Бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқыту үрдісінде оқу құралы ретінде қолдануға ұсынылады



жүктеу 2,59 Kb.
Pdf просмотр
бет79/110
Дата29.05.2018
өлшемі2,59 Kb.
#18395
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   110

248 
 
тізімдемесі  және  тіпті  бағалы  металдар  құрамының  тізімдемесі  болып 
табылады.  
Негізгі  электр  сұлбасын  жобалау  сатысында  барлық  формальды 
процедуралар  мүмкіндігінше  автоматтандырылған.  Құрылымдаушыға 
жобаны  жеке  функционалдық  тораптарға  жобаны  бөліп,  басқару 
жүйесін  жобалау  мүмкіндігі  ұсынылады,  бұл  жобалау  уақытын 
қысқартуға,  бірнеше  әзірлеушілер  арасындағы  өзара  іс-қимыл  жүйесін 
құруға мүмкіндік береді. 
Электр сұлбасын оны жобалау, сондай-ақ мұрағат жиынтықтарынан 
алынатын дайын сұлбалар ретінде түзету мүмкін. Жобалау аяқталғаннан 
кейін құрылымдаушының жобалау кезіндегі, сондай-ақ оны аяқтағаннан 
кейін  ықтимал  қателердің  автоматтандырылған  бақылауы  жасалады. 
CADELectro AutoCAD ортасында жұмыс істейді. 
AutoCAD MAP Autodesk Inc. Бағдарламалық өнімі – геоақпараттық 
жүйелерді  (ГАЖ)  жасау,  өңдеу  және  талдаудың  кәсіби  құралы  ретінде 
жайғастырылады. Ол сондай-ақ AutoCAD бағдарламасында негізделеді. 
Бұл  Drag&Drop  технологиясының  қолдауымен  түрлі  пішімдегі 
картографиялық  деректерді  экспорттау  және  импорттау  үшін  тамаша 
мүмкіндіктермен ерекшеленеді.  
AutoCAD  Mechanical  автоматтандырылған  жобалау  жүйесі  – 
Autodesk  Ink.  компаниясының  соңғы  нұсқаларының  бірі  болып 
табылады,  ол  өзіне  AutoCAD-тың  ағымдағы  нұсқасының  барлық 
мүмкіндіктерін,  сондай-ақ  жалпақ  машина  жасайтын  сызбаларды 
дайындауға  арналған  қосымша  арнайы  функцияларын  қамтиды.  Пакет 
машина  жасайтын  сызбаларды  дайындау  кезінде  өнімділіктің  артуын 
қамтамасыз  етеді,  озық  сипаттамалары  мен  пайдаланушылармен 
ыңғайлы  интерфейсі  бар.  Жүйе  халықаралық  стандарттарға  қолдау 
көрсетеді және машина жасау символдарының кітапханасымен  
жабдықталған. 
AutoCAD 
Mechanical 
нұсқасы 
қазіргі 
уақытта орыс тілінде қол жетімді.  
Autodesk  фирмасының  3D 
Studio  Max  –  IBM  PC  үшін  3D 
анимация 
ең 
танымал 
пакеттерінің  бірі.  Бағдарлама  үш 
өлшемді  фильм  құрудың  барлық 
үрдісін 
қамтамасыз 
етеді: 
нысандарды 
үлгілеу 
және 
сахнаны қалыптастыру, анимация 
және  бейнемен  жұмыс  істеу. 
Оның  көмегімен  кез  келген  үш 
өлшемді нысандардың пішіндерін 
үлгілеуге, 
реалистикалық 
материал құруға, нысандардың  
 
4.36-сурет. 3D Studio Max 
жүйесіндеорындалған анимацияның 
түрі 


249 
 
барлық  параметрлерін  жандандыруға  және    пішіні  мен  сыртқы  түрі 
бойынша  ерекшеленетін  бір  нысандардың  басқасына  кезеңдік  айналуын 
үлгілеуге (морфинг) (4.36-сурет) және т.б. болады: 
интерьерлерді сәулеттік жобалау мен құрылымдау; 
теледидарда жарнамалық және ғылыми-жобалық роликтерді дайындау;  
компьютерлік мультипликация және ойын фильмдерін түсіру;  
компьютерлік ойындарды әзірлеу;  
кітаптар мен журналдар үшін елестерді дайындау;  
көркем және компьютерлік графика, веб-дизайн. 
3D  Studio  Max  —  бірнеше  текстураларды  бір  шекке  салу  мүмкіндігін, 
нақты  мөлдірлік  пен  бұлыңғыр  бейнені,  нысандарды  бояуды  қамтамасыз 
ететін  Direct  3D  қолдайтын  келесі  буынның  ойынды  әзірлеуге  арналған 
ортасы, сонымен қатар тегіс емес беттің сәулесі немесе текстурасын құру 
үшін  әрбір  пиксель  немесе  шың  үшін  жарықтандыру  есебі  бойынша 
негізделген  бояғыштың  пайдаланушылық  қызметтері,  нақты  баптаулары, 
алдын ала қарау мен пішінін өзгертуі бар скелетті үлгілеудің үлкен жүйесі.  
Арнайы қосалқы бағдарламаның (плагиннің) көмегімен барлық мүмкін 
болатын  өсімдіктерді  үлгілеу  ғана  емес,  сондай-ақ  өсімдіктердің  өсуін 
ұқсатуға  болады.  Бұдан  басқа,  өсімдіктердің  жыл  мезгіліне  байланысты 
түрлері  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Әртүрлі  үлгілердің  кеңейтілген 
кітапханалары  пайдаланушыларға  Интернеттегі  арнайы  сайттарда 
қолжетімді.  Сондықтан,  дәл  осы  3D  Studio  Max  көмегімен  Голливудтың 
«Жұлдызды соғыстар», «Титаник», «Юра кезеңінің паркі» және т.б. сияқты 
жауөарлар құрылғанына таңданудың қажеті жоқ. 
 
4.6. 
Үстел баспа жүйелері  
Үстел  баспа  жүйелері  –  бұл  полиграфиялық  баспалардың  макеттерін 
құруға арналған бағдарламалар: журналдар, газет, букет, кітаптар және т.б. 
QuarkXPress  және  PageMaker  пакеттері  анағұрлым  кең  таралған  болып 
табылады.  
Баспа  ісінде  революционерлердің  бірі  PageMaker  пакетінің  пайда 
болуымен  үстел  баспа  жүйелері  нақты  толық  қанды  болды.  Бір  жылдан 
кейін  QuarkXPress  бағдарламасының  бірінші  нұсқасы  шықты,  және  сол 
сәттен  бастап  қазіргі  уақытқа  дейін  жалғасып  келе  жатқан  нарықтағы 
өнімнің ең үздігі лаузаымын иеленуге ымырасыз бәсекелестік басталды.  
4.37-суретте  QuarkXPress  бағдарламасының  іске  қосылғаннан  кейінгі 
терезесінің  сыртқы  түрі  келтірілген.  Жұмыс  беті,  жоғарғы  мәзір  мен 
бояғыштар көрініп тұр.  
Бағдарламаның 
маңызды 
артықшылығы 
беттерді 
макеттеу 
мүмкіндігінде  қорытындыланады.  Мәтіндік  ағынның  ерекшеліктерін 
қолдана отырып кешенді беттеу, QuarkXPress пакетінің күшті нұсқалары – 
стандартты  құрауыш  стандарттарын  сақтай  отырып,  орналасудың 
пішімдеуін өзгерту мүмкіндігі.   


250 
 
 
 
4.37-сурет. QuarkXPress бағдарламасының терезесі 
Мысалы,  құжаттардың 
үлгілері  құжатты  пішімдеудің 
қалыпты 
параметрлерін  тиімді  сипаттауға  көмектеседі  және  бұдан  әрі  ақырғы 
беттеу кезінде уақыты айтарлықтай үнемдейді.  
Бағандарды 
басқару. 
QuarkXPress 
пакетінде 
Өлшемдер 
(Measurements)  бояғышында  жаңа  сандарды  көрсетіп,  беттегі  бағанның 
санын  өзгертуге  болады,  QuarkXPress  сіздің  орныңызға  жаңа  бағандарды 
мәтінмен толтырады. PageMaker-де сізге бағандарды қолмен қосуға немесе 
жоюға және толтырғышты мәтінмен орындауға тура келеді.  
Мәтінді  орау.  Бәсекелестіктен  тыс  нысанның  мәтінін  орау  бойынша 
QuarkXPress  мүмкіндіктері.  Бағдарламаның  соңғы  нұсқаларына  Безье 
қисығы  немесе  кез  келген  пішін  боксының  бойына  мәтін  құру  қызметі 
қосылған. Сонымен қатар, бағдарлама енді импортталған кескіндердің қию 
жолдары  мен  альфа  арналары  бойынша  мәтінді  орауды  автоматты  түрде 
орындай  алады.  PageMaker  пакетінде  мәтінмен  қолмен  орап  алу  жолы 
жасалады. 
Мәтінді  туралау.  Сонымен  қатар  QuarkXPress  пакетінде  беттегі 
мәтінді  туралауды  басқару  оңай.  Абзацтар  мен  жетекші  арасындағы 
аралықтар  мәтін  бағанның  барлық  биіктігін  толтыратындай  түрде 
өзгеретін тік туралауды орнатуға болады.  
  


жүктеу 2,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау