128
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз осы
типтік бағдарламасын көбейтуге және таратуға рұқсат етілмейді
МАЗМҰНЫ
1
ТҮСІНІКТЕМЕ
2
КӘСІБИ БАҒЫТТАЛҒАН ШЕТЕЛ ТІЛІ ПӘНІНІҢ МАҚСАТЫ
МЕН МІНДЕТТЕРІ
3
1 МОДУЛЬ. БІЛІМ.
МАМАНДЫҚ
4
2 МОДУЛЬ. ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ
5
3 МОДУЛЬ. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ
6
4 МОДУЛЬ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ –
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ
МАҢЫЗДЫ ФАКТОР
7
5 МОДУЛЬ. СПОРТТАҒЫ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР
8
6 МОДУЛЬ. КҮРЕС ТҮРЛЕРІ
9
7 МОДУЛЬ. ШАХМАТ – ҒЫЛЫМИ
АҚЫЛ-ОЙ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ
ШЫҒАРМАСЫНЫҢ НЕГІЗІ
10
8 МОДУЛЬ. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА - СПОРТ ПАДИШАСЫ
11
9 МОДУЛЬ:
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ
ТЕРМИНЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
12
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ (СӨЖ)
19
ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
129
ТҮСІНІКТЕМЕ
Қазіргі таңдағы тіл саясатының басым бағыттарының бірі – ағылшын тілді дамыту
және оның қолданылу аясын кеңейту болса, оның кешенді тармағы – тәуелсіз
мемлекетіміздің болашағына адал қызмет ететін мемлекеттік тілді жетік меңгерген кәсіби
мамандар даярлау болып табылады. Мамандандырылған жоғары оқу орындарында ағылшын
тілді оқыту – тыңдаушылардың тілді болашақ кәсіптік қызмет бабында және жеке қарым-
қатынасында қолдана алатындай іскерліктер мен дағдыларды игерту мақсатын көздейді. Осы
орайда ағылшын тілінің қолданылу аясының кеңейіп, іс қағаздары, бұйрықтар, баянат, өзге
де құжаттардың шетел тілде жүргізілуіне байланысты атқарылып жатқан кешенді іс-
шаралардың оң нәтижелерін бүгінде іс жүзінде көруге болады.
Шетел тілді оқыту арқылы студенттерді кәсіби іс-әрекетке даярлаудың концептуалдық
негіздерін әдіснамалық-теориялық тұрғыда дамыту және осы даярлық үдерісін оқу-
әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету; өзгетілді дәрісханада ағылшын тілін оқыту
әдістемесіне байланысты оқытудың ұтымды әдістемелік жүйесін жасау бүгінгі таңда басты
мәселеге айналып отыр.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының
құрамды бөлігі, сондай-ақ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының міндетті
құрылымы ретінде «Кәсіби бағытталған ағылшын тілі» пәнінен дайындықты қамтамасыз ету
үшін осы типтік оқу бағдарламасы құрастырылды.
Ұсынылып отырған типтік оқыту бағдарламасы ЖОО-дағы ағылшын тілінің қолданыс
аясын барынша кеңейтіп, мемлекеттік тіл ретінде өмірлік қажеттілікке айналдыру
мақсатында білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформаларды басшылыққа алып, бүгінгі
күннің талаптарына толық жауап беруді көздейді.
Бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1. Пәннің мақсаты мен міндеті.
2. Курстың құрылымы.
3. Курстың деңгейлік мазмұны.
4. Тіл үйренушілердің деңгейлігін анықтау критерийлері.
5. Студенттердің өзіндік ағымдық-аралық және қорытынды бақылау жұмыстары
бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.
130
6. Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер.
ЖОО-ның қазақ, орыс және шетел тілдер кафедралары мамандықтарына сай тіл
үйренушілердің тілдік дайындығын ескере отырып, ұсынылып отырған бағдарлама негізінде
жұмыс-оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешені мен оқу құралдарын шығаруларына
болады.
Кәсіби бағытталған шетел тілі пәнінің мақсаты мен міндеттері
Заманауи білім беру үдерісі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, тіл үйренушінің
іскерлігін, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан,
кәсіби қазақ тілінің білім мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі
туындайды. Ол үшін қазіргі заман талабына сай мемлекеттік тілді меңгертуде озық
технологияларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар
атқару – еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып
отыр.
Курстың мақсаты – студенттерді күнделікті қарым-қатынас түрлеріне еркін араласып,
өз мамандығы бойынша сұхбаттар жүргізе алуға үйрету. Мамандық саласына қарай жиі
кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға
үйрету.
«Кәсіби бағытталған ағылшын тілі» мақсаты мамандыққа кіріспе емес, ағылшын тілін
кәсіби деңгейде жетік меңгеру талаптарын негізге алады. Бұл пәнді аяқтаған тіл үйренуші:
- ағылшын тілінде таратылатын мол ақпараттар толқынынан өзіне, өз мамандығына
қажеттісін таңдап алып, оны коммуникативті-функционалдық бағытта қолдана білуі керек;
- ағылшын тілінде өзіндік көзқарасын таныта білу, оны дәлелдеп, қорғай білуі;
- өзінің алған білімі мен білік-дағдыларын, ағылшын тіліндегі сөздік қорын,
терминологияны үнемі дамытып отыруы;
- мемлекеттік тілде өз мамандығы аясында шешен сөйлеуге дағдылануы;
- кез келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай білуі;
- проблеманы танып, оны шешудің жолдарын айқындау, оны мемлекеттік тілде көркем
жеткізе білуі керек және т.б.
Курстың міндеттері:
-
студенттерді өз мамандығы бойынша хаттар, баяндамалар, пікірлер, эссе жазуға
үйрету, мамандық бойынша мәтіндерді, нұсқауларды оқып, түсінуге үйрету, радио,
теледидардан ақпараттар тыңдап, түсінуге машықтандыру.
-
күнделікті тұрмыстық және кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін
араласып, сөйлесу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру;
-
әртүрлі стилде жазылған мәтін түрлерін, өз мамандығына сәйкес еңбектер мен
ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыру;
- өзі туралы ақпаратты, түйіндеме, рецензияларды, құттықтау хаттарын жаза білуге
дағдыландыру;
-теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи айтылған сөзін, өз
мамандығы бойынша сұхбаттарды түсіне білуін қалыптастыру;
- монолог түрінде берілген мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды
ақпаратты есту тыңдау арқылы түсіне білу дағдысын дамыту;
- ағылшын тіліндегі кәсіби бағдарлы жарнамаларды, іс-қағаздарды, нұсқауларды
оқып, түсіну қабілетін қалыптастыру;
- аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді пайдалана білуге үйрету;
- белгілі бір кәсіби қатынас саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге
керекті ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуге дағдыландыру;
- өз мамандығы бойынша ғылыми мәтіндерге пікір беруге, ғылыми мақала, баяндама
жазуға машықтандыру.
Пәннің пререквизиттері: ЖОО-дағы ағылшын тілі, ағылшын тілде іс-қағаздарын
жүргізу.
Пәннің постреквизиттері: мамандық пәндері, спортқа қатысты әдебиеттерді оқу.