4. Ауыспалы егістер бойынша топырақ өңдеу жүйесін жобалау



жүктеу 61,42 Kb.
бет1/14
Дата25.01.2023
өлшемі61,42 Kb.
#41017
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
ЛПЗ 4


4. Ауыспалы егістер бойынша топырақ өңдеу жүйесін жобалау

Мақсаты: Ауыспалы егістердің түрлеріне байланысты топырақ өңдеу жүйесін жобалап техникалық картаны құрастыруды үйрену


Тапсырма:



  1. Топырақты өңдеудiң теоретикалық ережелерiмен танысу.

  2. Әр түрлi дақылдар үшiн күзгi және себер алдындағы топырақты өңдеудi талдау және дәлелдеу.

  3. Берiлген сүрi танаптың өңдеу технологиясын жасау.

  4. Ауыспалы егiсте топырақты өңдеу жүйесiн жасау.



Топырақты өңдеудiң мақсаттары мен технологиялық операциялары.
Топырақты өңдеу егiншiлiкте қуат көп кететiн және қымбат шара болып саналады. Қазiргi уақытта дақылдарды өңдеудiң жалпы жұмыстар көлемiнен оған 40% энергетикалық және 75% еңбек шығыны кетедi (Рассадин А.ß. 1985). Егер топырақты-климатты жағдайлармен дақылдар талабына байланысты қолданған топырақты өңдеу шаралары дәлелденген болса ғана, энергетикалық ресурстардың көп шығындары тиiмдi болады.
Топырақты өңдеу деген өсiмдiктердiң тамыр жүйесiнiң қалыптасып, дамуына қолайлы жағдай туғызу үшiн топыраққа машина мен құралдардың жұмыс органдарымен механикалы әсер етуi. Топырақты өңдегенде келесi мақсаттар шешiледi:
 топырақтың жыртылатын қабатында қолайлы құрылыс пен ұсақ түйiршiктi құрылым жасау. Ылғалдылығы жеткiлiксiз жағдайда капиллярлы қуыстылық капиллярсыз қуыстылықтан 2-3 есе асу керек;

  • арамшөптердi, ауру қоздырғыштарды және зиянкестердi құрту;

  • көпжылдық өсiмдiктердiң шымын құрту;

  • органикалық және минералды тыңайтқыштарды, гербицидтердi, арамшөптердiң тарайтын вегетациялық мүшелерi мен тұқымдарын, өсiмдiк қалдықтарын (керектi жерде) енгiзу;

  • топырақтың жыртылатын қабатында қоректiк заттардың қайта таралуы арқылы және микробиологиялық процесстердi белсендiру арқылы топырақтың қоректiк режимiн жақсарту;

  • мәдени дақылдардың тұқымын енгiзу үшiн қолайлы жағдай туғызу;

  • топырақтың жыртылатын қабатын арттыру және оны мәдениелендiру;

  • келесi далалы жұмыстарды (себу, егiндi күту, өнiмдi ору т.б) өткiзу үшiн қолайлы технологиялық жағдай туғызу;

  • болуы мүмкiн терiс әсердi алдын ала қайтару (шамадан тыс шаңдануы, тығыздалуы ж.б.).

Эрозия болудың қауiптiлiгi бар ылғалы жеткiлiксiз аймақтарда топырақ өңдеудiң негiзгi талаптарының бiрi - топырақты минималды шаңдату мен топырақ бетiндегi өсiмдiк қалдықтырын максималды сақтау.
Бұл және басқа да мақсаттарды шешу үшiн қопсыту, аудару, араластыру, тығыздау, тегiстеу, арамшөптердi кесу, профильдеу (сала, жүйектер және басқа жасау) сияқты технологиялық операциялардың көмегiмен жасалынады.
Қопсыту – топырақты өңдеудiң негiзгi технологиялық операциясы, ол арқылы жыртылатын қабаттың құрылысы өзгередi. Өсiмдiктердiң дұрыс өсiп-дамуы үшiн топырақтың оңтайлы тығыздығы керек. Дақылдардың көбi үшiн ол 1,1-1,3 г/см3 аралықта болады. Терең қопсытқанда өсiмдiктердiң тамырлары аналық жынысқа жетедi.
Қопсытқанда бiржола топырақтың агрегаттарға уатылуы да жасалынады, жел эрозиясы бар аймақтарда топырақтың беткi қабатында диаметрi 1 мм ден ұсақ агрегаттардың көп болғаны дұрыс емес, өйткенi олардың эрозияға шалдығуы мүмкiн.
Қопсыту үшiн соқаларды, сыдыра жыртқыштарды, культиваторларды, ротациалы тырма (мотыга), чизельдi культиваторлар, фрезалар, жазықкескiш терең қопсытқыштар, Мальцев соқасы қолданылады.
Аудару – топырақ қабаттарын тiгiнен өзара аудару. Бұл операцияда топырақтың жоғарғы өңделетiн бөлiгi астына аударылып, астыңғы жағы үстiне шығарылады. Аудару тыңайтқыштарды, гербицидтердi, арамшөптердiң тұқымдары мен вегетативтi мүшелерiн, өсiмдiк қалдықтарын топыраққа енгiзу үшiн, топырақтың төменгi бөлiгiнiң микробиологиялық әсерiн арттыру үшiн керек. Аударғанда арамшөптер, зиянкестер мен өсiмдiктер ауруларының патогендерi құртылады. Жыртылатын қабаты терең емес топырақтарда жыртылатын қабат аудару арқылы мәдениеттеледi. Аудару терiс те әсер етедi. Далалық аймақтарда ол топырақты ашық қалдырады, соның әсерiнен ылғал мен құнарлы қабат жойылады.
Аудару үшiн соқаларды, түрендi және дискiлi сыдыра жыртқыштарды, дискiлi тырмаларды қолданады.

жүктеу 61,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау