Бағдарламасын бекіту туралы


Параграф. БРТЖП мамандары бойынша сынақтан өту мерзімі



жүктеу 9,42 Mb.
бет14/38
Дата04.12.2017
өлшемі9,42 Mb.
#3211
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38

2 Параграф. БРТЖП мамандары бойынша сынақтан өту мерзімі
      378. Кәсіби дайындықты аяқтап, жұмыс орнында сынақтық мерзімнен өткен (ИКАО терминологиясы бойынша- (ОРМ) жұмыс орнында, білікті нұсқаушының қадағалауымен жұмыс орнында (OJT).) Байланыс және ҰРТҚЕ объектілеріне өзіндік жұмысқа БРТЖП бойынша мамандары жіберіледі.
      379. Сынақтан өту мерзімі тәжірбиеде алынған білімі, дағдыларын және іскерліктерін бекіту үшін және жергілікті жердің ерекшеліктеріне қарай электро байланыс ҰРТҚЕ объектілерінде қызметтік міндеттерді орындау үшін өткізіледі:
      1) өзіндік жұмысқа рұқсатнама алу үшін;
      2) байланыс пен ҰРТҚЕ бір объектіден екінші объектіге ауысқанда немесе аэронавигациялық ұйымдардың бөлімшелерін ауыстырғанда, бөлімшелер;
      3) кейінгі біліктілік дәрежен игергенде (растау);
      4) жұмыстан 6 (алты) айдан жоғары үзіліс болғанда;
      5) апаттық, штаттық емес және төтенше жағдайлардағы әрекеттерді өңдеу;
      6) авиациялық оқиғаларға немесе авиациялық келіспеушілікке әкеліп соқтырған бұзушылықтан соң;
      7) функционалды міндеттерін атқарудағы маманның қабілеттерін тексеру қажеттілігі болғандағы басқада жағдайларда.
      380. Сынақтан өткізуші жетекшісі (нұсқаушы) мақсатты, объектіні, басталу және аяқталу мерзімдерін анықтайды. Бір жетекшіге (нұсқаушыға) сынақтан өтушілер саны алты адамнан аспау қажет.
      381. Нұсқаушы сынақтан өтуші туралы объективті деректердің және жеке әңгімесінің негізінде сынақтан өтуге жеке жоспарын құрастырып, қажеттілік туындалған жағдайда нұсқаушы сынақтан өту жоспарына өзгерістер енгізеді.
      382. Сынақтан өтуге жеке жоспарды құру барысында қосымша сынақтан өтушіні қосымша тесттілеу рұқсат етіледі.
      383. Сынақтан өту барысында оқытылып, үйретіледі:
      1) қызметтік нұсқаулар, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы, авиациялық қауіпсіздік, объектілердің ішіндегі тәртіп және жұмыс объектісінің тәртібі бойынша нұсқаулар;
      2) маманға тиесілі нормативті құжаттамалар;
      3) жұмыстың құрылымдылық сызбанұсқасы, электро жабдықтау, объектіні бақылау мен байланыс, техникалық сипаттау, объектіде қондырылған техникалық пайдалану нұсқаулары, ережелері және жабдыққа қызмет көрсетудегі уақыт мерзімі;
      4) объектінің негізгі жабдықтарын, электро жабдықтарының қайнар көзін, байланыс пен басқару жүйесінің сақтандыру тәртібі;
      5) пайдаланған мерзімдегі өндірілген зауыттың сызбанұсқасындағы өзгерістер, аппаратураның және жабдықтың тұжырымдамасы;
      6) жабдықтың тәжірбиелік пайдаланылуы, объектілерде пайдаланылатын бақылау-өлшегіш аппаратурасы, объектінің пайдаланылатын құжаттамасы және оны енгізу;
      7) ҰРТҚЕ объектілерін және байланысты метрологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету талаптары;
      8) жергілікті жағдайлардың ерекшеліктеріне қатысты немесе сынақтан өтушінің маманының ерекшелігіне сынақтан өтуге қарастырылған басқа ережелер мен талаптар;
      384. Кейін сынақтан өту жетекшісі сынақтан өтушілердің білімін тексеріп, тәжірбиелік жұмысқа дайындығы туралы шешім қабылдайды.
      385. БРТЖП қызметкерлері бойынша сынақтан өту мерзімі 3 айға дейінгі уақыт анықталады, аталған профиль бойынша жұмыс өтілі барларға – 1 айға дейінгі мерзім анықталады.
      386. Өзіндік техникалық қызмет көрсетуге сынақтан өтуші қажетті деңгейде теориялық білімін, тәжірбиелік дағдыларын игермеген жағдайда және байланыс пен ҰРТҚЕ жабдықтарының жұмыс істеу жағдайын қалпына келтіру, сонымен қатар себепті жағдайлармен 1 айдан аспай үзіліс болғанда сынақтан өту жетекшісінің баяндамасы негізінде (нұсқаушы) сынақтан өту мерзімі созылуы мүмкін.
      387. Қызметкерлердің сынақтан өту мерзімі техникалық қызмет көрсетуде және байланыс пен ҰРТҚЕ жабдықтарының жұмыс істеу жағдайын қалпына келтіру қажеттілігі болғанда теориялық білімі мен тәжірбиелік дағдыларын тексерумен аяқталады.
3 Параграф. БРТЖП мамандары бойынша кәсіби деңгейін қолдау
      388. Құзыретті бағалау элементтерін қоса, кәсіби деңгейді қолдау бағдарламасының мазмұны бастапқы дайындықта (қайта даярлауда) және 36 сағаттан кем емес көлемде жаңадан игерілген білім мен дағдыларды растауын қамтамасыз етеді.
      389. Кәсіби деңгейді қолдау курстар, тренингтер және семинарлар түрінде, сонымен қатар осы типтік бағдарламада көрсетілген бастапқы дайындық тақырыбының мерзімділігіне байланысты қашықтық түрде де ұйымдастырылады және талап етілетін мерзім бойынша бірге жүргізілетін бір ғана курстық түрінде де, жеке модульдік түрінде де жүзеге асырылады.
      390. Инженерлі-техникалық қызметкерлердің, қызмет жетекшілерінің және бөлімшелердің кәсіби дәрежелерін қолдау әр үш жылда өткізіліп отырады.
      391. Кәсіби дәрежені қолдау төменде көрсетілген мақсатында жүргізіледі:
      1) мамандандыру бойынша кәсіби деңгейдің мерзімділік қолдау;
      2) байланыс пен ҰРТҚЕ жабдықтарын техникалық пайдалануының жаңа рәсімдерін игеру, CNS/ATM даму бағдарламасына сәйкес жүйелердің жетілдіруі туралы тұжырымдамалары;
      3) ҰРТҚЕ жүйесінің жұмыс қабілетінің нашарлаған жағдайда, апаттық, қауіпті және штаттық емес жағдайлардағы әрекеттерге үйрету;
      4) жұмыстан 6 айдан жоғары үзіліс болғанда мамандардың кәсіби дағдыларын қалпына келтіру.
      392. Кәсіби дәрежені қолдаудың міндетті түрде іске асыру мақсаты алдындағы пункттің 1 және 3 бөлімшелерінде көрсетілген.
      393. ҰРТҚЕ және байланыс жабдықтарын техникалық пайдалану, жүйені жетілдіруге тұжырымдамасын жаңа рәсімдерін игеру, жүйені CNS/ATM мерзімінде дамыту жоспарлар мен бағдарламалардың, ұйымның анықталған даму жоспарының негізінде игеріліп техникалық оқу, тәжірбиелік дайындық, сонымен қатар жеке курстар және тренингтер түрінде авиациялық орталықтарында аэронавигациялық ұйымдарында жүзеге асырылады. Бағдарламаның (жоспардың) өкілетті органдарда бекітілуін талап етпейді.
      394. Жеке жағдайларда және жеделдік қажеттілікте кәсіби дайындық келесі мерзімділіктен кеш болмай жоспардан тыс жүргізілуі мүмкін.
      395. Жұмыстан 6 айдан жоғары үзілістен кейін мамандардың кәсіби дағдысының қалпына келтірілуі жүзеге асырылады:
      1) 6 айдан 12 айға дейін жұмыста үзіліс болса-жұмыс орнында тәжірбиелік дағдылары тексеріледі;
      2) жұмыстан бір жылдан жоғары үзіліс болса- кәсіби дәрежені қолдау бағдарламасы бойынша оқулар және сынақтан өту түрінде жүргізіледі. Маманның кәсіби дәрежесінің дайындылығына қарай сынақтан өту көлемі бастапқы рұқсатнамаға белгіленген 70% төмен болмауы керек.
4 Параграф. БРТЖП мамандықтары бойынша қайта даярлау
      396. Аталған кәсіби дайындық түрі БРТЖП бойынша мамандары айтарлықтай жұмыс пішіні өзгерген кезде, жаңа және жабдықты жетілдіруді енгізгенде біліктілік мамандармен қамтамасыз ету үшін, мамандарды қызметке орналастыру қажеттілігі болғанда, жеке объектілердің қызмет пішіні және қызмет көрсету рәсімдері өзгеріске ұшырағанда қосымша дайындық деңгейін және мамандандыруды талап еткенде өткізіледі.
      397. Қайта даярлау бағдарламасы тиесілі құрғылардың және жүйелердің тұжырымдамасын үйренуін, тиесілі құжатнамаларды қолдануды, ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірбиелік әдістерін пайдалану және қамтамасыз етуді қосу қажет.
      398. Қайта даярлау бағдарламасын игергеннен соң тиесілі сынақтан өту мерзімі өткізіледі.
      399. Нақты назарланған жұмыс саласына немесе қызметкерлердің міндеттерінің негізінде ҰРТҚЕ мамандары бойынша қайта даярлау арнайы дайындық түрінде жүргізіледі және жүзеге асырылады:
      1) БРТЖП жабдықтарының жаңа түрін қайта оқып игеруіне және байланыс пен БРТЖП нақты жабдықтарына және жүйелеріне қызмет көрсету құқығының алуына;
      2) пайдаланудың жаңа технологиясын игеру;
      3) авиациялық оқиғаға немесе авиациялық келіспеушілікке әкеліп соқтырған апаттық, қауіпті және штаттық емес жағдайлардағы және бұзушылықтан соң әрекеттері бойынша өзгерулерді өңдеу;
      4) ҰРТҚЕ бойынша жұмысының уақытты; реттейтін,нормативті-құқықтық талаптардың елеулі өзгеріске ұшыраған жағдайда;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылатын басқа да жағдайларда.
      400. Арнайы дайындық тәжірбиеде нақты білім, дағды және іскерлікті бекітіп, жұмыс орнында пайдаланылатын жабдықтарда қызметтік міндеттердің орындалып жұмыс орнында үйрететін білікті нұсқаушының қадағалауымен шынайы жағдайда алдында алынған білімдер мен дағдылардың шынайы инеграциясына бағытталған. Аталған дайындық байланыс пен БРТЖП бойынша нақты жабдықтарды пайдалануға рұқсатнамаға айналған жүйе мен жабдықтарға тиесілі білім мен дағдының аяқталу кезеңі болып табылады.
      401. ҰРТҚЕ бойынша қызметтерді арнайы дайындау аэронавигациялық ұйымдарда тәжірбиелік дайындық түрінде де (қажет болған жағдайда), жеке курстар, тренингтер түрінде де авиациялық оқу орталығында да жүзеге асырылады. Өкілетті органдарда дайындық бағдарламасын бекіту қажет етілмейді.
      402. арнайы дайындық теориялық білімі мен тәжірбиелік дағдыларын тексерумен, қажетті техникалық жабдықтарға қызмет көрсетуде және БРТЖП мен байланыс объектілерінің жабдықтарының жұмыс істеу қабілетін қайта қалпына келтіруімен аяқталады.
24 Бөлімше. Ұшуды электро жарық техникасымен қамтамасыз етуші
мамандарды (маман, әуежайлардағы жабдықтарды электро жарық
техникасын пайдалану бойынша инженерлі-техникалық қызметкерлер)
кәсіби дайындаудың типтік бағдарламасы
      403. Ұшуды электро жарық техникасымен қамтамасыз етуші мамандарын кәсіби дайындау бойынша осы типтік бағдарламасы мамандардың кәсіби дайындалуларына тікелей ұшуды электро жарық техникасымен қамтамасыз етуші қызметтерін орындайтын мамандарының «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуының электро жарық техникасымен қамтамасыз етуінің ережелері» мерзімделініп, «ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін,авиациялық қызметкерлердің кәсіби дайындығының ережелеріне» сәйкес арналған.
      404. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациялық саласындағы нормативтік-құқықтық актілерімен айқындалынатын кәсіби дайындыққа жаңа және қосымша талаптар қосымша және арнайы курстар мен тренингтер қажеттілік туындалғанда азаматтық авиация ұйымының қарастыруымен өткізіледі.
      405. Электро жарық техникалық қамтамасыз ету мамандарының ұшуға алғашқы дайындығы міндетті түрде бастапқы кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін, алғашқы қабылданғандар үшін өткізіледі. Осыған дейін азаматтық авиация саласына ұқсас мамандандырылған болса дайындықты қажет етпейді.
      406. Қазақстан Республикасының «Электроэнергетика туралы» заңына сәйкес дайындалған құқықтық-нормативтік актілерінің уақытын өлшей келе, оқыту уақытынан тәуелсіз алғашқы дайындық мөлшері 48 сағатты құрайды.
      407. Ұшуларды электротехникалық қамтамасыз ету мамандарын қайта дайындау азаматтық авиация кәсіпорындарында құрылғыларды құрастырушылардың бағдарламасы бойынша жаңа жүйелер мен технологияларды пайдалануға енгізу арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ АУЦ ГА. Бағдарламасы бойынша да іске асады. Бағдарлама азаматтық авиация саласында өкілетті ұйымдардың міндетті келісімін қажет етпейді Кәсіптік деңгейді өз қалпында сақтап қалу, курстардан өту, тренинг және семинарлар, оның ішінде қашықтықтан, бастапқы дайындықтың типтік тақырыптық бағдарламасына сәйкес және 5 жылға жүйелену арқылы жүзеге асады.
      408. Кәсіптік деңгейді өз қалпында сақтап қалу,курстардан өту, тренинг және семинарлар, оның ішінде қашықтықтан, алғашқы дайындықтың типтік тақырыптық бағдарламасына сәйкес және 5 жылға жүйелену арқылы жүзеге асады.
      409. Қазақстан Республикасының «Электроэнергетика туралы» заңына сәйкес дайындалған құқықтық-нормативтік актілерінің уақытын өлшей келе,оқыту уақытына байланысты кәсіптік деңгейді қалпында ұстаудың жалпы курстық сағаты 24 сағатты құрайды.
      410. Іске асырылып отырған кәсіптік дайындықтың түріне қарамастан оқудың соңында маманның білімі тексеріледі. Білімді тексеру аяқталғаннан кейін курстан өтуші маман тиесілі құжатқа ие болады.
      411. Алғашқы дайындық пен қайыра дайындалу аяқталған соң, жұмыс орынында сынақ ісінен өтеді. Сынақ ісі маман өтетін азаматтық авиациялық кәсіпорынның уақыт өлшемімен сәйкестендіріледі.
      412. Алғашқы дайындықтар аз дегенде төмендегідей қажетті білімдерді меңгеруін қамтамасыз ету осы Үлгілік бағдарламаның 32-қосымшасында берілген.
      413. Алғашқы дайындық пен қайта дайындау да алған кәсіптік деңгейді қалыпында ұстау бағдарламасының мазмұны бойынша, біліктілікті бағалайтын элементтерді қосқанда, біліктілік пен білімді қамтамасыз етеді.
      414. Кәсіптік деңгейді қалыпында ұстау төмендегідей мақсаттар бойынша өткізіледі:
      1) кәсіптік деңгейді қалыпында ұстауды мамандық бойынша үздіксіз жүйелі түрде қадағалау;
      2) штаттан тыс,кездейсоқ, қауіпті, апатты жағдайдағы әрекеттерді үйрету; 6 айдан көп үзілісте болған мамандардың кәсіптік білігін қалыпына келтіру.
25 Бөлімше. Азаматтық авиация кәсіпорындарының жетекшілерін
кәсіби дайындаудың типтік бағдарламасы
      415. Осы категориядағы сала қызметкерлеріне арналған, АУЦ ГА оқу бағдарламасында қамтылған, бұл типтік бағдарлама азаматтық авиация кәсіпорындарының жетекшілерін кәсіби дайындауда оқытудың қысқа мазмұнын қамтиды.
      416. Азаматтық авиация кәсіпорындарының жетекшілері қатарына алғашқы жетекшілер (бас директор, директор, президент, вице-президент т.б.) және штаттық орынбасарлар жатады.
      417. Азаматтық авиация кәсіпорындарының жетекшілері қатарына алғашқы жетекшілерінің қосымша және мамандандырылған курстары мен тренингтары өз қалауынша,кәсіпорындардағы өндірістік үрдісте білімдерін кеңейту үшін, сондай ақ басқа да салаларда қызмет ету үшін өтеді.
      418. Кәсіптік дайындықтың толық циклі курстардан өтумен қатар, тренингтер мен семинарлар, оның ішінде қашықтықтан, көрсетілген типтік бағдарлама тақырыбына сәйкес өтеді және 3 жылды құрайды.
      419. Оқыту бірыңғай курстық формада ұйымдастырылуы мүмкін. 3 жылда бір рет жеке модуль ретінде де 3 жыл мерзімінде жүзеге асу қажет.
      420. Қайтадан басқа жетекшілік қызметке тағайындау жағдайында өтілген курс немесе модульді курсты өткен күннен бастап бес жылға дейін күшін жоймайды.
      421. Осы бағдарламаны жүзеге асыруда азаматтық авиация кәсіпорындарының жетекшілері алғашқы жетекшілер қатарына (бас директор, директор, президент, вице-президент т.б) және штаттағы орынбасарлар жатады. АУЦ ГА жетекшілік ететін жұмыскерлері немесе азаматтық авиация оқу ұйымдары да жатады.
      422. Азаматтық авиация кәсіпорындарының жетекшісінің семинарға тақырыпқа және типтік бағдарламаның бірден бір бөліміне толық сәйкес қатысуы және құжатпен расталу (сертификат, куәлік, диплом жеке куәлік).
      423. Азаматтық авиация саласының жетекшілерін оқыту бағдарламасы келесі аспектілерді зерттеуді қарастыру осы Үлгілік бағдарламаның 33-қосымшасында берілген.
26 Бөлімше. Теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі
маманды кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары
      424. Осы Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі мамандарды кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары келесілерді кәсіптік даярлаудың қағидаларын, ұйымдастырылуын, тәртібі мен минималды көлемін, сондай-ақ өз бетімен жұмысқа қатынауды анықтайды:
      1) теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маман;
      2) теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маман-нұсқаушы.
      425. Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі мамандарды кәсіптік даярлау кәсіпті игеру, жаңа технологияларды зерделеу, қызметтің саласын өзгерту немесе кеңейту, апаттық, штаттан тыс жағдайларда және жүйелердің жұмысқа жарамдылығы нашарлаған кезде орындалатын қызметтік міндеттерге сәйкес келу үшін жүргізіледі.
      426. Теңіз қондырғысына тікұшақты қондыру жөніндегі маманды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау келесі кезеңдерден тұрады:
      1) Теориялық даярлау;
      2) Тәжірибелік даярлау.
      427. Бастапқы даярлау және қайта даярлау көрсетілген мамандар үшін біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұлғалар қатарынан жүргізіледі және кемінде 76 сағат құрайтын даярлаудың жалпы көлемімен жүргізіледі.
      428. Кәсіптік деңгейді ұстау 24 айда бір рет мерзімділікпен және кемінде 40 сағат құрайтын жалпы көлеммен жүргізіледі.
      429. Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейді ұстау көлемі азаматтық авиация саласында уәкілетті органмен бекітілетін, АА АОО тиісті бағдарламаларымен реттеледі және келесі өлшемдерге сәйкес келеді:
      1) авиациялық персонал тұлғалары ішінен теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманды бастапқы даярлау кезінде даярлаудың жалпы көлемі кемінде 40 сағат болу тиіс;
      2) авиациялық білімі болмайтын тұлғалар ішінен теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманды бастапқы даярлау кезінде даярлаудың жалпы көлемі кемінде 76 сағат болу тиіс;
      3) теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманды бастапқы даярлау кезінде - тыңдаушының 4-ші деңгейден кем емес ИКАО тіл білімінің шкаласы бойынша игеру деңгейін растайтын әрекеттегі сертификаты болу тиіс;
      4) теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі маманды бастапқы даярлау кезінде - тыңдаушының авиациялық станция операторының әрекеттегі куәлігі болу және теңіз қондырғыларында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі болу тиіс.
      430. Құзыреттіліктерді бағалау элементтерін қоса алғанда, кәсіптік деңгейді ұстау бойынша бағдарламалар мазмұны кемінде 40 сағат құрайтын көлеммен бастапқы даярлау, қайта даярлау кезінде алынған және енді игерілген білім мен дағдының расталуын қамтамасыз етеді.
      431. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында нормативтік-құқықтық акттермен анықталатын кәсіптік даярлауға қойылатын жаға және қосымша талаптарды енгізу кезінде, оларды кәсіптік даярлау бағдарламаларында іске асыру міндетті болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны барабар өзгереді.
      432. Теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі мамандарды бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау кем дегенде келесі салаларда, қажетті білімді зерделеу мен көрсету осы Үлгілік бағдарламаның 34-қосымшасында берілген.
      433. Теориялық даярлау аяқталған соң тәжірибелік даярлау білікті нұсқаушылардың басшылығымен бекітілген бағдарлама бойынша жаттығу құралын немесе арнайы жабдықты пайдаланумен жүргізіледі.
      434. Тыңдаушылардың сабақ үлгерімін бақылау ағымдағы, аралық және қорытынды бола алады, және техникалық құралдарды пайдаланумен, соның ішінде компьютерлік техниканы, сауалнама жүргізу, сынақ жүргізу, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша бақылау жұмыстары әдістерін пайдаланумен жүзеге асырыла алады.
      435. Теориялық және тәжірибелік даярлау сәтті аяқталған соң теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі білікті мамандар-нұсқаушыларының басшылығымен өз бетімен жұмыс істеуге қатынау үшін тиісті өндірістік тағылымдама жүргізіледі.
      436. Теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маман-нұсқаушының басшылығымен теңіз қондырғысында тағылымдаманың минималды көлемі азаматтық авиация саласында уәкілетті органға өз бетімен жұмыс істеуге өтініш берер алдында тікелей 6 ай бойы қызмет көрсетілетін тікұшақтарды кемінде 75 ұшу мен қондыруды құрау тиіс.
      437. Тағылымдама келесілер сияқты, білімді, дағды мен іскерлікті алуды қамтамасыз ету тиіс:
      1) вертодромның бас жоспарын және оның физикалық сипаттамаларын зерделеу;
      2) нысанда ұйымдық құрылымды зерделеу;
      3) әуе кеңістігінің құрылымын зерделеу;
      4) вертодром нысандарын зерделеу;
      5) жұмыс орнында жұмыстың жалпы технологиялық үдерісін зерделеу;
      6) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты зерделеу (вертодромның аэронавигациялық төлқұжаты;
      7) нақты жұмыс орнында пайдаланылатын анықтамалық материалмен және рәсімдермен танысу;
      8) аралас жұмыс тармақтарымен, ұшуды бақылау және үйлестіру огандарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен ерекшеліктерін зерделеу;
      9) жұмыс орнының метеорологиялық қамтамасыз етуімен танысу;
      10) жұмыс нысанында радиотехникалық, жарық-сигналдық, метеорологиялық, отын-май құятын, өртке қарсы және апаттық-құтқару жабдығымен танысу;
      11) жерүсті байланыс құралдарымен танысу;
      12) жұмыс тармағын (жабдық пен оны пайдалану) және жұмыс жағдайларының ерекшеліктерін зерделеу;
      13) нақты жұмыс орнында теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маманның жұмысына қатысты рәсімдерді, нұсқаулықтар мен басқа нормативтік құжаттаманы зерделеу және оны тәжірибеде қолдану;
      14) вертодромда апаттық орай әрекет ету бойынша рәсімдер мен әрекеттерді зерделеу;
      15) тәжірибелік қызмет (даярлау).
      438. Осыдан кейін теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маманмен тағылымдамадан өтушінің білімін тексеру және тәжірибелік даярлаудың басталуына тағылымдамадан өтушінің дайындығы туралы шешім қабылдау жүргізіледі.
      439. Тәжірибелік даярлау теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маманның жұмыс орнында жүргізіледі.
      440. Тәжірибелік даярлау жұмыс орнында нұсқаушының рәсімдерді нұсқаушылық көрсетуден және оператор-нұсқаушының бақылауымен теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маман ретінде тағылымдамадан өтушінің жұмысынан тұрады.
      441. Теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маман үшін нұсқаушылық көрсету келесілермен сүйемелденетін, тағылымдамадан өтуші болған кезде теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маман-нұсқаушының тәжірибелік жұмысын қарастырады:
      1) жұмыс ахуалының сипаттамалық мысалдарын түсіндіру;
      2) жұмыс ахуалын бақылаудың тәсілдері мен рәсімдерін түсіндіру;
      3) тиісті ақпарат пен шешімдерді қабылдау мен алу себептерін түсіндіру;
      4) ӘК-мен жұмыс істеген кезінде назарды бөлу бойынша ұсынымдар;
      5) жабдықты пайдалану бойынша ұсынымдар;
      6) аралас жұмыс тармақтарымен және қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі бойынша ұсынымдар.
      442. Теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маман ретінде тағылымдамадан өтушінің жұмысы оператор-нұсқаушының бақылауымен теңіз қондырғыларына тікұшақты отырғызу жөніндегі маманның функцияларын жартылай немесе толық орындауды қарастырады және сүйемелденеді:
      1) ахуалдың дамуын және тағылымдамадан өтушінің әрекеттерін маман-нұсқаушының үздіксіз бақылауы;
      2) тағылымдамадан өтушінің әрекеттеріне дер кезінде кедергі жасауға маман-нұсқаушының тұрақты даярлығы;
      3) тағылымдамадан өтушінің қиындықтары туындаған кезде маман-нұсқаушының түсіндірмелерді, ұсынымдар беру мен жәрдем көрсету.
      443. Тағылымдамадан өткен соң тікұшақты отырғызу жөніндегі маман-нұсқаушы алынған білімді, дағды мен іскерлікті тиісті тексеруді жүргізіп, тағылымдамадан өтушінің жұмыс орнында өз бетімен қызмет жасауға даярлығы туралы шешім шығарады.

1 Параграф. Теориялық даярлық
      83. Міндетті теориялық даярлық жеке пилоттардың тікұшақта сертификатталған неғұрлым ауыр 2250 кг дейін салмақпен ұшу бойынша жалпыға ортақ болып табылады.
      84. Теориялық даярлық оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлінген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.
      Оқу сабақтарының жалпы көлемі 150 сағаттан кем болмауы керек.
      85. Авиациялық оқу орталығы нақты тікұшақ типіне арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.
      Тікұшақта ұшатын жеңіл авиация пилоттарының теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 7-қосымшасында берілген.
      86. LAPL(Н) теориялық даярлау курсын аяқтаған соң үміткер төмендегідей саладағы білімдерді игерген болуы керек:
      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметтері жөнінде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, жеңіл авиация пилотының куәлігін иеленгендердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (Light aircraft pilot license-LAPL);
      ұшу негіздері;
      осы әуе кемесі типіндегі әуе кемелерінің конструкцияларын жалпылай білу;
      күштің қондырғыларды, жүйені және аспаптық жабдықтарды пайдалану және олардың жұмыс принциптері;
      осы әуе кемесі типіндегі және олардың күштік қондырғыларын пайдалану кезіндегі шектеулер;
      ұшуды пайдалану немесе соған баламалас құжаттардың нұсқаулықтары бойынша пайдалану мәліметтері;
      ұшу сипаттарына, салмақ есептеулері мен ауырлық кіндігіне (орталығы) жүктерді жүктеу мен бөлудің әсері;
      пайдалану құжаттарында көрсетілген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды іс-тәжірибеде пайдалану;
      ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелері бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;
      әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;
      адамның мүмкіндіктері, оның ішінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау принциптері;
      авиациялық метеорологиялық мәліметтерді, карталарды және болжамдарды түсіну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртібі, биіктікті, қауіпті метеорологиялық жағдайларды, биіктік өлшегіш қондырғылардың өлшемдерін өлшеу;
      аэронавигацияның тәжірибелік аспектілері (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсілдері, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
      пайдалану кезінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау тәсілдерін қолдану;
      аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;
      апатты жағдайда, оның ішінде қауіпті метео жағдайды айналып өту мақсатында, әуе кемесінің жол іздерінің турбуленттігі және ұшуға қауіпті басқа құбылыстар кезінде тиісінше сақтандыру шаралары мен әрекеттерді қолдану;
      көзбен шолу ұшуларының ережелері бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгізу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет.
      ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзімдік қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттарды жүргізу.
жүктеу 9,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау