Бағдарламасының негізгі бөлімі және



жүктеу 0,93 Mb.
Pdf просмотр
бет3/23
Дата27.12.2019
өлшемі0,93 Mb.
#24993
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

1.  Орта  білім  мазмұнын  Назарбаев  Зияткерлік  мектептері  тәжірибесі  негізінде  жаңарту.  Әдістемелік  құрал.  –  Астана: 

Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014.- 43 бет.  

2.  Бастауыш  мектепке  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалау  жүйесін  енгізудің  әдіснамалық  және  оқу-

әдістемелік негіздері. Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015.- 48 бет.  

3.  Камалова  С.Т.  сыныптв  оқушылардың  оқу  нәтижелерін  бағалау:  оқу  –әдістемелік  құрал.  –  Астана:  «Назарбаев 

Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014.- 44бет. 

4.  Система  критериального  оценивания  учебных  достижений  учасщихся.  Методическое  пособие.  –  Астана.: 

Национальная академия образования им. И.Алтынсарина, 2013.- 80стр. 

5.  Айтпукешев  А.Т.,  Кусаинов  Г.М.,  Сагинов  К.М.  оценивание  результатов  обучения:  Метод.  пособие.  –Астана:  Центр 

педагогического мастерства, 2014.-108 стр. 

6. Звонников В.И. Современные средства оценивания результатов образования: учебное пособие для студентов вузов.  –

М: Академия, 2009.-224стр. 

7. Амонашвили Ш.А. Обучение. Оценка. Отметка. –М.: Знание, 1980.- 96стр. 

8. Костылев Ф.В. Учить по-новому: нужны ли оценки – баллы: книга для учителя. –М.: ВЛАДОС, 2000.- 104стр. 

9. Красноборова А.А. Критериальное оценивание в школе учебное пособие. – Премь: Перм.гос.пед.ун-т, 2010. – 84с. 

10.  Матвеева  Е.И.,  Панькова  О.Б.,  Патрикеева  И.Е.  Критеральное  оценивание  в  начальной  школе.  –  М.:  Вита  –  Пресс. 

2012.-168стр. 

11.  Брагин  В.Я.  Оценка  знаний  и  умений  учащихся  по  технологии  с  применением  компьютерных  программ:  уч.-мет. 

Пособие. Пермь: ПГПУ, 2010.- 88стр. 

12.  Образовательные технологии. Достижение прогнозируемых результатов. / Под ред. Ю.И. Гладкова. – М: Про-Пресс, 

2009. 56стр.  

 

1.2. Дәріс тақырыбы: Критериальді бағалау ұғымын анықтау және оның оқу- танымдық құзіреттілікті қалыптастырудағы 

рөлі 

Аннотация: Бағалаудың критериальдық тәсілі туралы түрлі ойларды талдау. Критериальді бағалау ұғымының мазмұны. 

Критериальді  бағалаудың  мақсаттары,  міндеттері,  қызметтері.  Критериальді  бағалау  жүйесінің  негізгі  элементтерінің 

сипаттамалары:  үрдісті  талдау;  кері  байланыс;  оқыту  мақсаты  мен  қол  жеткізген  нәтижелерінің  сәйкес  келу  деңгейін 

анықтау;  жеке  және  топтық  жұмысын  ұйымдастыру  кезіндегі  қиындықтарды  анықтау;  оқушылардың  оқу  әрекетін 

ынталандыру үшін психологиялық қолайлы білім беру ортасын құру. 

Кілт сөздер: Критериальді бағалау , білім беру ортасы, кері байланыс, танымдық құзіреттілік 

Жоспары:  

1. Бағалаудың критериальдық тәсілі туралы түрлі ойларды талдау.  

2. Критериальді бағалау ұғымының мазмұны. 

 Критериальді бағалаудың мақсаттары, міндеттері, қызметтері. 

3. Критериальді бағалау жүйесінің негізгі элементтерінің сипаттамалары.  

Дәріс  тезистері:  Критериалды  бағалау  жүйесін  енгізудің  мақсаты  әрі  қарай  оқу  үдерісін  жетілдіре  түсу  үшін  бағалау 

критерийлері негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі туралы нақты 

ақпарат алу болып табылады.  

Критериалды  бағалау  жүйесінің  мазмұны  стандарттармен,  үдерістермен,  бағалау  құралдарымен,    нәтижелерімен  

анықталады. (1-сурет). 

 

Бағалау 



стандарты 

МЖМБС 

Білім беру аясында білім алушылардың дайндық деңгейлеріне қойылатын талаптаp 

(күтілетін нәтижелер Б. Блум  таксономиясына негізделген) 

 Пән  бойынша  оқу  бағдарламалары.  Пән  бойынша  оқу  мақсаттары  мен  күтілетін 

нәтижелер 

Бағалау үрдісі 

   Қалыптастырушы және жиынтық бағалау  критерийлерге негізделген 

Бағалау критерийлері – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз 

болатын белгі 



Бағалау қағидасы  Ойлау дағдыларының деңгейлері: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау 

Сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым. 



Түрлі деңгейдегі тапсырмалар 

Нәтижесі 

Кері байланыс 



Күнделікті 

тәжірибе 

Баллдар 

Әр бөлім және 

тоқсанды аяқтау 

бойынша 


Ойлау 

дағдыларының 

деңгейлері 

Әр бөлім және 

тоқсанды аяқтау 

бойынша 


Бағалау 

Оқу жылын 

аяқтау 

бойынша 


1- Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны. 

  

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық -әдістемелік құжаттар негізінде берілген: 



• Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш,негізгі орта,жалпы орта) ; 


•  Оқу бағдарламасы мен оқу жоспары;  

•  Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері; 

•  Білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау тәртібі; 

• Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық; 

• Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне  арналған кретериалды бағалау бойыншы нұсқаулық; 

• Пәндерге қатысты қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы; 

Пәндерге қатысты жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар; 

Пәндерге қатысты тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы; 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 

1. Звонников В.И. Современные средства оценивания результатов образования: учебное  пособие для студентов вузов. –

М: Академия, 2009.-224стр. 

2. Амонашвили Ш.А. Обучение. Оценка. Отметка. –М.: Знание, 1980.- 96стр. 

3. Костылев Ф.В. Учить по-новому: нужны ли оценки – баллы: книга для учителя. –М.: ВЛАДОС, 2000.- 104стр. 

4. Красноборова А.А. Критериальное оценивание в школе учебное пособие. – Премь: Перм.гос.пед.ун-т, 2010. – 84с. 

5.  Матвеева  Е.И.,  Панькова  О.Б.,  Патрикеева  И.Е.  Критеральное  оценивание  в  начальной  школе.  –  М.:  Вита  –  Пресс. 

2012.-168стр. 

6.  Брагин  В.Я.  Оценка  знаний  и  умений  учащихся  по  технологии  с  применением  компьютерных  программ:  уч.-мет. 

Пособие. Пермь: ПГПУ, 2010.- 88стр. 

7.  Образовательные технологии. Достижение прогнозируемых результатов. / Под ред. Ю.И. Гладкова.  – М: Про-Пресс, 

2009. 56стр.  



 

1.3. Дәріс тақырыбы: Критериальді бағалау технологиясының моделі 

Аннотация:  Оқушылардың  жеке  тұлғасы  және  қоғам  қажеттілігімен  шартталған  бағалау  мақсаты.  Мақсатқа  жетуді 

қамтамасыз  ететін  қағидалар  (критериальдігі,  қалыптастырушы  және  анықтаушы  бағалаудың  бірлігі,  критериальді 

бағалаудың  диагностикалық  негізі).  Білім  беру  ұйымдарының  бағалау  саясаты.  Бағалау  диагностикалау  процедурасы 

(қалыптастырушы және анықтаушы критериальді бағалаудың картасы, тестілеу, сауалнамалау, бақылау, сұхбаттау).  



Кілт сөздер: критериальді бағалау, қалыптастырушы және анықтаушы критериальді бағалаудың картасы, тестілеу  

Жоспары: 

1. Оқушылардың жеке тұлғасы және қоғам қажеттілігімен шартталған бағалау мақсаты. 2. Мақсатқа жетуді қамтамасыз 

ететін қағидалар   

3. Білім беру ұйымдарының бағалау саясаты.  

4. Бағалау диагностикалау процедурасы    

 Дәріс тезистері: Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) негізделеді:  



•  Оқыту  мен  бағалаудың  өзара  байланысуы.  Бағалау  оқу  бағдарламасындағы  мақсаттармен,  күтілген  нәтижелермен 

тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, неге  және қалай оқытады, білім алушының 

қажеттілігі  қандай  және  бағалау  тәжірбиесінде  жүзеге  асыруға  қажетті  нәтижелерге  жетуге  қалай    көмектесуге  болады 

деген сұрақтарға жауап  іздеу. 



•  Шынайылық,  анықтық  және  валидтілік.  Бағалау  дәл  және  сенімді  ақпаратты  ұсынады.  Қолданылатын 

критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін  нәтижелерді  бағалайтынына сенімділік бар. 

Объективтілік,  анықтық,  валидтілік  жиынтығы  бағалаудың  сапасын  анықтайды.  Барынша  мазмұнды  сипаттаманы 

бағалауды қаншалықты дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді бағалаудың  валидтілігі ұсынады. Аталған 

қағидатты жүеге асыру: 

- нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды ; 

- бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді;   

- тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлауды көрсетеді. 



•  Ашықтық  және  нақтылық.  Бағалау  түсінікті,  айқын  ақпараттарды  ұсынады,  сондай-ақ  барлық  оқу  үдерісіне 

қатысушылардың қызығушылығын жауапкершілігін арттырады. 

Аталған қағидат мақсаттар мен  бағалау рәсімдерінің түсінікті, нұсқаулықтың анық және  нақты, нәтижелердің пайдалы 

және қолжетімді болуын болжайды. Бағалау үдерісінде оның мақсаттылығы мен дұрыстығы еш күмән тудырмауы тиіс. 

Өз  кезегінде  білім  беру  үдерісіне  қатысушылар  арасындағы  өзара  әрекет  пен  сенімге  қол  жеткізу  олардың 

қызығушылығын арттыру және оқу нәтижесіне оң әсер етуге ықпал етеді. 



•  Үздіксіздік.  Бағалау  білім  алушылардың  оқу  жетістігінің  ілгерілеуін  дер  кезінде  және  жүйелі  қадағалап  отыруға 

мүмкіндік  беретін  үздіксіз  үдеріс  болып  табылады.  Бағалау  үдерісінің  тұрақтылығы    рәсімдер  арасындағы  өзара 

байланысты  негіздейтін  және  бірыңғай  білім  беру  жүйесін  құратын  қалыптастырушы  бағалау,  балл  қою  кестесі 

механизмін қолдану және жиынтық бағалаудың кестесін белгілеу әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі. 



• Дамытуға бағыттылық. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын 

анықтайды  және  ынталандырады.  Бағалау  білім  алушылардың  қандай  білім  мен  дағдыларды  меңгергені  туралы 

ақпараттарға  талдау  жасауға  және  жинақтауға  негізделген  білім  беру  үдерісінің  алдағы  уақыттағы  қадамдары  туралы 

негізгі шешімді қабылдауына мүмкүндік береді. 

Білім  берудегі    педагогикалық  технологиялар    «жаңа  технология»,  «озық  технология»,  «оқыту  технологиясы»  т.б. 

терминдермен  аталуда.  Ал  бұлардың  бір-бірінен  айырмашылығы,  өзіндік  ерекшелігі  жайлы  ғалымдар  арасында    қызу 

пікірталас  бар.    Жалпы  ғалымдар  технологияға    шеберлікпен  өнім  алу,  нәтижеге  жету,  белгілі  бір  жоба,  модельмен 

оқыту  сияқты  түрлі  анықтамалар  берген.  Солардың  ішінде  кең  тарағаны  –  В.П.Беспальконың  тұжырымдары.  Оның 



жүктеу 0,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау