Төлқұжат
Атауы
|
Зайсан ауданының 2016-2020 жылдарға арналған Даму бағдарламасы
|
Негіздеме
|
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлықтары
|
Зайсан ауданының негізгі сипаттамасы
|
Зайсан ауданы 1928 жылы құрылған, облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аумағы- 10,4 мың. кв. км.
Ауданда 9 әкімшілік-аумақтық бірлік, оның ішінде 8 ауылдық округ, 1 қала округі бар, 37 елді мекен бар.
Халық саны– 37,9 мың адам, оның ішінде қалалық 16,0 мың адам, ауылдық округте 21,9 мың адам. Аудан экономикасының дамуының негізгі бағыты агроөнеркәсіптік кешен болып табылады. Сондай-ақ өнеркәсіп құрылымына тау-кен және өңдеу саласы кіреді.
|
Стратегиялық бағыттар
|
Экономика;
Әлеуметтік сала;
Қоғамдық тәртіпті күзету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Инфрақұрылым;
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы;
Экология және жер ресурстары;
Мемлекеттік қызметтер;
Ауылдық аймақтарды дамыту;
|
Мақсат
|
салықтық және салықтық емес бюджет түсімдерінің өсуін қадағалау;
ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
туризм индустриясын дамыту
өндірісті диверсификациялау арқылы өнеркәсіп саласы дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
ішкі сауда саласының серпінді дамуы;
өңір экономикасына инвестициялар ағынын ынталандыру;
ауылдық аумақтарды орнықты дамытуға негіздер жасау;
ұлттық білім беру стандарты аясында оқушыларды білім беру ресурстарына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен балалардың қамтуын қамтамасыз ету;
халықтың денсаулығын сақтау және нығайту
халықтың қауқарсыз әлеуметтік тобы бойынша әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;
отандық мәдениетті сақтау
бұқаралық спортты дамыту;
ұлт бірлігін қамтамасыз ету және этникааралық келісімді нығайту
мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
көшеделерде құқық тәртібін қамтамасыз ету;
келеңсіз төтенше жағдайлардан аумақтардың қорғалғанын қамтамасыз ету;
халықты қолжетімді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету;
құрылыс саласының дамыту және халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге жәрдем көрсету;
автожол саласының инфрақұрлымын дамыту және елді мекендер арасында көлік байланысын қамтамасыз ету;
көп пәтерлі тұрғын үй қорын пайдалануға беру;
тұрғындарды сапалы коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету;
коммуналдық сектордың инженерлік инфрақұрылымын дамыту;
экологиялық жағдайын тұрақтандыру;
ауылшаруашылықта пайдаланудағы жерлерді ауылшаруашылық айналымына тарту;
Мемлекеттік қызмет түрлерінің азаматтармен үйымдарға қол жетімділігі;
|
Мақсатты индикаторлар
|
2020 жылға дейін:
жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны - 106,0%;
өткен жылмен салыстырғанда халық санын 99,6% арттыру;
өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі -103,0 %;
басқа металл емес минералды өнімдер өндірісінің нақты көлем индексі – 103,0 %;
бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі – 112,3%;
негізгі капиталға тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі – 100,3 %;
халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны өндірілген электр энергиясының үлесі – 100,7 %;
негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі - 16%;
әрекеттегі кәсіпорындарға қарағанда инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі – 37,5%;
ауыл шаруашылығы өнімінің ТКИ-107%;
мал шаруашылығы өнімінің ТКИ-107%;
өсімдік шаруашылығы өнімінің ТКИ-103,4%;
ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді малбасының үлесі: ІҚМ - 45%, ұсақ мал - 45 %;
тұқымды өзгерістерге қатысатын ірі қара мүйізді және ұсақ мүйізді мал үлесі: ІҚМ - 36%, ұсақ мал - 8%;
жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі – 57,8%;
мектепке дейінгі тәрбие беру және білім беруге балалардың (3-6) ауқымдылығы - 100 %, соның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен – 11,5%;
мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету - 100%;
мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы – 24,2%;
мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 14-29 жастағы тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі - 47%;
100 мың тірі туылғандарға шаққандағы аналар өлім-жітімін төмендету – 0,0%;
1000 тірі туылғандарға шаққандағы балалар өлім-жітімін төмендету – 6,8 %;
100 мың тұрғынға шаққандағы жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету – 73,2%;
15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы, 0,2-0,6% шегінде – 0,2-0,6%-0,12%;
Туберкулезден қайтыс болушылар санын азайту-2,6%;
Жаңадан ашылған жұмыс орындары-210 адам;
жұмысқа орналастыру мәселелер бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі - 78,8%;
атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі – 22,5%;
арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде) - 100%;
жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі) – 28,9%;
заңды тұлғалар тартатын шетелдік жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы (шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бойынша) – 22,5%;
жұмыссыздық деңгейі - 4,7%;
жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі - 60,3%;
әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі – 4,3%;
1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны-242,225, бірлік: кітапханаға келушілер – 9,19 мың адам;
конфессияаралық қатынас саласында мемлекеттік саясатты оңды бағалайтын халық үлесі - 87%;
дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту – 32,5%;
балалар мен жас өспірімдер жалпы санына қатысты 7 пен 18 жас аралығында балалар-жас өспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жас өспірімдерді қамту – 18%;
өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер) -110%;
өткен жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттеремес) – 106,6%;
өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәуліксанының өсуі 107%;
мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі - 100%;
ағылшын тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі – 4,5%;
үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі – 3,5%;
жас өспірімдер жасаған қылмыстардың үлес салмағы – 1,5%;
100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету - 21 бірлік;
Жасөспірімдермен жасалған қылмыстың үлес салмағы-7,2%
бұрын қылмыс жасаған адамдардың жасаған қылмыстарының үлес салмағы - 46%;
төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі-84,5%
тіркелген жалпы қылмыстар санынан есірткімен байланысты қылмыстардың төмендеу үлесі – 1%;
100 тұрғынға телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы - 15 бірлік;
интернетті пайдаланушылардың үлесі - 55%;
халықтың цифрлік сауаттылығының деңгейі - 81%;
құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі - 101,7%;
пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы – 2,2 мың шаршы м, ауылдық жерлерде-0,4 мың шаршы метр;
жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі – 0,0%;
күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету «үшінші деңгейдегі» қалаларда-30%, ауылдық жерлерде-0,0%;
қалаларда орталықтандырылған қолжетімділік: сумен жабдықтау -100%, су бұрумен жабдықтау - 31%;
ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған қолжетімділік: сумен жабдықтау -75,75%, су бұрумен жабдықтау – 2,7%;
жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі: жылумен жабдықтау -0,0%, электрмен жабдықтау - 0,0%; газбен жабдықтау-0,0%
Модернизацияланған жүйенің жалпы ұзындығы «үшінші деңгейдегі қалаларда»
-жылумен қамту-0%;
-электр энергиясымен қамту - 0%;
-газдандыру-0%;
-орталықтандырылған сумен қамту үлесі – 0 %;
-су әкету жүйесімен қамту үлесі-0%;
ауылдық елді-мекендерде:
-жылумен қамту-0%;
-электр энергиясымен қамту - 0%;
-газдандыру-0%;
-орталықтандырылған сумен қамту үлесі – 0 %;
-су әкету жүйесімен қамту үлесі-0%;
Қаладағы сумен жабдықтау және су бұру желілернің апаттық жағдайын төмендету, оның ішінде: «үшінші деңгейдегі» қалаларды 1) сумен жабдықтау-6%, су бұру-0%
Қалаларда нормативтік тазартылған ағын суларды су айдындарына ағызу үлесі, «үшінші деңгейдегі» қалаларда-0%
пайда болған тұрмыстық қатты қалдықтарды пайдаға жарату үлесі - 0,0 %;
облыстардың, республикалық маңызы бар маңызы бар калалардың, астананың халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтер мен қамту – 47%;
экологиялық және санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру нысандарының үлесі (орналастыру орындарының жалпы санынан) - 1,4%;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту – 32,5%;
жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы) - 39,1%;
табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс) - 20,9%;
жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру-91,0%;
құжат айналымы үлесі - 85%;
тіректі ауылдық елді мекендерде халық санының өсуі, 5993 адам;
шекарааралық тіректі ауылдық елді мекендерде халық санының өсуі – 3349 адам;
|
Қажетті ресурстар
|
Қаржыландыру көздері: республикалық және облыстық бюджеттер, тартылған, меншікті және қарыз қаражаттары.
Объемы финансирования:
Барлығы - 19926,3 млн.теңге,
оның ішінде:
2016 ж – 3812,8 млн.теңге,
2017 ж – 2841,4 млн.теңге,
2018 ж – 3401,8 млн.теңге,
2019 ж – 5161,7 млн.теңге,
2020 ж – 4708,6 млн.теңге.
|
2. Ағымдағы жағдайды талдау
Зайсан ауданы облыс аумағының оңтүстік – шығыс бөлігін алып жатыр.Оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен, шығысында Тарбағатай ауданымен, солтүстігінде Қара Ертіс және Бұхтырма су қоймасымен шекараласады. Ауданның көп бөлігі Шілікті таулы жоталарында орыналасқан. Ауданның аумағының жартысы таулы болып келеді.
Ауданның аумағы су ресурстарына бай. Басты су артериясы Қара Ертіс өзені. Оған Үйдене, Жеменей, Кендірлік және басқа тау өзендері келіп құяды. Бұдан басқа ұсақ көлдер, су қоймалары бар, оның ішінде ең үлкені Үйдене су қоймасы.
Аудан климаты континентальді, ауа температурасының маусымдық және орташа жылдық өзгерісі үлкен амплитудалы.
Әкімшілік орталығы –шағын қала болып табылатын 16 мың тұрғыны бар Зайсан қаласы.
2016 жылдың басына аудан тұрғындары саны 1 км2 3,6 адам тығыздығымен 37,9 мың адамды (ШҚО 2,7%) құрады
1 Кесте. 2013-2015 жылдарда халық саны өзгеру динамика
|
2013
|
2014
|
2015
|
2015/2013, %
|
Халық саны
|
37926
|
38130
|
37940
|
100,6
|
Туу көрсеткіші
|
721
|
741
|
732
|
101,5
|
Өлім көрсеткіші
|
254
|
277
|
299
|
118
|
Өсім
|
467
|
464
|
433
|
93
|
Келді
|
988
|
1379
|
1010
|
102
|
Кетті
|
1453
|
1639
|
1633
|
112
|
Миграция сальдосы
|
-465
|
-260
|
-623
|
|
Халық саны– 37,9 мың адам. этникалық құрамы: қазақтар – 96,7%, орыстар – 2,4%, басқа ұлттар – 0,9%.
Кесте 2 - Басқа ауданмен салыстырғанда Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
(2015 жыл)
№
|
Көрсеткіштің атауы
|
Өлшем бірлік
|
Зайсан ауданы
|
Кур шім ауданы
|
Тарба ғатай ауданы
|
1
|
Облыстық өнеркәсіп өнімі көлемінде аудан үлесі
|
%
|
0,4
|
0,2
|
0,2
|
2
|
Облыстың ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлеміндегі аудан үлесі
|
%
|
5
|
6,6
|
7,3
|
3
|
Облыстық инвестиция көлемінде аудан үлесі
|
%
|
2,8
|
0,7
|
0,8
|
|
Облыстық құрылыс жұмыстары көлемінде аудан үлесі
|
%
|
1,6
|
0,6
|
1,4
|
4
|
Табиғи өсім (+), кеткен (-) адам
|
адам
|
+ 431
|
+219
|
+551
|
5
|
Салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны (республикалық,жергілікті)
|
%
|
132,8
|
110,8
|
74
|
6
|
Бала өлімі көрсеткіші
|
1000 тірі туғанға шаққанда
|
9,1
|
11,9
|
4
|
7
|
3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту
|
%
|
99,7
|
100
|
100
|
8
|
Аудандық маңызы бар автожолдардың ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағыларының үлесі
|
%
|
72
|
61,8
|
46
|
9
|
Тұрғындардың орталықтандырылған су жүйесімен қамтылуы
|
%
|
79,85
|
61,34
|
66
|
Кесте 3. 2013-2015 жылдарға ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы
Көрсеткіш атауы
|
Өлшем
бірлік
|
көрсеткіш
|
2015 ж. % 2013 жылға.
|
2013 ж
|
2015 ж
|
Халық саны
|
мың. адам.
|
37,9
|
37,9
|
100
|
Әлеуметтік сала
|
Жұмыссыздар саны
|
адам
|
571
|
763
|
133,6
|
Ашылған жұмыс орны
|
адам
|
412
|
422
|
102,4
|
Білім бөлімі мекемелер саны
|
|
|
|
|
Оның ішінде: жалпы орта білім беру мекемелері
|
дана
|
28
|
27
|
96
|
Мектепке дейінгі ұйымдар
|
дана
|
7
|
11
|
142,9
|
Мектепке дейінгі мекемелердегі бала саны
|
адам
|
1674
|
1466
|
87,2
|
Мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтамасыз ету
|
%
|
97,7
|
99,6
|
102,0
|
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығы
|
орын
|
721
|
480
|
87,4
|
Медициналық ұйымдар саны
|
дана
|
19
|
22
|
115,7
|
Мәдениет мекемелері саны
|
дана
|
20
|
21
|
105
|
Барлық спорт объектілерінің саны, оның ішінде:
|
дана
|
100
|
106
|
106
|
БЖСМ
|
дана
|
1
|
1
|
100
|
Аудан экономикасы
|
ІҚМ басы саны –барлығы
|
мың.бас
|
59,3
|
75,1
|
126,6
|
Қой-ешкі барлығы
|
мың.бас
|
133,2
|
108,4
|
81,3
|
жылқылар
|
мың.бас
|
13,7
|
16,6
|
121,2
|
Құстар-барлығы
|
мың.бас
|
52,5
|
52,7
|
100,3
|
Мал шаруашылығы өнімі
|
|
|
|
|
Жүзеге асырылған ет өнімі /таза салмақта/
|
мың.бас
|
13,9
|
14,4
|
103,6
|
Сауылған сүт
|
мың.бас
|
44,8
|
42,4
|
94,6
|
Алынған жұмырқа
|
мың.дана
|
6158,1
|
6112,7
|
99,3
|
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі
|
млрд. тенге
|
14,3
|
14,5
|
114,4
|
Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі
|
млн. тенге
|
2427,3
|
4212,9
|
в 1,7 раза
|
Негізгі капиталға салынған инвестициялар
|
млн. тенге
|
17205,4
|
11783,9
|
|
Шаруа қожалықтары
|
дана
|
1243
|
1064
|
89,6
|
Инфрақұрылым
|
Автомобиль жолдарының ұзындығы, оның ішінде:
|
км
|
211
|
211
|
100
|
Асфальт төсемемен
|
км
|
29
|
29
|
100
|
Қиыршық тас және төте жолдар
|
км
|
182
|
182
|
100
|
Су-құбыр жүйелерінің ұзындығы
|
п.м.
|
173377
|
198879
|
114,7
|
тозу, %
|
%
|
52,0
|
40,8
|
|
Жылу жүйелерінің ұзындығы
|
п.м.
|
4,5
|
4,5
|
100
|
тозу, %
|
%
|
29,7
|
29,7
|
100
|
Шағын және орта бизнес
|
Малый шағын және орта бизнес
|
|
|
|
|
Магазиндер
|
дана
|
137
|
141
|
103
|
Аптекалар
|
дана
|
9
|
9
|
100
|
АЗС
|
дана
|
7
|
8
|
114
|
Ресторандар, кафе
|
дана
|
15
|
17
|
113
|
ШОБ басқа да объектілері
|
дана
|
30
|
36
|
120
|
Аудан бюджеті
|
Жергілікті бюджетке түскен меншікті табыс
|
|
|
|
|
|
млн. тг
|
713
|
958,9
|
134,5
|
Ауданның дамуын агроөнеркәсіптік кешен және тау-кен өндіру өнеркәсібі айқындайды.
Зайсан ауданының кен өндіру өнеркәсібі 2 кәсіпорынмен көрсетіледі: «Сайхан» ЖШС - көмір өндіру, «Тарбағатай-Мұнай» ЖШС - мұнай мен газ барлау және өндіру.
Ауданды газдандыруға байланысты тұтынудың азаюы, соның салдарынан көмір өндірудің төмендеуі байқалады.
Ауданның экономикалық дамуында басты роль агроөнеркәсіп кешеніне тиесілі. 2015 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 16,9 млрд. теңге болып 2013 жылмен салыстырғанда 15,8 пайызға өскен
2015 жылы облыстық негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің 3,3% құрап, облыс бойынша 5 орынға шықты.
Аудандағы экономикалық белсенді халықтың деңгейі – ШҚО облыстағыдан (67,3%) 49,5%-ға (2014 жылы) төмен. Жұмыссыздық деңгейі - 4,8% (ШҚО – 4,8%).
Ауданда екінші деңгейлі банктердің 4филиалы қызмет атқарады (Евразиялық банк АҚ, Ұлттық банк АҚ, Центр кредит АҚ, Казкоммерцбанк АҚ ). 01.01.2016 жылғы жағдай бойынша екінші деңгейлі банктердегі депозиттер көлемі 200 млн. теңгені құрады (270 тұтынушы), шағын және орта бизнесті дамытуға берілген кредиттің жалпы соммасы – 2,5 млрд.теңге (4000 адам).
Аудан бойынша жолаушы тасымалы негізгінен автомобиль көлігімен жүргізілуде.
Аймақтың аумағынан Омск – Майқапшағай автомагистралі өтеді.
Ауданда автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 460 км құрайды, оның ішінде республикалық маңыздағы – 168 км (36,5 %), облыстық маңыздағы - 81 км (17,6 %), аудандық маңыздағы – 211 км (45,9 %).
«Зайсан-Өскемен» бағытында жергілікті әуе байланысында 1 әуежай қызмет көрсетуде. Өткізу мүмкіндігі 50 жолаушы/сағат, ұшу-қону жолағының ұзындығы 1500 м.
Ауданымыздың географиялық жағына тиімді орыналасуы мен жоғары ресурстық потенциялына қарамастан шешілмеген негізгі мәселелерде бар:
Аграрлық салаға тән тәуекелдердің: қолайсыз ауа-райы жағдайларының әсері, табиғи апаттар, өте қауіпті жануарлар ауруларының өршуі және т.б. тәуекелдердің болуы;
Ауыл шаруашылығы техникалары мен құрылғылардың физикалық және моральды тозуы;
Негізгі қорлардың моралдық және физикалық тозуы, оларды жаңалауға айналым қорларының жеткілікті көлемінің болмауы;
Еңбек нарығындағы жұмыс күшінің сұранысы мен жұмыс күшін ұсынуыдың теңсіздігі;
Автомобиль жолдары және көпірлердің тозуы;
Су жүйелерінің және нысандарының тозу деңгейінің жоғарылығы.
7. Бәсекелестікке жоғары жақтары: табиғи ресурстардың болуы (газ, мұнай, көмір, минералдық су) , ауыл шаруашылығы жерлерінің болуы, қытай шекарасына жақын орыналасуы.
2.1.Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау
2.1.1. Агроөнеркәсіптік кешен
Ауданның экономикалық дамуында басты роль агроөнеркәсіп кешеніне тиесілі. Оның дамуы аудандағы азық-түлік қауіпсіздігі мен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың деңгейін анықтаудағы шешуші фактор. Аграрлық секторда жұмысқа қабілетті халықтың жартысынан астамы (55,9%) жұмыс атқарады.
2015 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 16,989 млрд. теңге болып 2013 жылмен салыстырғанда 15,8 % пайызға өсті. Табиғи көлем индексі 104%. Облыстағы үлесі 4,6% (сурет 1).
Сурет 1 – Ауылшаруашылық өнімінің көлемі (млрд. тенге) және ауылшаруашылық өнімінің табиғи көлем индексі (%) 2013-2015 жылдар.
Ауданның жалпы жер көлемі - 1436,3 мың. га, оның ішінде: ауылшаруашылық жерлер – 837,1 мың га, егістік жер – 34,6 (3,745%) мың га.
Ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 1,3 мың шаруа қожалықтары және 5 ауыл шаруашылығы ұйымдары айланысады.
Кесте -4 Ауыл шаруашылық ұйымдары (АШҰ) мен үй шаруашылықтарының ауылшаруашылық өнімдерін өндірудегі, мал санындағы үлесі пайызбен.
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
АШҰ
|
Үй шаруашы-лықтары
|
АШҰ
|
Үй шаруашы-лықтары
|
АШҰ
|
Үй шаруашы-лықтары
|
Ет өндіру
|
31
|
69
|
32
|
68
|
35
|
65
|
Сүт өндіру
|
24
|
76
|
31
|
69
|
35
|
65
|
Мал басы:
|
|
|
|
|
|
|
Ірі-қара
|
24
|
76
|
69
|
76
|
41
|
59
|
Қой, ешкі
|
23
|
77
|
70
|
77
|
55
|
45
|
Жылқы
|
48
|
52
|
49,5
|
52
|
60
|
40
|
Ауыл шаруашылығының негізі - мал шаруашылығы, оған қоса өсімдік шаруашылығы дамыған. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 73,0%-ын мал шаруашылығы өнімдері құрайды.
2013-2015 жылдары мал шаруашылғы саласына 641,8 млн. тенге субсидия төленген, 2013 жылмен салыстырғанда 164%. Субцидия төлеу ет және сүт өндіру көлемін көбейтуге, асыл тұқымды мал санының артуына зор ықпал жасауда.
Ауданда «Нұр» шаруа қожалығының 1500 басқа арналған мал бордақылау алаңы әр жыл сайын 1000-1200 бас өгізшелерді бордақылап жылына 180 тонна сапалы сиыр етін өндіруде. «Ақбай», «Нұр» асыл тұқымды ірі қара шаруашылықтары жылына 120 бас асыл тұқымды бұқаларды басқа шаруашылықтарға сатуда.
Сурет 2 – 2013-2015 жылдардағы мал шаруашылығы саласындағы өнімдерді өндіру
(мың тонна, млн.дана)
Кесте 5 – Мал мен құс саны 2013-2015 жылдар.
Көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2015/2013
%
|
Облыс көлеміндегі үлесі, %
|
Ірі-қара
|
мың бас.
|
59,3
|
63,2
|
75,1
|
126,6
|
18,0
|
Қой, ешкі
|
мың бас.
|
134,4
|
134,9
|
108,3
|
80,5
|
5,4
|
Жылқы
|
мың бас.
|
13,7
|
13,7
|
16,6
|
121,2
|
6,1
|
Шошқа
|
мың бас.
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Құстар
|
мың бас.
|
52,5
|
52,7
|
52,7
|
100,3
|
1,4
|
Марал
|
мың бас.
|
0,230
|
0,232
|
-
|
101,3
|
х
|
Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы.
Ауданда сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамуда. Ірі-қара малының 2015 жылғы санының 2013 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 126,6%-ды құрап отыр. Сүтті бағыттағы ірі-қара шаруашылығын дамыту жұмыстары жүргізілуде.
Қой шаруашылығы. 2015 жылы қой-ешкі санының 2013 жылмен салыстырғанда өсімі бруцеллез ауруымен қатар жүн өткізу қиындымен байланысты 19,4 % азайды.
Асыл тұқымды мал шаруашылығының дамуы.
Ауданда 9 асыл тұқымды шаруашылық бар, олар: Ірі –қара шаруашылығында 2 асыл тұқымды шаруашылық, қой малында 2 асыл тұқымды шаруашылық, жылқы малында 3 асыл тұқымды шаруашылық және 2 асыл тұқымды ара шаруашылығы.
Асыл тұқымды ірі-қара малының саны 1200 бас, асыл тұқымды жылқы малының саны 1300 бас, асыл тұқымды қой малының саны 3100 бас, асыл тұқымды ара ұясы 200. Сатып алынып жатқан ірі-қара малдарының саны жылдан-жылға өсуде.
Ауданда өсімдік шаруашылығының өнімдері негізінен суармалы жерлерде өндіріледі. Дәнді дақылдар, майлы дақылдар, картоп, көкөніс өнімдері өсірілуде. Шаруашылықтың барлық түрлеріндегі ауыл шаруашылығы дақылдарының құрылымының 44,3%-ы дәнді астыққа, 8,0%-ы майлы дақылдарға, 8,5% -ы картопқа, бақша дақылдарына 6%-ы, көпжылдық шөптерге 33,4%-ы тиесілі.
Аудан бойынша әр гектардан өндірілген өнім 2015 жылғы көрсеткіштерді 2013 жылмен салыстырғанда өсуі күнбағыс дақылында 4,9%-ға, картопта 14,4% - ға, көкөністе 13,8%-ға өскен. Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты (қуаңшылық) дәнді дақылда өнім 8,4%-ға азайған.
Жыл сайын майлы дақылдардың орнына басқа дақылдармен алмастыру (әсіресе соя дақылымен) байқалады, 2015 жылы соя 513 га жерге егілді.
2013-2015 жылдары егіс көлемінде ылғал сақтау технологиясын қолдану 3,0 мың га.-ға жетті, барлық дәнді дақыл егіс көлеміндегі үлесі 39,9%.
Ауданда 28 мың га. суармалы жер бар, қазіргі уақытта 18 мың га. Жер пайдаланылуда. Пайдаланылмай отырған 10 мың га жерді пайдалануға жұмыстар атқарылуда.
Ауданда 2015 жылы жаңбырлатып суару арқылы 160 га. егістік суарылды. Егін шаруашылығында жаңа технологияларды қолдану жылдан-жылға көбейюде.
Ауданда 1 тұқым шаруашылығы жұмыс атқаруда. Тұқым шаруашылығы 1,2 және 3 молықтыру (репродукция) тұқымдарын өндіреді. 2015 жылы өндірілген тұқымдары 100 % 1 және 2 молықтыру тұқымдары болды.
Ауданда картоп-көкөніс сақтайтын, жалпы сиымдылығы 2,1 мың тонналық 17 қойма бар, оның ішінде жұмыс істейтіні 16, сиымдылығы 1,75 мың тонна. Аудандағы қолда бар картоп-көкөніс сақтайтын қоймалардың 2-і соңғы жылда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің өз қаржыларына салынды, біреуі жаңыртылды.
АӨК саласын мемлекеттік «Агробизнес – 2020» бағдарламасы арқылы қолдаулар көрсетілуде. 2013-2015 жылдары өсімдік саласына 265,1 млн.теңге субсидия төленді.
АӨК –ін техникалық жағынан сапалы жарақтандыру мақсатында жұмыстар атқарылуда. АӨК –ін техникаларының 80 %-ы ескірген.
2015 жылы 20 техника 18,3 млн.теңгеге, оның ішінде «КазАгроФинанс» АҚ арқылы алынғаны 6 техника, 14,4 млн.теңгеге, алынды. КХР-нан 30 шағын тракторлар әкелінді.
Техникаларды жаңалау норма бойынша 5-7% болса, нақты жаңалау 5,2%.
SWOT- анализ саланың дамуына:
Күшті жақтары (S):
1. Өндірістік әлеуеттің барлығы
-ауыл шаруашылық жерлерінің болуы;
-ауыл шаруашылық малдарының болуы;
2. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуы ;
3. Аудан халқының негізгі азық-түлік түрлерімен, атап айтқанда ет, сүт, картоп, көкөніс өнімдерімен толық қамтамасыз етілуі;
|
Осал жақтары (W):
Ауыл шаруашылығы техникалары мен құрылғылардың физикалық және моральды тозуы;
Асыл тұқымды малдардың үлесінің төмендігі;
Ауыл шаруашылығы өндірісінде заман талабына сай инфрақұрылымдарлың дамымауы;
Өндірістің ұсақ болуы;
АӨК –дегі маман кадрлардың жетімсіздігі;
Кепілге қойылатын мүліктердің аздығынан, инвестицияның аз тартылуы;
|
Мүмкіндіктер (O):
Агроөнеркәсіп кешенінің мүмкіндіктерін толық пайдалану;
- тауарлы-сүт фермаларын дамыту, тұрғындардан сүт сатып алуды ұйымдастыру;
- су жүйелерін жаңғырту арқылы суармалы жерлерді ұлғайту;
- өндіріске жаңа технологияларды енгізу;
Ауыл шаруашылық техникалары мен құрылғыларын толықтай жаңалау;
Дайындау (сатып алу) ұйымдарының желісін ұйымдастыру;
Шағын шаруашылықтарды ірілендіріп, кооперативтер құру.
|
Қауіптер (T):
Аграрлық салаға тән тәуекелдердің: қолайсыз ауа-райы жағдайларының әсері, табиғи апаттар, өте қауіпті жануарлар ауруларының өршуі және т.б. тәуекелдердің болуы;
Ауылдан қалаға еңбек күшінің кетуі;
АӨК –дегі маман кадрлардың жетімсіздігі;
|
Негізгі проблемалар:
- өндірістің ұсақ болуы, мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде үй шаруашылығының үлесінің көп болуы;
-инфрақұрылымдардың жетіспеушілігі;
- ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің несиелік ресурстарға қол жетімсіздігі және негізгі және айналмалы қорлардың аздығы;
- машина-трактор паркінің техникалық жарақтанудың төмендігі;
- өндіріске жаңа озық технологияларды әлсіз енгізулуі;
-ауыл тұрғындарының, білікті мамандардың қалаға кетуі, білікті мамандардың ауылда жетіспеуі;
- асыл тұқымды қойлардың үлесінің төмендігі;
- мал азығы қорының жетімсіздігі;
- шикізатты қабылдау инфрақұрылымының жоқтығы, жүн және теріні қайта өңдеу мекемелерінің болмауы, жүн өңдеу өнеркәсібінде жүн үшін сұраныстың болмауы;
Ветеринария
Зайсан ауданында аса жұқпалы мал аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты. Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, жеке нөмір беріп, арнайы базаға енгізіліп ветеринариялық паспорттармен қамтамасыз етілген. (6 кесте)
6 кесте – Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мәліметі, бас
Мал түрі
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
жоспар
|
нақты
|
жоспар
|
нақты
|
жоспар
|
нақты
|
Ірі-қара мал
|
11200
|
11200
|
11000
|
11000
|
12000
|
12000
|
Мүйізді ұсақ мал
|
20000
|
20000
|
13500
|
13500
|
16000
|
16000
|
Жеке ветеринариялық бөлім, 1 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны және 9 ветеринариялық бекет құрылды.
Құрылған ветеринариялық коммуналдық мекеме мен ветеринариялық бекеттерді материалдық-техникалық жабдықтау аяқталды. Ветеринариялық құралдар мен мүліктер, ұйымдастыру жабдықтары, жылжымалы және тұрақты фиксаторлар қоршауымен, ДУК, САНГ ИОНГ, жылжымалы инсинираторлар және мал тасуға арналған автомашиналар сатып алынды.
Туризм
Туризм - аудан экономикасының дамуындағы ең перспекивалы салаларының бірі болып табылады, бұған өңірдің бірегей географиялық орналасуы, қолайлы табиғи-климаттық жағдайлары жеткілікті. Зайсан ауданы мәдени-танымдық туризмді дамытуда ірі әлеуетке ие: ауданда 36 тарихи және мәдени ескерткіштер тіркелген, оның ішінде: 10 архитектуралық және 26 археологиялық.
Туристік қызығушылықтың негізгі орындары мыналар:
- «Айка» ш/қожалығы туристерге аңшылық қызмет көрсетеді;
- «Бәйтерек» спорттық-сауықтыру базасы қысқы демалысқа белсенді спорт түрлерімен айналысуды ұсынады (коньки, шаңғы, қар үстінде жүретін машиналармен серуендеу), жазда жаяу және атты серуендер ұйымдастыру жоспарлануда,
- Зайсан көлінде демалу (тап-таза су, идеалды жағажай, балық аулау, катамаранда қыдыру, көл үстінде серуендеу, ).
Аудан Қытай Халық Республикасымен шектесетіндіктен «Майқапшағай» кеден бақылау бекеті арқылы шоп-турларға негізделген сауда, коммерциялық туризмі дамуда.
2014 жылдан бастап ҚХР-ға 3-күндік визасыз турлар ұйымдастырылуда. Сауда-делдалдық, көлік-логистикалық кәсіпкерлік қызметтермен айналысатын келушілердің саны мен белсенділігінің артуы қонақ үй бизнесінің, жол бойы сервистік қызметтердің дамуына оң әсерін тигізеді.
2015 жылы Зайсан ауданының (35) оқушылары ҚХР-да және Жеменей ауданының оқушылары Зайсан ауданындағы «Бәйтерек» споорттық-сауықтыру орталығында демалыстары ұйымдастырылды.
2015 жылдың қорытындысы бойынша туристік қызметтер көлемі 44,9 млн.теңге болып, 2013 жылдан 3,3 есеге өсті, (2013 ж – 13,6 млн. теңге). Салада жұмыс істейтіндер саны 2015 жылы 62 адам (аудандағы жалпы жұмыс істейтіндер санының 3,0%). Облыстық туризм саласындағы көрсетілген қызметтер көлемінде ауданның үлесі - 1,4%. Ауданда туристік қызметтерді 2 туристік (Жібек-жолы, Айка) фирмалар көрсетеді, тіркелген орналастыру орындарының саны - 12 нысан (2013 ж. - 6), номерлер қоры 112 номер (2013 ж. - 46) және бірмезгілдік сиымдылық 329 жатын-орын (2013 ж. – 199).
Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған туристік индустрияны перспективтік бағыттарда дамыту бағдарламасы аясында «Байтерек» спорттық-сауықтыру базасы ашылды.
Бүгінгі таңда ауданның жергілікті атқарушы органдары туризмді дамытудың төмендегідей мәселелерін қарастыруда:
-«Бәйтерек» спорттық-сауықтыру базасында велосипед туризмін, атпен серуендеу ұйымдастыру;
- Зайсан көлі жағалауында туристік жағажай салу;
-«Жадыра» учаскесінде қонақ үй, автотұрақ және кафе ғимараттарын қайта жаңарту;
- марал өсіру шаруашылығын дамыту, пантымен емдеу;
- «Тебеген», «Майшат», «Кіші Жеменей» учаскелерінде аңшы үйлерін салу және шетелдік туристерді (аңшыларды) ауданға тарту (Сауыр-Сайқан, Маңырақ тауларында тау туризмін дамыту);
-«Арасан-Талды» учаскесінде емдеу-сауықтыру санаторийін салу; Көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымды құрып, модернизациялауға келесі жобалар жоспарланады:
-«Кіші Жеменей» учаскесіне автомобиль жолын реконструкциялау, құны120 млн.теңге (2018-2020 жж.).
-«Қызылқия» өндірістік кооперативіне автомобиль жолын реконструкциялау, құны 300 млн.теңге (2020 жылдан).
Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:
Күшті жақтары (S):
Қолайлы географиялық жағдай, аудан ҚХР-мен шектеседі;
Ландшафтардың алуан түрлілігі;
Туристік маршруттардың алуан түрлілігі (жаяу туризм, аңшылық, балық аулау);
Шұбатпен және қымызбен емдеуді жаңғырту мүмкіндігі;
Кеден (өткізу) Майқапшагай
|
Әлсіз жақтары (W):
Туризмнің дамыған инфрақұрылымының жоқтығы, соның ішінде жолдардың нашар жағдайы;
Квалификациялы басқару және қызмет көрсету персоналының жоқтығы;
Ауданның туристік ресурстарын жарнамалаудың жеткіліксіздігі.
Туристік бизнесте кәсібиліктік төмен деңгейі, туристік қызметтер бағаларына қызмет көрсетудің сапасы мен деңгейінің сәйкессіздігі.
|
Мүмкіндіктер (O):
Туризмнің бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын құру мүмкіндігі;
Халықты жұмыспен қамту;
Кіру және шығу туризмі бойынша туристер ағынын арттыру және бюджетке түсімдер мен табыстарды өсіру.
|
Қауіптер (T):
Туризмді қолдаудың шектеулі қаржылық мүмкіндіктері, өз қаржыларының және инвестициялық ресурстардың жеткіліксіздігі;
Қолайсыз сыртқы экономикалық жағдайлардың туристік қызметке әсері
|
Саланың негізгі мәселері:
Орналастыру нысандарының материалдық базасының жоғары моралдық және физикалық тозуы;
Көлік инфрақұрылымының нашар жағдайы;
Туристік және қонақ үй бизнесінің жергілікті өкілдерінің жеткіліксіз ынтымақтастығы;
Орналастыру орындарындағы қызмет көрсету сапасының төмендігі;
Туристік қызметтер құнының қымбаттығы.
Достарыңызбен бөлісу: |