Бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы"



жүктеу 342,19 Kb.
Pdf просмотр
бет24/41
Дата23.11.2018
өлшемі342,19 Kb.
#23616
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41

      257. Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды іске асыру тетігі:

      1) оқыту моноқалалардың, шағын қалалар мен аудан орталықтарының «Бизнес-Кеңесші» 

жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификаты бар шағын және орта кәсіпкерлік 

субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқына өтеусіз негізде ұсынылады;

      2) Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын, қаңтардың 20-күніне дейінгі мерзімде 

өңірлік мамандану мен жергілікті кәсіпкерлікті дамыту перспективаларына байланысты 

жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан 

орталықтарында тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобалардың 

тізбесін айқындайды;

      3) Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын ақпанның 10-күніне дейінгі мерзімде 

жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша жобалардың тізбесін, оқытуды өткізу күні мен

орнын, оның кезеңін және өтінімдер беру мерзімін көрсете отырып, оқытуды өткізу кестесін 

жасайды, жасалғаннан кейін ол 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та орналастырылуға тиіс;

      4) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен 

кәсіпкерлік бастамасы бар халық өтінімдерінің негізінде тәлімгерлік қағидаттарын қолдана 

отырып, жобалық оқытылуға тиіс әр жоба бойынша тыңдаушылар тобын қабылдауды қамтамасыз етеді

;

      5) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен 



кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға

тиіс жобалар бойынша тәлімгерлік қызметтер көрсету үшін жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді, 

сондай-ақ тәлім беру тәжірибесі бар мамандарды, консультанттарды тартады;

      6) Қаржылай емес қолдау операторы оқытуды өткізуді бастағанға дейін тәлімгерлік 

қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобаға байланысты қалыптастырылған 

тыңдаушылардың әр тобы бойынша тәлімгерлердің болуын қамтамасыз етеді;

      7) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа 

тәлімгерлік қызметтер көрсететін тәлімгерлер оқыту кезеңі ішінде дәрістер мен семинарлар 

өткізеді, ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсетеді, жобаның өзгешелігі мен 

ерекшеліктеріне оқытады, тыңдаушылардың оны іске асыруын қамтамасыз етеді;

      7) тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқыту тәлімгерлік қағидаттарын 

қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобаға байланысты үш аптадан 2 айға дейін жүзеге 

асырылады.

      258. «Бизнес-мектеп» құрауышын қаржыландыру уәкілетті орган мен Қаржылай емес қолдау 

операторы арасында тиісті шарт жасасу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге 

асырылады.



      «Кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің

біліктілігін арттыру» құралы

      259. «Кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру» құралы 

мынадай құрауыштарды іске асыруды көздейді:

      1) «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту»;

      2) «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында

жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет 

субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту»;

      3) «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру».



      «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту»

құрауышы

      260. «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрауышы «Назарбаев 

Университеті» ДБҰ базасында оқыту есебінен Бағдарлама шеңберінде өз қызметін экономиканың 

басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау 

көрсетуге бағытталған.

      261. Бағдарлама шеңберінде қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын 

шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын 



басшылары «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрауышының қатысушылары 

бола алады.

      262. Құрауыш қатысушыларын оқыту жөніндегі шығындарды төлеу уәкілетті орган мен «

Назарбаев Университеті» ДБҰ арасында тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджет 

қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Құрауыш қатысушылары оқыту орнына дейін және кері қайту 

жолақысын, сондай-ақ тұруын өздері төлейді.

      263. Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту тетігі:

      1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері тікелей және/немесе бұқаралық ақпарат 

құралдары арқылы Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын конкурстық іріктеудің басталуы туралы 

хабардар етеді;

      2) өтініш беруші белгіленген нысанда қаржы агенттігіне оқытуға өтінім береді. Бұл 

ретте Өтініш беруші жобаны іске асыруға байланысты мониторингті немесе өзге де іс-қимылдарды

жүргізу үшін қажетті барлық мәліметтер мен деректерді ұсыну туралы жазбаша міндеттемеге қол 

қояды. Қаржы агенттігі уәкілетті орган айқындайтын квоталарға сәйкес жиынтық өтінімді 

қалыптастырады және оларды уәкілетті органға келісуге жібереді;

      3) 

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 

№ 234


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен 

кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4) 

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 

№ 234

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен 



кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5) уәкілетті орган Бағдарламаға қатысушылардың келісілген тізбесін «Назарбаев 

Университеті» ДБҰ-ға жібереді.

      Қаржы агенттігі «Назарбаев Университет» ДБҰ-мен бірге Бағдарламаға қатысушылардың 

кәсіпорынды дамыту бойынша қызметін мониторингтеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 263-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 

№ 234

 (алғашқы 



ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

қаулысымен.



      «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде

аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді

шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет

субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік

сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту» құрауышы

      264. «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру 

саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет 

субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту» 

құрауышы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің іскерлік белсенділігін арттыруға 

бағытталған.

      265. «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру 

саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет 

субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту» 

құрауышы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті 

органның шешімімен бекітілетін отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің 

тізбесінде (бұдан әрі - тізбе) көзделген отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін 

қызметтерді ілгерілететін және мынадай критерийлерге сәйкес келетін:

      1) экспорттау келісімшарттарына сәйкес Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметтің 

бірыңғай тауар номенклатурасының (КО СЭҚ БТН) 6 және одан да көп белгілерінің деңгейіндегі 

тауар позицияларына сәйкес келетін өнімнің бір бөлігін немесе бәрін және тізбеге енгізілген 

көрсетілетін қызметтерді экспорттауды жүзеге асыратын;

      2) өз өнімдерін, көрсетілетін қызметтерін ілгерілету бойынша:

      тізбеде көзделген өнімді, көрсетілетін қызметтерді ілгерілетуге байланысты шығындарға 

жататын;


      өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге дейін кемінде 2 (екі) жыл бұрын 

индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шеккен шығындарды көтерген 

индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне ұсынылады.

      266. «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру 

саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет 



жүктеу 342,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау