобильді, олардың көп бөлігі негізгі құралдарға да, айналымнан тыс активтерге де емес, айналым қаражаттарына салынған. Сондықтан жұмсау коэффициентінің өсуі кәсіпорын мүлкінің нақты құрылымындағы мүмкін болатын шектерінде ғана тиімді. Егер коэффициент негізгі құралдардың құнының азаюынан емес, негізгі құралдарға қарағанда меншікті қаражат көздерінің тез өсуіне байланысты көбейсе, онда коэффициенттің жоғарылауы шыныменен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының артқанын дәлелдейді.

Оптимальді мөлшері ретінде жұмсау коэффициенті > 0,5 деп алынуы мүмкін, бірақ іс жүзінде көрсеткіштің тұрақты қалыптасқан мәндері жоқ. Бұл көрсеткіштің ұсынылып отырған деңгейі кәсіпорынның менеджері мен оның меншік иелері өз қаражаттарын мобильді және иммобильді активтерге салудың тепе-теңдік принципін сақтау керек екендігін көрсетеді, бұл баланс өтімділігін қамтамасыз етеді.

Жұмсау коэффициентінің мәні, кәсіпорынның қызметінің сипатына байланысты: оның әдеттегі деңгейі материал сыйымдылығы жоғары өндірістерге қарағанда қор сыйымдылығы- жоғары өндірістерде төмен болуы керек (себебі қор сыйымдылығы жоғары өндірістерде меншікті қаражатының айтарлықтай бөлігі негізгі өндірістік қорларды жабудың көзі болып табылады).

Кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық тұрақтылықты талдау үшін басты роль атқаратынына сәйкес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткіш-терінің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады, ол меншікті айналым қаражаттарының тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті тауарлы-материалдық қорлар мен шығындарды жабу коэффициенті деп атайды. Ол келесі формуламен есептеледі:

Кк/қ = Мак / ҚТМ

Мұндағы: Кк/қ - тауарлы-материалдық қорлардың қамтамасыз етілу коэффициенті; Мак - меншікті айналым капиталы; ҚТМ - тауарлы-материалдық қорлар. В.В. Ковалев, Э.А. Маркарьян және Г.П. Герасименко оны меншікті айналым және ұзақ мерзімді қарыз қара-жаттарының сомасын кәсіпорынның қорлары мен шығыдарының құнына қатынасымен анықтайды.

Материалды айналым қаражаттарын жабу коэффициенті қандай дәрежеде тауарлы-материалды қорлар мен шығындар меншікті қаражаттармен жабылғанын және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтінін көрсетеді.

"Шаруашылық тәжірибенің статистикалық орташаланған мәліметтерінің негізіне алынған оның қалыпть мәні, - деп жазады А.Д. Шеремет және Р.С. Сайфулин, -келесі түрде болады."

Кк/қ ≥ 0,6-0,8.

Қорлар мен шығындардың меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілудің қалыпты коэффициен-ті, меншікті қаражат көздерімен қажетті қорлар мен шығындарын, қалғандарын қысқа мерзімді қарыздармен жабу назарға алынып анықталады. Бірақ бұл кезде қорлар мен шығындардың көлемі, олардың айналу жылдамдығы жоғарылаған кезде негізделген қажеттілікке сәйкес болу керек. Егер олардың мөлшері негізгі қажеттіліктен асып кетсе, онда меншікті айналым қаражаттары материалдық қорлардың бір бөлігін ғана жаба алады, яғни көрсеткіш <1 болады. Керісінше кәсіпорынның материалдық қорлары үздіксіз жұмыс жасау-ға жеткіліксіз болғанда көрсеткіш >1 болуы мүмкін, бірақ бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы екендігін көрсетпейді. Сондықтан материалдық қорлардың меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу көрсеткішінің деңгейін ең бірінші материалдық қор-лардың жағдайына байланысты бағалап қарастыру керек.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат көздерінің құрамымен емес, сонымен бірге қаржылық есеп берудің активтеріне салудың дұрыстығымен де сипатталады. Сондықтан меншікті қаражат-тардың құрылымын бағалаумен қатар кәсіпорынның қарыз қаражаттарының құрылымы да қарастырылады.

№22 дәріс

Тақырып: Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау.

Дәрістің мазмұны: Активтер мен пассивтер арасындағы қаржылық тепе-теңдікті талдау және функционалдық белгісі бойынша кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық дәрежесі бойынша келесі төрт типке бөлуге болады:

1) қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы;

2) қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;

3) қаржылық жағдайдың тұрақсыздығы;

4) қауіпті (дағдарысты) қаржылық жағдайы.

Қаржылық тұрақтылықты қоймада жылдың соңында қалған дайын өнімді сату арқылы, дебиторлық борышты тезірек қайтару арқылы және кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметінің тиімділігін жоғарылату арқылы қалыпқа келтіруге болады. Бұған қоса, дайын өнімнің қоймада іркіліп қалуының себептерін анықтау қажет.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын меншікті капиталмен қарыздық капиталдың арасындағы қатынас суреттейді.

Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорынның қызыметі және оның дамуы көбінесе өзін - өзі қаржыландырумен, шеттен қарыздық капитал тартылады.

Осы қарыздық капиталдың мөлшері қаржылық тәуелсіздік деңгейіне әсер етеді. Бірақ қарыздық капиталсыз кейбір кәсіпорындар шаруашылық қызыиеттерін жүргізе алмайды. Қаржылық тұрақтылықты қоймада жыл соңында қалған дайын өнімді сату арқылы, дебиторлық қарызды тезірек қайтару арқылы, және кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызыметінің тиімділігін жоғарлату арқылы қалыпқа келтіруге болады.
Арнайы әдебиеттерде кәсіпорындарды қалыптасқан қаржылық жағдайға қарай, оларды 4 топқа жіктеуге болады:

1) қаржылық жағдайы жақсы кәсіпорындар;

2) қаржылық жағдайы орташа кәсіпорындар;

3) қаржылық жағдайы нашар кәсіпорындар;

4) банкроттыққа ұшыраған кәсіпорын.
№23 дәріс

Тақырып: Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау.

Дәрістің мазмұны: Кәсіпорынның өтімділік көрсеткіштері негізінде төлемқабілеттілікті бағалау.

«Өтімді» сөзі «ақшаға оңай айналатын» деген ұғымды білдіреді.

Кәсіпорынның өтімділігі өзінің міндеттмелерін төлеу уақыты келгенде, жабу үшін өз активтерін ақшаға айналдыру қабілеттілігі және қолд абар қаражаттарды (активтерді) тезірек жұмылдыру мүмкіндігі. Өтімділік кәсіпорынның төлем қабілеттелігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі баланстың өтімділігін көрсетеді.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төмендегілерге қарай. Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.

А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) – айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.

А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш, басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерімен төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, ал сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлем уақыты ұзап кеткен борыштардың өтімділігі өте төмен болады.

Нарықтық экономика жағдайында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды. Себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез келген кредитор штраф төлеу қаупінен, тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытынды төлеуге тапсырады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражаттарына тез айнала алмайды. Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін.

А3. Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің ІІ бөлімінің «ТМҚ» бабы және баланс активінің І бөліміндегі «Ұзақ мерзімді инвестициялар» «жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайтылған бабы. Бірақ бұл кезде «Алдағы кезең шығындары» бабы есепке алынбайды. Бұл баптың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ сапыт алушы тауып алу қажет, ол уақытты керек етеді. әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске қатысты.

А4 Қиын өткізілетін активтер – баланс активінің І бөлімінің алдыңғы топтарға енгізілген баптарынан басқа барлық баптары. І бөлім жиынынан «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаржаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырлған баптары негізінен кәсіпорынның «өтімділігін», яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. өтімділігі бұдан төмен элементтер ТМҚ мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты толтырылады.

П1 Неғұрлым тезірек төмендеуге тиісті міндеттемелер – бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер жұмысшылармен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерде асу банктің мақсатты қарыздарын (несиелерін) өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтіледі активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

П2 Қысқа мерзімді міндеттемелер несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар

П3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар

П4 Тұрақты міндеттемелер – пассивтің І бөлімінің «Меншікті капитал» баптар.

Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің «Алдағы кезең шығындары» бабы бойынша сомаға азайтылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек.

Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастар болғанда санауға болады.

А1 > П1

А2 > П2

А3 > П3

А4 > П4

Басқаша айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуы қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді. Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы варианттағыға қарама-қарсы мәні болса, онда баланс өтімділігің абсолютті өтімділіктен азды-көпті айырмашылығы болады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек құндық мөлшері бойынша жүзеге асырылады, өйткені нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орнын баса алмайды .

Жалпы алғанда баланс активі мен пассив баптарының І-ші және ІІ-ші топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді. Ағымдағы өтімділік қарастырылып отырған мерзімге жақын уақыттағы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін (төлем қабілетсіздігін) көрсетеді.

Баяу өткізілетін активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру перспективалы өтімділікті бейнелейді және ол болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілігін жобалауды көрсетеді, яғни кәсіпорынның бұдан да алыс алдағы уақытқа қаржылық жағдайының жақсаруы немесе нашарлауын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді.

Баланс активі мен пассиві баптарының 4-ші тбоының жиындарын салыстырукәсіпорынның оның меншік иелері (иеленушілер) алдындағы міндеттемелерін жаба алу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ, бұл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады ал, үздіксіз жұмыс жасап жатқан кәсіпорын үшін шаруашылық субъектінің өз меншікті айналым капиталының болуы талап етіледі. Ол үшін жоғарыда келтірілген теңсіздік сақталуы тиіс. А4 ≤ П4 ; яғни меншікті қаражаттардың көзі иммобильді активтерден көп болу керек.

Берілген схема бойынша жүргізіліп жатқан талдау уақытылы есеп айырысу мүмкіндіктері бойынша қаржылық жағдайды толығымен көрсетеді. Бірақ ол берілген кезеңдегі кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын әрқашан да дәл көрсете алмайды, оның себебі – бухгалтерлік есеп берулер негізінде сыртқы талдау жүргізіп жатқан талдаушының ақпараттарының шектеулігінде. Баланстың өтімділігін бұдан да дәл бағалауды есеп мәліметтерін пайдалану негізінде, яғни қаржылық жағдайды ішкі талдау шеңберінде жүргізуге болады. Бұл жағдайда басты назарды дебиторлық борышқа (оның мөлшеріне, төлеу уақытына, дебиторлардың есеп айыру көздеріне) аудару керек, себебі ол ақша қаражатына ең жақын тұр және қысқа мерзімді қарыздар бойынша борыштарды жабудың негізгі көздері болып табылады.

Өтімділіктің жалпы көрсеткіші келесі формуламен есептеледі:

ж а1А1 + а2А2 + а3А3

Кө =

а1П1 + а2П2 + а3П3
ж

Кө - жалпы өтімділік коэфф-ті

а1, а2, а3 - салмақтық коэфф-ті

А мен П – актив пен пассив бойынша сәйкес топтың жиынтығы



ж

Кө - 0,9-дан төмен болмауы тиіс.

Салмақтық коэфф-т мәндері

а1 - 1, а2 - 0,5; а3 – 0,3 деп қабылданған.


ж А1 + 0,5А2 + 0,3А3

Кө =

П1 + 0,5П2 + 0,3П3

Осы көрсеткіштің көмегімен кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне және кәсіпорындағы өтімділік жағынан қарастырғандағы қаржылық жағдайының өзгерістеріне жалпы баға беріледі. Бұл көрсеткіш, сонымен қатар есеп берулер негізінде өте көп әріпсетстердің ішінен ең сенімді әріптесті таңдағанда қолданылады.

№24 дәріс

Тақырып: Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау.

Дәрістің мазмұны: Маржиналдық талдау негізінде шығынсыздықты талдау.

Шығындарды есепке алу үшін нарықтың экономикасы дамыған елдерде «директ-костинг» жүйесі қолданылады.

Шығындарды тұрақты және айнымалы деп бөлу – директ-костинг жүйесінің бірінші ерекше белгісі.

Айнымалы шығындарға өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеретін тікелей шығындар жатады: шикізат, отын, энергия, жұмысшының жалақысы т.б. Тұрақты шығындарға: әкімшілік, басқарушылық, коммерциялық және жалпы шаруашылық шығындар жатады, арендалық төлем, несиені пайдаланғаны үшін пайыздар, амортизация, басшылардың жалақысы т.б.



«Директ-костинг» жүйесі - бұл шығындарды олардың түрлері, пайда болу орындарымен таратушылары бойынша шығындардың есебінен, өндірістік қызмет нәтижелерінің есебінен, сонымен бірге шығындар мен нәтижелерін талдау және басқару шешімдерін қабылдаудан тұратын басқарушылық (өндірістік) есеп жүйесі.

Бұл жүйенің екінші ерекшелігі өндірістік және қаржылық есептің бірлесе ұйымдастырылуы.

Үшінші ерекшелігі өнеркәсіптік фирманың табыстары туралы көп сатылы есеп процесі, оның негізгі моделі мынадай:

1. Өнімді өткізуден түскен табыс

2. айнымалы шығындар

3. маржиналды табыс

4. тұрақты шығындар

5. негізгі қызметтен алынатын табыс

Маржиналды табыс – бұл өнімді өткзуден түскен табыс пен айнымалы шығындар мен негізгі қызметтен түскен табыс сомасы.

Бұл жүйенің төртінші ерекшелігі, осы жүйеде алынатын ақпараттар, баға мен көлемнің ең тиімді әдістерін табуға негізгі қызметтен түсетін табыс көлемін болжауға мүмкіндік беруі.


№25 дәріс

Тақырып: Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау.



Дәрістің мазмұны: Шаруашылық жүргізуші субъектілерді қаржылық сауықтыру жолдары.
Кәсіпорынды дағдарыстан алып шығу үшін қаржылық жағдайды тұ-рақтандырудың ішкі және сыртқы механизмдерінің жиынтығынан құралатын кәсіпорынды сауықтыру бойынша бизнес – жоспар жасалынады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырудың бағытттары

Кәсіпорынның банкроттығының алдын алу жолдарының бірі ол – акциялар бойынша дивидендтер көлемін азайту немесе төлеуден уақытша бас тарту. Бірақ бұл шараны іске асыру үшін кәсіпорын акционерлерін қаржылық сауықтыру бағдарламасының нәтиже беретіндігін және болашақта дивидендтер көлемінің өсетендігіне сендіру қажет.


жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау