Функционалдық бағыт: кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту
«Кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту» құралы
«Кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту» құралы мынадай құрауыштарды іске асыруды
көздейді:
1) «Жас кәсіпкер мектебі»;
2) «Бизнес-мектеп».
«Жас кәсіпкер мектебі» құрауышы
240. «Жас кәсіпкер мектебі құрауышы (бұдан әрі - «ЖКМ» жобасы) жастардың инновациялық
және кәсіпкерлік әлеуетін ашуға жәрдемдесуге, жас адамдарды кәсіпкерлік қызметке белсенді
тартуға, жас кәсіпкерлердің құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған.
241. Қазақстан Республикасының 18-29 жас аралығындағы азаматтары «ЖКМ» жобасының
тыңдаушылары бола алады.
242. «ЖКМ» жобасы:
1) жастарды кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқытуды;
2) бизнес-жоспарларды дайындау бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді;
3) «ЖКМ» жобасына қатысушылардың бизнес-жоспарларын қорғауын ұйымдастыруды;
4) «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының неғұрлым сәтті бизнес-жобаларын таныстыру арқылы
өңірлерде «Идеялар жәрмеңкесі» конкурсын ұйымдастыруды;
5) үздік бизнес-жобаларға - «Идеялар жәрмеңкесі» конкурсының жеңімпаздарына
қаржыландыру алуға жәрдемдесуді көздейді.
243. Оқыту процесінде «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларына кәсіпкерлік қызметті жүргізу мен
бизнес-жоспарды дайындау негіздері бойынша оқу-әдістемелік материалдар, сондай-ақ шағын
кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтары ұсынылады. Бұл материалдар қағаз және/немесе
электронды жеткізгіштерде ұсынылады.
244. «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларын оқыту және оқу-әдістемелік материалдарды, шағын
кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтарын ұсыну өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
245. «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларын оқыту КҚКО-да жүзеге асырылады. Оқыту қорытындылары
бойынша бизнес-жоспарларын сәтті қорғаған жағдайда, «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларына «ЖКМ»
жобасы бойынша оқытудан өткені туралы сертификат беріледі.
246. «ЖКМ» жобасы бойынша оқытудан өткені туралы сертификаттың болуы Бағдарлама
шеңберінде гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға құқық береді.
247. «ЖКМ» жобасын қаржыландыру қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражаты
есебінен жүзеге асырылады.
248. «ЖКМ» жобасын іске асыру тетігі:
1) Қаржылай емес қолдау операторы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерімен бірлесіп,
оқытудың басталатын күнін, оның кезеңін көрсете отырып, «ЖКМ» жобасы бойынша қабылдаудың
басталуы туралы жастарды тікелей және/немесе өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
хабардар етеді;
2) өтініш беруші КҚКО-да «ЖКМ» жобасы бойынша білім алу үшін тіркеледі;
3) Қаржылай емес қолдау операторы «ЖКМ» жобасының кестесін, қатысушылар құрамын
қалыптастырады және өтініш берушіге қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;
4) «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының үздік бизнес-жоспарлары өңірлердегі «Идеялар
жәрмеңкесі» конкурсында таныстырылады;
5) «Идеялар жәрмеңкесі» конкурстарында үздік деп танылған «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының
бизнес-жоспарлары бизнес-жобаның қойылған талаптарға сәйкес келуі шартымен Бағдарлама
шеңберінде мемлекеттік грант алуға ӨҮК қарауына жіберіледі;
6) Қаржылай емес қолдау операторы әлеуетті инвесторларды тарту үшін «Идеялар
жәрмеңкесі» конкурстарында үздік деп танылған «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының
бизнес-жоспарларының қысқаша сипаттамасын интернет-ресурстарда орналастырады.
«Бизнес-мектеп құрауышы»
249. «Бизнес-мектеп» құрауышы моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан
орталықтарындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар
халыққа білім беру жобаларын ұсынуға бағытталған.
250. Моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында «Бизнес-мектеп» құрауышының
қызметтері КҚО, Астана, Алматы, Семей, Түркістан қалаларында және облыс орталықтарында
КҚКО-да ұсынылады.
251. «Бизнес-мектеп» құрауышының шеңберіндегі оқыту жобалары:
1) «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін қысқа
мерзімді оқытуды;
2) «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары
бойынша қысқа мерзімді оқытуды;
3) тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды ұсынуды көздейді.
252. Оқыту барысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік
бастамасы бар халыққа кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері бойынша оқу материалдары,
құжаттардың стандартты пакеті, оның ішінде бизнес-жоспарлар, қаржыландыруды алуға арналған
құжаттардың үлгілері, маркетингтік зерттеулер нәтижелері, инновацияларды енгізу саласындағы
халықаралық тәжірибе, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтары
беріледі.
253. «Бизнес-мектеп» құрауышының жобалары бойынша білім алуға өтініштерді шағын және
орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық КҚКО, КҚО мен Оператордың
КҚҰО береді.
254. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері қажет болғанда «Бизнес-мектеп» құрауышы
шеңберінде білім беру жобаларын өткізуге жарамды қажетті үй-жайларды ұсынады.
255. «Бизнес-Кеңесші» жобасын іске асыру тетігі:
1) оқыту шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар
халыққа өтеусіз негізде ұсынылады;
2) Қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын, есепті тоқсанға дейінгі айдың 10-
күніне дейін оқыту өткізілетін күн мен орынды, оның кезеңі мен өтінімдерді беру мерзімін
көрсете отырып, алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесін жасайды, жасалғаннан
кейін ол 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та орналастырылуға тиіс;
3) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен
кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың өтінімдері негізінде ай сайын, есепті айдың 5-күніне
дейін тыңдаушылардың тізімдерін қалыптастырады;
4) оқытудан өткеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік
бастамасы бар халыққа «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификат
беріледі;
5) «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқыту күнтізбелік екі күн ішінде жүзеге асырылады.
256. «Бизнес-Өсу» жобасын іске асыру тетігі:
1) оқыту «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификаты бар
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынылады;
2) Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінен кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша тақырыптар
тізбесін айқындау тұрғысынан сауалнама жүргізуді жүзеге асырады;
3) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне сауалнама
жүргізу нәтижелерін ескере отырып, тоқсан сайын есепті тоқсанға дейінгі айдың 10-күніне
дейін тақырыптарды, өткізу күнін және орнын, оның кезеңін және өтінімдерді беру мерзімін
көрсете отырып, алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесін жасайды, жасалғаннан
кейін ол 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та орналастырылуға тиіс;
4) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің
өтінімдері негізінде ай сайын, есепті айдың 5-күніне дейін тыңдаушылардың тізімдерін
қалыптастырады;
5) оқытудан өткеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «Бизнес-Өсу»
жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификат тапсырылады;
6) «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша оқыту күнтізбелік 2-5 күн аралығында оқытудың
тақырыбына байланысты жүзеге асырылады.