Бакалавриат Высшее педагогическое образование



жүктеу 6,57 Mb.
Pdf просмотр
бет50/175
Дата19.11.2018
өлшемі6,57 Mb.
#21553
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   175

131 

 

Құзыреттіліктері:

 

- бизнес-жоспар  мен  парктикалық  тапсырмаларды  ағылшын  тілінде  әзірлеу; 



        - ғылыми еңбектерді жинау әрі талдай жасай білуі, кәсіби мамандығы бойынша отандық 

және шетелдік тәжірибені іске асыруы және пайдаланған әдебиетті талдай білуі қажет;         

-  іске  асырған  жұмысы  бойынша  презентациялар  мен  ғылыми-техникалық  есеп  жаза 

білуі  және  ғылыми  еңбектерінің  нәтижесі  бойынша  ғылыми  конференцияларға  мақала 

немесе баяндама жаза білуі тиіс; 

        - бәсекеге түсе алатын идеяны мақсат етіп қойып, жобаны жүзеге асыра білуі тиіс. 



Курстың құрылымы 

Мемлекеттік  білім  беру  стандартына  сай  жоғары  оқу  орындарында    «Кәсіби 

бағытталған  ағылшын   тілі»  пәнін  кредиттік  жүйе  бойынша  оқытуға  2  кредит  бөлінген. 

Кәсіби бағытталған ағылшын  тілін оқыту осы көлем аясында қарастырылып, тілді тереңірек 

үйрену СОӨЖ, СӨЖ сағаттарында меңгертіледі. Практикалық  сабақтары мен СОӨЖ, СӨЖ  

материалдары бір-бірімен сабақтастырылып қарастырылады.  

Пәннің    мазмұны  жаңа  когнитивтік-лингвистикалық-мәдени  кешендер  арқылы 

ұйымдастырылады. Оның құрылымды бөлімдеріне жататындар: 

-  оқытудың  деңгейлік  мазмұнын  көрсететін  коммуникативтік  сала  (қатысымның 

әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және кәсіби саласы); 

- қатысымның әрбір саласын жүзеге асыратын сөйлеу тақырыптары мен тақырыпшалар 

жиынтығы; 

- қатысымның қарапайым жағдаяттары. 

КУРСТЫҢ ДЕҢГЕЙЛІК МАЗМҰНЫ 

 

 1  МОДУЛЬ.    «Білім.  Мамандық»  мына  тақырыптарда  кеңінен  қарастырылады: 

«Университет,  мамандық  таңдау»,  «Менің  болашақ  мамандығым»,  «Кәсіби  біліктілік», 

«Маман сапасы», «Әртүрлі мамандықтың артықшылықтары мен кемшіліктері».   

2  МОДУЛЬ.      «Олимпиада    ойындары»  мына  тақырыптардан  тұрады:  «Олимпиада 

жеңімпазы  болу  –  әр  спортшының  арманы»,  «Олимпиададағы  жетістіктер»,  «Қазақстанның  

ұлттық құрамасы», «Олимпиада ойындарының жеңімпаздары». 

3  МОДУЛЬ.  «Қазақтың  ұлттық  спорт  түрлері»    келесі  тақырыптарды  қамтиды: 

«Ұлттық  ойындар  мен  өнердің  тәрбиелік  сипаты»,  «Ұлттық  ойын-сауық  түрлері  туралы», 

«Әдет-ғұрып ойындарының арнаулы жырмен, айтыспен басталуы», «Алтыбақан – қазақтың 

ежелгі ұлттық ойыны». 



4  МОДУЛЬ.  «Дене  шынықтыру  және  спорт  –  денсаулықты  нығайту  және 

тәрбиелеудегі  маңызды  фактор»  мына  тақырыптарда  кеңінен  қарастырылады:  «Салауатты 

өмір  салтының  маңызды  себепкері  –  дене  шынықтыру»,  «Жоғары  дәрежелі  спортшыларды 

дайындау  жүйесін  жетілдіру»,  «Жоғары  дәрежелі  спортшыларды  дайындаудың 

педагогикалық шарттары». 

5 МОДУЛЬ. «Спорттағы ұлы тұлғалар» келесі тақырыптарды қамтиды:   «Қажымұқан 

–  қазақ  халқының  тұңғыш  кәсіпқой  балуаны»,  «Балуан  Шолақ»,  «Тәуелсіз  Қазақстанның 

атақты спортшылары». 

6  МОДУЛЬ.  «Күрес  түрлері»  мына  тақырыптарда  кеңінен  қамтылады:    «Қазақстанда 

еркін  күрестің  дамуы»,  «Қазақтың  ұлттық  спорт  түрi  –  қазақша  күрес»,  «Қазақстанда 

бокстың дамуы», «Күресшілерді дайындау жүйесін жетілдіру», «Қазақтың ұлттық күресінің 

теоретикалық және тәжірибелік негіздерін жоспарлау». 



7  МОДУЛЬ.    «Шахмат  –  ғылыми  ақыл-ой  және  халық  шығармасының  негізі»  келесі 

тақырыптан тұрады: «Қазақстандағы алғашқы шахмат жарысы», «Тоғызқұмалақ». 



 8  МОДУЛЬ.  «Жеңіл  атлетика  -  спорт  падишасы»  мына  тақырыптардан  тұрады: 

«Көркем гимнастика», «Спорттық гимнастика», «Синхронды жүзу», «Теннис». 



9 МОДУЛЬ.  «Дене шынықтыру және спорт терминлогиясы және оның түрлері» келесі 

тақырыптарды  қамтиды,  «Спорт  түрлерінің  терминологиясы»,  «Спорт  түрлері  бойынша 

заманауи терминологияның глоссарийі», «Олимпиадағы қатысты терминология». 



132 

 

Бағдарламаның  мазмұны  тіл  үйренушінің  қарым-қатынасқа  түсу  салаларын  ескере 



отырып,  сөйлеу  әрекетінің  4  қағидатына  (тыңдалым,  оқылым,  айтылым,  жазылым) 

негізделген  тіл  үйренушінің  мақсаты,  тілді  қолдану  саласы,  коммуникативтік  жағдаяттар 

құрылымдарына, контекспен байланыстылығы тіл бірліктерінің қолданыстағы қызметіне сай 

анықталады.  Осы ретте жоғары оқу орындарына арналған  типтік   бағдарлама  халықаралық 

стандарттарға сай болуы – бүгінгі күннің басты қажеттіліктерінің бірі. Білім беру жүйесінде 

жүргізіліп  жатқан  реформаларға  сай  кәсіби   ағылшын    тілін   өзге  тілді  аудиторияларда 

оқыту  деңгейлік,  коммуникативті-бағдарлы  оқыту  әдістемесіне  негізделеді.   Ағылшын  

 тілін   оқытудың  сапалық  деңгейін  арттыру  мақсатында  тілдерді  меңгертудің  халықаралық 

стандарттарында көрсетілген тілді меңгеру деңгейлері басшылыққа алынады. 

Бағдарламаның  мазмұны  студенттердің  ғылыми-кәсіби  аясында,  ағылшын    тілін 

ғылыми  іс-әрекет  тәсілі  ретінде  оқыту  мақсаттары  мен  міндеттері  коммуникативті 

қажеттілікпен анықталады. Тілдік емес жоғары оқу орындарында басқа тілді оқыту B2+LSP, 

LAP еуропалық деңгейде үйрету болып табылады.  Осы кезеңдегі дайындықтың ерекшелігі 

өндірістік  іс-әрекетте  нақты  мамандық  саласы  бойынша  кәсіби  бағдарлы  қатынасты 

пайдалану деңгейіндегі (LSP, LAP) арнайы мақсат үшін тілдерді үйрену болып табылады.  

А1 – А2 – негізгі деңгейВ1 – В2–  кәсіби  бағдарлы деңгей; С1 – С2 – мамандық 

тілі деңгейі: 

Кәсіби бағдарлы деңгей 

Студент  берілген  деңгей  негізінде  мынадай  коммуникативті  тапсырмаларды  орындай 

алуы керек. 

Тыңдалым  бойынша  студенттер  бейтаныс  кәсіби  бағдарлы  мәтінді  таспадан  тыңдап, 

ақпараттың  мазмұнын,  тақырыбын,  негізгі  идеясын,  негізгі  және  қосымша  хабарды  толық 

түсіне білуі тиіс.  

Әдеби  нормада  қалыпты  жылдамдықпен  айтылған  нақты  және  абстрактылы 

тақырыптағы  ақпараттарды  тыңдап,  түсіну.  Тіл  иесімен  дайындықсыз  сұхбатқа  түсуі.  Өз 

қызметі  шеңберіндегі  тақырыптар  бойынша  қалыпты  нормада  айтылған  лингвистикалық 

құрылымы мен мағыналық жағынан орта, нақты және абстрактылы тақырыптардағы негізгі 

ойды  түсіну.  Әдеби  нормада  үнтаспаға  жазылған  хабарламаларды  тыңдап,  ондағы 

айтушының  көзқарасын анықтай алуы.  

Радиодан  әдеби  нормада  берілген  деректі  радио  хабарлардың  және  басқа  да 

материалдардың көпшілігін түсіну. Ондағы сөйлеушінің сөйлеу мәнерін көңіл күйін анықтай 

алуы тиіс.   



Оқылым әрекеті бойынша студент мәтінді оқып, түсінгенін ауызша айтып, сұрақтарға 

жауап  беруі  немесе  мәтін  бойынша  түсінгенін  өз  сөзімен  әңгімелеп  беруі  қажет.  Бұдан 

студент  мәтін  мазмұнын  түсінген-түсінбегенін  және  сөздік  қорының  ауқымын  бірден 

аңғаруға  болады.  Мәтіндер кәсіби-іскери,  арнайы  ресми  бағытта  оқиғаны  хабарлау, 

мазмұндау, суреттеу негізінде арнайы құрастырылуы қажет.  

 Кәсіби  мәтінді оқу барысында студент келесі жайттарды орындай білуі қажет: 

– оқудың әртүрлі стратегияларын қолдана білуі; 

– мәтіннің тақырыбын анықтап, оның негізгі идеясын түсіне білуі. 



Жазылым  бойынша  жұмысты  орындауда  студенттер  таңдаған  тақырып  мазмұнын 

терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып 

бойынша жеке көзқарасын, тұжырымында жеткізе білгені жөн. Мұның өзі студенттің кәсіби  

ағылшын  тілін қалай  меңгергенін,  оның  ағылшынша  сөз  байлығының  ауқымын  көрсетеді. 

Студент  сонымен  қатар  кәсібі  бойынша  оқыған  кітаптары,  мақалалары  немесе  тыңдаған 

хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет.  



Айтылымда  студенттер өздеріне ұсынылған кәсіби  бағыттағы тақырыптардың  біріне 

сұхбат  (сөйлесім)  құрады.  Таңдаған  тақырыпқа  сай  сөйлесімде  төмендегідей  шарттар 

ескеріледі:  

– берілген тақырып бойынша студент сөйлемдерді байланыстырып, еркін сөйлей білуі 

қажет; 



жүктеу 6,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   175




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау