Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Кәсіпорында бұл көрсеткіш 8,08-ге немесе 12,46 %-ға төмендеген.
Кәсіпорындағы қор қайтарымдығы көсеткіші негізгі өндірістік қорлардың тиімсіз пайдаланылғанын, 23,41-ге дейін төмендегенін ,ал бұл шығындардын артқанын көрсетеді.Коэффициентінің төмен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса осы активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін көрсетеді.Біздің жағдайымызда ғимарат алуға байланысты негізгі қорға қаражат бөлінді.
Дебиторлық бережақтың 2007 жылғы 30,30-ға тең айналымдылық көрсеткіші,жыл бойына орта есеппен дебиторлық бережақ 30,3 ақша қаражаттарына айналғандығын көрсетеді.2008 жылы айналым 21,57-ге дейін төмендеген.
Дебиторлық бережақтың айналым ұзақтығы 2007 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 14 күнге азайып,оң бағаланса;2008 жылы 2007 жылға қарағанда 29 күнге көбейіп,яғни теріс бағаланып отыр.
Кредиторлық борыштың айналымдылық көрсеткішінің 2008 жылы 2007 жылға қарағанда 22,7 төмендеп, несиеге сатып алудың артқанын, яғни кәсіпорын өзіне қойылған шоттарды төлеуі үшін осынша айналым керектігін көрсетеді.
Кредиторлық борыштың орташа айналым уақыты, яғни кәсіпорынның қарыздарын қайтаруының орташа уақыты 35 күнге артқан.
Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 4,86-ға көбейсе, 2008 жылы айналым жылдамдығы 14,71-ден 6,71 есеге дейін қысқарған, нәтижесінде бір айналымның ұзақтығы 30 күнге артқан бұл кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын куәландырады (талданып отырған кезеңде ағымдағы активтерге салынған қаражаттың толық циклден өтуі мен қайтадан ақша түріне келуі 2007 жылға қарағанда 30 күнге ұзақ болды). Осының салдарынан кәсіпорынға былтырғы жыл деңгейінде өндірістік-коммерциялық қызметін жалғастыру үшін қосымша қаражат жұмылдыру қажеттігі туындайды.
Айналымға қосымша жұмылдырылған қаражатты есептеу мына формуламен жүргізіледі:
Тд.а.= Дн.1./360*(До.1.-До.0 ).
Мұнда, Дн.1- есеп беру жылындағы сатудан түскен табыс (ақша);
Тд.а- қосымша жұмылдырыған ағымдағы активтер;
До.1. және До.0 - есеп беру және өткен жылдағы сәйкес айналым кезеңі.
Кәсіпорынның мәліметтері бойынша айналымға қосымша жұмылдырылған
қаражат мөлшері 545038 теңгені құрады:
[6540459/360*(54-24)]
Осылайша бір айналымның 30 күнге баяулауы айналымға 545038 теңге қосымша қаражат жұмылдыруды қажет етті. Ал есеп беру жылында ағымдағы активтердің айналымдылығы 6,71 рет құрады, демек жыл бойғы қосымща жұмылдырылған қаражат 3657205 теңге (545038*6,71) болды.
Ағымдағы активтерді пайдлану тиімділігінің төмендегенін олардың бекіту коэффициенті де куәландырады. Сонымен егер 2007 жылы өнім бірлігіне 7 тиыны келсе, есеп беру жылында бұл көрсеткіш 8 тиынға артты, ал барлық сатылған өнімге айналым қаражатының үстеме шығыны 523236,72 теңге (6540459*0,08) құрады.
«Плассервис» ЖШС-нің қаржылық тұрақтылығы мен табысының қалыптасуы мен бөлінуін талдау
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен,яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады.Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады.Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады,бірақ онсыз әрине мүмкін емес.
«Плассервис» ЖШС-ның қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін талдау.
№ 9 кесте
Қаржылық тұрақтылық
коэффициентері
|
Жылдар
|
2008және 2006 жылдардағы өзгеріс
|
2006
|
2007
|
2008
|
абсолютті(+;-)
|
салыстырмалы
|
Тәуелсіздік
|
0,66
|
0,73
|
0,04
|
-0,62
|
-93,9
|
Тәуелділік
|
0,33
|
0,26
|
0,95
|
+0,62
|
+187,9
|
Қарыз және меншікті қаражаттар
|
0,49
|
0,35
|
20,4
|
+19,91
|
+4063,2
|
Қаржыландыру
|
2,004
|
2,78
|
0,05
|
-1,954
|
-97,5
|
Қаржылық тұрақтылық
|
0,66
|
0,73
|
0,85
|
+0,19
|
+8,8
|
Қарыз қаражаттарының ұзақ мерзімге тарту
|
-
|
-
|
0,94
|
+0,94
|
-
|
Жұмсау
|
0,42
|
0,51
|
-
|
-
|
-
|
Ағымдағы актив меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілуі
|
0,45
|
0,59
|
-5,36
|
-5,81
|
|
Кестеде есептелінген коэффициенттерге талдау жасай отырып кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіш тәуелсіздік коэффициенті екендігін көреміз.Ол кәсіпорын қаншалықты сыртқы капиталдан тәуелсіз екендігін көрсетеді.2006 жылы 2007 жылы бұл көрсеткіштің өсуі байқалады.Бұл көрсеткіштің қалыпты мәні 0,5-0,6-дан жоғары болуы керек,ал кәсіпорында 2006-те 0,66,ал 2007-да 0,73 құрап отыр, 2008 жылы бұл көрсеткіштің мәні 0,04-ке дейін төмендеді.
Тәуелділік коэффициентінің мағынасы тәуелсіздік коэффициентіне қарама-қарсы.Бұл көрсеткіштің қалыпты мәні 0,4-0,5 алдыңғы екі жылда бұл мәнге сәйкес келгенімен,2008 жылы ғимарат алуға байланысты қарыз сомасы көбейіп,қалыпты мәннен ауытқып тұр.
Қарыз және меншікті қаражаттар коэффициенті.Қай қаражат кәсіпорында көп екендігін көрсетеді,біздің жағдайда активтерге салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 2006 жылы -49 тиыннан, 2007 жылы -35 тиыннан,яғни 14 тиынға төмендегенін,ал 2008 жылы -20,05 теңгеге артқанын көреміз.Бұл көрсеткіш үшін қалыпты шектеу:Кт<1 коэффициент бірден үлкен болған сайын,кәсіпорынның тәуелділігі де жоғарылайды.
Қаржыландыру коэффициенті жоғары болған сайын,соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.Қаржыландыру коэффициенті <1 болатын жағдай төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.Алдыңғы екі жылда бұл көрсеткіштің мәні өскенімен,соңғы жылы қалыпты деңгейден 2,5-ға төмендеген.
Қаржылық тұрақтылық коэффициенті.Бұл коэффициентінің қалыпты мәні 0,75-0,9-ға тең болуы керек,ал 0,6-дан төмендеуі қауіпті.2008 жылы 2006 жылға қарағанда 28 пайызға өскен.
Қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті кәсіпорын активтерін қаржыландыру үшін тартылған ұзақ мерзімді несиенің меншікті капиталмен қатар үлесі 2008 жылы 0,94-ті құрады.
Жұмсау коэффициентінің мәнінің теріс болуы кәсіпорының меншікті қаражатының көп бөлігі иммобильді сипаттағы құндылықтарда бекітілгендігін көрсетеді,ал олар тез айналатын қаражаттар емес,яғни ақшаға тез айнала алмайды.
Ағымдағы активтердің меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті,бұл көрсеткіштің 2007 жылы 0,9-ға өскені қаржылық тұрақтылықтың жоғарлағанын көрсеткенімен,соңғы жылы бұл көрсеткіштің мәні 0,1-ден төмен (қалыпты мәні 0,1-ден төмен болмауы керек),яғни теріс мәнге (-17,2) ие.Фирма өзіндік қаражаттар құрылымынан артық болатын қатыстырылған қаражаттарды пайдаланатындықтан,ағымдағы активтерді меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз ете алмайды. қаржылық жылда бұл көрсеткіштің мәні өскенімен,соңғы жылы қалыпты деңгейден 2,5-ға төмендеген.қаржылық теді.
Табыстылықтың экономикалық мәні көрсеткіштер жүйесінің сипаттамасы арқылы ғана ашылуы мүмкін. Олардың жалпы мағынасы салынған бір капиталға келетін пайда сомасын анықтау. Кәсіпорынның табыстылығының сипаттамасы төрт негізгі көрсеткіштерді есептеуге негізделеді.
2006-2008 жылдарға «Плассервис» ЖШС-нің табыстылығын талдау.
Табыстылық көрсеткіштері
|
Жылдар
|
2008 жылды 2006 жылмен салыстырғандағы өзгерістері
|
2006
|
2007
|
2008
|
Абсолютті ауытқу (+,-)
|
Салыстырмалы ауытқу (%)
|
Активтер табыстылығы
|
23,3
|
-11,3
|
3,9
|
-19,4
|
-83,6
|
Меншікті капиталдың табыстылығы
|
73,5
|
-19,9
|
51,1
|
-22,5
|
-30,1
|
Негізгі қызметтің табыстылығы
|
284
|
54
|
147
|
-137
|
-48,2
|
Сату табыстылығы
|
3,5
|
-1,5
|
3,4
|
-0,1
|
-2,9
|
Активтер табыстылығы 2008 жылы 3,9 құрап, 19,54-ке төмендеп отыр. Меншікті капиталдың табыстылығы 2008 жылы 22,5 азайып отыр. Бұл 2008 жылы 1 теңге өзіндік қаражаттарға 51 теңге таза пайдадан келетінін көрсетеді. Фирма 2008 жылы 2006 жылмен салыстырғанда салынған өзіндік қаражаттардың 1 теңгесінен таза пайданың 83,6%-ын кем алды.
2008 жылы негізгі қызметтің табыстылығы да төмендеп өзгеріс 137-ні құрады.Фирма өнім өндіру үшін мен өткізуге жұмсалған 1 теңгеден қанша пайда табатынын көрсетеді.Яғни 2008 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 48,2%-ын кем алған.
2008 жылы сату көлемінің табыстылығы 3,4 құрады, өзгеріс -0,1 фирма 1 теңге түсімнен 16,6 пайда түсіреді, бұл 2006 жылғы көрсеткіштен 2,9%-ға кем.
Жалпы алғанда 2008 жылы кәсіпорынның табыстылығы өнімді өткізуден түскен табыстың азаюы (пайыздарды төлеу шығындарының артуы) себебінен нашарлауы (көрсетілген қызметтерге сұраныс азайды, тұрақты және өзгермелі шығындардың әсері байқалады). Жалпы және әкімшілік шығындар бабы айтарлықтай ұлғайды.
Кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің әр түрлі жақтары қаржылық нәтижелер көрсеткіштерінің жүйесінде толықтай ақшалай бағалауға ие болады. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерінің неғұрлым маңызды көрсеткіштері «Табыстар мен шығыстар есебі туралы» №2 үлгісінде көрсетілген.
тың кенеттен құлдыраумен шартталады
Инвестициялық қызметтің көлемі мен тиімділігін талдауға есептер.
1. Жай пайыздардың өсімін есептеу.
Жай пайыздар бойынша ақша өсіру (і). Бастапқы Р ақша құны берілсін, оны өсіру немесе ұлғайту, яғни ақша құнын арттыру үрдісі пайыз есептеу арқылы іске асырылады.
Өсірілген (болашақ) ақша сомасын S арқылы; пайыздық кезеңдер санын, яғни пайыздарды есептейтін кезеңдер санын n арқылы; кезеңдегі пайыздық қойылым і арқылы белгілейік.
Сонда жай пайыздар былайша есептеледі:
P * i = I1 ,
Жай пайыздарды есептеу арқылы ақша сомасын өсіру үрдісі Р бастапқы мүшесі және Р* і айырымы бар арифметикалық прогрессияға ұқсайды: Р; Р + Р*і; Р+2Р*і; Р+3Р*і және т.с.с., және аналитикалық кезеңдер үшін келесі формуламен көрсетуге болады:
S = P + P * I + … + P * I = P + P *n *I = P(1 +n*i)
мұнда P*n*i=In .
немесе S = P (1 +( t / Y)*i )= P+P*(t / Y)*i = P + In
Бұл формула практикадағы келесі есептеулердің мәнін көрсетеді:
жай пайыздар арқылы есептелетін қарыз өтеу сомасын есептеу;
пайыздалған жедел салым көлемін есептеу.
талап етілгенше салынатын салымның толық өсірілген ақша сомасын және пайызды есептеу үшін;
ағымдағы шоттарды қамтамасыздандыру үшін;
қысқа мерзімді төлеулерді ауыстыру және шоғырландыру үшін;
Мысал.
Екі жылға жылына 10%-дан 350 мың тг. көлемінде несие берілді. Қайтару сомасын есептейік, егер жай пайыз жыл сайын есептелсе және қарыз бір жолғы төлеу арқылы қайтарылса.
Шешуі.
S = P(1 + n*i)= 350 (1+2*0,1) = 420 мың тг.
2. Күрделі пайыздық қойылым бойынша өсіру.
Егер есептеу декурсивті пайыздық қойылым і бойынша жүргізілсе, онда әр n кезең соңында пайыздың капиталдануын ескеру арқылы соманың өсу жолын бақылай отырып, n кезеңдегі өсірілген соманың формуласын анықтауға болады:
Р + Р * і = Р(1 + і) - Р 1-ші кезеңнің аяғына ,
Р(1 + і) + (Р(1 + і) * і) = Р(1 + і)2 - Р 2-ші кезеңнің аяғына ,
Сонымен Р n-ші кезеңнің соңында өсірілген сома мынадай түрге ие болады:
Р(1 + і)n = S
мұндағы :
і – кезең ішіндегі пайыздық қойылым;
n – қаржылық операцияның мерзімі және пайыздық кезеңдердің саны, өйткені пайыздар әр мерзімнің соңында қосылады.
Мысал.
5 млн тг. ссуда күрделі пайыздар бойынша 4 жылға берілген. Пайыздар (20% жылдық) жыл сайын есептеледі және негізгі қарыз сомасына қосылып отырады. Жалпы қайтарылатын қарыз сомасын анықтау керек.
Шешуі.
S = Р(1 + і)n = 5 ( 1 + 0,2 ) 4 = 10368 млн тг.
3. Рентаның өсірілген сомасы.
Рента кезеңінің ұзақтылығына байланысты оны жылдық және р-жиілік деп бөледі, мұндағы р – жыл ішіндегі төлем саны.
Пайыз белгілеу саны бойынша жылына бір рет, m рет және үзіліссіз есептелетін ренталар деп бөледі.Пайыздарды есептеу мезеттері ренталық төлемдердің мезеттерімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Мүшелердің төлем ықтималдығы бойынша сенімді және шартты ренталар деп ажыратады. Сенімді ренталар сөзсіз төлемдерге жатады, мысалы, несиені өтеген кезде. Шартты рентаның төлемі кейбір кездейсоқ жағдайларға тәуелді болады. Сондықтан оның мүшелерінің саны белгісіз. Мысалы, зейнетақыны төлеу зейнеткердің өмір сүру ұзақтығына байланысты.
Ренталарды төлемдердің төлем мезеті бойынша бөледі. Егер төлемдер әр кезеңнің соңында жүзеге асырылса, онда мұндай ренталар қарапайым немесе постнумерандо ренталар деп аталады.
S = P* P*
1>1>
Достарыңызбен бөлісу: |