Бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020»


Мемлекеттік гранттар беру



жүктеу 0,94 Mb.
бет10/37
Дата14.06.2020
өлшемі0,94 Mb.
#30749
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Мемлекеттік гранттар беру

 

33. Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.



34. Мемлекеттік гранттар моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға салалық шектеулерсіз беріледі.

35. Бір кәсіпкер үшін ең жоғары грант сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды. Грант нысанында қолдау шараларын қаржыландыру нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне бөлу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 36-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

36. Мемлекеттік гранттарды мемлекет шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мүгедектердің және 50 жастан асқан тұлғалардың мемлекеттік гранттар беруге арналған өтінімдерін іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері арқылы береді. Бұл ретте Бағдарлама шеңберінде оқыту құрауыштары сертификатының болуы конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

37. Конкурсты өткізу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері гранттар беруге үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мүгедектердің және 50 жастан асқан тұлғалардың жобаларының өтінімдерін іріктеу жөнінде конкурстық комиссия құрады және оның құрамын бекітеді. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары Кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың біртұтастығы, ұсынылатын құжаттардың жан-жақтылығы мен толықтай зерттелуі, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.

ҚР Үкіметінің 2015.28.10. № 848 Қаулысымен 38-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

38. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мүгедектердің және 50 жастан асқан тұлғалардың бизнес-жобасын бағалаудың мынадай критерийлерінің негізінде ұсынымдар береді:

1) бизнес идеялардың жаңашылдығы (мүгедектер үшін қолданылмайды);

2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау - маркетингтік талдау);

3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге әзірлігі (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру, өткізу нарығы үшін үй-жайдың болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі);

4) бизнес-жобаның міндетті шарттары шағын кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкердің, сондай-ақ әйелдің, мүгедектің және 50 жастан асқан тұлғаның оны іске асыру шығыстарын ұсынылатын грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде, оның ішінде жеке мүлкімен бірлесіп қаржыландыруы, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

ҚР Үкіметінің 2015.28.10. № 848 Қаулысымен 39-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



39. Шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан тұлғалар жаңа жұмыс орындарын құруға және грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануға тиіс:

1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;

2) материалдық емес активтерді сатып алу;

3) технологияларды сатып алу;

4) франшиза құқықтарын сатып алу;

5) зерттеу жұмыстарына, жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.

40. Грант қаражатын жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеу ретінде пайдалануға болмайды.

41. Мемлекеттік гранттар беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарламаның шеңберінде Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында регламенттеледі.

 

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру



 

ҚР Үкіметінің 2015.28.10. № 848 Қаулысымен 42-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 42-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



42. Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен кредит беру үшін ӨҮК шешімімен айқындалатын МУҰ-ға беріледі.

43. Микрокредиттер жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту және айналым капиталын толықтыру үшін салалық шектеулерсіз беріледі.

44. Микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге берілмейді.

45. Микрокредиттің ең көп сомасы бір қарыз алушыға 10 000 000 (он миллион) теңгеден аспайды.

46. Соңғы қарыз алушы үшін микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 10%-дан аспауға тиіс.

47. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредит Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мынадай шарттарда беріледі:



1) қайтарымдылық, жеделдік және ақылы негізде 0,01% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 5 жылға;

2) кредит беру мерзімі - 5 жылдан аспайды;

3) игеру кезеңі - Бағдарламаның Өңірлік Үйлестірушісі бюджеттік кредит алған кезден бастап 5 жыл;

4) бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуы - жеке істі ұйымдастыру немесе кеңейту, айналым капиталын толықтыру;

5) МУҰ/кредит бойынша микроқаржы ұйымы кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу жөнінде жеңілдік кезеңін ұсынуы мүмкін.

48. Бағдарламаны өңірлік үйлестіруші МУҰ-ға кредит береді және онымен кредит беру туралы келісім жасасады. МУҰ үшін кредит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01% мөлшерінде белгіленеді.

ҚР Үкіметінің 2015.28.04. № 368 Қаулысымен 49-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

49. Микроқаржы ұйымдарына арналған кредит бойынша жылдық ең үлкен номиналды сыйақы мөлшерлемесін МУҰ белгілейді, бірақ ол 4 %-дан аспайды.

ҚР Үкіметінің 2015.28.04. № 368 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.19.04. № 234 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 50-тармақ жаңа редакцияда



50. МУҰ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидаларында айқындалатын өлшемшарттарға сәйкес ХҚҰ-ға кредиттік ресурстар береді.

ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен кіші бөлім 51-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



51. Кредит ресурстары микроқаржы ұйымдарына мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, нысаналы пайдалану және қамтамасыз ету шарттарында не қаржылық орнықты микроқаржы ұйымдарына үшін қамтамасыз етусіз беріледі.

ҚР Үкіметінің 2015.28.04. № 368 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.23.06. № 370 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 52-тармақ жаңа редакцияда



52. Микрокредиттер беру мынадай тәсілмен жүзеге асырылады:

1) шағын кәсіпкерлік субъектісі Бағдарлама шеңберінде микрокредит беру мәселесі бойынша консультациялар aлу үшін МУҰ-ға және (немесе) микроқаржы ұйымдарына өтініш білдіреді;

2) шағын кәсіпкерлік субъектісі жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және МУҰ-ға, Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған микроқаржы ұйымына микрокредит алуға өтініммен жүгінеді (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап өтінімдерді қабылдауды Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған микроқаржы ұйымы жүзеге асырады);

3) МУҰ, микроқаржы ұйымы жобаға бағалау жүргізеді, қорытынды береді және микрокредит берудің мүмкін (немесе мүмкін емес) екені туралы шешім қабылдайды (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жобаны бағалауды, қорытынды беруді және микрокредит берудің мүмкін (немесе мүмкін емес) екені туралы шешім қабылдауды микроқаржы ұйымы жүзеге асырады);

4) микроқаржы ұйымы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 30-күніне дейінгі мерзімде МУҰ-ға Бағдарлама шеңберінде берілген микрокредиттер бойынша ақпарат береді.

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер беру қағидаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, МУҰ-ның шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер беруіне жол берілмейді.

53. МУҰ мониторингті жүзеге асырады және Микрокредит беру қағидаларында көзделген нысан бойынша Уәкілетті органға тоқсан сайынғы есеп береді.

54. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидаларымен регламенттеледі.

 

ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)




жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау