Сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған



жүктеу 42,62 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі42,62 Kb.
#768
түріБағдарламасы

Сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған

ақпарат
Кәсіптік іс-тәжірибе жоғары білім алу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Ол оқу, педагогикалық, өндірістік және дипломалды болып бөлінеді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы
2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысының 77 б.)

ҚарМУ-дың сырттай оқу бөлімінің студенттері «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ бұйрығы № 107 29.01.2016 ж.) бұйрығына сәйкес мамандығы бойынша қызмет еткен жағдайда кәсіптік іс-тәжірибеден босатылады. Аталған жағдайда олар жоғарғы оқу орнына жұмыс орнынан анықтама мен кәсіби әрекетін сипаттайтын мінездеме ұсынуы керек (қосымша 1 – анықтама мен мінездемеге қойылатын талаптар). Құжаттар кафедрадағы іс-тәжірибе жетекшісіне іс-тәжірибе басталуына бір ай қалғанда тапсырылады. Дипломалды іс-тәжірибеден сырттай оқу бөліміндегі студенттер босатылмайды.


ҚарМУ-дың сырттай оқу бөлімінің студенттері мамандығы бойынша қызмет етпесе, кәсіптік іс-тәжірибеге ҚарМУ-мен келісім-шартқа отырған тәжірибе базаларына жалпы негізде жіберіледі.

Кәсіптік (педагогикалық) тәжірибеге жіберу жеке-дара түрде жүргізілуі мүмкін:

- тұрғылықты мекен-жайы бойынша;

- болашақ жұмыс орны бойынша.

Үшжақты жеке-дара келісім-шарт 3 данада толтырылып. 2017-2018 оқу жылында өндірістік тәжірибеге бағыт тәжірибе басталғанға дейін БІР АЙДАН КЕШІКТІРМЕЙ қол қойылғанда, жеке шарт БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА, жеке-дара тәртіппен жүзеге асады, қалғандары талқылауға қабылданбайды.
Тәжірибеге жіберілетін сырттай оқу нысанының студенттерінің міндеті:


  • нұсқаушы және қорытынды конференцияларға қатысу;

  • тәжірибе бағдарламасында және жеке жұмыс жоспарында қарастырылған тапсырмаларды толық көлемде орындау;

  • тәжірибе күнделігін жүргізу;

  • кәсіпорындағы, ұйымдағы, мекемедегі ішкі жұмыс тәртібін сақтау;

  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникаларын және өндірістік санитарияны қатаң сақтау;

  • орындайтын жұмысына штаттағы маман сияқты толық жауапкершілікпен қарау;

  • тәжірибе бағдарламасында көрсетілген есептік құжаттарды тапсыру.

Кәсіптік тәжірибе қорытындылары бойынша студент сәйкес кафедраға есептік құжаттарды (есеп, күнделік, пікір, мінездеме және тәжірибе бағдарламасында көрсетілген басқа да есептік құжаттар) ұсынуы керек. Жетекші құжаттарды тексеріп болған соң, қорғауға жіберіледі. Есептер кафедра меңгерушісінің жарлығымен құрылған комиссияның алдында қорғалады.

Тәжірибені өтпеген, тәжірибенің бағдарламасын толық орындамаған, теріс пікір алған және қорғау кезінде қанағаттанарлық баға алмаған студенттер тәжірибеге келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестр кезінде ақылы негізде қайта жіберіледі («Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ бұйрығы № 107 29.01.2016 ж. 12,13т.)

Кәсіптік тәжірибелерді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі сұрақтар бойынша ҚарМУ-дың оқу-әдістемелік басқармасының тәжірибе жетекшісі Животова Евгения Валерьевнаға хабарласуға болады: Университет көшесі, 28, ҚарМУ бас ғимараты, 113 аудитория, тел. 77-03-85.
Жұмыс орнынан берілетін анықтамаға қойылатын талаптар

Жұмыс орнынан берілетін анықтамада келесі мәліметтер болуы керек:



  • қызметкердің тегі, аты, жөні, лауазымы, аталған мекемеде қай уақыттан бастап қызмет ететіні, лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні;

  • ұйымның уәкілетті тұлғасының аты-жөні мен қолы, ұйымның мөрі;

  • ұйымның (кәсіпорынның) бұрыштық мөрі және анықтаманы тіркеу нөмірі мен беру күні.


Мінездемеге қойылатын талаптар

Жұмыс орнынан берілетін мінездемеге келесі мәліметтер болуы керек:

●құжаттың атауы;

●қызметкердің анкеталық берілгендері:



  • тегі, аты, әкесінің аты (толық),

  • туған жылы,

●еңбек қызметі туралы мәліметтер:

  • мамандық бойынша жалпы жұмыс өтілі,

  • аталған ұйымда қай уақыттан бастап қызмет етеді,

  • лауазымы,

  • атқаратын қызметі,

●атқаратын қызметіне баға (қызметтегі жетістіктері: марапаттар, мадақтаулар және жазалаулар);

●іскерлік және жеке қасиеттеріне баға (қызметтестерімен ара – қатынасы, стресстық жағдайлардағы мінез-құлқы, жұмыс үрдісін ұйымдастыру қабілеттері, берілген тапсырмаларды сапалы және дер кезінде орындауы, стандартты емес жағдайларда шешімдер қабылдау қабілеттері, өз-өзіне жауапкершілік алу және т.б.);

●қосымша білімдері, біліктілікті арттыру курстары туралы ақпарат;

●бес балдық жүйе бойынша еңбек қызметіне баға;

●мінездемені беруге уәкілетті тұлғаның қолы, тегі, ұйымның дөңгелек мөрі;

●құжатты берген күні.






жүктеу 42,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау