Патогенезi.
Гипотрофияға ҽкелетін себептердiң тҥрiне қарамастан, ауру балалардың
бҽрiнде де тағамдық заттардың (ең алдымен белоктардың) iшек жҽне тiндерде қорытылуы
бҧзылады. Барлық ауруларда салмақ пен бой кемiстiгiне тiкелей сейкес зҽрмен шығатын
азоттық заттар кҿбейiп, мочевина мен зҽрдiң жалпы азоты арасындағы қатынас бҧзылады.
Бҧл қатынасты М.Н. Логаткин белоктық тамақтану кҿрсеткiшi деп (БТК) атауды ҧсынған.
Сау нҽрестелер мен сҽбилерде тамақтану тҥрiне байланыссыз-ак БТК 83-85%-а тең (М.Д.
Шестакова). Оның мҽлiметi бойынша гипотрофияда БТК ҽрқашан тҿмен (70-35%), ал
артық белоктық тамақтануда ылғи жоғары.
Ҽдетте, гипотрофиясы бар балаларда асқазан, iшек, ҧйқы безi ферменттерiнiн
белсендiлiгi тҿмен. Бҧл кҿрiнiс салмақ пен бой кемiстiгiне тура пропорциональды
болғандықтан гипотрофияның II-ІІІ-дҽрежесiнде сау балаларға деген адекватты тағамдық
жҥктеме науқас баланың жедел ағымды ас қорыту бҧзылысына (диспепсия) ҽкеледi. Iшек
ҧзарып, кеңитіндiктен iштiң қатуы да тҽн. Осы жағдай дисбактериозда да болады. БКЖ -
де бауыр қаблетi де бҧзылады (белок-синтетикалық, антитоксикалык, ацетилдеушi,
кҿмiрсу, май жҽне т.б. Бҧл жҿнiнен, меселен, Д-ксилоза сынамасы дерек бередi); бҧдан
жҥрек, бҥйрек, ҿкпе де тыс қалмайды. Бҧл балаларда анемияның болуы тек белок
кемiстiгiне ғана емес, осы жағдайда жиi қосалқы орын алатын Fе, Сu, Zn, фолий
қышқылы, пиридоксин тапшылығына да байланысты. БКЖ-да гуморалдық иммунитетте
заңды бҧзылыстар байқалмағанымен нейтрофилдер мен макрофагтардың фагоцитарлық
белсендiлiгiнiң ҿзгерiстерi, Т-лимфоидтық жҥйесiнiң тежелiсi мен лимфоцитопения
болады (Т-хелперлер кемiстiгi басым, ал, Т-супрессорлар белсендiлiгi не қалыпты, не
аздап тҿмен); бҧл инфекцияның жиi қабаттасуына ҽкеледi. Гипотрофиясы бар балада
инфекция белгiлерi шамалы білінеді, жасырын жҥредi. Заттек алмасу бҧзылыстарының ең
кҿрнектiлерi: гипопротеинемия, гипоальбуминемия, аминоацидурия қант қисықтары
жазық, гипогликемияға бейiм; ацидоз; гипокалиемия, гипокальцемия, гипофосфатемия,
гипернатриемия. Бірақ, калий мен натрий ҿзгерiстерi, бҥйрекҥстi бездерiнiң
белсендiлігінің артуынан болуы мҥмкін. Ҽр салмақ бiрлiгiне шаққанда, дене кҿлемiнiң
ҿсуiне сай, ҽрi осыған сҽйкес жылу жоғалту жҥретiндiктен гипотрофиямен
ауыратындардын салқындауы оңай (жылу тҥзiлу де тҿмен).
Жiктелуi.
Ауырлық дҽрежесіне сҽйкес гипотрофия ҥш дҽрежеге бҿледі. Диагнозда
негізгі этиологиясы, қосалқы аурулар, асқынулары кҿрсетілуі тиіс. Гипотрофияны
біріншілік жҽне екіншілік деп те бҿледі. Біріншілігі негізгі диагнозда да, қосалқы болуда
мҥмкін. Ҽдетте, ол тамақ жетіспеушілігінің салдары болады. Екіншілік гипотрофия негізгі
аурудың асқынуы болады. Шет елдік ҽдебиеттерде гипотрофияның І-ІІ дҽрежесін жеңіл
жҽне орташа белок-калориялық (белоктық-энергетикалық) жеткіліксіздігі деп, ал ІІІ-
дҽрежесін алиментарлық маразм немесе квашиоркор деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |