28
4.
Тәрбие
жұмысының
мақсатын айқындау.
5. Тәрбиелік іс –әрекеттердің
формаларын таңдау.
Тәрбие жоспары жарты жылға немесе бір жылға арнап жасалады.
Тәрбие жоспарының құрылымы:
1. Сынып ұжымына сипаттама.
- Сыныптың құрамына жалпы мінездеме.
(оқушылар саны, ұлы- қызы, олардың денсаулығы, тәрбиелену деңгейі,
қызығушылығы, факультатив, үйірмелерге, секцияларға қатысымы, ата-аналардың білім
деңгейі, қөп балалы отбасы, толық емес және педагогтың көмегін қажет ететін отбасылар
т.б.)
- Сыныптың ұйымшылдығы (сынып ұжымының қай даму кезеңінде, сынып
белсенділері, өздерін – өздері басқаруы, әр түрлі іс – әрекеттерді өз беттерімен орындауы);
- Сынып ұжымының жалпы мектептік ұжымымен байланысы
(мектепішілік шараларға,қоғамдық жұмыстарға қатынас)
2. Тәрбиелік міндеттер.
3. Сынып ұжымының өмірлік іс - әрекеттері.
4. Ата-аналармен жұмыс.
5. Жеке оқушылармен жұмыс.
Тәрбие жұмысын жоспарлауда сол білім мекемесінің ерекшелігін, тәрбие
міндеттерін, мазмұнын, әдістерін, формаларын, оқушылар мен ұжымның тәрбиелік деңгейін
ескеруі қажет.
Жоспарға қойылатын талаптар:
1. Жоспар қоғам талабына, мақсатына сәйкес құрылуы керек
2. Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын, нақты болуы шарт.
3. Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсаттарымен бірлікте болуы қажет.
4. Жоспар – ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында
оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз
ету.
5. Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсаттарымен бірлікте болуы қажет.
6. Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.
7. Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, сапасымен
анықталатын болсын.
8. Тәрбиелік шараларды атқаруда қолданылатын әдістер бір сарынды емес, әр тарапта және
әр жақты болуын ескеру керек.
9. Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын,
олардың қандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын
анықтауы қажет.
10. Жоспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.
Сынып жетекшісінің перспективалық және күнделікті тәрбие жоспары болады.
Перспективалық жоспардың негізінде аптаға, тоқсанға арналған жұмыс жоспары жасалады.
Апталық жоспар тұрақты. Мысалы: Дүйсенбі – кітаппен жұмыс. Сейсенбі –жаңалықтар
хабарламасы.Сейсенбі – серуен, ойын, жорық. Бейсенбі – еңбек күні.Жұма– сынып сағаты.
Нақты жоспар негізінде балалар белгілі тәртіпке үйренеді, ертең, арғы күні не болатынын
біледі.Алайда жұмыс мазмұны өзгертіліп отырады.
Перспективалық жоспарды түрлі бағытта жасауға болады:
1. Сынып оқушыларына мінездеме.
2. Тәрбиелік міндеттер.
3. Саяси мәдениетін қалыптастыру.
4. Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
29
5. Ұлттық мінез – құлық пен әдет – ғұрпын негізінде тәрбиелеу.
6. Халықтық салт – дәстүр негізінде тәрбиелеу.
7. Білім алуға саналы көзқарасын қалыптастыру.
8. Өз еліне, ата – мекеніне сүйіспеншілік және халықтар достығын
құрметтеуге тәрбиелеу.
9. Еңбекке, іскерлікке баулу.
10. Әсемдікке тәрбиелеу.
11.Дене тәрбиесін жетілдіру, гигиеналық тәрбие.
12. Экологиялық және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Бекітуге арналған сұрақтар
1. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары қалай құрылады?
2. Тәрбие жоспарының түрлеріне қандай талаптар қойылады?
3. Тәрбие жұмысын жоспарлауда басшылыққа алынатын принциптер қандай?
Дәріс №6 Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі
Жоспары:
1. Сынып жетекшісі, оның қалыптасуы және атқаратын қызметтері
2. Сынып сағаты және оны ұйымдастыру жолдары
3. Сынып жетекшісі жұмыстарының тиімділігінің критерийлері
Мақсаты: Сынып жетекшісінің қалыптасуы, оның атқаратын міндеттері мен қызметі
туралы түсініктерін кеңейту.
Глоссарий:
Қарым-қатынас - ортақ рухани немесе материалдық нәтижеге жету және байланысты
жақсарту мақсатындағы күш-жігерді бipiктipy және үйлестіруге бағытталған адамдардың
өзара әрекеті.
Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да
бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.
Рефлексия – лат. «бейнелеу» деген сөз (өз ойларын, бастан кешіргендерін талдау). Адам
санасының өзін - өзі білуге, ішкі жан – дүниесін, психикалық жай - күйін тануға бағытталуы.
Диагностика - жұмыс тәртібінде мүмкін болатын ауытқуларды болжау үшін, үдерістерде,
машиналарда ақауларды сипаттайтын белгілерді техникальқ басқару және зерделеу,
ауруларды анықтау және диагноз қою әдістері мен принцптері туралы ілім.
Тәрбие әдістері – ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым – қатынастардан
туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы.
Әдебиеттер:
1. Әбенбаев С. Ш.Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы.-Алматы: Дарын, 2004.
2. ӘбиевЖ., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика: Оқу құралы. - Алматы,2004
3. Губашева С., Отарбай А. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Оқулық. – Астана, 2011.
4. Набуова Р. Тәрбие жұмысының әдістемесі: Оқу құралы. .- Алматы, 2015.
5. Сластенин В.А. Методика воспитательной работы. – учебное пособие, Москва, 2008.
6. Сергеева В.П. Технология деятельности классного руководителя в воспитательной
системе школы. – М.: Изд.: Перспектива, 2008.
Сынып жетекшісі – кәсіби педагог, сынып ұжымының тәрбиелік жұмыстарының
ұйымдастырушысы. Сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен
де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол - сынып.
Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік
қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың
демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес
сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады.