компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық
лизинг шарттарына жатады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.12.2015
№ 1001
; өзгеріс енгізілді
- ҚР Үкіметінің 19.04.2016
№ 234
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
6-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг
шарттары бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда
салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай
жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге
асырылады.
Ескерту. Кіші бөлім 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
7. Жобаны ӨҮК-ге шығарғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім бірінші кредит/лизинг берілген
күннен бастап есептеледі) және Бағдарламаның критерийлеріне сәйкес келетін банктер/даму
банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта
қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер субсидиялауға жатады.
7-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта
қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік
субьектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.
Ескерту. Кіші бөлім 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016
№ 234
(
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
8. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерді субсидиялау жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық
мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат
есебінен жүзеге асырылатын, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:
1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті
кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;
2) БЗЖҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау
айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016
№ 234
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
9. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/қаржылық лизинг шартының
сомасы бір кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және олармен үлестес тұлғалардың/
компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті ескермей есептеледі.
10. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет
субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша
ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016
№ 234
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
11. 180 млн. теңгеден астам кредит/қаржылық лизинг шарты бар кәсіпкер жобаны іске
асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде
қамтамасыз етілуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының
10%-нан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.
Кәсіпкердің жобаға өз қаражатымен (ақшалай қаражатымен/жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен)
қатысу шарттары, оның ішінде кәсіпкердің оны растауы жөніндегі мерзімдер ӨҮК шешімінде
көрсетіледі.
12. Кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына жобаны іске
асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда
, бұл мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
13. Сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша
жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.
14. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша
6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша
бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы
агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2015
№ 368
қаулысымен.
14-1. Кредитті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен
субсидиялау кезінде кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 18 (он сегіз) айдан аспайды,
субсидиялау мерзімі ұзартылмайды. Егер бiр жоба бойынша бiрнеше субсидиялау шарты жасалатын
болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол
қойған сәттен бастап белгіленеді.
Ескерту. Кіші бөлім 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 11.12.2015
№ 1001
қаулысымен.
15. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-нің мақұлдауын алған жобалары бұрын
мақұлданған субсидиялау шарттарында басқа банктерде/лизингтік компанияларда қайта
қаржыландырылуы мүмкін.
16. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау
мерзімі қаржылық агенттік қайта қаржыландыру жүзеге асырылған банкте/даму банкінде/лизингтік
компанияда алғашқы субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
17. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг
шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру нысаналы
трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне аудару арқылы республикалық бюджет
қаражатынан жүзеге асырылады.
18. Бағдарлама шеңберінде банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар мыналарды:
1) Кәсіпкердің бастамашы болған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының
өзгеруіне байланысты жағдайларды;
2) Кәсіпкердің кредит/ қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен
алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді;
3) лизинг нысанын тәуелсіз бағалауды, лизинг нысанын сақтандыруды, кепіл шартын
тіркеуді және ауыртпалықты алуды жүргізуге байланысты жағдайларды;
4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту,
лизинг нысанын арнайы органдардың тіркеу қызметтері, банктердің көрсететін қызметтері және
т.б. сияқты көрсететін қызметтерін өтеу) жағдайларды қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг
шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де
төлемдерді өндіріп алмайды.
19. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім
қабылдаған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды,
алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржы жылы өтейді.
20. Қалқымалы сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер де субсидиялауға жатады. Бұл ретте
сыйақының пайыздық мөлшерлемесі Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде белгіленген шекті
мәндерден асып кеткен жағдайда, осы кредит бойынша субсидиялау шартының қолданысы
тоқтатылады.
21. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің/кәсіпкерлердің
лизингтік компанияларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің
бір бөлігін субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген
Бағдарлама шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары бойынша
регламенттеледі.
Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара
кепілдік беру
22. Кепілдік тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және
кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша ғана
беріледі.
Қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) жылдан кейін міндетті зейнетақы
жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін,
жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің
10 %-ға өсуін көздейтін жобалар тиімді жобалар деп түсініледі.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016
№ 234
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
22-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта
қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінің кредиттері де кепілдендіруге жатады.