Бакалавриат Высшее педагогическое образование



жүктеу 6,57 Mb.
Pdf просмотр
бет22/175
Дата19.11.2018
өлшемі6,57 Mb.
#21553
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   175

60 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Қазақстан    Республикасы      Білім      және      ғылым    министрлігінің    рұқсатынсыз      осы 



типтік   бағдарламасын көбейтуге және таратуға рұқсат етілмейді 

 

 

 

 

 



 

М А З М Ұ Н Ы 

ТҮСІНІКТЕМЕ 

 

КІРІСПЕ 

 

 1 МОДУЛЬ.  ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ  ЖӘНЕ  СПОРТ МЕНЕДЖМЕНТІ 

ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ 

1.1 


Әлеуметтік басқарудың теориялық негіздері 

 

1.2 



Менеджмент  теориясының негізгі түсініктері 

 

2 МОДУЛЬ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ  СПОРТ МЕНЕДЖМЕНТІ   



ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ 

2.1 


Дене шынықтыру және  спорт менеджментінің  мемлекеттік органдары 

 

2.2 



Дене шынықтыру мен спорт менеджментінің  қоғамдық органдары 

 

2.3 



Дене шынықтыру спорттық ұйымдары 

 

3 МОДУЛЬ.  БАСҚАРУДЫҢ  ҚЫЗМЕТТЕРІ, ҚАҒИДАТТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ 

3.1 

Дене шынықтыру мен спорттың дамуын жоспарлау мен болжау 



 

3.2 


Дене  шынықтыру  саласы  бойынша  мамандарды  даярлау  және  олардың 

жұмыстарын реті бойынша ұйымдастыру. 

 

3.3 


Жүзеге асырылуды бақылау мен тексеру 

 

3.4 



Есеп-қисап жүргізу 

 

3.5 



Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру 

 

3.6 



Дене шынықтыру мен спортты материалды-техникалық қамтамасыз ету  

 

3.7 



Дене шынықтыру және  спорт менеджментінің  қағидаттары 

 

3.8 



Дене шынықтыру мен спорт менеджментін басқару әдістері 

 

3.9 



Басқарудың құқықтық түрлері 

 

4 МОДУЛЬ. ШЕТЕЛДЕРДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ 



МЕНЕДЖМЕНТІ  

 

4.1 



Шетелдердегі дене шынықтыру мен спортты ұйымдастыру 

 

4.2 



Бұқаралық спорттық қозғалысты ұйымдастыру 

 



61 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТҮСІНІКТЕМЕ 

 

Курсты оқыту мақсаты. «Дене шынықтыру және спорт менеджменті» пәнін оқытудың 

мақсаты  –  дене  шынықтыруды  және  спортты  ұйымдастыру  мен  басқару  саласында 

студенттерге теориялық және тәжірибелік білім беру. 

Пәнді оқытудың міндеттері: 

 1. Келесі бөлімдер бойынша білім беру: 

- дене шынықтыруды және спортты басқарудың теориялық негіздері; 

- дене шынықтыру мен спортты басқару жүйесі; 

- дене шынықтыруды және спортты басқару қызметтері, қағидаттары мен әдістері. 

 

2. Студенттерді Халықаралық спорттық қозғалыстың ұйымдастырылуымен таныстыру. 



Пәннің болашақ мамандарды даярлаудағы рөлі мен маңызы: пәнді оқу дене шынықтыру 

және спорт саласы бойынша ұйымдастыру-басқару дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.  



Студенттер осы курсты аяқтағанда білулері қажет: 

- басқару теориясының негізгі түсініктерін; 

- дене шынықтыру мен спортты басқару органдарының жүйесін; 

- дене шынықтыру және спортты басқарудың негізгі және арнайы қызметтерін. 

Студенттің төмендегідей іскерліктері қалыптасқан болуы керек: 

-  бұқаралық    дене  шынықтыру-сауықтырулық  іс-шараларын  жоспарлау  мен 

ұйымдастыру; 

- спорттық жарыстарды өткізу; 

- оқу-жаттығу үдерістерін басқару; 

- қоғамдық дене шынықтыру мамандарының дайындығын ұйымдастыру.  

Бұл  іскерліктер  жаттықтырушылық  тәжірибе  барысында  қалыптасады,  себебі 

жоспарланған  жұмыс  бағдарламасына  оған  қажетті  бөлімдер,  тәжірибелік  және  семинар 

сабақтары енгізілген.   

 «Дене  шынықтыру  және  спорт  менеджменті»  жалпы  теориялық  циклдің  кәсіптендіру 

пәндерінің  бірі  болып  табылады.  Ол  дене  шынықтыру  мен  спорт  факультеттерінің 

студенттеріне  арналған  және  ұйымдастыру  мен  басқарудың  саласында  дене  тәрбиесі 



А қосымшасы  Семинар сабақ тақырыптары 

 

Б қосымшасы Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер тізімі 

 



62 

 

мамандарын теориялық және тәжірибелік білімдермен қамтамасыз етуге бағытталған. 



«Дене  шынықтыру  және  спорт  менеджменті»  пәні  дене  шынықтыру  мен  спорт 

дамуының  әлеуметтік  үдерісін  оңтайлы  басқару  мен  ұйымдастыру  жүйелерінің  ғылыми 

негізін, осы саладағы ұйымдастырушылық қызметтің әдістерін құрайды. Пәннің әдістемелік 

негізі кибернетика мен әлеуметтік басқару теориясы болып табылады.  

Осы  пәннің  мазмұнына  әлеуметтік  үдерістерді  ұйымдастыру  мен  басқарудың  ғылыми 

негізделген келесі теориялары кіреді: дене шынықтыруды және спортты басқару жүйесі мен 

барлық  бөлімдерінің  өзара  іс-әрекеті;  басқарудың  мемлекеттік  және  қоғамдық  түрлерінің 

дамуы  мен  жетілдірілу  жүйесі;  басқарудың  қызметтері;  басқару  қағидаттары  мен  әдістері 

және  ұйымдастырушылық  қызметті  жетілдіру;  дене  шынықтыру  мен  спортты 

ұйымдастыруға  енгізілетін  оңтайлы  жолдары  бойынша  озық  тәжірибені  зерттеу; 

халықаралық спорттық қозғалыс дамуының талдауы. 

Оқу  сабақтарының  негізгі  жолдары  ретінде  дәрістер,  семинарлық  және  тәжірибелік 

сабақтар,  кеңес  берулер,  оқудың  барлық  түрлерінің  студенттеріне  арналған  бақылау 

жұмыстары, 

студенттердің 

өзіндік 


жұмысы, 

емтихандар, 

ұйымдастырушылық-

жаттықтырушылық тәжірибе болып табылады.  



Курстың пререквизиттері: «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі».  

Постреквизиттері:  алған  білімдері  мен  тәжірибелік  біліктіліктерін  кәсіби  деңгейде 

қолдана білу  

 

 

 

ПӘНІҢ МАЗМҰНЫ 

 

КІРІСПЕ 

«Дене  шынықтыру  және  спорт»  пәнінің  оқу  нысаны  ретінде  дене  шынықтыру  мен 

спортты басқару органдарының жүйесі, басқару органдарының қызметтері, әдістері, басқару 

қағидаттары,  Қазақстан  Республикасында  және  шетелде  бұқаралық  дене  шынықтырумен 

және  спортпен  шұғылдануды  ұйымдастыру  қарастырылады.  Пәнді  оқу  әдістері  ретінде 

дәрістер,  семинарлар,  студенттердің  өзіндік  жұмысы  мен  тәжірибелік  сабақтары 

қолданылады.  

Дене  шынықтыру  және  спорт  менеджменті  арнайы  циклдің  алдыңғы  қатарлы 

пәндерінің  бірі  болып  табылады  және  дене  шынықтыру  мен  спорт  теорияларының, 

әдістерінің саласында студенттердің дайындығын, тұрғындармен дене шынықтыру мен спорт 

бойынша ұйымдастырушылық-бұқаралық жұмыстарын жүргізуді қамтиды. 

 

1  МОДУЛЬ.  ДЕНЕ  ШЫНЫҚТЫРУ  ЖӘНЕ  СПОРТ  МЕНЕДЖМЕНТІ 



ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ 

1.1 Әлеуметтік басқарудың теориялық негіздері 

Дене шынықтыру және  спорт –әлеуметтік құрылым саласы ретінде сипаттамасы және 

оның қоғамдағы орны, дене шынықтыру және спорттың элементтері (құқықтық белгіленген 

мақсаттар,  әлеуметтік қызметтер, құрылым және т.б).  «Дене шынықтыру және спорт»  және 

«Дене шынықтыру ұйымдары» түсініктерінің өзара байланысы. 

Дене шынықтырулы-спорттық ұйымдар, олардың түрлері және құқықтық жағдайы. 

Әлеуметтік  қызметтердің,  дене  шынықтыру  мен  спорттың  мемлекет  қызметтерімен 

өзара байланысы.  

Әлеуметтік басқарудың сипаттамасы. Кибернетика мен әлеуметтік басқару теориясы  – 

дене шынықтыру мен спортты басқарудың ғылыми негізі ретінде. 



1.2. Менеджмент теориясының негізгі түсініктері 

Әлеуметтік  басқару  теориясының  негізгі  түсініктері  мен  құрылымы.  Өзін-өзі  басқару  

жүйелері туралы түсінік. Басқарудың қызметтері, қағидаттары  және әдістері. Басқарушылық 

цикл  және  оның  сатылары.  Басқарушылық  цикл  сатыларын  басқарудың  негізгі  қызметтері 




жүктеу 6,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   175




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау