Баймаханова Г.Қ., Мухамеджанова Б. Б



жүктеу 1,01 Mb.
Pdf просмотр
бет18/36
Дата15.01.2020
өлшемі1,01 Mb.
#26716
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36

36 

 

2. 



Жалпы  бірлікті  іс  –  әрекет.  Қойылған  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  жалпы 

біріккен  іс  –  әрекет  ұйымдастыру  қажет.  Адамдар  белгілі  бір  мақсат  жолында  ұжымдарға 

бірігеді. Бұл үшін ұжымның әрбір мүшесі біріккен іс – әрекетке белсенді қатысуы керек және 

жалпы іс – әрекет ұйымдастыруы шарт. Ұжым мүшелерін ерекшелейтін белгі – олардың іс – 

әрекет қорытындысы болған жоғары өзіндік жауапкершіліктің болуы. 

3. 


Кері  жауапты  тәуелділік  қатынастары  –  ұжым  мүшелері  арасында  өзіндік 

ерекше қарым -  қатынас. 

4. 

Жалпы  таңдалған  басқарушы  орган.  Ұжымда  демократиялық  қатынас  пайда 



болады. Басқару органы ұжымның беделді мүшелерін ашық және тікелей таңдайды. 

 Ұжым  аталған  қасиеттерінен  басқа  да  маңызды  ерекшеліктерімен  бөлектенеді.  Бұл 

ұжымның  хал-ахуалын,  ұжым  мүшелерінің  бір-біріне  деген  қарым-қатынасын  білдіретін 

сипаттама.  Жақсы  ұйымдасқан  ұжымда  бір-біріне  жауапкершілік,  дұрысын  айту,  өзін-өзі 

сынау,  бәсекелестік  сияқты  сана  қалыптасады.  Формалды  қатынастағы  адамдар  тобында 

мұндай қасиеттер болмайды, ал ұжым бұл қасиеттерсіз өзінің артықшылығынан айырылады. 

Жоғарыда  аталған  белгілері  бар  ұжымда  еңбекке,  адамдарға,  жеке  және  қоғамдық 

міндеттерге  гуманистік  қатынастар  жүйесі  қалыптасады.  Берік,  бірауызды  ұжымда  мұндай 

қатынас жүйесі тұлға мен барлық ұжым мүшелерінің қызығушылық үйлесімімен, тұлғаның 

көпшілік беделін мойындаумен ерекшеленеді, Бұл жүйе объективті және субъективті қарама-

қайшылықтарды  жеңе  алатын,  өз  міндеттерін  білетін  ұжымның  әрбір  мүшесінде  айқын 

сенімді көзқарастар бағытын қалыптастырады. 

 

Мектеп  ұжымы  құрылымының  негізгі  де  тұрақты  бөлігі  -  басты  іс-әрекеті  оқу 



болатын  оқушылардың  сыныптық  ұжымы.  Осы  сыныптық  ұжымда  оқушылар  арасындағы 

тұлғааралық  байланыс  пен  қатынас  пайда  болады.  Осыдан,  ол  мектеп  ұжымдарының  басқа 

да түрлеріне негіз қалайды.  

Оқушылар  ұжымына  тән  қасиет:  мақсаттылығы,  ауызбірлігі,  белсенділігі,  іскерлігі, 

жауапкершілігі т. б. 

Оқушылар  ұжымын  тәрбиелеудің  маңыздылығы,  мектеп  қабырғасынан  шыққаннан 

кейін  олар  әртүрлі  ұжымға  тап  келеді.  Сондықтан  да  олардың  сынып  және  мектеп 

ұжымдарында  жеке  бастарының  қаншалықты  үйлесіп,  қалыптасуына  байланысты  оның 

кейінгі  уақыттардағы  психологиялық  жағдайы  сәйкестенеді,  қайсібір  әрекеті  нәтижелі 

болады. 


Оқушылар  ұжымы  -  ортақ  әлеуметтік  маңызы  бар  мақсатқа  біріккен,  соған  сай 

белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің  құқықтары 

мен  міндеттері  бірдей  және  өзара  жауапкершілікке  негізделген  оқушылар    тобын  атаймыз. 

Сынып  жетекшісінің  тәрбие  жұмысы  әрі  қиын  әрі  күрделі  және  жан-жақты.  Сынып 

жетекшісінен  жан-жақты  білімділікті,  асқан  шеберлікті  қажет  етеді.  Сынып  жетекшісінің 

шеберлігі  дегеніміз-оқушылар  ұжымының  алдында  қызықты    мақсат  қойып,  ұжымдық  іске 

ұйтқы бола білуінде, әрі оны ұйымдастырудағы білімі мен қабілеті. 

Сынып  белсенділері  неғұрлым  күшті  болса  сынып  жетекшісіне  тәрбие  жұмысын 

ұйымдастыруда соғұрлым жеңіл болады. Оқушылардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын 

ұйымдастыруда,  олардың  жоғары  адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастыру  қажет.  Ол  үшін, 

оларды ұстамдылыққа, кемшілікке төзбеушілікке, сенімділікке тәрбиелеу керек.  

Ұжым - тәрбие  құралы. Тұлға  жан-жақты   даму мүмкіншілігін   ұжымнан  алатын  

болғандықтан  ұжымда   тұлғаның   бас  бостандығы   болуы  басты  шарт  болып  табылады.  

Оқушылар   ұжымы  баланың   өмірін,  оқуын,  еңбегін,  күш-қуат мәдениетін,  ойын  

ұйымдастырудың   ең  тиімді  құралы.   

Балалар  ұжымын  ұйымдастыру  қажеттігі  қоғамның  өзі  біртұтас   ұжым  ретінде  

өмір  сүретіндігінен  туындайды. 

Ұжым    проблемасын  аса  зор    көңіл  аударып    зерттеген  педагогика    ғылымының   

қайраткерлері  және    халық    ағарту    орггандарының      озат    өкілдері:  А.В.Луначарский, 

Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий,  В.А.Сухомилинский.  




37 

 

А.В.  Лунчарский:  “Жаңа    адамды      қалыптастырудың      негізгі    жағдайы  ұжым  



болады”- деп  көрсетті.  

Н.К.Крупская:  “Тұлғаның      дамуы    мен    қалыптасу    ортасы  -  ұжым”  -  деп    атап  

айтқан.  

В.А.Сухомилинский: “Әрбір   бала тәрбиесі   ұжымда  негізгі  тәрбие  құралы  болады.  

Балалар  мен   тәрбиешілер  арасындағы  рухани   қарым-қатынас   ұжымдық  қатынастың   

даму процесі” – деп  көрсеткен.     

А.С.Макаренконың ұжым туралы тағылымы. 

Оқушылар  ұжымының  даму  кезеңдерін  А.С.Макаренко  өзінің  көп  жылғы 

педагогикалық  тәжірибелеріне  сүйене  отырып,  оған  терең  педагогикалық  талдау  жасады. 

А.С.Макаренко тағылымы ұжымды сатылы қалыптастырудың технологиясынан тұрады. Ол 

ұжымның өмір заңын былай түсіндіреді: қозғалыс - ұжымның өмір сүру формасы; тоқталу - 

оның  жойылу  формасы.  Әйгілі  педагог  ұжымның  даму  принциптерін  анықтады  (ашықтық, 

жауапкершілік, тәуелділік, перспективалық, бірлікті әрекет) 

  Ұжым  болу  үшін,  топ  сапалы  жіктелу  жолынан  өтуі  қажет.  Осы  жолда 

А.С.Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді. 

 Бірінші  саты  -  ұжымның  құрылуы  (алғашқы  бірігу  сатысы).  Бұл  кезеңде  ұжым 

педагогтың  тәрбие  жұмысының  мақсаты  ретінде  көрінеді,  мұның  өзі  ұйымдасқан, 

белгіленген  топты  (сынып,  үйірме  т.б.)  ұжымға  айналдыруға  талпыну,  яғни  оқушылардың 

ұжымға 

қатынасы 



бірлескен 

іс-әрекет 

мазмұнымен, 

мақсат-міндеттерімен, 

құндылықтарымен анықталады. 

 Ұжымның ұйымдастырушысы - педагог, барлық талаптар осы педагогтан басталады. 

Ұжым  белсенділері  анықталып,  тәрбиеленушілер  жалпы  мақсатқа,  іс-әрекетке  және 

ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады. 

 Екінші  сатыда  белсенділердің  ықпалы  арта  түседі.  Енді  белсенділер  тек 

педагогтардың  талаптарын  қолдап  қана  қоймай,  ұжым  мүшелеріне  ұжымға  не  пайдалы,  не 

зиянды екенін байқатып, өз түсініктері бойынша басқара бастайды. Егер белсенділер ұжым 

қажеттілігін  дұрыс  түсінсе,  онда  олар  педагогтың  сенімді  көмекшілеріне  айналады.  Бұл 

кезеңде белсенділер жұмысына педагог көп көңіл бөлуі керек. 

 Екінші  кезең  құрылымның  тұрақтануымен  сипатталады.  Бұл  сатыда  ұжым 

бүтінделген  жүйе  ретінде  көрінеді,  онда  өзін-өзі  ұйымдастыру  және  өзін-өзі  реттеу 

механизмдері  іске  қосыла  бастайды.  Ұжым  өз  мүшелерінен  белгілі-бір  қылықтарды, 

нормаларды талап ете бастайды, ал талаптар біртіндеп кеңейе береді.   

 Бұл  сатыдағы  педагогтың  басты  мақсаты  -  осы  ұжымның  алға  қойған  міндеттерін 

шешу мүмкіндіктерін мейлінше көп пайдалану. Тәжірибе жүзінде әр ұжым - дара оқушының 

жеке дамуын мақсатты бағыттайтын тәрбие субъектісі ретінде танылуы тиіс. Ұжымның бұл 

сатыда дамуы кейбір қарама-қайшылықтарды жеңумен байланысты, атап айтқанда: 

- ұжым мен жеке оқушылар арасындағы

- жалпы және жеке перспективалар арасындағы; 

- әр қилы ерекшеліктері бар оқушылар топтары арасындағы және т.б. 

Сондықтан ұжым дамуында секірістер, тоқыраулар, өзгерістер мен ауысулар болмауы 

мүмкін емес. 

Үшінші  және  одан  кейінгі  сатылар  -  ұжымның  кемелденуі.  Алдыңғы  даму 

сатыларында  қол  жеткізген  қасиеттер  киелі  тұлғалық  ерекшеліктерді  топтастырады: 

жолдастарына    қарағанда  өзіне  жоғары  талап  қоюы,  көзқарастарының,  әдеттерінің,  әрекет-

қылықтарының тұрақтануы. Егер ұжым осы сатыға жетсе, онда толыққанды, адамгершілікті 

тұлға қалыптастыру үстінде деген сөз. Жалпы тәжірибе, болған оқиғаны бірдей бағалай білуі 

– үшінші сатыдағы ұжымның ең негізгі белгісі. 

Барлық  даму  сатыларында  ұжым  үлкен  және  кіші  дәстүрлерді  қалыптастырады. 

Дәстүрлер  –  тәрбиеленушілерді  эмоционалды  қабылдайтын  әдет-ғұрып,  ниет  арқылы 

жасалатын ұжым өмірінің тұрақты формалары. Дәстүр жүріп-тұру нормаларының бекінуіне 

көмектесіп, ұжымдық бірлікті шешу қабілеттерін дамытады, өмірді қызықты етеді. 




жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау