«АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы
232. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы заңнама, нарықтың баға саясаты, қаржылық сауаттылық, қаржылық, сақтандыру және бағалау қызметтерінің шарттары мен құны мәселелерінде АӨК субъектілерінің хабардар болуын арттыруға бағытталған.
233. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы АӨК субъектілеріне ұсынылады.
234. «АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы шеңберінде заңнама, нарықтық баға саясаты, қаржылық сауаттылық, қаржылық, сақтандыру және бағалау қызметтерінің шарттары мен құны мәселелерінде АӨК субъектілерінің хабардар болуын арттыру мыналарға негізделеді:
1) АӨК саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
2) АӨК саласындағы кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды танымал ету;
3) аграрлық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау.
235. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралын қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен қаржылай емес қолдау операторы арасында тиісті шарт жасасу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
236. АӨК саласында мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу:
1) АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын БАҚ-та түсіндіруді;
2) АӨК саласында мамандандырылған мерзімдік басылымды әзірлеуді, шығаруды және оны агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне жеткізуді;
3) ақпараттық іс-шараларды (форумдар, конференциялар, сессиялар, семинарлар, кеңестер және т.б.) өткізуді көздейді.
237. АӨК саласындағы кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды танымал ету:
1) АӨК саласында іске асырылған жобалардың сәтті үлгілері бойынша баспасөз-турларын ұйымдастыру;
2) АӨК саласындағы кәсіпкерлер туралы әңгімелерді («Жетістіктер тарихтары») әзірлеу және БАҚ-та орналастыру;
3) БАҚ өкілдері арасында Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыру немесе АӨК саласындағы кәсіпкерлік туралы үздік материалға конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылады.
238. Аграрлық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау:
1) сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандардың қатысуымен телехабарлар серияларын ұйымдастыруды;
2) АӨК саласындағы жастар жобаларының көрмесін ұйымдастыруды және өткізуді;
3) АӨК саласындағы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ашық дәрістер, мастер-кластар өткізуді;
4) әлеуметтік желілерде қоғамдастықтар, форумдарда тармақтар, интернет-блогтар, сайттарда-бейне-хостингтерде салалық кәсіпкерлікке арналған арналар құруды және жүргізуді көздейді.
239. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарын түсіндіру қаржылай емес қолдау операторы құрған Бірыңғай бағдарламаның бірыңғай Call-орталығының базасында да жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |