Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру
ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22. Кепілдік тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша ғана беріледі.
Қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін көздейтін жобалар тиімді жобалар деп түсініледі.
ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 22-1-тармақмен толықтырылды
22-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері де кепілдендіруге жатады.
ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен кіші бөлім 22-2 тармақпен толықтырылды (бұр.ред.қара)
22-2. Кепілдік жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыруға берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.
ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23. Айналым қаражатын қаржыландыру:
1) айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге бағытталған кредит;
2) БЖЗҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылған жағдайда ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгені қоса алғанға дейінгі банктердің кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
24. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін:
1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит сомасы 20 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте кредит сомасы ісін жаңа бастаған бір кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі;
2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85%-ынан аспайды;
3) ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қаражатының 100%-ы айналым қаражатын толықтыруға жіберілген 20 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
25. Жұмыс істеп тұрған Кәсіпкер үшін:
1) кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит сомасы 180 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте кредит сомасы бір кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі;
2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50%-ынан аспайды;
3) ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша, сондай-ақ қаражатының 100%-ы айналым қаражатын толықтыруға жіберілген 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
26. ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 27-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайды.
28. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша даму банкінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13%-дан аспайды.
29. Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беруді қаржыландыру нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне бөлу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
30. Кредиттің нысаналы пайдаланбау, Бағдарлама шарттарының бұзылуы, қаржы агенттігінің кепілдік беру туралы шешімінде белгіленген шарттардың орындалмау фактілері анықталған жағдайда, қаржы агенттігі кепілдіктің күшін жояды.
31. Кепілдіктің күшін жою туралы ақпаратты қаржы агенттігі негіздемемен және растайтын құжаттармен бірге күшін жою туралы шешім қабылданған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынады.
32. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |