Бағдарламасы Зайсан қаласы, 016 жыл Мазмұны Төлқұжат 2


Негізгі капиталға инвестициялар



жүктеу 2,45 Mb.
бет4/7
Дата18.12.2017
өлшемі2,45 Mb.
#4519
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Негізгі капиталға инвестициялар


2015 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 11783,9 млн теңгені құрады, бұл 2013 жылғыдан (15851,1 млн. тенге) 74,3%-ға артты.

11 кесте - Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің қаржыландыру көздері бойынша өзгеру серпіні




Жылдар

2013

%

2014

%

2015

%

Барлығы млн. теңге

15851,1

96,4

16954,3

106,9

11783,9

67,8

Республикалық бюджет

3503,4

172,3

3051,7

87,1

3670,3

120,3

Жергілікті бюджет

399,4

124,0

740,7

185,4

531,9

71,8

Өз қаржылары

1966,9

306,3

1567,7

79,7

723,8

46,2

Несие қаржылары

9981,4

74,3

11594,2

116,1

6857,8

59,1

Саланың даму жағдайына SWOT - талдау:




Күшті жақтары (S):

  1. Әлеуметтік нысандар (мектептер, ауруханалар), сонымен қатар тұрғын үйлер мен АӨК нысандарының құрылысына қолайлы ортаның болуы.

  2. Өзіндік шикізат базасының барлығы;

Әлсіз жақтары (W):

1. Жеке және шетел капиталы жағынан инвестициялар тартудағы белсенділіктің жеткіліксіздігі;

2. Банк несиелерін алу үшін кәсіпорындардағы ликвидтік қамтамасыз етудің жетіспеушілігі;

3. Еңбек өнімділігінің төмендігі;



Мүмкіндіктер (O):

  1. Ірі кәсіпорындардың ашылуына байланысты ауданның өзін-өзі қаржыландыруға көшуі;

  2. Инновациялық жобаларды тікелей қаржыландыратын қаржы институттарымен тығыз байланыстарды және қарым-қатнасты жодға қою;

  3. Прогрессивті лизингті инвестициялық қолдаудың дамуы.

Қауіптер (T):

  1. Бюджеттік қаржыландырудың қысқаруы және автожолдардың жағдайының одан ары төмендеуі;

    1. Әлемдік экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты сыртқы инвесторлардың қалауының өзгеруі.


Инвестиция саласындағы негізгі проблемалар:

- Бизнестің инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;

- Технологияларды коммерцияландыру мәдениетінің болмауы;

- Инвестиция саласындағы қолданыстағы заңнаманың жетілмеуі;

- Аймақтық инновациялық жүйесінің жоқтығы.


Индустриалды-инновациялық даму

Өңірлік индустрияландыру картасына 3 жоба енгізілген.

1. «СМУ Шығыс» ЖШС-нің құрылыс материалдары комбинатының темір-бетон өнімдері зауытын ұлғайту және жаңалау». Жобаның құны 325 млн. теңге.

2. «СМУ Шығыс» ЖШС-нің құрылыс материалдары комбинатының темір-бетон өнімдері зауытын ұлғайту және жаңалау» жобасының 2-кезеңі. Жобаның жалпы құны 411 млн теңге.

3. «Нұр» шаруа қожалығының «Шағын ет комбинатын» ашу.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 3 миллион теңге көлемінде мемлекеттік грант алған «Шөкей» шаруа қожалығының инновациялық жобасы «Зайсан ауданында қойындысы қарқынды алма бағын өсіру», жоба құны 4,9 млн. теңге.

2017-2021 жылдарға ауданымызда келесі инвестициялық жобаларды іске асыруы жоспарланып отыр:

1. «Қой жүнін өңдеу және киіз өнімдерін шығару» жобаның бастамашысы «Шынбол» шаруа қожалығы, құны 28,0 млн. теңге.

2. «Кэмпинг, қосымша қызметтер сауна, көлік жуу және СТО» ашу, жобаның бастамашысы «Жібек жолы» ЖШС, құны 25,0 млн.теңге.

3. «Шығыс Қазақстан облысының аумағында экологиялық турлар ұйымдастыру» жобаның бастамашысы «Айка» шаруа қожалығы, құны 10,0 млн. теңге.

4. «Зайсанның Алтын сақинасы» Эко-тур ұйымдастыру жобаның құны 20,0 млн. теңге бастамашысы Абышева А.А.
Шағын және орта кәсіпкерлік

Ауданда шағын бизнес халықты жұмыспен қамтудың қомақты пайызын, тауарлар мен қызметтердің кең бейінін, бюджетке салық түсімдерінің сүбелі үлесін қамтамасыз етеді. Шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері ілгерілемелі серпін көрсетеді, бұл экономиканың осы секторындағы оң тенденцияларды куәландырады.

Ағымдағы жылдың басына 3476 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, бұл 2013 жылғыдан 112%.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке 170,4 млн. теңге салық түсімдері түскен (2013 жылы – 505 млн.теңге).

ШОК субъектілерінің көп бөлігі жеке кәсіпкерлер (ары қарай ЖК). 2013 – 2015 жылдары орта есеппен тіркелген ШОК субъектілерінің 57%-ы ЖК болып табылады. Осы уақыт ішінде ауданда ЖК саны 2335-тен 2846 бірлікке жетті, немесе 21,8 % өскен.

Сонымен қатар, ШФҚ саны талданған уақытта 171 бірлікке кеміп, 2013 жылғы 1241 бірліктен 2015 жылы 1070 бірлікке түсті.

Заңды тұлғалар саны 2013 жылғы 62 бірліктен 34 бірлікке артып, 2015 жылы 96 бірлік болды. Тіркелген ШОК субъектілерінің құрылымында заңды тұлғалардың үлесі осы жылдарда орта есеппен 7 %.

Тіркелгендердің жалпы санының ішінде белсенді ШОК субъектілерінің үлесі 2015 жылы 89,5%-ды құрады, бұл 2013 жылғы деңгейден 19% кем.

2015 жылы белсенді ШОК субъектілерінің саны 2220 бірлік. Сонымен қатар, белсенді ШОК субъектілерінің саны 2015 жылы 2013 жылғы деңгейге қарағанда 11 бірлікке азайды. 2015 жылы жұмыс істейтіндер саны 2335 адам.

2015 жылдың қортындысында ШОК субъектілерінің шығарған өнім көлемі 2013 жылғы көлемнен 62,3%-ға артып 1112,1 млн. теңге болды.


12 кесте – Аймақтағы ШОК дамуының жекелеген көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Тіркелген ШОК субъектілерінің саны

бірлік

3103

3058

3476

Белсенді ШОК субъектілерінің саны

бірлік

2209

2445

2220

Тіркелгендердің жалпы санының ішінде белсенді ШОК субъектілерінің үлесі

%

108,8

80

89,5

ШОК-да жұмыс істейтіндер саны

адам

2395

2725

2335

ШОК субъектілерінің шығарған өнім көлемі

млн. тенге

2959,6

4616,9

1112,1

Саланың даму жағдайына SWOT - талдау:



Күшті жақтары (S):

  1. Шағын және орта бизнесті дамытуға заңдылық негіздерінің болуы;

  2. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің жұмыспен қамтылғандардың қомақты бөлігін құрайтындығы.

  3. ШОК дамуының оң серпіні

Әлсіз жақтары (W):

  1. Айналымдағы өз қаражаттарының жетіспеушілігі

  2. Кәсіпкерлердің әлсіз теориялық және тәжірибелік дайындығы, білікті мамандардың жетіспеушілігі

  3. Салық салу кезінде кәсіпкерліктің дамуы, қызмет түрі және аяғына тұру уақытына саралаудың жоқтығы.




Мүмкіндіктер (O):

  1. Шағын орта кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттік қаржы-несиелік қолдаудың серпінді дамуы;

  2. Рұқсат беру құжаттарын алу кезінде әкімшілік шығындардың қысқартылуы.



Қауіптер (T):

  1. Кредиттік ресурстарға қол жетімділіктің шектелуі несие алу сомасының мөлшеріне кепілдік мүлкінің жетіспеушілігі немесе оның жоқтығы, банк сарапшыларымен кепілдік мүлкін бағалау кезінде бағалаудың төмендетілу факторлары

  2. Бизнестің салыстырмалы түрде жоғары операциялық шығындары

  3. Нақты секторда кепілдіктің жоқтығынан бизнес ашу мүмкіндігінің болмауы.

Негізгі проблемалар:

-ШОК кепілдік мүлкінің жетіспеушілігі немесе оның жоқтығы

-ауылдық жерлерде ШОК даму деңгейінің төмен болуы

-кәсіпкерлердің тоериялық дайындығының әлсіздігі

Сауда

Зайсан ауданында 142 сауда дүкендері, 5 сауда базарлары, 22 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары және 38 тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары жұмыс істейді.

Аудандағы сауда орындарының саны өткен 2013 жылмен салыстырғанда 1,6%-ға артты.

Сауда көлемінің даму серпінінен тауар айналымының тұрақты өсу тенденциясы байқалады.

2015 жылы бөлшек сауда айналымының көлемі 4194,4 млн.теңге, бұл 2013 жылдың децгейінен 29% артық (13 кесте).

13 кесте – Сауданың негізгі жұмыс көрсеткіштері




Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Бөлшек сауда ТКИ

%

118,0

108,3

105,2

Бөлшек сауда айналымының көлемі

млн.теңге

3251,0

4115,6

4194,4

Бөлшек сауда айналымының 2015 жылғы көрсеткіші жөнінен аудан облыста 11 орында және жан басына шаққанда бөлшек сауда айналымының көлемі 110,4 мың.теңге.

2015 жылы тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары 451,5 млн. теңгенің қызметін көрсеткен, бұл 2013 жылғыдан 2,5 есе артты. Көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінде басым үлес қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызметіне тиесілі (73%).

2015 жылы 52 азық-түлік жәрмеңкелері өткізілген, оларда 191,8 млн.теңгенің өнімі саудаланған.

Бөлшек сауданың негізгі көлемі Зайсан қаласы (80,5%) мен Қаратал ауылына (7%) тиесілі, қалған 7 ауылдық округтарға (12,5%).

2013 және 2015 жылдары саланың дамуы Қазақстан Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған заманауи сауда форматтарына көшу, бөлшек сауда айналымында ірі сауда жүйелерінің үлесін арттыру, сонымен қатар сауда базарларының инфрақұрылымына талаптарды күшейтуге бағытталған сауданы дамыту Бағдарламасына сай жүргізілді. Дегенмен оң серпінге қарамастан процесс баяу жүруде. Аймаққа базарлардың жоғары маңыздылығы және заманауи сауда форматтарының төмен үлесі тән: сатудың негізгі үлесі (85%) жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке адамдардың еншісінде.

Бөлшек сауданы модернизациялаудың қарқынының төмендігі көлеңкелі нарықтың астыртын қарсылығы, бизнесті ынталандырудың жеткіліксіздігі, кәсіпкерлердің біліктілігінің аздығы себебінен. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында заманауи сауда нысандарының құрылысын қолдау шаралары қарастырылғанымен, бұл құралдарды пайдалану кепілдік қамтамасыз етудің төмендігінен тежелуде.
Саланың даму жағдайына SWOT - талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. Сауда көлемі мен халықтың жұмыспен қамтылуының оң серпіні;

  2. Бөлшек сауда нарығында қалыптасқан қатысушылардың болуы

Әлсіз жақтары (W):

  1. Айналым қаражаттарының жетіспеушілігі;

  2. Кәсіптік-техникалық білім жүйесінің әлсіздігі, о.і.сауда мамандықтары бойынша.

  3. Жан басына шаққанда бөлшек сауда айналымының төмен көрсеткіші

  4. Сауданың дамуындағы стихиялық

Мүмкіндіктер (O):

  1. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық-несиелік қолдаудың серпінді дамуы;

  2. Рұқсат беру құжаттарын алу кезінде әкімшілік шығындардың қысқартылуы

Қауіптер (T):

  1. Макроэкономикалық ортадағы қолайсыз өзгерістер: валюта курсы, пайыздық мөлшерлеме;

  2. Бөлшек сауда нарығында көлеңкелі тауар айналымының өсуі;

Негізгі мәселелер:

– сауда нарығында көлеңкелі айналымның жоғары деңгейі;

– ішкі сауда инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы.
Аймақаралық ынтымақтастық

Зайсан ауданының аймақаралық байланысы тиімді географиялық орыналасумен, дамыған транспорттық инфрақұрылыммен, минералдық өнімнің қоры болуымен анықталады.

Ауданның аймақ аралық байланысы 3 бағытта дамиды:


  • Облыс ішінде;

  • Облыстан тыс;

  • Шекаралық байланыс арқылы.

Облыс ішіндегі байланыс: Тарбағатай, Күршім, Зайсан аудандары арасындағы байланыс: ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі (көмір), туризм, транспорттық тасымалдау салаларында жүргізіледі.

«СМУ-Шыгыс» ЖШС, «Зайсан Сут» ЖШС, «Икеп» шаруа қожалығының ұн зауыты, «Сайхан» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындар өз өнімдерін ауданда ғана емес, Тарбағатай, Күршім сияқты басқа да аудандарға шығарады.

Облыстан тыс аймақтарға дайын өнім мен тауар алмасуға «Омск-Майкапшағай» автомагистральінің маңызы өте зор. Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Алматы облысының кәсіпкерлері жергілікті фермерлерден тірі салмақта ірі қара мал мен жылқыны ет өнімдерін өндіру үшін алады.

Ауданда өзінің адам организіміне пайдалы қасиеттерімен белгілі «Зайсан Су» минералдық суы шығарылады, су тек Зайсан ауданына емес, Қытай Халық Республикасынада шығарылады.

2016-2020 жылдарға аудан экономикасының даму потенциалдарына:

- біріншіден, табиғи ресурстары - мұнай-газ, көмір, минералдық

су, ауыл шаруашылығы өнімдері жатады;

- екіншіден, Зайсанның стратегиялық орналасқан жері қытай шекарасына жақындығы, негізгі магистраль трансшекаралық сауда және сауда байланыс түрінде қызмет көрсету саласының қарқынды дамуын қамтамасыз етуі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу өнеркәсібінде және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының дамуы, жергілікті экономиканы әртараптандыру үшін негізгі ынталандыруды қамтамасыз ете алады. Өнеркәсіп өнімдері, көкөніс, сүт өңдеу, ұн және ет өнімдерін дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын өндіру және техникалық қызмет көрсету, жергілікті экономиканың өсуі мен әртараптандырудың негізгі қозғалтқышы бола алады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу дамыту өз кезегінде жергілікті еңбек нарығының әртараптандыруды ықпал ететін болады, мысалы, орау, тасымалдау және логистика, сақтау және маркетинг сияқты дағдылар мен қызметтерге сұраныстың артуына жүгінетін болады.

Шекаралық ынтымақтастық: бүгінгі күні аудан әкімдігі Қытайдан инвестиция тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Тұрақты жұмыс негізде кездесулер, шетелдік делегациялар Зайсан ауданында көшпелі аудандық бизнес субъектілері үшін кездесулер ұйымдастыруға көмек көрсету жүзеге асырылады.

2014 жылдың тамыз айында Қытайға үш күндік визасыз сапарлар ашылды. Сауда және делдалдық өткізу келушілердің санының өсуі мен қызметінің көлемі, көліктік-логистикалық бизнестің, жол қызметтідегі қонақ үй бизнесінің дамуына оң әсер етуде.

Қытай Халық Республикасына Зайсан ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері келесі өнімдерді экспортқа шығара алады: күнбағыс тұқымы, ұн, жем, өңделген тары мен мал (жылқы). 2013 жылы Зайсан ауданында өндірілген ҚХР мұнай және газ өндіру, іске қосылды. «Майқапшағай» кедендік бекеті арқылы өткен экспорт көлемін арттыруға ықпалын тигізді. Сонымен қатар, 2013 жылмен салыстырғанда жылқы көлемі тірі салмақта 2,6 есеге, балық және шаян 2,1 есеге өсті.

2016-2020 жылдар кезеңінде отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін шаралар қабылданатын болады. Ауданның өндіріс технологиялық деңгейінің нашарлауы және болмауы, импорттық өнімдерді отандықпен ауыстыру процесінің кейінге қалдыруы негізгі факторлардың бірі, өндірістік жабдықтарды жаңарту мүмкін болып табылады. Бұл мәселелерді шешу үшін бірыңғай кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шеңберіндегі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бизнесті мемлекеттік қолдау, несие, сатып алу қызметтердің және лизингтік компанияларға қаралатын болады.

Экономикалық өсу орталықтарын дамыту

Зайсан ауданы Шығыс Қазақстан облысының ең перспективалы ретінде белгілі, салаларда өзара тиімді ынтымақтастық бағыттарының бірі тау-кен (көмір, мұнай тақтатас) газ өндіру, туризмді дамыту және аңшылық ретінде, минералды радон сулары мен емдік балшықтың көздері бар, қызметі, т.б., өндірісі халықтың сату қызмет инвестициялар тарту және бірлескен үшін негіз бола алады.

Зайсан ауданы өзінің тау-кен (көмір, сланец) газ өндіру, туризмді дамыту және аңшылық ретінде өзара секторларында тиімді ынтымақтастық үшін Шығыс Қазақстан облысының ең перспективалы бағыттарының бірі ретінде белгілі, минералды радон сулары мен емдік балшық, бұл бірлескен қызмет үшін негіз болуы мүмкін, өнеркәсіпте инвестициялар тарту, халыққа қызмет көрсету және т.б.

Бәсекелестіктің артықшылығы табиғи ресурстарының қол жетімділігі (газ, көмір, минералды су) және ауыл шаруашылықтың жері, шекаралық өткелге қытай шекарасының жақындығы.

Облыста трансшекаралық сауда үшін қолайлы жағдай жасайды, ол республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» жолдар өтеді.

Қытай шекаралық экономикалық ынтымақтастық «Жеменей» аймағынын жанында Зайсан өзінің стратегиялық орналасуына байланысты үлкен әлеуетке ие. Аудандық өндіріске тікелей шетелдік инвестициялар тартуға және бірлескен кәсіпорындар құруға Қытай кәсіпорындары мен Қазақстандағы компаниялары қызығушылық танытуда

Негізгі міндет- жергілікті ресурс қорына негізделген, өндірістің дамуы мен әртараптандыруы. Фермерлер өнімдерін өз елді мекенндегі тұтынушыларға тікелей сатуы - ауыл шаруашылығының табиғи негізі болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнеркәсібінің өсімі бізге еңбек нарығы және осындай қызметтер сияқты экономиканың басқа секторларын дамытуға және әртараптандыруға күтуге болады, осының нәтижесінде жергілікті экономикаға қуатты серпін бере алады. Көкөніс өсіру және өңдеу, ет және сүт өнімдерін өңдеу, жергілікті ауыл шаруашылығының перспективалы бағыттарын анықтайды. Аймақтың қолайлы экологиялық жағдайы мамандандырылған ауыл шаруашылығының дамуына құнды ресурс болуы мүмкін және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуде, органикалық азық-түлікке сұраныс өсіп келеді. Ұзақ мерзімді перспективада, Зайсанның ауыл шаруашылығы жекелеген бағыттары бойынша таза өндіріс орталығы болуға әлеуеті бар. Зайсан ауданының таза экологиясы - ауыл шаруашылығы өндірісінің және ауыл шаруашылық өнімдерінің маркетингсін дамытуға бәс мүмкін ресурс. Қытай Халық Республикасымен шекарада орналасуы, көлдер, таулар мен ормандар болуы Зайсан үшін туризмді дамытуға улкен мүмкіндіктер туғызады.

Біріншіден, табиғи ресурстар - мұнай және газ, көмір, минералды су, табиғат және ауыл шаруашылық жері - әр түрлі және көптеген салалар үшін негіз береді.

Екіншіден, шекарадан өту үшін қытай шекарасында және стратегиялық орынға Зайсан жақындығы және негізгі магистраль сауда-байланысы, трансшекаралық сауда және қызметтерге сұраныстың артуына түрінде қызмет көрсету саласының қарқынды дамуын қамтамасыз етеді.

2 мақсат. Аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету


Шағын қала Зайсан

Зайсан қаласындағы тұрғындар саны 01.01.2016 жылғы жағдай бойынша 16040 адам. Халық саны жылдан жылға артуда, 2013-2015 жылдар аралығында өсім көлемі 2,6 % құрады, яғни 417 адам. Зайсан қаласынан көшіп кетушілер саны аз болғандықтан соңғы 3 жылда халық саны туу көрсеткіші арқылы өскен.

2015 жылы Зайсан қаласынан жұмыспен қамту мәселесі бойынша 309 адам тіркелді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 27,1 % кеміді (424 адам), оның ішінде 555 адам жұмыспен қамтылды. Жұмысқа орналасу деңгейі жұмыс іздеуші ретінде тіркелгендердің ішінен 2015 жылы 72,9%, 2013 жылы – 77,6% құрады.

Туу көрсеткішінің жоғарылауымен жастар санының көбеюіне байланысты қалада мектеп пен бала бақшалар саны артуда. Қалада 5 мемлекеттік орта білім мекемелері, 7 балабақша бар. 2015 жылы 85 % мектеп жасына дейінгі балалар мектеп жасына дейінгі біліммен қамтылған.

Зайсан қаласы денсаулық сақтау саласы бойынша комплексті қызмет түрлерін көрсетеді. Аудандық ауруханада жоғары білімді 51 дәрігер және 145 орта білімді медбикелер жұмыс жасайды. Клиника-диагностикалық бөлімде әр-түрлі сала бойынша қызмет көрсететін 15 маман жұмыс істейді.

Қалада 37 спорттық объектілер бар, оның ішінде спорттық модуль, стадион, бассейн, ипподром, хоккейный корт, спортивное ядро, футбол алаңдары, 2 шағын футбол алаңдары, 2 тир, 4 бильярд залдары, 8 спортзалдар, 14 волейбол және баскетбол алаңдары. Жастар санының жылдан жылға артуын есепке ала отырып, ауданда спорт объектілерін салу басым бағыттардың бірі болып табылады.

Тұрғын үйдің жетіспеушілігі қаланың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.Мемлекет тарапынан тұрғын үй салуға инвестиция бөліну керек. Бүгінгі күні 948 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы бойынша 2020 жылға дейін ауданда 360 пәтерден тұратын, 9 көпқабатты үйлер салынуы жоспарлануда, бұл өз кезегінде тұрғандардың бір бөлігін үймен қамтамасыз етуге әсерін тигізеді.

Қала көшелерінің жалпы ұзындығы 85 км, оның 31 км асфальтталған. Күрделі жөндеуді қажет ететін жолдардың ұзындығы - 25 км, орташа жөндеуді қажет ететін жолдардың ұзындығы – 29 км. Осыған байланысты сумен қамту жүйесінің бірінші кезекті жұмыстары біткен соң 50 км жолдарды асфальттау жоспарланған.

Зайсан қаласында тағам өнімдерін өндірумен шағын кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы субъектілерімен жеке кәсіпкерлер айналысады. Тағам өнімдерін өндірумен ТОО «Зайсан сулары», ұн тарту зауыты ТОО «СК Зайсан», ТОО «Зайсан сүт» сүт зауыты, сондай-ақ наубайханалар, ауыл шаруашылық субъектілерінің май зауыттары өнім шығарумен айналысуда.

Зайсан қаласында құрылыс саласының дамуы жергілікті экономиканың қарқынды дамуына ықпалын тигізеді. Қала экономикасының негізін қалаушы мекемелерде қала бойынша 1000-нан астам адам жұмыс істейді. Аталған саланы дамыту өз кезегінде инфраструктураның, экономиканы, әлеуметтік саланың дамуына оң әсерін тигізеді.


Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары (S):

  1. Жас және өсіп келе жатқан жастар санының көбеюі;

  2. Шекаралық аймақтардағы тауар айналымы;

  3. Ауылшаруашылық және тағам өнімдері бағытының даму потенциялы,сондай-ақ құрылыс материалдарын әзірлеу;

Әлсіз жақтары (W):

  1. Білікті мамандардың жетіспеуі;

  2. Агроөнеркәсіп, тағам өндірісі және ауылшаруашылық технологиясы бойынша тәжірибенің жетіспеушілігі;

  3. Халық санының көбеюімен миграцияның артуына байланысты, халықтың салыстырмалы төмен тұтынушылық қабілеті;




Мүмкіндіктері (O):

  1. Қала дамуының бас жоспарының болуы;

  2. Туристік сала мен шекаралық сауданы дамыту;

Қауіптер (T):

  1. Кәсіпорындардың жабылу қауіпіне байланысты жұмысшылар санының азаюы;

  2. Ауа райынының қолайсыз жағдайларымен табиғи аппаттардың кобеюі;

Негізгі проблемалар:

- Халық санының азаю тенденциясы;

- Тұрғын үй коммунальдық шаруашылық инфраструктура объектілерінің жоғары тозуы;

- Қала құрушы кәсіпорындарға қала экономикасының тәуелділігі;
Шекаралық аймақтар

Шекаралық аймақтар – бұл мемлекеттің шекарасы бойындағы ерекше шекаралық функциялары бар, соған байланысты ерекшеліктері бар аймақтары. Жалпы аудан бойынша халық саны – 37,9 мың болса, оның ішінде шекаралық аумақтарда 12,2 мың адам тұрады.

2014 жылдың тамыз айынан бастап Қытай Халық Республикасынан үш күндік базалық турлар ашылды. Шекаралық аймақтардың даму потенциалы инвестициялық жағдайдың ерекшеліктерімен, мемлекеттік шекараны кесіп өтуге байланысты туындайтын нарықтық өндірістік факторлармен, көлік қатынасы шарттарымен, шекаралық өткізу және кедендік жүйе инфрақұрылымдарымен, сонымен бірге тұрғылықты халық санымен белгіленеді.

Бүгінгі күні халық санының біртіндеп өсу потенциалы байқалуда, соңғы үш жылда 0,1 мың адамға, яғни 2013 жылмен салыстырғанда 2 % артқан.

Шекаралық елді мекендерде әлеуметтік сала мен сауда аз дамыған, кейбірінде орталық сумен қамтамысыз ету және қалдық суларды әкету жүйелері жоқ. нарықтық инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуына байланысты инвестициялық жағдай қалыпты емес. Сол себепті шекаралық сауда ұсақ құрылымдар мен жеке саудагерлердің қолында қалып отыр. Сонымен бірге, шекаралық аймақтарды дамытудың жоғары мүмкіндігі барлығын, оған айтарлықтай ауылшаруашылық жерлердің барлығын, туристік саланы дамыту мүмкіндігін, шекара бойы саудасын дамытудың болашағы барлығын айтуға болады. Сондықтан, шекаралық елді мекендерде халық санын көбейтіп, олардың жақсы өмір-тұрмысына жағдай туғызу қажет.

2016-2020 ж аралығында отандық өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін барлық шаралар жүргізіледі. Әсер етуші негізгі фактор тозған және өндірістің технологиялық жағынан жеткіліксіз дамуы, кәсіпорындардағы өндіріс құралдарын жаңарту. Бұл мәселелерді шешудің негізгі жолы лизингтік кәсіпорындардың қызметі мен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ шекаралық аймақтарды дамыту 2014-2020 жалдарға арналған іс-шаралар жоспарына, сәйкес негізгі 8 бағыт бойынша экономикалық қызметті, әлеуметтік және инженерлік инфраструктураны дамыту жоспарланған.

Зайсан ауданының шекаралық аймақтарын дамыту 2016-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2015 жылы 40 млн. тенге игеріліп 17 жұмыс орыны ашылған, республикалық және жергілікті бюджеттің есебінен жұмыстар жүргізілген жоқ.

Тірек ауылдық елді-мекендер

Ауданның 36 елді-мекенінде 21,9 мың адам тұрады, бұл аудан халқының 57,7 % құрайды.

Зайсан ауданында жоғары даму потенциалымен 3 ауыл (8,3%), орта даму потенциалы бойынша 27 ауыл (75%), төмен даму потенциалы бойынша 6 ауыл бар(16,7%). Тірек ауылы дәрежесіи 2 ауылға тиесілі (кесте-14).

Ауылдық жерлерде 8 дәрігерлік емхана, 12 медициналық пунктер, 7 медициналық қызметкер бар. Округтерде 22 мектеп бар, онда 3270 бала оқиды, 3 бала-бақша бар. Мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 100% құрайды. Қызмет көрсетумен 8 кітапхана және 10 клуб айналысады.

Жергілікті маңызды автомобиль жолдары 460 шақырым, оның ішінде асфальтобетонды жамылғысы бар – 31,5 шақырым, тас төселгені –158 шақырым, қара жол – 24 шақырым.

36 ауылдық елді мекендердің 2-де электр жарығы жоқ, бұл ауылдардың әрқайсысында 50-ден кем адам тұрады.

Мемлекеттік қолдау шаралары инфрақұрылымның дамуына бағытталды, оның ішінде алдымен жоғары және орта әлеуметтік-экономикалық деңгейдегі ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың қажетті табысын қамтамасыз етуге.

14- кесте Тірек ауылдық елді-мекендердегі халық санының өзгеру динамикасы


Район/дәрежесі

ТАЕМ

саны


ТАЕМ

атауы


01.01.2014, адам, халық саны

01.01.2016, адам, халық саны

+/- халық саны, адам./% 2013 ж салыстырмалы

адам

%

Зайсан ауданы


2

Карабулак

2265

2359

+94

104,2

Каратал (шекаралық)

3085

3297

+214

106,9

Ауылдық жерлерде 8 дәрігерлік амбулатория, 1 ФАП, 12 медициналық пунктер, жеке ғимаратсыз 7 медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

Ауылдық жерлерде білім саласына қарасты 3270 оқушысы бар 22 мектеп және 3 бала бақша бар. Мектеп алды тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету үлесі 100% құрайды.

8 кітапхана және 10 клуб үйлері халыққа қызмет атқарады.

36 ауылдық елді мекендердің 16 ауылында орталықтандырылған су жүйесі жалпы халықтың 70% қамтымып отыр.

Тұрмыстық-коммуналдық сумен жабдықтау жүйесінде 236 км су құбырғылары бар, оның ішінде (қалаларда - 141 км орташа тозған, ауылдарда – 95 км орташа тозған-55%).


Кесте 15. 2013-2015 жылдар аралығында аудан халқын сумен қамтамасыз етудің деңгейі


Көрсеткіштер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Өсу

2015/2013



Қалаларда орталықтандырылған сумен қамту, %:

100

100

100



Елді мекендерде орталықтандырылған сумен қамту, %

38,0

39,0

42,0

10,5

Елді мекендерсаны (орталықтандырылған су жүйесі), бірл.

5

10

15

3 есе

Қала тұрғындарды жекелеген су өлшегіш құрылғыларымен қамту, %

70 %

88 %

93 %

54,4

Тұрғындарды жекелеген су өлшегіш құрылғыларымен қамту, %

41 %

55 %

65 %

77,4

2013-2015 жылдары шекаралық елді-мекендерді дамыту бағдарламасы бойынша 555,8 млн.теңге бюджеттен тыс қорлар есебінен игерілген, 95 бағдарлама жүзеге асырылып, 315 жұмыс орыны құрылды.

Тірек ауылдық елді мекендер бойынша 3 жылда (2013-2015 жылдары) 315 жұмыс орны құрылды, оның 176 тұрақты құрылған жұмыс орындары. Аз қамтылған отбасылар саны 3 отбасыға, яғни 23 % азайды (2013 жылы 13,2015 жылы - 10).

Жеке кәсіпкерлер саны да 22,9 % немесе 16 адамға өскен (2016 жылы-70 ЖК, 2015 жылы-86 ЖК). Ірі қара санынан да 11,6 % өсу қарқыны (2013 жылы 15698 бас, 2015 жылы – 21817 бас) байқалады, құстар 14 %-ға өскен.

2014-2015 жылдары ауцылдық округ орталықтарында 70 жоба жүзеге асырылуда, пайдалануға 8 өндірістік цехтар берілді, 3 наубайхана, сондай-ақ әлеуметтік сала объектілерінде 11 жөндеу жұмыстары жүргізілді.
SWOT – аумақтық дамуға талдау:


Күшті жақтары (S):

1.Ауыл халқының негізгі табыс көзі болып табылатын ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы топырақ-климат жағдайы.

2. Кәсіпкерлікті дамыту үшін «Жұмыссыздықтың жол картасы 2020» және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында несиелер беру.


Осал жақтары (W):

1.Бас жобасыз бейберекет салынған құрылыстар меншік иесінің құқығына нұқсан келтііп, аймақтардың тиімсіз игерілуіне, құрылыс құнының қымбаттауына, әсіресе әлеуметтік құрылыстардың, үйлердің және инженерлік-коммуникациялық инфражүйенің қымбаттауына әкеп соғады.




Мүмкіндіктер (O):

1.Жұмыс істеп жүрген дәрігер және білім саласындағы мамандарды ұзақ

мерзімге бекіту және жас мамандарды тарту үшін жүйелі шаралар жасау;

2.Ауылдық елді мекендердің әлеуетін арттыру.




Қауіп (T):

1.Елді мекендерде жете жоспарланған құрылыс жобаларын және белгіленген тәртіпке сәйкес жасалған бас жобасыз, жер телімдері мен құрылыс нысандарын салуға Қазақстан Республикасының заңымен тиым салынған.

2.Көшіп кету салдарынан ауыл тұрғындарының санының кемуі.


Негізгі мәселелер:

-Халық санының азаюы;

- Тамақ өнеркәбісі, агроөнеркәсіп саласында жергілікті экономика мен жаңа технологиялардың диверсификациясы;

- ЖКХ инфрақұрылымының жоғары тозуы ;

-Квалификациялық мамандардың жетіспеуі;

-ауылшаруашылық өндірісінің ұсақ өнімділігі;

-алшақ орыналасқан елді-мекендерге қатынайтын автокөліктердің болмауы;

-ауылдарда қоғамдық спорттың дамымауы.


2.1.2 Әлеуметтік сала

Білім беру

2011-2015 жылдары білім саласында мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша білім беру дамуында 2011-2020 жылдарында білім сапасын дамытуға іс- шаралар жүргізілді.

5 – 6 жастағы мектепалды даярлық ұйымдарының желісін сақтау мен кеңейту шаралары өткізілді. 2015 жылы мектепалды даярлық ұйымдарының желісі 2013 жылға қарағанда 3 ұйымға көбейді, орын саны 42,9 % -ке көтерілді. 5-6 жастағы балалар толығымен мектепалды даярлықта отыр.

3 – 6 жастағы балалардың мектеп алды даярлық білімімен 99,6% (1466 бала) –ға қамтамасыз етілді. (16 кесте)


16 кесте. Мектепалды даярлық мекемелерінің даму серпіні


Көрсеткіштер

2013

2014

2015

2015 -2013

Бала бақша саны

7

10

10

0

Бала –бақшадағы балалар саны

621

868

833

+212

Кіші орталық саны

21

22

17

22

Орталықтағы бала саны

1055

1050

602

-493

3 – 6 жас баланың қамтылуы

99,9

99,7

99,6



464 бала мектепалды даярлық ұйымында кезегінде тұр. Оның ішінде 83%-ы 1 – 3 жастағы -386 баланы құрайды. Айнабулақ ауылында – 4,8 %, Қарабулақ ауылында – 7,1 %, Қаратал ауылында – 5,7 %

1 – 3 жастағы балалардың мектепке дейінгі ұйымдарындағы орнының жетіспеушілігінен бөлек, педагогикалық кадрлардың сапасын көтеру қажеттілігі мәселесі туындап тұр.

І – ІІ санатты педагогтардың саны 18,2 пайызды құрайды, ал ауылдық жерлерде 3,3 пайызды құрайды. Барлығы 121, оның ішінде жоғары санатты 7, бірінші санатты 15.


Жалпы орта білім.

12 жылдық білім беру ауысуына дайындықтар жүргізіліп жатыр.

2016 жыл басында 27 мемлекеттік мектептер өз жұмысын бастады, оның ішінде 17 орта, 8 негізгі, 2 бастауыш мектептер.(17 кесте)
17-кесте. 2013-2015 жылдардағы мемлекеттік күндізгі жалпы мектептер желісінің динамикасы





2013

2014

2015

2014

Мектеп саны

28

28

27

-1

Контингент, адам

5952

6039

6137

+98

Ең негізгі мәселе мектеп ғимараттарының тозуы.

2016 жылдың басында аудан бойынша 1 мектеп бейімделген ғимаратта, 12 мектеп 30 жыл мерзімінен қолданыстан асқан, 27 мектептің ішінен 15 мектеп аз жинақталған мектеп қатарында. Барлық аудан мектептері компьютерленген. 2015 жылы жалпы білім беру мектептерінде компьютермен қамтамасыз етілді. 7 оқушыға 1 компьютер (2013 ж- 9 оқушыға)

Мектептердің 25,9%-ы ғаламторға қосылған. Мектептердің материалдық- техникалық базасы әлі күнге дейін толық қамтамасыз етілмеген. 2015 жылы жаңа модификациялық кабинетпен жабдықталуы 51%-ды құрайды. 2013 жылға қарағанда 7,3%-ға көтерілді.(18 кесте)


18-кесте. Мектептердің пән кабинеттерімен жабдықталуы


Көрсеткіштер

саны

Қамтамасыз етілді

Мультимедиа кабинеті

18

66,6

Физика кабинеті

16

64,0

Химия кабинеті

14

56,0

Биология кабинеті

12

48,0

Аудан мектептерінде 913 педагог қызметкерлері жұмыс істейді.730 әйел адам (79,9 пайыз) оның ішінде ауылдық жерлерде 604 адам (78,4 пайыз) оның ішінде 474 әйел адам. 2015 жылы жоғары санатты 126, І санатты 283-і құрады. Ол 44,7 пайыз (2013 жылы – 49 пайыз) құрады.

2015 жылы Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша 25 жас маманмен келісім шарт жасалды. 2013 жылмен салыстырғанда педагогикалық кадрдың қажеттілігі 50 пайызға төмендеді.

ҰБТ-ның қорытындысы бойынша 2015 жылы орташа балл 88,5пайызды құрады ( облыс бойынша 1 орын). Жаз уақыттарында қала сыртында балалар сауықтыру лагерлері жұмыс істеді. 2015 жылы балалардың жазғы демалысы және сауықтырылуы 100 пайызды құрады.(2013 ж - 100 пайыз)


Үштілділікті дамыту.

Үштілділік білім беру кезеңіне көшу Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдары білім беруі дамуы Мемлекеттік бағдарламасында анықталған.

Қазақстанның бірыңғай кеңістікке енуі экономикалық және мәдениет саласында ынтымақтастықты кеңейтуі қоғамның алдында бірнеше сауатты тұлғаның қалыптастыру мәселесін қоюда.

Көптілділік бағдарламасын дамытуда барлық санаттағы ұстаздар курстардан өтуде.

Қарамастан жаңартылған мазмұны оқулықтардың, оның ішінде тіл пәндерін меңгеру деңгейі ауызекі сөйлеу, оқушылардың төмендеу үрдісіне ие. Негізгі себебі болып табылады жетілмегендігі оқу-әдістемелік құралдардың болмауы, олардың дидактикалық және түпнұсқалық материалдарды мазмұнының сәйкес келмеуі оқулықтар талаптарына сай Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру 2012 жылдың.
Балалар құқығы және қорғау.

2016 жылы 1 қаңтарда Зайсан ауданында 74 жетім бала және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар бар.

2011 жылдан бастап жетім балаларды қолдау бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.

Ата- ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға « Мейірім акциясы» жұмыс істейді. АО «Тұрғын үй жинақтаушы банкінде» 42 баланың есепшотына (2014 ж) -8180 мың теңге аударылды.

Ауданымызда 2015 жылы 229 бала мүмкіндігі шектеулі болып тіркеліп тұр.

Дауленов атындағы орта мектебінде 9 бала коррекциялық сыныпта оқиды. Үйден оқыту ұйымдастырылған.




Күшті жағы (S)

1.ДДУ желілерінің көбейуі

2.Мектепке дейінгі ұйымдарға кезектердің азайуы

3.Жетім және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларына қолдануы

4.Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауы

5.ҰБТ көрсеткіші




Нашар жағы (W)

1.Техникалық – материалдық базаның толық қамтамасыз етілуі, заманауи компьютерлермен жабдықталуы, мектеп асханасының толық жабдықталмауы.

2.Мектеп алды және даярлық мектеп ұйымдарында педагог қызметкерлерінің профессионалдық деңгейінің төмендігі, методистердің жетіспеушілігі.

3.Мультимедиалық және лингафондық кабинетпен қамтамасыз етілмеуі.



Мүмкіншіліктер (O)

1.Жаңа бала- бақшалардың құрылысы

2.Мемлекеттік бағдарлама аясында кабинеттерді толық жабдықтау мүмкіндігі

4.Сандық білім беру ресурстарын қолдану мүмкіндігі

5.Педагогтардың білім жетілдіруі

6.Қосымша білім беруді дамыту



Қатерлер (T)

1.30 жылдан қолданыстан асқан мектептер саны.

2.Аз жинақталған мектептер санының көбеюі.

Негізгі мәселелер:

-Мектеп ғимараттарының тозуы;

-Мектеп кабинеттерінің техникалық-материалдық базамен қамтылмауы;

-Коррекция сыныптарындағы педагог кадрлардың жетіспеушілігі.
Денсаулық сақтау

2015жылы Зайсан ауданының халқының саны 37940, 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (38142 адам) 14 адамға азайды, бұл 0,5% құрайды.

2013 – 2015 жылдар аралығында ауданның демографиялық жағдайының өзгеруіне келесі факторлар әсер етеді:


  • Тұрғындардың туу деңгейінің өзгеруі (1000 тұрғынға шаққанда) 2013 жылдан бері туу көрсеткіші 19,01-тен 19,25-ке (2015 жыл) немесе 1,26%-ға жоғарылаған.

  • Өлім көрсеткішінің жоғарылауы (1000 тұрғынға шаққанда) 2013 жылдан бері көрсеткіштер 6,7-ден 7,86-ға (2015 жылы) немесе 17,3% жоғарылаған;

  • табиғи өсім коэфициентінің төмендеуі, 1000 тұрғынға шаққанда 2013 жылмен 2015 жылды салыстырғанда +12,31-тен +11,39-ге немесе 7,47% төмендеді;

Ауданның 2015 жылдағы туу көрсеткіші (19,25) облыстық (ШҚО-16,38) орташа туу көрсеткішінен 1,17 есеге жоғары, ауданның өлім көрсеткіші(7,86) облыстық орташа өлім көрсеткішінен (ШҚО-10,48) 0,75 есеге төмен.

Қала бойынша өлім деңгейі (1000 адамға шаққанда көрсеткіші- 7,86) ауылмен (6,6) салыстырғанда жоғары. Ең жоғары өлім деңгейі Кенсай ауылында ( 1000 адамға шаққанда -1,3), Дайыр ауылында (1,2) және Сартерек ауылында (1,2) байқалады.

Ауданның экологиялық жағдайы тұрғылықты тұрғындардың денсаулығының нашарлауына әсерін тигізуде. Бұдан басқа ауданның шекара аймағында орналасуы, айшықты миграциялық процестер халық денсаулығының төмендеуіне әсер етуде.

Жоғарыда көрсетілген жағдайлар тұрғындардың жасының ұзақтығына әсер етуде: күтілген жас ұзақтығы 2015 жылы 68,1 болса, 2013 жылы 66,0 жас болып отыр, бұл жас ұзақтығы облыстық орташа жас 70,82 (2015жыл) ұзақтығынан төмен. Ерлер арасында (65,8 жас) болса, облыстық орташа жас ұзақтығы (66,0 жасты құрайды), бұл көрсеткіш ер адамдар арасында облыстық көрсеткіштен 0,3% төмен.

Ана мен балалар денсаулығының, оның ішінде бала табар жастағы әйелдердің денсаулығының төмендеуі бүгінгі күннің маңызды проблемасы. Ауданда ана өлімі көрсеткіші 2013 – 2015 жж 0-ге тең.

Соңғы жылдарда ауданда нәресте өлімі көрсеткіші жоғарылауда, 1000 тірі туған сәбиге шаққандағы көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 4,4-тен 2015 жылы 7,4-ке дейін жоғарылаған.

Жас сәбидің перинаталды кезеңінде кездесетін және іштен туа біткен патологиялық жағдайлар нәресте өлімінің басты себептері болып табылады. Осы жағдай бала табар жастағы әйелдермен жүргізілетін профилактикалық тексерулердің өз деңгейінде жүргізілмеуі(іштен туа біткен ақауларды анықтау, скринингтік тексерулер), облыстағы жайсыз экологиялық жағдайлардың себебінен болады.

ҚР 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы негізінде 2015 жылы перзентхана 82,4% және балалар бөлімдерінің 79,3%, материалдық- техникалық жағдайын жақсартылды, жүктілік және босандырудың жаңа техникалық әдістері енгілді.



Соңғы жылдары әлеуметтік маңызы бар аурулардың таралуы және өлім көрсеткіштері азаюда. Туберкулезбен ауыратын науқастардың аурушаңдық көрсеткіштері 100 мың тұрғынға шаққанда 2013 жылмен салыстырғанда 58,0-ден 2015 жылы 39,4-ке немесе 32,1% төмендеді. Аудандық көрсеткіштер облыстық орташа көрсеткіш деңгейінен 47,5%-ға төмен (ШҚО – 46,4) (4-сурет).

4-сурет 2013 – 2015 жылдардағы облыстық және аудан бойынша туберкулезден аурушаңдық және өлім көрсеткіштері ( 100 мың тұрғынға шаққанда)


Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына қарамастан туберкулездің жастардың арасында кездесуі актуалды болып отыр (науқастардың 100% 25 – 55 жас аралығы) жұмыссыздар мен әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың арасында кездесуі жиі кездеседі.

Балалар арасында туберкулезбен аурушаңдық 100% дейін төмендеді. 2013 жылмен салыстырғанда көрсеткіштер 10,1-тен 2015 жылы 0-ге түсті.

Туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік көмек көрсету актуалды мәселе болып отыр ( тұрғын үй, тамаққа, жолға бөлінетін қаржы).

Соңғы 3 жылда алғашқы аурушаңдық көрсеткіштері жоғарылап келеді, 2013 жылмен салыстырғанда 95064,5-тен 2015 жыл 89648,0-ге немесе 5,7% төмендеді: ас қорыту органдары аурулары, жарақат және улану.

Қанайналым жүйесінің алғашқы аурушаңдығы (2013 жылы -1695,5, 2015 жылы-2032,3) 19,8%-ға жоғарылады . Тұрғындарға клиникалық-диагностикалық көмектің сапасын арттыру мақсатында қанайналым жүйесімен ауыратын науқастарды анықтау жолында жылда скринингтік тексерулер жүргізіледі және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.



Қатерлі ісік ауруларының көрсеткіштері (100 мың тұрғынға шаққанда) 2013 жылмен салыстырғанда 137,1-ден 2015 жылы 155,1-ге жоғарылады, яғни 13,1% және облыстық көрсеткіштен 5,5%-ға жоғарылады (5-сурет).


5- сурет – Ауданда және облыста қатерлі ісік ауруларының аурушаңдығы мен өлім көрсеткіштері (100 мың тұрғынға)
Қанайналым жүйесі ауруларымен өлім көрсеткіштерінің үлесі (15,5%). 2014 жылы аудан бойынша қанайналым жүйесі ауруларынан өлім көрсеткіші 118 (100 мың тұрғынға) құрады, облыс бойынша орташа көрсеткіші 234,4. Қанайналым жүйесімен ауыратын науқастардың санын азайту мақсатында, кеңес беру және диагностикалық бөлім жұмысы жолға қойылуда, науқастарды ерте жаңа әдістерімен диагностикалау шаралары жүргізілуде. Соған қарамастан 2015 жылы жүрек ишемиясы сырқаты 2013 жылмен салыстырғанда 1,7% -ғажоғарылаған.

Тұрғындар арасындағы ВИЧ-инфекциясы ауруларының динамикасына сараптама жасау арқылы соңғы жылдарда аурушаңдықтың төмендегенін анықтауға болады: 2013 жылы 7,9 дан 2015 жылы 0,03-ке төмендеген (100 мың тұрғынға). Скринингтік тексеру кезінде тұрғындардың аса көп көңіл бөлетін тобына назар аудару қажет.

Тегін медициналық кепілдендірілген көмек түріне қаржыландыру жылдан жылға көбейіп келе жатқанын байқауға болады: 2013 жылы – 628 782,031 мың тенгеден 205 жылы 705 229,77 мың тенгеге өсіп отыр.

Аудан халқына 2016 жылдың басынан медициналық көмекті ұйымдастырады:



  • 1 аудандық аурухана ( 1 –коммуналдық мемлекеттік мекеме)

  • 9 амбулаториялық-поликлиникалық мекеме (АПП), 9 –; коммуналдық мемлекеттік мекеме)

  • 1 фельдшерлік – акушеркалық пункт; 12 медициналық пункт және 7 ғимаратсыз жеке медициналық пункт (алғашқы медициналық көмек түрін көрсетеді)

  • дәріханасы жоқ ауылдарда тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету БМСК орналасқан ғимараттарда ұйымдастырылған.

Аудандағы денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерінің бірі мамандандырылған кадрлармен толықтыру, егер 2013 жылы дәрігерлердің саны 71 болса, 2015 жылы 78-ке жоғарылады.

Жоғарғы білімді дәрігермен қамтамасыз ету үлесі 2015 жылы 10 мың тұрғынға шаққанда 21,4 (2013 ж - 21,4). Орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету 2015 ж 62,5 (10 мың тұрғынға).

Дәрігерлер арасында жас мөлшерімен сараптама жасағанда «кәрілік» байқалады: 50 жастан асқандар – 50%; 30 жасқа дейін – 12,8%. Еңбек стажы 25 жылдан жоғары қызметкерлердің үлесі бір деңгейде.

2015 жылы 9 маман (2013 ж – 2) ; тұрғын үй алғандар – 2; үй алуға пайызсыз кредит алғандар маманлар саны – 1, көтерме үстем ақы алғандар – 6.

2015 жылғы көрсеткіштері бойынша « Мемлекеттік сектор негізінде мамандандырылған категория алған дәрігерлер» үлесі төмен ( жоспар – 65%; факт – 52,5%). Дәрігерлердің квалификациясын жоғарлату мақсатында және кадрларды қайта даярлау мақсатында көшпелі оқытылып және мастер класс ұйымдастырылды, ғылыми-практикалық конференцияға қатысу, шет елдік мамандардың қатысуымен.

2011 – 2015 жылдардағы «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарлама негізінде жоғары мамандандырылған медициналық көмекті дамыту транспорттық медицина, скринингтік тексерулерді енгізу, материалдық-техникалық базаны нығайту,ана мен бала денсаулығын қорғау, онкологиялық диспансерлерді нығайту.


SWOT - саланың дамуына сараптама жасау:

Мықты жағы (S):

  1. Демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы: туу көрсеткішінің жоғарылауы.

  2. Нәресте өлімі көрсеткіштерінің төмендеуі;

  3. Туберкулезбен аурушаңдық деңгейінің төмендеуі.

  4. Медициналық көмектің ТМККК аясында жоғарғы технологиялық медициналық көмек түрлерінің аудан тұрғындары үшін қолжетімділігінің жақсаруы.

Әлсіз жағы (W):

  1. Әлеуметтік маңызды аурулардың деңгейінің жоғары болуы;

  2. Көрсетіліп отырған медициналық көмектің сапасының деңгейі төмен болуы

  3. Медициналық жабдықтармен жабдықталу және медициналық мекемелердің типтік ғимаратпен қамтамасыз етілуі қажетті деңгейде еместігі.

  4. Саланы қаржыландырудың жеткіліксіздігі және соның салдары:

- медициналық мекеменің ғимаратының тозуы,

- қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілмеуі, ауруды уақтылы диагностикалау сапасына әсер етіп, медициналық көмектің сапасының төмендеуі.



Мүмкіншілік (O):

  1. Заманауи медициналық объектілердің құрылысына қажетті қаражат бөлу;

  2. Медицина кадрларын тұрғылықты жұмыс істейтін жерінде тұрақтандыру және жас мамандарды ауылды елді мекендерге тарту.

Қауіп-қатер(T):


Денсаулық сақтау саласында негізгі туындаған мәселе:



  • Ана мен бала денсаулығы индексінің төмендігі;

  • Әлеуметтік маңызы бар аурулардың жоғары болуы: қатерлі ісік ауруы, туберкулез.

  • Кадр мәселесі.

  • Ауылдық жерлерде емдеу - сауықтыру мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайының төмен болуы.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдаудағы саясатының ең басты бағыттарының бірі жұмыспен қамтуды реттеу және жоғары білікті, өнімді еңбекке ынталандыру, соңында, ұлттық табыстың көбейуі. Мемлекеттің ойластырылған тиімді саясатына байланысты ауданда жұмыспен қамту саласында жағымды өзгерістер байқалады.

2015 жылы 2013 жылмен салыстырғанда табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлес салмағы 5,3 %-ға төмендеді (2010 адамнан 1975 адамға)

Жұмыссыздардың саны 1700 адамнан 976 адамға дейін, яғни 57,4 %-ға азайды. 2015 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ды құрады. (ШҚО -4,9 %), 2013 жылмен салыстырғанда 0,2 %-ға төмендеді. Жұмыссыздардың жыныстық-жастық құрылым талдауы ең бөлігін әйелдер (47,8 %) және жастар (18,9 %) (16-29 жас) құрайтынын көрсетеді.

Экономикалық белсенді халықтың деңгейі (ЭБХ)- 50,1 %, облыстық деңгейден 16,6 % -ға төмен. Соңғы үш жылда ЭБХ көп өзгермеді деуге болады (2013жылы -37942 адам, 2014 жылы-38130 адам, 2015 жылы- 37490 адам).

Еңбек нарығында жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс арасында үйлесімсіздік сақталуда, әсіресе жастар, мүгедектер және ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер мен зейнетке дейінгі жастағылар категориясында.

Аудан бұл категориядағы жұмыссыздарды жұмыспен қамту мақсатында, халықтың осал тобын назарда ұстау үшін Кешенді жоспар құрылған.

2016 жылға еңбек қорының қажеттілігі 1182 адамды құрады, бүгінгі күнге жоспардың қамтылуы 77 %-ға орындалды. 2016 -2018 жылдары Зайсан ауданы бойынша құрылыс мамандары- эксковаторды жүргізуші маман, бульдозерші, кран автокөлігін жүргізуші, жүк ілдіруші, инженерлер қажет болуы мүмкін. Ауданда 2015 жылы халықты жұмыспен қамту бойынша Кешенді жоспар 100 %-ға орындалды (1342 адам).

Соңғы үш жылда «Жұмыспен қамту- 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыспен қамту орталығы арқылы 151 адам жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 82- сі (54 %) жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және аз қамтылғандар қатарынан. 2013-2015 жылдары 98 адам қажетті мамандықтарға оқытылды.

2015 жылы жұмыспен қамту мәселесі бойынша 977 адам тіркелді, 2013 жылмен салыстырғанда 39,2 % -ға артық (594 адам), 762 адам жұмыспен қамтылды. Жұмысқа орналасу деңгейі жұмыс іздеуші ретінде тіркелгендердің ішінен 2013 жылы 82,2%, 2015 жылы – 78 % құрады.



Соңғы үш жылда жұмыссыздық деңгейі 5,2 %-ға төмендеді (2013 жылы -5,3 %)
6 – сурет. Жұмысқа орналастырылғандар саны

2015 жылы 330 алушыға атаулы әлеуметтік көмек төленді, көмек алушылар саны жылдан-жылға азайып келеді, 2013 жылмен салыстырғанда алушылар саны 50,7% азайған. 2016 жылдың 1 қаңтарына аз қамтылған 580 отбасының 1606 баласына мемлекеттік балалар жәрдемақысы төленді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 19,6% кеміген. (аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мемлекеттік балалар жәрдемақысын тағайындау және төлеу 2006 жылдан басталған). Атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 2015 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 3892 теңгеден 4469 теңгеге өсті. 2013 жылы табысы кедейшілік шегінен төмен халықтың саны 2010 адамды құраған, бұл 2015 жылға қарағанда 1,7% көп (1975).

2014 жылдан бөлімде «Өрлеу» пилоттық жобасын іске асыру барысында аз қамтылған табыстары кедейшілік шегінен төмен отбасылар «Өрлеу» жобасына тартылды, бұл көрсеткіштің 0,2 % азаюына жәрдемдесті яғни 2015 жылы 1975 адамға құрады.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішіндегі еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы 2013 жылға қарағанда 2015 жылы 0,6% азайып, 2015 жылдың қорытындысы бойынша 20,9% құрады, азаю атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тұрақты және мерзімді жұмыстарға орналасуының нәтижесінде болды.

Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 222 қызмет алушыларға, оның ішінде 102 мүгедектер мен қарт адамдарға және 120 мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан адамдарға үйден әлеуметтік қызмет түрі көрсетіледі. Үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсетудің сапасы жалғызбасты, қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету арқылы артып келеді. Ауданда ерікті қоғамдық ұйымдар бар.Олар «Мүгедектер қоғамы» және «Зайсан Жастары» Мүгедек жастар қоғамы», онда 40 мүгедек адамға арнаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі, 15мүгедек адамға жартылай стационарлық жағдайда әлеуметтік қызмет көрсетсе, 25 мүгедек жанға үйде арнаулы әлеуметтік көмек түрін көрсетеді.

2013 жылы 21 нысанға, 2015 жылы 12 нысанға түгендеу жұмыстары жүргізілді. 2015 жылы түгендеуден өткен нысандардың 20-сы бейімдеу жұмыстарын жүргізді.


SWOT- сараптама:

Әлді жақтары (S):

1.Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берушілер санының 2,0 есе азайып, орташа төлем мөлшерінің 0,9 есеге артуы, атаулы көмектің атаулылығын көрсетеді.

2.Кедейшілік деңгейінен төмен тұратын халықтың үлесі 5,2%-дан 5,1 % төмендеуі.

3.Құрылған жұмыс орындары санының 2,4 %-ға немесе 10 –ге артуы.

4. Ауданның еңбек ресурстарындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжау мақсатында 2016-2018 жылдарға арналған ауданның жұмыспен қамту картасы жасалынды.

5. Шартты ақшалай көмекті төлеу мақсатында «Өрлеу» пилотық жобасы іске асырылды.




Әлсіз жақтары (W):

1.Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішіндегі жұмысқа жарамды азаматтардың болуы.

2.Еңбек нарығындағы жұмыс күшінің сұранысы мен жұмыс күшін ұсынудың теңсіздігі.

3. Атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың белсенділігінің жеткіліксіздігі және масылдық пиғылда болуы.



Мүмкіндіктер (O):

1. жұмыспен қамтудың белсенді тәсілдерін пайдалану, тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастыру, кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға жіберу, қоғамдық жұмысстарға орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, сондай-ақ кедейшілік «пулынан» бұл категориядағы халықты шығару үшін аудандық бағдарламаларды әзірлеу.

2. Әлеуметтік қызмет көрсету саласында үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін арттыру. .

3.жұмыссыз азаматтарға несие беру арқылы кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету




Қауіптер (T):

1.Кәсіпорындарды жұмыс орындарының қысқартылуы салдарынан жұмыссыздық деңгейінің өсуі.

2. Еңбекке қабіліетті жастағы көшіп келетін халықтың азаюы.

Негізгі мәселелер:



  • Еңбекке қабілетті жастағы көшіп келетін халықтың азаюы;

  • Ауылдық жерлердегі тұрақты жұмыс орындарының болмауы;

  • Жастар мен әйелдер жұмыссыздығының жоғары деңгейде болуы;

  • Жоғары білімді мамандардың артылуы және білікті жұмысшы кадрларының жетіспеушілігі;

  • Жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың арасынан аз қамтылғандардың жоғарғы үлес салмағы;

  • Ұзақ уақыт жұмыс істемеген жұмыссыздардың мәселелері;

  • АӘК және МБЖ алушылардың жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға ниеттерінің жоқтығы;

  • Әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбек ақысының төмендігі.


Мәдениет

Мәдениет ұйымдары жүйесі 21 нысаннан тұрады, соның ішінде 11 клубтық ұйым, 9 кітапхана, 1 мұражай.

Көркемөнер шығармашылық ұжымдарының саны- 13, соның ішінде 9 «Халықтық» атағына, 4 «Үлгілі» атағына ие.

Аудан аумағында 36 тарихи мәдени ескерткіш тіркелді, оның ішінде 10-ы архитектуралық ескерткіштер, 26-сы археологиялық ескерткіштер.

2013-2015 жылдары мәдениет саласының қызмет жасауына бөлінген қаржы көлемі 242,8 млн.теңгені құрайды. Мәдениет объектілерін жөндеуге 48,5 млн. теңге бөлінді, 6 мәдениет объектісі жөнделді, құны 210,3 млн. теңге боллатын Дайыр ауылындағы мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Матералды-техниқалық қорды жақсарту үшін LED экран, концерттік костюмдер, жаздық сахна және этно киіз үй, аудандық мідениет үйінің сахнасын жарықтандыру үшін прожекторлар және сахнаға арналған органикалық шыныдан жасалған еден алынды.

Аудандық орталық кітапхананың өз ғимараты бар, ал қалған кітапханалар ауылдық клуб үйлері мен мәдениет үйлерінің ғимаратында орналаласқан.9 ауылдық кітапхананың ішінде тек Қаратал ауылындық кітапханасында ғаламтор бар.

2015 жылы кітапханалардың келушілер саны – 90,1 мың адамнан артық, немесе 2013 жылмен салыстырғанда 0,11% өскен.Аудан кітапханаларының кітап қоры - 105,9 мың дананы құрайды, соның ішінде 54 мың данасы мемлекеттік тілде.

Мемлекеттік тілдегі кітап қорының үлесі мемлекеттік тапсырыс бойынша келіп түскен әдебиеттер және сатып алынған әдебиеттер есебінен артты.( 19-кесте)
19-кесте. 2013-2015 жылдарға аудан кітапханаларының қызметінің сипаттамасы


Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2015/2013, %

Кітапхана келушілер саны

адам

90 029

90 048

90 103

100,08

Оқырмандар саны

адам

9072

9081

9096

100,3

Кітапханалардың кітап қоры

дана

105 088

105 818

105900

100,8

Кітап қорының жаңартылу үлесі

%

3,9

3,8

3,2

82,05

Кітапханада өткізілген іс-шаралар саны

бірлік

35

37

38

108,6

2013 жылы ауданның клубтық ұйымдары 582 мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізді, 2015 жылмен салыстырғанда іс-шаралар саны 14,5% өсті.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мәдениет объектілеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету. Мүмкіндігі шектеулі жандардың келуі үшін мәдениет объектілері негізінен пандустармен және объектіге қол жетімділіктің басқа да түрлерімен жабдықталды.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:



Күшті жақтары (S):

  1. Мәдениет объектілеріне келушілер деңгейін арттыру

  2. Ауылдық жерлердегі тұрғындарын мәдениет объектілерінің қызметімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру

  3. Жаңа мәдениет объектілерін салу және саласны қаржыландыруға жергілікті бюджеттен қаржы бөлу;

  4. Өткізілген мәдени-бұқаралық шаралардың санын арттыру .

Әлсіз жақтары (W):

  1. Білікті мамандардың жетіспеуі;

  2. Ауылдық кітапханаларда компьютерлендірудің болмауы, Интернет желісіне қосылмауы ;

  3. Мәдениет саласындағы қызметкерлердің жалақысының төмен болуы және ведомстволық тұрғын үйдің болмауы;

  4. Әлсіз материалдық-техникалық жабдықталу.

Мүмкіндіктері (O):

  1. Жаңа мәдениет нысандарын салу,;

  2. Мәдениет мекемлерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту;

  3. әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы өкілдері үшін тегін қызмет көрсету мідениет қызметтерін қолжетімді етеді.

Қауіптер (T):

  1. Мәдени қызметкерлердің қатарының ұлғайған жаста болуы орын алады, әсіресе кітапханалық және мұражайлық қызмет жүйесінде.

  2. Мәдениет мекемелерінде шығармашылық мамандарының (режиссерлер, музыканттар, хореографтар) болмауы (немесе жетіспеуі);

Негізгі проблемалар:

  • Клуб ұйымдары мен ауылдық округтердің материалды –техникалық жабдықталуының төменділігі(музыкалық аспаптардың, заманауи жабдық, сахналық костюмдердің жетіспеуі), бұл мәдени ұйымдар қызметінің сапасына ықпал етеді

  • Мәдени қызметкерлердің қатарының ұлғайған жаста болуы орын алады, әсіресе кітапханалық және мұражайлық қызмет жүйесінде. Мәдениет мекемелерінде шығармашылық мамандарының (режиссерлер, музыканттар, хореографтар) болмауы (немесе жетіспеуі);

  • Көшпелі мәдениет мекемелерінің жетіспеуі (небәрі 1 видеомобиль) шалғайдағы ықшам аудандар мен аймақтағы ауылдарды мәдени қызмет көрсетумен қамтуға мүмкіндік бермейді.

  • Ауылдық кітапханаларда ғаламтордың қол жеткісіз болуы.

  • Мәдениет саласындағы қызметкерлердің жалақысының төмен болуы және ведомстволық тұрғын үйдің болмауы (білікті мамандарды тарту үшін басты кедергі)


Тілдерді дамыту

Ауданда тіл саясаты саласындағы жұмыстардың дамуы – ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік тіл саясатын ақпаратпен тиімді сүйемелдеу қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған

Ауданда мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымы №2017 әскери бөлімінде ұйымдастырылған тыңдаушылар саны 180 адамды құрайтын үйірмені қамтиды. Сонымен қатар, аудан мектептері жанында ағылшын тілін оқытуға арналған үйірмелер және жеке меншік репетиторлық орталық жұмыс істейді.

Аудан тұрғындары мемлекеттік тілді меңгерген. (21 кесте). Аудан халқының 96,7% мемлекеттік тілді еркін меңгерген тұрғылықты қазақтар құрайды. Адан халқының 3,3 % құрайтын басқа этнос өкілдері мемлекеттік тілді белгілі деңгейде меңгерген.


20 кесте – Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындар үлесі


ШҚО бойынша

Аудан бойынша

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

74 %

75,3 %

76,1%

100 %

100%

100 %


Құжат айналымының жалпы көлемінде мемлекеттік тілдің үлес салмағы 2013 жылы - 98,8 %, в 2014 жылы - 99 %, 2015 жылы -100 % құрады.

Орыс тілін меңгерген ересек тұрғындар үлесі -94%, ағылшын тілін меңгергендері – 2,0%.

Қазақстан Республикасының Тілдерді қодану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында соңғы үш жыл ішінде ауданда төмендегі нәтижелерге қол жеткізілді:

- 2013 -2015 жылдары ауданның қоғамдық өмірінің барлық негізгі салаларын да тілдік құрылыс үдерісін одан әрі кеңейту мен толықтыру үшін мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі129 іс-шара өткізді, соның ішінде айлықтар, сайыстар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, Абай, Шәкәрім, Х.Балшабеков, Махамбет шығармаларының оқуы.

- Бағдарламаға сәйкес орыс тілін сақтау қамтамасыз етілуде, «Полиглот», «Пушкин оқулары» сияқты шаралар және әртүрлі тақырыптық дебаттар өткізілді.

Аудан тұрғындарының лингвистикалық капиталын дамыту мақсатында этностық тілдерді қолдаудың тиімді жүйесі құрылды.


Саланың дамуынаSWOT талдау анализ:

Күшті жақтары (S):

1. Іс қағаздарды мемлекеттік тілде жұргізу процессін белсенді түрде жүзеге асыру;

2.мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңеюде.


Әлсіз жақтары (W):

1. тілдік сала нормативтік-құқықтық заңдылықтармен қамтамасыз етілмеген.;

2. ағылшын тілін үйрететін үйірмелер, орталықтар ашу.


Мүмкіндіктері (O):

1. үш тілді меңгерген тұрғындар үлесінің артуы;

2. аудан халқының лингвистикалық капиталын дамыту.


Қауіптер (T):

  1. мемлекеттік тілді қолдану аясындағы құқықтық кемшіліктердің бар екендігі;

  2. аудан халқының тіл мәдениетінің төмендеу мүмкіндігі.

Негізгі проблема:

- тілдерді дамыту және ономастика саласында нормативті құқықтық қамсыздандырудың жеткіліксіздігі;
Дене шынықтыру және спорт

Дене шынықтыру және спортты дамуы барлық санаттағы азаматтар мен топтардың спортпен шұғылдануына жағдай жасауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және барлық спорттық нысандардың халыққа қол жетімді ету үшін бағытталған.

2016 жылдың басында дене шынықтырумен және спортпен айналысатындар саны шамамен 12 мың адамды құрады (халықтың 31,7%) . Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 4,2%, немесе 517 адамға артты. Оның ішінде 1,7 мың адам мектеп үйірмелерінде, қалған 10,3 мың адам мекемелерде

(20-кесте).


21-кесте - 2013-2015 жылдарға арналған дене шынықтыру және спорттың негізгі көрсеткіштері




Көрсеткіштер атауы

Өлшеу бірлігі

2013 жыл

2014 жыл

2015

жыл


1 1.

Спорттық нысандар

бірлік

99

100

101

2.

Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандардың – саны

  • Соның ішінде

дене шынықтыру маманы туралы білімі бар мамандар

адам

119

128


124



адам

118

128

124

3.

Жұйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын барлық жастағы халық көлемінің өсуі %

%

30,3

31,7

31,7

4.

Дене шынықтыру және спортпен айналысушылар саны

адам

11521

12038

12038

5.

Спорттық бірлестіктер (ведомствалық спорттық қоғамдар, спорттық клубтар, кәсіпорындар мен мекемелердегі спорттық коллективтер)

бірлік

79

80

80

6.

Дене шынықтыру және спортпен айналысатын балалармен жасөспірімдер көлемі %

%

12,4

27,6

13

7.


Дене шынықтыру және спортпен айналысатын балалармен жасөспірімдер саны

адам

1609

1748

1773

1,7 мың спортшысы бар Зайсан ауданы әкімдігінің «Зайсан ауданының балалар мен жасөспірімдер « Сайхан» спорт клубы» КМҚК және «Зайсан ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ жұмыс істейді. 2013 жылмен салыстырғанда оқушылармен жаттығушылар саны 10 %, немесе 164 адамға артты.

Спорттық нысандардың саны 2013 жылмен салыстырғанда 2% артты (51 жазықтық құрылымдар,8 хоккей қораптары, 3 спорттық модуль, 2 жүзу бассейні, 2 спорт залы, 1 атшабар, 1 стадион, 4 атқыш тиры, 4 билярт клубы, 2 спорттық ядролық алаң, 23 білім беру мекемелеріне қарасты нысандар).

2013 жылы ауданның құрама командасы облыс әкімінің жүлдесі арналған Халықтық спорттық ойындарында IV орынды, 2014 жылы ІІ орынды, 2015 жылы V орынды иеленді.

Жыл сайын аудан бойынша 70 аса бұқаралық спорттық шаралар ұйымдастырылып уақытылы өткізіліп отырады. Тұрақты түрде «Әкем, шешем және мен – спортты сүйеміз» атты отбасылық жарыстар өткізіліп тұрады. Ауданның құрметті азаматтарына арналған турнирлер өткізу дәстүрге айналған. Жыл сайын «Сәулетай» балалар спорттық ойындары, аудан әкімінің жүлдесіне арналған аудандық халықтық ойындар, мүгедектер, мұғалімдер, оқушылар, мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиадалар өткізіліп тұрады. Спартакиада ойындарының барлық кезеңдерінде спартакиадаға қатысуға 2,5 мыңнан астам аудан тұрғындары шығады.

Ауданда спорттың 25 түрін, соның ішінде 22 жаздық және 3 қысқы түрін дамыту жұмыстары жүргізілуде. Спортшылармен барлығы 40 жаттықтырушы жұмыс істеуде.


Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары (S):

1.спорттық нысандар мен құрылымдарының болуы;

2.халық үшін қолжетімді мәдени және сауықтыру объектілердің ғимараттардың болуы;


Әлсіз жақтары (W):

1. Материалдық-техникалық базаның әлсіз жарақтандырылуы;

2. Саланың кадрлармен жеткіліксіз қамтылуы;

3. Халықтың спортпен шұғылдану белсенділігінің төмендігі.


Мүмкіндіктері (O):

  1. 2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спортты дамыту концепциясын іске асыруды жылдамдату;

  2. Халық арасында ақпартаттық түсіндіру жұмыстарын күшейту;

  3. Ауылдық округтерде жұмыс істеушілерге әдіскерлік көмек көрсету;

4.Спорттық кадырларды даярлау, оқу бағдарламасын жетілдіру.

Қауіптер (T):

  1. Компьютерлік ойындар, кино, дискотекалар, сияқты ойын-сауық түрлерімен салыстырғанда дене шынықтыру және спорт бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі;

  2. Спорттың кейбір түрлерінің даму әлсіздігі (спорттық құрылымдардың жоқтығы);

3.Жоғары білікті мамандардың басқа салаларға кетуі.

Негізгі міндеттері:



  • Материалдық-техникалық базаның және спорттық инфраструктураның төмен деңгейі;

  • Ауылдық жерлерде дене шынықтыру және спорттың әлсіз дамуы;

  • Білікті кадрлардың тапшылығы;

  • Бұқаралық спорттың әлсіз дамуы;

  • Тұрғылықты жері бойынша халықтың спортпен шұғылдануы төмен деңгейі спортық үйірмелермен клубтар желісінің дамымауы;

  • Сапалы спорттық құрал-жабдықтар мен инвентарлардың жетіспеушілігі спорттық резервті өз деңгейінде дайындауға кедергі келтіруі;


Ұлтаралық келісім

Ауданда 38130 адам тұрады, қазақтар-36916, орыстар-906, украиндықтар-1,неміс-2,татар-194, белорус-1,ұйғыр-41, өзбек -28, әзірбайжан-5 және басқа ұлт өкілдері-36 адам. Ауданның барлық ұлттары келісім мен бейбітшілікте өмір сүріп, жұмыс жасап жатыр.

Орыс, татар және өзбек этномәдени орталықтары жұмыс істеуде.

Үкіметтік емес ұйымдармен өзара қатынас

Ауданда үкіметтік емес ұйымдар жергілікті тұрғындар тобының ерекше қызығушылықтарын іске асыру және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде маңызды орын алуда.

Ауданда 9 ҮЕҰ және қоғамдық бірлестіктер тіркеліп, өз жұмыстарын атқаруда. Олар: аудан өмірінің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысады. Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы ҚБ ШҚО филиалының Зайсан ауданы бойынша бөлімшесі, «Зайсан ауданы ерікті мүгедектер қоғамы» ҚБ, «Ауғаныстан соғысы ардагерлерінің Зайсан ұйымы» ҚБ, «Бастау-Зайсан жастары»ҚБ, «Зайсан жастары» мүгедек жастардың қоғамы» ҚБ, «Елім-ай Зайсан»ҚБ, «Ғибрат Зайсан» ҚБ, «Ұлағатты жастар» жастар ҚБ, «Зайсанның белсенді әйелдер қоғамы» ҚБ.

ҮЕҰ Зайсан ауданының барлық қоғамдық-маңызды шараларына белсене қатысады.

2014 жылы ҮЕҰ-мен жұмыс жүргізуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа жергілікті бюджеттен 0,5 млн. теңге бөлініп, нәтижесінде дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алуға бағытталған және жастарға патриоттық тәрбие беру бойынша 2 кешенді іс-шаралар жүзеге асырылды.

2015 жылы ҮЕҰ-ға қолдау ретінде, дін саласындағы жұмысты күшейтуге және жастарға оның ішінде еңбекшіл жастарға қолдау көрсетуге, сыбайлас-жемқорлықты болдырмауға және т.б. шаралар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа жергілікті бюджеттен 2 млн. теңге қаржы қарастырылды. 2015 жыл – Тарихи белестер жылын жоғары деңгейде мерекелеу мақсатында және дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алуға бағытталған жастар арасында форумдар, акциялар өткізу үшін 6 жоба бойынша өткізілген конкурсқа 4 ҮЕҰ: «Зайсан жастары» мүгедек жастар қоғамы» ЖҚБ, «Ғибрат Зайсан» ҚБ, «Ұлағатты жастар» ЖҚБ, «Зайсанның белсенді әйелдер қоғамы» ҚБ қатысты.



Жастар саясаты

Зайсан ауданында 8011 жас тұрады, олар аудан тұрғындарының 21,0 пайызын құрайды. Олардың ішінде ер адамдар саны – 3136, әйел адамдар саны – 3875, Зайсан қаласында 3031, ауылдық округтерде 4980 жас тұрады.

Ауданда құрамына мектептің жоғары сынып оқушылары мен жас мүмкіндігі шектеулі азаматтары тіркелген «Бастау – Зайсан жастары» ҚБ, «Зайсан жастары» мүгедек жастар қоғамы» ҚБ, «Ұлағатты жастар» жастар ҚБ, сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты жұмыс істейді.

2013 жылдан бастап «Жастар ресурстық орталығы» КММ құрылып жұмыс істеуде. Жастар ресурстық орталығы жұмысқа орналасу, кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй алу, «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» және «Жасыл Ел» мемлекеттік бағдарламаларына қатысу мәселелері бойынша кеңес беріп, көмек көрсетеді.



Күшті жақтар (S):

  1. Жастармен жұмыс жасайтын қоғамдық бірлестіктерінің бар болуы;

  2. Жастар ҚБ-нің жұмыс жасауы үшін жергілікті бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қаржының бөлінуі:

  1. Кітапханаларға, клубтарға, мәдениет үйлеріне, хоккей кордтарына, футбол алаңдарына, бассейнге, атшабарға, бильярд залдарына, спорттық модульдеріне және басқа да спорт нысандарына тегін қолжетімділік.

Әлсіз жақтар (W):

  1. Жастар арасында спорт саласы бойынша мамандардың болмауы.

Мүмкіндіктер (O):

1.Жастар арасында семинар, форум, дөңгелек үстелдер, сайыстар өткізу арқылы жастар орталығының жұмысына белесене араласатын жастар үлесін арттыру.

2.Жастар арасында ақпараттық- түсіндірме жұмыстарын күшейту.


Қауіптер (T):

  1. 1.Жастардың деструктивті ағымдарға тартылуы

Негізгі мәселелер:



  • қоғамдық ұйымдардың белсенділік деңгейінің төмендеуі (әсіресе ауыл аймақтарында);

  • ауыл жастарының жұмысқа тұруының төмен пайызы;

  • тұрғын үймен қамтамасыз етілуі;


Дін

2015 жылдың 1 қазанына ауданда 17 діни бірлестік тіркелген. Олар 2 конфессияны құрайды. Дәстүрлі ислам бағытында – 16, православиелік бағытта – 1. Оларға 17 діни нысандар тиесілі. Ауданда шетелдік миссионерлер тіркелмеген.

Мемлекеттік дінаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мақсатында консультативтік-кеңесші орган – Зайсан ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес жүйелі түрде жұмыс істейді.

Шетелдік діни оқу орындарына өз бетімен кетушілердің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізілуде. Шетелде оқу үшін ҚМДБ – ның арнайы жолдамасы болуы туралы түсіндіріледі. Бұл бағытта жыл сайын мектеп түлектеріне арналған «Сақ бол, жас түлек!», «Жолың болсын, жас түлек!» акциялары ұйымдастырылып, оларға Қазақстандағы діни оқу орындары туралы мәліметтер жазылған арнайы брошюралар және нұсқамалар таратылады.

Демократиялық бағытты ұстанатын біздің ел үшін экстремизмнің алдын алудағы жалғыз құрал – ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүйелі жүргізу болып табылады. Бұл жұмысқа мемлекеттік орган қызметшілері, діни және қоғамдық бірлестік өкілдері, қоғамның зиялы қауым өкілдері және жастар тартылған. Құрамында белсенді 45 мүшесі бар 1 аудандық, 8 ауылдық ақпараттық насихат топтары жұмыс істейді.

Түсіндірме жұмыстарының дәстүрлі түрінен басқа креативті түрлері де пайдаланылады. «Сақ бол, жас түлек!» акциясы, дебат, фильм көру, сынып сағаттары, әңгімелесу сияқты жаңа түсіндірме жолдары да жүзеге асырылуда.

2013 жылы 6523 адам қамтылған 48 іс-шара өткізілсе, 2014 жылы 9645 адам қамтылған 82 іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Ал 2015 жылы 10860 адам қамтылған 93 іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Ақпараттық түсіндірме жұмысында бұқаралық ақпарат құралдары тиімді қолданылады. Аудандық «Достық» газетінде теріс діни ағымдардың адамның санасына төндіретін қаупі туралы мақалалар үнемі жарияланып отырады. 2013 жылы аудандық газетте осы тақырыпта 31 материал жарияланса, 2014 жылы 49 материал жарияланды, 2015 жылы дін сұрақтары бойынша 61 материал жарияланды. Сонымен қатар, аудан бойынша 2013-2015 жылдары діни тақырыпқа арналған 100 көрнекі үгіт- насихат құралдары орналастырылды.



Күшті жақтар (S):

1. Қолданыстағы заңнамалық база;

2. Қоғамда діни толеранттылықтың, конфессияаралық және этносаралық және діни ахуалдың тұрақтылығы, қазақстандық біртектіліктің сақталуы және діни ахуалдың тұрақтылығы;

3. Баспа және электронды БАҚ-да жарияланған діни материалдарға, діни бірлестіктердің жұмысы мен аудандағы діни ахуалға мониторинг пен талдаудың жүргізілуі;



  1. 4. Діни бірлестіктердің қатысуымен пікір алмасу алаңы жұмысының белсенділігінің арттырылуы.

Әлсіз жақтар (W):

1. Интернет ресурстары арқылы экстремистік және террористік мазмұндағы материалдардың таралуына қарсы тұру жүйесінің жетілмеуі;

2. Кәсіби білімі бар теологтардың аздығы




Мүмкіндіктер (O):

  1. Тұрғындар арасында дін мәселелері бойынша ақпараттық- насихаттың жұмыстарын, оның ішінде «адрестік», «нақтылы» жұмыстарды күшейту.

  1. 2. Интернет ресурстарында, әсіресе, әлеуметтік желілерде экстремистік мазмұндағы материалдардың бар-жоғына мониторинг жасау. Осы әлеуметтік желілерде қарсы насихат шараларына қолдану (ҰҚКД келісімінен кейін)

Қауіптер (T):

  1. 1. Деструктивті діни ағымдар идеяларының таралуы (шет елге «жихадқа» кету, «халал некеге кету», «ұлттық салт дәстүрлер мен құндылықтарды жоққа шығару»)

Негізгі мәселелер:



  • Кәсіби білімі бар имам, теолог, дінтанушылардың жетіспеушілігі


Саяси партиялар

Ауданның қоғамдық-саяси өмірінде белсенді рөл атқаратын «Нұр Отан» партиясының филиалы (құрамында 2443 адам) тіркелген және жұмыс істейді.Партия филиалы жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен бірге аудан деңгейіндегі іс-шараларға белесене қатысады және қоғамдық-саяси жағдайды нығайтуға, тұрақтандыруға атсалысады. Аудандағы бастауыш партия ұйымдарының саны – 13.


Гендерлік саясат

Аудан тұрғындарының 50,2% пайызы әйелдер (19.1 мың адам). Экономиканың барлық саласына аудан әйелдері белсене араласады. Жалдамалы жұмысшылар ішінде олардың үлес салмағы 45,2% құрайды. Осыған қарамастан экономиканың кейбір салаларында әйелдердің үлесі басым болып келеді. Көтерме және бөлшек саудамен айналысатындардың 76%-ы, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласында – 85,5 %, тамақтандыру және өмірге қызмет көрсету саласында – 79,5 %, білім саласында – 71 %, қаржы және сақтандыру саласында – 52 % әйел адамдар жұмыс сітейді.

Әйелдердің жалақысын 14,6%-ға көбейткенде ер адамдардың жалақысының 62%-ын құрады. (111 мың теңге)

Сонымен қатар, еңбек нарығында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігі төмен деңгейде. Жалпы жұмыссыздардың 41,1 пайызы әйел адамдар.

Ауданда әйелдерді саяси ілгерілету бойынша жұмыстар атқарылуда. Аудандық мәслихаттың 13 депутатының 1-і әйел, аудан әкіміның 3 орынбасарының 1-і әйел, 9 қала және ауыл әкімдерінің ішінде әйелдер жоқ.
Саланың даму деңгейіне SWOT-ТАЛДАУ:


Күшті жақтар (S):

  1. Әкімшілік қызметшілер мен атқарушы органдар басшылары арасында әйелдер үлесінің жоғары болуы.

Әлсіз жақтар (W):

  1. Жалпы жұмыссыздар арасында әйелдер үлесінің басым болуы.

Мүмкіндіктер (O):

  1. Әйелдерді саяси ілгерілету есебінен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыру.

Қауіптер (T):

  1. 1. Әйелдер құқықтарын сақтаудың төменділігі


Негізгі мәселелер:

- Биліктегі әйелдердің шешім қабылдауға қатысуының төмен деңгейі.
2.1.3.Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп

Қоғамдық тәртіпті күзету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қылмыстар туралы хабарламалар мен өтініштерді толықтай тірке және есепке алуды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан мақсатты бағытталған жұмыс ауданда қылмыстың статистикалық мәліметтеріне қол жеткізуге жағдай жасалынды.

Нәтижесінде қылмыстың статистикалық төмендеуі байқалды. Аудандағы жедел ахуал тұрақты болып қалуда. Криминалдық жағдайды тұрақтандыру және сауықтыру мақсатында қылмысты төмендетуге бағытталған іс-шаралар анықталды.

Жалпы тіркелген қылмыстың төмендеуі байқалады яғни (46-ға дейін) 12,9%-ға. Сонымен қатар қоғамдық орындарда (21-ден 39-ға дейін) және көшелерде (6-дан 15-ке дейін) жасалатын қылмыстардың статистикалық көрсеткіші жоғарлаған.




7- Сурет 2013-2015 ж.ж аудан бойынша тіркелген қылмыстардың саны
Ауыр және аса ауыр қылмыстың саны 50%-ға азайған (28-ден 14-ке) 2015 жылы қылмыстың саны 10 мың халыққа шаққанда 82 құраған, 2015 жылың қорытындысы негізде аудан көлемінде 7-ші позицияда орын алған. (8 сурет).
8-Сурет 10 мың адамға шаққанда қылмыстың деңгейі
Көше қылмысың тоқтату мақсатында қоғамдық тәртіпті күзету механизімін ары қарай дамыту бойынша шаралар қабылдануда.

Зайсан қаласында аудандық ішкі істер бөліміне шығып тұратын 8 бейне бақылау камерасы орнатылған. Сонымен қатар барлық сауда орындарында бейне бақылау камералары орнатылған. Аталған сыртқы бейне бақылау камералардың көмегімен жыл басынан бері 4 қылмыс дерегі ашылған.

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалған қылмыс саны жоғары деңгейде қалып отыр. Жасөспірімдер қылмысының алдын алу аясында соңғы жылдарда өзін жақсы жағынан көрсеткен мектеп инспекторлары институты жалғасуда. 2013 жылымен салыстырғанда 2015 жылы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстың өсуі 133,3 % құрайды ( 12-ден 16-дейін ) .

27 орта мектепте 4 мектеп инспекторы және 6 кәмелеттік жасқа толмағандармен аймақтық учаскелік полиция инспекторы істейді.

Бұрын жасалғандармен орын алған қылмыс саны жоғары деңгейде. Бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстың үлес салмағы 28,4%. 2015 жылы бұрын сотталғандармен жасалаған 61 дерек тіркелген. (2013 жылы 3-дерек).

2013-2015 жылдар аралығында нашақорлармен жасалған қылмыс дерегі тіркелген жоқ.

2013 жылы заңсыз айналымынан алынған есірткі заттын мөлшері нашақор 360,020 грамм, 2015 жылы 0,3060 мграмм. Тұрғындар арасынада заңсыз есірткі затын қолдану деңгейі төмендеуде.

Ең кең тараған қылмыс отбасы-тұрмыстық қатынастар, сонымен қатар мас күйінде жасалған қылмыстар. 2013 жылы 2 дерек тіркелсе, 2015 жылы 80 дерекке көбейген.

2013-2015 жылдары көші-қон заңдылығын бұзған деректер тіркелмеген.

Жол-көлік оқиға 2013 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз. (2013жылы-6, 2015жылы-6), қайтыс болғандар саны 40% төмендеген. (2013 жылы -5, 2015 жылы -2).



(9 сурет)



9-Сурет 2013-2015 жыл аралығында 10 мың халыққа шаққандағы жол-көлік оқиға саны.
Діни терроризм және экстермизмге қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен мемлекеттік органдардың потенциалын пайдалана отырып ақпараттық насихаттық шаралар жүргізу қабылданған.

Аудан аймағында экстремистік және террористік әрекеттерге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде. 15 «салафия» қозғалысының ізбасарлары есепке алынып, 4 азамтқа іздеу жарияланған.

2013-2017 жылдарға арналған діни экстремиз мен терроризмге қарсы күрес бойынша бағдарламаны жүзеге асыру іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау мақсатында мектепке дейін мекемелердің барлық ғимараттарында бейне бақылау камералары орнатылды.

SWOT – саланың даму жағдайына талдау:



Мықты жақтары (S):

1.Азаматтардың құқықтар мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бойынша жағдайлар жасалды;

2.Қылмыстар туралы барлық арыздар мен хабарламалардың толық тіркелуі;

3. Полиция қызметкерлерінің кәсібилігімен қызметтік және әскери дайындық деңгейін көтеру.

4. «Мектеп» инспекторларының институтын дамыту.


Әлсіз жақтары (W):

1. Тұрмыстық-отбасы аясындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шаралардың жетіспеушілігі;

2.Тұрмыс жағдайы ауыр тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту деңгейінің жеткіліксіздігі;

3.Полиция бөлімшелерінде оқу базасының жоқтығы және материалдық техникалық қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі;

4.Кәсәби кадрлардық тұрақтамауы және ішкі істер органындағы негізгі қызметтердегі ағымның өсуі;

5. Нашақорлық пен маскүнемдіктің және отбасылық маскүнемдіктің мәселелерінің шешілмеуі;



Мүмкіндіктер (O):

1. Ақпараттық жүйе және электронды мәліметтер базасын құру және жаңарту;

2. Қылмыстар мен құқық бұзушылықтар санының алдын алу бойынша уақытылы шаралар қабылдау;

3.діни экстремисттік әдебиттер мен басқа да заттарды тарату және кіргізу каналдарының жабу және анықтау бойынша іс-шаралар жүргізу.



Қауіптер (T):

1. ҚР шекаралас жатқан мемлекеттердің әлеуметтік-саяси жағдайларының тұрақсыздығы заңсыз көші-қон өсуіне және олар тарапынна қылмыс алуына себеп болады;

2. Экстремистік бағыттағы дәстүрлі емес ағымды ұстанушы діни ұйымдар мен шеттелдік мисионерлердің қызметі;

Негізгі мәселе:

- патрульдік автокөліктерінің, сационарлық бекеттермен полицияның жылжымалы пунктер санының жетіспеушілігі;

- бейне бақылау жүзейсінің жеткілікті түрде дамымауы;

- ішкі істер органының жеке құрамының әлеуметтік қорғалу мәселелерінің шешілуі және тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар қажеттілігі.

Бағыт: Инфрақұрылым

2.1.4. Инфрақұрылымдық кешен


жүктеу 2,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау