228
кҿбiне вундеркинд деп саналады. Ҽдетте бҧл балалардың нерв жҥйесiнiң типi ҧшқалақ,
қозбалы болып келедi. Тҥнде қорқу, тик, хорея тҽрiздi ҧстамалар жиi байқалады. НаД-нiң
жиi симптомы – емге бой бермейтiн тҧрақты анорексия. Балалардың кҿбi – арық, тек
кейбiрi сҽбилiк кезден толықтыққа бейiм. Кейде, ҽсiресе қыздар, балығи жасқа қарай,
жылдам толысады. Кҿбiне таңертеңгiлiк ауыздан ацетон иiсi (шiрiген жемiс иiсi) сезiледi.
Тҽбетiнiң тҿмендiгiне қарамастан ҥлкен дҽретiнiң мҿлшерi кҿп.
Дисметаболикалық синдром.
НаД-дi балаларда оқтын-оқтын кенеттен не шамалы
дымқостықтан кейiн (қозу, бас ауыруы, анорексия, лоқсу, iш тоқтауы, кейде нҽжiстiң
тҥссiзденуi) қайталамалы
ацетонемиялық
құсу
пайда болып, ол 1-2, не одан да кҿп кҥнге
созылып, iшi тҥйіліп, ауыздан ацетон иiсi шығады. Кейiнiрек эксикоз белгiлерi ҿрбiп,
шулы токсикалық тыныс, гемодинамикалық бҧзылыстар, гипертермия, комаға ҧласады.
Бҧл жағдайға жедел ағымды аурулар, стресс, етi, майы мол, кҿмiрсуы аз тамақты, аса кҿп
мҿлшерде қабылдау, зорлап тамақтандыру себепшi болуы мҥмкiн. Криз кезеңiнде қанда
кетон денелерi, аммиак, зҽр қышқылы, ВЕ жоғарылап, рН тҿмендейдi (метаболикалық
ацидоз).
НаД-дi науқастарда дене қызуының тҥсiнiксiз кҿтерiлуi, сақина ҧстамасы, оқтын-
оқтын iштiң тҥйілуi, уртикарлық бҿртпелер, маса шаққаннан кейiн қышымалы папулалар,
Квинке iсiнуi, есекжем, астматикалық бронхит, бронх демiкпесi бiлiнуi мҥмкiн.
Урикозуриялық нефропатия протеинурия, микрогематурия, лейкоцитурия, цилиндрурия-
мен, бҥйректiң концентрациялау қабiлетiнiң тҿмендеуiмен, интерстициалдық нефритпен,
артериалдық гипертония, пиелонефритпен, уролитиазға бейiмдiлiкпен сипатталады.
НаД-де инфекциялық агенттерге тҧрақтылық ҿзгермейдi, инфекциялық аурулардың
жиiлiгi бҧл балаларда, ҽдетте, диатезi жоқ балалардыкiмен бiрдей. Подаграға тҽн
ҧстамалар кездеспегенмен, олардың кҿбi оқтын-оқтын болатын буын ауыруына шағым
жасайды. Бҧл кеселмен сырқат балалар жақсы оқиды, кҿбiнде ҿнерге, дҽл ғылымдарға,
шығармашылыққа деген қабiлетi зор келедi.
Диагноз
қоюда отбасылық анамнезiнде заттек алмасу ауруларының кездесуiн, нерв
жҥйесiнiң жоғары қозғыштық белгiлерiн, айқын заттек алмасу бҧзылыстарын; спазм,
ерекше аллергиялық кҿрiнiстерге бейiмдiлiктi негiзге алады.
Достарыңызбен бөлісу: