Трассаны берілген еңістікпен жобалау. Топографиялық карталарда темір және автомобиль жолдарын, каналдарды және тағы басқа да созылыңқы объектілерді жобалауға тура келеді. Осындай келешектегі жобалау құрылыстарының трассасын белгілі шектік еңістікпен белгілейді (трассаның көлбеу бұрышы берілген шамадан, мысалы, 1,5°-тан артық болмауы тиіс). Айталық, картада осындай келешектегі трассаны А және В нүктелерінің арасында белгілеп, оны жүргізу керек (15-сурет) болсын. Картадағы табан графигі бойынша .берілген көлбеу бұрышқа (1,5°) сәйкес шаманы табамыз да оны өлшеуіштің ашасына аламыз. Берілген А нүктесінен осы өлшеуіштің ашасымен келесі горизонтальды басып өтіп жобаланатын сызықтың б нүктесін табамыз, сонда Аб сызығының еңістігі берілген 1,5° көлбеу бұрышқа тең болады. Одан кейін өлшеуіштің бір ашасын табылған б нүктесінде ұстап тұрып, келесі горизонтальды белгілеп алып, b нүктесін табамыз. Сөйтіп жобаланатын сызықтың келесі bг, гd және de кесінділерін табамыз. е нүктесінен В нүктесіне дейін түзу сызық жүргізуге болады, өйткені осы учаскедегі еңістік берілген шекті еңістіктен аз болады. Бұл берілген есепті шешу кезінде 15 - сурет трассаның әр түрлі варианттарын табуға болатынын, солардың ішінен техникалық-экономикалық тұрғыдан ең қолайлысы таңдап алынатынын атап айтқан жөн.
15 - сурет
Су жиналу ауданының шегін анықтау. Жер бедерінің жағдайына байланысты су белгілі бір суағарға (өзен, қойнау және т. с с.) ағып жиналуға тиіс; жер бетінің осы учаскесін су жиналу ауданы немесе бассейн деп атайды. Су жиналу ауданын контурлау жергілікті жердің жер бедерін есепке ала отырып картадағы горизонтальдар арқылы жасалынады.
Горизонтальдарды тік бұрышпен қиып ететін суайрық сызықтары су жиналу ауданының шегі болып саналады. Су жиналу ауданын, жауын – шашынның жылдық мөлшерін жердегі ылғалдың булану және сіңу жағдайын біле отырып су ағынының күш-қуатын есептеп шығаруға болады; ал мұның өзі көпірлердің, бөгендердің және тағы басқа гидротехникалық ірі құрылыстардың аудандарын есептеуге қажет.
Су жайылу шегін анықтау. Өзен аңғарына плотиналар мен бөгендер салу кезінде картада немесе планда су жайылу учаскесінің шегін анықтау қажеті туады. Осындай шекті түсіру үшін болашақ құрылыстың орнын және оның айналасындағы судың жобадағы барынша көп денгейін білу керек.
Картаға белгіленіп отырған гидротехникалық ірі құрылыстың осі түзу сызықпен сызылады. Құрылыс осінің ұштары горизонтальда немесе жобадағы су деңгейіне тең биіктік белгілері бар горизонтальдардың аралығында жатуы тиіс.
Одан әрі жобаланған құрылыс осінің ұштарынан жобадағы су деңгейінің биіктік белгілерін бойлай жылжып, горизонтальдарды пайдалана отырып, тұйық сызықты — су жайылу шегін табуға болады. Су жайылу ауданын штрихтап қояды. Нүктелердің арасындағы көріну мүмкіндігін анықтау. Картада берілген екі нүктелердің арасындағы көріну мүмкіндігін анықтау қажеттігі жиі туып жатады. Егер нүктелердің арасында 16-сурет көріну мүмкіндігі болмаса, ал кейбір жағдайларда олардың болуы үшін осы нүктелерде қанша метр жоғары көтерілу керек екендігін анықтау талап етіледі. Мұндай есептерді, мысалы, әр түрлі кластағы триангуляция мен полигонометрияны жобалауда және рекогносцировка жасауда шешуге тура келеді.
16 - сурет
Бірсыпыра жағдайларда нүктелердің арасында көріну мүмкіндігі бар-жоғын картадағы немесе пландағы кескінделген жер бедеріне зер сала қарай отырып анықтауға болады, мәселен, егер берілген нүктелер ашық жерде, суайрықтардың қарама-қарсы бетінде, немесе аңғарлардың беткейлерінде орналасқан болса, онда нүктелердің арасындағы көріну мүмкіндігі күмән туғызбайды. Алайда көп жағдайда нүктелер арасындағы көріну мүмкіндігіне қатысты күдік немесе оның жоқтығы туралы пікір тууы да мүмкін (16-сурет). Көріну мүмкіндігінің бар екені туралы мәселеге толық сеніммен жауап беру үшін осы нүктелер арасындағы сызықтың бойымен қысқартылған профильді салады. Қысқартылған профильді салу кезінде барлық горизонтальдар мен биіктік белгілері пайдаланылмайды, тек иілімдердің ең сипатты нүктелерін бейнелейтіндері ғана қолданылады. Осы нүктелерді профильде түзу сызықпен қосқанда егер ол түзу профиль сызығының еш жерін қиып өтпесе, онда олардың арасында көріну мүмкіндігі бар болғандығы. Егер ізделіп отырған нүктелерді қосатын сызық профиль сызығын қиып өтетін болса, онда нүктелердің арасында көріну мүмкіндігі болу үшін осы нүктелерде немесе біреуінде қанша метрге көтерілу керек екендігі графикалық жолмен анықталады. Бірақ осы жағдай тек нүктелердің ара қашықтығы 4—5 км-ден аспаған кезде бүгілген жерлерде, кедергілерде, ағаштар және құрылыстар болмаған кезде дұрыс болады. Нүктелердің ара қашықтығы едәуір-болғанда жердің қисықтығы мен рефракция үшін екі нүктеде бірлескен түзету жасалатынын да есепке алу керек. Олар профиль салғанда нүктелердің биіктігін кішірейтеді.
Егер ьіқтимал кедергілерде ағаш, бұталар, құрылыс және т. с. с. болса, онда олардың биіктігін қабылданған вертикаль-масштабка сәйкес профильге жоғары қарай вертикальмен салады.
16-суретте масштабы 1 : 10000 картада учаске кескінделген. Жер бедері кимасының биіктігі 20 м. А және В нүктелерінің арасындағы көріну мүмкіндігін анықтау үшін АВ сызығы бойынша қысқартылған профиль саламыз (17-сурет).
50м
Вертикаль масштаб 1:2500
17 - сурет
Осы сызықта С нүктeci А және В нүктелерінің арасындағы көріну мүмкіндігін болдыртпайтын кедергі болсын. Жердің қисықтығы мен рефракция үшін жасалатын түзетулер мынаған тең: AC үшін 1,4 м, СВ үшін 20 м. Жердің қисықтығы мен рефракция үшін жасалатын түзетулерді есепке ала отырып табылған А және В нүктелерін профильде қосқан кезде, олардың арасында тіпті С кедергісінде ағаш болмағанның өзінде көріну мүмкіндігінің жоқ екенін көріп отырмыз. Көріну мүмкіндігі болу үшін А нүктесінде 50 м-ге көтерілу керек (графикалық жолмен белгіленеді). Әлбетте, экономикалық жағынан А және В нүктесінде де 50 м-ден едәуір кем биіктікке көтерілу орынды болады.
Достарыңызбен бөлісу: |