Бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы"



жүктеу 342,19 Kb.
Pdf просмотр
бет28/41
Дата23.11.2018
өлшемі342,19 Kb.
#23616
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41

      299. Құралды іске асыруды қаржыландыру уәкілетті орган мен Қаржылай емес қолдау 

операторының арасында тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражатының есебінен 

жүзеге асырылады.

      Функционалдық бағыт: кәсіпкерлердің өнімділігін

жоғарылату

      «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын

енгізу, кәсіпорындардың өнімділігін жоғарылату және энергия

үнемдеуі мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту»

құралы

      300. «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу, кәсіпорындардың 

өнімділігін жоғарылату және энергия үнемдеуі мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды 

тарту» құралы мынадай құрауыштарды іске асыруды көздейді:

      1) «Алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық жобаларын сыртқы консультанттарды 

тарту жолымен бірлесіп қаржыландыру (Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін

қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы)»;

      2) «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және 

персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (Аға 

Сеньорлар)».



      «Алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық

жобаларын сыртқы консультанттарды тарту жолымен бірлесіп

қаржыландыру (Қазақстан Республикасының шағын және орта

кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы)» құрауышы

      301. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ 

бағдарламасы шағын және орта кәсіпкерліктің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарына сыртқы 

консультанттар жүзеге асыратын консультациялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру және нарықты 

дамыту жөніндегі іс-шараларды жүргізу жолымен қолдау көрсетуге бағытталған.

      302. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ 

бағдарламасы шеңберіндегі қолдау қызметін экономиканың басым секторлары мен ИИДМБ-да 

анықталған өңдеуші өнеркәсіп салаларында және моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді 

мекендерде салалық шектеулерсіз жүзеге асыратын, сондай-ақ қаржылық тұрғыдан орнықты және 

өсу әлеуеті жоғары және Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын консультациялық жоба 

шығындарының жалпы құнының бір бөлігін жабуға әзір шағын және орта кәсіпкерлік 

субъектілеріне ұсынылады.

      Ескерту. 302-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 

№ 234


 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      303. Еуразия Қайта құру және Даму банкі (бұдан әрі - ЕҚДБ) Қазақстан Республикасының 

шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының операторы болып табылады

.

      304. Базалық және қосымша критерийлерге сай келетін кәсіпорындар Бағдарламаға қатыса 



алады.

      305. Базалық іріктеу критерийлері:

      1) қатысушылар - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шағын 

немесе орта кәсіпкерлік субъектілері;

      2) меншік нысаны - бақылау пакеті Қазақстан Республикасының азаматтарында болатын жеке

кәсіпорын (капиталдағы шетелдік қатысу 49%-дан аспайды);

      3) қызмет саласы – экономиканың барлық басым секторлары мен ИИДМБ-де анықталған 

өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы және моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді 

мекендердегі салалық шектеулерсіз қызмет;

      4) шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы тәжірибе - өтінім берген кездегі 2 (екі) 




жыл;

      5) Бағдарламаға қатысуға арналған өтінім құжаттамасының толық пакеті - ЕҚДБ стандартты

нысанына сай толтырылған өтінімнің түпнұсқасы, құрылтай құжаттарының көшірмелері, алдыңғы 

өткен толық екі жыл және өтінім берген кездегі ағымдағы қаржы кезеңі үшін қаржылық 

есептердің көшірмелері.

      Ескерту. 305-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 

№ 234

 (алғашқы 



ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

қаулысымен.

      306. Қосымша іріктеу критерийлері (бұл критерийлерге сәйкестікті кәсіпорынды тексеру 

және диагностикалау бойынша ЕҚДБ стандартты рәсімдерін орындағаннан кейін, ЕҚДБ жергілікті 

мамандарының тобы бағалайды):

      1) өміршеңдігі - көрнекі бәсекелік артықшылықтардың болуы тұрғысынан одан әрі өсу 

әлеуеті, кірістілік (жағымды жалпы кіріс), консультациялық жобаларды енгізу және олардың 

нәтижелерін қолдану үшін қаржылық және операциялық жеткілікті ресурстардың болуы; ЕҚДБ 

банкроттыққа жақын күйдегі немесе толық қайта құрылымдауды қажет ететін кәсіпорындарға 

қолдау көрсетпейді;

      2) басшылық тарапынан қатынас - ЕҚДБ мамандарымен және консалтингтік компаниялармен 

ынтымақтастыққа әзірлік;

      3) жоғары бедел/парасаттылық - кәсіпорын мен оның басшысы сенімді әрі беделі жоғары 

болуға тиіс;

      4) штаттан тыс консультанттармен жұмыс тәжірибесі - іскерлік консультациялық 

көрсетілетін қызметтерді алуға шынайы қажеттілік, сондай-ақ штаттан тыс консультанттармен 

жұмыс тәжірибесі жұмыс тәжірибесі аз болса немесе мұндай тәжірибесі болмаса, көрсетілетін 

қолдауды қолдана білу қабілеті және (немесе) жобаны толық көлемде қаржыландыру үшін 

қаражаттың болмауы;

      5) қаржылық міндеттемелер - кәсіпорын жобаны іске асырудың жалпы құнының 25 - 75%-ын 

төлеуге әзір болуға және мұндай мүмкіндігі болуы тиіс.

      307. ЕҚДБ біліктілік алдында іріктеу жүргізеді және Қазақстан Республикасының шағын 

және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруға

қойылатын талаптарға сай келетін консультациялық көрсетілетін қызметтерді берушілердің 

дерекқорын жүргізеді.

      308. Консультанттар нақты бейіндегі консультациялық қызметтер көрсету және нақты білім

салаларында жұмыс істеу үшін біліктілігінің бар-жоғын бағалаудан өтеді:

      1) жұмыс тәжірибесі - компания қызметінің сипаттамасы, оны мемлекеттік тізілімде 

тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, меншік құқығы туралы куәлік (жарғыдан және (немесе) 

құрылтай шартынан үзінді көшірме), егер жарамды болса, алдыңғы өткен кемінде екі жыл үшін 

жылдық қаржылық есептілік (кірістер мен шығындар туралы есеп, ақшалай қаражат қозғалысы 

туралы есеп, теңгерім), консультациялық көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша төлем 

мөлшерлемелері бөліп көрсетілген компанияның/дара консультанттың мамандану сипаты;

      2) клиентпен жұмыс және ұсынымдар - пікірлер мен ұсынымдарды қоса алғанда, соңғы 2-3 

жыл үшін іске асырылған жобалардың сипаты (консалтингтік компанияның мамандануы шеңберінде);

      3) кадрлармен жасақталу - барлық консультанттармен сұхбаттасу және олардың 

түйіндемелерін алу.

      309. Кәсіпорын қажеттіліктері айқындалғаннан және белгіленген нысан бойынша 

консультациялық қызметтер көрсетуге техникалық тапсырма дайындалғаннан кейін жобаны орындау 

үшін Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ 

бағдарламасы шеңберінде белгіленген талаптарға сай келетін консалтингтік компаниялардың 

коммерциялық ұсыныстарына сұраныс жасауға болады. Консультантты түпкілікті таңдау құқығы 

кәсіпорынның өзінде болады. Бірінші жоба сәтті іске асырылмайынша, консультанттардың басқа 

жобаларды қатар орындауына тыйым салынады.

      310. Қолдау көрсетілетін жобалар КҚО және Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа 

бастамалары шеңберінде көрсетілетін қызметтерді толықтырып отырады. Олар басқаларымен қатар 

консультациялық көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлерін қамтуы мүмкін:

      1) стратегиялық менеджмент:

      стратегиялық жоспарлау

      бизнес-жоспарлау

      техникалық және қаржылық-экономикалық негіздеме әзірлеу

      қаржылық талдау және жоспарлау әріптестерді іздеу




жүктеу 342,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау