224. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу
шарттары туралы түсіндіру» құралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің
нарығында қазақстандық кәсіпкерлердің белсенділігін арттыру үшін Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік, мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлік қызметті
қолдау шаралары саласындағы заңнамасын түсіндіруге бағытталған.
225. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу
шарттары туралы түсіндіру» құралы халықаралық ынтымақтастыққа, Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің нарығына өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді экспорттауға,
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде филиалдық желі ашуға және оны кеңейтуге,
шикізат пен материалдарды, жиынтықтаушыларды, технологияларды сатып алуға бағдарланған шағын
және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады.
226. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу
шарттары туралы түсіндіру» құралы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше
мемлекеттердің кәсіпкерлік, мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікті қолдау шаралары
саласындағы заңнамасын түсіндіру мынаған сайып келеді:
1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу
шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын
қазақстандық кәсіпкерлердің сәтті үлгілерін танымал ету;
3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қазақстандық кәсіпкерлік
идеяларын насихаттау.
227. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу
шарттары туралы түсіндіру» құралын қаржыландыру тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық
бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
228. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу
шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу:
1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік саласындағы
заңнамасы мен реттеу мәселелеріне маманданған ұйымдарды тарта отырып, жеке кәсіпкерлік
субъектілері үшін кәсіпкерлік, мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлік қызметті қолдау
шаралары саласында дайындалған ақпараттық-талдамалық анықтамалықтар мен оқу-әдістемелік
құралдарын әзірлеуді, олардың таралымын көбейтуді және таратуды;
2) ақпараттық іс-шараларды (форумдар, конференциялар, сессиялар, семинарлар, кеңестер
және т.б.) жүргізуді;
3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізудің
мықты және осал тұстарын көрсететін салыстырмалы сипаттағы тоқсан сайынғы
ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындауды;
4) мүше мемлекеттерде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау ұсынудың шарттарын, мемлекеттік
сатып алуға қатысу заңнамасы мен қағидаларын түсіндіру үшін оператордың Call-орталығы
қызметін ұйымдастыруды көздейді.
229. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметті жүзеге асыратын
қазақстандық кәсіпкерлердің сәтті үлгілерін танымал ету:
1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында іске асырылған
жобалардың сәтті үлгілері бойынша баспасөз-турларын ұйымдастыруды;
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында жұмыс істейтін табысты
қазақстандық кәсіпкерлер туралы әңгімелер («Жетістіктер тарихтары») әзірлеуді және БАҚ-та
орналастыруды;
3) БАҚ өкілдері арасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің
нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлік туралы үздік материалға арналған конкурс өткізуді
көздейді.
230. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қазақстандық кәсіпкерлік
идеяларын насихаттау:
1) сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандардың
қатысуымен телехабарлар серияларын ұйымдастыруды;
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде бизнес ашуға бағдарланған
кәсіпкерлер үшін ашық дәрістер, мастер-кластар өткізуді;
3) әлеуметтік желілерде қоғамдастықтар, форумдарда тармақтар, интернет-блогтар,
сайттарда-бейне-хостингтерде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлікке
арналған арналар құруды және жүргізуді көздейді.
231. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу
шарттары туралы түсіндіру» құралы бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау ұсыну шарттарын
түсіндіру қаржылай емес қолдау операторы құрған Бірыңғай бағдарламаның бірыңғай
Call-орталығы базасында да жүзеге асырылады.
«АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын
түсіндіру» құралы
232. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын
түсіндіру» құралы заңнама, нарықтың баға саясаты, қаржылық сауаттылық, қаржылық, сақтандыру
және бағалау қызметтерінің шарттары мен құны мәселелерінде АӨК субъектілерінің хабардар
болуын арттыруға бағытталған.
233. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын
түсіндіру» құралы АӨК субъектілеріне ұсынылады.
234. «АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы шеңберінде
заңнама, нарықтық баға саясаты, қаржылық сауаттылық, қаржылық, сақтандыру және бағалау
қызметтерінің шарттары мен құны мәселелерінде АӨК субъектілерінің хабардар болуын арттыру
мыналарға негізделеді:
1) АӨК саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын
жүргізу;
2) АӨК саласындағы кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды танымал ету;
3) аграрлық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау.
235. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын
түсіндіру» құралын қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен
қаржылай емес қолдау операторы арасында тиісті шарт жасасу арқылы республикалық бюджет
қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
236. АӨК саласында мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын
жүргізу:
1) АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын БАҚ-та түсіндіруді;
2) АӨК саласында мамандандырылған мерзімдік басылымды әзірлеуді, шығаруды және оны
агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне жеткізуді;
3) ақпараттық іс-шараларды (форумдар, конференциялар, сессиялар, семинарлар, кеңестер
және т.б.) өткізуді көздейді.
237. АӨК саласындағы кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды танымал ету:
1) АӨК саласында іске асырылған жобалардың сәтті үлгілері бойынша баспасөз-турларын
ұйымдастыру;
2) АӨК саласындағы кәсіпкерлер туралы әңгімелерді («Жетістіктер тарихтары») әзірлеу
және БАҚ-та орналастыру;
3) БАҚ өкілдері арасында Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыру немесе
АӨК саласындағы кәсіпкерлік туралы үздік материалға конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылады.
238. Аграрлық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау:
1) сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандардың
қатысуымен телехабарлар серияларын ұйымдастыруды;
2) АӨК саласындағы жастар жобаларының көрмесін ұйымдастыруды және өткізуді;
3) АӨК саласындағы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ашық дәрістер, мастер-кластар
өткізуді;
4) әлеуметтік желілерде қоғамдастықтар, форумдарда тармақтар, интернет-блогтар,
сайттарда-бейне-хостингтерде салалық кәсіпкерлікке арналған арналар құруды және жүргізуді
көздейді.
239. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын
түсіндіру» құралы бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарын түсіндіру
қаржылай емес қолдау операторы құрған Бірыңғай бағдарламаның бірыңғай Call-орталығының
базасында да жүзеге асырылады.