Төртінші бағыт: кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары
185. Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мынадай функционалдық бағыттар бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуді көздейді:
1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту;
3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;
4) іскерлік байланыстарды кеңейту.
ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 186-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
186. Осы бағыттардың шеңберінде қаржылай емес қолдаудың мынадай құралдарын ұсыну көзделеді:
1) «кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету» функционалдық бағыты бойынша:
«Бизнес насихат» құрауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру;
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін (бұдан әрі - АӨК субъектілері) мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру;
2) «кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту» функционалдық бағыты бойынша:
кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту;
кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру;
жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету;
рұқсат құжаттары мен техникалық шарттар алу мәселелері бойынша консультациялар беру;
3) «кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру» функционалдық бағыты бойынша:
жаңа басқару әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу, кәсіпорындардың өнімділігі мен энергия үнемділігін арттыру мәселелері бойынша сырттан консультанттарды тарту;
кәсіпорындарды технологиялық дамыту;
4) іскерлік байланыстарды кеңейтудің функционалдық бағыты бойынша: шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату.
187. Жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа қаржылай емес қолдау көрсету қаржылай емес қолдау құралдарының белгіленген тетіктеріне сәйкес жүзеге асырылады.
188. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейтудің функционалдық бағыттарын іске асыру кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы шеңберінде мынадай қағидаттарды сақтау арқылы жүзеге асырылады: жеке кәсіпкерлік субъектілеріне «бір терезе» арқылы қызмет көрсету, қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру.
189. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына:
1) облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Семей, Түркістан қалаларындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары;
2) моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы кәсіпкерлікті қолдау орталықтары;
3) ауылдар мен кенттер деңгейінде кәсіпкерлікті қолдаудың ұтқыр орталықтары;
4) бизнес-инкубаторлар кіреді.
190. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - КҚКО) - бұл жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарының жанында құрылған және/немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлер палаталарының жанында, жергілікті бюджет қаражаты болған кезде жергілікті атқарушы органдарда құрылатын инфрақұрылымдық кешен.
191. КҚКО көрсетілетін қызметтері жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ұсынылады.
192. КҚКО құру мақсаттары:
1) кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету;
2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша ақпараттық, консультациялық көмек көрсету және оқыту;
3) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктің орнықты дамуына жәрдемдесу.
193. КҚКО функциялары:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;
2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
3) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау бағыттарын іске асыру;
4) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтінімдер жинау;
5) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру.
ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 194-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
194. Қаржы агенттігінің өңірлік филиалдары жанындағы КҚКО-ны ұстауға және оның жұмыс істеуіне арналған шығыстарды қаржыландыру қаржы агенттігінің жеке қаражаты есебінен, қаржылай емес қолдау операторының жанындағы - қаржылай емес қолдау операторының жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
195. КҚКО қызметтерін ұсыну тетігі:
1) қаржы агенттігі мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру үшін КҚКО операциялық залында консультанттарды орналастыру үшін қаржылай емес қолдау операторымен өзара ынтымақтастық туралы келісім жасасады;
2) мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру қаржылай емес қолдау құралдарының белгіленген тетігі бойынша жүзеге асырылады;
3) қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын есепті тоқсанға дейінгі айдың 10-на дейін мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру шеңберінде КҚКО базасында алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесін жасайды және қаржы агенттігімен келіседі;
4) Қаржы агенттігі КҚКО базасында өзге де білім беру бағдарламаларын, тренингтерді, мастер-кластарды өткізе алады, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған дөңгелек үстелдер мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыра алады.
196. Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары (бұдан әрі - КҚО) - бұл базасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін оқыту, ақпараттық қамтамасыз ету, консультациялық және маркетингтік қызметтер көрсету, олардың жобаларына экономикалық және технологиялық сараптама жүргізу жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық кешен.
197. КҚО құру мақсаттары:
1) кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету;
2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша ақпараттық, консультациялық көмек көрсету және оқыту;
3) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктің орнықты дамуына жәрдемдесу.
198. КҚО қызметтері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа өтеусіз негізде ұсынылады.
199. КҚО облыстардың кәсіпкерлер палаталары филиалдарының жанында, моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында құрылады.
200. ҚҚО функциялары:
1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;
2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «бір терезе» арқылы қызмет көрсету, қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру қағидаттарын сақтай отырып, мемлекеттік қаржылық емес қолдау шараларын көрсету;
3) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру;
4) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтінімдер жинау;
5) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша консультациялық қызметтер ұсыну;
6) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру.
201. КҚО-ның қызмет етуіне және дамуына арналған шығындарды қаржыландыру уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында өтеулі қызметтерді көрсету туралы шартқа қол қою арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
202. КҚО көрсетілетін қызметтерін ұсыну тетігі:
1) уәкілетті орган мен оператор моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында КҚО-ның қызмет етуі мен дамуына арналған шығындарға өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт жасасады;
2) оператор уәкілетті органмен жасалған өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт шеңберінде:
КҚО үшін консультанттарды;
КҚО консультанттарын тиісті функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құралдармен;
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыруды қамтамасыз етеді.
203. Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа қаржы жылының 12 айы бойы КҚО қызметтерін үзіліссіз көрсетуді қамтамасыз етеді.
204. Уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалатын өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін қаржылай емес қолдау операторы көрсеткен КҚО қызметтерін уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына арналған өтеулі қызметтер көрсету туралы жасалған шарт шеңберінде өтейді.
205. Кәсіпкерлікті қолдаудың ұтқыр орталықтары (бұдан әрі - КҚҰО) - бұл ауылдық елді мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқына кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары бойынша көшпелі ақпараттық және консультациялық қызметтер ұсынуға бағытталған қаржы агенттігінің арнайы жабдықталған автобустары.
206. КҚҰО құру мақсаттары:
1) ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету;
2) ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті ашуға ынталандыру;
3) КҚҰО қызметтері ауылдық елді мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқына өтеусіз негізде ұсынылады.
207. КҚҰО функциялары:
1) ауылдық елді мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқын кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;
2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтерді ұсыну;
3) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру;
4) кәсіпкерлік әлеуетті дамыту, кәсіпорындардың жетекші мамандары мен топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру бағыты бойынша қатысуға өтінімдер жинау;
5) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қызметтер көрсету.
208. КҚҰО ұстауға және оның қызмет етуіне арналған шығындарды қаржыландыру қаржы агенттігінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
209. КҚҰО көрсетілетін қызметтерін ұсыну тетігі:
1) Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын қаңтардың 20-на дейінгі мерзімде қаржы агенттігімен және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерімен келісім бойынша КҚҰО-ның ауылдық елді мекендерге шығу кестесін жасайды;
2) қаржы агенттігімен және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерімен келісілген КҚҰО-ның құрамында Қаржылай емес қолдау операторының ауылдық елді мекендерге шығу кестесі келісілгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қаржылай емес қолдау операторы мен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс;
3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері ауылдық елді мекендердің халқын консультациялар өткізілгенге дейін бір ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарына тиісті ақпарат орналастыру арқылы КҚҰО-ның консультацияларды жүргізу күні мен уақыты туралы хабардар етеді;
4) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері қажет болған кезде ауылдық елді мекендерде консультацияларды ұсыну үшін қосымша үй-жайларды қамтамасыз етеді;
5) КҚҰО-ның ауылдық елді мекендерге шығуы тиісті қаржы жылының наурызынан желтоқсанына дейінгі аралығын қоса алғанда жүзеге асырылады;
6) Қаржылай емес қолдау операторы КҚҰО үшін консультанттарды ұсынады;
7) Қаржылай емес қолдау операторы КҚҰО базасында бару және консультациялар беру үшін консультанттарды ұсынуға өзге де даму институттарымен келісімдер жасасады.
210. Бизнес-инкубатор - бұл шағын кәсіпорындарға ресурстар мен көрсетілетін қызметтер кешенін ұсыну арқылы олардың қалыптасуы мен табысты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған қолдау құралы.
211. Бизнес-инкубаторларды құру мақсаттары:
1) шағын кәсіпорындардың қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық белсенділігін арттыруға жәрдемдесу.
212. Бизнес-инкубаторлардың функциялары:
1) конкурстық негізде шағын кәсіпкерлік субъектілерін тарту;
2) бизнес-инкубаторда орналастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу және олармен өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу;
3) ісін жаңа бастаған шағын кәсіпорындарды консалтингтік сүйемелдеуді жүзеге асыру;
4) қаржылық құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен, оның ішінде жобаларды тәуекелмен қаржыландыру институттарымен өзара іс-қимыл жасасу арқылы әлеуетті инвесторларды іздеу;
5) ақпараттық және сарапшылық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
6) тәжірибе алмасу мақсатында табысты компаниялардағы тағылымдамаларды, әртүрлі тақырыптар бойынша тренингтерді, форумдарды қоса алғанда, оқыту семинарларын ұйымдастыру;
7) шағын кәсіпорындар үшін мамандарды іздеу мен жалдауға жәрдемдесу;
8) бизнес-инкубаторда шағын кәсіпорындарды дамыту туралы ақпараттық-талдамалық деректер қорын қалыптастыру.
213. Бизнес-инкубаторлар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация немесе жергілікті атқарушы органдар немесе моноқалалар мен шағын қалаларда кәсіпорындар ұсынған алаңдар базасында құрылады. Бизнес-инкубатордағы үй-жайды/аумақты жалға алу мерзімі әрбір кәсіпкерлік субъектісі үшін үш жылдан аспайды.
214. Бизнес-инкубаторларды құруды және дамытуды әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (бұдан әрі - ӘКК) жүзеге асырады.
ӘКК қызметтеріне мыналар жатады:
1) бизнес-инкубаторларды дамытудың бизнес-жоспарын әзірлеу;
2) бизнес-инкубаторға қатысушыларды тарту;
3) инвестициялар тарту және бизнес-инкубатор қызметін қаржыландыру мәселелерін шешу;
4) бизнес-инкубатор үй-жайларын жалға (қосалқы жалға) беру;
5) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасау, бұзу және олардың талаптарының орындалуын мониторингтеу;
6) бизнес-инкубатор қызметін қамтамасыз ету және қолдау.
215. Бизнес-инкубаторларды құру және дамыту бойынша ӘКК операторлық көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері мен ӘКК арасында бизнес-инкубаторларды құру және дамыту бойынша өтеулі қызметтер көрсету туралы жасалған шарттың негізінде жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |