байланысты негіздейтін және бірыңғай білім беру жүйесін құратын қалыптастырушы бағалау, балл қою кестесі
механизмін қолдану және жиынтық бағалаудың кестесін белгілеу әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі.
• Дамытуға бағыттылық. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын
анықтайды және ынталандырады. Бағалау білім алушылардың қандай білім мен дағдыларды меңгергені туралы
ақпараттарға талдау жасауға және жинақтауға негізделген білім беру үдерісінің алдағы уақыттағы қадамдары туралы
негізгі шешімді қабылдауына мүмкүндік береді.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Орта білім мазмұнын Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі негізінде жаңарту. Әдістемелік құрал. – Астана:
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014.- 43 бет.
2. Бастауыш мектепке оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-
әдістемелік негіздері. Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015.- 48 бет.
3. Камалова С.Т. сыныптв оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау: оқу –әдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014.- 44бет.
4. Система критериального оценивания учебных достижений учасщихся. Методическое пособие. – Астана.:
Национальная академия образования им. И.Алтынсарина, 2013.- 80стр.
5. Айтпукешев А.Т., Кусаинов Г.М., Сагинов К.М. оценивание результатов обучения: Метод. пособие. –Астана: Центр
педагогического мастерства, 2014.-108 стр.
6. Звонников В.И. Современные средства оценивания результатов образования: учебное пособие для студентов вузов. –
М: Академия, 2009.-224стр.
2.2. Дәріс тақырыбы: Критерийлерді жобалау: жалпы жолдары мен құралдары
Аннотация: Оқушылардың оқу әрекеттерін нәтижелерін бағалау критерийлерін анықтаудың негізгі жолдары. Оқу
материалдарының меңгеру деңгейіне сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерінің критерийлерін салыстыру (Б.Блум,
В.П.Симонов, В.Г.Королева, В.П.Беспалько, В.Н.Максимова, В.М.Скаткин) «Таксономия» ұғымның анықтамасы.
Б.Блумның таксономиясы бойынша оқытудың деңгейлік мақсаттарын сипаттау. Таксоноимяны оқыту нәтижелері бағалау
құралы ретінде қолдану.
Кілт сөздер: Критерийлерді жобалау, таксономия, оқу жетістіктері.
Жоспары:
1.Оқушылардың оқу әрекеттерін нәтижелерін бағалау критерийлерін анықтаудың негізгі жолдары.
2.Оқу материалдарының меңгеру деңгейіне сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерінің критерийлерін салыстыру
3. «Таксономия» ұғымның анықтамасы. Б.Блумның таксономиясы бойынша оқытудың деңгейлік мақсаттарын сипаттау.
4.Таксоноимяны оқыту нәтижелері бағалау құралы ретінде қолдану.
Дәріс тезистері:
Оқушылардың оқу әрекеттерін нәтижелерін бағалау критерийлерін анықтаудың негізгі жолдары төмендегі көрсеткіштер
мен өлшемдер арқылы бағаланады. Біріншіден, педагогтар мен түрлі деңгейлердегі педагогикалық жүйе
басқарушыларының жоба жетекшілері ретіндегі құзыреттіктерінің көрсеткіштері алынады, олар:
Педагогикалық жүйелерді дамытуға негіз болатын инновациялық жобалау стратегиясын құрастыра білуі;
Мақсаттық - бағдарлы жобалаудың тұтас циклын ұйымдастыра білуі;
Жобалардың тиімділігін бағалай білу құзыреттіліктері;
Одан әрі аталған сапалардың қалыптасқандығын қандай көрсеткіштер арқылы бағалауға болатыны анықталды. Ол
проблемалық мәселе бойынша құрастырған жобалары және оларды бағалау қөрсеткіштері.
«SMARТ - талдау» әдістемесін пайдалану
Қатысушылардың аталған бағыттарда ұсынған жобалары мен олардың тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер ретінде
«SMARТ - талдау» әдістемесі пайдаланылды
(Кесте 1), (Specific - өзектілігі айқындалуы, нақтылығы; Measurable - өлшеуге болатындығы; - Achievable –
қолжетімдігі; Related –
шынайылығы; Times-bound -
уақыт шектеулерінің белгіленуі):
Кесте 1 − Жобаларды бағалаудың «SMARТ - талдау» картасы үлгісі
Өлшемі
Көрсеткіштері
Сәйкестігін бағалау
( 3– 1 балл аралығы)
1
2
3
Өзектілігі
Жобалау қызметі ұйымның жұмысындағы белгілі
бір қиындықтар туғызып отырған проблемаларды
анықтап, оны тиімді шешуге бағытталған болуы
тиіс. Басым бағыттарды айқындау, талдау жасау
арқылы негіздеу және шешу жолдарын ұсыну,
жобалау қызметінін маңызды мәселеге
Ескерту:
Әрбір көрсеткіш
бағаланады. Толық
сәйкес – 3 балл,
ішінара сәйкес– 2
балл, сәйкес емес– 1
бағытталғанын көрсетеді.
балл.
Өлшемдері
болуы
Жобалау қызметінің нәтижесі қалыптасқан
жағдайды өзгертетін, не жетілдіретін болуы керек.
Ол үшін алдын ала анықтау алуды қажет ететін
сұрақтар: 1) жобалау қызметінің қандай
көрсеткіштері нәтижелер деп есептеледі; 2) оларды
қандай параметрлер арқылы өлшеуге болады және
олар немен өлшенеді?
Қолжетімдігі
Жобалау қызметінің қолжетімдігі стратегиясын
жүзеге
асыру
барысында
оның
күтілетін
нәтижелерінің алдын ала анықталуы және оны
орындау жолдары мен механизмдерінің нақты
кезеңдері мен алгоритмінің жасалуынан белгілі
болады.
Шынайылығы
Жобалау қызметі жүйенің ішкі қажеттігі және
сыртқы орта талаптарына сәйкестігі, оны іске
асыратын лайықты адамдар тобы белгіленуі,
жобалаудың мазмұны мен технологиясы, қажетті
ресурстары анықталуы. Осы әрекеттердің болуы
жобалаудың шын мәнінде жүзеге асырылуына
мүмкіндік жасайды.
Уақыт
шектеулерінің
белгіленуі
Бұл жобалау қызметінің басталу және аяқталу
мерзімдерін,
орындау
барысындағы
аралық
кезеңдерді және әрбір аралық кезеңнің мақсаты мен
күтілетін
нәтижелерінің
нақты
белгіленуінен
көрінеді.
Күтілетін
кедергілер
дәрежесінің
анықталуы
Жобалау қызметі барысында осыған ұқсас
тәжірибелерді зерттеу және талдау арқылы алдын
ала болжау әрекеттеріне сүйене отырып, болуы
мүмкін кедергілер мен қиындықтардың, одан
шығатын жолдардың алдын ала белгіленуі.
Жалпы бағасы
Бұл көрсеткіштер нәтижесі төмендегі бағалар бойынша анықталады: толық сәйкес – 3 балл, ішінара сәйкес – 2
балл, сәйкес емес – 1 балл. Жобаның сәйкестік формуласы: К = Кф : Км.
Ондағы белгілер:
К – Жобаның талаптарға сәйкестігі;
Кф – факт бойынша жобаның жинаған жалпы балл саны;
Км –максималдық мүмкін балл саны.
Бұл деңгейді бағалауда төмендегі көрсеткіштері пайдаланылады:
өте төмен – К < 0,45;
төмен– 0,45 < К < 0,65;
жеткілікті– 0,65 < К < 0,85;
қажетті – К > 0,85.
Қосымша бағалау көрсеткіші ретінде жасалған жобаның өміршеңдігін анықтау алынды. Оның мәнісі жоба
жетекшілерінің алдына қойылған міндеттерді орындап, жобаны жасағаннан кейінгі жағдайын анықтау болып табылады.
Бұл жоба әрі қарай жалғасуы мүмкін бе, ол үшін қандай ресурстары бар, қандай ресурстар қажет? Қандай бағыттарда
жалғасын таба алады? Жобалаудың қателіктері мен тәуекелдері талдана ма? Міне, осындай талдаулардың болуы
жобаның өміршеңдігін көрсетеді.
Сонымен қатар, бұл көрсеткіштер жоба жетекшілерінің жобалауды ұйымдастыру әдістемесін қаншалықты
меңгергенін жасаған жобаларына қарап бағалауды ғана көздейді, сондықтан оны жоба жетекшілерінің алған
білімдерінің нәтижелері деп қана қарастыру қажет.
Жобалау әрекетін сипаттайтын түсініктер
Проблема
Іс-әрекеттің негізі (адамдар, олардың арасындағы
қарым-қатынас, пәндер, күнделікті және т.б.)
Проблеманы суреттеу
Адамдардың қарым-қатынасы, пәндер т.б.
Проблеманы талдау
Жағдайларды бөліп, әрқайсысын мұқият қарастыру
Проблемның себебі
Жағдайдың жалпылама сипаттамасы (субъект үшін
маңызды тұрғысынан)
Мүдделілер
Адамдар, топтар немесе ұйымдар олар жағдайдың
өзгеруін (+) немесе өзгермеуін қалайды (-)