3.Техникалық нивелирлеу.
Техникалық нивелирлеу 1:500 – 1:5000 масштабтардағы топографиялық түсірістердің биіктік негіздеулерін құру мақсатында, сондай –ақ барлау, жобалау және әр түрлі инженерлік құрылыстарды салу үшін жасалады.
Топографиялық түсірістердің биіктік негіздеуін жасағанда техникалық нивелирлеу жүрісінің ұзындығы жер бедері қимасының берілген биіктігіне байланысты болады (2-кесте).
Техникалық нивелирлеу жүрісінің мүмкін ұзындығы, км
3 - ке с т е
Жүріс
|
|
0,25
|
0,5
|
1 және одан көп
|
Екі негізгі пункттер арасында
Негізгі пункт пен торапты нүкте
Екі торапты нүктелер арасында
|
2,0
1,5
1,0
|
8
6
4
|
16
12
8
|
Нивелирлеу бір бағытта орындалады. Рейкалар бойынша есептеулер тек қана орта жіппен алынады, Әдеттегі екі жақты рейкаларды қолданғанда станциядағы жұмыс атқару реті төмендегідей болады:
1) артқы рейканың қара және қызыл жақтарынан есептеулер алу;
2) алдыңғы рейканың қара және қызыл жақтарынан есептеулер алу.
Жұмыс кезінде бір жақты рейкаларды да қолдануға болады. Бұл жағдайда станциядағы жұмыс атқару реті мынадай болуы тиіс:
1) артқы рейкадан есептеу;
2) алдыңғы рейкадан есептеу;
2) нивелирдің горизонтын 10 см – ден артық шамаға өзгерту;
4) қайтадан алдыңғы рейкадан есептеу;
5) қайтадан артқы рейкадан есептеу.
Станциядағы салыстырмалы биіктіктің айырмашылығы екі немесе бір жақты рейкаларды қолданғанда 5 мм-ден аспауы тиіс.
Жүрістердегі қиыспаушылық ±50√L мм – ден аспауы тиіс, мұндағы L — жүрістің км-лік ұзындығы.
Барлау траншеясының трассасын нивелирлеу кезіндегі станциядағы жұмыс атқару ретін қарастырып көрелік. Нивелирді шамамен N: 0 пикет пен R10 байланыстыру нүктелерінен бірдей қашыктыққа орналастырады; ал байланыстыру нүктелеріне екі жақты рейкаларды қояды. Аспапты жұмыс жағдайына келтіріп, дүрбіні соңғы нүктеге нысаналайды да рейканың қара жағынан 0902- (1) есептеуін алады, содан кейін дүрбіні алдыңғы нүктеге нысаналап, рейканың қара жағынан 1731(2) есептеуін алады. Есептеулерді нивелирлеу журналына енгізеді. Осыдан кейін рейкашылар рамкаларының қызыл жақтарын бақылаушыға қарай айналдырады, бұл кезде бақылаушы 6418(3) және 5587(4) есептеулерін алады. Қара 0902—1731=829(5) және қызыл 5587 – 6418 = —831(6) есептеулерінің айырымы +4 мм-ден аспауы тиіс. Енді салыстырмалы биіктіктің 1 мм-ге дейін дөңгелектеніп алынған (—830 мм) орташа мәні 7-графаға жазылады.
Бұдан кейін артқы рейкашы № 1 пикетке, ал бақылаушы 2-станцияға көшеді, № 0 пикетте тұрған рейкашы рейканың қара жағын нивелирге қарай қаратады. Нивелирді горизонталь жағдайға келтіргеннен кейін рейканың қара жақтары бойынша есептеулер алынады; ал соңғы 0509(7) және алдыңғы 2532(8) рейкалардың қызыл жақтарын бақылаушыға қаратқаннан кейін, бақылаушы 721(9) және 5198(10) есептеулерін алады. Осыдан кейін салыстырмалы биіктікті қара 0509 - 2532 = - 2023 және қызыл 5198 - 7219 = - 2021 есептеулермен шығарады да, айырмашылығы +4 мм-ден аспайтынына көзі жеткеннен кейін орташа салыстырмалы биіктік —2022-ні тауып, оны 7-графаға жазады. Одан кейін № 0 пикетте тұрған рейкашы +26 аралық нүктеге көшіп, оған рейканы қойып, қара жағын нивелирге қаратады. Бақылаушы рейкадан 0929 (11) есептеуін алады. Аралық нүктеден ( + 26) рейкашы № 2 пикетке көшеді, бақылаушы нивелирді 3-станцияға апарады, ал № 1 пикетте тұрған рейкашы рейканың қара жағын бақылаушыға қаратады және т. с. с. жалғаса береді.
Әр станциядағы жұмыс салыстырмалы биіктікті есептеп шығарумен және оларды 3-кестенің 7-графасына жазумен аяқталады. Бақылаушы есептеулер мен есептеп шығарулардың дұрыстығына көзі жеткенде ғана станцияны тастап кетеді.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Нивелирлеу дегеніміз не?
2. Нивелирлеудің қандай түрлері бар?
3. Нивелирдің бөліктерін ата.
4. Техникалық нивелирлеу дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4
3. ОСӨЖ мен СӨЖ тапсырмаларының орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар
Реферат
Рефератты жазу кезінде келесі құрылымды ұстану керек:
Бірінші бетінде рефераттың тақырыбы, факультет, студенттің тобы, аты-жөні жазылады.
Жоспар (мазмұны). Мұнда рефераттың негізгі бөлімі және қай бетте екені көрсетіледі.
Тақырыбы мен жоспардан кейін кіріспе жазылады. Мұнда берілген материалдың мақсаты мен міндеті және тақырыптың өзектілігікөрсетіледі.
Негізгі бөлім. Мұнда рефераттың жоспарланған бөлімдері жазылады.
Қорытынды бөлім. Тақырып мәселесіне қатысты автордың өзінің қорытындысы мен ұсынысы.
Рефератты жазу үшін пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Реферат көлемі компьютермен терілсе 10 беттен, ал қолмен жазылса 12 беттен кем болмау керек. Барлық беттері нөмірлену керек (бірінші бетіне нөмір қойылмайды, бірақ жалпы сан бетіне кіргізіледі). Жаңа бөлімді міндетті түрде келесі жаңа бетке және оның тақырыбын жазу керек.
Тезисті конспект
Тақырыпқы байланысты негізгі түсініктер жазылады немесе жоспар жасалынады. Осыған студент сүйене отырып ауызша жауаптың құрылымын қалыптастырады.
«» тақырыбы бойынша тезистік конспект жазу және ауызша жауап дайындау.
Толық конспект (жазбаша жұмыс)
Конспект жоспары құрастырылады. Тақырыптың негізгі сұрақтары қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы толық ашылады.
4. Студенттің оқытушының жетекшілігімен бірге орындалатын өздік жұмыс сабағының жоспары (ОСӨЖ)
Картасыз жергілікті жерді бағдарлау. 4 СРО
Бақылау түрі – ауызша жауап дайындау
2. Картамен жергілікті жерді бағдарлау. 2 СРО
Бақылау түрі – жазбаша жұмыс.
3.Тахеометриялық түсірілімнің атқаратын міндеті және қолданылатын аспаптар 8 СРО
Бақылау түрі – реферат жазу.
4.Барометриялық нивелирлеу. 12 СРО
Бақылау түрі - толық конспект
5. Көз мөлшерімен түсіру.
Бақылау түрі – ауызша жауап дайындау
6. Аэрофототүсіріс пен дешифрлеу туралы толық мәлімет. 14 СРО
Бақылау түрі – реферат жазу.
Студенттің өздік жұмыс сабағының жоспары (СӨЖ)
СӨЖ – ның бақылау жұмысын тапсыруға мыналар кіреді.
1. «План және карта» тақырыбы бойынша тезистік конспект жазу.
2. «Топографиялық карта құрылымы» тақырыбы бойынша - ауызша жауап дайындау 6 СРО
3. «Геодезиялық сызықтық өлшеулер» тақырыбы бойынша - реферат жазу және оны қорғау.
4. «Бұрыштарды өлшеу. Бұрыштық құралдар» тақырыбы бойынша тезистік конспект жазу.
5. «Нивелирлеудің негізгі түрлері мен маңызы» тақырыбы бойынша толық конспект (жазбаша жұмыс). 10 СРО
Әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер:
Фокина Л.М. Картография с основами топографии. М.: Гуманит. изд. центр. ВЛАДОС,2005.- 335с.
Комиссарова Т.С. Картография с основами топографии. М.:2001.
Сальников С.Е., Губанов М.Н. Комплексные карты охраны природы: содержание и принципы разработки. М.:1990.
Баранский Н.Н, Преобреженский А.И. Экономическая картография.:1962.
Геоботаническое картографирование. Л.:1984.
Қосымша әдебиеттер:
Атлас мира. М.: Издат. Дом ОНИКС, - 2001.-448 с.
Қалыбеков Г. Геодезия және топография негіздері. - Алматы: Ана тілі, 1993. – 184 б.
А.М.Куприн. Слово о карте. М.: Недра, 1987.-143 с.
А.М.Берлянт. Карта второй язык географии. М.: Просвещение, 1985. – 192 с.
Гедымин А.В. Картография с основами топографии. М.:1973.
П.А.Иваньков. Основы геодезии, топографии и картографии. М.: Просвещение, 1972.-248 с.
А.М.Куприн. Как создается топографическая карта. М.: Недра, 1971.-64 с.
Лапкина Н.А. практические работы по топографии и картографии. М.:1961
Гедымин А.В. Картография. М.:1946.
Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау
пәні бойынша лабораториялық жұмыстар.
Тақырыбы: Картаның масштабы. Масштабты анықтау.
Мақсаты: Картаның масштабымен танысып, масштабты айналдыруды үйрену
Тапсырма: Әрбір студентке әр түрлі дәрежедегі масштабтардың түрлеріне байланысты географиялық есептер беріледі. Лапкина Н.А. практические работы по топографии и картографии. М.: 1961 кітабының 6,7,8 бетіндегі 10-28 тапсырмаларды орындау.
Тақырыбы: Географиялық және тікбұрышты координаттар жүйесі.
Мақсаты: Картадан географиялық координаттарды анықтауды меңгеру
Тапсырма: Әрбір студентке әр түрлі дәрежедегі географиялық есептер беріледі. Картадан әрбір студент өзіне берілген нүктелердің географиялық координаттарын табу керек.
Тақырыбы: Топографиялық карталардың номенклатурасы.
Мақсаты: Топографиялық карталардың номенклатурасын оқып үйрену
Тапсырма: Әрбір студентке әр түрлі дәрежедегі географиялық есептер беріледі. Лапкина Н.А. практические работы по топографии и картографии. М.:1961 кітабындағы 12-13-14 бетіндегі тапсырмаларды орындау.
Тақырыбы: Шартты белгілер. Горизонталь бойынша рельефтің бейнеленуі.
Мақсаты: Топографиялық карталардағы шартты белгілерді және топографиялық картада рельефтің бейнеленуін меңгеру.
Тапсырма: Әрбір студентке шартты белгілер белгіленген, бірақ атауы жазылмаған карточкалар беріледі, олар әрқайсысы өзіне берілген шартты белгілермен картада нелер бейнеленетінін жазады.
Тақырыбы: Буссольды түсірілімнің планын құру.
Мақсаты: Буссольды түсірілімнің планын құру меңгеру
Тапсырма: Әрбір студентке әр түрлі дәрежедегі географиялық есептер беріледі. Буссольды түсірілімнің планын құруды білуі керек.
Тақырыбы: Заттардың бұрыштық көлемі және көз бойынша арақашықтықты анықтау.
Мақсаты:. Заттардың бұрыштық көлемі және көз бойынша арақашықтықты анықтауды меңгеру
Тапсырма: Лапкина Н.А. практические работы по топографии и картографии. М.:1961 кітабының 4,5,6 бетіндегі 29-39 тапсырмаларды орындау.
Тақырыбы: Геометриялық нивелирлеу журналын жасау. Профиль құру.
Мақсаты: Геометриялық нивелирлеу журналын жасауды үйрену. Профиль құруды меңгеру
Тапсырма: Лапкина Н.А. практические работы по топографии и картографии. М.:1961 кітабындағы 46-61 суреттегі көрсетілген сызық бойынша қима салу.
Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау
пәнінен өзін - өзі тексеру тест сұрақтары
1-нұсқа
Нүктелердің биіктік белгілерінің мәні мен олардың салыстырмалы биіктіктерін есептеп шығаратын геодезиялық өлшеулер?
А) Теодолиттік түсірілім
В) Нивелирлеу
С) Мензулалық түсіріс
Д) Тахеометрлік түсіріс
Е) Буссольдық түсіріс
2. Бөлшек сан, яғни территорияны планға немесе картаға бейнелеуде неше есе кішірейтілгенін көрсетеді:
А) Географиялық атлас
В) Географиялық карта
С) Географиялық масштаб;
Д) План
Е) Барлығы дұрыс
3. Магниттік азимут 350 градус 15 минут, ал магниттік бұрылу +10 градус 00 минут болған жағдайдағы нақты азимутты есептеп шығар:
А) 0 градус 15 минут
В) 9 градус 30 минут
С) 260 градус 30 минут
Д) 9 градус 30 минут
Е) 360 градус 15 минут
4. Өзен, көлдердің тереңдігі қай географиялық жазумен жазылады?
А) Жалпы атаулық
В) Анықтық жазулар
С) Сандық жазулар
Д) Сапалық жазулар
Е) Сипатамалық жазулар
5. Неміс тілінен аударғанда масштаб қандай мағына береді?
А) Таяқпен өлшеу
В) Сызғышпен өлшеу
С) Адымдап жүру
Д) Көзбен өлшеу
Е) Циркульмен өлшеу.
6. Жақын меридианнан белгілі нүктеге дейінгі есептелінетін бұрыш:
А) Азимут
В) Нақты азимут
С) Дирекциондық азимут
Д) Румб
Е) Магниттік азимут
7. Қарама-қарсылық белгісіне байланысты шриф түрлері
А) Жуан, жіңішке
В) Оң, теріс
С) Курсивті, баспа
Д) Енсіз, енді
Е) Орта, кіші
8. Атаулық масштабты тап:
А) 1:200
В) 2:20000
С) 1 см-2 км;
Д) 10000
Е) ешқайсысы
9. Планға анықтама бер:
А) Жер бетінің ірі масштабта жасалатын сызбасы;
В) Жер бетінің формасы
С) Жердің бейнесі
Д) Жердің үлкейтілген бейнесі
Е) Топографиялық бейнесі
10. Картада 1:1000000 берілсе, картада неше есе кішірейтілгенін білдіреді?
А) 10 есе
В) 100 есе
С) 10000 есе
Д) 1000000 есе;
Е) 1000 есе
11. Градус торының негізгі элементтері:
А) Полюс, экватор, паралельдер, меридиандар.
В) Экватор, градустық тор
С) Масштаб, координаталар
Д) Карта, атлас
Е) Полюс, экватор, паралельдер
12. Мензула нелерден тұрады?
А) штативтен, тұғырықтан, планшеттен
В) буссоль, штатив пен тіктеуіштен
С) цилиндрлік деңгей, жапсырылған дүрбі серіппелі пластинка
Д) осі бар тірек алаңы, көтеру винттері бар
Е) тұғырық , тесігі және стан винті үшін оймасы бар
13. Солтүстік және оңтүстік полюстерді қосатын сызықтар:
А) Паралель
В) Меридиан
С) Экватор
Д) Полюс
Е) Шар
14. Картографиялық проекцияда бұрмалану тұрқы да анықталады. Бұрмаланудың неше түрі болады?
А) 1
В) 4.
С) 5
Д) 3
Е) 2
15. Географиялық ендік:
А) Меридиан доғасының экватор мен полюстің арасындағы ұзындығы
В) Паралель доғасының ұзындығы
С) Оңтүстік пен шығыс сызығының арасын қосатын сызық
Д) Шығыс бойлық
Е) Жер білігіне перпиндикуляр етіп кеңістікті орналастырып, оны екі полюстен тең етіп орналастырса шеңбер
16. Топографиялық карталардың географиялық мазмұны ненің көмегімен беріледі?
А) Масштаб
В) Шартты белгіле
С) Сызықтар
Д) Графикалы
Е) Изометрия
17. «Атлас» сөзінің авторы?
А) Т. Меркатор
В) К. Салищев
С) А. Гебарт
Д) Е. Назов
Е) А.Фозен
18. Ірі масштабты карталар қалай аталады?
А) топографиялық
В) топографиялық шолу
С) шолу карталары
Д) географиялық
Е) картографиялық шолу
19. Кеңістіктегі үзіліссіз немесе біртіндеп ауысатын құбылыстардың ауқымын көрсету үшін қолданылатын әдіс:
А) Сандық және сапалық фон
В) Нүкте әдісі
С) Изо сызықтар
Д) Ирек сызық
Е) Бояулар әдісі
20. Территориялық қамтылуына байланысты атластар нешеге бөлінеді?
А) 2
В) 3
С) 4
Д) 5
Е) 6
21. Магниттік азимут дегеніміз не?
А) Магниттік стрелканың солтүстік бағытынан берілген нүктеге дейінгі бұрыш
В) Координаталық зонаның, осьтің меридианға параллель сызықтығының солтүстік бағытынан берілген нүктеге дейінгі бұрыш
С) Географиялық мердианның солтүстік бағытынан берілген белгігі бір нүктеге дейінгі есептелінетін бұрыш
Д) Магниттік стрелканың оңтүстік бағытынан берілген белгілі бір нүктеге дейінгі есептелінетін бұрыш
Е) дұрыс жауабы жоқ
22. 2см -2км атаулық масштабты сандық масштабқа айналдыр:
А) 2: 20 000
В) 2:200 000
С) 2:2 000 000
Д) 4:400 000
Е) 4:4 000 000
23. Азимут неше түрге бөлінеді?
А. 2
В. 3
С. 4
Д. 5
Е. 6
24. Дүние жүзінің саяси-әкімшілік атласы мазмұнына қарай қандай атласқа жатады?
А. Жалпы географиялық
В. Тақырыптық
С. Кешендік
Д. Жеке мемлекеттер
Е. Аудандық
25. Геологиялық карталардың қандай түрлерін білесіңдер?
А. Стратиграфиялық, тектоникалық
В. Гидрологиялық. Климотологиялық
С. Литологиялық, экономикалық
Д. Гипсометриялық, климотологиялық
Е. Морфометриялық, тектоникалық
26. Жер бетінің кез келген бір нүктесінен басқа бір нүктеден биіктік айырмасы қалай аталады?
А) Абсолюттік биіктік
Б) Көлбеу (горизонталь)
С) Биіктік белгісі
Д) Салыстырмалы биіктік
Е) Қыраттар
27. М.Бехайманның бірінші глобусты жасаған уақыты:
А) ХIV
Б) XII
С) XV
Д) XVI
Е) XVII
28. Азимутты анықтайтын құрал:
А) Термометр
Б) Компас
В) Флюгер
Д) Барометр
Е) Планшет
29. Бұрыштары да аудандары да бұрмаланатын проекциялар
А) Тең мөлшерлі және тең бұрышты проекция
В) Еркін проекциялар
С) Тең мөлшерлі және тең ауданды проекциялар
Д) Тең ауданды және тең мөлшерлі проекциялар
Е) Тең бұрышты еркін проекциялар
30. Жер бетіндегі нүктенің екінші нүктеден тіркеуіш бойынша алғандағы биіктігі:
А) Азимут
Б) Салыстырмалы биіктік
С) Терендік
Д) Абсолюттік биіктік
Е) Жан –жақты бағдар
2 -нұсқа
1. Кішірейтілген шартты белгілер көмегімен жер бетін кең көлемде бейнелеу:
А) Географиялық атлас
В) Географиялық карта;
С) Географиялық масштаб
Д) План
Е) Барлығы дұрыс
2. Географиялық меридианның солтүстік бағытынан берілген нүктеге дейінгі сағат бойымен есептелінетін бұрышты қалай атайды?
А) азимут
В) Магниттік азимут
С) Нақты азимут
Д) дирекциондық азимут
Е) дұрыс жауап жоқ
3. 1:200000 қандай масштабқа жатады?
А) Ірі
В) орташа;
С) ұсақ
Д) Ірілі- ұсақты
Е) барлығы дұрыс
4. Нақты азимут дегеніміз не?
А) географиялық меридианның солтүстік бағытынан берілген нүктеге дейінгі бұрыш
В) Магниттік стрелканың оңтүстік бағытынан берілген белгілі бір нүктеге дейінгі есептелінетін бұрыш
С) Координаталық зонаның, осьтің меридианға параллель сызықтығының солтүстік бағытынан берілген нүктеге дейінгі бұрыш
Д) Координаталық зонаның, осьтің меридианға параллель
сызықтығының солтүстік бағытынан берілген нүктеге дейінгі бұрыш
Е) барлық жауабы дұрыс
5. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге қолданылатын аспап:
А) мензула
В) нивелирлік рейка
С) теодолит
Д) компос
Е) тахеометр
6. Ірі масштабты карталары қандай карталарға жатады?
А) Топографиялық;
В) Топографиялық шолу
С) Шолу карталар
Д) дүние жүзілік
Е) Саяси
7. Жер бірлігіне перпиндикуляр етіп кеңістікті орналастырып, оны екі полюстен тең етіп орналастырса шеңбер пайда болады.Ол шеңбер қалай аталады?
А) Паралель
В) Меридиан
С) Экватор
Д) Полюс
Е) Шар
8. Географиялық бойлық дегеніміз:
А) меридиан доғасының экватор мен полюстің арасындағы ұзындығы
В) Паралель доғасының ұзындығы
С) Оңтүстік пен шығыс сызығының арасын қосатын сызық
Д) Паралель доғасы ұзындығының бастапқы меридианмен берілген нүкте аралығын айтады.
Е) Жер білігіне перпиндикуляр етіп кеңістікті орналастырып, оны екі полюстен тең етіп орналастырса шеңбер
9. Нақты азимут 146 градус 00 минутқа тең болып, магниттік бұрылу +6 градус 00 минутқа тең болғандағы магниттік азимутты тап:
А) 140 градус 00 минут
В) 142 градус 00 минут
С) 140 градус 00 минут
Д) 139 градус 30 минут
Е) 260 градус 00 минут
10. Масштабтың түрлері:
А) сандық, атаулық, сызықтық
В) ірі,орта,ұсақ
С) саяси,топтық,сапалық
Д) параллель, экватор,меридиан
Е) полюс,бойлық, план
11. Теодолиттің бөліктерін ата?
А) штативтен, тұғырықтан, планшеттен
В) буссоль, штатив пен тіктеуіштен
С) цилиндрлік деңгей, жапсырылған дүрбі серіппелі пластинка
Д) осі бар тірек алаңы, көтеру винттері бар
Е) тұғырық , тесігі және стан винті үшін оймасы бар
12. Орта масштабты табыңыз
А) 1:100000 және одан ірілері
В) 1:200000-нан 1:1000000-ға дейін
С) 1:1000000 масштабтан ұсақтары
Д) В,С жауаптары
Е) жауаптардың барлығы дұрыс
13. Төмендегілердің қайсысы картада бейнеленетін әлеуметтік - экономикалық объектілерге жатады?
А) Гидрографиялық желі
В) Тұрғындық аймақтар
С) Жер бетінің рельефі
Д) Өсімдіктер әлемі
Е) Грунттар
14. Нысаналау осі арқылы жер бетінің горизонталь сызығын түсіру қызметін атқаратын дүрбілі аспап:
А) мензула
В) нивелирлік рейка
С) теодолит
Д) компос
Е) тахеометр
15. Масштабтың қай түрі сызық бойына жергілікті жерге сәйкес келетін арақашықтықты көрсетеді?
А) атаулы
В) сызықтық, сандық
С) сандық
Д) атаулы сандық
Е) сызықтық
16. Солтүстік бағыттан берілген нүктеге дейінгі есептелінетін бұрыш қалай аталады?
А) Географиялық бойлық
В) Азимут
С) Румб
Д) Географиялық ендік
Е) Ауданды проекциялау
17. Векторлар немесе стрелкалар әдістері нені бейнелеу үшін қолданылады?
А) Қозғалыс белгісін
В) Әуе құбылыстарын
С) Сызық объектілерін
Д) Карта мазмұнын
Е) Картографияланатын территорияның учаскесін
18. 1:20 000 сандық масштабты атаулық масштабқа айналдырғанда:
А) 1см-200м
В) 1см- 2000м
С) 1см -20м
Д) 1см- 2м
Е) 1см - 200км
19. Атластар қандай белгісіне қарай дүние жүзі атласы, материктер, мұхиттар атласы және т.б. болып бөлінеді?
А) Территорияны қамтуына
В) Мазмұнына
С) Мақсатына
Д) Мөлшеріне
Е) Масштабына
20. Карта масштабында ауданы жағынан көрсетілмейтін қатаң ықшамдалған объектілерін көрсету үшін қолданылатын шартты белгілер:
А)Аудандық
В) Көлемдік
С) Графикалық
Д) Сызықтық
Е) Масштабтан тыс
21. Барлық геодезиялық және топографиялық жұмыстар барысында приборлар көмегімен қандай градус аралығындағы шамалар алынады?
А) 0-180 градус
В) 0-120 градус
С) 0-270 градус
Д) 0-360 градус
Е) 0-450 градус
22. Координаталық зонаның осьтік меридианға параллель сызығының солтүстік бағытына берілген нүктеге дейінгі бұрышты қалай атайды?
А) Дирекциондық азимут
В) Румб
С) Магниттік азимут
Д) Нақты азимут
Е) Географиялық бойлық
23. Қосымша штрих түрі
А) көмекші штрих
В) Тік штрих
С) Дөңгелек штрих
Д) әріпаралық штрих
Е) негізгі штрих
24. 2см-10м атаулық масштабты сандық масштабқа айналдыр:
А) 2:10 000
В) 2:1000
С) 1:2000
Д) 1: 20 000
Е) 1:200
25. Географиялық координата деп:
А) Паралель доғасының бастапқы меридианнан берілген доғаға дейін 0 градуспен берілген
Б) Үлкен дәлдікпен картаның көлемін анықтау үшін қажет
С) Жер бетіндегі нүктенің бойлығы мен еңдігін айтамыз
Д) Меридиан доғасының экватордан берілген жерге дейінгі градуспен алынған шамасын айтамыз
Е) Жақын меридианнан белгілі нүктеге дейінгі есептелінетін бұрыш
26. Мазмұнына қарай атластар қалай бөлінеді?
А) Ірі, орта, ұсақ
В) Жалпы географиялық, тақырыптық
С) дүние жүзілік, мемлекеттік
Д) Масштабты, масштабсыз
Е) Дұрыс жауабы дұрыс
27. Географиялық объектілерді, материктердің, теңіздердің, мемлекеттердің т.б аудандарын бұрмалаусыз көрсететін картографиялық проекция:
А) Тең мөлшерлі және тең бұрышты проекция
В) Еркін проекциялар
С) Тең мөлшерлі және тең ауданды проекциялар
Д) Тең ауданды және тең мөлшерлі проекциялар
Е) Тең бұрышты еркін проекциялар
28. 270 азимутқа сәйкес келетін көкжиек тұсы:
А) Солтүстік, шығыс
Б) Батыс
В) Солтүстік
Д) Оңтүстік
Е) Шығыс
29. Картаны әшекейлеу құралы?
А) Шрифт
В) штрих
С) контур
Д) таңба
Е) горизонталь
30. Қандай жазу түрінде картада өзен- көлдердің тереңдіктері жазылады?
А) сандық
В) анықтамалық
С) жалпы
Д) сөздік
Е) сапалық
Мазмұны
1
|
Пәннің оқу бағдарламасы - (SYLLABUS)
|
3
|
2
|
Глоссарий
|
7
|
3
|
Дәріс сабағының тезистері
|
8
|
4
|
№1 дәріс Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау пәні. Негізгі түсініктер.
|
8
|
5
|
№2 дәріс Топографиялық карталар (ТК) Топографиялық картаның математикалық негізі
|
14
|
6
|
№3 дәріс Бағдарлау түсінігі мен әдістері
|
16
|
7
|
№4 дәріс Топографиялық түсірілімдер
|
18
|
8
|
№5 дәріс Буссольды (компастық) түсірілім
|
19
|
9
|
№6 дәріс Теодолиттік түсірілім
|
21
|
10
|
№7 дәріс Биіктікті анықтаудағы түсірілім (нивелирлеу)
|
22
|
11
|
Студенттің оқытушының жетекшілігімен бірге орындалатын өздік жұмыс сабағының жоспары (ОСӨЖ)
|
26
|
12
|
Студенттің өздік жұмыс сабағының жоспары (СӨЖ)
|
26
|
13
|
Әдебиеттер тізімі
|
26
|
14
|
Картография топография негіздерімен пәні
бойынша лабораториялық жұмыстар
|
27
|
15
|
Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау
пәнінен өзін - өзі тексеру тест сұрақтары
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |