Атауы
|
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы
|
Әзірлеу үшін негіздеме
|
«Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы;
«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығы;
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі.
|
Үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органды көрсету
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
|
Мақсаттары
|
Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру
|
Міндеттері
|
1. Ауылдық елді мекендердің, шағын қалалар мен моноқалалардың кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру.
2. Ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің өндірістік қуатын ұлғайту.
3. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын кеңейту.
4. Өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін ұлғайту.
5. Бәсекеге қабілетті жаңа өндіріс орындарын құру.
6. Халықтың шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылуын ұлғайту.
7. Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты болатын валюталық тәуекелдердің кредиттікке көшуін болдырмау.
8. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.
9. Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру.
10. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру.
11. Іскерлік қатынастарды кеңейту.
|
Іске асыру мерзімдері
|
2015 - 2019 жылдар
|
Нысаналы индикаторлар
|
Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2020 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:
1. ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5 %-ға жеткізу.
2. ШОК-тың өнім шығару көлемін 2014 жылғы деңгейден 1,5 есеге ұлғайту.
3. Белсенді жұмыс істейтін ШОК субъектілерін 2014 жылғы деңгейден 50%-ға ұлғайту.
4. ШОК-та жұмыс істейтіндердің санын 2014 жылғы деңгейден 50%-ға ұлғайту.
|
Қаржыландыру көздері мен көлемдері
|
1) республикалық бюджет қаражаты:
2015 - 60 531 976 мың теңге;
2016 - 60 250 273 мың теңге;
2017 - 41 342 611 мың теңге;
2018 - 41 342 611 мың теңге;
2019 - 41 342 611 мың теңге;
2) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатынан субсидиялауға 2015 жылы - 7 200 000 мың. теңге, жетіспейтін инфрақұрылымды тартуға 2015 жылы - 9 781 530 мың теңге, 2016 жылы - 15 000 000 мың теңге.
|