К І Р І С П Е
ПЕДИАТРИЯ МЕДИЦИНАНЫҢ БІР БӚЛІГІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ
ӚЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Педиатрия
(грек сҿзі – paidos – бала; iatreia – емдеу), 1847 жылы алғаш рет орыс
тілінде жарық кҿрген «Педиятрика» оқулығында орыс педиатриясының тасын қалаушы
Степан Фомич Хотовицкий берген анықтама бойынша «Негізінен Балалар денсаулығын
сақтау жҽне ауруларын емдеу ерекшеліктеріне негізделген балалар организмінің
қҧрылымдық, физиологиялық шығару жҽне балалар аурулары ерекшеліктері туралы ілім».
Басқаша айтқанда педиатрияның негізгі мақсаты, оның туа біткен ҿмір потенциалын тҥгел
іске асыруға мҥмкіндік беретін балалар денсаулығын сақтау немесе қалыптастыру (ауру
болған жағдайда).
Осыдан толық 1-ғасыр кейін орыс ғҧлама педиатры Михаил Степанович Маслов
педиатрияның мақсатын тҿмендегідей етіп анықтап берді: «Педиатрия ҿсіп жҽне
қалыптасып келе жатқан адам организмі туралы ғылым бола тҧра, ҽртҥрлі жастық
кезеңдердегі балалар ерекшеліктерін тҥпкілікті тексеру негізінде, негізі мақсаты ретінде
сыртқы факторларға тҿзімділігін жҽне оның жанжақты дамуы ҥшін қажетті жағдай
жасауды талап етіп қояды. Міне сондықтан педиатрияның негізгі бағыты профилактикалық
бағыт болып келеді». Қазіргі кездегі ғҧлама педиатрлардың бірі Игорь Михайлович
Воронцовтың пікірі бойынша педиатрия тҥсінігін, даму ғылымы ретінде тҿрт ҥлкен бҿлімге
енгізуге болады:
қорғаныс, қамсыздандыру, сәйкес
(адекватты)
стимуляция
(қуаттандыру),
бақылау
жҽне
дамуындағы ауытқуларды ерте қалыптастыру
.
Педиатрияның ҿзекті мҽселері. Негізінен ересек адамның арауларының кҿзі қҧрсақ
ішілік жҽне ерте балалық шақ кезеңдеріңде жатады, осы кезеңде денсаулықтың ірге тасы
қаланады. Халықтың «бесікте не кҿрсең ҿскенде соны істейсін», деген нақыл сҿзі рас болса
керек. Осы кезге дейін орыс қалқының ғҧлама адамдарының бірі Николай Иванович
Пироговтың: «Біз бҽріміз балалық шақтанбыз» – деп айта келіп, «біздің ауруларымыздың
бҽрі балалық шақта пайда болған» – деген ҧшқыр сҿзі ҿзінің маңызын жойған жоқ.
Перинатальдық кезеңде бастан ҿткен жағдайлардың қалдықты ҽсерлерін зерттеуден
артық маңызды шаруа жоқ екендігіне ешқандай талас жоқ.
Баланың ата-анасының конституциясының жҽне тҧқым қуалау ерекшеліктерін
ескере отырып, екі қабат ҽйелді тиімді тамақтандыру ерекше маңызыды мҽселе.
Қазіргі кезде кҿп жағдайда клиникалық тҧрғыдан білінбейтін, бірақ олардың кейінгі
қалдықты ҽсерлері тҥсініксіз қҧрсақ ішілік инфекцияның кең таралғаны кҥмҽн
тудырмайды.
Неонатальды импритингті (психикалық, антигендік, функциялық жҥйелердің)
зерттеудіңде маңызы аз емес.
«Адам геномын» зерттеудегі жетістіктерге байланысты туған кезде генетикалық
кодты жҽне генетикалық тҿлқҧжатты верификация мҽселесіде алдымызда тҧр.
Алдын ала егу шараларын оңтайландыру, вакциналардың сапасын артыру, бір
вакцинацияны кҿптеген вакциналармен қосып жҥргізу мҽселесіде кҥн тҽртібінде тҧрған
ҿзекті мҽселелердің бірі.
Біріккен тҽжрибелік педиатрия ғылымын бірнеше тармаққа бҿлуге болады:
профилактикалық, клиникалық, ғылыми, ҽлеуметтік, экологиялық педиатриялар.
Профилактикалық педиатрия –
арулар мен мҥгедектіктің алдын алуға бағыштал-ған
шаралар жҥйесі. Біріншілік, екіншілік жҽне ҥшіншілік алдын алулар деп бҿледі.
Біріншілік алдыналу
–
тиімді тамақтану, ҿмір сҥру салты, шынықтыру жҽне профи-
лактикалық егу, рахиттің, теміртапшылығының, йодтапшылығының, фтортапшылығының
жҽне басқа жетіспеушіліктің, жергілікті жағдайды ескере отырып, арнайы алдын алу
шараларын қамтиды.
Екіншілік алдын алу
– аурулардың ауыр байқалуының алдын алу ҥшін
лабораториялық жҽне аурудың басқа хабаршылары мен ерте белгілерін анықтау
шараларынан қҧралады. Мысалы, тҧқым қуалайтын аруларды анықтауға арналған
Скринингтер, диспансерлік зерттеулерде анықталатын науқастың кҿзге кҿп тҥспейтін
белгілері.
Үштік алдын алу
– ҿмір сапасын жақсартуға, функциясының шектелуінің ҥдей тҥсуін
шектеуге, мҥгедіктіктің артуына қарсы қолданылатын шаралар кешені жатады.
Реабилитация (жойылған немесе бҧзылған функцияларды қалыптастыру немесе
компенсациялау) мен абилитацияны бҿледі.
Достарыңызбен бөлісу: |