Дос рухына
Тауханға
Жиналыппыз әр тараптан бүгін біз,
Бір дәміне жолдасымыз Тауханның.
Шақырыпты, ілтипатына ілігіппіз,
Ұл-қыз бен Жәкеңдей ханымның.
Таухан есімі тұрады екі сөзден:
Тау және Хан.
Есімін қойғанда нені ойлады екен?
Бізге беймәлім, кім біліп ұққан
Тіледі ме екен әлде болсын деп,
Жадағай, жазық таптауырын емес,
Еңселі, биік, бейне заңғар тау
Немесе қалады ма екен?
Қарапайым, жай адам емес,
Болсын деп елді басқарар – Хан
Бірақ, өмірде ол болған жоқ,
Тау да Хан да.
Болды ол бірақ, нақты ақиқат, анығы,
Адамшылық қасиеттің ақиығы, қыраны.
Бөлектемеген ешкімді, өзі де бөлінбеді,
Туған жері, ел ортасы болған оның тұрағы.
Іскер еді, шапқылайтын жанын сап шартарапқа,
Есімі есінде елінің, белгілі жан атырапқа.
Бола білді ол қимас дос, аяулы жар, абзал әке,
Парасатты, жан еді сыйлы туыс-досқа.
Адамдықтың ақ туын жоғары ұстап ол өтті,
Жанын қинаса да өмірдің сан сұрағы.
Қалса егер келте ғұмырында айтылмаған жыр-әні
Орындасын соңындағы үміт күткен ұрпағы.
Кім бармайды дәм таусылса қара жер құшағына,
Жайлы болсын жатқан мәңгілік тұрақ-мекенің.
Ертең шығар күндей анық ақиқат, шындығында,
Кім білмейді соңғы мекен – Жер ананың екенін.
Дәстүрменен бұрынғы дәм татып, тілек айтып,
Отырмыз бүгін артыңда, ақ дастарханыңда.
Дамылдай бер екінші жамбасыңа аунап жатып,
Бола бер, аяулы дос, Алланың шапағатында.
Түс немесе әке рухымен тілдесу
Тағы да бір күн батты өз заңыменен,
Қараңғыллық қауышты сахара даламенен.
Бүкіл дүние-әлем маужыраған тыныштықта,
Саябыр тауып күндізгі беймаза тірлігінен.
Тылсым тыныштық, адамдар ұйқы құшағында,
Ұйқылы-ояу алабұртып мен жаттым ойда.
Өткен өмір елесі еске түсіп түсімде,
Көңіл шіркін қалықтайды әлдеқайда.
Бейнесі бабалардың ғайыптан елестейді мұнартып,
Қараймын сұлбесіне әкемнің сағынышпен құмартып.
Түсіме кіріп аруақтар түнімен маза бермей,
Тыныш ұйқымнан айрылдым, жіберген соң оятып.
Тәтті түстің елес-ләззатына жаттым балқып,
Жаныма қанат біткендей ұштым қалқып.
Сағындым сені, қайтейін, қайран әкем,
Мұңымды айтпақ едім, жүргенде жаным жасып.
Амал не, жаныма жақын келмейсің, жырақтайсың,
Не тіл қатып өзің жайлы сыр ашпайсың.
Ым қағып кете бердің қайрылмай артыңа,
Жауабы табылмаған бейне бір сұрақтайсың.
Сол бетіңнен оралып қайта келмедің,
Ұйқым қашты, жаныма маза бермедің.
Ұқпадым әке,неліктен елес бердің сен,
Көңіліңнен шықпай жүр ме әлде бұл ұлың?
Жай таппай жаным, әурелімін, толғанамын,
Жерім жоқ еді ғой қырын кеткен, ойға аламын.
Адамдықтың шарттарын ешқашан бұзғаным жоқ,
Адалдықтың қатарынан әрқашан табылғамын.
Жоқ, әлде, тексеріп жай бір келгенің бе?
Немесе өзіңе деген сағынышты сезгенің бе?
Мазаланбашы, жан әке, жаман тайың келеді,
Ер тоқымы арқасында, қиналса да елмен бірге.
Тек, әке рухыңмен, талықсам өмірде, дем бере көр,
Жігерлендіріп, қиындықта қиналсам, сен жебей бер.
Ант етемін, ардақты атыңа дақ түсірмей өтермін,
Алаңдамай, Асқар тауым, тыныш дамылдай бер.
Әке парызын өтеу
О, Халайық! Мен деген әкемнің айтылмаған сырымын,
Мұршасы болмай, жазылмай қалған жырымын.
«Әкеңнен аумай қалғансың» - дейді көргендер,
Айтуларынша: «Тек, сәл жасарған копия түрімін».
Ұстаған деседі ол адамшылықтың ілімін,
Адалдықпенен еңбектің қыздырып өткен көрігін.
Келте ғұмыры шорт үзіліп түскенде, артына
Мені тастап кеткен, жалғастыр деп өмірін.
Аманатты өтеу - зор парыз, тебіренемін мен содан,
Армандаймын: үрдісінен ойының шықсам ба деп шарқ ұрам.
Кешір, әке, олқы соғып жатсам егер кей кезде
Риза бол, әйтеуір, жерім жоқ аянып қалған.
Әкемнің мен артындағы мұрасымын, жалғастырар ілімін,
Шаңырағының иесі, үміт күткен, сеніп кеткен ұлымын.
Тынши алмай күндіз-түні батамын ойға,
«Аманатын ақтай алмай қалам ба» - деп, мұңлымын.
Жалғыз тұяқ, бір кезде жалаңаш еді жан-жағым,
Болмап еді сенерім, қолдады тек аруақтар мен Құдайым.
Түріп алып етек-жеңді күресемін өмірде,
Әке алдында парызымды өтеу үшін әрдайым.
Ана рухымен сырласу
О, Қайран ана! Бұл дүниеден сәлем ал,
Ешбір жан жоқ мені сендей бағалар.
Тынышталып жатырсың ба, дамылдап,
Қабіріңде – мәңгілік үйге саналар.
Тірі пенде бұл дүниенің нарқын,
Талдау жасап ақ-қарасын саралар.
Ал енді ол дүниенің парқын,
Табылмайды тап басатын жарандар.
Табылады бірақ та мүлт кетсең,
Кейбір пақыр ебін тауып қаралар.
Аяғыңды шалыс басып сүрінсең,
Шақшадай басыңа пәле салып табалар.
О, Жаратушым! Өмір-теңіз толқуда,
Бірде жығып, бірде құлап күресумен келемін.
Ақыл, қайратым - екі ескек, екі қолда
Өмір атты қайықта құшырланып есемін.
О, Қайран ана! Қам жемей дамылдай бер,
Құлыншағың – адал құлы Алланың.
Рухыңмен артыңдағы тұяғыңды жебей бер
Шапағатыңнан қуат алар ұрпағың.
Сәбиім
Иіскесем сені еміреніп,
Иісің жұпар аңқыған.
Әр нәрсеге таңырқап,
Аузың ашылып аңқиған
Ақ ботам
Түріңнен айналдым албырап,
Қалақтайын қалқиған.
Мамасына тойса балбырап,
Маужыраған, балқыған
Пәк бөпем.
Дыбыс беріп шақырғанда,
Езу тартып талпынған.
Қолын созып аларымда,
Қанатын жайып ұмтылған
Құсым.
Талпынсаң танып атаңды,
Теңіздей жаным шалқиды.
Жымисаң біліп атаңды,
Көңілім көкте қалқиды
Айым.
Алдыма алып аймаласам,
Құмарым сонда қанады.
Көңілім ортайса, төмендесем,
Шат күлкіңмен толады
Күнім.
Сәбилік пәк қылығың,
Майдай жағар жаныма.
Аңқыған әтір иісің,
Бойыма дәрі, ол дауа
Сәнім.
Бал қылығыңды көрсем,
Өзім де сәби боп кетемін.
Аңсарым ауып сағынсам,
Асығып жаныңа жетемін
Періштем.
Ұғасың сәби түйсігіңмен,
Құбылыстарды маңайдағы.
Сезесің періштем зейініңмен,
Көріністерді қай-қайдағы,
Ақылдым.
Уілдеген үніңе әй-әйім,
Жетер үн өмірде табылмас.
Бұлтиған түріңе Әдемім,
Еш сұлулық тең келе алмас
Асылым.
Ауру-дерттен аман болып,
Өсе берші жан бөпем.
«Әппағым» - деп әнге салып,
Әлдилесін сені апаң,
Әнім.
Жарқын болып нұрлы жүзің,
Ер жете бер Ақ ботам.
Куәсі боп шат күлкіңнің,
Жырлар жазсын бұл атаң,
Жаным.
Сәбиіммен сырласу
Апаң болса кетіп еді емделуге алысқа,
Әкеңнің қолы босамайды, жетсем-ау деп табысқа.
Шешең болса жүгіріп жүр, мұршасы жоқ қарауға,
Бірде үйде, бірде кетеді мектептегі жұмысқа.
Атаң отыр амалсыздан, олар жоқта қасыңда,
Мазасызданба, Мөкенім, тамағыңды іш, ұйықта.
Жанжалдаспай тынышталшы, маза берші атаңа,
Бабыңды табар шаруақорлар келе қоймас жуықта.
Жұмыс істемесе болмайды, өмір заңы қатаң,
Бұзық болып көрсетпе, жаман қылықты, Ботам.
Ақылың көп қой, жыламашы, бұлтиғаным, Ақ бөпем,
«Әлди-әлди» әнімен әлдилеп отыр ғой атаң.
Ата әлдиі
Әлди-әлди әлдиім,
Өзіңсің ғой ән-күйім.
Атаң салсын әуеніне,
Өзіңе арнаған әлдиін.
Әлди-әлди әнді тыңдап,
Отырсың ғой маужырап.
Мазасызданбай, алаңдамай,
Ұйықтай қойшы балбырап.
Аппағым, асылым, ардағым,
Кішкентай ақылдым менің.
Әлди-әлди әуеніне салсын,
Тебіреніп бұл атаң сенің.
Сен нұрым, жыр-күйім, ертегім,
Кішкентай еркешім менің.
Әлди әуеніне салсын,
Қорғаның атаң сенің.
Бұзығым, қызығым, шыжығым,
Бұлтиған періштем менің.
Әлдилейін, тербетейін,
Сүйкімді-ақ қой түрің.
Айым, күнім, жұлдызым,
Естім, ертеңім менің.
Еркелетейін, ермек етейін,
Сүйіктім сен өзің.
Сәулешім, саям, панам,
Шуағым, шырайлым менің.
Төсегіңе жата қойшы,
Ұйықтайтын болды кезің.
Иісті майым, жұпарым,
Балдай былдырың, тілің.
Тәтті ұйқыға батшы,
Тербетіліп, сен күнім.
Сабыр тауып тынышталшы,
Мазаланбай көкешім.
Алаңдамай дамылдашы,
Ұйықтай қойшы, Бөпешім.
Әлди-әлди әлдиім,
Ұйықташы ән-жырым.
Құшағында балбырап,
Тәтті ұйқының тербелгін.
Погончик
Балалық шақты еске алу
Шаруаның баласы болған соң ба, әке-тірегі жоқ артыңда,
Өгіз айдаушы болғамын он үшке жеткен жасымда.
Сүйретпені сүйретіп, қажыған қос өгіздің аптапта,
Қалқайып жүргенмін тершіген бел жотасында.
Шыжыған ыстық айларда: маусым, тамыз, шілдеде,
Дамыл көрмей тырбынатынбыз құдайдың әрбір күнінде.
Қос тақымды пісіріп қос өгіздің ащы теріне,
Құлаушы едік, діңке құрып, қас қарайған мезгілде.
Шақырайып аспанда күн төбеңнен төнгенде,
Амал таппай, мәжбүрсің қалжырасаң да көнуге.
Жалғыз жанашыр – жаңбырды тілеуші едік Құдайдан,
Қуанатынбыз, туырлықтай бұлт көрінсе төбеңде.
Тірі пештер – өгіздердің ыстық жон арқасында,
Кенедей жабысып жүретінбіз балалық сол шақтарда.
Арпалысып ақ таң мен қара кештің арасында,
Маяшының әмірін орындайтынбыз діңкелеп біз қатсақ та.
Күйдірген күннің астында күйіп жүріп пысқанбыз,
Шаршап-шалдығумен демалыстың тәттілігін ұққанбыз.
Қиындықты бастан кешіп шынығып, күрескенде жыққанбыз,
Осылай өскен ауылда 60-жылдың басындағы жастармыз.
Қарындасым – Қарлығашым
Ізгі тілекті пейілде,
Өкшемді басқан өмірде.
Сенімді тірегім әр кезде,
Қуатым – Қарлығашым.
Сенсің өмірімнің әрі де,
Жан-дүниемнің нәрі де.
Мақсатымның мәні де,
Тынысым – Қарлығашым.
Ақ ниетпен жүреді,
Пәктікпен соққан жүрегі.
Ұрпақ әулетімнің тірегі,
Жұбанышым – Қарлығашым.
Айбын-қорғаның бәріне,
Жанашырың әр кезде.
Шайығың сыңар өзіңе,
Қымбаттым – Қарлығашым.
Қол ұстасып қатар жүргенде,
Қызықты-ақ қой өмірде.
Көтерілер көкке көңіл де,
Қуанышым – Қарлығашым.
Тілеймін бақыт жанұяңа,
Қонған құсым қияға.
Үйірілсін бақ ұяңа,
Қарындасым – Қарлығашым.
Шайық пен Қарлығашқа
Ағалаған бар артымда,
Адалдан берген Шайығым.
Еркелеген жүр алдымда,
Жалғызым – Қарлығашым.
Екеуің қатар аққан,
Еділ менен Жайығым.
Ата мекенімде жарасқан,
Мөлдір көлім-айдыным.
Қиналдырмай қиындықта,
Тындырған істі тынысым.
Дөңгелеткен шаруаны да,
Қажымайтын құрышым.
Өздеріңнің арқаларыңда,
Ілгерілеген көп ісім.
Сендерсіңдер зор тірегім,
Білектегі қуат-күшім.
Бөлісіп бәрін келесіңдер,
Мен ризамын сендерге.
Бақытты бола беріңдер,
Мына жарық дүниеде.
Жарасып қатар жүріңдер,
Қызықтап өмір-уақытты.
Бөлісіп бірге көріңдер,
Қиындық пен қызықты.
Тілеймін шын ниетпен,
Бақ пен ұзақ өмірді.
Қабылдаңдар шын жүректен,
Шыққан осы тілекті.
Сен менен құрмет ізде
О, жарым-жалғызым, сыңарым, от құшағым,
Жаныңмен жаным жалын боп қосылғаным.
Жанымда жүргенде жарасар барлық сәнім,
Тек қана өзіңсің айтатын ғашық әнім.
Жастықтың жүрген шақта біз төрінде,
Жанғамыз жалын шашып маздап бірге.
Қызулы оттай жанып-жанып басылдық па,
Тек ыстық табы қалған, ынтық шақ есімізде.
Өкіндіріп сол жылдар кетті енді келмеске,
Өмір заңына бағынамыз, қайсы амалың көнбеске.
Сен менен енді қызу емес, құрмет ізде,
Жастық жалын жоғалып, шау тартқан бұл кезімде.
Жантық
Келеді өмір кейде құбылып қиғаш-қырын,
Кім оның болжай алған құпия сырын?
Кейбір жандар барыңда дос, ертең басқа,
Сүрінсең, өзгерткен кесірткедей өңін-түсін.
Жиіркенішті-ақ әрекеті жағымпаз «Жантықтың»,
Күштілерге жылмиып, жағайымсып, жалпақтаған.
Қауіпті қылығы қайсібір жан-жыланның,
Жеке басының қамы үшін дүниені улаған.
Болармысың жарық дүние мұншама кең?
Талғамай-ақ барлығына да қоныс болған.
Тіршілігі кей жанның жапалаққа емес пе тең
Арам пиғыл, қараңғыны мекендеп, қоныстанған.
Арман
Алдамшы бұл пәни өмірден аттанып адам өтсе,
Артында жиған-терген дүниесінен не қалмайды?
Өзінен соң жиған бар байлығы қоса өлсе,
Пендеге осы емес пе ең үлкен қасірет-қайғы.
Қалған «боқ», дүние-мүлік ескіреді, тозады,
Ол уақыттың зардабынан жарамсыз боп қалады.
Ұлағатты сөз, сұлу жыр, құдіретті күйменен,
Білімдіден шыққан ғылым өшпес мұра болады.
О, шіркін! Қалтыра алсақ қой артқа мұра етіп,
Тым болмаса бір еңбек ұрпақтарға, елейтіндей.
Талап қылып еңбектенемін ойдағымды жыр етіп,
Көрінсе де көп ойлар ырқыма көнбейтіндей.
Көңіл ырғағы
Сұлулықты мен көрсем,
Беріліп-ақ кетемін.
Жарасымдылықты сезінсем,
Егіліп те кетемін.
Қолым жетсе бір жеңіске,
Баладай-ақ мәз болам.
Тамсанып өмір тәттілігіне,
Шалқып-тасып көл болам.
Өмір жайлы ойласам,
Тебіренемін толғанам.
Сұрғылт тағдыр жолықса,
Қарсы тұрам, қорғаным.
Өрт-ағаңа
Замандас, кластас, дос-жолдас, бел құда – Өртаға,
Беделдісің, қадірлісің туыс-досқа, ағайынға, ортаңа.
Сен дүниеге келген жылы болған деседі көргендер,
Қалың өрттер лыпылдаған сары, сайын далада.
Ырымдап қойса керек Өртбай деп есіміңді кезінде,
Мұқалмай жаның, өрттей жалындасын деп өмірде.
Содан болар ыстық ықылас, ақ ниет, пәк пейіліңмен,
Шуақ шашасың алпыс жас кезеңнің өзінде.
Дархандығы даланың дарыған сенің тұла бойыңа,
Табиғат берген нар тұлғаң үйлескен үлкен ойыңа.
Адаспастан асқақтатып келесің адамшылықтың ақ туын,
Дақ түсірмей азаматтық абұйыр, атақ, арыңа.
Самұрық құстай самғап, шықпасаң да заңғар аспанға,
Үлгі болар өмірің бар кейінгі лек ұрпақтарға, жастарға.
Жаныңа жақын жүрген жандар жылуыңа жылынған,
Жүрегіңнің пәктігін мойындайды қатарластар, достар да.
Қара шаңырақ – бұл қазақтың құрмет тұтқан киесі,
Кенже ұлға ұйғартқан ата салт-дәстүрдің жүйесі.
Бес атадан бері қарай сатылап саған тиді,
Сенсің Құттыбай бабаңнан қалған құтты шаңырақ иесі.
Асылдың сынығы «алқаракөк» тұқымысың – Жангөбек,
Бабаларыңнан батыр да, би де, ақын да шыққан, бар дерек.
«Прометей ауылы» - атты атақ алып әйгіленді бұл күнде,
Үлкен бақыт осы емес пе, бұдан не бар дейсің мәндірек?!
Бір кезде әкеден жалғыз едің, жан-жағың болып жалаңаш,
Құдайға шүкір, бүгінгі күн артыңда бар сан «Ағаш».
Рысекең екеуің егіп өсірген көк көшеттерің көгерсін,
Жел жақтарыңа пана, аптап ыстықта болды сая ағаш.
Бір атадан қалған тұяқ, болдың, тәуба, бәйтерек,
Жапырақтарың жайқалсын, тамырларың таралсын тереңірек.
Ұрпақтарыңның алар шептері биік, терең, кең болып,
Үмітіңді ақтап, армандарыңды жалғап, болсын мықты тірек.
Шытырман мына өмірдің талабына сай болу да үлкен сын,
Үрдісінен шыға бер, болса да жетуі қиын, биік шың.
Алланың берген жасында бәйбіше-ұрпақтарыңмен,
Бірге қызықтап өмір кеш, денсаулығың болсын тың.
Оу, Өртаға! Өзіңе арнап ақ ниетпен, пәк көңілмен жолдаған,
Аз да болса, көптей көріп, қабылдарсың осы жырымды арнаған.
Келер шақта елімізге келісті заман келіп, жақсы өмірде,
Бұйырған дәмді бөлісіп, жүре берейік дос-туыстар боп жарасқан.
Бірқақпайлар
***
Кей мезгіл альбомыңды қолға аларсың,
Парақтап әрбір бетін ойланарсың.
Қолтаңбам осы өз әлінше сыр сақтаған,
Ақтарып сырын соның еске аларсың.
***
Елжіреген өзің, кейбіреулерге, күндейсің,
Көңіліңе жақпағандарға бейне түндейсің.
Ауызыңда ой салар әсерлі сөзің бар,
Жылы тиер жанға әсем әндейсің.
***
Үсіген гүлдей сарғайып, солған,
Қажетін таппай шаршаған талғам.
Осы ма еді күткен бақыт деген,
Осы ма әлде алдамшы, дүние жалған.
***
Жаныңдағы жарыңа жарасқан жұппысың,
Мойныңдағы әлде масыл, жүкпісің.
Біздікі ескертпе, әйтеуір, әзіл ғой,
Сыншы құрдастарың әжуалап сөкпесін.
***
Ойлансам, мен өзі желік болыппын,
Жеңіл нәпсі, мінезге көрік болыппын.
Сарапқа салдым, ақыры бәрін қойдым,
Сірә, перілікке белшемнен әбден тойдым.
***
Кейде бір көңілім көктемгі өзендей шалқып-тасып,
Құлшынған шабытпен жазамын бұрқыратып.
Кейде қаламын, күзгі иен жайлаудай құлазып,
Ойым оңбай, көңіл-күйім, жан дүнием азып.
***
Өмір – қайық өзендегі, толқынымен ағындармыз,
Әрқайсысымыз өзімізше түсініп қабылдармыз.
Өмір – күрес, қасқайып қарсы тұрып белдесеміз,
Жеңіске жетсек, сонан соң бір арындармыз.
***
Сырт көзге көрінуім мүмкін жүргендей ойнап,
Күнде жиын, түнде той, сері болып тойлап.
Бірақта, шындығында тіпті де олай емес,
Қажетінде ойға да, шаруаға да кетемін бойлап.
***
Берілген еншімізге ғұмырымызды мәнді ғып,
Тіршілік-тұрмысымызды ойдағыдай сәнді ғып.
Ағайынмен, ауылыңмен бөлісіп бірге бәрін,
Өткізсек қой, шіркін, өмірімізді ән қылып.
***
Кейде іздеймін туыстардың ықылас пен тояттайтын тамағын,
Кейде аңсаймын достардың шалқып ішер шырын-бал шарабын.
Боламын кей сәтте шала мас кейіпте, шарқ ұрып тебіреніп,
Түсінсең ғой, шіркін, осы кезде, жан-дүниемнің аңсарын, талғамын.
***
Әкеңмен бірге жаса, анаңменен,
Баянды бақытты тап бұл өмірден.
Жасқанбай өмір сүр сенімменен,
Шығатындай қызы бол ел көңілінен.
***
Кіндік қаным тамған ауылымды,
Туысқанды, ағайынды, бауырымды.
Жаным сүйген, жарасқан аяулымды,
Бәріңді, бәріңді сүйемін шексіз.
***
Иесі де, киесі де өзің едің басыңдағы шаңыраққа,
Аяулы жар, абзал әке, силы едің туыс-досқа.
Талпынып, таныла білдің еңбекпен маңай-атырапқа,
Ерте кеттің ортадан, тағдырға бұл амал бар ма?
***
Білмеппін айтылатын аңыздағы жұмағың,
Екендігін сенің ыстық құшағың.
Сезімімді оятқан қылығыңа елітіп,
Жаным толқып, денем балқып құшамын.
***
Тұнып тұрғанда мына дүние нұрға аппақ,
Жарасымды-ақ ақ пейілмен ашылса құшақ.
Қатыгездік пен қарабайырлыққа жоқ уақыт,
Өміріміз онсызда қамшының сабындай шолақ.
АРНАУЛАР
Қайныкеш Құдағиға
Неткен жан едіңіз, құдағи, жарқыным-ай,
Тосыннан жарқ еткен найзағай жарқылындай.
Оқи жүріңіз осындағы аз да болса өлеңді,
Құдаңыздың қалдырған бір сарқытындай.
Қажыкен бауырыма
Бұрын, жақын болып жарасып сыйласпасақ та,
Ұғушы едік туыстықты, жүрсек те жырақта.
Ойымда жүруші едің, болып бір бүйректе,
Жең ұшынан жалғасып араласпасақ та.
Қазір, шалғайдан жақын келген соң қастарыңа,
Жиірек кездестік дастархан бастарында.
Бөлісіп жүрелік дәм-тұзды жарасып,
Бірге көтерісіп бұйырған тостарды да.
Бақытгүл келініме
Бір кезде, Бахаң бұлданшақ келін еді,
«Келінің болмаймын» - деп қарысқан.
Келіндіктен несібең кеміп пе еді?,
Есең кетіп, кейін қалғандай жарыстан.
Бұл күнде Бахытжан жайдары келінжан,
Өкпені қойып, жағдайды ұғысқан.
Перзент қой текті жерден шыққан,
Үлгілі келін болуға тырысқан.
Мерей тойың құтты болсын, Қажыкен!
Атың әйгілі болмаса да Республика – атырапқа,
Сыйлысың, қадірлісің маңайыңа, Аягөздей аймаққа.
Дәлелі осы емес пе жиналуы мына халықтың,
Бүгінгі күн келген мерейтойыңа – 40 жасқа.
Куәсіміз, тағы бір зор қуаныш бар жанұяңда,
Сүйіктіміз – Серік биыл мектепке бармақ ойында.
Құтты болсын қос қуанышың! Той иесі – Бақытжан,
Халықтың алғысына бөленуін тілеймін бауырыма.
Жалпы өмірде, кей адамға 40 жас та бір белең,
Десе-дағы қазіргі кез қиындығы мол кезең.
Тілеймін: иегері бол зор бақыт-бақтың,
Сол белең-биіктерден абұйырмен көрінген.
Өмірің басталыпты жаздың жайма шуақ күнінен,
Бүкпесіз көңілің бар ақ жарқын, аңқылдаған, гүлдеген.
Қарсы ала бер әр жыл сайын шаттықпенен,
Туған күндерің – мерекелеріңді көтеріңкі көңілмен.
Жаның сенің жан-жарыңнан қуат алып түлеген,
Өмірің жалғассын ұрпағыңмен, арманменен өрілген.
Қайырлы, құтты болсын туған күнің бүгінгі,
Құдай жазсын қауышуға арман жасы – 100-бенен!!!
Бір ағама наз
Аңырақайдан аңыратып соққан желдей,
Екпіндеп кейде сен есесің.
Жаратқаннан жаралған жалғыз жандай,
Шалқып-тасып кейде тіпті кетесің.
Мекен жерде тыншып, тұрақтай алмай,
Шыдамың жетпей, шығандап шалғай өтесің.
Қалықтап ұшып, тартасың шалғай,
Өрлеп шығып көкке де кейде жетесің.
Ағатай, қойшы, ұшқыш емессің тегінде,
Көктен жерге түссең не етеді?
Негізгі тұрақ – жер, жердеміз біз де,
Бірге болғанға өмірде не жетеді.
Сұрарым: қалпыңа түсші ағатай,
Аздап болса да азайсаң осы қайтеді?
Ойланшы өзің сабаздылықты жоғалтпай,
Сабаңа түссең осы нең кетеді?
Мөлдіріме
Қуанышым, сүйкімдім, ботақаным – Мөлдір!
Өзіңе арналады толғанған осы бір жыр.
Өмірде ұстар кредоң болсыншы пәктік,
Жаның таза болсын деп атыңды қойдық Мөлдір.
Сығырайған көзіңді қысып алып қарамайсың,
Тәмпірейген түймедей танауыңмен тыныстайсың.
Көңіліңе жақпасақ байланысып, бақырып,
Жанымызды қоярға жер таптырмай мазалайсың.
Ширап, өсіп, ертең-ақ балалармен ойнарсың,
Есейе келе өмір жайлы толғанарсың, ойларсың.
Атаңның ақ тілегі, ботақаным, тілейтін,
Елің сыйлар құрметпенен үлкен кісі болғайсың.
Аппағым, шырайлым, сүйкімді-ақ түрің,
Мақтаныш етермін ұға алсаң өмірдің тілін.
Биіктен көріне біл құлыншағым, тілеймін,
Заманыңның игер сан-салалы құпия сырын.
Бағымдағы желкілдеген қызыл гүлім,
Шуаққа толса екен алдағы күнің.
Болашақта, бой жетіп өскенде, періштем,
Ойланып оқырсың атаңның арнаған жырын.
Аяулы қызым – Қаламқасқа
Торғайым – Аққұсым,
Сен ұштың ұяңнан.
Бардың да қондың,
Қалаған қияңнан.
Бауырларың артыңда,
Алдыңда бар ағаң.
Жалғыз гүл ортасында,
Қымбаттым, аңсаған.
Өң берген жүзіме,
Құндызды Жағам.
Мен үшін ерекше,
Қымбат-ақ бағаң.
Мақтанам сенімен,
Ақылдым, Санам.
Болғандай өзіңмен,
Мәндірек ғалам.
Жел жағымдағы,
Ықтасын, Панам.
Даулы істе өзіңнен,
Жақтаушымды табам.
Жаныма қуат берген,
Кеудемдегі жүрегім.
Бір сенде әрдайым,
Ықыласым, тілегім.
Нұр сепкен аспаннан,
Жарқыраған Айым-ау.
Тіршілікке нәр берген,
Көктегі күнім-ау.
Жұлдыз боп төбемде,
Жарқырай бер, Жаным.
Салатын қуанышта,
Сүйікті сен Әнім.
Асыл алқа, әшекей,
Мойнымдағы Сәнім.
Сен үшін тәрк етемін,
Қолдағымның бәрін.
Көріктендіріп нәр берген,
Өмірімнің ажары.
Қызыққа толтырған,
Тіршілігімнің базары.
Мүдірмей өте бер,
Кезіккен сындардан.
Көріне бер Ақылдым,
Биіктен, шыңдардан.
Қасыңда болсын қалаулың,
Бір балам – Айдының.
Кезіксе өмірде қиындық,
Арқа сүйерің – Айбының.
Бөлісіңдер барлығын,
Шытырман мына өмірде.
Жарасып бірге жүріңдер,
Түсірмей кірбің көңілге.
Арттарыңдағы ұрпақ,
Үмітіміз – Дарын.
Жарқырауына боп шырақ,
Жасаңдар бәрін.
Иесі ол шаңырақтың,
Келістіретін сәнін.
Өмірдің, болашақтың,
Толықтыратын мәнін.
Өзі де талапты-ақ,
Бойында бар дарын.
Тегі де тегін емес,
Бар қасиет – сарын.
Сенеміз, атасының атын,
Жарқыратар, ол-жалын.
Құдайым қолдаса,
Боп қалар бір ғалым.
Арпа ішінде бір бидай,
Жалғызым – бірегейім.
Амандығыңды әрқашан,
Алладан тілеймін.
Лайланбасын нәзік те,
Пәк жаның Тұнығым.
Еліңнің қызы бол,
Үмітім, Сенгенім.
Армандарың орындалсын,
Өмірде қалаған.
Әрдайым күн шықсын,
Арайлап алдыңнан.
Шат өмір, бақыттың,
Иесі бол, Ботам.
Иегері бол бақтың,
Жарқыным, жан балам.
Пәни бұл жалғанда,
Өрісім сен қызым.
Жасай бер гүл бақта,
Торғайым – пәк Құсым!
Венгрияның Будапешт қаласында өткен
бокстан дүниежүзілік жасөспірімдер
бәсекесінен жүлдемен оралған
Рустам Іргебаевқа арнаймын
І. Арнау
Сөйлемеске бола ма,
Қызық тойға келген соң.
Рифхат пен Гүлжамал,
Сөз кезегін берген соң.
Ал, Рустам – жеткіншек,
Құтты болсын жеңісің!
Елің сенің қуанып,
Тере берсін жемісін.
Ағайын – туыс масаттанып,
Жеңіс тойларыңда кезіксін.
Ақ тілекпен қауышып,
Қуанышыңды бөліссін.
Табысыңа риза боп,
Бүкіл Отаның қуансын.
Бақ пен бақыт еншің боп,
Отбасыңда орнасын.
Бүгінгі шыққан тұғырың,
Келешегіңе жол ашсын.
Қол жеткізген бүгін биігің,
Әлемдік чемпиондыққа ұлассын.
Мұхаммед Али, Тайсондай,
Атағың әлемге жайылсын.
Ермұқан мен Бекзаттай,
Даңқың мәшһүр танылсын.
Өмірде шеккен сапарың,
Олжаға толы оң болсын.
Ата-бабалар әруағы,
Әрқашанда қолдасын.
ІІ. Чехославакиядан жеңіспен оралуына
байланысты жазылған арнау-тілек
Біз әлемдік деңгейдегі,
Білеміз жеңістің нарқын.
Шеберлігіңді танытып сен,
Әкелдің медальді алтын.
Жанкүйерлерің қуанышта,
Дос-туыс, ел, халқың.
Жанұяң мен ауданың сақтап,
Ата дәстүрдің салтын.
Жасап жатыр тағы да,
Кездесу тойын жарқын.
Рустам – жаным, өмірде,
Ризамыз біз өзіңе.
Ел-жұртыңның мәртебесін,
Көтердің сен биікке.
Талаптанып, талпынып,
Бастадың үлкен ғұмырды.
Оза бер әркез бәйгеден,
Мәртебелі жарыста дүбірлі.
Жакүйерлерің ризашылықпен,
Хошеметтесін өзіңді.
Даңққа, баққа кенелген,
Тілеймін ұзақ өмірді
Ой-арманың орындалсын,
Тілеймін шат көңілді
Жасай бер жаным жалғанда,
Пәк пейілмен жадырап,
Әлемдік шаршы алаңдарда,
Көріне бер, жарқырап.
Жеңеше
Ақ таңдай атасың жайлап, арай боп,
Жылылық таратасың нұр-шуақ боп.
Өзіңдей жан таппаспын бұл маңнан,
Тамсантқан берген дәм-тұзың бал боп.
Қайырмасы:
Көркем де, кербез, жеңеше,
Жарқын да, алтын, жеңеше.
Жақсылыққа жақ болған,
Қайда бар мұндай жеңеше.
Ағамызбен жарасып әулетке болдың тірек,
Қиындыққа мойымай ұл-қызды алға сүйреп.
Ұрпақтарыңыз өзіңізді үлгі-өнеге тұтады,
Арқаңда сенің жетіп, ұшқан түлеп.
Қайырмасы:
Жеңешем
Су сұрасам, сусын берген,
Шалап сұрасам, шарап берген.
Жаны қалмай зыр жүгірген,
Алдырып арақ, пысырып тамақ берген
Ақ көңіл, менің, Жеңешем!
Халімізді қабақтан сезген,
Шалдуар мінезімізге де көнген.
Бауыр-қарындастарды тәрбиелей білген,
Қиыншылық кезіксе, мойымай төзген,
Ақылды, менің, Жеңешем!
Құдайдың ақ жолын сүйген,
Әдеп-ғұрыптың шартымен жүрген.
Ауыртпашылыққа мойымай төзген,
Болар шақтағы бақытқа сенген,
Парасатты, менің, Жеңешем!
Ағайынның берекесін көздеген,
Абысынның татулығын іздеген.
Жексұрындарды жебе сөзбен түйреген,
Ұрпақ үшін дамыл тауып көрмеген.
Қормал, менің, Жеңешем!
Кіршіксіз ниетің, туыстарға ақ тілеуің,
Мөлдір, таза, пәктікке толы жүрегің.
Кенеліп зор бақытқа жасай бер өмірде,
Қабылда еркелеген қайныңның тілегін.
Сүйіктім – Макежанға арнаймын
І
Қыстың қытымыр қиын шақтарында,
Көктемнің құлпырған гүлді бақтарында.
Жаздың жадыраған мақпал түндерінде,
Күздің сұрғылт сүреңсіз күндерінде,
Жанымнан жырақтамаған жан Жарым.
Көкжиектен арайлап ақ таңдар атқанда,
Сәске түсте күн шуағын шашқанда.
Ымырт болып күн ұясына батқанда,
Қараңғы түнде ел ұйқыға жатқанда,
Қасымда бірге болған, Құмарым.
Күнім болып көгімнен сәуле төгесің,
Толған айдай жаныма нұр себесің.
Жер-андай тіршіліктің ұрқын егесің,
Шаршасам самал жел болып келесің,
Әрқашан да өзіммен бірге, Тұмарым.
Жанымда жарасқан аяулы жарымсың,
Адамдық, азаматтық абұйыр-арымсың.
Жазып тауыса алмас мәңгілік жырымсың,
Ешкімге ашпайтын құпия сырымсың,
Жүрегі бір соққан сүйікті, Сыңарым.
Жабырқасам жігер беріп жебейсің,
Сүрінсем сүйеп қолтығымнан демейсің,
Жеңіске талпынсам қолпаштап, қолдайсың,
Бүлінген ісімді байқасаң, оңдайсың,
Тағдырдың қосқан сыйы, Қосағым.
ІІ
Заманның тәуірін де көргенсің,
Уақыттың ауырына да көнгенсің.
Енді қалай мына «Перің»
Өзіңді жақсы көріп, сүймесін.
Кезіксе ауыр жүк өмірде,
Көтерістің, бәрі есте,көңілде.
Ұмытып кетті деп жүрмісің?
Жоқ. Бәрін де түсінем тегінде!
Екшей де білдің жақсыны,
Текшей де білдің жалғанды.
Интуицияң мықты-ақ қой,
Саралай білер талғамды.
Сері кездеріме де төзгенсің,
Пері кезеңімде де біргесің.
Бәрін де шештің орнымен,
Бақытым, бағым өзіңсің.
Жүрегің сезімтал-ақ, білесің,
Жасасам егер де қателік, сезесің.
Мықтымсың, көтерген соның бәрін,
Шайқалтпадың ордамыздың іргесін.
Кетсе егер кемшілік, кешірдің,
Жеңісім болса еселедің, асырдың.
Жаныңнан ұрпағыма жылу бердің,
Мәпеледің, аяладың, адам ғып өсірдің.
Сол үшін бағаң зор, жасаймын құрмет,
Бәріне айтамын қайталап, рахмет.
Сіңірген еңбегің бар ұшан-теңіз,
Қабылда тілекті «Әміршім», рахым ет.
ІІІ
Айнымас дос, сүйікті жар, кеудемдегі жүрегім,
Жаным сүйген, аялаған, өмірдегі тірегім.
Жүргеніңде жанымда алаңсызбын, мықтымын,
Қашықтасам қасыңнан сағынарым бір өзің.
Жасай берші қуанышта, болсын ұзақ өмірің,
Дүрсіл қағып кеудеңде, соға берсін жүрегің.
Жайқала бер бәйтерегім, саялы да жемісті,
Арналады өзіңе тебіренген осы жырым, өлеңім.
Көктемгі гүлдей құлпыр балаларыңның арқасында,
Алтын діңгек боп табыла бер немерелер ортасында.
Жарасқан жұбай, салиқалы бәйбішесің, жасай бер!
Сыңарыңмен бірге болып әрқашан да қасында.
Жайнай берші, шашылсын шуақ ақ жүзіңнен,
Тірегісің ұрпақтарыңның шат күлкісіне кенелген.
Бақытымсың мына қызықты да қиын өмірде,
Қадірлімсің дос-туыстардың алғысына бөленген.
Туған күндеріңе арнау
Он төртінші сәуірде өмірге келіпті,
Тілегімізді Аллаһ тағала беріпті.
Макежан мен Аяным сәби болып,
Осы күн жарық-дүниені көріпті.
Өмірлік серігім – Макешім – күнім,
Қуанышым, үмітім – Аяным – гүлім.
Қайырлы – құтты болсын туған күндерің!
Гүлдей боп жайнасын шаттықтан түрлерің.
Келіпсің сыңарым – Маке бұл жарық дүниеге,
Біз үшін арайлап атқан ақ таң болып.
Болашағым, үмітім – Айком келіпті өмірге,
Көктемдей құлпырған бір шоқ гүл болып.
Күн көзінің нұрынан бастау алса тіршілік,
Мейірім мен ақылдан туындайды кісілік.
Соның бәрін сыйлаған сендерсіңдер, асылдарым,
Жанұяның жанашыры, тірегісіңдер өмірлік.
Болыңдар бақытты, қуантып маңайды,
Өмір берсін сендерге тамсантар талайды.
Шынайы риза көңілмен қабыл алыңдар,
Жар, әке осы жыр жолдарын арнайды.
Анамыздың туған күніне
Он төртінші сәуірде, келіпсіз сіз өмірге,
Сіздің туған күніңіз зор қуаныш ол бізге.
Бір ұядан баптап, өсіріп-ұшырдыңыз,
Мақтан тұтсақ өзіңізді ол тегінбе?
Сіңірген еңбегіңіз шексіз біздер үшін,
«Қатарға қосамын» - деп салған күшін.
Еңбектеріңізді ешқашан ұмытпаймыз,
Нәзік жаныңыз көтерген нардың жүгін.
Артта қалды көп түндер көз ілмеген,
Шаршап-шалдығып, біз үшін бейнет көрген.
Бұл күнде ер жеттік анажан, арманыңыз,
Орындалды өмірден күтіп, үміт еткен.
Жарқырап жүріп жасай берші, жан анамыз,
Шапағын шашып, атқан таңғы арайымыз.
Бар жақсылығын өмірдің өзіңізге қалаймыз,
«Өмір берген асылымыз» - деп мәңгі бақи санаймыз.
Жыл сайын тойлай берейік туған күніңізді,
Ести берейік қамқор, әдемі әндей үніңізді.
Өзіңізбен жарасады, толысады сәніміз де,
Сізге арнап шырқаймыз той күні әнімізді.
Денсаулығыңыздың мықты болуын сұраймыз Алладан,
Өшпейсіз жүректен, кетпейсіз ой-санадан.
Өмірдің шынайы бақытын әрқашан тілейміз,
Қабыл алыңыз балаларыңыздың тілегін арнаған.
Какомның туған күніне арнаймын
«Ең ғажап күн – адамның туған күні» - деседі.
Айғай салып, іңгәлап, өмірге келген кешегі.
26-маусымда Какошым келіпті өмірге,
Туған күнгі тойыңда көңіліміз шалқып өседі.
Өзің келіп жанұяма, қуанышқа бөлендім,
Өмірге немерелерімді әкелдің, шаттыққа кенелдім.
Қожа әулетінің инабатты келін баласы,
Үміт күткен ұрпақтарымның аяулы анасы.
30-ға келген құтты болсын мерей тойың,
Кесел дерттен ада болсын тұла бойың.
Бақытты еншілеп жүре берші шаттанып,
Өмірде орындалсын арманың, үмітің, ойың.
Талғамымнан шыға білген Жарығым, Шырағым,
Асылдарға тән биіктерден бола берсін тұрағың.
Асфаныңмен жарасып, жайнап жүріңдер өмірде,
Алладан да алдымен осы менің сұрарым.
Тағы бір айтар басты менің тілегім,
Дакошым мен Ахошым бауыр етім, жүрегім.
Тәрбиелесеңдер алдыңғы қатарлы, саналы адам ғып,
Орындалар үкілі үмітім, жайланар көңілім.
Ата-апаң тілейміз жеңістеріңді көрсек деп,
Сендердің мәпелеп өсірген, жемістеріңді терсек деп.
Әрдайым осылай келетін мерей тойларды,
Бірге тойлап, қызықтап жүре берсек деп.
Аталаған үніңді естісем қаламын бір жасап,
Ибалы, ізет-қылығыңды көрсем қаламын жүз жасап.
Өнегеңді байқасам немерелерімнің бойынан,
Қаламын бақытқа кенеліп, мың жасап.
Балаларыма
Артымда бар ізбасар – тұяғым,
Қопада өскен бір түп «қияғым».
Сендерге тірнектеп әр жерден,
Білім-ғылым байлығын жиямын.
Көргенде өмірдің ауыр азабын,
Кірпігіме шық тұрып қалады.
Көргенде сендерді жайқалған жемісім,
Бойыма шаттық пен қуаныш толады.
Өмірде бел шешіп күресер шақтарың,
Ерінбей тер төгіңдер, ашылар бақтарың.
Ешнәрсе өмірде із-түзсіз жоғалмас,
Еленер, ескерілер, құрметтелер аттарың.
Сүйсем сендерді еміреніп «мас» болам,
Жеңістеріңді көргенде қуанып шарқ ұрам.
Қараймын қол жеткен биіктен жоғары,
Көрсем деп сендерді жалындап шоқ болған.
Жарқырап жанса екен, өмірде оттарың,
Күлімдеп атса екен, арайлап таңдарың.
Ата-анаң тебіреніп, тілейді тағдырдан,
Бақ қонып, болса деп бақытты бастарың.
Тұңғыш немерем – Дакоға
Атасы – «Қария»,
Апасы – Мария.
Еркешім, асылым,
Аппағым – Дария.
Әкесі – дәрігер,
Анасы – дәрігер.
Ыңғайын таппаққа,
Жүгірген, әбігер.
Туыпсың Құлыным,
Көктемгі шуақ күн.
Бойымдағы Жұлыным,
Әр сөзің – әуез үн.
Қайырлы болғай,
Туған осы күнің.
Арнайы келдік,
Апаңмен бүгін.
Немерелерім басы сен,
«Майлыаяқ» Төлбасым.
Артыңнан ілескен,
Ахмедияр, Дарыным.
Күлсең сен, өмір – күн,
Жыласаң, қапас түн.
Қалауыңды таппасақ,
Болады-ау бізге мін.
Сүйкімдім – бір өзің,
Сүйіктім – тағы өзің.
Балдан да тәтті-ау,
Былдырың, тілің.
Айналдым түріңнен,
Өкпелеп бұртиған.
Аймалап сүйейін,
Бетіңнен монтиған.
Құлшынып ойнайсың,
Адамша ойлайсың.
Жасайсың әрекет,
Жоламасын пәлекет.
Біраз күн көрмесек,
Қаламыз сағынып.
Әмірші өзің тек,
Жүрегіміз бағынып.
Қызғалдақ құлпырған,
Бір шоқ, Гүлім-ау.
Аталық сезімді,
Оятқан, Күнім-ау.
Арайлым, Шуағым,
Сен күлсең қуандым.
Сыйладың сен шаттық,
Аспандап тұр бағым.
Көрмегелі көп болды,
Сағындым өзіңді.
Аталаған балдай
Аңсадым сөзіңді.
Өмірде келіскен,
Өсе бер Періштем.
Туыстар келе берсін,
Қуанышыңды бөліскен.
Сенде бар тілегім,
Сен күлсең күлемін.
Ақ таңды, бар бақты,
Өзіңе тілеймін.
Сүйемін қызығып,
Дәмің бал-шырындай.
Иіскеймін ынтығып,
Иісің әтір-духидай.
Жүрейік бағыңа,
Қасыңда әрдайым.
Өмірдің тағында,
Бола бер, Шырайлым.
Келейік тойыңа
Тойлайық жыл сайын.
Туған жер бағыңда,
Өсе бер күн сайын.
Қиындық кезіксе,
Қолдасын Құдайым.
Бақытты болуыңды,
Алладан сұраймын.
Тебірендім сені ойлап,
Дакошым – Ақботам.
Жебеуші пірің болсын,
Саяқып Қожа – бабам.
Бір көршіме
Арамдықтың айдынында кәсіп қылып ол жүзген,
Малын ұрлап халықтың әдет етіп үйренген.
Айтқанменен мал иесі түсінер діп әдеппен,
Қара беті бүлк етпейді елдің жүзі күйгенмен.
Оның айтқан адалдығы – еріндегі бейне ұшық,
Жымырайған кейпі жаман – ін аңдыған мысық.
Түн жамылып жортады, жемтік іздеп өлермен,
Қолға түссе – мүшәпір, жалынады ел аяғын құшып.
Келіп қалдың талайға, селдіреп түсті шашың,
Пайғамбардың жасына келіп, ағарды басың.
Құдайды, иманды ойлайтын уақытың жетті ғой,
Арамдықтан тиылып болады қашан адалдан асың?
Зар жылаттың талайды, обал-сауап қайда?
Түбі бір сұрауы бар Алланың оны да ойла.
Қорықпас қорқау болсаң жүре бер арамза,
Жемтікке арам мейлінше той да.
Көз жасы, қарғысы жібермес халықтың,
Қоры болсаң қалған бір сасық ескі салттың.
Түбінде татарсың сазайын әшкере боп ісің,
Арам адам әрқашан да жиіркенішті, осыны түсін.
Түздің жыртқыш тағысы – қасқыр екеш қасқыр да,
Заң – ешқашанда шаппайды маңындағы ауылға.
Адал асыңды татып жүріп көршің қастық қылса,
Санасы хайуаннан да төмен бейшара, сорлысы да.
Мерей тойға арнау
О, Аға! Құтты болсын жарық дүниеге келген осы күніңіз!
Асқаралы – 60 жаста жасап жатқан қуанышты тойыңыз.
Өмірде өзіңізді достарың әспеттеп құрметтейді Әз-Аға,
Сырттан көз салғанда хас батырдай көрінеді тұлғаңыз.
Қиындыққа мойымай, қуанышта шаттанасыз осы өмірде,
Көрсеткен азаматтық, адамгершілік қасиеттеріңіз көңілде.
Жақсылықтың жақтаушысы, қамын жеген ұрпақтардың,
Сіз салиқал аға, сыйлы іні, асыл жар, абзал әке.
Бұл өмірде бақыт пен баққа мейлінше кенеліп,
Ақ батаға, ел алғысы мен құрметіне бөленіп.
Әрқашан да өзіңізді жас жігіттей ширақ сезініп,
Жасай беріңіз, ұрпақтарыңызбен тамыр жайып, көгеріп.
Бұл пәниде қуатты болып Алланың берген жасында,
Сыңарыңыз – жеңгемізбен бірге болып әрқашан да қасында.
Жарасқан қос аққудай қалқыңыздар көл бетінде,
Алтын діңгек бола беріңіздер немерелер ортасында.
Мұхаметжан – 70 жаста
Өмірдің артқа тастап бел-белесін,
Уақыттың серік етіп жел кемесін.
70-тің асуына шықтың бүгін,
Үлгі етіп үкілеген елге көшін.
Жаныңа жақсылықтың балап бәрін,
Ақтарып өткен күннің парақтарын.
Үлкен бір жанұяның басы болдың,
Өсіріп қара ормандай ұрпақ бағын.
Тіршіліктің кештің сан қоңыр күйін,
Көтердің ауырламай небір сынын.
Өнегелі ұл-қызды өсірдіңдер тәрбиелеп,
Болды демей біз үшін өмір қиын.
Жарқын мінез, ақжарқын, жайдары жан,
Адамгершілік қасиеттерің зор дарыған.
Құтты болсын мерейтойың бүгінгі,
Бақыт, байлық шыға берсін алдыңнан.
Құтты болсын бүгінгі туған күнің,
Жақындарың тойлауда, думан бүгін.
Бақытты өмірді баз кешіп, арманға жет,
Қуаныш-қызықтан нұрлансын арай жүзің.
Тілегіміз: немерелер қызығын күнде көріп,
Баяныңмен қол ұстасып жүре бергін.
Бейнетсіз бұл өмірде асқар тау боп,
Алланың берген жасын жасай бергін.
Шашу шаштық жырменен тойыңызға,
Тек, жақсы тілек, қуаныш ойымызда.
Өсірген балаларыңның қызығын көріп,
Ұзақ жаса қартаймастан арамызда.
Дарынның өзін елге таныстыруы
Арғы бабам Жанай,
Тұлғалы батыр сондай.
Елін, жерін қорғаған,
Ұрпақ қамын ойлаған.
Ең сүйікті асыл адам,
Ол менің Долдаш атам.
Еселеген ел байлығын,
Ерекше мақтан тұтам.
Мен сүйемін мейірімді,
Анам менен әкемді.
Ұрсып алып, болса егер,
Кешіретін қатемді.
Анам Қаламқас, әкем – Айдын,
Немересімін Долдаштың, атым – Дарын.
5-сыныбында оқимын мектептің,
Қысқаша айтсам осылай жайым.
С.Ғалияның өзін сайыста таныстыруы
Таныстырсам өзімді,
Өтетін осы сайыста.
Тегім Жангөбек атақты,
Даңқы кеткен алысқа.
Әкемнің аты Өртбай,
Адалдыққа арнаған өмірін.
Анам – Ырыс, ақжарқын,
Ұрпағына төккен мейірін.
Өзім етемін ұстаздық,
Бірінші «А» сыныпта.
Қажымай еңбек етемін,
Білім берсем деп ұрпаққа.
Дәлелдеу үшін білімімді,
Түсіп тұрмын сайысқа.
Намысымды қорғап осында,
Жетсем деймін табысқа.
Бір бастыққа наз
Мекеме бастығы – Аман,
Болып тұр халіміз жаман.
Шаруаларымыз бітпейді уақытында,
Бұл күнде ренжуліміз саған.
Сан айттық ескертіп өзіңе,
Құлақ сал, халықтың сөзіне.
Шығарып салма сөзді доғарып,
Көңіл бөлерсің кемшілік жеріңе.
Қатты айтсақ кектенбе, ренжіме,
Айтылды амалсыз, келген соң көңілге.
Салдыра алмасаң шаруаны жөніне,
Отырсың ол тақта несіне?
Бір тойдан кейінгі ой
Шақырылдық тойға, тойладық,
Той қалай өтті, не ойладық?
Әркім қалса өз-өзімен,
Той қалмай ма өз жайымен.
Ащы суға тойып алған соң,
Үй иесі қалды малтығып.
Бір-бірімен қылжыраңдаған соң,
Қонақтар кетті ауа жайылып.
Екі құрдас отыр «қақтығысып»,
Бірін-бірі тұқыртпақ оймен.
Өзара талас, қағытпа сөздер,
Қатысы жоқтай ешкімнің тоймен.
Ілді де шалды, бір-бірін сөзбен,
Ыржақтаған жандар, өтірік күлген.
Осындай «әзіл» кімге осы қажет?
Дәм-тұзы жоқ, қытыққа тиген.
Не жақсылық бар осындай тойда?
Жаздым мақсатпен жүрсін деп ойда.
Жаман әдеттен жиренсек егер,
Өркениет ауылына жетер ек сонда.
Нағашы апам Рыстың 60 жылдық мерейтойына және Өртбай атам екеуіңіздің шаңырақ көтергендеріңізге 40 жылға толуына
Арнау-тілек
Болып тұр бүгін үлкен той,
Алпысқа толды апамыз.
Қырық жыл бопты сізбенен,
Отау құрғалы атамыз.
Сіздерден өрбіді сан ұрпақ,
Жайқалып өскен бірлікте.
Апам бейне бал бұлақ,
Нәр берген бізге тірлікте.
Атам болса асқар тау,
Еңсесі биік жарасқан.
Бауырында өсіп келеміз,
Тай-құлындай жарысқан.
Атам айдың шуағы,
Аспаннан төккен жарығын.
Апам бейне күн нұры,
Жанымызға құйған жылуын.
Сіздерге арнап бүгін біз,
Ән айтып, би билейміз.
Бар жақсылығын өмірдің,
Пәк көңілімізбен тілейміз.
Ата, Апа! Мен сіздерді өте жақсы көремін.
Жиен немереңіз – Мөлдір. Тамыз, 2008 жыл.
Мөлдірдің өзін елге таныстыруы
Бабам менің Саяқып,
Болған екен атақты.
Қасиеттерін ел қастерлеп,
«Қасиетті» - деп атапты.
Үлкен атам – Оралбай,
Болыпты сыйлы сондай.
Еңбегімен еселеген,
Ел байлығын ұдай.
Үлкен әжем – Қасия,
Ғасыр жасаған қария.
Бос өткізбеген өмірін,
Шеберлігі болған жария.
Бағдат атам әлі күн,
Еңбек етеді әрбір күн.
Макен апам мейірлі,
Еркелетеді күні-түн.
Әкем менің – заңгер,
Ел тыныштығын ойлаған.
Мамам – ұстаз, еңбекқор,
Ұрпаққа білім сыйлаған.
Өзімнің атым Мөлдір,
Сабақты беске оқимын.
Ұстазымның айтқан ақылын,
Көңілімде сақтап тоқимын.
Тегім «Қожа» атақты,
Оқимын екінші сыныпта.
Екінші «Б» атынан,
Келіп тұрмын сайысқа.
«Мектеп аруы» сынында,
Жетсем деймін табысқа.
Намысы үшін сыныптың,
Түсіп тұрмын жарысқа.
Мен өнерлі баламын
Мөлдірдің 1-сыныпта оқып жүргенде мектептегі
«Мен өнерлі баламын» - кешіндегі өзін таныстыруы.
Сүйіктісімін атамның,
Сүйкімдісімін апамның.
Әдемісімін әкемнің,
Мақтанышымын мамамның.
Мен оқушы баламын,
Айтқан тілді аламын.
Суретті сұлу саламын,
Жазуды көркем жазамын.
Сабақты үздік оқимын,
Өнерден өрнек тоқимын.
Бұралып биді билеймін,
Жаман қылықты сүймеймін.
Зулатып оқи аламын,
Есептің шешуін табамын.
Көп іс келеді қолымнан,
Мен өнерлі баламын.
Өмірбаян – толғаныс
Кіндік қаным тамыпты,
Қасиетті Қарабұлақта.
Соғыстан соңғы 1947 жылы,
Ел жүдеу тартқан уақытта.
Ұл туды деп мәз болыпты,
Ызғарлы қаңтар айында.
Қуанысып дастархан жайыпты,
Шілдехана атты тойымда.
Жүгірдім бала шақта,
Бұрқыратып топырақта.
Серуендедім ой-қырында,
Алыс-жақын атырапта.
Сенде өстім, ержеттім,
Қара орман Атажұртта.
Ат жалын тартып міндім,
Болдым сөйтіп азамат та.
Боз қырау түсіп басыма,
Бүгін Бәкең атты атамын.
Сиреген жылдан жылға,
Өзім теңдес қатарым.
Кешқұрым көңілім құлазыса,
Әрнәрсені ойлап жатамын.
Дерттерден тәнім ауырса,
Жайым болмас, қапамын.
Өсірген ұл мен қырмызы қыз,
Сендерден қуат аламын.
Жеңістеріңді көрсем желпініп,
Дертіме шипа табамын.
Мүлт кетсеңдер тауым құлап,
Өртенгендей қара орманым.
Азынап аяз, соққандай дауыл,
Құлағандай боп қорғаным.
Абзал достар – жанашырым,
Қиналғанда арқа сүйерім.
Ағайын, туыс, жақындарым,
Сендерсіңдер сенімді тірегім.
Жай-күйімді тамыршыдай таныр,
Құдай қосқан қосағым бар.
Жаныма жаққан, көңілден шыққан,
Сыңарым сенсің сүйген жар.
Қандай сүйкімдісіңдер немерелерім,
Сендермен ләззатқа батамын.
Талпыныстарыңа, тәтті қылықтарыңа,
Масаттанып, марқайып-ақ қаламын.
Көрмесем сендерді сағыныштан,
Ұйқым қашып, түн қатамын.
Шығаруға болмас өмірді естен,
Тек, сауық емес, қаталын.
Сезінемін маған деген,
Жүректеріңде от барын.
Жанымды тоңсам жылытады,
Сендерден ескен шоқ жалын.
Жанымды баураған ықылас,
Аппақ пейілдеріңе тоямын.
Қабағымнан кірбің тарқап,
Тәуба, мұң-қайғымды тиямын.
Асфандиярға
Апасының сүйікті баласы,
Көзінің ағы мен қарасы.
Айналып-толғанып иіскегенде,
Жазылатын көңілінің жарасы.
Сөйткен баласы 37-ге толып,
Шықты міне мүшел жастан.
Талпынып, еңбектеніп ерте-кеш,
Жетістіктерді келешектен тосқан.
Кезінде оқып, мамандық алып,
Болды бүгін жігіт ағасы.
Күндіз-түні ізденіп, үйреніп,
Кемелденіп толыққан санасы.
Ерекше сүйетін Асфанын,
Аспандай заңғар апасы.
Амал не қызығын көре алмады,
Тағдырдың жазбауын қарашы.
Аңсаған апаңның арманын,
Адамгершілікпен орындап ақташы.
Тек жақсы атыңды шығарып,
Жайсыздыққа жаныңды қоспашы.
Жете бер табысқа өмірде,
Тілейміз мол бақыт өзіңе.
Еншің боп бақ-байлық,
Бола бер еліңнің төрінде.
Қажет адамға
Өмірден орныңды табуға,
Ортаңның сыйлысы болуға.
Қиындықты күресіп жеңуге,
Мағыналы өмір сүруге
Ыстық қайрат қажет адамға.
Асқар тауға шығуға,
Шарықтап көктеп тұруға.
Биік арманға жетуге,
Қамсыз өмірді кешуге
Нұрлы ақыл қажет адамға.
Армансыз айдында жүзуге,
Мейіріміңді төңірегіңе төгуге,
Қуаныш халқыңа сыйлауға,
Жаныңды жамандыққа қимауға,
Жылы жүрек қажет адамға.
Серілік сайранды салуға,
Сүйіктіңмен ләззатқа қануға,
Сезімнің қалауын сезуге,
Шырын балды жарыңа беруге
Ғашық жүрек қажет адамға.
Шалқып шаттықта жүруге,
Табаныңды тұғырға тіреуге,
Өмірден жемісіңді теруге
Ауыртпалығына кезіккен төзуге
Қажырлы еңбек қажет адамға.
Қадамың қарымды болуға,
Еншіңді өмірден алуға,
Сыңарыңа сүйікті сенуге
Маңдайға жазғанды көруге,
Парасаттылық қажет адамға.
Макошама
Жартымсың Жарым сеніскен,
Тіршіліктің дәнін теріскен.
Толғақты ойлар қозғасам,
«Бұл қалай» демей келіскен.
Қиыншылық болса төзіммен,
Батса да жанға көніскен.
Өмірдің ащы-тұщысын,
Түсіністікпен бөліскен.
Ұрпағымызды тәрбилеп,
Тіршілік ұрқын себіскен.
Ауыр ой ма әлде шаршатқан,
Жүдеп жүрсің неліктен?
Кесел-дерт пе әлдебір?
Көңіл-күйіңді кеміткен.
Жасыма Жаным бекем бол,
Қарайық алға үмітпен.
Өмір бар алда әлі де,
Өткерер күндер қызықпен.
Еншімізді алмай өмірден,
Оңайшылықпенен беріспен.
Бір жүріп бәрін жеңерміз,
Кедергілер болса кезіккен.
Жігерлен, Жартым, жасыма,
Сыңарың тұрғанда қасыңда.
Матушкеге
Туылғансың сен елінде,
Алтайдың орыс жерінде.
Атанып кеттің сондықтан,
Тілімен елдің Матушке.
Қалың қыздың ішінен,
Таңдағаным Матушке.
Мария атын жоғалтып,
Бүгінде сен Макошке.
Матушкенің сүйікті,
Тамағы оның картошке.
Елемейсің кей-кейде,
Еңбекті еткен есепке.
Көңіліңе жаққан кезіңде,
Беретінің «четушке».
Дәмнен кедей болмаспыз,
Тарыласың осы несіне?
Алла өзі береді,
Бақ пен байлық несібе.
Болғанменен білесің
Хал-жайымды түсіне.
Сондықтан сені сүйемін,
Жасырамын оны несіне?
Рахмет айтам бәріне,
Тартқансың мықты тегіңе.
Макеңе
Күніміз әзір батқан жоқ,
Айымыз бар әлі туатын.
Көгімізде самсап жарқырап,
Жұлдыздарымыз бар шығатын.
Мерейлі жасқа жетсек те,
Кемелді деген жас алда.
Ол күндерді де көрерміз,
Қуат берсін тек бір Алла.
Айдын – Қаламқас!!!
Туған күндеріңмен құттықтаймыз!
Біз сендерді шын сүйеміз,
Сендер деп өмір сүреміз.
Байқап қалсақ өмірде,
Жайсыздықтарыңа күйеміз.
Біз сендерге кәміл сенеміз,
Жеңістеріңе қуанып жүреміз.
35 пен мүшел жастарыңа,
Төмендегідей тілек тілейміз:
Бастарыңа бақ құсы қонсын деп,
Бақыттарың баянды болсын деп.
Әр таңдарың арайлап атсын деп,
Өмірлеріңнің шаттығы артсын деп,
Шынай жүрекпен тілейміз сендерге.
Армандарың әр кезде орындалсын деп,
Жұптарың ұдайы жазылмасын деп,
Күндерің шуақ-нұрға толсын деп,
Еншілерің әдемілік боп қалсын деп,
Ақ тілегімізді арнаймыз сендерге.
Дарынымыз беттеріңнен өпсін деп,
Ғибратжан жігіт боп өссін деп,
Бәрің де жайлы өмір кешсін деп,
Алла тағала тілектеріңді берсін деп,
Бүкіл әулетімізбен тілейміз сендерге.
Ізгі тілекпен: Оралбаевтар әулетінің атынан
папаларың Бағдат.
Аягөз 07.11.2009 жыл
Қанатөк!
Туылған күнің,
Құтты, баянды болсын.
Денсаулығың мықты боп,
Маңайың достарға толсын.
Беделің биіктеп,
Өмірің мағыналы болсын.
Қызметің табысты,
Дәрежең жоғарылай берсін.
Абыройың асқақтап,
Атың ардақталып жүрсін.
Қызығым – немерелерім,
Бақыттың кемесінде жүзсін.
Ырысым – Лякөм,
Тек қуанышты ғана көрсін.
Аллам сендерге,
Бақ-байлықты нәсіп етсін.
Шалқыған өмір мен,
Еншілеріңе бақытты берсін.
Арафат
Арафат деген тау,
Қасиетті саналады.
Мінажат етіп халық,
Парызын өтеп табынады.
Ырым етіп Арафаттың,
Атасы қойған есімін.
Биіктіктің өлшемі деп,
Қолдадық біз де шешімін.
Талаптанады Арафатта,
Сол таудай биік болуға.
Озат оқушы болам деген,
Уәдесін ұстап тұруға.
Бұлжытпайды уақытында,
Тапсырмаларды орындайды.
Әр күн сайын сабағында,
Тыңғылықты дайындайды.
Осындай бала Арафат
Аяулымның ағасы,
Жоғары оның бағасы.
Әжесінің қызығы,
Атасының бұзығы.
Жарасымды қылығы,
Әкесінің тынысы.
Ұнасымды көп ісі,
Анасына қолқанат.
Ал оқуда ол озат,
Осындай бала Арафат.
Жоғалған таяқ
Баз-базында сері боп,
«Дәм-тұзға» әбден тояды.
Қарамайды бұл Ақаң,
Сырқырасы да аяғы.
Елемей-ақ барып жүр,
«Сыйластарына» баяғы.
Үшінші сирағы оның,
Қолына ұстаған таяғы.
Бірақ та көңілденген кезде,
Жайына қалады таяғы.
Перілік мінезін осы,
Қай уақытта қояды?
Мұны білсе «мықтысы»,
Төбесін қашап ояды.
Болғанмен жырынды ғой,
Әйтеуір жайын табады.
Ауызбастырықсыз «жанашырың»,
Елдің бәріне жаяды.
Аягөз 01.05.12
Ақа!
Қалай боп тұр жағдайың,
Сырқыраған жоқ па аяғың.
Айта қойшы Әпендім,
Жоғалған жоқ па таяғың?
Бір достың әйеліне наз
Жақын дос бар Семейде,
Келсек қарсы алатын.
Кешіксе поезд кейде,
Сабыр сақтап тосатын.
Басқалардан осынай,
Қылықтарымен озатын.
Бәйбішесі бірақ та,
Орынсыз тарыла қалатын.
Қонамыз десек үйіне,
Қашқалаққа салатын.
Не боп қалды соншама?
Тыржың қағып қашатын.
Тамағың жоқ па әлде,
Қазанға салып асатын.
Не десең де келді кезі,
Аттың басын бұратын.
Сары шал шаңырағында,
Әңгіме-дүкен құратын.
Өткен-кеткенді айтысып,
Құмардан бір шығатын.
Көңіл мен пейіл жарасып,
Шұрқырасып жататын.
Көтерілген көңілмен,
Ән-жырға да салатын.
Қалықтаған көңілімізді,
Не болды ренжіп басатын?
Қылт етпе мінезіңді,
Болды ғой уақыт қоятын.
Бол оданда қамқорымыз,
Тірлікті бірлікке қосатын.
Салиқалы бәйбіше боп,
Ынтымақ отын жағатын.
Ағамыздың туған күніне арнау
Құттықтаймын «братым»,
Мерей тойыңмен болатын.
Жетпістің биігінде де,
Серілікті құратын.
Жайдары жандар кезіксе,
Көзі жайнап салатын.
Жан-дүниесін баурап,
Жүрегіне жол табатын.
Құдай берген қабілеті,
Бағалауға тұратын.
Межелеген әр істің,
Үрдісінен шығатын.
Қабылдарсың арнауын,
Ініңнің жақын тұратын.
Өмірде іске ассын,
Барлық мақсат-мұратың.
Пейілге көңіл үйлессе,
Табылар орын сиятын.
Рюмкадағы дәмді алыңдар,
40-градустан тұратын.
Арнауды арнаған бауырың – Бағдат.
Аягөз, 06.04.12
Хал дейсің бе, бауырым?
Хал дегенің ептеген,
Жоқты барға септеген.
Проблемалар бар шешпеген,
Бар нәрселер жетпеген.
Жақсылықта бар көптеген,
Содан көңілім көктеген.
Сырластармен, сыйластармен,
Құдайдың күнін өткерген.
Тіл табысып көппенен,
Адамгершіліктен кетпеген.
Тайталасып тағдырменен,
Жанмын, абыройын төкпеген.
Жүрмін доспен селбескен,
Қасында жанның сеніскен.
Өтеді кейде күндерім,
Қаскөйлерменен керіскен.
Ғұмыр тұр әлі кешпеген,
Мұңаям кейде кеште мен.
Келем жүріп өз жолыммен,
Өмірде күнде екшеген.
О! Құрметті досым-ай,
Сұрап ең: «Осы хал қалай?».
Қысқаша айтсам жайымды,
Хал дегенің осындай!
Аналарға
8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арнау
Тұрмысымыздың сәні,
Өміріміздің мәні,
Берекеміздің әрі,
Сіздерсіздер, Аналар!
Болашағымыздың нәрі,
Махаббатымыздың әні,
Мұраттарымыздың бәрі,
Сіздерсіздер, Аналар!
Төгілген сәуле-нұрымыз,
Тебіреністі өлең-жырымыз,
Мәңгілік құпия-сырымыз,
Сіздерсіздер, Аналар!
Шашатын шуақ маңайға,
Толтыратын таңды арайға,
Көрік берген армандарға,
Сіздерсіздер, Аналар!
Ортамызды берекеге,
Отбасымызды мерекеге,
Кенелтетін бұл өмірде,
Сіздерсіздер, Аналар!
Барлықтарыңызға бақыт, байлық, махаббат тілеймін. Мейрамдарыңыз құтты болсын!
Аягөз, 8.03.14 ж
Рахмет бәріңе
Махаббаттың іңгәсіне 40 күн толып,
Дакоштың туғанына 8 жыл болып.
Жатырмыз бүгін қуаныштан шаттанып,
Кемеріне келгендей көңіліміз толып.
Қуанышымызға келген ортақтасып сендерге,
Ризашылығымызды білдірмейік біз неге?
Байлық, бақыт, зор денсаулық тілейміз,
Жетіңдер арман-тілектеріңе өмірде.
Достарыңызбен бөлісу: |