ТЕЛЕАНГИОЭКТАЗИЯЛАР. Тері капиллярдарының кеңеюін, ұрықты қан
тамырларының қалдықтарын осылай атайды. Олар негізінен желкеде, бастың шаш
шыққан жерінде, маңдайда, жоғарғы қабақта орналасады. Бұлар төңірегіндегі сау теріден
айрықша бөлініп тұратын қисық формалы қызыл, кейде аумағы әртүрлі, сәл-пәл көкшіл
дақтар. Егер олардың үстін саусақпен ақырын басса, қызарғандары жойылады. Артынан
қайта пайда болады. Бала өсе келе дақтар жоқ болып кетеді, бірақ қатты жылап
мазасызданған кезде қайта шығуы мүмкін. Бала тынышталса, дақ солғын тартады.
Жаңа туылған балалардың 70–80% жуығында 2–3 күндері терінің физиологиялық
сарғаюы пайда болады. Көбіне бірінші аптаның аяк шенінде жойылады. Бұнда тері, көзге
көрінетін кілегей қабықтар сарғаяды. Баланың жалпы жағдайы өзгермейді.
Баланың терісінің сарғаюы ішкі және сыртқы әсерлерге байланысты болуы мүмкін.
Экзогендік сарғаюлар бала құрамында көп бояушы заттар бар тармақтарды қолданғанда
болады: сәбіз, мандарин, апельсин, помидор және акрихин сияқты дәрі-дәрмектер.
Эндогенді сарғаюлар гемолитикалық анемияларда, гепатитте, сиректеу обтурация-
ларда кездеседі. Экзогенді сарғаюды эндогендіктен сұрастыру арқылы және ауруды қарау
арқылы айыруға болады. Экзогенді сарғаюда кілегей қабаттар сарғаймайды, ал, эндоген-
дік сарғаюда кілегей қабықтары сарғаяды. Гемолитикалық анемияда терінің сарғаюымен
тері мен кілегей қабықтарының бозаруы қатар білінеді. Бауырдың паренхимасы
закымдалғанда (паренхималық сарғаюы) тері сарғыш тартып тұрады. Паренхималық
сарғаю гепатитте (жұқпалы, созылмалы), бауыр циррозында, өттің ағуына кедергі пайда
болып (холестаз, өт жолдарының атрезиясы, өт жолдарының ашылып-жабылуы), қанда
байланысқан билирубин көбейгенде байқалады. Терінің сарғаюы билирубин мөлшері
ересек адамдарда 34 мкмоль/л, мерзімінде туылған нәрестелерде 51–60 мкмоль/л, шала
туылғандар 85–103 мкмоль/л-ден асқанда байқалады.
Терінің қызаруы ересек балаларда психикалық және қызулық әсерлерге байланысты
болады. Беттің қызыл шырайы гриппте, круппозды өкпе қабынуында, скарлатинада,
сүзектерде, эритроцитозда және т.б. ауруларда байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |