Бағдарламасын бекіту туралы


Параграф. Құрылғымен жаттығу немесе кабинадағы жаттығу



жүктеу 9,42 Mb.
бет13/38
Дата04.12.2017
өлшемі9,42 Mb.
#3211
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38

2 Параграф. Құрылғымен жаттығу немесе кабинадағы жаттығу
құрылғысы
      87. Осы бағдарлама әуе кемесі типіндегі кешенді жаттығу құрылғысы болмаған жағдайда, ұшу оқытулары өткізілетін тікұшақтың кабинасында жаттығу құрылғының неғұрылым аз көлемін белгілейді.
      88. Тікшақтың кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемі 6 сағаттан кем болмауы тиіс.
      89. Тікшақтың кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөліп қарастырады.
      Тапсырма № 1. Тікұшақты пайдалану
      Тапсырма № 2. Тікұшақтың ұшу техникасы
      Тапсырма № 3. Ұшу кезіндегі айрықша жағдайлар
      90. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін көбейтуге құқы бар.
3 Параграф. Жердегі даярлық
      91. Жердегі жаттығулардың ең төменгі көлемі – 16 сағат.
      Жердегі даярлық жаттығуларының тақырыптары:
      1) оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;
      2) әуежайда ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықты зерттеу;
      3) ұшу ауданын зерттеу;
      4) ӘҚО диспетчерімен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;
      5) ұшу ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
      6) экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;
      7) апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерін зерттеу;
      8) пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерін зерттеу;
      9) ұшу алдындағы даярлық жүргізу ережелерін зерттеу;
      10) ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгілеу ережелері;
      11) студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру.
4 Параграф. Ұшу даярлықтары
      92. Студент-пилот 1, 2 и 3 параграфтарында көрсетілген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу конструкциялары және жердегі даярлықтардан өткеннен кейін ғана жіберіледі.
      93. LAPL (Н) үміткердің ұшақта кемі 40 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның ішінде:
      1) Ұшу даярлығын тексеру үшін ұшақта пилот-нұсқаушымен 20 сағат;
      2) 10 сағат жеке ұшуы, оның кемі 5 сағаты маршрут бойынша ұшу, оның ішінде 1 (бір) маршруттың қашықтығы 150 км-дан кем болмауы және өзі ұшып шыққан әуежайдан айрықша бөлек басқа әуежайға қонуы және толықтай тоқтауы керек;
      3) 40 ұшу сағатының 34 сағатында студент-пилот Жеке пилот куәлігін алуға даярлығын тексеру үшін қолданылып отырған тікұшақ типінде ұшып-қонуы тиіс.
      94. Ұшу даярлығы қатерлер және қателер факторларын басқару факторларын есепке алуы тиіс, сондай-ақ оны құрамында:
      1) ұшу алдындағы даярлық, оның ішінде тікұшақ салмағы мен орталықтандыру есептеулері, тікұшақпен ұшу алдында тексеру және қызмет көрсетулер;
      2) қозғалыс және ұшулардың әуежайлық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен процедураларын зерттеу;
      3) тікұшақты сыртқы көзге көрінетін бағдарлар бойынша басқару;
      4) шабуылдаулардың үлкен бұрыштарымен ұшу (ұшудың өте төменгі жылдамдығында);
      5) құлаудың бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;
      6) ұшуды өте жоғары әуе жылдамдығында басқару, жоспарлау кезінде оны анықтау және қауіптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;
      7) тікұшақта қалыпты және бүйірлеп жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;
      8) тікұшақта максималды техникалық сипаттамалар (қысқа жолақтан ұшу және кедергілерден өту, шектеулі жолаққа қондыру);
      9) әуежайдан тыс жерлерде қондыратын орынды таңдау, қауіпсіздік шаралары;
      10) көзбен көрінетін бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және навигациялық құралдарды қолдану;
      11) жергілікті жағдайларды ескере отырып қалықтап ұшу;
      12) ұшудың айрықша жағдайлардағы әрекет және төтенше процедуралар, әуе қозғалысы қызмет көрсетулері ережелерін сақтау;
      13) шектеулі жолаққа қондыру; қону үшін әуежайдан тыс жерді таңдау, айналып ұшу және қону кезіндегі қауіптер, мақтандыру шаралары;
      14) әуе қозғалысының қызмет көрсетулер ережелерін, байланыс және фразеология процедураларын сақтау.
      95. Студентке алғаш рет бір өзі ұшуға рұқсат бермес бұрын нұсқаушы студенттің радиобайланысты қолдануын қамтамасыз етуі тиіс.
      96. Студентке сәтсіз ұшу болса, қайғылы оқиғаның орын алу қауіптілігін түсіндіру және барынша мұқият болуға ықпал ету үшін, минимумды орындай алмай қалған жағдайда қандай салдарға тап болатынын көрсету үшін мүмкіндігінше ұшудың моделін жасап беруі керек.
      97. Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбір жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлігін ұдайы арттырып отыруды талап етеді: нақты жағдайды сезіну және ұшу кезіндегі байқағыштық, келіп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешім қабылдау.
      98. PPL(Н) курсы бағдарламасын аяқтау нәтижесінде тікұшақ пилоты тиісті типтегі әуе кемесінің командирі ретінде ұшу мен маневрлардың неғұрлым қауіпсіз түрлерін орындай алатын болуы тиіс, сондай-ақ:
      қатерлер мен қателіктер факторларын анықтап білуге және бақылауда ұстауға;
      әуе кемесін оның шектеулі сипаттамалары кезінде басқаруға;
      барлық маневрларды жұмсақ және нақты орындауға;
      дер уағында шешім қабылдауға және ұшуды біліктілікпен бақылап отыруға;
      аэронавигация саласындағы білімдерін пайдалануға;
      ұшу сызбасын немесе маневрларды нақты орындау үшін әуе кемесін үздіксіз басқарып отыруға.

1 Параграф. Теориялық даярлық
      83. Міндетті теориялық даярлық жеке пилоттардың тікұшақта сертификатталған неғұрлым ауыр 2250 кг дейін салмақпен ұшу бойынша жалпыға ортақ болып табылады.
      84. Теориялық даярлық оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлінген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.
      Оқу сабақтарының жалпы көлемі 150 сағаттан кем болмауы керек.
      85. Авиациялық оқу орталығы нақты тікұшақ типіне арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.
      Тікұшақта ұшатын жеңіл авиация пилоттарының теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 7-қосымшасында берілген.
      86. LAPL(Н) теориялық даярлау курсын аяқтаған соң үміткер төмендегідей саладағы білімдерді игерген болуы керек:
      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметтері жөнінде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, жеңіл авиация пилотының куәлігін иеленгендердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (Light aircraft pilot license-LAPL);
      ұшу негіздері;
      осы әуе кемесі типіндегі әуе кемелерінің конструкцияларын жалпылай білу;
      күштің қондырғыларды, жүйені және аспаптық жабдықтарды пайдалану және олардың жұмыс принциптері;
      осы әуе кемесі типіндегі және олардың күштік қондырғыларын пайдалану кезіндегі шектеулер;
      ұшуды пайдалану немесе соған баламалас құжаттардың нұсқаулықтары бойынша пайдалану мәліметтері;
      ұшу сипаттарына, салмақ есептеулері мен ауырлық кіндігіне (орталығы) жүктерді жүктеу мен бөлудің әсері;
      пайдалану құжаттарында көрсетілген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды іс-тәжірибеде пайдалану;
      ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелері бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;
      әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;
      адамның мүмкіндіктері, оның ішінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау принциптері;
      авиациялық метеорологиялық мәліметтерді, карталарды және болжамдарды түсіну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртібі, биіктікті, қауіпті метеорологиялық жағдайларды, биіктік өлшегіш қондырғылардың өлшемдерін өлшеу;
      аэронавигацияның тәжірибелік аспектілері (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсілдері, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
      пайдалану кезінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау тәсілдерін қолдану;
      аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;
      апатты жағдайда, оның ішінде қауіпті метео жағдайды айналып өту мақсатында, әуе кемесінің жол іздерінің турбуленттігі және ұшуға қауіпті басқа құбылыстар кезінде тиісінше сақтандыру шаралары мен әрекеттерді қолдану;
      көзбен шолу ұшуларының ережелері бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгізу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет.
      ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзімдік қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттарды жүргізу.
2 Параграф. Құрылғымен жаттығу немесе кабинадағы жаттығу
құрылғысы
      87. Осы бағдарлама әуе кемесі типіндегі кешенді жаттығу құрылғысы болмаған жағдайда, ұшу оқытулары өткізілетін тікұшақтың кабинасында жаттығу құрылғының неғұрылым аз көлемін белгілейді.
      88. Тікшақтың кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемі 6 сағаттан кем болмауы тиіс.
      89. Тікшақтың кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөліп қарастырады.
      Тапсырма № 1. Тікұшақты пайдалану
      Тапсырма № 2. Тікұшақтың ұшу техникасы
      Тапсырма № 3. Ұшу кезіндегі айрықша жағдайлар
      90. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін көбейтуге құқы бар.
3 Параграф. Жердегі даярлық
      91. Жердегі жаттығулардың ең төменгі көлемі – 16 сағат.
      Жердегі даярлық жаттығуларының тақырыптары:
      1) оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;
      2) әуежайда ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықты зерттеу;
      3) ұшу ауданын зерттеу;
      4) ӘҚО диспетчерімен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;
      5) ұшу ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
      6) экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;
      7) апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерін зерттеу;
      8) пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерін зерттеу;
      9) ұшу алдындағы даярлық жүргізу ережелерін зерттеу;
      10) ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгілеу ережелері;
      11) студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру.
4 Параграф. Ұшу даярлықтары
      92. Студент-пилот 1, 2 и 3 параграфтарында көрсетілген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу конструкциялары және жердегі даярлықтардан өткеннен кейін ғана жіберіледі.
      93. LAPL (Н) үміткердің ұшақта кемі 40 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның ішінде:
      1) Ұшу даярлығын тексеру үшін ұшақта пилот-нұсқаушымен 20 сағат;
      2) 10 сағат жеке ұшуы, оның кемі 5 сағаты маршрут бойынша ұшу, оның ішінде 1 (бір) маршруттың қашықтығы 150 км-дан кем болмауы және өзі ұшып шыққан әуежайдан айрықша бөлек басқа әуежайға қонуы және толықтай тоқтауы керек;
      3) 40 ұшу сағатының 34 сағатында студент-пилот Жеке пилот куәлігін алуға даярлығын тексеру үшін қолданылып отырған тікұшақ типінде ұшып-қонуы тиіс.
      94. Ұшу даярлығы қатерлер және қателер факторларын басқару факторларын есепке алуы тиіс, сондай-ақ оны құрамында:
      1) ұшу алдындағы даярлық, оның ішінде тікұшақ салмағы мен орталықтандыру есептеулері, тікұшақпен ұшу алдында тексеру және қызмет көрсетулер;
      2) қозғалыс және ұшулардың әуежайлық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен процедураларын зерттеу;
      3) тікұшақты сыртқы көзге көрінетін бағдарлар бойынша басқару;
      4) шабуылдаулардың үлкен бұрыштарымен ұшу (ұшудың өте төменгі жылдамдығында);
      5) құлаудың бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;
      6) ұшуды өте жоғары әуе жылдамдығында басқару, жоспарлау кезінде оны анықтау және қауіптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;
      7) тікұшақта қалыпты және бүйірлеп жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;
      8) тікұшақта максималды техникалық сипаттамалар (қысқа жолақтан ұшу және кедергілерден өту, шектеулі жолаққа қондыру);
      9) әуежайдан тыс жерлерде қондыратын орынды таңдау, қауіпсіздік шаралары;
      10) көзбен көрінетін бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және навигациялық құралдарды қолдану;
      11) жергілікті жағдайларды ескере отырып қалықтап ұшу;
      12) ұшудың айрықша жағдайлардағы әрекет және төтенше процедуралар, әуе қозғалысы қызмет көрсетулері ережелерін сақтау;
      13) шектеулі жолаққа қондыру; қону үшін әуежайдан тыс жерді таңдау, айналып ұшу және қону кезіндегі қауіптер, мақтандыру шаралары;
      14) әуе қозғалысының қызмет көрсетулер ережелерін, байланыс және фразеология процедураларын сақтау.
      95. Студентке алғаш рет бір өзі ұшуға рұқсат бермес бұрын нұсқаушы студенттің радиобайланысты қолдануын қамтамасыз етуі тиіс.
      96. Студентке сәтсіз ұшу болса, қайғылы оқиғаның орын алу қауіптілігін түсіндіру және барынша мұқият болуға ықпал ету үшін, минимумды орындай алмай қалған жағдайда қандай салдарға тап болатынын көрсету үшін мүмкіндігінше ұшудың моделін жасап беруі керек.
      97. Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбір жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлігін ұдайы арттырып отыруды талап етеді: нақты жағдайды сезіну және ұшу кезіндегі байқағыштық, келіп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешім қабылдау.
      98. PPL(Н) курсы бағдарламасын аяқтау нәтижесінде тікұшақ пилоты тиісті типтегі әуе кемесінің командирі ретінде ұшу мен маневрлардың неғұрлым қауіпсіз түрлерін орындай алатын болуы тиіс, сондай-ақ:
      қатерлер мен қателіктер факторларын анықтап білуге және бақылауда ұстауға;
      әуе кемесін оның шектеулі сипаттамалары кезінде басқаруға;
      барлық маневрларды жұмсақ және нақты орындауға;
      дер уағында шешім қабылдауға және ұшуды біліктілікпен бақылап отыруға;
      аэронавигация саласындағы білімдерін пайдалануға;
      ұшу сызбасын немесе маневрларды нақты орындау үшін әуе кемесін үздіксіз басқарып отыруға.
22 Бөлімше. Авиациялық станциялар операторлары-нұсқаушыларын
кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары.
      353. Осы Авиациялық станциялар операторлары-нұсқаушыларын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары кәсіптік даярлаудың қағидаларын, ұйымдастырылуын, тәртібі мен минималды көлемін, сондай-ақ өз бетімен жұмысқа қатынауды анықтайды.
      354. Авиациялық станциялар операторлары-нұсқаушыларын кәсіптік даярлау кәсіпті игеру, жаңа технологияларды зерделеу, қызметтің саласын өзгерту немесе кеңейту, апаттық, штаттан тыс жағдайларда және жүйелердің жұмысқа жарамдылығы нашарлаған кезде орындалатын қызметтік міндеттерге сәйкес келу үшін жүргізіледі.
      355. Авиациялық станциялар операторлары-нұсқаушыларын кәсіптік даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау келесі кезеңдерден тұрады:
      1) теориялық даярлау;
      2) тәжірибелік даярлау.
      356. Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейді ұстау көлемі азаматтық авиация саласында уәкілетті органмен бекітілетін, АА АОО тиісті бағдарламаларымен реттеледі және келесі өлшемдерге сәйкес келеді:
      1) авиациялық станция операторы-нұсқаушысын бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау кезінде авиациялық станция операторының біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұлғалар қатарынан жүргізіледі және кемінде 40 сағат құрайтын даярлаудың жалпы көлемімен жүргізіледі;
      2) авиациялық станция операторы-нұсқаушысын бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау кезінде жиынтық жұмыс тәжірибесі екі және одан артық вертодромда кемінде екі жыл құрайтын авиациялық станция операторының әрекеттегі куәлігі болатын тұлғалар қатарынан жүргізіледі;
      3) авиациялық станция операторы-нұсқаушысын бастапқы даярлау және қайта даярлау кезінде кандидаттың 4-ші (жұмыс) деңгейінен төмен емес ИКАО тіл білімінің шкаласы бойынша игеру деңгейін растайтын әрекеттегі сертификаты болу тиіс.
      357. Кәсіптік деңгейді ұстау 12 айда бір рет мерзімділікпен және кемінде 40 сағат құрайтын жалпы көлеммен жүргізіледі.
      358. Құзыреттіліктерді бағалау элементтерін қоса алғанда, кәсіптік деңгейді ұстау бойынша бағдарламалар мазмұны кемінде 40 сағат құрайтын көлеммен бастапқы даярлау, қайта даярлау кезінде алынған және енді игерілген білім мен дағдының расталуын қамтамасыз етеді.
      359. Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейді ұстау көлемі азаматтық авиация саласында уәкілетті органмен бекітілетін, АА АОО тиісті бағдарламаларымен реттеледі.
      360. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында нормативтік-құқықтық акттермен анықталатын кәсіптік даярлауға қойылатын жаға және қосымша талаптарды енгізу кезінде, оларды кәсіптік даярлау бағдарламаларында іске асыру міндетті болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны барабар өзгереді.
      361. Авиациялық станциялар операторлары-нұсқаушыларын қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау кем дегенде, келесі салаларда, қажетті білімді зерделеу мен көрсету осы Үлгілік бағдарламаның 30-қосымшасында берілген.
      362. Тәжірибелік даярлау бекітілген бағдарлама бойынша жаттығу құралын немесе арнайы жабдықты пайдаланумен жүргізіледі.
      363. Тыңдаушылардың сабақ үлгерімін бақылау ағымдағы, аралық және қорытынды бола алады, және техникалық құралдарды пайдаланумен, соның ішінде компьютерлік техниканы, сауалнама жүргізу, сынақ жүргізу, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша бақылау жұмыстары әдістерін пайдаланумен жүзеге асырыла алады.
      364. Авиациялық станция операторы-нұсқаушысын теориялық және тәжірибелік даярлау сәтті аяқталған соң, тағылымдама жүргізілмейді.
23 Бөлімше. Ұшуды радио техникамен және авиациялық радио
байланыспен қамтамасыз етуші мамандарын (радиотехникалық
жабдықтар мен байланыстарды пайдалану бойынша
инженерлі-техникалық қызметкерлер, мамандар) кәсіби даярлаудың
үлгілік бағдарламасы
      365. Инженерлі-техникалық қызметкерлердің (бөлімшелерінің) қызметінің байланыс пен радио техникалық жабдықтарды пайдалану бойынша өзіндік жұмысқа рұқсатнаманың міндеттері мен ережелеріне негізделген осы үлгілілік бағдарлама ұшулардың радиотехникамен және авиациялық радио байланыстарымен жабдықтаушы мамандарының кәсіби дайындығының ұстанымдарын айқындайды, (әрі қарай- БРТЖП, ИКАО терминалогиясына сәйкес - электрондық жабдықтармен әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуші қызметкер (ATSEP).
      366. Үлгілік бағдарламаның негізінде жүзеге асырылатын оқулар, ұшуды радио техникамен және авиациялық радио байланысымен жабдықтауы БРТЖП бойынша мамандардың келесі міндеттерді атқаруын қамтамасыз етеді (қызметтік міндеттерге және атқарылатын жұмыстарға байланысты):
      1) жүйелерге техникалық қызмет көрсету және ұшуды радио техникамен қамтамасыз етуі (әрі қарай-ҰРТҚЕ, ИКАО - CNS/ATM терминологиясына сәйкес);
      жер бетіндегі радионавигациялық жабдықтарының калибровкасы;
      ҰРТҚЕ жүйесі мен жабдықтарын сертификаттау;
      ҰРТҚЕ жабдықтарының пайдалануын тәмәмдау;
      түзетушілік техникалық қызмет көрсетуді орындау;
      превантивті техникалық қызмет көрсетуді орындау;
      2) ҰРТҚЕ жабдықтары мен жүйелерін қондыру;
      3) ҰРТҚЕ жабдықтары мен жүйелерінің жұмыс істеу қабілеттерін, пайдалану бақылау және қадағалау;
      4) ҰРТҚЕ жабдықтары мен жүйелерінің жұмыс істеу қабілеттерін бағалап, пайдалануға дайындау, техникалық қызмет көрсету стандарттары мен ережелерін өңдеу.
      367. ҰРТҚЕ мамандарының біліктілік талаптарына сай болуға, мамандандыруды қоса, бастапқы дайындық негізгі, алғашқы, біліктілік білім мен дағдыларды алып қана қоймай сонымен қатар дамуын қамтамасыз етеді.
      ҰРТҚЕ мамандарының бастапқы дайындығы мамандандырылған электронды техника саласындағы 1600 сағаттан кем емес көлемінде техникалық немесе әскери білімі бар болуы, аэронавигациялық ұйымдарда пайдаланылатын авиациялық сертификат пен жабдықтарды оқып білуге қамтамасыз етеді.
      368. ҰРТҚЕ мамандарының кәсіби деңгейінің қолдауы, ұжымдық дағдыны қоса алғанда, алынған білім мен дағдылардың бекітілуі мен қарастырылуын, жабдықтар мен жүйелердің өзгерістерімен танысуын, ҰРТҚЕ жүйесінің жұмыс істеу қабілеттерінің нашарлаған жағдайындағы, апаттық,қауіпті және штаттық емес жағдайлардағы іс-әрекеттеріне үйретуін, сонымен қатар 6 айдан жоғары жұмыстан үзіліс болғанда кәсіби дағдыларды қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
      369. ҰРТҚЕ мамандарын қайта даярлау жұмыстың мінездемесінің (қызметтік міндеттерінің бағдары өзгергенде), жұмыс жағдайы (жаңа рәсімдерді енгізгенде), жүйенің құрылымы (жаңаландыру немесе ауыстыру), мамандықтың,мамандандырудың, жұмыстың бағдары өзгерген жағдайда, сонымен қатар пайдалану жүйесі мен жабдықтарға рұқсатнама мен біліктілік туралы жазбалар алу үшін өткізіледі.
1 Параграф. БРТЖП мамандарының бастапқы дайындығының тәртібі
      370. Мамандандырылуды қоса алғанда, бастапқы, біліктілік білімнің, дағдының және іскерліктің дамуына бағытталған бастапқы дайындық, қажеттілік туындалған кезде жабдықтар мен жүйелердің нақты түрлерін оқытып, электронды техникалық салада техникалық білімі жоқтарға арналып өткізіледі.
      371. Электронды техникалық саласында мамандандырылған 1600 сағаттан кем емес көлемде техникалық немесе әскери білімі барларға бастапқы дайындық, қанағаттанарылатын талаптар қойылатын БТЖП қызметкерлері бойынша мамандардың бейімделуіне, кәсіби білім мен тәжірбиелік дағдыларды алу мақсатында жүргізіледі.
      372. Осы Типтік бағдарламаның бекітілуіне дейін сол кездегі белгіленген талаптарға сәйкес өзіндік жұмысқа рұқсатнама алғандарға БТЖП мамандары бойынша бастапқы теориялық дайындық кәсіби деңгейді қолдау курстарында жүзеге асырылады. ГА саласындағы өкілетті органдармен келісілген жағдайда 1.2.5.5, 1.2.12.3 ИКАО Doc7192-E2 «Үйрену бойынша жетекшілік. Әуе қозғалысының қауіпсіздігін электрондық жабдықтармен қамтамасыз ететін қызметкерлер (ATSEP)» пункттерінде көрсетілген ұсыныстарға сәйкес теориялық дайындықтың мазмұны мен көлемін өзгертуге болады.
      373. Бастапқы дайындық келесі кезеңдерден тұрады:
      1) теориялық дайындық;
      2) практикалық дайындық.
      374. Теориялық дайындық келесі оқыту нысандары бойынша жүзеге асырылады:
      1) стационарлы күндізгі (кешенді, типті);
      2) модульді;
      3) сырттай;
      4) қашықтықта;
      5) аралас.
      375. Бастапқы дайындық көлемі келесі өлшемдерге сәйкес болуы қажет:
      1) БРТЖП мамандарының бастапқы дайындығы барысында мамандандырылған электронды техника саласындағы 1600 сағаттан кем емес көлемінде техникалық немесе әскери білімі барларға, жалпы дайындық сағаты 200 сағаттан кем болмайды;
      2) БРТЖП мамандарының бастапқы дайындығы барысында, техникалық білімі жоқтарға, жалпы дайындық көлемі электронды техника саласында мамандандырылудың қажет болуы жағдайында 1600 сағаттан кем болмай белгіленеді;
      3) бірінші кезеңге бастапқы дайындық бағдарламасының пәніне тәжірибелік бөлімі екі кезеңге бөлінуі мүмкін, 20 сағат көлеміде аэронавигация объектілерінде, электро техникалық зертханаларда, стендтік жабдықтарды, пайдаланылатын шеберханаларда (мүмкіндік болғанда) танысу мақсатында бару, екінші кезең бастапқы дайындық аяқталғаннан соң аэронавигациялық ұйымдарында сынақтан өту мерзімі ретінде немесе АУЦ ГА оқуды бітірген соң толығымен аэронавигациялық ұйымдарда жүзеге асырылады;
      4) стандарттар бар болғанда, оқушылардың дәрежелеріне және біліктілік талаптарына байланысты пайдаланылатын құжаттарды қолдануға жеткілікті көлемде бастапқы дайындау бағдарламасына ағылшын тілі қажеттілік туындалған кезде қосылады;
      5) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативті-құқықты актілері айқындайтын БРТЖП бойынша қызметкерлердің кәсіби дайындығына жаңа немесе қосымша талаптарды енгізгенде олардың кәсіби дайындық бағдарламасы жүзеге асырылуы міндетті түрде болады, ал жалпы сағат көлемі үйлесімді түрде өзгеріске ұшырайды;
      6) бастапқы дайындық келесі салалардағы қажетті білімді игеруін қамтамасыз ету осы Үлгілік бағдарламаның 31-қосымшасында берілген.
      376. Тыңдаушылардың үлгерімі ағымды және қорытынды болып, техникалық жабдықтарды, оның ішінде компьютерлік техниканы, сауалнамалық, тесттілеу, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша бақылау жұмыстары және т.б. әдістерін қолданып жүзеге асырылуы мүмкін.
      377. Теориялық дайындықты аяқтағаннан соң сынақтан өту бойынша білікті нұсқаушының қадағалауымен алынған білімі мен дағдылары нақты жағдайларда шынайы интеграция болып, тәжірбиелі дайындыққа өтеді (сынақтан өту мерзімі).
жүктеу 9,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау