Бағдарламасы Зайсан қаласы, 016 жыл Мазмұны Төлқұжат 2



жүктеу 2,45 Mb.
бет5/7
Дата18.12.2017
өлшемі2,45 Mb.
#4519
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Жол және көлік


Зайсан ауданының көлік жүйесі автомобиль және әуе көлігі инфрақұрылымынан тұрады. Көлік жүйесі Қытай Халық Республикасына шығатын транзиттік жүйенің маңызды бөлігі блып табылады.

Аудан бойынша жолаушы тасымалы негізгінен автомобиль көлігімен жүргізілуде.

Ауданда автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 460 км құрайды, оның ішінде республикалық маңыздағы – 168 км (36,5 %), облыстық маңыздағы - 81 км (17,6 %), аудандық маңыздағы – 211 км (45,9 %).

Оның ішінде қара жамылғыдағы - 201 км, құм-тас төселген -235 км, жамылғысыз – 24 км. Сонымен қатар жолдарда 7 көпір және 153 су өткізгіш құбырлар орналасқан.

22 кесте - Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі




Көрсеткіш атауы

өлш. бірл.

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі

км

64,5

67,9

70,6

2015 жылғы жағдай бойынша аудан бойынша аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының техникалық жағдайы жақсы жағдайда – 85 км (40 %), қанағатаннарлық жағдайда – 68 км (32 %), қанағаттанарлықсыз жағдайда – 58 км ( 28 %) құрайды.

Зайсан ауданы Тарбағатай, Күршім аудандары және ҚХР республикалық маңыздағы «Омск-Майқапшағай» автомобиль жолымен байланысады.

2013-2015 жылдары аралығында аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының 4,4 км күделі жөндеуден өткізілді.

Сонымен қатар салада шешімін таппаған келесі мәселелер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін тигізуде:

- республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының тозуы;

- жолдарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстауға бөлінетін қаржының жеткіліксіздігі.

Автомобиль көлігі аудандағы елді мекендерді байланыстыратын жалпы қолданыстағы көлік түрі болып табылады.

Автомобиль көлігімен жолаушы тасымалы 9 тұрақты маршрут бойынша жүргізілуде. Оның ішінде: 1 - қалаішілік, 6 – ауданішілік, 2-облысішілік маршруттар.
23 кесте – Зайсан ауданы бойынша елді мекендерді тұрақты жолаушы тасымалымен қамтамасыз ету

Аудан атауы



Барлығы:

Тұрақты тасымалмен қамтылмаған

Тұрақты тасымалмен қамтылмаған елді мекендердің үлесі

Халық саны 100 адамнан аз елді мекендер саны

Зайсанский

37

15

40,5

13

2015 жылы автомобиль көлігімен 2,45 млн. жолаушы тасымалданды. Бұл көсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 8,8 % артты. 2013-2015 жылдар аралығында жолаушы айналымы 2015 жылы 5,6 % өсті.

Салада келесі өзекті мәселер бар:

- заңсыз жолаушы және жүк тасымалы, жолаушылардың қауіпсіздігіне әсер етуде.


Әуе көлігі

«Зайсан-Өскемен» бағытында жергілікті әуе байланысында 1 әуежай қызмет көрсетуде. Өткізу мүмкіндігі 50 жолаушы/сағат, ұшу-қону жолағының ұзындығы 1500 м.

Зайсан-Өскемен бағыты облыстық бюджеттен субсидиялануда.

Бүгінгі күнге салада шешімін таппай отырған келесі мәселелер бар:

- Зайсан қаласының әуежайын қайта жаңғырту мәселесі.

Саланы дамыту жағдайының SWOT- сараптамасы:




Мықты жақтары (S):

  1. Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесінің өсуі;

  2. Аудандағы елді мекендерді байланыстыратын автомобиль жолдарының дамыған жүйесі;

  3. Соңғы үш жылда жолаушы айналымының өсуі (2012 жылдан 11,7 %);

  4. Аудан тұрғындарын көліктің барлық түріне қол жетімділігін қамтамасыз ету, әуе маршруттарын қайта жаңғырту.

Әлсіз жақтары (W):

  1. Автомобиль жолдары және көпірлердің тозуы;

  2. Заңсыз тасымалдаушылардың жүргізілуінен алыс елді мекендерді тұрақты тасымалмен қамтамасыз ете алмау;

  3. Алыс елді мекендердің тұрақты тасымалымен қамтамасыз етілмеуі;

  4. Әуе инфрақұрылымының тозуы.




Мүмкіндіктері (O):

  1. Жеке меншік-мемлекеттік механизмді дамыту;

  2. Автомобиль жолдарының, көпірлердің көліктік-пайдалану көрсеткіштерін жақсарту;

  3. Автомобиль жолдары саласында халықаралық стандарттарды енгізу.

Қауіптері (T):

  1. Бюджеттік қаржыландырудың азаюы;

  2. Бағалық тәуекелділігі;

  3. Заңдылықтар тәуекелділігі;

  4. Техногендік және экологиялық тәуекелділік;

  5. Кадрлың теуекелділік

  6. Бар жол-пайдалану техникаларының жоғарғы тозуы

Негізгі мәселелер:

Жол саласында:



  • жолдардағы көпірлердің қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы;

  • жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының тозуы;

  • жолдарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстауға бөлінетін қаржының жеткіліксіздігі.

Жолаушы көлігі саласында:

  • елді мекендерді тұрақты тасымалмен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі;

  • Заңсыз жолаушы және жүк тасымалдаудың жүргізілуі жолаушылардың қауіпсіздігіне әсер етуі.

Әуе қатынасы саласында:

  • аудандағы әуежай инфрақұрылымын жаңғырту қажеттігі.

Байланыс

Ауданда 11 автоматтандырылған телефон байланысы, 6 спутниктік SKY EDGE және CDMA-450 сымсыз телефон станцияларының байланысы халыққа қызмет көрсетуде. Аудан бойынша барлық елді мекендер телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Зайсан қаласында кең ауықымды интернет жүйесіне қосылуға мүмкіншілік бар. Мегалайн порт құрылғысы орнатылған. Мектептер орталықтандырылған Мегалайн интернетін қолдануда.

2013 жылы Сарши және Талды елді мекендері облыс елді мекендерін телефонмен қамтамасыз ету бағдарламасына сәйкес электр жүйесінен қуат алатын спутниктік байланыс орнатылды. Қазіргі кезде аталған қондырғылар күн энергиясынан қуат алу арқылы жұмыс істеуде
SWOT- анализ состояния развития отрасли:


Мықты жақтары (S):

  1. Телекоммуникация қызметі жүйесін дамыту;

  2. Nextgenerationnetworks жаңа технологияларын пайдалану арқылы АТС жаңғырту;

  3. Интернет желісін енгізу.

Әлсіз жақтары (W):

  1. Байланыс жүйесінде абоненттердің тығыздығының төмендігі;

  2. Байланыс нарығында бәсекелестіктің жоқтығы;

  3. Кең ауқымды интернет желісін қол жеткізуді дамытудың жеткіліксіздігі;

  4. Ұялы байланыс тарифінің жоғарылығы;

  5. Телекоммуникация нарығында нақты бәсекелестіктің дамымауы;

  6. Азаматтық негіздегі радио қабылдағыш ресурстардың шектеуі.

Мүмкіндіктері (O):

  1. Халықты және мекемелерді қол жетімді және сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету;

  2. Халықты және мекемелерді күнделікті өмірде кең ауқымды ақпараттық-коммунникациялық жүйелерді енгізу;

  3. Халықты жан-жақты байланыс қызметімен қамту.

Қауіптері (T):

  1. Ұялы байланысқа ауысыуға байланысты байланыс желісінде абонент сандарының азаюы.

Негізгі мәселелер:



  • кең ауқымды интернет желісіне қол жетілімділікті дамытудың жеткіліксіздігі;

  • байланыс желісінде абонентердің тығыздығының төменгі көрсеткіштері;

Энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру

Энергия үнемдеуді дамыту көлік және тұрғын үй-коммуналдық секторын, өндірістерді жаңғыртуда негізгі құрал болап табылады. Энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыруды сәтті жүзеге асыру энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауданның экономикасының бәсекелестігін арттырады.

Энергетикалық ресурстарды пайдалану өсімі ішкі аумақтық азықты пайдалану қарқынында өсуде, сондай-ақ экономикалық өсім азықты өндіру, пайдаланумен қатар жүруде.

Энергия үнемдеу ауданның негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. 2012 жылы Зайсан ауданының 2012-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеу жоспары жасалынып, жүзеге асырылуда. Ауданның энергия пайдалану саласы көрсеткендей 55 % - өндірістік салаға, 25 % - тұрғындарға, 20% - басқа экономикалық салаға келуде.

Ауданның саласы көрсеткендей энергия ресурстарын негізгі пайдланушы өндіріс саласы болып табылады.

Коммуналдық секторда инженерлік желілердің тозу деңгейі келесідей деңгейде:

Жылу жүйелерінде 74% нормативтік жағдайда және 26 % жөндеуді қажет етеді, жалпы ұзындығы - 4,5 км.

Электрмен қамтамасыз ету 40% нормативтік жағдайда және 60 % жөндеуді қажет етеді, жалпы ұзындығы – 1524,0 км.

Бюджеттік салада энергия үнемдеудің әлеуметтік маңыздылығы мен бюджет қаражатын тиімді пайдалануда маңызды рөл атқарады.

Электрмен қамту

2015 жылы аудан бойынша электр энергиясын өндіру 50,5 млн. кВтч құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 17 % өскен.

Негізінен электр энергиясын тұтынушылар өндірістер мен тұрғындар.

Қуаттылығы 220 кВТ және одан төмен аумақтық электр желілерін басқару және диспечерлеуді «ШҚ АЭЖ» АҚ жүргізіеді, теңгерімінде 1524,0 км электр желісі, 12 дана подстанция, ТП және 29 дана - КТП бар.

Электр энергиясының шығынының негізгі себебі электр беру және электр құрылғыларының тозу деңгейінің жоғарылығы. Жыл сайын шығындарды азайтуға байланысты шаралар жүргізілуде.

Аудан бойынша жаңартылған энергия көздері Зайсан ГЭС-і. 205 жылы жалпы өндірілген электр энергиясы 5,9 млн.кВтч құрады.

Саланы дамыту жағдайының SWOT- сараптамасы:




Мықты жақтары (S):

  1. Уйдене ГЭС-нің болуы;

  2. Зайсан ауданының 2012-2015 жылдарға арналған комплекстік жоспарының іске асырылуы.

Әлсіз жақтары (W):

  1. Электр желілерінің тозуының өсуі;

  2. Электр энергиясын жеткізу тәуелділігі.

Мүмкіндіктері (O):

  1. Электрмен қамту нысандарын жаңғыртуда инвестициялық жобаларды іске асыру.

Қауіптері (T):

  1. Бағаның өсуі.



Негізгі мәселелер:



  • энергетикалық құрылғылардың тозуының өсуі ( 60%);

  • электр станцияларының, электр беру желілері қызмет ету уақытының нормативтік уақытын өткерген;

  • ауданның энерегтикасына инвестициялардың жеткіліксіздігі;

  • электр энергиясының шығындары.

Тұрғын үй құрылысы

Тұрғын үй қоры 65 көпқабатты тұрғын үйден құралған, оның ішінде аудан орталығында 6 кондоминиум нысандары бар. Аудан аумағындағы үйлердің 90 % астамы 20 жылдан артық пайдалануда.

Кондоминиум нысандарының күрделі жөндеуді талап ететіні 2013 жылы -38,5 %, 2014 жылы – 37 %, 2015 жылы –22,4 % құрады.

Аталған көрсеткіштерді азайту көпқабатты үйлерді жөндеу және қайта жаңғырту жобаларын іске асыру мақсатында жүзеге асты.

2015 жылы аталған шараға 29,2 млн теңге бөлініп, 6 кондоминиум нысаны жөнделді. 2015 жылы 24,0 млн теңгеге 5 көп қабатты үйлерді жөндеу жоспарланған.

Аудан бойынша мемлекеттік тұрғын үйлерді салу «Қолжетімді баспана 2020» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

2014-2015 жылдар аралығында 21184 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.


Таблица 24. 2013-2015 жылдар аралығында Зайсан ауданы және басқа аудандар бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру, шаршы метр


№ п/п

Қала/аудан

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

Зайсан ауданы

7 055

9 925

2153

2

Күршім ауданы

1 917

2 351

1880

3

Тарбагатай ауданы

5 121

6 398

6472

2015 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру 2153 шаршы метрді құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 78,4% азайған.



1 шаршы метр тұрғын үйді салудың нақты бағасы 94 мың теңге. Ауданда тұрғын үйді салудың бағасы табиғи жағдайлардың және құрылыс материалдарының қымбаттығынан басқа аудандарға қарағанда жоғары.


Сурет 10 – 1 шаршы метр үйдің бағасы, мың тенге
Саланы дамыту жағдайының SWOT- сараптамасы:


Мықты жақтары (S):

1. Үйлерді салудың көлемінің өсуі;




Әлсіз жақтары (W):

1. Азаматтық тұрғын үйді дамытудың тұрақты және экономикалық механизімінің болмауы;

2. Қалақұрылысы құжаттарының жалпы көлемі құжаттарының, сонымен қатар жерді пайдалану және салу ережелерінің болмауы.


Мүмкіндіктері (O):

1. Опережающая разработка проектно-сметной документации по объектам, включенным в республиканский и областной бюджет на трехлетний период в соответствии с требованиями Бюджетного кодекса.




Қауіптері (T):

1. Үйлерді салуда және кепілді қажетті көлемді пайдалану мақсатында кең ауқымды жобаларды іске асуруда экономикалық стимулдың өңделмеуі.


Саланың негізгі мәселелері:

- үйлердің бағасының өсуі үйлерді салудың жаппай өсу деңгейін баяулататын фактор болып табылады;

- мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға кезекке тұрған азаматтардың санының өсуі байқалуда;

2016 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға кезекке тұрған адам саны – 680 адам. Кезекте негізінен бюджеттік мекеме қызметкері, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын тобы және мемлекеттік мекеме қызметкерлері тіркелген;

- Коммуникация желілерін салуда қаржы көлемінің қазіргі қажеттілікті қамтамасыз ете алмауы. Осыған байланысты үйлерді салуды дамытуда үйлер салынатын аумақтарда инженерлік-коммунаикацияларды тартудың қаражаттарын ұлғайту қажет.


Жылумен қамту

Аудан бойынша қуаттылығы 100 Гкал/сағаттық 49 жылу қазандығы бар, оның ішінде 21 қатты отынмен, 25 электр энергиясымен және 3 қазандық табиғи газбен жылытылады.

Зайсан ауданында ортадлықтандырылған жылу қазандығы жоқ. Қазіргі кезде жылу жүйелері автономды түрде жүргізілуде. Әлеуметтік нысандар және көпқабатты үйлер электр энергиясымен жылытылуда. Көпқабатты үйлерде пәтерлер нормаларға сәйкес емес пештермен жылытылады. Жоғарыда айтылған мәселелерді ескере келе Зайсан қаласында орталықтандырылған жылу қазандығын салу қажеттілігі туындауда.

Жалпы аудан бойынша жылу желілерінің ұзындығы 4,5 км құрайды.



Жылу жүйелерінің орташа тозуы 26%, нормативтік шығындар 18,5%. Жөндеуді қажет ететін жылу жүйесінің ұзындығы 26%.
Саланы дамыту жағдайының SWOT- сараптамасы:


Мықты жақтары (S):

  1. Ауданда көмір кенішінің болуы қазандықтарға көмірді арзан бағамен жеткізу;

  2. Қазандықтарды қатты отыннан табиғи газға ауыстыру.

Әлсіз жақтары (W):

  1. Жылу жүйелері инфрақұрылымының тозу деңгейінің өсуі (26%);

  2. Жылу энергиясы шығындарының өсуі (18,5%).

Мүмкіндіктері (O):

  1. Жылумен қамту көзерін дамыту перспективалары;

  2. Мемлекеттік қолдау шаралары («2020 жылға дейін аумақты дамыту бағдараламасы»);

  3. Жылумен қамту нысандарын жаңғырту.

Қауіптері (T):

  1. ТЕЦ-ң орнатылған және тарату қуаттылығының төмендеуі, тозу деңгейінің жоғарлауына байланысты агрегаттардың апаттық жағдайда тоқтап тұруы;

  2. Саланы қаржыландыруды қысқарту даму бағдарламасын тоқтату экономикалық жағдайдың нашарлауына әкеліп соғыу ықтимал.

Негізгі мәселелер:



  • жылу жүйелерінің тозу деңгейінің өсуі - 26%;

  • жылу энергиясының шығындары - 18,5%;

  • жөндеуді қажет ететін жылу жүйелерінің үлесі - 26%.

Газбен қамту

Сарыбұлақ кенішінен өндірілетін табиғи газбен Зайсан ауданын қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар жүргізілуде.

2013 жылдан бастап Зайсан қаласында 405,0 млн. теңгеге1100 тұтынушыны газбен қамтуға арналған 38 км қалаішілік газ тарату желісі салынды. Газға 240 жеке тұрғын үй және 13 заңды тұлға қосылды. Тұтынушыларды газға қосуға байланысты жұмыстар жалғасуда.

2015 жылы «Тарбағатай Мұнай» ЖШС өз қаражаты есебінен аудандағы 9 елді мекенге (Каратал, Айнабулак, Кайнар, Жамбыл, Когедай, Шалкар, Үлкен Каратал, Карабулак, Кенсай) дейінгі газ құбырын тарту жоспарлануда, сонымен қатар республикалық бюджет есебінен 9 ауылдың ішкі газ желесін тарту жұмыстары іске асырылатын болады.

Сарыбұлақ газ кенішін жобалау Зайсан ауданы елді мекендерін табиғи газбен қамтуға, сонымен қатар Қазақстан Республикасы және ҚХР мемлекет аралық келісім шартқа сәйкес ШҚО ішкі нарығын газбен қаматамасыз ету.

Жылу қазандықтарын табиғи газға ауыстыру негізгі жылу өндіру көздері бола отырып ауаны ластайтын заттарды шығаруды азайтып ауданның экологиялық жағдайына әсер етеді.
Саланы дамыту жағдайының SWOT- сараптамасы:


Мықты жақтары (S):

  1. Табиғи ресурстардың болуы (газ, мұнай);

  2. Аудандағы тұтынушылардың табиғи газға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында Сарыбұлақ кенішіндегі газ инфрақұрылымын.

Әлсіз жақтары (W):

  1. Кен орындарын барлаудың баяу жүргізілуі;

  2. Табиғи газды пайдалануда газ инфрақұырылымын дамытудың жоқтығы.




Мүмкіндіктері (O):

  1. Сарыбұлақ газ кенішін жобалау аудан халқын толығымен газдандыруға мүмкіндік береді;

  2. Жылу қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға ауыстыру ауданның экологиялық жағдайын жақсартуда негізгі рөл атқарады.

  3. Ішкі нарықта қысылған газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қауіптері (T):

  1. Ауданды газбен сапалы қамтамасыз етуде жаңа газ құбырларының құрылысын қаржыландырудың жеткіліксіздігі.

Негізгі мәселелер:



  • Газ тарату қондырғыларының, ішкі газ желілерінің техникалық жағдайының қанағаттанарлықсыз жағдайы.

Сумен қамту

2013-2015 жылдар аралығында аудан халқын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету 18 % өсіп, 2016 жылдың 1 қаңтарына 79,85%, құрады. Қала халқын орталықтандырылған ауыз сумен қамту 100 % (облыста орташа көрсеткіш 97,1 %), ауылдарды қамту – 42 % (облыста орташа көрсеткіш 47,7 %).

Аудан бойынша халықты сумен қамту жүйелерінің ұзындығы 236 км (қала – 141 км орташа тозуы - 70 %, ауылда – 95 км орташа тозуы - 55%).
Кесте 25. 2013-2015 жылдар аралығында аудан халқын сумен қамтамасыз етудің деңгейі


Көрсеткіштер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Өсу

2015/2013



Қалаларда орталықтандырылған сумен қамту, %:

100

100

100



Елді мекендерде орталықтандырылған сумен қамту, %

38,0

39,0

42,0

10,5

Елді мекендерсаны (орталықтандырылған су жүйесі), бірл.

5

10

15

3 есе

Қала тұрғындарды жекелеген су өлшегіш құрылғыларымен қамту, %

70 %

88 %

93 %

54,4

Тұрғындарды жекелеген су өлшегіш құрылғыларымен қамту, %

41 %

55%

65 %

77,4

Жекелеген су есептегіш құралдарын оратуды қаматамасыз ету қалада -93 %, елді мекендерде – 65% құрайды.

Аудан бойын 37 елді мекеннің Зайсан қаласында және 15 ауылдық елді мекенде орталықтандырылған су құбыры бар. Аталған су құбырлары тереңдіктегі сужинағыш скважиналардан, 21 елді мекен ауыз суды жергілікті жеке меншік құдықтар қолдануда.

2012 жылы Зайсан қаласының су құбырын және құрылғыларын қайта жаңғыртуға бюджеттен 533,3 млн.тенге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.

2013 жылы су құбырларын қалыпты жағдайда ұстауға 19,0 млн теңге бөлініп, игерілді. Атқарылған шаралар нәтижесінде 2012 жылы 23 км су құбыры қайта жаңғыртылып, 8 ауылдық елді мекенде сумен қамту жағдайы жақсартылды. 2013-2015 жылдар аралығында Айнабұлақ ауылының су жүйесінің құрылысын жүргізуге 274 млн теңге бөлініп, игерлді, Дайыр ауылының су жүйесін қайта жаңғыртуға 324,5 млн теңге бөлініді, Үлкен қаратал ауылының су жүйесінің құрылысына 296,3 млн теңге бөлінді. Аталған жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ халық саны 500 адамнан аз Жамбыл, Көгедай, Бақасу, Саржыра, Жаңатұрмыс және Жалши елді мекендерін сапалы ауыз сумен қаматамасыз етуге 45,4 млн теңге бөлінді.

Су жүйелерінің қанағаттанарлықсыз жағдайда болуы нәтижесінде апаттардың санынның өсуі, су шығындары тұрғындардың тұтыну деңгейін жоғарлатуға кері әсерін тигізеді. 2015 жылы аудан бойынша су жүйелерінде жалпы берілген судан судың шығыны 16,5 % (2013 жылы – 16%) құрады.

Су жүйелерін қалыптыжағдайда ұстауды «Зайсан» ККМК жүргізеді, аудан халқына судың тарифі 55,32 -88,27 тг/м3.
Саланы дамыту жағдайының SWOT- сараптамасы:


Мықты жақтары (S):

  1. Жер асты сулары қорларының жеткілікті деңгейі;

  2. Ауыз суды жоғары деңгейде тұтыну;

  3. Жұмыс істеп тұрған су жүйелерінің болуы;

  4. Сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудіің көрсеткішінің 79,8% жетуі;

  5. Қызмет көрсету қызметінің болуы.

Әлсіз жақтары (W):

  1. Су қорларын жеткіліксіз деңгейде пайдалану;

  2. Су жүйелерінің және нысандарының тозу деңгейінің жоғарылығы;

  3. Су жүйелерін салуға және қайта жаңғыртуға мемлекет және инвестиция қаржысының жеткіліксіздігі;

  4. Зайсан қаласында және ауылдық елді мекендерде сумен қамту жәнесу бұру мекемлерін дамытудың жеткіліксіз деңгейі;

  5. Ескірген технологияларды пайдалану тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізуі;

Мүмкіндіктері (O):

  1. Жаңа жер асты су қорлары кенішін игеру;

  2. Су жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту, суды тазарту және суды дайындаудағы шығындарды көбейту;

  3. Жаңа тиімді технологияларды енгізу;

  4. Қызмет көрсетуші мекемелерді материалды-техникалық базаларымен жабдықтау.

Қауіптері (T):

  1. Скважиналардың қызмет көрсету режимдерінің бұзылуы нәижесінде жер асты суларының сапасының төмендеуі, иесіз гидрогеологиялық скважиналардың санының көбеюі, жер асты суларының техногендік тозуы;

  2. Физикалық тозу нәтижесінде қондырғылардың істен шығуы;

  3. Қызмет көрсету уақытының узақтығынан, қаржының жеткіліксізідігінен сумен қамту нысндарының техникалық жағдайының қанағаттанарлықсыздығы;

  4. Су дайындауда ескірген технологияларды пайдалану тұтынушылар денсаулығына кері әсерін тигізуі.

Негізгі мәселелер:



  • сумен қамту жүйелерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы;

  • аудан бойынша су шығынының деңгейінің жоғарылығы – 16,5

Су бұру


2015 жылға дейін ауданда канализация желілері және тазарту қондырғылары болмаған. Екі тұрғылықты мөлтек аудандардағы, әскери бөлімдегі және орталық аурухананың лас сулары қаланың төрт жағынан қазылған шұңқырларға төгіліп, тұрғындардың денсаулығына жәнеэкологиялық жағдайға зиянын келтірді. Зайсан қаласында 2013-2014 жылдары канализация және тазарту қондырғыларының құрылысы жүргізілді. 31 км желі және тазарту қондырғысы салынды.
Саланы дамыту жағдайының SWOT- сараптамасы:


Мықты жақтары (S):

  1. Зайсан қаласында канализация желілері және тазарту қондырғылары құрылысының аяқталуы.

Әлсіз жақтары (W):

  1. Ауылдық елді мекендерде канализация желілерінің және су бұру нысандарының болмауы;

  2. Су бұру жүйесінің, тазарту қондырғыларының құрылысына мемлекеттік және жеке инвестициялардың жеткілікті түрде салынбауы.

Мүмкіндіктері (O):

  1. Су бұру нысандарын, канализация желілерін және тазарту қондырғыларын салу және қайта жаңғыртуға инвестициялық жобаларды іске асыру;

  2. Су көздерін тазартуда тиімді жаңа технологияларды енгізу.

Қауіптері (T):

  1. Физикалық тозу нәтижесінде қондырғылардың істен шығуы;

  2. Су бұру нысандарының, канализация желілерінің, тазарту қондырғыларының және канализация жүйелерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындауда мемлекет бюджетінен бөлінетін қаржының жеткіліксіздігі.

Негізгі мәселелер:

- су бұру қызметіне тұрғындардың қол жетімділігі көрсеткішінің төмендігі;

- канализация желілерінің жоқтығынан қоршаған ортаның ластануы.


Төтенше жағдайлардың қарамақайшылық инфроқұрылымы.

Жерсілкінісі, су тасқыны, орман-дала өрттері, ауа-райының күрт төмендеуі, қарлы бұрқасындар-Зайсан ауданының территориясының таулы-геологиялық және геодинамикалық, табиғаттың құбылмалы жағдайлары салдарынан болатын апаттар. Уақытылы алдын –алу шараларын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге қарамастан, оның ішінде жол-транспорт оқиғаларына қоса алғанда төтенше жағдайлардан зардап шеккендер мен қайтыс болғандардың динамикасы төмендегідей:



жүктеу 2,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау