|
Бағдарламасын бекіту туралыПараграф. Теориялық білімді, тәжірбиелік дағдылар мен 5 Параграф. Теориялық білімді, тәжірбиелік дағдылар мен
ептілікті тексеру
311. ӘҚҚК қызметкерлерінің теориялық білімдерін тексеру және әуе қозғалысының жоспарлануы рейтингтік шкала бойынша бағалаумен немесе өкілетті емтихан қабылдаушылармен компьютерлік техниканы қолдана тест түрінде жазбаша немесе ауызша түрде алынады.
312. Теориялық білімді тексеру жүзеге асады:
1) ӘҚҚК диспетчерлерінің куәлік, жұмысқа бастапқы рұқсатнама алуы;
2) кейінгі біліктілік белгіні иелену (растау);
3) куәліктің жарамдылық мерзімін ұзарту;
4) Жеке, дара жұмысқа рұқсатнама болғанда;
5) бұзушылықтар болып авиациялық келіспеушіліктер немесе авиациялық оқиғаларға әкеліп соққанда;
6) бір жылдан жоғары жұмыстан үзіліс болғанда.
313. Теориялық білімділік келесі салалар бойынша тексеріледі:
1) Әуе кеңістігі, әуе кемелерінің ұшуына аэронавигациялық қызмет атқару саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының негізінде;
2) әуе қозғалысына қызмет көрсету;
3) жұмыс технологиясы, радио типтік фразеология және байланыс ережелері;
4) ұшуды метрологиялық қамтамасыз ету;
5) аэродинамика және әуе кемелерінің ұшу-техникалық мінездемелерінің негіздері;
6) ұшуды навигациялық қамтамасыз ету (штурманды);
7) ұшуды радио техникалық қамтамасыз ету.
314. Жұмысқа рұқсатнамалары бар ұшу жетекшілері мен ӘҚҚК мамандары авиациялық оқиғаның немесе авиациялық келіспеушіліктің туындалған кездегі іс-әрекеттері бойынша литерлік рейстерді қамтамасыз ету және қызмет атқару, объективті бақылау жабдықтарын пайдалану ретінде қосымша тексерістерден өткізіледі.
315. ӘҚҚК мен қызметкерлерінің тәжірибелік дағдылары мен білімдерін тексеру өкілетті емтихан қабылдаушылармен жүргізіледі.
316. ӘҚҚК қызметкерлерінің тәжірбиелік дағдыларын тексерілуі келесі түрде жүзеге асырылады:
1) ӘҚҚК диспетчерінің жұмысқа бастапқы рұқсатнаманың, куәлік алуы;
2) кейінгі біліктілік белгіні иелену (растау);
3) жеке, дара жұмысқа рұқсатнама болғанда;
4) куәліктің жарамдылық мерзімін ұзарту;
5) бұзушылықтар болып авиациялық келіспеушіліктер немесе авиациялық оқиғаларға әкеліп соққанда;
6) алты айдан жоғары жұмыстан үзіліс болғанда.
317. ӘҚҚК және әуе қозғалысын жоспарлау мамандарының тәжірбиелік дағдылары мен іскерліктерін тексеру біліктілік белгісін (белгілер) ескере жұмысқа рұқсатнамалары болып, әр диспетчерлік пункттерде (секторда, жұмыс орнында) келесі элементтер бойынша жүзеге асырылады.
1) кезекшілікті қабылдау және тапсыру;
2) әуе қозғалысының қызметінің және әуе қозғалысының ережелерін ұстану;
3) жетекші құжаттардың талаптарын ұстану;
4) радио байланыс және радио алмасу (радио алмасуды жүзеге асыратын қызметкерге) фразеологиясының ережелерін ұстану;
5) ӘҚҚК РТС пайдалану;
6) іргелес қызметтермен ара-қатынас;
7) белгіленген құжаттарды ұстану;
318. ӘҚҚК диспетчерінің тәжірбиелік дағдылары мен іскерліктерін тексеру әуе қозғалысының екі сағаттан кем емес орташа қарқындылығында (күрделілік) диспетчерлік пункттерде жүзеге асырылады. Көп секторлы РДЦ тәжірбиелік дағдылықтарын тексеру емтихан қабылдаушының қалауынша екі сағаттан кем болмай кез келген бір секторда өткізіледі.
319. ӘҚҚК диспетчерлерінің тәжірбиелік дағдылары мен іскерліктерінің тексерілуі алты ай бойы жарамды болып саналады.
320. Ағылшын тілінде әуе қозғалысына қызмет атқаруына жіберілген ӘҚҚК диспетчерлерінің тәжірбиелі дағдылары мен іскерлігінің тексерілуі, орыс және ағылшын тілдерінде аралас өткізіледі.
321. Ұшу жетекшілері мен аға диспетчерлерінің жұмысын тексеру келесі элементтер бойынша жүргізіледі:
1) жұмыс ауысымының нұсқауының өткізілуі;
2) кезекшілікті қабылдау және тапсыру;
3) диспетчерлік ауысымның ӘҚҚК қызметкерлерінің кезекшілікті қабылдау және тапсыруын және ӘҚҚК диспетчерлерінің жұмыс барысында ауысуын қадағалау;
4) ұшуды қамтамасыз ететін қызметтермен ара-қатынас;
5) кезекшілік кезінде диспетчерлік ауысымның жұмысын қадағалау;
6) диспетчерлік ауысым жұмысының талқылауын жүргізу.
322. Ұшу жетекшілерінің және ұшу жетекшілерінің міндеттерін атқарушы аға диспетчерлерінің жұмысын тексеру, бірнеше жұмыс ауысым аралығында кезеңдер бойынша өткізілуіне рұқсат беріледі.
323. Жаттығу құрылғысымен дайындық ӘҚҚК мамандарының тәжірбиелік дағдылары мен іскерлігі құрамдас бөлігі болып сананалады және диспетчерлік пунктте өзіндік жұмысқа рұқсатнаманың алдында жүргізіледі.
324. Жаттығу құрылғысымен дайындықтар келесі жағдайларда өткізіледі:
1) төменде көрсетілген көлемде өзіндік жұмысқа рұқсатнама болғанда:
рульдеу диспетчерлік пункт (РДП) – 10 сағаттан кем емес;
бастамалық диспетчерлік пункт (БДП) – 10 сағаттан кем емес;
тұрғылылық диспетчерлік пункт (ТПП) – 40 сағаттан кем емес;
шеңбердің диспетчерлік пункты (ШДП) – 40 сағаттан кем емес;
мұнаралық диспетчерлік пункт (МДП) – 40 сағаттан кем емес;
аудандық диспетчерлік орталық (АДО или РӘҚҚК) – 40 сағаттан кем емес;
жергілікті диспетчерлік пункт (ЖДП) – 20 сағаттан кем емес;
2) кейінгі біліктілік белгісін немесе өзіндік жұмысқа рұқсатнаманы иеленуінде жаттығу құрылғысымен дайындық уақыты 70%-дан аспай қысқартылуы мүмкін;
3) ағылшын тілінде әуе қозғалысына қызмет атқаруға рұқсатнама болған жағдайда 6 сағаттан кем емес көлемде;
4) куәліктің жарамдылығының мерзімін ұзартқанда 6 сағаттан кем емес көлемде;
5) әуе қозғалысына қызмет атқару жұмысындағы үзіліс алты айдан асқанда 6 сағаттан кем емес көлемде;
6) авиациялық оқиғалалр және авиациялық келіспеушіліктерге әкеліп соқтырған бұзушылықтар кезінде 6 сағаттан кем емес көлемде;
7) ӘҚҚК жаңа рәсімдері енгізілгенде, әуе кеңестігіндегі құрылымдар өзгергенде рәсімдердің күрделілігіне қарай, 3 сағаттан кем болмай ӘҚҚК жетекшісінің анықтауымен көлем енгізіледі.
325. Объективті бақылау жабдықтарын тексеру нәтижесінде ұшулардың жетекшісі ӘҚҚК диспетчерін қосымша жаттығу құрылғысымен дайындыққа жөнелтуі мүмкін.
326. Ағылшын тілінде әуе қозғалысына қызмет көрсетуге рұқсатнамалары бар ӘҚҚК диспетчерлері жаттығу құрылғысымен дайындықты бір уақытта ағылшын және орыс тілдерінде өтеді.
20 Бөлімше. Ұшуды қамтамасыз ететін қызметкердің/пилот
диспетчерінің кәсіби дайындалуының типтік бағдарламасы
327. Төменде көрсетілген мамандарға бастапқы дайындықта (қайта даярлауда) теориялық дайындықтың көлемі 150 сағаттан кем болмайды:
1) коммерциялық тасымалдауға қатысты пилот экипажының мүшелері;
2) ӘК ұшуын қамтамасыз ететін метеорологиялар;
3) ӘҚҚК диспетчерлері.
328. Қалғандарына теориялық дайындық (бастапқы дайындық) көлемі 500 сағаттан кем болмайды.
329. Бастапқы дайындық және қайта даярлау келесі салалардағы білімді игеріп, көрсетілімді қамтамасыз ету осы Үлгілік бағдарламаның 28-қосымшасында берілген.
330. Құзыретті бағалау элементтерін қоса, кәсіби деңгейді қолдау бағдарламасының мазмұны бастапқы дайындықта (қайта даярлауда) және 42 сағаттан кем емес көлемде жаңадан игерілген білім мен дағдыларды растауын қамтамасыз етеді.
331. Кәсіби дәрежені қолдау бес жылда бір реттен кем емес мерзімділікте өткізіледі.
332. Кәсіби дайындыққа Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативті-құқықты актілері айқындайтын жаңа немесе қосымша талаптарды енгізгенде олардың кәсіби дайындық бағдарламасында жүзеге асырылуы міндетті түрде болады, ал жалпы сағат көлемі үйлесімді түрде өзгеріске ұшырайды.
1 Параграф. Теориялық даярлық
83. Міндетті теориялық даярлық жеке пилоттардың тікұшақта сертификатталған неғұрлым ауыр 2250 кг дейін салмақпен ұшу бойынша жалпыға ортақ болып табылады.
84. Теориялық даярлық оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлінген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Оқу сабақтарының жалпы көлемі 150 сағаттан кем болмауы керек.
85. Авиациялық оқу орталығы нақты тікұшақ типіне арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.
Тікұшақта ұшатын жеңіл авиация пилоттарының теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 7-қосымшасында берілген.
86. LAPL(Н) теориялық даярлау курсын аяқтаған соң үміткер төмендегідей саладағы білімдерді игерген болуы керек:
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметтері жөнінде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, жеңіл авиация пилотының куәлігін иеленгендердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (Light aircraft pilot license-LAPL);
ұшу негіздері;
осы әуе кемесі типіндегі әуе кемелерінің конструкцияларын жалпылай білу;
күштің қондырғыларды, жүйені және аспаптық жабдықтарды пайдалану және олардың жұмыс принциптері;
осы әуе кемесі типіндегі және олардың күштік қондырғыларын пайдалану кезіндегі шектеулер;
ұшуды пайдалану немесе соған баламалас құжаттардың нұсқаулықтары бойынша пайдалану мәліметтері;
ұшу сипаттарына, салмақ есептеулері мен ауырлық кіндігіне (орталығы) жүктерді жүктеу мен бөлудің әсері;
пайдалану құжаттарында көрсетілген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды іс-тәжірибеде пайдалану;
ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелері бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;
әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;
адамның мүмкіндіктері, оның ішінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау принциптері;
авиациялық метеорологиялық мәліметтерді, карталарды және болжамдарды түсіну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртібі, биіктікті, қауіпті метеорологиялық жағдайларды, биіктік өлшегіш қондырғылардың өлшемдерін өлшеу;
аэронавигацияның тәжірибелік аспектілері (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсілдері, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
пайдалану кезінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау тәсілдерін қолдану;
аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;
апатты жағдайда, оның ішінде қауіпті метео жағдайды айналып өту мақсатында, әуе кемесінің жол іздерінің турбуленттігі және ұшуға қауіпті басқа құбылыстар кезінде тиісінше сақтандыру шаралары мен әрекеттерді қолдану;
көзбен шолу ұшуларының ережелері бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгізу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет.
ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзімдік қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттарды жүргізу.
2 Параграф. Құрылғымен жаттығу немесе кабинадағы жаттығу
құрылғысы
87. Осы бағдарлама әуе кемесі типіндегі кешенді жаттығу құрылғысы болмаған жағдайда, ұшу оқытулары өткізілетін тікұшақтың кабинасында жаттығу құрылғының неғұрылым аз көлемін белгілейді.
88. Тікшақтың кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемі 6 сағаттан кем болмауы тиіс.
89. Тікшақтың кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөліп қарастырады.
Тапсырма № 1. Тікұшақты пайдалану
Тапсырма № 2. Тікұшақтың ұшу техникасы
Тапсырма № 3. Ұшу кезіндегі айрықша жағдайлар
90. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін көбейтуге құқы бар.
3 Параграф. Жердегі даярлық
91. Жердегі жаттығулардың ең төменгі көлемі – 16 сағат.
Жердегі даярлық жаттығуларының тақырыптары:
1) оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;
2) әуежайда ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықты зерттеу;
3) ұшу ауданын зерттеу;
4) ӘҚО диспетчерімен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;
5) ұшу ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
6) экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;
7) апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерін зерттеу;
8) пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерін зерттеу;
9) ұшу алдындағы даярлық жүргізу ережелерін зерттеу;
10) ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгілеу ережелері;
11) студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру.
4 Параграф. Ұшу даярлықтары
92. Студент-пилот 1, 2 и 3 параграфтарында көрсетілген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу конструкциялары және жердегі даярлықтардан өткеннен кейін ғана жіберіледі.
93. LAPL (Н) үміткердің ұшақта кемі 40 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның ішінде:
1) Ұшу даярлығын тексеру үшін ұшақта пилот-нұсқаушымен 20 сағат;
2) 10 сағат жеке ұшуы, оның кемі 5 сағаты маршрут бойынша ұшу, оның ішінде 1 (бір) маршруттың қашықтығы 150 км-дан кем болмауы және өзі ұшып шыққан әуежайдан айрықша бөлек басқа әуежайға қонуы және толықтай тоқтауы керек;
3) 40 ұшу сағатының 34 сағатында студент-пилот Жеке пилот куәлігін алуға даярлығын тексеру үшін қолданылып отырған тікұшақ типінде ұшып-қонуы тиіс.
94. Ұшу даярлығы қатерлер және қателер факторларын басқару факторларын есепке алуы тиіс, сондай-ақ оны құрамында:
1) ұшу алдындағы даярлық, оның ішінде тікұшақ салмағы мен орталықтандыру есептеулері, тікұшақпен ұшу алдында тексеру және қызмет көрсетулер;
2) қозғалыс және ұшулардың әуежайлық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен процедураларын зерттеу;
3) тікұшақты сыртқы көзге көрінетін бағдарлар бойынша басқару;
4) шабуылдаулардың үлкен бұрыштарымен ұшу (ұшудың өте төменгі жылдамдығында);
5) құлаудың бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;
6) ұшуды өте жоғары әуе жылдамдығында басқару, жоспарлау кезінде оны анықтау және қауіптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;
7) тікұшақта қалыпты және бүйірлеп жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;
8) тікұшақта максималды техникалық сипаттамалар (қысқа жолақтан ұшу және кедергілерден өту, шектеулі жолаққа қондыру);
9) әуежайдан тыс жерлерде қондыратын орынды таңдау, қауіпсіздік шаралары;
10) көзбен көрінетін бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және навигациялық құралдарды қолдану;
11) жергілікті жағдайларды ескере отырып қалықтап ұшу;
12) ұшудың айрықша жағдайлардағы әрекет және төтенше процедуралар, әуе қозғалысы қызмет көрсетулері ережелерін сақтау;
13) шектеулі жолаққа қондыру; қону үшін әуежайдан тыс жерді таңдау, айналып ұшу және қону кезіндегі қауіптер, мақтандыру шаралары;
14) әуе қозғалысының қызмет көрсетулер ережелерін, байланыс және фразеология процедураларын сақтау.
95. Студентке алғаш рет бір өзі ұшуға рұқсат бермес бұрын нұсқаушы студенттің радиобайланысты қолдануын қамтамасыз етуі тиіс.
96. Студентке сәтсіз ұшу болса, қайғылы оқиғаның орын алу қауіптілігін түсіндіру және барынша мұқият болуға ықпал ету үшін, минимумды орындай алмай қалған жағдайда қандай салдарға тап болатынын көрсету үшін мүмкіндігінше ұшудың моделін жасап беруі керек.
97. Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбір жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлігін ұдайы арттырып отыруды талап етеді: нақты жағдайды сезіну және ұшу кезіндегі байқағыштық, келіп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешім қабылдау.
98. PPL(Н) курсы бағдарламасын аяқтау нәтижесінде тікұшақ пилоты тиісті типтегі әуе кемесінің командирі ретінде ұшу мен маневрлардың неғұрлым қауіпсіз түрлерін орындай алатын болуы тиіс, сондай-ақ:
қатерлер мен қателіктер факторларын анықтап білуге және бақылауда ұстауға;
әуе кемесін оның шектеулі сипаттамалары кезінде басқаруға;
барлық маневрларды жұмсақ және нақты орындауға;
дер уағында шешім қабылдауға және ұшуды біліктілікпен бақылап отыруға;
аэронавигация саласындағы білімдерін пайдалануға;
ұшу сызбасын немесе маневрларды нақты орындау үшін әуе кемесін үздіксіз басқарып отыруға.
21 Бөлімше. Авиациялық станциялар операторларын кәсіптік
даярлаудың үлгілік бағдарламалары.
333. Осы Авиациялық станциялар операторларын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары келесілерді кәсіптік даярлаудың қағидаларын, ұйымдастырылуын, тәртібі мен минималды көлемін, сондай-ақ өз бетімен жұмысқа қатынауды анықтайды:
1) авиация станциясының операторы;
2) авиация станциясының оператор-нұсқаушысы.
334. Авиациялық станциялар операторларын кәсіптік даярлау кәсіпті игеру, жаңа технологияларды зерделеу, қызметтің саласын өзгерту немесе кеңейту, апаттық, штаттан тыс жағдайларда және жүйелердің жұмысқа жарамдылығы нашарлаған кезде орындалатын қызметтік міндеттерге сәйкес келу үшін жүргізіледі.
335. Авиациялық станциялар операторларын кәсіптік даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау келесі кезеңдерден тұрады:
1) теориялық даярлау;
2) тәжірибелік даярлау.
336. Бастапқы даярлау және қайта даярлау көрсетілген мамандар үшін біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұлғалар қатарынан жүргізіледі және кемінде 88 сағат құрайтын даярлаудың жалпы көлемімен жүргізіледі.
337. Кәсіптік деңгейді ұстау 12 айда бір рет мерзімділікпен және кемінде 40 сағат құрайтын жалпы көлеммен жүргізіледі.
338. Құзыреттіліктерді бағалау элементтерін қоса алғанда, кәсіптік деңгейді ұстау бойынша бағдарламалар мазмұны кемінде 40 сағат құрайтын көлеммен бастапқы даярлау, қайта даярлау кезінде алынған және енді игерілген білім мен дағдының расталуын қамтамасыз етеді.
339. Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейді ұстау көлемі азаматтық авиация саласында уәкілетті органмен бекітілетін, АА АОО тиісті бағдарламаларымен реттеледі.
340. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында нормативтік-құқықтық акттермен анықталатын кәсіптік даярлауға қойылатын жаға және қосымша талаптарды енгізу кезінде, оларды кәсіптік даярлау бағдарламаларында іске асыру міндетті болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны барабар өзгереді.
341. Авиациялық станциялар операторларын бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау кем дегенде келесі салаларда, қажетті білімді зерделеу мен көрсету осы Үлгілік бағдарламаның 29-қосымшасында берілген.
342. Тәжірибелік даярлау білікті нұсқаушылардың басшылығымен бекітілген бағдарлама бойынша жаттығу құралын немесе арнайы жабдықты пайдаланумен жүргізіледі.
343. Тыңдаушылардың сабақ үлгерімін бақылау ағымдағы, аралық және қорытынды бола алады, және техникалық құралдарды пайдаланумен, соның ішінде компьютерлік техниканы, сауалнама жүргізу, сынақ жүргізу, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша бақылау жұмыстары әдістерін пайдаланумен жүзеге асырыла алады.
344. Теориялық және тәжірибелік даярлау сәтті аяқталған соң авиациялық станцияларының білікті операторлары-нұсқаушыларының басшылығымен өз бетімен жұмыс істеуге қатынау үшін тиісті өндірістік тағылымдама жүргізіледі.
345. Авиациялық станцияның білікті операторы-нұсқаушысының басшылығымен теңіз қондырғысында тағылымдаманың минималды көлемі біліктілік белгісін алуға өтініш берер алдында тікелей 6 ай бойы кемінде 60 жұмыс күні құрайды.
346. Тағылымдама келесілер сияқты, білімді, дағды мен іскерлікті алуды қамтамасыз ету тиіс:
1) вертодромның бас жоспарын және оның физикалық сипаттамаларын зерделеу;
2) нысанда ұйымдық құрылымды зерделеу;
3) әуе кеңістігінің құрылымын зерделеу;
4) жұмыс орнында ӘҚҰ жалпы технологиялық үдерісін зерделеу;
5) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты зерделеу (вертодромның аэронавигациялық төлқұжаты;
6) нақты жұмыс орнында пайдаланылатын анықтамалық материалмен және рәсімдермен танысу;
7) аралас жұмыс тармақтарымен, ұшуды бақылау және үйлестіру огандарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен ерекшеліктерін зерделеу;
8) жұмыс орнының метеорологиялық қамтамасыз етуімен танысу;
9) әуе қозғалысына қызмет көрсеткен кезде ұшуды қамтамасыз етудің радиотехникалық жүйелерімен танысу;
10) жерүсті байланыс құралдарымен танысу;
11) жұмыс тармағын (жабдық пен оны пайдалану) және ӘҚҰ ерекшеліктерін зерделеу;
12) нақты жұмыс орнында авиациялық станция операторының жұмыс істеу технологиясын және ережелер мен радиоалмасу фразеологиясын тәжірибелік қолдану;
13) тәжірибелік қызмет практическая деятельность (подготовка).
347. Осыдан кейін авиациялық станция операторы-нұсқаушымен тағылымдамадан өтушінің білімін тексеру және тәжірибелік даярлаудың басталуына тағылымдамадан өтушінің дайындығы туралы шешім қабылдау жүргізіледі.
348. Тәжірибелік даярлау авиациялық станция операторының жұмыс орнында жүргізіледі.
349. Тәжірибелік даярлау нұсқаушының әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (жұмыс орнында рәсімдер) нұсқаушылық көрсетуден және оператор-нұсқаушының бақылауымен авиациялық станция операторы ретінде тағылымдамадан өтушінің жұмысынан тұрады.
350. Авиациялық станция операторы үшін нұсқаушылық көрсету келесілермен сүйемелденетін, тағылымдамадан өтуші болған кезде авиациялық станцияның операторы-нұсқаушысының тәжірибелік ӘҚҰ қарастырады:
1) әуе ахуалының сипаттамалық мысалдарын түсіндіру;
2) әуе ахуалын бақылаудың тәсілдері мен рәсімдерін түсіндіру;
3) тиісті ақпарат пен шешімдерді қабылдау мен алу себептерін түсіндіру;
4) ӘҚҰ кезінде назарды бөлу бойынша ұсынымдар;
5) ӘҚҰ РТҚ пайдалану бойынша ұсынымдар;
6) аралас жұмыс тармақтарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі бойынша ұсынымдар.
351. Авиациялық станция операторы ретінде тағылымдамадан өтушінің жұмысы оператор-нұсқаушының бақылауымен авиациялық станция операторының функцияларын жартылай немесе толық орындауды қарастырады және сүйемелденеді:
1) ахуалдың дамуын және тағылымдамадан өтушінің әрекеттерін оператор-нұсқаушының үздіксіз бақылауы;
2) тағылымдамадан өтушінің әрекеттеріне дер кезінде кедергі жасауға оператор-нұсқаушының тұрақты даярлығы;
3) тағылымдамадан өтушінің қиындықтары туындаған кезде оператор-нұсқаушының түсіндірмелерді, ұсынымдар беру мен жәрдем көрсету.
352. Тағылымдамадан өткен соң авиациялық станцияның операторы-нұсқаушы алынған білімді, дағды мен іскерлікті тиісті тексеруді жүргізіп, тағылымдамадан өтушінің жұмыс орнында өз бетімен қызмет жасауға даярлығы туралы шешім шығарады.
1 Параграф. Теориялық даярлық
83. Міндетті теориялық даярлық жеке пилоттардың тікұшақта сертификатталған неғұрлым ауыр 2250 кг дейін салмақпен ұшу бойынша жалпыға ортақ болып табылады.
84. Теориялық даярлық оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлінген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Оқу сабақтарының жалпы көлемі 150 сағаттан кем болмауы керек.
85. Авиациялық оқу орталығы нақты тікұшақ типіне арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.
Тікұшақта ұшатын жеңіл авиация пилоттарының теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 7-қосымшасында берілген.
86. LAPL(Н) теориялық даярлау курсын аяқтаған соң үміткер төмендегідей саладағы білімдерді игерген болуы керек:
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметтері жөнінде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, жеңіл авиация пилотының куәлігін иеленгендердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (Light aircraft pilot license-LAPL);
ұшу негіздері;
осы әуе кемесі типіндегі әуе кемелерінің конструкцияларын жалпылай білу;
күштің қондырғыларды, жүйені және аспаптық жабдықтарды пайдалану және олардың жұмыс принциптері;
осы әуе кемесі типіндегі және олардың күштік қондырғыларын пайдалану кезіндегі шектеулер;
ұшуды пайдалану немесе соған баламалас құжаттардың нұсқаулықтары бойынша пайдалану мәліметтері;
ұшу сипаттарына, салмақ есептеулері мен ауырлық кіндігіне (орталығы) жүктерді жүктеу мен бөлудің әсері;
пайдалану құжаттарында көрсетілген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды іс-тәжірибеде пайдалану;
ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелері бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;
әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;
адамның мүмкіндіктері, оның ішінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау принциптері;
авиациялық метеорологиялық мәліметтерді, карталарды және болжамдарды түсіну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртібі, биіктікті, қауіпті метеорологиялық жағдайларды, биіктік өлшегіш қондырғылардың өлшемдерін өлшеу;
аэронавигацияның тәжірибелік аспектілері (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсілдері, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
пайдалану кезінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау тәсілдерін қолдану;
аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;
апатты жағдайда, оның ішінде қауіпті метео жағдайды айналып өту мақсатында, әуе кемесінің жол іздерінің турбуленттігі және ұшуға қауіпті басқа құбылыстар кезінде тиісінше сақтандыру шаралары мен әрекеттерді қолдану;
көзбен шолу ұшуларының ережелері бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгізу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет.
ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзімдік қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттарды жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|