Бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020»


Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар



жүктеу 0,94 Mb.
бет8/37
Дата14.06.2020
өлшемі0,94 Mb.
#30749
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар

 

Бірінші бағыт: моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау

 

4. Бағдарламаның бірінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді:

1) Банктердің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау;

2) Банктердің/Даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

3) мемлекеттік гранттар беру;

4) шағын кәсіпкерлік субъектілерін микрокредит беру;

5) жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;

6) микроқаржы ұйымдарының Банктер алдындағы кредиттеріне ішінара кепілдік беру.

ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



5. Жеке және тиімді жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қатысушылар бола алады.

Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру құралы бойынша Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде жеке және тиімді жобаларын елдің барлық өңірлерінде салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер қатысушылар бола алады.

Мемлекеттік гранттар беру құралы бойынша Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және өңдеуі өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде жеке жобаларын салалық шектеулерсіз іске асыруды жоспарлап отырған шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар қатысушылар бола алады.

Моноқалалар мен шағын қалалардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында айқындалған.



Бағдарлама шеңберінде қолдау шараларын іске асыру мақсаттары үшін моноқалалар мен шағын қалаларға, сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға жатпайтын елді мекендер ауылдық елді мекендер деп танылады.

ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 5-1-тармақмен толықтырылды



5-1. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралы бойынша айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) жобаның іске асырылатын орнына қарамастан әрі шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің тіркелген орнын есепке алмай салалық шектеулерсіз ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен кредиттер алған (алатын) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері де қатысушылар бола алады.

 

 ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)



 

Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау

 

ҚР Үкіметінің 2015.11.12. № 1001 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



6. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады. ӨҮК-нің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін көздейтін жобалар жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп түсініледі.

Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер бойынша жоба іске асырылғаннан кейін жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, кірістердің өсуі, бюджетке төленетін салықтар көлемінің тиісті көрсеткіштерден 10 %-ға өсуі талап етілмейді.

Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде бұрын банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.

ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен кіші бөлім 6-1 тармақпен толықтырылды (бұр.ред.қара)



6-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.

7. Жобаны ӨҮК-ге шығарғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім бірінші кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) және Бағдарламаның критерийлеріне сәйкес келетін банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер субсидиялауға жатады.

ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 7-1-тармақмен толықтырылды



7-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.

ҚР Үкіметінің 2015.11.12. № 1001 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.19.04. № 234 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда



8. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерді субсидиялау жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылатын, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:

1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;

2) БЗЖҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.

9. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және олармен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті ескермей есептеледі.

ҚР Үкіметінің 2015.28.10. № 848 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.19.04. № 234 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ жаңа редакцияда

10. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.

11. 180 млн. теңгеден астам кредит/қаржылық лизинг шарты бар кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етілуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10%-нан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.



Кәсіпкердің жобаға өз қаражатымен (ақшалай қаражатымен/жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысу шарттары, оның ішінде кәсіпкердің оны растауы жөніндегі мерзімдер ӨҮК шешімінде көрсетіледі.

12. Кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, бұл мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

13. Сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

ҚР Үкіметінің 2015.28.04. № 368 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



14. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

ҚР Үкіметінің 2015.11.12. № 1001 Қаулысымен 14-1-тармақпен толықтырылды



14-1. Кредитті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен субсидиялау кезінде кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 18 (он сегіз) айдан аспайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

15. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-нің мақұлдауын алған жобалары бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында басқа банктерде/лизингтік компанияларда қайта қаржыландырылуы мүмкін.

16. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржылық агенттік қайта қаржыландыру жүзеге асырылған банкте/даму банкінде/лизингтік компанияда алғашқы субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

17. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне аудару арқылы республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

18. Бағдарлама шеңберінде банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар мыналарды:

1) Кәсіпкердің бастамашы болған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланысты жағдайларды;

2) Кәсіпкердің кредит/ қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді;

3) лизинг нысанын тәуелсіз бағалауды, лизинг нысанын сақтандыруды, кепіл шартын тіркеуді және ауыртпалықты алуды жүргізуге байланысты жағдайларды;

4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту, лизинг нысанын арнайы органдардың тіркеу қызметтері, банктердің көрсететін қызметтері және т.б. сияқты көрсететін қызметтерін өтеу) жағдайларды қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алмайды.

19. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржы жылы өтейді.

20. Қалқымалы сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер де субсидиялауға жатады. Бұл ретте сыйақының пайыздық мөлшерлемесі Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде белгіленген шекті мәндерден асып кеткен жағдайда, осы кредит бойынша субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.

21. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің/кәсіпкерлердің лизингтік компанияларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары бойынша регламенттеледі.

 


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау