32
ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы
мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру.
3. Оқушылардың жалпы әрекетін басқару. Оған: нақтамалық, мақсат қоюшылық,
жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау, бақылау және түзету енгізіп отыру қызметін
жатқызуға болады.
Нақтамалық қызметі. Оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап
отыру соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және
оған талдау жүргізу; Мақсат қоюшылық қызметі.
Жоспарлау-бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-
тәрбие үдерісіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын. Жоспардың
қызметі- педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды
қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін
қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау-мақсатқа жетудің бірден бір негізгі жолы.
Болжам жасау немесе жобалау қызметі.
Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін, болашағын болжау, оны
жобалаудың да маңызы ерекше. А.С.Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны
жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған. Сол секілді В.А.Сухомлинский де
«тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын ала болжамдау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші-
сауатсыз күтушіге, педагогика - балгерлікке айналар еді» - дейді.
Тәрбие үдерісінің нәтижесін алдын-ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің
маңызды бір буыны. Онсыз мақсаттылық, тәрбие үдерісі де болмайды.
Бақылау және түзету (коррекция) енгізіп отыру қызметі. Сынып жетекшісінің
оқушылардың оқу және тәрбие үдерісіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы - бұл
оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды
қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижесінде талдау жасау барысында сынып жетекшісі
қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың әрекеттеріне түзету
енгізуді жүзеге асырады. Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу - тәрбие процесін бақылауы
және түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен
жұмыстары барысында ғана іске асады.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушылық және
педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан-жақты нәтижелі
дамуын, соған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және
оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Сынып жетекшісі жұмысындағы циклограмма:
Күнделікті: сабаққа кешігушілермен жұмыс және сабаққа келмегендердің себебін
анықтау; оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру; сынып ұжымындағы кезекшілікті
ұйымдастыру; оқушылармен жұмыс.
Апта сайын: оқушылардың күнделігін тексеру; жоспар бойынша сыныптық шаралар
ұйымдастыру; ата-аналармен жұмыс; пән мұғалімдерімен жұмыс; мектеп дәрігерімен
кездесу.
Ай сайын: өз сыныбындағы сабақтарға қатынасу; мектеп психологымен кеңес; ата-
аналар комитетімен кездесу.
Тоқсанына бір рет: тоқсан қорытындысы бойынша сынып журналын толтыру; сынып
жетекшілері семинарларына қатысу; ата-аналар жиналысын өткізу.
Жылына бір рет: ашық шара өткізу; оқушылардың жеке іс-қағаздарын толтыру;
сыныптың жұмыс жоспарын белгілеу.
Орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы
– сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады. Сынып сағаты - оқушылардың адамгершілік
қасиетін қалыптастыруда, өнер саласындағы талап – тілектерін тәрбиелеуде, адамдар
өмірінде кездесетін жағымды – жағымсыз мінез–құлық нормаларына, олардағы дұрыс
көзқарасты қалыптастыруға, елжандылық сезімдерін шыңдауда, сабақтан тыс кезде
өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып табылады.
33
Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдық белсенділігі артады,
оларда іскерлік, дағды қасиеттері қалыптасады. Сынып сағатының тәрбиелік қызметтері:
ағартушылық, бағыттаушылық, болжамдылық және қалыптастырушылық.
Сынып сағатының ағартушылық қызметі оқушылардың оқу бағдарламасында
қамтылмаған білімдерінің көлемін кеңейтеді. Болжамдылық қызметінде оқушыларда ақиқат
өмірге белгілі бір қарым – қатынасты қалыптастыру, оларда белгілі бір заттық және рухани
құндылықтарды жасау. Сынып сағатының ағартушылық қызметі айнала қоршаған өмірмен
танысуға мүмкіндік берсе, ал болжамдылық оны бағалауға көмектеседі. Бағыттаушылық
қызметі оқушылардың өмірін шынайы практикалық әрекетке бағыттауға көмектеседі. Егерде
сынып сағатын өткізу барысында онда белгілі бір нақты бағыттың болмауы, онда оның
ықпал ету әсері төмендейді, білім сенімге айналмайды, соның нәтижесінде тұлғаның мінез –
құлқында келеңсіз сапалардың пайда болуына жағдай туады.
Қалыптастырушылық қызметі үш қызметтің орындалуымен байланысты және
оқушыларда ойланып істеу және өздерін, өздерінің өмірін бағалауды дағдыға айналдыруды
қалыптастырады, топпен диалог құра білу біліктілігін тәрбиелеу, өзінің пікірін қорғай білуді
көздейді.
Сынып сағаты екі бағытта жүргізіледі. Біріншісі, өткен апта негізінде сыныптағы
оқушылардың үлгерім нәтижелері, олардың сабаққа қатысуы,тәртібі, оқуы, қоғамдық істері
және олардың бір – бірімен қарым - қатынасы жайлы мәселелер қаралады. Бұл сынып
жиналыстары негізінде атқарылады. Екіншісі, тәрбиелік шаралар. Олардың қатарына
қызықты әңгімелер, кездесулер, пікірталас пен оқырмандар конференциясы т.б. бағыттағы
жұмыстарды жатқызуға болады.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары да сынып немесе тәрбие сағаттары
деп аталады. Ол өндіріске, табиғат аясына бару, оқушылардың теориялық білімдерін
практикалық тұрғыдан шыңдау, оларға деген көзқарастарын қалыптастыру, тамашалау т.б.
мақсаттарды көздейді.
Сынып сағатын дайындау және өткізу жұмыстарында әртүрлі формалар мен әдістер
және құралдар қолданылады: әңгіме, газет және журнал материалдарын оқып, соңынан
талдау жасау, мамандардың белгілі бір тақырыптарға дәрістері, «дөңгелек стол» өткізу, өнер
туындыларымен танысу, оқушылардың өздері жасаған шығармашылық жұмыстары т.б.
Сынып сағатын өткізу құрылымы негізінен 3 бөлімнен тұрады: ұйымдастыру, негізгі
және қорытынды.
Ұйымдастыру бөлімінде оқушылардың назарын талқылап отырған тақырыптың
мақсат, міндеттерінің маңыздылығына аударып, оның барысымен таныстырады. Кіріспе
сөзді оқушыларға ой тастайтындай проблемалық жағдаяттан немесе тақырыпқа қатысты
кейбір деректерден мысал келтіру арқылы ұйымдастырған жөн. Ол шамамен 5 – 7 мин.
Уақыт мөлшерін алады. Негізі бөлімде жоспарда көрсетілген негізгі талқыланатын
мәселелердің мазмұны ашып көрсетіледі. Қорытынды бөлімде оқушылардың тәрбие
сағатынан алған әсерлерін, қанағат сезімдерін орнықтыру, олардың жеке бастарына және
сынып өміріне немесе мінез – құлқына жаңа сипат ендіруге деген ықыластарын ояту,
келешекке деген талпыныстарын, сенімдерінің пайда болуына әсер ету.
Тәрбие жұмыстарының динамикалық формасы (“саяхат” түрі)
- Экскурсия
- Жорықтар
- Экспедиция
Сынып жетекшісінің қызметіне сәйкес оның жұмыстарының тиімділігінің
критерийлерінің екі тобын бөліп көрсетуге болады.
Бірінші топ – нәтижелі критерийлер, олар мақсатты және әлеуметтік – психологиялық
қызметтер қаншалықты тиімді жүзеге асырылатынын көрсетеді. Нәтижелі критерийлер
тәрбиеленушілер өздерінің әлеуметтік дамуында жететін деңгейін бейнелейді.
Екінші топ – процессуалды критерийлер, олар педагогикалық іс – әрекеттер және
педагогтың қорытындылауы қалай жүзеге асырылуы, еңбек ету үдерісінде тұлғалық