|
Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
Ф1 НШҚМТУ 701.01-II
|
Сапа менеджменті жүйесі
|
Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус
|
бет. 10
|
1ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ, ОНЫҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ОРНЫ
Зерделенетін пәнніңқысқаша мазмұны
Қазіргі кезде өнеркәсіптік кәсіпорын немесе конструкторлық бюроларды компьютерсіз, конструкторлық құжаттарды жасауға және түрлі бұйымдарды жобалауға қажетті арнайы бағдарламаларсыз көзге елестету мүмкін емес. Осы салаларда есептеу техникасын қолдану өзінің жоғары тиімділігін көрсетті. Машинамен жобалауға көшу конструкторлық және технологиялық құжаттарды жасау мерзімдерін қысқартады, сол арқылы жаңа бұйым өндіруді бастауды жылдамдатады. Дәл осындай жағдай білім беруде де байқалады. Қазір студенттерді оқытуда жоғары және арнайы оқу орындары компьютерлік техниканы қолдануға үлкен мән беруде. AutoCAD 2016 бағдарламасын жобалауда қолдану тәсілдерін көрсету мақсатында - істің тәжірибелік жағына үлкен мән бере отырып, мысалдар келтіре отырып, типтік сызбаларды, тетікбөлшектердің сызбаларын орындауды көрсету мақсат етілді.
Пәнді зерделеу мақсаты мен міндеттері
«Компьютерлік графика» курсының негізгі мақсаттары:
- негізгі геометриялық заңдылықтар бойынша оқыту, проекция жазықтарына бөлшектердің модельдердін сызуларын КҚБЖ стандарттарымен орындау және бейнелерді оқуды үйрету, кеңістіктегі пішіндерді талдау және сараптау, графикалық модельдерді бейнелеу тәсілдерін оқыту, қолданылатын әдебиеттермен, стандарттармен және анықтамалармен таныстыру және олармен казіргі кездегі машинамен орындау тәсілдерімен жұмыс істеуді үйрету. Теориялық білімдерді белсенді практикаға пайдалануды дағдыландыру.
«Компьютерлік графика» бағдарламалардың аспапты және бағдарламалы жабдықтарымен және графикалы диалогпен AutoCAD жүйесінің редакторлары арқылы жұмыс істеу. Студенттерді дұрыс сызуды және сызуларды инженерлік графика тілінде дұрыс оқытуды үйрету.
Пәннің негізгі міндеттері:
- конструкторларды, инженерлерді заман талабына сай оқыту әдістемелерін талап етуші құрастырудың жаңа технологияларына көшуде құрастырудың жаңа құралы ретінде компьютерлік графика басты орынды алады;
- өндірістік және жобалық – құрастыру қызметінде қажетті кеңістіктік көзқарасты дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |