Нүктелердің биіктігін анықтау. Қарталар мен пландарды қолданғанда көбінесе жергілікті жердегі нүктелердің биіктік белгісін анықтауға тура келеді. Осы есепті шешуде үш түрлі жағдай кездесуі мүмкін.
1. Нүкте горизонтальда орналасқан. Осы жағдайда нүктенің биіктігі горизонталь белгісіне тең болады.
2. М нүктесі әр түрлі Нк және НN (8-сурет) горизонтальдарының арасында орналасқан. Осы жағдайда нүктенің биіктігін интерполяциялаудың бірнеше әдістері арқылы анықтайды. Бұл үшін сызғыштың көмегімен М нүктесінен ең таяу жатқан горизонтальдарға дейінгі d1 және d2 қашықтықтарды өлшейді. М нүктесінің Нм биіктік белгісін жердің төмендеу бағытына байланысты екі рет табуға болады: Нм= Нк+(һ d1)/ (d1+d2)
Нм= НN+(һ d2)/ (d1+d2)
8 - сурет
мұндағы НN , Нк — горизонтальдардын биіктік белгісі, м; d1 және d2—M нүктесінен горизонтальдарға дейінгі ара қашықтықтар, мм; һ — жер бедерінің қима биіктігі, м.
Егер де биіктік белгілері Н1 және Н2 көршілес горизонтальдар арасында орналасқан А нүктесіндегі (9-сурет) бұрғылау скважина аузының биіктік белгісін НА анықтау керек болса, онда А нүктесі арқылы горизонтальдарға дейінгі ара қашықтықтарға нормаль сызығын жүргізіп, с және d кесінділерін өлшейміз. Сонда бұрғылау скважинасының ізделіп отырған биіктік белгісі мынадай болады
НА=Н1 + с/ d (Н2 – Н1)
9 - сурет
3. Нүкте тұйық горизонтальдың ішінде орналасқан. Мысалы, Р нүктесі (10-сурет) тұйық горизонтальдың ішінде орналасқан, әрі төбенін ұшар басы болып табылады. Әрине, осы нүктенің НР биіктігі нүктенің маңындағы горизонтальдың биіктік белгісінен, жер бедері қимасының биіктігінің шамасынан кем екені белгілі. Сондықтан Р нүктесінің НР биіктік белгісі шамамен көршілес горизонтальдың биіктік белгісіне жер бедері қимасы биіктігінің жартысын қосқан кезде шығатын санға тең деп алуға болады, яғни НР = 151,25 м. Егер нүкте қазан шұңқырдың түбінде орналасса, онда оның биіктік белгісі көршілес горизонтальдың биіктігінен жер бедері қимасы биіктігінің жарты шамасын алған кезде шығатын санға тең деуге болады. Горизонтальдар арқылы орташа ойлы-қырлы жердегі нүктелердің биіктік белгісін анықтау дәлдігі шамамен жер бедері қимасы биіктігінің 1/3 – іне тең болады.
10 - сурет
Беткейдің құлама тіктігін анықтау. Беткейдің құлама тіктігі v және сызықтың еңістігі (11-сурет) беткей нүктелерінің биіктік айырымының табанына қатынасына тең болады.
11 - сурет
Беткейдің тіктігі мен еңістігін картадан немесе планнан анықтау кезінде есептерді жеңілдету үшін табан графиктері деп аталатын арнайы графиктер қолданылады. Беткейдің еңістіктері бұрыштық шамамен немесе көлбеулілік арқылы (ондық бөлшекпен, процентпен немесе профильмен) берілуі мүмкін.
Табан графигін салу үшін горизонталь сызықты кез келген сызықтың тең кесіндісіне бөледі, содан соң кесінділердің шетіне көлбеудің бұрыштық мәнін 30' -тан бастап жазады. График шкаласының бұрыштарының ең соңғы мәні берілген карта мен планда кескінделген беткейлердің максималь тіктігіне байланысты белгіленеді. Бұдан кейін жер бедері қимасының қабылданған биіктігіне және көлбеу бұрышының әрбір мәніне сәйкес табандарды мына формуламен есептейді: d=h/tgv.
Табанның карта (план) масштабында анықталған шамаларын горизонталь оське тұрғызылған перпендикулярларға қарсы көлбеу бұрыштарына сәйкес етіп салады. Алынған осы нүктелерін қосып табан графигін аламыз, ал бұл беткей графигін береді (12-сурет).
0° 30' 1° 2° 3° 4° 5° 8° 10° 20°
12 - сурет
Егер горизонталь сызығы бөліктерінің нүктелерінде көлбеу бұрыштарының орнына бұрыштардың мәндері жазылған болса және перпендикулярларда тиісінше табандар салынса, онда еңістер графигі алынады (13-сурет).
0,01 0,02 0,03 0,05 0,07 0,09 0,14 0,18 0,36
13 - сурет
Беткейдіқ құлама тіктігін және көлбеулігін планнан анықтау үшін циркульмен көршілес жатқан негізгі горизонтальдардың ара қашықтығын өлшеп, оны төсеу графигіне тақап ұстап шкаланың табанынан градус санын оқиды.
Картаның безендіру рамкасының сыртында көрсетілген табан графиктері жер бедері қимасының және берілген картаның немесе планның масштабына сәйкес есептеліп жасалатынын ұмытпау керек.
Карта бойынша жердің профилін жасау. Топографиялық картада немесе планда АВ сызығы бойынша жердің профилін салу 14-сурет керек болсын. Профильді кез келген берілген масштабта, демек карта масштабында да салуға болады.
Жергілікті жердің профилін салу үшін берілген бағытқа жол-жол миллиметрлік қағазды салады. Оған шығып тұрған барлық горизонтальдарды, жер бетінің кедір-бұдырындағы және беткейлердегі нүктелерді, мысалы, АВ сызығын және 1, 2, ,..., 11 нүктелерді (14-сурет) белгілейді. Содан соң жол-жол қағазды «горизонталь қашықтықтар» графасына көшіріп олардың мәндерін жазады. Осымен қатар «биіктік белгісі» графасына профиль сызығының горизонтальдарымен қиылысқан нүктелерінің биіктік белгісінің мәндері жазылып қойылады.
14 - сурет
Профиль нүктелерін биіктік белгісі арқылы тұрғызу шартты горизонттың сызығынан салынады. Көрнекілік үшін профильдің вертикаль масштабы горизонталь масштабымен салыстырғанда 10 есе үлкейтіп алынады, бірақ масштабтардың қатынасы басқаша да болуы мумкін. Шартты горизонттың биіктік белгісін ең кіші биіктік белгісі бар нүктеде берілген сызықтан 1 см жоғарырақ орналасатындай етіп таңдайды. Шартты горизонттың сызығынан әрбір нүктеге перпендикулярлар тұрғызылып, оларға таңдалған масштабта шартты горизонт сызығы мен нүктелердің биіктік белгілерінің айырымы салынады. Перпендикулярлардың ұштарын қисық сызықпен қосып, жергілікті жердің профилін кескіндейді.
Достарыңызбен бөлісу: |