Микроқаржы ұйымдарының банктер алдындағы кредиттеріне ішінара кепілдік беру
77. Ішінара кепілдік беру моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлеріне кейіннен микрокредит беру мақсатында банктерден айналым қаражатын толықтыруға алынған микроқаржы ұйымдарының жаңа кредиттер бойынша ғана беріледі.
ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 78-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 78-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
78. Микроқаржы ұйымдары үшін ішінара кепілдікті қаржы агенттігі береді.
ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 79-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
79. Микроқаржы ұйымдарының банктер алдындағы кредиттеріне кепілдік беруді қаржыландыру уәкілетті орган мен қаржы агенттігі арасында тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
80. Микроқаржы ұйымдары үшін:
1) кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит сомасы 500,0 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте кредит сомасы бір микроқаржы ұйымы үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі.
2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 100%-ына жетуі мүмкін;
3) берілетін кепілдік мерзімі 3 (үш) жылдан аспайды;
4) Банктердің кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі 16%-дан аспайды.
81. Микроқаржы ұйымдары үшін кепілдік ақылы негізде беріледі. Кепілдіктер бергені үшін микроқаржы ұйымдары кепілдік беру сомасының 2%-ына дейінін қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 82-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
82. Кредиттің нысаналы пайдаланылмауы, Бағдарлама шарттарының бұзылуы, қаржы агенттігінің кепілдіктер беру туралы шешімінде белгіленген шарттардың орындалмауы фактілері анықталған жағдайда қаржы агенттігі кепілдіктің күшін жояды.
ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 83-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
83. Микроқаржы ұйымы ішінара кепілдік алу үшін банкке қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит алуға өтініш береді.
ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 84-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
84. Банк өз бетінше ішкі құжаттарда белгіленген рәсімге сәйкес микроқаржы ұйымының қызметіне бағалау жүргізеді және ұсынылған ақпарат пен кепіл мүлкін бағалау туралы қорытындының негізінде қамтамасыз етудің кепіл құнына бағалау жүргізеді, одан кейін қаржы агенттігінің кепілдігімен микроқаржы ұйымын қаржыландыру не қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Микроқаржы ұйымын қаржыландыру жөнінде оң шешім қабылданған жағдайда банк 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне кепілдік беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды жібереді.
ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 85-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
85. Қаржы агенттігі 10 (он) жұмыс күні ішінде банк ұсынған құжаттарды қарайды және ішінара кепілдік беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайды. Ішінара кепілдік беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда қаржы агенттігі банкке кепілдік берудің мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хат жібереді.
ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 86-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
86. Қаржы агенттігінің оң шешімі туралы хатын алғаннан кейін банк микроқаржы ұйымына қажетті кепілдік сомасының есептемесін көрсете отырып, жасалатын кредит шарттары туралы тиісті хат ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 87-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
87. Банк пен микроқаржы ұйымы арасында тиісті кредит шарты жасалғаннан кейін банк, қаржы агенттігі және микроқаржы ұйымы микрокредит беру жөнінде кепілдік шартына қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 88-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
88. Шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу мақсатында уәкілетті орган кезекті жылдың басында қаржы агенттігіне микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне кепілдік беруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 %-ын аударады.
ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 89-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
89. Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі кепілдік шарттарының жасалуына қарай жылдың басында қаржы агенттігіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін қаржы агенттігіне аударылады.
ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 90-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
90. Қаржы агенттігі жасалатын кепілдік шарттары бойынша ақы төлеу үшін тиісті қаржы жылына бөлінген бюджет қаражаты шегінде ғана жобалар бойынша құжаттарды қабылдайды. Бұл жағдайда кепілдік шартын жасасу фактісі бюджет қаражатын игеру болып табылады.
91. ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
92. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде микроқаржы ұйымдарының Банктер алдындағы кредиттеріне ішінара кепілдік беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Банктердің микроқаржы ұйымдарына кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.
Екінші бағыт: экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау
ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 93-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
93. Бағдарламаның екінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді:
1) банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
2) банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
3) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;
4) индустриялық аймақтары құру;
5) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру.
ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 94-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
94. Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар:
1) Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында;
2) Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында өз жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған тиімді кәсіпкерлер болып табылады.
Банктердің/даму банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау
ҚР Үкіметінің 2015.11.12. № 1001 Қаулысымен 95-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 95-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
95. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.
Тиімді инвестициялық жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп:
1) кәсіпкерлердің Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) өтініш бергенге дейінгі өткен 3 (үш) жылда кірістерінің өсуіне және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінің;
2) ӨҮК шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін қамтамасыз ететін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі.
Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға бағытталған, БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қаржыландыруға бағытталған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар қолданылмайды.
ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 95-1-тармақпен толықтырылды
95-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.
ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 95-1-тармақпен толықтырылды
95-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобалар Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2015.11.12. № 1001 Қаулысымен 96-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
96. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде бұрын банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.
97. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім бірінші кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген және Бағдарлама критерийлеріне сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.
ҚР Үкіметінің 2015.11.12. № 1001 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.19.04. № 234 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 98-тармақ жаңа редакцияда
98. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерді субсидиялау жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылатын, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:
1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;
2) БЗЖҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.
99. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті жаңарту мүмкіндігінің шарты ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.
100. 180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша Кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/ жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етілуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10%-нан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.
101. Кәсіпкердің жобаға өз қаражатымен (ақшалай қаражатымен/жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысу шарттары, оның ішінде кәсіпкердің оны растауы жөніндегі мерзімдер ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
102. Кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, бұл мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
103. Сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.
104. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және олармен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті ескермей есептеледі.
ҚР Үкіметінің 2015.28.04. № 368 Қаулысымен 105-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
105. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2015.11.12. № 1001 Қаулысымен 105-1-тармақпен толықтырылды
105-1. Кредитті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен субсидиялау кезінде кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 18 (он сегіз) айдан аспайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
106. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-нің мақұлдауын алған жобалары бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында басқа банктерде/лизингтік компанияларда (даму банкінде) қайта қаржыландырылуы мүмкін.
107. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі Қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған банкте/даму банкінде/лизингтік компанияда алғашқы субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2015.28.10. № 848 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.19.04. № 234 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 108-тармақ жаңа редакцияда
108. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 7 %-ына мемлекет өтемақы төлейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2015.28.10. № 848 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.19.04. № 234 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 109-тармақ жаңа редакцияда
109. ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, олардың 10 %-ына мемлекет өтемақы төлейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
110. Даму банкінің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13%-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, олардың 5%-ына мемлекет өтемақы төлейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
111. Қалқымалы сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер де субсидиялауға жатады. Бұл ретте сыйақының пайыздық мөлшерлемесі Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде белгіленген шекті мәндерден асып кеткен жағдайда, осы кредит бойынша субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.
112. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін қаржыландыру нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне аудару арқылы республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
113. Бағдарлама шеңберінде банк/даму банкі/лизингтік компания мынадай:
1) кәсіпкер бастамашы болған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;
2) кәсіпкердің кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алу;
3) лизинг нысанын тәуелсіз бағалауды, лизинг нысанын сақтандыруды, кепіл шартын тіркеуді және ауыртпалықты алуды жүргізуге байланысты;
4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (кедендік тазарту, лизинг нысанын арнайы органдардың тіркеу қызметтері, банктердің көрсететін қызметтері және т.б. сияқты басқа ұйымдардың көрсететін қызметтерін өтеу) жағдайларды қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алмайды.
114. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржы жылы өтейді.
ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 115-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
115. Қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары бойынша субсидиялауға рұқсат етіледі. Бұл ретте қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу мынадай критерийлерге сәйкес болуға тиіс:
1) 5 мың шаршы метрден кем емес сауда алаңымен Астана және Алматы қалаларында;
2) 2 мың шаршы метрден кем емес сауда алаңымен облыстарда;
3) деңгейлерінің көлемі 2-ден кем емес, тұрақ коэффициенті сауда алаңының 40 шаршы метріне 1 орыннан кем емес.
116. Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің/кәсіпкерлердің лизингтік компанияларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |