Бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы"



жүктеу 342,19 Kb.
Pdf просмотр
бет25/41
Дата23.11.2018
өлшемі342,19 Kb.
#23616
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41

субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту» 

құрауышы шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің қызметкерлерді оқыту 

жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге, сондай-ақ кәсіпорындарға шетелдік 

сарапшы-консультанттарды шақыруға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу ұсынылады.

      267. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу 

индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен 

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін 

қызметтерді ілгерілету жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында айқындалған 

шығындар түрлері бойынша жүргізіледі.

      


Ескерту. 267-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.12.2015 

№ 1001


 қаулысымен.

      268. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеу 

шеңберінде жанама салықтар (қосылған құн салығы мен акциздер) есепке алынбай өтеуге 

ұсынылған соманың 50%-ы көлеміндегі негізделген және құжаттамамен расталған шығындары 

өтеледі. Өтелетін шығындар сомасына жанама салықтар (қосылған құн салығы мен акциздер) 

сомасы қосылмайды.

      269. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге 

асырылады. Бұл ретте шетелдік валюталарда шеккен шығындарды қайта есептеу өтінімдерді 

қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге қолданылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

валюталар бағамы бойынша жүзеге асырылады.

      270. «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру 

саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет 

субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-кеңесшілерді шақыру арқылы оқыту» құрауышын

іске асыру тетігі:

      1) құрауыш операторы бұқаралық ақпарат құралдарында өтінімдерді қабылдау туралы 

хабарландыру орналастырып, онда өтінімдерді қабылдаудың аяқталатын күнін, 

индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі сәйкес келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді 

қабылдау орнын, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпарат 

қамтылған интернет-ресурсқа сілтемелерді көрсетеді. Қаржылай емес қолдау операторы да мәтіні

құрауыш операторы хабарландыруының мәтініне сәйкес келуге тиісті осындай хабарландыруды өз 

есебінен орналастыра алады және дербес консультациялық қолдау көрсете алады;

      2) өтінім және оған қоса берілетін құжаттар құрауыш операторына немесе КҚКО-ға қағаз 

жеткізгіштерде құжаттар тізімдемесі қоса беріле отырып ұсынылады;

      3) құжаттар КҚКО-ға ұсынылған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс 

күні ішінде өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан 

белгіленген талаптарға сәйкес қарайды және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, ол туралы 

өтініш берушіні хабардар етеді;

      4) өтініш беруші өтінімнің және қажетті қосымшалардың сәйкес келмейтіні туралы 

ақпаратты алғаннан кейін сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды 

Қаржылай емес қолдау операторының қарауы үшін КҚКО-ға қайта енгізеді;

      5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген 

құжаттарды қайта қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, қоса 

берілетін құжаттары бар өтінімді құрауыш операторына жібереді. Өтініш беруші КҚКО-ға ұсынған

құжаттардың толықтығы, заңнамаға сәйкес келуі және тізімдемесі үшін Қаржылай емес қолдау 

операторы жауап береді;

      6) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторы ұсынған өтінімді қоса берілген 

құжаттарымен бірге 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығы тұрғысынан қарайды. Ұсынылған

құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда, құрауыш операторы өтінімді қараудан бас тартады 

және оны Қаржылай емес қолдау операторына қайтарады;

      7) құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, құрауыш операторы ұсынылған 

өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан 

тексеруді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 

қарашадағы № 1128 

 бекітілген Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша 

бұйрығымен

индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында (

бұдан әрі – Өтеу қағидалары) көзделген тәртіппен 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;

      8) ұсынылған өтінімнің және оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға 

сәйкес келмейтінін анықталған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторын 

міндетті түрде хабардар ете отырып, өтініш берушіге уәжделген бас тарту жібереді;

      9) ұсынылған өтінімнің және оған қоса берілетін құжаттардың белгіленген талаптарға 



сәйкессіздігі анықталмаған жағдайда, құрауышты одан әрі іске асыру Өтеу қағидаларында 

көзделген тәртіппен жүзеге асырылады;

      10) құрауыш операторынан өтініш берушіге мемлекеттік қолдау көрсетуден бас тарту 

туралы хабарлама алған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы кәсіпкердің құқықтары мен 

заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында құрауыш операторының шешімін оның 

негізділігі тұрғысынан қарайды.

      Ескерту. 270-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.10.2015 

№ 848


 (алғашқы 

ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2016 

№ 234

 (алғашқы ресми 



жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      271. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың 

толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.

      272. Өтініш берушілерден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды ұсынуды талап етуге жол 

берілмейді.

      273. Құрауыш операторы КҚКО арқылы берілген өтініш берушілердің өтінімдері бойынша 

шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары туралы ақпаратты Қаржылай емес қолдау операторына 

жібереді.

      274. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру 

жөніндегі өзара іс-қимыл жасасуы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторы 

арасында жасалған тиісті келісімнің шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш 

операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері

бойынша кезеңдік оқытуды жүзеге асырады.

      275. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес 

қолдау операторының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы

      276. «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы сарапшыларды тарту арқылы еңбек 

өнімділігін арттыру, озық өндірістік тәжірибелерді енгізу мәселелері бойынша кадрларды, оның

ішінде топ-менеджерлерін оқытуға, даярлауға және/немесе қайта даярлауға бағытталған.

      

Ескерту. 276-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 



№ 370

 (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      277. «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы индустриялық-инновациялық қызмет 

субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларында айқындалған экономикалық 

қызмет түрлері бойынша қызметін кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырған кәсіпкерлерге ұсынылады.

      Ескерту. 277-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 

№ 370


 (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      278. «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы шеңберінде үшінші тұлғалар 

көрсеткен қызметтерге жұмсалған шығындарды ішінара өтеу жүзеге асырылады.

      279. «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы шеңберінде:

      1) өтінім берілген күнге дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын 40 (қырық) пайыз, бірақ 

жылына 1 (бір) қызметкерге 2 миллион теңгеден және бір кәсіпорын бойынша 15 (он бес) 

қызметкерден аспайтын мөлшерде, кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерін даярлауға және/

немесе қайта даярлауға кәсіпорын жұмсаған шығындарды өтеу;

      2) өтінім берілген күнге дейін кемінде 12 (он екі) ай бұрын, 40 (қырық) пайыз 

мөлшерінде, бірақ жылына 1 (бір) маманға 9 (тоғыз) миллион теңгеден аспайтын, бір кәсіпорын 

бойынша жылына 3 (үш) маманнан көп емес сарапшыларды тарту жолымен озық өндірістік 

практикаларды енгізуге кәсіпорын жұмсаған шығындарды өтеу көзделеді.

      


Ескерту. 279-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 

№ 370


 (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      280. Құрауышты ұсыну тетігі:

      1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіпкерлер сәйкес 

келуге тиісті талаптарды, өтінімдерді қабылдау орнын, оларға қоса берілетін құжаттардың 

тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпарат қамтылған интернет-ресурсқа сілтемелерді көрсете 

отырып, өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;

      2) өтінім және оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе құрауыш операторына 

құжаттар тізімдемесімен қоса қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;

      3) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді және оған қоса 




жүктеу 342,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау