248
тізімдемесі және тіпті бағалы металдар құрамының тізімдемесі болып
табылады.
Негізгі электр сұлбасын жобалау сатысында барлық формальды
процедуралар мүмкіндігінше автоматтандырылған. Құрылымдаушыға
жобаны жеке функционалдық тораптарға жобаны бөліп, басқару
жүйесін жобалау мүмкіндігі ұсынылады, бұл жобалау уақытын
қысқартуға, бірнеше әзірлеушілер арасындағы өзара іс-қимыл жүйесін
құруға мүмкіндік береді.
Электр сұлбасын оны жобалау, сондай-ақ мұрағат жиынтықтарынан
алынатын дайын сұлбалар ретінде түзету мүмкін. Жобалау аяқталғаннан
кейін құрылымдаушының жобалау кезіндегі, сондай-ақ оны аяқтағаннан
кейін ықтимал қателердің автоматтандырылған бақылауы жасалады.
CADELectro AutoCAD ортасында жұмыс істейді.
AutoCAD MAP Autodesk Inc. Бағдарламалық өнімі – геоақпараттық
жүйелерді (ГАЖ) жасау, өңдеу және талдаудың кәсіби құралы ретінде
жайғастырылады. Ол сондай-ақ AutoCAD бағдарламасында негізделеді.
Бұл Drag&Drop технологиясының қолдауымен түрлі пішімдегі
картографиялық деректерді экспорттау және импорттау үшін тамаша
мүмкіндіктермен ерекшеленеді.
AutoCAD Mechanical автоматтандырылған жобалау жүйесі –
Autodesk Ink. компаниясының соңғы нұсқаларының бірі болып
табылады, ол өзіне AutoCAD-тың ағымдағы нұсқасының барлық
мүмкіндіктерін, сондай-ақ жалпақ машина жасайтын сызбаларды
дайындауға арналған қосымша арнайы функцияларын қамтиды. Пакет
машина жасайтын сызбаларды дайындау кезінде өнімділіктің артуын
қамтамасыз етеді, озық сипаттамалары мен пайдаланушылармен
ыңғайлы интерфейсі бар. Жүйе халықаралық стандарттарға қолдау
көрсетеді және машина жасау символдарының кітапханасымен
жабдықталған.
AutoCAD
Mechanical
нұсқасы
қазіргі
уақытта орыс тілінде қол жетімді.
Autodesk фирмасының 3D
Studio Max – IBM PC үшін 3D
анимация
ең
танымал
пакеттерінің бірі. Бағдарлама үш
өлшемді фильм құрудың барлық
үрдісін
қамтамасыз
етеді:
нысандарды
үлгілеу
және
сахнаны қалыптастыру, анимация
және бейнемен жұмыс істеу.
Оның көмегімен кез келген үш
өлшемді нысандардың пішіндерін
үлгілеуге,
реалистикалық
материал құруға, нысандардың
4.36-сурет. 3D Studio Max
жүйесіндеорындалған анимацияның
түрі
249
барлық параметрлерін жандандыруға және пішіні мен сыртқы түрі
бойынша ерекшеленетін бір нысандардың басқасына кезеңдік айналуын
үлгілеуге (морфинг) (4.36-сурет) және т.б. болады:
интерьерлерді сәулеттік жобалау мен құрылымдау;
теледидарда жарнамалық және ғылыми-жобалық роликтерді дайындау;
компьютерлік мультипликация және ойын фильмдерін түсіру;
компьютерлік ойындарды әзірлеу;
кітаптар мен журналдар үшін елестерді дайындау;
көркем және компьютерлік графика, веб-дизайн.
3D Studio Max — бірнеше текстураларды бір шекке салу мүмкіндігін,
нақты мөлдірлік пен бұлыңғыр бейнені, нысандарды бояуды қамтамасыз
ететін Direct 3D қолдайтын келесі буынның ойынды әзірлеуге арналған
ортасы, сонымен қатар тегіс емес беттің сәулесі немесе текстурасын құру
үшін әрбір пиксель немесе шың үшін жарықтандыру есебі бойынша
негізделген бояғыштың пайдаланушылық қызметтері, нақты баптаулары,
алдын ала қарау мен пішінін өзгертуі бар скелетті үлгілеудің үлкен жүйесі.
Арнайы қосалқы бағдарламаның (плагиннің) көмегімен барлық мүмкін
болатын өсімдіктерді үлгілеу ғана емес, сондай-ақ өсімдіктердің өсуін
ұқсатуға болады. Бұдан басқа, өсімдіктердің жыл мезгіліне байланысты
түрлері әртүрлі болуы мүмкін. Әртүрлі үлгілердің кеңейтілген
кітапханалары пайдаланушыларға Интернеттегі арнайы сайттарда
қолжетімді. Сондықтан, дәл осы 3D Studio Max көмегімен Голливудтың
«Жұлдызды соғыстар», «Титаник», «Юра кезеңінің паркі» және т.б. сияқты
жауөарлар құрылғанына таңданудың қажеті жоқ.
4.6.
Үстел баспа жүйелері
Үстел баспа жүйелері – бұл полиграфиялық баспалардың макеттерін
құруға арналған бағдарламалар: журналдар, газет, букет, кітаптар және т.б.
QuarkXPress және PageMaker пакеттері анағұрлым кең таралған болып
табылады.
Баспа ісінде революционерлердің бірі PageMaker пакетінің пайда
болуымен үстел баспа жүйелері нақты толық қанды болды. Бір жылдан
кейін QuarkXPress бағдарламасының бірінші нұсқасы шықты, және сол
сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін жалғасып келе жатқан нарықтағы
өнімнің ең үздігі лаузаымын иеленуге ымырасыз бәсекелестік басталды.
4.37-суретте QuarkXPress бағдарламасының іске қосылғаннан кейінгі
терезесінің сыртқы түрі келтірілген. Жұмыс беті, жоғарғы мәзір мен
бояғыштар көрініп тұр.
Бағдарламаның
маңызды
артықшылығы
беттерді
макеттеу
мүмкіндігінде қорытындыланады. Мәтіндік ағынның ерекшеліктерін
қолдана отырып кешенді беттеу, QuarkXPress пакетінің күшті нұсқалары –
стандартты құрауыш стандарттарын сақтай отырып, орналасудың
пішімдеуін өзгерту мүмкіндігі.
250
4.37-сурет. QuarkXPress бағдарламасының терезесі
Мысалы, құжаттардың
үлгілері құжатты пішімдеудің
қалыпты
параметрлерін тиімді сипаттауға көмектеседі және бұдан әрі ақырғы
беттеу кезінде уақыты айтарлықтай үнемдейді.
Бағандарды
басқару.
QuarkXPress
пакетінде
Өлшемдер
(Measurements) бояғышында жаңа сандарды көрсетіп, беттегі бағанның
санын өзгертуге болады, QuarkXPress сіздің орныңызға жаңа бағандарды
мәтінмен толтырады. PageMaker-де сізге бағандарды қолмен қосуға немесе
жоюға және толтырғышты мәтінмен орындауға тура келеді.
Мәтінді орау. Бәсекелестіктен тыс нысанның мәтінін орау бойынша
QuarkXPress мүмкіндіктері. Бағдарламаның соңғы нұсқаларына Безье
қисығы немесе кез келген пішін боксының бойына мәтін құру қызметі
қосылған. Сонымен қатар, бағдарлама енді импортталған кескіндердің қию
жолдары мен альфа арналары бойынша мәтінді орауды автоматты түрде
орындай алады. PageMaker пакетінде мәтінмен қолмен орап алу жолы
жасалады.
Мәтінді туралау. Сонымен қатар QuarkXPress пакетінде беттегі
мәтінді туралауды басқару оңай. Абзацтар мен жетекші арасындағы
аралықтар мәтін бағанның барлық биіктігін толтыратындай түрде
өзгеретін тік туралауды орнатуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |