Бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020»



жүктеу 0,94 Mb.
бет5/37
Дата14.06.2020
өлшемі0,94 Mb.
#30749
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
3. Ағымдағы ахуалды талдау

 

Бағдарламаны іске асыру өңірлік жеке кәсіпкерлікті дамытуға және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған.



«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырудағы 2010 жыл мен 2014 жыл аралығындағы кезеңде экономиканың қолдау көрсетілген шикізат емес секторларының даму көрсеткіштерінде оң үрдістер байқалды. Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру құралдарын пайдалану есебінен мемлекет екінші деңгейлі банктердің өңдеуі өнеркәсіп, көлік және байланыс сияқты салаларға кредит беру көлемін ұлғайтуды ынталандыра алды.

2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде қолданыстағы кредиттер бойынша - 612,5 млрд. теңге болды, олардың ішінде инвестициялық мақсаттарға арналған қолданыстағы кредиттер қоржыны - 501 млрд. теңге. Алдын ала таратылған деректерге сүйенсек, экономиканың басым секторлары бойынша кредиттердің банктік қоржынының жалпы көлемі - 4 505 млрд. теңге, ал экономиканың барлық секторлары бойынша инвестициялық мақсаттарға берілген кредиттердің жалпы банктік қоржыны - 675,6 млрд. теңге. Осылайша, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қамтуы экономиканың басым секторлары бойынша кредиттік қоржынның жалпы көлемінде 12,2%-ды құрады (бұл экономиканың басым секторларының жалпы қоржынындағы мақұлданған және қол қойылған жобалардың пайызы), бұл ретте «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға берілген кредиттер қоржыны - экономиканың басым секторлары бойынша кредиттердің жалпы қоржынының 81,3%.

Жалпы 2010 - 2013 жылдар аралығында банктердің өңдеуші өнеркәсіптегі жиынтық кредит қоржыны 1,9 есе (455 млрд. теңгеден 876 млрд. теңгеге дейін), көлік секторында - 1,6 есе (252 млрд. теңгеден 396 млрд. теңгеге дейін), байланыс секторында - 1,8 есе (51 млрд. теңгеден 90 млрд. теңгеге дейін) ұлғайды.

Осы үш жыл ішінде өңдеуші өнеркәсіпке берілген кредиттердің жиынтық көлемі 2,45 есе (383 млрд. теңгеден 938 млрд. теңгеге дейін), көлік секторына - 1,7 есе (145 млрд. теңгеден 246 млрд. теңгеге дейін), байланыс секторына - 3 есе (22 млрд. теңгеден 66 млрд. теңгеге дейін) өсті.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында кредит қаражатының соңғы тұтынушысы қаржыландырылған сыйақы мөлшерлемесі бойынша шектеу көзделген (14%-дан аспайды). «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі айтарлықтай төмендеді. 2010 - 2013 жылдар аралығында өңдеуші өнеркәсіпке берілген кредиттер бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме жылдық 12%-дан 9,4%-ға дейін, көлік секторына - жылдық 12,5%-дан 10,2%-ға дейін, байланыс секторына - жылдық 11,9%-дан 7,7%-ға дейін төмендеді.

Кредит беруді мерзімдерге бөлетін болсақ, жиынтық қоржындағы қысқа мерзімді кредиттердің үлесі 2010 - 2013 жылдары 29 - 33% аралығында құбылып тұрды (2013 жылы - 29%). Кредит беру объектілері бойынша бөлетін болсақ, негізгі үлесі айналым қаражатын толықтыруға тиесілі болды (69%), ал инвестициялық мақсаттарға 7%-ы ғана тиесілі болды. Ұзақ мерзімді кредиттер қоржынының құрылымында айналым қаражатын толықтыру 15%-ды, ал инвестициялық мақсаттарға берілген кредиттер 26%-ды құрады.

Инвестициялық мақсаттарға берілген қысқа мерзімді кредиттердің мөлшері озыңқы қарқынмен өсіп, өзге факторлармен қатар негізгі капиталға құйылатын инвестициялардың өсуіне ықпалын тигізді, 2010 - 2013 жылдар аралығындағы кезеңде олардың жыл сайынғы көрсеткіші 32%-ға жылына 6 млрд. теңгеге дейін өсті.

Жыл сайынғы экономиканың басым секторларының негізгі капиталына құйылатын инвестициялардың көлемі 56%-ға 1 740 млрд. теңгеден 2 713 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Екінші жағынан, енгізілген негізгі құралдардың көлемі әртүрлі бағыттағы сипатта болды, ол пайдалануға берілген негізгі құралдардың көлемі әртүрлі бағыттағы сипатта болды, инвестициялық мақсаттарға тартылған қаражаттың жұмыс істеп тұрған негізгі құралдарды реконструкциялауға немесе қолданыстағы кредиттерді қайта қаржыландыруға жұмсалуымен де түсіндіріледі. 2013 жылы экономиканың басым секторларында 1 229 млрд. теңгеге негізгі құралдар енгізілді.

2010-2013 жылдары экономиканың басым секторларында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің шығарылымы өскені байқалды (ауыл шаруашылығын қоспағанда), бірақ өсу қарқыны бәсеңдеді. 2013 жылы бұл көрсеткіштің нақты өсуі 5,1%-ды құрады. Тұтастай алғанда, экономиканың басым секторларында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер шығарылымының өсуі 2013 жылы шамалы болса да артта қалды.

Қалыптасып отырған ағымдағы жағдайды ескере отырып, мемлекет инвестициялар үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасап отырғанын, алайда айналым қаражатын толықтыруды қалайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау болмай отырғанын көруге болады. Кредит беру құрылымы жөніндегі деректерді негізге ала отырып, Бағдарлама құралдарын осы бағытта кеңейту шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау деңгейін айтарлықтай жоғарылатып, сол арқылы елдегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін анағұрлым өсуіне алғышарт жасайды деп айтуға болады.

2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауылдық жерлерге, шағын қалалар мен моноқалаларға тиесілі банктік кредиттердің үлесі әлі де төмен деңгейде қалып отыр (2013 жылы - 25%). «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2013 жылы берілген дәл осы әкімшілік бірліктердегі кредиттердің үлесі 30%-ды құрады (933,5 млрд. теңгенің 284 млрд. теңгесі). «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында оң үрдіс байқалып отыр. Айталық, үш жыл ішінде бұл көрсеткіш 4 пайыздық тармаққа ұлғайды. Осылайша, кредит беру нарығы аталған әкімшілік бірліктерде біртіндеп кеңейіп келеді, тиісінше, осы бағытта мемлекеттік қолдау көрсетуді жалғастыру, ал қажет болса ұлғайту керек деген тұжырым жасауға болады.

Оқыту түрінде қаржылай емес мемлекеттік қолдау көрсету «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына 2011 жылы енгізілді. Осы бағыттың іске асырылған жылдары аталмыш қолдау танымал бола түсті. 2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «Бизнес-кеңесші» және «Бизнес-өсу» жобаларына 75 мың тыңдаушы, «Жас кәсіпкер мектебі» жобасына 2 109 қатысушы қатысты. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» жобасы бойынша - 1 263 кәсіпкер, «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша - 2 253 кәсіпкер оқытылды, солардың ішінде 324 кәсіпкер АҚШ және Германияда тағылымдамадан өтті; «Аға сеньорлар» құрауышының шеңберінде 62 миссия жүзеге асырылды. Бұдан басқа, «Бизнес-насихат» құрауышы шеңберінде 2013 - 2014 жж. республикалық телеарналар эфиріне «Табыс тарихы» бағдарламасының 24 көрсетілімі «КТК» телеарнасында орыс тілінде шықты, «31 арна» арнасында қазақ және орыс тілдерінде 10 арнайы репортаж және «Қазақстан» арнасында 10 репортаж; «7» арна және «Астана» арналарында «Бизнес аймағы» бағдарламасының 10 көрсетілімі шығарылды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы халқы арасында кәсіпкерлікті дәріптеуге бағытталған 40 ақпараттық-білім беру бейнероликтері түсірілді. Мемлекеттік қолдау шаралары туралы БАҚ-та 3700-нан аса материал орналастырылды, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде іске асқан жобалар бойынша 36 баспасөз-туры өткізілді. Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін дәрістер, шеберлік сыныптары өткізілді, оларда 1650 адамнан астам оқытылды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын түсіндіру бойынша 360 мың дана лифлеттер шығарылды.

Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жасау бойынша жұмыс жүргізілді. Айталық, 2014 жылғы 1 желтоқсанда облыс орталықтары мен ірі қалаларда 17 кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды, оларда 68 мың кәсіпкерге 111 мыңнан астам консультация берілді. Моноқалаларда 27 кәсіпкерлікті қолдау орталығында 27 мыңнан астам кәсіпкерге 50,3 мың консультация берілді. Шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы 161 кәсіпкерлікті қолдау орталығында 36,3 мың клиентке 62,8 мыңнан астам консультация берілді. Өңірлік деңгейде 14 ұтқыр кәсіпкерлікті қолдау орталығы жұмыс істейді, оларда 16,8 мың кәсіпкерге 26,8 мың көшпелі консультация көрсетілді. Бұдан басқа, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметіне сервистік қолдау көрсетіледі. Айталық, 45,6 мың кәсіпкерге 159,6 мың қызмет көрсетілді, бұл ретте осы жұмысқа 52 сервистік компания тартылды.

Осылайша, ағымдағы жағдайды талдау Бағдарлама ірі қалалардан тыс шағын және орта кәсіпкерлікті нысаналы қолдауға және кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуді көздеуге тиіс.

Бағдарлама шеңберінде «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бағыты бойынша қаржыландырылуға қол жетімділікті арттыру, жобалардың өндірістік қуатын арттыру, ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда, кәсіпкерлердің бизнес бастамалары мен олардың жобаларын кеңейту сияқты проблемалық мәселелер шешілетін болады.

Моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлердің қаржыландыруға қол жетімділігін арттыру үшін банктердің кредиттері және микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің кәсіпкерлер мен микроқаржы ұйымдарына берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру, микрокредиттер беру жүзеге асырылатын болады.

Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлердің өндірістік қуаттылығын арттыру үшін ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің жобаларына жеткіліксіз инфрақұрылымды жеткізу шаралары жүзеге асырылатын болады.

Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын кеңейту үшін мемлекеттік гранттар беру жүзеге асырылатын болады.

Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында кәсіпкерлікті дамыту өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту, бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру, шағын және орта кәсіпкерлікте халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайту міндеттерін шешеді.

Өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту үшін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру шаралары жүзеге асырылатын болады.

Бәсекеге қабілетті жаңа өндіріс орындарын құру үшін кәсіпкерлердің жобаларын және индустриялық аймақтарды жетіспейтін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.

Шағын және орта кәсіпкерлікте халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру, кәсіпкерлер жобаларының және индустриялық аймақтардың жетіспейтін инфрақұрылымын қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.

Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдіктердің кредиттікке өзгеруін болдырмау үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және шетел валюталарында субсидиялау жүзеге асырылатын болады.

Кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету жөніндегі проблемаларды шешу кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің құзыретін арттыру, кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру, іскерлік байланыстарды кеңейту болады.

Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету үшін «Бизнес-насихат» жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жүзеге асырылатын болады.

Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру үшін кәсіпкерлік қызметтің негіздерін оқыту, мамандардың, кәсіпорынның топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, рұқсат құжаттары мен техникалық шарттар алу мәселелері бойынша консультациялар беру жүзеге асырылатын болады.

Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру үшін басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиясы, өнімділікті арттыру және кәсіпорынның энергия қуатын үнемдеу, сондай-ақ кәсіпорындарды технологиялық дамыту мәселелері бойынша сырттан консультанттар тарту жүзеге асырылатын болады.

Іскерлік байланыстарды кеңейту үшін шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату және отандық өңделген тауарларды жылжыту жүзеге асырылатын болады.

 

 



ҚР Үкіметінің 2016.31.08. № 515 Қаулысымен 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау