Балалардың жас кезеңдері



жүктеу 1,1 Mb.
бет5/37
Дата04.01.2022
өлшемі1,1 Mb.
#36070
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Балалар ауруының пропедевтикасы

Тері – сезім мүшесі болып түйсіну, ауру және қызу қоздырғыштарын қабылдайды.

Жаңа туған балада экстрарецепторлар жақсы дамыған және қоздырғыштарды қабылдай

алады.

Терінің су алмасуда атқарар маңызы зор. Емшек жасындағы балалардың терісінде су



1017% болса, ересектерде 68%. Терінің фосфор мен кальций алмасуда маңызы зор.

Теріде ферменттер, иммундық денелер, витамин «Д» түзіледі. Бұл процесстің, әсіресе

емшек жасындағы балаларда, маңызы үлкен. Теріде организмді сенсибилизациялау

процесіне қатысатын гистамин түзіледі.



ТЕРІНІ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ

Теріні зерттеуді (тексеруді) сұрастырудан бастайды: аурудың қашан басталғандығы,

қышыну, тершеңдік, ауыру, науқастың қайталануы немесе өршуі туралы деректер

жинайды.


Одан әрі жағдайы, көңіл күйі, ақыл-есі бағаланады және қарау. Баланы жылы, жарық

бөлмеде қараған дұрыс. Ең дұрысы жанынан түсетін жарықты пайдалану. Жас сәбилерді,

егер жағдай көтерсе, жалаңаштап, шешіндірген дұрыс. Ересек, әсіресе, кыз балаларды

жартылай шешіндіріп қарайды. Жас сәбилер тез тоңатын болғандықтан тезірек қарау

керек. Қарау жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі. Терінің түсіне (бояуына), патологиялық

162


факторлардың бар-жоғына көңіл аудару керек. Ерекше көңіл бөлетін жерлер: бөксе асты

және арасы, саусақтар арасы. Қыртыс, қатпарларды жәйлап тартып, ашып, қарайды. Бас

терісін, алақанды, табанды, көтеншекті мұқият қарау керек.

Сау баланың терісі тегіс бозғылт-қызыл болады. Жаңа туған сәбидің терісі ғана

қызарып (эритема немесе физиологиялық қабыну), немесе сарғайып (физиологиялық

сарғаю), түлеп, қабыршақтанып, қайызғақтанып (физиологиялық қабынудан кейін 2–3-ші

тәулікте) тұрады. Жаңа туылған нәрестенің кіндік аймағы үлкен ұқыптылықпен қаралады.

Жаңа туылған балалардың мұрнының ұшында, мұрын қыртысында, май безінің

қызметінің жоғары екендігінің дәлелі ретінде, кішкене ақ түйіршіктер (милиа) байқалады.

Жаңа туған нәрестенің терісін ақ-сұр түсті шарана жауып тұрады. Ол кұрсақ ішінде

жатқан кезеңде теріні құрсақ ішіндегі судан қорғайды және ананың босану жолы арқылы

баланың өтуін барынша жеңілдетеді. Шарананы алып тастағаннан кейін көп жағдайда

баланың терісінде қызарған, кейде шамалы көкшіл, белгілер байқалады. Мұны терінің

физиологиялық қатары деп атайды. Тері капиллярларының елеулі түрде кеңеюі

нәтижесінде пайда болатын бұл қызару негізінде қолдын басында, табанында бірнеше

сағаттан 2–3 тәулікке дейін сақталады. Қызару қайта бастаған кезде, сол араның терілері

түлеп түседі.

Бала өмірінің алғашқы күндері оның бүкіл денесін, айңаласы қызғылт, ақшыл

түйіндер қаптап кетуі тым жиі кездеседі. Қалақайдың күйдіргенін еске түсіретін, бұл

бөртпелер токсикалық эритема деп аталады. Екі күндей тұрады да, орнына дақ қалдырмай

жоғалып кетеді.


жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау