Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы: Халықтық саз өнері тағылымы Модуль /пән атауы: Этнопедагогика



жүктеу 28,23 Kb.
Дата21.05.2022
өлшемі28,23 Kb.
#38716
түріСабақ
Ақыл ой мтб


«Бекітемін»
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары
___________Сариева Г
«____»____________2022 ж.


«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК
Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Халықтық саз өнері тағылымы
Модуль /пән атауы: Этнопедагогика
Дайындаған педагог: Жолаева Ғ.М
Күні: «4» наурыз 2022 ж.
1.Жалпы мәліметтер:
Курс, топ: 4 курс , МтБ-18
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
2.Мақсаты, міндеттері:
1Халықтық саз өнерінің ерекшеліктері туралы мәліметтер беру
2.1. Күтілетін нәтиже: Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесінің ерекшеліктері туралы біледі
3) Қажетті ресурстар: LED панель, интерактивті тақта,суреттер, мәтін жазылған А4, пломастер, магниттер
1. «Этнопедагогика» Б. Мұқанова, Р. Ильясова
4.Әдіс-тәсілдер: Сұрақ – жауап, Ой қозғау, «Серпілген сауал» әдісі, «3-2-1» әдісі
Ұйымдастыру кезеңі
- Сабақта кім жоқ?
- Көңіл-күйлеріңіз қалай?
Үй тапсырмасы: «Халықтық саз өнері тағылымы тәрбиесі»
Үй тапсырмасы «Серпілген сауал» әдісі арқылы сұралады.
Дескриптор:Саз өнері туралы ақпарат біледі.
Бағалау критерийлері:
Ақыл-ой тәрбиесінің ерекшеліктерін біледі
Ақыл-ой тәрбиесінің маңыздылығын біледі
Тақырыпты ашу үшін бейнеролик көрсетіледі.
Жаңа сабақ. (Жаңа сабақ презентация арқылы түсіндіріледі).
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл — тозбас киім, білім — сарқылмас булақ" деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. "Көзбен көргеп, құлақпен естіген ақиқат емес тек қана мұқият зерттелген ақиқат".
Халық педагогикасыңда тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен сәйкес кенетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойыиша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дарытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз.
Бірақ оқушы өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаның ықпалдары мен әсерлерін еске алу қажет. Бұл кеңірек, ақыл-ойдың дамуы ұғымымен айқындалады.
Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруга, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуыпың қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.
Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.
Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі — адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.

Бекіту тапсырмалары:
1. Интеллектуалды ойын.
2.Логикалық сұрақтар
3.Жұмбақ
Дескриптор: Тақырыпты нақты түсінеді
Сабақ бойынша рефлексия.
«3-2-1» әдісі бойынша стикерлер арқылы кері байланыс орнатады.
Бағалау. Студенттер бағалау критерийіндегі көрсеткіш бойынша тиісті бағасын алады.
Үй тапсырмасы. TEDx форматында идея дайындау
жүктеу 28,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау