2)
ұқсас тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша нарықты, сондай-ақ
мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуының
қорытындылары мен жоспарларын талдауды есепке ала отырып, нақты тауарлар, жұмыстар және
көрсетілетін қызметтер бойынша құн саясатын әзірлеу;
3) бизнес-жоспар әзірлеу және екінші деңгейдегі банктерде қарауға дайындау бойынша
консультациялар;
4) бизнес-жоспар әзірлеу және екінші деңгейдегі банктерде қарауға дайындау;
5) кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша
консультациялар;
6) кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу;
7) кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік қызметін бағалау және талдау бойынша
консультациялар;
8) кәсіпорынның (жеке кәсіпкерлердің) маркетингтік қызметін бағалау және талдау;
9) тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе көрсетілетін қызметтерді ілгерілету
жоспарын талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе көрсетілетін қызметтерге
сұраныс типтерін зерделеу бойынша консультациялар;
10) ұсынымдар немесе қорытындылар бере отырып, тауарларды және/немесе жұмыстарды және/
немесе көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау, тауарларға және/немесе
жұмыстарға және/немесе көрсетілетін қызметтерге сұраныс типтерін зерделеу;
11) бәсекелес ортаны талдау бойынша консультациялар;
12) ұқсас тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша нарықты, сондай-ақ
мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуының
қорытындылары мен жоспарларын талдауды есепке ала отырып, бәсекелес ортаны талдау;
13) тауар таңбасын, жарнамалық науқанды әзірлеу бойынша консультациялар;
14) тауар таңбасын, жарнамалық науқанды әзірлеу.
6. Мыналарды қамтитын ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы
консультациялар:
1) интернет-ресурстарды әзірлеу және қолдау;
2) кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) визитка-сайтын құру;
3) интернетте бизнес құру және жүргізу;
4) есептерді электронды тапсыру бағдарламасын орнату және қолдау;
5) «1 С-Бухгалтерия» бағдарламасын орнату және қолдау.
7. Мыналарды қамтитын мемлекеттік сатып алуға, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын
пайдаланушылардың сатып алуына байланысты көрсетілетін қызметтер:
1) конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдерді дайындау;
2) конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдер сараптамасын (аудитін) жүргізу;
3) Қазақстанның сатып алу бойынша бірыңғай құрылымдалған ақпараттық базасын қамтитын
интернет көзіне қосылу;
4) мемлекеттік және өзге де сатып алуға қатысу үшін жетілдіру мүмкіндігі тұрғысынан
кәсіпорын/жеке кәсіпкер құжаттамасының сараптамасы (аудиті);
5) сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағым жасау;
6) қазақстандық қамтуды есептеу;
7) жылдық сатып алу жоспарлары негізінде Қазақстанның мемлекеттік және өзге де сатып
алу нарығының сыйымдылығы бойынша талдамалық есептер беру.
8. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) саласындағы:
1) жеке әріптесті айқындау жөніндегі конкурс шеңберінде әлеуетті жеке әріптестің
конкурстық өтінімін дайындау бойынша;
2) жеке әріптесті айқындау шеңберінде МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әзірлеу бойынша;
3) МЖӘ шарттарын дайындау және бекіту бойынша;
4) МЖӘ жобаларын іске асыру мәселелері бойынша консультация.
Ескерту. 287-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016
№ 234
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
288. «Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» құралы
экономиканың барлық секторларында әрекет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне
өтеусіз негізде ұсынылады.
289. Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету ККҚО мен
КҚО-да, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өтінімдерінің жинақталу
шамасына қарай КҚҰО арқылы ауылдық елді мекендерге бару жолымен жүзеге асырылады.
290. Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету тетігі:
1) уәкілетті орган мен Қаржылай емес қолдау операторы арасында қолданыстағы
кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу шарты жасалады;
2) қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсетуді қаржыландыру
уәкілетті орган мен Қаржылай емес қолдау операторы арасындағы қолданыстағы кәсіпкерлік
қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік
сатып алу шартына қол қою жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады;
3) Қаржылай емес қолдау операторы өңірдің кәсіпкерлерін қолданыстағы кәсіпкерлік
қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсетудің басталуы мен орны туралы хабардар етуді ай
сайын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізеді.
291. Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі
көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартының шеңберінде:
1) Қаржылай емес қолдау операторы есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен
кешіктірмей, уәкілетті органға қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау
көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартында көрсетілген нысан
бойынша құралдың іске асырылуы туралы есепті жібереді;
2) Қаржылай емес қолдау операторы есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен
кешіктірмей, құралдың іске асырылу мониторингін жүргізу мақсатында құралдың іске асырылуы
туралы мәліметтерді жібереді;
3) Қаржы агенттігі қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдауды
жүзеге асыру мониторингін жүргізу әдістемесіне (бұдан әрі - әдістеме) сәйкес құралдың іске
асырылуы туралы мониторингті жүзеге асырады.
292. Әдістемені Қаржылай емес қолдау операторымен келісу бойынша қаржы агенттігі
әзірлейді және ол уәкілетті органның шешімімен бекітіледі.
Қаржы агенттігі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей, ай сайынғы
негізде уәкілетті органға әдістемеде көрсетілген нысан бойынша құралдың іске асырылу
мониторингі туралы есепті жібереді.
293. Қаржылай емес қолдау операторы қаржы жылындағы 12 ай бойы шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге үздіксіз сервистік
қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.
«Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері
бойынша консультациялар беру» құралы
294. «Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша консультациялар
беру» құралы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің сауаттылығын, құжаттар мен
техникалық шарттарды алу кезінде олардың заңнамалық рәсімдер мен талаптар туралы хабардар
болу деңгейін арттыруға бағытталған.
295. «Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша консультациялар
беру» құралы рұқсат құжатын немесе техникалық шартты алуға ниеттенген шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады.
296. Осы құралды іске асыру мақсатында Қаржылай емес қолдау операторы әрбір рұқсат
құжаты мен техникалық шарт бойынша анықтамалық әзірлейді, онда рұқсат құжаттары мен
техникалық шарттарды алуға қойылатын талаптар, оның ішінде ұсынылатын қажетті құжаттардың
тізбесі, оларды беруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган мен ұйым туралы ақпарат, рұқсат
құжаттары мен техникалық шарттардың берілу орны мен уақыты, сондай-ақ рұқсат құжаттары мен
техникалық шарттарды алу бойынша қадамдық ұсынымдар көзделеді.
297. Әрбір рұқсат құжаты мен техникалық шарт бойынша анықтамалық рұқсат құжаттары мен
техникалық шарттардың берілуін регламенттейтін заңнамадағы өзгерістерге сәйкес үнемі
жаңартылып тұруға тиіс.
298. Консультациялар әрбір рұқсат құжаты мен техникалық шарт бойынша анықтамалықтардың
мазмұнына сәйкес жүзеге асырылады, бұлар консультация берілгеннен кейін шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде табысталады.