Регламент І 1 бөлім. Жалпы ережелер



жүктеу 291,64 Kb.
Дата23.05.2018
өлшемі291,64 Kb.
#16708
түріРегламент

Аудандық мәслихаттың

2009 жылғы 15 шілдедегі №19/4 шешімімен бекітілген.

Шиелі аудандық Мәслихатының

Р Е Г Л А М Е Н Т І

1 бөлім. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


  1. Шиелі аудандық Мәслихаты (бұдан әрі Мәслихат) – «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан халқы сайлайтын - сайланбалы орган. Мәслихат пен оның органдарының қызметтері Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілері мен осы Регламентке негізделеді.

2. Мәслихат аудан халқының еркін білдіруге, мәселелерді ұжымдасып еркін талқылауға және шешуге, жергілікті биліктің дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын және жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылауға, тыңдауға, бекітуге құқылы. Өз құзіреті шегінде дербес және тәуелсіз болуға, азаматтардың ауданның мемлекеттік және қоғамдық істерін басқаруға кеңінен тартылуына және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескеруге борышты.

3. Мәслихат депутатына Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және өзге де заңдарымен, осы Регламентпен белгіленген құқықтары мен міндеттерін кедергісіз және тиімді жүзеге асыруына қажетті жағдай жасалады. Мәслихат депутаты өзінің депутаттық өкілеттігін негізгі қызметінен қол үзбестен жүзеге асырады.

4. Мәслихат атауы оның шақырылу нөмірімен көрсетілуі мүмкін, ол сөзбен немесе рим сандарымен белгіленеді.

5. Мәслихат жұмысы мемлекеттік тілде жүргізіледі, сонымен қатар, ресми тіл қажеттілігіне қарай пайдалануы мүмкін.

6. Мәслихаттың мөрі мен бланкісі, Мәслихат аппаратының мөрі, мөртаңбаны және бланкісі, ал Мәслихат хатшысының, Тексеру және тұрақты комиссиялары мен депутаттарының арнайы бланкілері болады.
2 бөлім. МӘСЛИХАТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТӘРТІБІ

1 тарау. Мәслихат жұмысының басталуы және сессиялар өткізудің тәртібі

( Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 12 қыркүйектегі №49/6 шешімімен өзгеріс енгізілген)


  1. Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы (хатшысы) алғашқы сессия отырысы басталмас бұрын Мәслихат депутаттығына сайланған жаңа құрамды тіркеу туралы сайлау комиссиясының қаулысын жариялайды, депутатты таныстырады және оған депутаттық куәлік пен омырау белгісін табыс етеді.

8. Мәслихат сессиялары нөмірленеді. Мәслихаттың кезекті емес сессиясы «кезектен тыс сессия» деп көрсетіледі және сессиялық кезекті реттік санмен нөмірленеді.

9. Мәслихаттың алғашқы сессиясында депутаттардың ұсыныстары мен келісімдері негізінде Мәслихат хатшысы, тұрақты комиссия мүшелері және төрағалары сайланады.

10. Сессия шақыру туралы хабарландыру аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, ол жөнінде депутаттарға жеке хабар беріледі, ал сессияға қатысушыларға арнайы шақыру жіберіледі. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Мәслихаттың ашық сессияларына өз редакцияларының тапсырмасы негізінде арнайы шақырусыз қатыса алады.

11. Облыс, аудан әкімдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық, аудандық әкімдіктің мүшелері, аудандық соттың төрағасы, аудан прокуроры, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті аудандық бөлімінің бастығы, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Мәслихаттың кез келген ашық және жабық сессия отырыстарына қатысуға және сөз сөйлеуге құқылы.

12. Аудан әкіміне немесе оның міндетін атқарушыға Мәслихат сессиясы өтетін залда арнайы орын белгіленеді. Сессияға сессия төрағасының шақыруымен келгендер арнайы орындарға орналасады. Шақырылған адамның сессияға дәлелсіз себеппен қатыспауы Мәслихат хатшысының тиісті органдардың алдына мәселе қоюына негіз болып табылады.

13. Мәслихат сессиясы басталғанға дейін депутаттар мен сессияға шақырылғандар тіркеуден өтеді. Сессияға төрағалық етуші қатысушы депутаттар санын жариялап, сессия жұмысын бастаудың заңдылығын хабарлайды.Шақырылғандар сессия жұмысына рұхсатсыз араласпауға, тәртіп сақтауға және сессияға төрағалық етушінің билігіне бағынуға тиісті.

14. Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері сессия жұмысын қамтамасыз жүзеге асыру мақсатында Мәслихат хатшысы айқындаған тәртіпке сай қатысады. Мәслихат сессиясының стенограммасы жазылып, соның негізінде бір ай мерзімде хаттама жасалады. Хаттаманы жасау тәртібін сессия төрағасы мен Мәслихат хатшысы депутаттардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып белгілейді.

15. Мәслихаттың жабық сессиясын мазмұны жарияланбайды, оның хаттамасымен тиісті құжаттарын депутаттар тек Мәслихат қызметі бабында пайдалануы мүмкін.

16. Сессияның жалпы отырысы белгіленген уақытта басталып, күн тәртібінде белгіленген мәселелер түгел қаралған соң аяқталады. Сессия отырысы кезінде әрбір екі сағат сайын депутаттардың келісімімен 10 минуттық үзіліс жариялануы мүмкін.Сессия төрағасының шешімімен сессия отырысының басталу уақыты, оның жұмысының ұзақтығы және үзіліс мерзімі депутаттардың келісімімен өзгеруі мүмкін.

17. Сессияға қатысушы депутаттардың келісімімен сессия хатшылығы, қажеттілігіне қарай редакциялық және санақ комиссиялары құралады. Сессия хатшылығы кемі үш адамнан құралады, ол сессия хаттамасының жазылуын жүзеге асырады және депутаттардан түскен сауал, анықтама, үндеу мен ұсыныстар туралы төрағалық етушіге хабарлайды, байланысын қамтамасыз етеді. Мәслихат сессиясының отырысын қамтамасыз ету жөніндегі өзгеде міндеттерді орындайды.

Редакциялық комиссия кемі бес адамнан құрылады, ол Мәслихат шешімдерінің жобалары бойынша уақытша комиссия, депутаттық топтар және депутаттардан түскен ұсыныстар мен сын-ескертпелерді зерделеп, өңдейді және оларды өзгерістер түрінде шешімге енгізу үшін дауысқа салуға ұсынады.

Санақ комиссиясы кемі үш адамнан құрылады, өз құрамынан төрағаны сайлайды, дауыс беруді ұйымдастырады және қортындысын анықтайды. Санақ комиссиясының қаулысы оның мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады.Комиссия мүшелері берген дауыстар тең түскен жағдайда, комиссия төрағасының даусы шешуші болады. Кандидатурасы дауысқа түскен депутат санақ комиссиясына мүше бола алмайды.

18. Сессия қатысушы депутаттар санының көпшілік даусымен бекітілген күн тәртібіне сай өтеді. Сессияның күн тәртібін Мәслихаттың жылдық жұмыс жопарына сәйкес, сондай-ақ аудан әкімінің, тұрақты комиссиялардың және депутаттардың ұсыныстары негізінде сессия төрағасы қалыптастырады.

19. Сессияда сөйлеу (баяндама, қосымша баяндама, хабарлама, қорытынды, ұсыныс айту, тағы басқа) үшін берілетін уақыт мөлшерін сессия төрағасы депутаттармен келісе отырып, қаралатын мәселелердің маңыздылығына қарай белгілейді, бірақ ол баяндама үшін 30 минуттан, қосымша баяндама үшін 20 минуттан, сондай-ақ сессияда хабарлама жасау үшін 15 минуттан қортынды сөз үшін 10 минуттан аспауы тиіс.

Жарыссөзде сөйлегендерге он минутқа дейін, жарыссөзде қайталап сөйлегені үшін, сондай-ақ Мәслихат шешімдерінің жобасын талқылау кезінде сөйлегені үшін - бес минутқа дейін, отырысты жүргізу тәртібі, дауыс беру рәсімі, арыз, ұсыныстар, мәселелер, сауалға жауап, анықтама үшін үш минутқа дейін беріледі. Осы белгіленген уақыттың жалпы ұзақтығын төраға депутаттардың көпшілік даусымен ұзартуы мүмкін.

Сессия төрағасы белгіленген уақыт өте салысымен ол туралы сөйлеушіні ескертеді, ал одан соң оның сөзін тоқтатуға құқылы.

20. Аудан әкімі немесе оның міндетін атқарушы өз өтініші бойынша жалпы күн тәртібімен ондағы жеке мәселе жөнінде сондай-ақ әрбір мәселені талқылау барысында анықтама беруге және сөз сөйлеуге құқылы.

21. Мәслихат сессиясында сөз сөйлеуші адамдардың ар-намысына тиіп, жалған ақпарат таратуға, заңсыз іс әрекетке шақыруға, Конституцияға қайшы сөйлеуге ешқандай құқығы жоқ. Ондай жағдайда сессия төрағасы сөйлеушіні ескертеді, екінші рет қайталаса, ескертусіз сөзден айырады. Талқылаудағы мәселе тақырыбынан ауытқи сөйлеушіге ескерту жасалынады. Сессия төрағасын Мәслихат сессиясының жұмысына кедергі келтірушіні сессия отырысы өтіп жатқан залдан шығара алады.

22. Сессия төрағасы Регламент тәртіптерін бұзған Мәслихат депутатына ескерту жасауға, тағы қайталаса, оны депутаттардың келісімімен сөзден айыруға құқылы. Талқылаудағы мәселе бойынша жарыссөз сессия отырысына қатысушы депутаттар санының көпшілігінің даусымен тоқтатылуы мүмкін.Жарыссөзді тоқтату туралы келісілген соң, баяндамашымен қосымша баяндамамен қортынды сөз алуға құқылы.

2 тарау. Мәслихат шешімдерінің жобасын әзірлеу, қарау және қабылдау тәртібі.

23. Мәслихат шешімі жобасының мәтінінде шешімнің қолданысқа енгізілу мерзімі, сондай-ақ оның қабылдануына байланысты күші жойылатын немесе жойылды деп танылатын және/ немесе өзгертуге жататын шешімдердің тізбесі көрсетілуі мүмкін.

24.Мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес, не болмаса Мәслихат хатшысының, сессия төрағасының, тексеру және тұрақты комиссияларының ұсыныстары бойынша сессияда қаралатын мәселе бойынша шешім жобасын Мәслихат депутаттары, уақытша комиссия, депутаттық топтар аппарат қызметкерлерімен бірлесе әзірлейді және ол тиісті тұрақты комиссияның және тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында алдын ала қаралады.

25. Мәслихат қарауына аудан әкімдігі (әкімі) тарапынан ұсынылған мәселе бойынша Мәслихат шешімінің жобасы қолданыстағы заңнамалар мен осы Регламентке сәйкес әзірленеді, тиісті тұрақты комиссия отырысында қаралуы үшін кемінде бес күн бұрын Мәслихатқа табыс етіледі. Басқа да тиісті органдар осы ретпен Мәслихат шешіміне ұсыныстар беруге құқылы. Шешім жобасында тиісті мүдделі атқарушы органдар басшыларының қолдары, қажетті тіркеулер, түсіндірмелік жазба, аудан әкімінің немесе оның міндетін атқарушының қолы қойылған жолдама хат болуы шарт. Аудан әкімдігінен (әкімінен) Мәслихатқа түскен шешім жобасы тіркеуге алынады,оның түскен уақыты көрсетіліп, белгі соғылады, тіркелген шешім жобасы Мәслихатта қарауға жатады. Мәслихат шешімдерінің жобалары үшін қолданыстағы заңнамада және осы Регламентте белгіленген талаптар сақталмаса, Мәслихат хатшысы себептерін түсіндіріп, түскен құжаттарды қайтарып береді.

26. Аудан әкімдігі мен Мәслихаттың бірлескен актісі ( ҚАУЛЫ және ШЕШІМ) тек қолданыстағы заңнамада көзделген реттер бойынша ғана қабылданады. Мұндай шешім жобасы бастамашы жақ тарапынан әзірленіп, оған аудан әкімінің келісімі берілген соң ғана Мәслихат сессиясында қаралады.

27. Мәслихат шешімінің жобасы мемлекеттік тілде жазылып, барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, мекемелермен келісіледі, олардың тізбесін Мәслихат хатшысы және тиісті тұрақты комиссия төрағасы белгілейді. Мәслихатқа түскен шешім жобасымен жұмыс істеу үшін оны әзірлеуші орган депутаттарға шешім жобасын көбейтеді, оның қажеттілігі және заң талаптарына сәйкестігі жөнінде қортындыны, сондай-ақ шешім әділет органдарында тіркеуге жататын болса, жобаның электрондық нұсқасын қоса тапсырады.

28.Мәслихат шешімінің жобасы сессия отырысына дейін депутаттарға алдын ала таратылған жағдайда, оның мәтіні сессияда жария етілуі мүмкін. Мәслихат шешімінің жобасы, оған өзгерістер мен толықтырулар келіп түскен жағдайда, шешім жобасы әуелі депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен «негізге алынсын» деп қабылданады, одан соң оған өзгерістер мен толықтырулар қаралуы мүмкін.

29. Мәлихат шешіміне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мәтінінде оларға негіздеме, ұсыныс берушінің қолы және шешімімен алынып тасталатын нақты бөлім немесе тарау, тармақ, тармақша, азат жол, редакциялауға түскен бұрынғы және жаңа сөйлемдер көрініс табуы тиіс. Мәслихат пен аудан әкімдігі (әкімі) арасында қандайда бір шешім жобасы бойынша туындаған елеулі келіспеспеушілік еңсеріліп ортақ шешім қабылдану үшін Мәслихат екі жақтың қажетті келісім шараларын жүргізуді тиісті тұрақты комиссияға тапсыруға құқылы, содан соң келісілген шешім жобасы осы Регламентке сәйкес қайта дауысқа қойылады.Мәслихат қабылдаған шешімнің соңғы мәтініне орындаушылардың барлық мүдделі органдардың, редакциялық комиссия төрағасының келісім белгілер қойылады. Қабылданған шешімдер жөніндегі түсіндірмелерді сессия төрағасы, Мәслихат хатшысы және тиісті тұрақты комиссияның төрағасы бере алады.

30. Мәслихат шешімін мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін тиісті құжаттарды әзірлеу мәселелермен осы шешімді әзірлеген атқарушы органның және Мәслихат аппаратының мамандары айналысады. Шешімде оның реттік және әділет органында тіркелу нөмері мен қабылданған мерзімі көрсетіледі.

31. Сессия төрағасы және Мәслихат хатшысы қабылданған шешімнің немесе оның бөліктерінің заңнамаға сәйкестігіне күмән келтірген жағдайда, тиісті түсініктеме алу үшін аудандық прокуратураға сұрау салуға және одан жауап келгенге дейін қол қоймай тұра тұруға құқылы. Сол шешімнің немесе оның бөліктерінің заңнамаға қайшы жақтары бар екендігі жайында жауап алған жағдайда, олар даулы мәселені шешу үшін кезектен тыс сессия шақыруға ынта білдіруге құқылы.

3 тарау. Мәслихат сессиясында шешімдер қабылдау кезіндегі дауыс беру тәртібі.

32. Мәслихат шешімі мен рәсімдік мәселелер бойынша шешімдер депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

Рәсімдік мәселелерге: сессияны жүргізу тәртібі, депутаттардың келісімін алу, мәселелерді талқылау реті, жарысөзді тоқтату, сессияда сөз беру, сөзден айыру, сөйлеу уақытын шектеу немесе ұзарту, сессия отырысында үзіліс беру, дауыс беруді және қайталап дауыс беруді өткізудің тәсілдерін белгілеу, т.б мәселелер жатады.

Барлық дауыс беру нәтижелері мәслихат сессиясының хаттамасында көрсетіледі.


  1. Мәслихат депутаты әрбір мәселе бойынша дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады, шешім қабылдауға, не жақтап немесе қарсы дауыс береді, болмаса шешім қабылдаудан қалыс қалады.

Депутат дауыс беру құқығына жеке өзі ие.

Мәслихат депутаты дауыс беру кезінде жоқ болса, дауыс беру аяқталған соң өз даусын беруге құқы жоқ.



  1. Ашық дауыс қол көтеру арқылы жүргізіледі. Сессия төрағасы немесе санақ комиссиясы берілген дауыстарды санап, нәтижесін хабарлайды.

Дауыс беру басталмас бұрын сессия төрағасы дауысқа түсетін ұсыныстар саны туралы,олардың тұжырымын, дауысқа түсу кезегін хабарлайды, депутаттардыңөз ұсынысын қалай қайтіп алуға болатынын және шешімнің қандай көпшілік дауыспен қабылданатынын түсіндіреді.

Төрағалық етуші дауыс берудің басталғаны туралы хабарлаған соң, отырысты жүргізу тәртібі бойынша арыз айтудан басқа, дауыс беруді бөлуге ешкімнің құқығы жоқ.

Сессияға төрағалық етуші дауыс беру қортындысы негізінде дауысқа түскен шешімнің (өзгерістердің) қабылданғанын не қабылданбағанын хабарлайды.

Сессияға төрағалық етуші дауыс беруді өткізуді қамтамасыз етудің шараларын қарастырады, дауыс беруге қажетті депутаттар саны жеткіліксіз болып, оны қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, дауыс беру келесі сессияға қалдырылады.

Егер дауыс беру кезінде рәсімдік қателікке жол берілсе, онда мәслихат шешімі бойынша қайтадан дауыс беру өткізіледі.


  1. Жасырын дауыс беру бюллетень пайдалану арқылы өтеді.

Жасырын дауыс беруді осы үшін арнайы сайланған санақ комиссиясы жүргізеді. Бюллетеньдер санақ комиссиясы ұсынған үлгіде Мәслихат депутаттарына жететіндей мөлшерде дайындалады және тізімге сәйкес санақ комиссиясының мүшесі қол қойған бір бюллетеннен бір депутатқа беріледі, Мәслихат депутаты бюллетень алғанын растап тізімдегі өз аты-жөні жазылған тұсқа қол қояды.

Ауысып қалған бюллетеньдерді санақ комиссиясының төрағасы оның мүшелерін қатыстыра отырып акт арқылы жояды.

Депутат кабинада жеке жасырын дауыс беруді және өз таңдауын бірнеше кандидат ішінен бюллетеньдегі өзі жақтайтын бір кандидаттың тұсына, ал шешім жобасы бойынша дауыс бергенде бюллетеньдердегі өзі жақтайтын нұсқа тұсына белгі қою арқылы жүзеге асырады және бюллетен құрсауланған арнайы жәшікке салынады.

Санақ комиссиясы жасырын дауыс беру үшін депутаттарға жағдай жасауға міндетті.

Егер депутаттардың берген дауыстарын санау кезінде бөтен нысандағы, сондай-ақ, оған санақ комиссиясы мүшелерінің қолдары қойылмаған бюллетень шықса, ол жарамсыз деп танылады.


  1. Санақ комиссиясы жасырын дауыс берудің қорытындысы бойынша комиссияның барлық мүшелері қол қойған хаттама толтырады. Жасырын дауыс берудің қорытындысы туралы санақ комиссиясының сессиядағы хабарламасын Мәслихат мағлұмат ретінде қабылдайды, осы мағлұмат негізінде сессия төрағасы қандай шешім қабылданғанын хабарлайды, сайлау нәтижесінде сайланған кандидатураны немесе қабылданған шешім нұсқасын атайды.

  2. Заңмен немесе осы Регламентте өзгеше белгіленбеген жағдайда Мәслихаттың ілгерірек қабылданған шешімдерін жою, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, олар кезінде қалай қабылданса, дәл сондай дауыс беру жолымен жүргізіледі.

3-бөлім. МӘСЛИХАТ ҚҰЗІРЕТІНЕ ЖАТАТЫН ЖЕКЕЛЕГЕН

МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАРАУ.

4-тарау. Аудандық бюджетті, ауданды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, аудандық бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту.

( Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 12 қыркүйектегі №49/6 шешімімен өзгеріс енгізілген)

38. Аудандық бюджет жобасы Мәслихатқа түскеннен кейін тұрақты комиссияларда қаралады және тұрақты комиссиялар мүшелерінің арасынан жұмыс тобы құрылуы оған аудандық атқарушы органдардан өкілдері тартылуы мүмкін.

39. Тұрақты комиссиялар жұмыс тобының пікірлерін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есептермен қоса аудандық бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындайды және оларды Мәслихаттың экономикалық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жібереді.

40. Мәслихаттың экономикалық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы тұрақты комиссиясының тиісті негіздемелерімен есептері бар ұсыныстарын жинақтап, оны Мәслихат сессиясынан шығарады.

41. Мәслихат сессиясында аудандық бюджет жобасын талқылау аудан әкімінің немесе аудан әкімдігі уәкілеттік берген адамның (адамдардың) тиісті ауданның орта мерзімді әлеуметтік экономика даму бағдарламасы, орта мерзімді фискальдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджеттің жобасы бойынша баяндамаларын, сондай-ақ Мәслихат уәкілеттік берген адамдардың аудандық бюджеттің жобасы бойынша қортындысымен қоса баяндамаларын қамтиды.

42. Мәслихат сессияда алдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджет бойынша аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін тыңдауға құқылы.

43. Аудандық бюджетті нақтылау аудан әкімдігінің және/ немесе/ Мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады және онда аудандық бюджетті бекіту кезінде қойылатын талаптар сақталады.

44. Аудандық бюджетті нақтылау тиісті қаржы жылына арналған Облыстык бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, Мәслихаттың тиісті шешімі облыстық мәслихат тиісті қаржы жылына арналған Облыстык бюджетке және облыстык бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде шешімдерге қол қойғаннан кейін екі апта мерзімінен кешіктірмей қабылданады.

45. Аудан әкімдігі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей өткен қаржы жылындағы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті (бұдан әрі бюджет есебі) қосымшалармен қоса Мәслихатқа табыс етеді .

46. Мәслихат бюджет есебі туралы облыстық тексеру комииссиясының есебін алғаннан кейін оны бір айдың ішінде тұрақты комиссияларда қарайды.

47.Бюджет есебі қаралған сессияда: аудандық бюджеттің атқарылуы туралы аудан әкімдігі уәкілеттік берген адамның (адамдардың) баяндамасы; аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша Мәслихат уәкілеттік берген адамның баяндамасы тындалуы мүмкін.

Мәслихатта бюджет есебін қараған кезде аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептері тыңдалуы мүмкін

48. Мәслихат бюджет есебін бекіткен кезде аудандық атқарушы органдардың аудандық бюджеттің атқарылу нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылдауы қажет екендігі туралы шешім шығаруға құқылы.

49.Ауданды дамыту жосарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының жобалары түсіндірмелік жазбамен, сондай-ақ, бұрынғы мазмұндас жоспарлар мен бағдарламалардың орындалуына жасалған талдаулармен қоса олар қаралатын сессияға дейін кемі 3 апта бұрын Мәслихатқа өткізілуі тиіс. Олардың рәсімделуі Мәслихат шешімдерінің жобалары үшін осы Регламентте белгіленген талаптарға сай болуы шарт.

50. Сессия төрағасы, Мәслихат хатшысы, тұрақты комиссиялардың төрағалары және Мәслихат аппараты қосымша басқа да мәліметтерді сұрап алуға құқылы.

51. Егерде дауыс берудің нәтижесінде жоспар немесе бағдарлама бекітілмесе,олар Мәслихаттың тек басқа сессиясында қаралуы мүмкін, ал олардың орындалу есебі бекітілмеген жағдайда, қосымша талқылаудан кейін сол сессияда қайтадан дауыс беру өткізілуі мүмкін.

5 тарау. Ауданды басқару схемасын бекіту тәртібі.

52. Ауданды басқару схемасы Мәслихатқа енгізілген жағдайда, ол барлық тұрақты комиссияларда алдын ала қаралуы тиіс.

53. Әрбір тұрақты комиссияның ауданды басқару схемасы жөніндегі қорытындысы сессия төрағасына табыс етіледі және сессияда осы мәселені қарау алдында төраға оларды жария етеді. Ауданды басқару Мәслихат сессиясында бекітілмеген жағдайда, екінші мәрте ол тек басқа сессияда қаралады.

6 тарау. Шиелі ауданының әкімін тағайындауға келісім беру тәртібі

54. Облыс әкімінің Шиелі ауданының әкімін тағайындауға келісім беру туралы ұсынысы алынғаннан кейін Мәслихат сессиясы шақырылады.

55. Облыс әкімінің немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам сессияда Шиелі ауданының әкімі лауазымына ұсынылған кандидатураны таныстырады.

56.Сессияда аудан әкімі лаузымына кандидатқа және оны таныстырушыға сұрақтар берілуі, сонымен қатар депутаттар ұсынылған кандидатураны жақтап немесе оған қарсы пікірлер айтуы мүмкін. Егер депутаттар ұсынылған кандидатура бойынша талқылауды қажет санамаса, онда жарыссөз болмауы мүмкін.

57 Шиелі ауданының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы Мәслихат шешімі депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен, егер Мәслихат дауыс берудің өзге түрін белгілемесе, ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

58 Ұсынылған кандидатураны аудан әкімі етіп тағайындауға келісім берілмеген жағдайда, мәслихат шешімінде оның себебі толық көрсетілуі тиіс.

59.Шиелі ауданының әкімі лауазымына тағайындауға сол немесе өзге кандидатура бойынша ұсыныс Мәслихатқа қайтара енгізілгенде , оны Мәслихатта қарау осы ретпен жүргізіледі.

7 тарау. Аудан әкімдігінің дербес құрамын келісу тәртібі

60. Аудан әкімдігінің дербес құрамына немесе оған өзгерістер енгізуге келісім алуға ұсыныс Мәслихатқа енгізілгенде,сессияда депутаттар келісімімен ұсыныс тізім бойынша тобымен немесе кандидатуралар жеке-жеке қаралуы мүмкін. Қажет болған жағдайда жекелеген кандидатура бойынша талқылау жүргізіледі, онда кандидат сөз сөйлеуге, ал Мәслихат депутаттары оларға сұрақтар қоюға құқылы.

Ұсыныстағы тізім (кандидатура) бойынша депутаттар тарапынан қарсылық болмаса, ұсыныс ( кандидатура) келісілді деп есептеледі.

61. Ұсынылған кандидатура бойынша қарсылық болған жағдайда, ол дауысқа жеке қойылады.Бұл ретте, ол Мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік даусын алса, кандидатура келісілді деп танылады. Жаңа ұсыныстарды аудан әкімі осы немесе келесі сессияға енгізе алады. Өтпей қалған кандидатуралар осы сессияда келісу үшін екінші рет қайта ұсынылмайды.

8 тарау. Аудан әкімінің Мәслихат алдында есеп беру тәртібі

62. Аудан әкімі өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы Мәслихат сессиясында кемінде жарты жылда есеп береді.

Бұл мәселені сессия қарауына енгізу, тиісті Мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу және қабылдау реті осы Регламентте көзделген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

Әкімнің есебі бойынша депутаттар ұсыныстарын талдау және тиісті шешім жобасын пысықтау үшін Мәслихат хатшысы депутаттық уақытша комиссия құруы мүмкін.

63. Аудан әкімінің есебі бойынша Мәслихат шешімінің жобасы осы мәселе қаралатын сессияға дейін кемі екі апта бұрын Мәслихатқа тапсырылады және ол алдын ала барлық тұрақты комиссияларда талқыланады.

9 тарау. Атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау тәртібі.



  1. Мәслихат құзыретіне жататын мәселелер және тиісті шешімдердің орындалуы бойынша тұрақты комиссиялардың, депутаттық бірлестіктердің, депутаттардың аудандық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының есептерін Мәслихатта тыңдау жәйында Мәслихатқа ұсыныстар түсіруге құқығы бар.

  2. Сессияда лауазымды адамның есебін тыңдау төрағалық етушінің мәселенің мән-жайын хабарлаған қысқаша кіріспе сөзімен басталады және есеп бойынша талқылау қортындысымен осы регламентте белгіленген тәртіпке сай тиісті шешім қабылданады.

Лауазымды адамның есебін талқылау барысында депутаттар өз ұсыныс пікірлерін айтуға, сауалдар беруге, оларға жауаптар алуға құқылы және қажетіне қарай сол лауазымды адам жөнінде ұсыныс жасау жөнінде шешім қабылдануы мүмкін.

Мемлекеттік органның лауазымды адамын жауапқа тарту туралы ұсыныс шешімде қол қойылған соң тиісті органға жолданады.

10 тарау. Мәслихаттың аудан әкіміне сенімсіздік білдіру тәртібі

66. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірі қолданыстағы заңнамаға сәйкес бастамамен аудан әкіміне сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойған жағдайда, Мәслихат хатшысы аталған мәселені жан-жақты әрі тиянақты зерттеу мерзімін айқындап, құрамында бастама көтеруші және өзгеде депутаттар (олардың өкілдері) бар депутаттық комиссия құрады және комиссия төрағасын белгілейді. Сонымен қатар, комиссия құрамына аудан әкімдігімен құқық қорғау органдарының келісімімен өкілдері енгізілуі мүмкін.

67. Аудан әкіміне сенімсіздік білдіру туралы мәселе сессияның күн тәртібіне қойылып, сессияда ол бойынша талқылау жүргізіледі. Депутаттық комиссия төрағасы сессияда аталған мәселені зерттеу қортындысын және сәйкес комиссия қаулысын жария етеді. Депутаттық комиссия ұсынысымен талқылау қортындысы негізінде Мәслихат шешімі қабылданады.

68. Мәслихат шешімімен аудан әкіміне сенімсіздік білдірген жағдайда, ол шешімде;

1. Қазақстан Республикасы Президентінің не жоғары тұрған әкімнің алдына, алдына аудан әкімін қызметінен босату туралы ұсыныс жасалады;

2. Осы шешімді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне не жоғары тұрған әкіміне тапсыруға және оның қортындысын Мәслихатқа хабарлауға лауазымды адам белгіленеді.

69. Аудан әкіміне сенімсіздік білдіру мәселесінің қабылданбауы осы мәселенің қарауына себепші болған Мәслихат депутаттарының жауапкершілігі қаралуы тиіс.

4. БӨЛІМ МӘСЛИХАТ ОРГАНДАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

11 тарау. Мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмыс тәртібі.

70. Мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне өз құзырына жататын мәселелерді алдын-ала қарау және әзірлеу үшін оның шешімдерін, Қазақстан Республикасының заң актілерін жүзеге асыруға ықпал ететін, өзінің құзыреті шегінде өзгеде міндеттерді атқаратын тұрақты комиссиялар құрады.

71. Тұрақты комиссияның алғашқы ұйымдастыру мәжілісінде комиссия төрағасының кандидатурасы келісіліп, ол жөнінде Мәслихат сессиясында хабарланады және сайлауға ұсынылады.

72. Тұрақты комиссия төрағасы осы комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігінің ұсынысы негізінде Мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен лауазымынан босатылады.Тұрақты комиссия төрағасы кез-келген уақытта өзін осы міндеттен босату туралы арыз беруге құқылы. Оны босату туралы шешім Мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

73. Депутаттың басқа тұрақты комиссияға ауысуы тұрақты комиссия мүшелерінің сандық шегі асып кеткенде немесе басқа тұрақты комиссия мүшелерінің саны жетіспегенде депутаттың өз тілегі немесе Мәслихат хатшысының ұсынысы бойынша Мәслихат шешімі негізінде жүзеге асады. Тұрақты комиссия өз мүшелері арасынан көпшілік ашық дауыспен төраға орынбасарын сайлайды.

Тұрақты комиссияның отырысы комиссияның жарты жылдық жұмыс жоспарына сәйкес немесе қажеттілікке қарай шақырылады. Тұрақты комиссияның отырысы туралы депутаттарға, сондай-ақ, отырысқа басқада қатысушыларға кемі екі тәулік бұрын хабарланады. Депутат тұрақты комиссия отырысына дәлелді себептермен қатыса алмайтын болса, ол туралы тұрақты комиссия төрағасына кемі бір күн бұрын хабарлайды.

Тұрақты комиссия отырысы хаттамаланады. Тұрақты комиссия қаулысына және отырысының хаттамасына отырысқа төрағалық етуші қол қояды. Хаттамаларда тұрақты комиссия жұмысын үйлестіретін әрі комиссия хатшысы қызметін Мәслихат аппаратының арнайы белгіленген қызметкері жүргізеді.

Тұрақты комиссияның отырысына оның құрамына кірмейтін Мәслихат депутаттары кеңесшісі дауыс құқығымен қатыса алады.

74. Бірнеше тұрақты комиссия талқыланатын ортақ мәселе бойынша бірлескен отырыс өткізе алады.

Сессияның күн тәртібінде жобаланған мәселелер алдын-ала тұрақты комиссиялар отырыстарында және олардың бірлескен отырысында талқыланады. Мәселені қарау қортындысы бойынша тұрақты комиссия оның Мәслихат сессиясына енгізу немесе енгізбеу туралы қаулы қабылдай алады.

Өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша тұрақты комиссия қаулысы тиісті органдар мен лауазымды адамдар белгіленген мерзімдерде қарау үшін міндетті болып табылады.

75. Тұрақты комиссия жекелеген түйіткілді мәселелерді зерттеп- зерделеу, олар бойынша көпшілік тыңдаулар өткізу үшін осы комиссия мүшелері қатарынан және басқа депутаттардан, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және азаматтардың өкілдерімен жұмысшы топтарын құра алады.

Тұрақты комиссия ақысыз негізде өз жұмысына сарапшылар мен мамандарды тартуға құқылы.

76. Лауазымды адамдар тұрақты комиссияға жалған ақпарат берсе немесе ақпаратты қасахана жасырып қалса, заң алдында жауапты болады.

77. Тұрақты комиссиялар өздеріне қатысты мәселелер бойынша өз отырыстарында аудан аумағында орналасқан аудандық органдар, ұйымдар мен мекемелер басшыларының хабарламасымен мағлұмат, анықтамаларын тыңдауға құқылы.

Тұрақты комиссия отырысында комиссия есебі бекітіледі және комиссия төрағасының қолы қойылып, Мәслихат депутаттарына таратылады. Тұрақты комиссияның қызметі туралы есеп сессияда мағлұмат ретінде қабылданады.

12 тарау. Тұрақты комиссияларда көпшіліктік тыңдаулар өткізу тәртібі.

78. Көпшілік тыңдаулардың тақырыбы, оларды өткізу уақыты және орны туралы хабарландыру осы тыңдаулар басталғанға дейінгі кемі жеті күн бұрын жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

79. Көпшіліктік тыңдауларда баяндама мен жарыссөзден кейін депутаттар баяндамашыға, тыңдауға арнайы шақырылған лауазымды адамдарға, мамандарға, сарапшыларға ауызша немесе жазбаша түрде сұрақтар беріп, тиісті жауаптар алуға құқылы.

Көпшіліктік тыңдаулардың қорытындысы бойынша тыңдауға қатысушы депутаттардың көпшілігінің мақұлдауымен ұсынымдар қабылданады.

Көпшіліктік тыңдаулар тиісті хаттамамен рәсімделеді, оған төрағалық етуші қол қояды.

13 тарау. ( Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 12 қыркүйектегі №49/6 шешімімен алынып тасталды)

14 тарау. Уақытша комиссиясының жұмыс тәртібі.

86. Мәслихаттың уақытша комиссиясының (бұдан әрі-Уақытша комиссия) құрамына депутаттармен қатар ауданның атқарушы органдарының, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдарының, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің басшыларымен мамандары, сондай-ақ комиссияға жүктелген міндеттерге қарай Үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері тартылады.Уақытша комиссияға жүктелген міндеттердің тиімді атқарылуы үшін ауданда жұмысшы топтары құрылуы мүмкін, бұл жағдайда уақытша комиссия мүшелері жұмысшы топтарының да құрамына енеді.

87. Мәслихат құзыреті шегінде өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Уақытша комиссияның: жергілікті өкілді және атқарушы органдармен, мекемелермен және басқа да ұйымдармен бірлесе отырып, мәселені зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізуге; аудан әкімдігінен аудан аумағында орналасқан өзгеде мемлекеттік органдармен мекемелерден және ұйымдардан зерттеудегі мәселе бойынша қажетті ақпараттар алуға құқығы бар.

5 БӨЛІМ. МӘСЛИХАТТА САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫН ЖАСАҚТАУ ЖӘНЕ САЙЛАУ ТӘРТІБІ

88. Мәслихат саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары негізінде аумақтық сайлау комиссиясының және Мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды және олардың құрамына өзгерістер енгізеді.

89. Сайлау комиссиялары мүшелері саны мен өкілеттік мерзімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталады.

90. Сайлау комиссиясы мүшесінің босаған орнын толтыру үшін осы сайлау комиссиясында өкілі жоқ саяси партиямен өзгеде қоғамдық бірлестіктерден, жоғары тұрған сайлау комиссиясынан ұсыныстар қабылданады және оның процедурасы Регламенттің осы бөлімнің тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

91. Сайлау комиссияларын құру туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланғанға дейін кемі үш күн бұрын мерзімде Мәслихат хатшысының өкімімен депутаттармен Мәслихат аппараты қызметкерлерінен тұратын сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша комиссия (жұмысшы тобы) құрылады.

92. Маслихат сайлау комиссиялары өкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құрлдарында хабарлайды, сайлау комиссияларының тізбесі, сайлау комиссия құрамына сайлау үшін ұсынылатын кандидатуралар бойынша ұсыныстарды тапсыру мерзімімен тәртібі және осы ұсыныстар тапсырылатын мекен – жәй көрсетіледі.

93. Уақытша комиссия саяси партиялардан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған сайлау комиссияларынан сайлау комиссияларының құрамына сайлауға кандидатуралар жөнінде келіп түскен ұсыныстарды жинаумен және өңдеумен айналысып, олардың Мәслихатқа сайлауға ұсынады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық Заңына сәйкес ұсынылған кандидатуралардың соттылық жағдай туралы тиісті органдар анықтамалары негізінде оларды сайлау тізіміне қалдыру-қалдырмау мәселесін айқыдайды.

Сайлау комиссияларының құрамын дайындауда уақытша комиссия алдымен саяси партиялардан түскен ұсыныстарды назарға алады.

94. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелерінің санына тең ұсыныс түскенде уақытша комиссия Мәслихаттың отырысына осы сайлау комиссиясының құрамын ашық дауыс беру арқылы сайлау жөнінде ұсыныс енгізеді.

Мәслихат депутаттары дауыс беру барысында нақты бір кандидатура бойынша қарсылық білдірсе, онда ол сол партияның не қоғамдық бірлестіктің өкілі болатын басқа кандидатураға ауыстырылады. Бұл рәсім бір реттен артық жүргізілмейді.

95. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан артық ұсыныс болғанда уақытша комиссия Мәслихат отырысында рейтингілік дауыс беру шарасын өткізуді ұсынады.

Рейтингілік дауыс берудің мынадай нұсқасы ұсынылады:

Уақытша комиссия әрбір депутат үшін, қай кандидатураны қай саяси партия ұсынғанын көрсете отырып, кандидатураға енгізілген бюллетень дайындайды. Бюллетеньге кандидатуралар саяси партиялардан ұсыныстардың келіп түсу кезектілігімен енгізіледі. Мәслихат депутттары бюллетенде кандидатуралар тектері мен саяси партиялар атаулары тұсындағы шаршылардың тек жетеуінде ғана жақтап белгі қояды. Ең көп жақтау алған алдыңғы жеті орындағы саяси партиялардың өкілдері сайланған болып саналады.

96. Сайлау комиссиясына саяси партиялардан комиссия мүшелерінің санынан кем ұсыныс болған жағдайда, Уақытша комиссия сессияда комиссия құрамына саяси партиялардың өкілдерін ашық дауыс беру жолымен сайлауды ұсынады, қалған бос орындарға өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларына ұсынылған кандидатуралар арасында рейтінгілік (алдыңғы тармақтағыдай) дауыс беру жөнінде ұсыныс енгізеді.

97. Рейтингілік дауыс беру өткізілгеннен кейін барлық толтырылған бюллетендер Санақ комиссиясына тапсырылады. Санақ комиссиясының төрағасы дауыс беру қортындаларын жариялайды.

98. Мәслихат хатшысы сайлау комиссияларын немесе оларға енгізілген өзгеріс енгізу бойынша сайлау қортындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

6 БӨЛІМ. МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ.

15 тарау. Депутаттық сауалдар беру тәртібі.

99. Мәслихат депутаты арнайы депутаттық бланкте жазылған сауалын Мәслихат аппаратына тіркеуге тапсырады және ол тіркелгеннен кейін тиісті органға немесе лауазымды адамға жолданады.

100. Мәслихат аппараты депутаттық сауал бойынша тиісті жауаптың жазбаша түрде, бір айдан аспайтын мерзім ішінде берілуін қадағалайды.

16 тарау. Депутаттық бірлестіктің қызметін ұйымдастыру тәртібі.

101. Депутаттық бірлестік (фракция немесе топ) тіркелу үшін Мәслихат хатшысына жазбаша хабарлама тапсырады және онда оның атауы, мақсаты, құрамы мен оның атынан өкілеттік берілген, Мәслихат сессияларында, комиссияларда, мемлекеттік органдарда, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерде оның мүддесін қорғайтын адамдар белгіленеді.

1) Мәслихат хатшысы Мәслихат депутаттарына, бұқаралық ақпарат құралдарына депутаттық бірлестіктер және олардың құрамы туралы мәліметтер береді;

2) депутаттық бірлестіктер тіркелген кезде олардың ешқайсына кірмеген Мәслихат депутаттары кейіннен олардың кез-келгеніне кіре алады;

3) депутаттық бірлестік жаңа мүшелерді қосып алғаны немесе олардың құрамынан шыққан жөнінде және өз шешімдері туралы мәслихат хатшысына хабарлайды.

Депутаттар депутаттық бірлестіктен шыққан жағдайда, оның сандық құрамы оны тіркеген кезде болуға тиісті мүшелер санынан азайып қалса, ол өз қызметін тоқтатады.

102. Депутаттық бірлестік өкілеттік берген адам бірлестіктің атынан:

Мәслихат сессиясының күн тәртібі, талқыланатын мәселелерді қарау реті мен олардың мәні жөнінде ескертпелер мен ұсыныстар енгізуге;

Мәслихат сайлайтын немесе тағайындауға келісім беретін лаузымды адамдардың кандидатуралары бойынша пікір айтуға;

Мәслихат пен оның тұрақты комиссиялары қабылдайтын шешімдердің, қаулылардың және басқа да актілердің жобаларына өзгерістер ұсынуға;

Мәслихат депутаттарын азаматтардың өтініштерімен, депутаттық фракциялар мен топтар қабылдаған шешімдермен таныстыруға;

Мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың депутаттық бірлестіктің қызметі үшін қажетті материялдар мен құжаттарды сұратып алдыруға;

Жарыссөз тоқтатылған кезде депутаттық бірлестік атынан сөз сөйлеуді талап етуге құқылы. Бұл жағдайда төрғалық етуші оған сөз беруге міндетті.

103. Депутаттық бірлестіктердің ішкі қызметін олар дербес ұйымдастырады.



17 тарау. Депутаттардың қызметтік этикасы.

104. Мәслихат депутаттары адамгершілік қағидалары, сыпайылық, әділеттілік және заңдылық идеяларын ұстануға тиіс.

105. Мәслихаттың жергілікті мемлекеттік билікті жүзеге асыруы – оның жұмысына әрбір депутаттың белсенді түрде қатысуына байланысты.

106. Депутаттың депутаттық өкілеттікті жеке бас пайдасына пайдалануына жол бермейді.

107. Депутат Мәслихат сессияларына қатысуға міндетті. Сессияға қатысуға мүмкіндігі жоқ депутат бұл жөнінде Мәслихат хатшысына алдын ала жазбаша хабарлайды.

108. Депутат өз округіндегі халықтың мұқтаждары мен сауалдарын зерделеп, қоғамдық пікірді зерттейді және ол жөнінде Мәслихатқа ұсыныстар енгізеді. Азаматтарды қабылдап, олардың өтініштерінің қанағаттандырылуына атсалысады және жазбаша түрде жауап қайтарады.

109. Депутат өз округі сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы, сондай-ақ өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы, жылына кемінде бір рет хабарлап отыруға, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға міндетті.

7 БӨЛІМ. МӘСЛИХАТТЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫН САЙЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ.

18 тарау. Мәслихат сессиясының төрағасын сайлау және оның жұмыс тәртібі.

110. Мәслихат сессиясының төрағалығына кандидатураны тұрақты комиссиялар, депутаттық бірлестіктер, депутаттар ұсынады және оны сессия күн тәртібіне енгізеді.

Енгізілген ұсынысты сессия төрағасы сессияда жария етіп, дауысқа қояды. Ұсынылған кандидатура дауыс беру қорытындысында қажетті дауыс ала алмаған жағдайда, басқа кандидатура ұсынылады.

111. Сессия төрағасы: Мәслихаттың жұмыс жоспарында белгіленген мәселені сессияда қарауға әзірлеу жөніндегі Уақытша комиссия жұмысына басшылық жасайды, мәселенің жан жақты зерттелуін ұйымдастырады және оның қортындысымен сессияда қосымша баяндама жасалуын қамтамасыз етеді; Мәслихат хатшысына кезекті еңбек демалысын беру, сыйақы төлеу, сондай-ақ, оның іссапары туралы шешімдерге қол қояды.



19 тарау. Мәслихат хатшысы

112. Мәслихат хатшысы лаузымына ұсыныс жасалғанда, өз кандидатурасына қарсы болған адамнан басқа, барлық ұсынылған кандидатуралар өздерінің ұсынылуы реті мен дауысқа салынады.

Мәслихат хатшысы лауазымына екеуден астам кандидатура ұсынылып, олардың бірде- бірі талап етілетін дауыс санын ала алмаса, ең көп дауысқа ие болған екі кандидатура бойынша дауыс берудің екінші айналымы өткізіледі.

Дауыс берудің екінші айналымында көбірек дауыс алған кандидат Мәслихат хатшысы лауазымына сайланады деп есептелінеді.

113. Мәслихат хатшысы өз өтініші негізінде немесе депутаттық өкілеттігі тоқтатылған жағдайда лауазымынан мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Мәсллихат хатшысы лауазымынан мерзімінен бұрын босату туралы мәселені сессияға енгізу және қарау, Мәслихаттың шешім қабылдауы осы Регламентте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Мәслихат хатшысы лауазымынан мерзімінен бұрын босату қабылданбаған жағдайда, ол Мәслихат сессиясында оның арызын қарағаннан кейін бір ай өткен соң өзінің өкілеттігін тоқтатуға құқылы.

Мәслихат хатшысының өкілеттігі ҚР заңдарымен, осы Регламентпен, сондай-ақ, Мәслихат шешімімен белгіленеді.

20 тарау. Мәслихат аппаратының жұмыс тәртібі.

114. Мәслихат аппараты Мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, материялдық – техникалық, құқықтық, ақпараттық, концультациялық қамтамасыз етуге байланысты төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) Депутаттарды Мәслихатта өткізілетін отырыстардың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешім жобаларымен және тиісті құжаттармен, сондай-ақ басқа да қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

2)сессияларға, тұрақты комиссиялар отырыстарына қатысады және депутаттарға Мәслихат шешімдері мен қорытындыларының жобаларын сапалы дайындау мәселерінде көмек көрсетеді;

3) Мәслихат сессияларын осы Регламентке сәйкес өткізуге байланысты дайындық және ұйымдастыру –техникалық жұмыстарын қамтамасыз етеді;

4) азаматтардың Мәслихаттың атына жолдаған хаттарын, арыз- шағымдарын тіркейді және қарайды, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда олар бойынша жауап дайындайды;

5) Мәслихат депутатына, оның өз өкілеттігін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, концультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді, депутаттар сауалдарының, ұсыныстарының және ескертулерінің дер кезінде қаралуы мен жүзеге асырылуын бақылайды;

6)депутаттар өздерінің өкілеттігін жүзеге асырған кезде, олар жасаған ұсыныстар мен ескертулерді есепке алады және қорытады;

7) мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарын есепке алады, осы ұйымдардың өкілдерімен және мүдделі тұлғалар мен депутаттардың кездесулерін ұйымдастырады;

8) тұрақты комиссиялар отырысын, оларда Мәслихат сессиясына енгізілген мәселелердің алдын –ала талқылануын ұйымдастырады, қажетті материялдармен қамтамасыз етеді;

9)мемлекеттік тіркеуден өтуге жататын Мәслихат шешімдерін рәсімдеп, аудандық Әділет органына тапсыруды қамтамасыз етеді.

10) Мемлекеттік тіркеуден өткен мәслихат шешімдері ресми жариялануы үшін оларды аудандық бұқаралық ақпарат құралдарына дайындап тапсыруды жүзеге асырады.

11) Мәслихат шешімдерімен өзгеде құжаттардың Мәслихат депутаттарына және тиісті органдарға жолдануын қамтамасыз етеді.

12) Мәслихат сессиялары мен оның органдары отырыстарының хаттамаларымен стенограммаларын жүргізеді.



13) Іс-қағаздарын жүргізеді.

8 БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ

115. Осы Регламент Мәслихат сессиясында қабылданғаннан бастап қолданылады және оның ішкі жұмыстарын реттейді.
жүктеу 291,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау