2.2.3 Инфрақұрылымдық кешен 2.2.3.1 Телекоммуникация және байланыс
Облыста телекоммуникация және байланыс қызметтерін көрсететін 32 кәсіпорын, жұмыс істейді.
2012 жылы телекоммуникация және байланыс қызмет көрсетулерін іске асырудан түскен кіріс 13061,2 млн. теңгені құрады, бұл 2010 жылғы деңгейден 16,4 есе артты.
2010-2012 жылдардағы телекоммуникация және байланыс қызмет көрсетулерін іске асырудан түскен кіріс өзгеруінің динамикасы
35 сурет
Байланыс қызметін көрсету саласында 7 мыңнан аса адам еңбек етуде. Бұл кәсіпорындар бойынша орташа еңбекақы орта есеппен 70-90 мың теңгені құрайды.
2012 жылы телефон станцияларын салу, қайта жаңарту және жаңғырту жұмыстарын жүргізудегі жалпы шығын 1033,1 млн. теңгені құрады.
4 ауылда ескірген байланыс желілерінің орынына спутниктік байланыс желілерін қолданумен көлік желілерін жаңғырту жүргізілді. «Қазақтелеком» АҚ-ның өз қаражаты есебінен облыстың 35 ауылында сандық АТС жаңғыртылып, пайдалануға берілді.
Ауылда CDMA-450 стандартындағы сымсыз радио технологиясын қолдану нәтижесінде және телефондарды орнатуға кезекке тұруды болдырмау, ауа байланыс желілерін оңтайландыру кезіндегі сұранысты қанағаттандыру мақсатында 9 АЕМ-дегі ұқсас АТС абоненттері CDMA-450 радио желісіне ауыстырылды.
2012 жылы ауылдық жерлерде қосымша 11 516 телефон орнатылып, бүгінде АЕМ-дегі телефондардың жалпы саны 109 543 нөмірді, соның ішінде жеке тұлғалар 97344 нөмірді және заңды тұлғалар 7403 нөмірді құрайды.
2012 жылы АЕМ-де телефонмен пайдаланудың қосымша 57 ұжымдық пункті және 25 ұжымдық таксофон орнатылды. Барлығы 2010 жылғы 1 қаңтарға АЕМ-де телефонмен пайдаланудың қосымша 603 ұжымдық пункті мен 236 ұжымдық таксофоны жұмыс істейді.
Қазір өңірде телефон орнатылмаған саны 50 адамнан кем 4 ауылдық елді мекен бар.
Облыс аумағында Beeline, K-Cell, Activ, Dalacom, Pathword сияқты мобильдік байланыс операторлары жұмыс істейді, 2010 жылы саны 1000 адамнан асатын ауылдық елді мекеннің қамтылуы 91 %-ды құрайды.
2010 жылы Интернет қолданушылардың саны 100 үй шаруашылығына шаққанда 56,7 %-ды құрады.
Саланың даму жағдайына SWОT талдау:
Күшті жақтары:
1) телекоммуникация қызметі жүйесін дамыту;
2) АТС жаңа сандық Next Generation Networks технологиялармен ауыстыру;
3) интернет желісін барлық жерде тарату.
Әлсіз жақтары:
1) тіркелген байланыс абоненттерінің тығыздығының төмен деңгейі;
2) тіркелген байланыс нарығында нақты бәсекелестіктің болмауы;
3) интернет желісіне кең ауқымды қол жетімділіктің төмен дамуы;
4) ұялы байланысқа жоғары тарифтер.
Мүмкіндіктер:
1) тұрғындар мен ұйымдарды қол жетерлік және сапалы байланыс қызметімен қамту;
2) азаматтар мен ұйымдардың күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологияны кең қолдануына ауысу;
3) АЕМ халқының байланыстың универсальды байланыс қызметімен қамту.
Қауіптер:
1) телекоммуникациялық нарықта нақты бәсекелестіктің дамымауы;
2) азаматтық тағайындаудағы радио жиіліктің шектеулігі.
2.2.3.2. Құрылыс
Құрылыс басқа салалардан ерекшеленетін және ұйымдардың және басқармалардың ерекше формаларының құрылыс өндірісінің қажеттілігін мәжбүрлейтін ерекшеліктерге ие.
Бұл – құрылыс процессінің қатысушыларының көптүрлілігі, капиталдың қатысты баяу айналуы және тәуекелдің жоғары деңгейі.
Құрылыс саласын әрі қарай дамыту, сондай-ақ қауіпсіздікті және құрылыс өнімінің сапасын арттыру қазіргі жағдайларда негізгі экономикалық және саяси міндеттері болып табылады. Құрылыс кешені жалпы экономикаға зор әсер етеді, бұл әлеуметтік саладағы жағдайға маңызды емес.
14 кесте
мың тенге
Атауы
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
Өсім қарқыны
2012/2011
|
Құрылыс жұмыстарының барлығы
|
81 326,0
|
96 182,5
|
118 122,6
|
122,8
|
Құрылыс монтаж жұмыстары
|
53 970,8
|
68 213,3
|
82 245,5
|
120,6
|
Ағымдағы жөндеу
|
16 497,5
|
15 348,6
|
20 021,9
|
130,4
|
Күрделі жөндеу
|
10 857,7
|
12 620,6
|
15 855,2
|
125,6
|
Статистика мәліметтері бойынша 2012 жыл қорындылары бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі 263,4 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жыл деңгейінен 9,9 % жоғары.
Құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің игеруі 82,2 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылға 120,6 %.
Тұрғын үй құрылысына 15,1 млрд. теңге жолданды және тұрғын аудандардың жалпы ауданының 244,0 мың шаршы метрі пайдалануға берілді немесе өткен жылға 101,5 %.
.15 кесте
Көрсеткіштер
|
Өлш бірлік
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
Негізгі капиталған инвестиция, с.і.
|
Млн. теңге
|
144669,8
|
239 634,029
|
263361,7
|
Шетел инвестициялары
|
Млн. теңге
|
1659,4
|
4687,6
|
1098,3
|
Құрылыс жұмыстарының көлемі
|
Млн. теңге
|
81326
|
96182,4
|
118122,6
|
Құрылыс монтаж жұмыстарына инвестиция
|
Млн. теңге
|
28505,7
|
105372,6
|
122429,5
|
Тұрғын үй құрылысына инвестиция
|
Млн. теңге
|
11004,0
|
12361,9
|
15102,6
|
Тұрғын үйді еңгізу
|
Мың ш. м.
|
222,4
|
240,5
|
244,010
|
Құрылыс ұйымдарының саны
|
Бірлік
|
779
|
746
|
778
|
Саланың даму жағдайына SWОT талдау:
Күшті жақтары:
ағымдағы және күрделі жөндеу бойынша көлемдерді арттыру;
тұрғын үй құрылысы сияқты секторларда құрылыс материалдарына сұраныстың тұрақты артуы;
индустрияландыру картасы аясында өнеркәсіп сласын дамыту және жобаларды іске асыру.
Әлсіз жақтары:
1) құрылыс саласы мамандарының жетіспеушілігі;
2) қыс айларында қуаттылықты жеткіліксіз жүктеуді негіздейтін (тоқтауды арттыру) құрылыс жағынан сұраныстың мезгілдігі;
3) құрылыстың ескірген сметалық-нормативті базасы.
Мүмкіндіктері:
1) облыс алаңында басым салаларда құрылыс материалдарының өндірісі бойынша жаңа қуаттылықтар құру;
2) өндіріс ағымының теңгерімді сұлбасын әзірлеу, құрылыс жұмыстарының мезгілдігі және аумақтық орналасу проблемаларын шешу мақсатында жаңа және жандандыру жобаларын құру есебімен құрылыс материалдарымен жабдықтау, пайдалану;
3) жыл бойы ритмді құрылысты ұйымдастыру.
Қауіптер:
қыс айларында құрылыс материалдарына шығындарды арттыру;
құрылыс саласының қажетті білікті мамандар санының болмауы.
Әлеуметтік қатынаста тұрғын үйге қажеттілік адамның өмір қажеттіліктерінің бірі және барлық қоғамның басым проблемалары және де солай болып қала береді, сл тұрғын үй құрылысын дамыту қоғамды дамытудың басым проблемасы болып қалады. Облыс бойынша тұрғын үйге тізім 17 мынан астам адамды құрайды.
2005 жылдан 2012 жылға дейінгі кезеңде облыс бойынша 1791219 шаршы метр тұрғын үй салынған болатын, соның ішінде жылдар бойынша:
2005 жыл – 206 014 шаршы метр;
2006 жыл – 245 488 шаршы метр (2005 жыл деңгейіне 119% өсіммен);
2007 жыл – 194 003 шаршы метр (2006 жылдан 21% төмен);
2008 жыл – 230 117 шаршы метр (2007 жылдан 19% жоғары);
2009 жыл – 208 654 шаршы метр (2008 жылдан 9% төмен);
2010 жыл – 222 411 шаршы метр (2009 жылдан 7% жоғары);
2011 жыл – 240 522 шаршы метр (2010 жылдан 8% жоғары);
2012 жыл – 244 010 шаршы метр (2011 жылдан 1,58% жоғары).
2008-2010 жылдары өңірде Тұрғын үй құрылыс дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.
Бағдарламаның оң нәтижелеріне тұрғын үй құрылысы қарқынының өсімін ынталандыру, инвестиция үшін тұрғын үй құрылысының тартымдылығын арттыратын шарттар құру, кредиттік және жалдамалы тұрғын үй құрылысын жалғастыру, шамамен 3 426 отбасының тұрғын үй жағдайын жақсарту жатады.
Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасының әрекеті кезеңінде жеке тұрғын үй құрылысының төмендеуі байқалады: 2008 жылы 124,5 мың шаршы метр салынды (2007 жылға 95%), 2009 жылы – 117,1 мың шаршы метр (2008 жылға 94,4%), 2010 жылы – 88,9 мың шаршы метр (2009 жылға 75,9%). Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін жер телімдерін бөлу, коммуникациямен қамтамасыз ету талап етіледі.
2012 жылы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын іске асыру басталды, оның шеңберінде Шығыс Қазақстан облысына жалдамалы тұрғын үй құрылысы бойынша қаржыландыру лимиттері 586,0 млн.теңгеден 3,6 млрд.теңгеге ұлғайтылған. Бұдан басқа, жалдамалы тұрғын үй алушылардың жаңа санаты – жас отбасы енгізілген. Сондай-ақ, несиелік тұрғын үй, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдаралмасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы жалғасуда.
2012 жылы жалпы ауданы 19,029 мың шаршы метр 6 несиелік үй (312 пәтер), соның ішінде 1 үй қайта пайдалануға енгізілді,, бұл 2011 жылғыдан 3 есе көп. 2012 жылы кезекте тұрғандар үшін жалпы ауданы 16,3 мың шаршы метр 6 көп қабатты тұрғын үй (364 пәтер) және 7 жеке салынған үй салынды және сатып алынды, бұл 2011 жылдың қорытындысынан 2 есе асады, жас отбасыларға жалпы ауданы 7,6 мың шаршы метр 3 үй (113 пәтер) сатып алынды.
Жұмыспен қамту – 2020 бағдаралмасының үшінші бағытын іске асыру шеңберінде жалпы ауданы 12,8 мың шаршы метр 1 көп қабатты тұрғын үй (60 пітер) және 114 жеке салынған үй енгізілді.
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын кеңейту үшін 2013 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ және «Самрұқ Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы екі бағытта тұрғын үй құрылысы жоспарланған.
Саланың даму жағдайына SWОT талдау:
Күшті жақтары:
жеке тұрғын үй құрылысы үшін бос жер телімдерінің болуы;
тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту.
Әлсіз жақтары:
1) жеке тұрғын үй құрылысын тұрақты дамыту үшін коммуникацияның жоқтығы;
2) қаржыландырудың жоқтығынан жалгерлік тұрғын үй құрылысының нашар дамуы;
3) құрылыс индустриясының қалыптаспаған тиімді нарығы;
4) экономикалық белсенді халықтың негзгі көлемін, соның ішінде жас отбасыларды қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз етпеу.
Мүмкіндіктер:
жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;
2) тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік жеке меншік әріптестікті ынталандыру;
3) апаттық тұрғын үйды бұзу мәселесін шешу;
4) жаппай тұрғын үй құрылысы мақсатында аумақтарды кешенді игеру және салынған аумақтарды дамыту, бірінші кезекте экономикалық класс;
5) Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және Қазақстанның ипотекалық компаниясы сияқты қаржы институттарын дамыту;
6) қазіргі заманғы жаңа технологияларды енгізу жолымен құрылыс индустриясын дамыту, энергия тиімділік және экологиялық талаптарға сай келетін құрылыс материалдары, құрастыру және бұйым өндірісін арттыру, тұрғын үй құрылысында қазақстандық құрам үлесін арттыру.
Қауіптер:
тұрғын үй құрылысының, соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысының құлдырауы.
2.2.3.3. Жолдар және көлік
Жолдар.
Өңір Республикадағы ең ұзын 11 835,8 км жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын алып жатыр, соның ішінде: республикалық маңызы бар – 3 414 км (28,9 %), облыстық маңызы бар - 3 186 км (26.9 %) және аудандық маңызы бар – 5 235,8 км (44.2 %).
Оның ішінде асфальт-бетон жамылғысымен жабылғаны – 748,5 км, қара қиыршықтасты жамылғысымен – 6331,9 км, қиыршықтасты және шағылтасты жамылғысымен – 3984,4 км және топырақты жамылғысымен – 771 км, сонымен қатар олардың үстіне 504 көпір және 6629 су өткізу құбырлары орнатылған.
16 кесте
2010-2012 жылдары жөндеу жұмыстарының өзгеру динамикасы
Техникалық-эксплуатациялық жағдайдың өзгеру динамикасы
|
2010 ж
|
2011 ж
|
2012 ж
|
км
|
км
|
%
|
км
|
%
|
%
|
эксплуатациялық жағдай бойынша
|
|
Жақсы
|
673,8
|
8
|
736,4
|
8,7
|
807,7
|
9,6
|
Қанағаттанарлық
|
4716,3
|
56
|
4 860,0
|
57,7
|
4 955,2
|
58,8
|
Қанағаттанарлықсыз және бұзылу сатысында
|
3031,7
|
36
|
2825,4
|
33,6
|
2658,9
|
31,6
|
Өткізілген талдауға сәйкесінше, 2010 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықтағы облыстық және аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының техникалық – пайдаланушылық мониторинг жағдайы және техникалық – пайдаланушылық көрсеткішінің қатынасы келесі жағдайда өзгерген:
1) жақсы техникалық жағдайдағы жол ұзындығы 673,8 км-ден 807,7 км-ге дейін өсті, 133,9 км дейін артты;
2) қанағаттанарлық жағдайы 4716,3 км-ден 4995,2 км-ге дейін қысқартылды, немесе 278,9 км дейін азайды;
3) қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы 372,8 км-ден 3031,7 км- ге дейін 2658,9 км қысқартылды.
Күрделі және маңызды проблемалар автожол көпірлерінің және жолдардың көліктік-пайдалану жағдайы болып табылады. 2010 жылға дейін облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда көпірлерді, жолдарды, су өткізгіш құбырларды сайманды тексеру бойынша жұмыстар өткізілген жоқ. 2010 жылы облыстық маңызы бар үш автомобиль жолдарының паспорттауы жүргізілген болаты, оның нәтижелері бойынша көпірлердің және су өткізгіш құбырлардың техникалық жағдайы ерекше қауіпті тударыда, 85 %-дан астамы қанағаттанарлықсыз жағдайда тұр және жөндеуді қажет етеді.
17 кесте
2010 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықтағы автожол саласындағы негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы
Салалық бағытты қаржыландыру, млн. тенге
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
Жиыны
|
қаржыландыру көзі бойынша
|
БАРЛЫҒЫ
|
7 228,024
|
7 786,698
|
10 371,667
|
25 386,389
|
Республикалық бюджет
|
2 883,059
|
2 883,059
|
3 533,896
|
9 300,014
|
Облыстық бюджет
|
1 480,145
|
1 480,145
|
2 187,696
|
5 147,986
|
Басқа көздер
|
299,75
|
|
|
299,75
|
Қалалық / аудандық бюджеттер
|
2 565,07
|
3 423,494
|
4 650,075
|
10 638,639
|
|
|
|
|
|
Жөнделді, км
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
Жиыны
|
жөндеу түрлері бойынша
|
БАРЛЫҒЫ
|
226,1
|
140,1
|
207
|
573,2
|
Құрылыс, қайта жаңарту
|
13,4
|
8
|
12
|
33,4
|
Күрделі жөндеу
|
113
|
40
|
47
|
200,0
|
Орташа жөндеу
|
99,7
|
92,1
|
148
|
339,8
|
Ағымдағы жөндеу және мазмұны
|
3186
|
3186
|
3186
|
|
2010 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықтағы автожол саласындағы бюджеттік инвестицияның соммасы 25,386 млрд. тенгені құрайды
Барлық жөндеу жұмыстары түрлері аталған қаражат есебінен елді мекендер мен қала көшелері және автомобиль жолдарының 573,2 км жөнделді, соның ішінде төмендегідей жұмыс түрлері:
құрылыс, қайта жаңарту –33,4 км (5,8%);
күрделі жөндеу – 200,0 км (34,9%);
орташа жөндеу – 339,8 км (59,3%).
Назар аударатыны, егер құрылысқа қаржы қоры көбірек жұмсалатын болса, күрделі жөндеу жұмыстары да және қайта жаңарту жұмыстары да бірнеше жылға шыдар еді, алайда қаржы қоры бұрынғысынша аз бөлінгендіктен, жолдарыдың мерзіміне жетпей бұзылуына әкеліп соғады. Жасанды құрылыстар және жол төсемесінің қызмет ету мерзімінің қысқаруы, автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне қаржының толық мөлшерде жұмсалмауымен байланысты.
Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының жыл сайын орта есеппен алғанда 200 км бұзылады екен, бір жылда орта есеппен 150 км жол жөнделеді. Желі ұзындығын еске ала отыра, қазіргі таңда қайта жаңартуды және жөндеуді талап ететін жол 5,9 км құрайды, мұны жөндеу үшін қаржыландырудың қазіргі деңгейі сақталатын болса, 25 жылдан артық уақытты қажет етеді.
Ұстау нормаларын қатаң сақтаған жағдайда ғана уақытынан бұрын бұзылу үрдісін тоқтатуға болады. Бұл бірінші кезекте қайта құру және қайта жаңартудан өткен телімдерге қатысты. Сонымен қатар қаржының жетіспеушілігінен орташа және күрделі жөндеу жұмыстарының уақытында жүрмеуіне жол береді. Осының салдарынан кейін толығымен қайта салуды талап ететін жолдардың саны жылдан-жылға көбеюде.
Қаржы салымының шектеулігі мамандандырылған жол-құрылыс және жол пайдалану техникаларында да көрініс табуда. Ағымдағы жұмыстарды атқаратын негізгі машиналар және механизмдердің жетіспеушілігі автожол түріне тәуелсіз. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың қысқы уақытта ұсталатын қарын тазалау техникалары нормативтік қажеттіліктің 48 % құрайды, 80 жылдардан бастап қолданыста болғандықтан оның 50 % техникасы қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Көгалдандыру бойынша орман жолақтарын кесіп әкеліп отырғызу іс – шарасы жақсы дамыған, ал жаңадан отырғызып оны баптау жұмыстары мүлдем жүрмейді.
Саланың даму жағдайын SWOT талдау:
Күшті жақтары:
жеке өңірлер үшін жеке көліктік қатынас автожолдар болып табылады;
рұқсаттама қабілетінің резервтері;
көліктің түрлерінің инфрақұрылымының дамығандығы.
Әлсіз жақтары:
негізгі құралдардың маңызды табиғи және моральді тозуы (инфрақұрылым және қозғалмалы құрамы);
инновацияны және процесстерді автоматтандырудың төмен деңгейі.
Мүмкіндіктер:
мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмін дамыту;
автомбиль жолдарының, көпірлердің көлік-пайдалану көрсеткіштерің жақсаруы және олардың тұтыну құманың жоғарылауы;
автомобиль жолдары желілерін сақтау және дамыту;
автомбиль жолдарын қайта жаңғыртудан және күрделі жөндеуден кейін телімдерде жөндеу аралық аралық мерзімдерді сақтау;
автожол саласына сапаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу.
Қауіптер:
ішкі және сыртқы конъюктурасының нашарлау мүмкіндігіне байланысты макроэкономикалық тәуекелділіктер;
бюджеттік қаржыландыруды қысқарту;
бағалық тәуекелдер;
заңнамалық тәуекелдер;
техногендік және экологиялық тәуекелдер;
кадрлық тәуекелдер;
темір жол көлігінде жоғары тозудың және құралдың бұзылуының салдарынан апаттардың және техногендік катастрофалардың тәуекелділігі;
қолданыстағы жол-пайдалану техникасының жоғары тозуы байқалады.
Көлік.
Облыста теміржол, автомобиль, электр, әуе және су көлігі дамыған.
2012 жылы темір жол көлігін есепке алмағанда барлық көлік түрлерімен 1459,8 млн. адам тасымалданды, ал жолаушы ағыны 20030,7 млн. жолаушы шақырымын құрады, бұл 2011 жылғы деңгейден сәйкесінше 2,9 және 16,3 % артық (18 және 19 кесте). Жүкті тасымалдау көлемі (теміржол көлігінің есебінсіз) 476,4 млн. тонна, ал жүк айналымы 11232,8 млн. тонна, бұл 2011 жылғы деңгейден 14 және 8,2 % артық (20 және 21 кестені қараңыз).
18 кесте
2010-2012 жылдары барлық көлік түрлерімен жолаушыларды тасымалдау көлемінің өзгеру динамикасы
Жылдар
|
Барлық көлік түрлерімен жолаушылар тасымалданды (жолаушы көлігі есебінсіз)
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалданды, млн. адам
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Электр көлігімен жолаушылар тасымалданды, млн. адам
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Әуе көлігімен жолаушылар тасымалданды, мың адам
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Өзен көлігімен жолаушыларды тасымалданды, мың адам
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
2010
|
1272,6
|
111,6
|
1261,1
|
15,6
|
11,52
|
86
|
16,7
|
147,8
|
6,2
|
2,1
|
2011
|
1419,3
|
111,5
|
1408
|
112,8
|
11,3
|
98
|
19,15
|
115
|
11,05
|
178,8
|
2012
|
1459,8
|
102,9
|
1449,3
|
101,3
|
10,5
|
93,5
|
5,11
|
26,7
|
11,49
|
104
|
19 кесте
2010-2012 жылдарға арналған жолаушы ағынының өзгеру динамикасы
Жылдар
|
Көліктегі жолаушы ағыны (темір жол көлігін есепке алмағанда) млн. жол. км
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Автомобиль көлігімен жолаушы ағыны, млн. п. км
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Электр көлігімен жолаушы ағыны, млн. жкм.
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Әуе көлігімен жолаушы ағыны, мың жкм.
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Өзен көлігімен жолаушы ағыны
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
2010
|
11485,1
|
116,7
|
11427,5
|
116,9
|
57,6
|
86
|
14232,6
|
147,9
|
129,7
|
162,1
|
2011
|
17223,5
|
150
|
17167,1
|
153,4
|
56,4
|
98
|
16239
|
114,1
|
57,2
|
4,4
|
2012
|
20030,4
|
116,3
|
19977,6
|
112,6
|
52,8
|
93,5
|
4319
|
26,6
|
13,7
|
24
|
2012 жылы өзен көлігімен 11,49 мың жолаушы тасымалданды, бұл 2011 жылғы деңгейден 3,9% артық, жолаушы айналымы 13,7 мың жолаушы км құрады.
Талданатын кезеңде жалпы жолаушыларды тасымалдау жалпы көлемі бойынша барлық көлік түрлерінің үлес салмағы мүлдем өзгерген жоқ. 2012 жылдың қорытындылары бойынша жолаушыларды тасымалдау саласында автомобиль көлігінің үлесі 95,5 %, теміржол -4,44%, әуе - 0,0003% және өзен - 0,0008%.
Қазіргі уақытта облыста автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау 328 тұрақты бағыттарда, оның ішінде 154 - қалаішілік, 62 – аудан ішілік, 76- облысішілік қалааралық және қаламаңы бағыттары, 15 – облысаралық және облыстың елді мекендерін Ресей Федерациясының – Барнаул, Новосібір, Омск, Томск, Рубцовск, Кемерово, Красноярск, Новокузнецк, Змеиногорск қалаларымен, ҚХР – Үрімші, Алтай қалаларымен байланыстыратын 21 – халықаралық бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
2012 жылы облыстың автомобиль көлігімен 1459,9 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2011 жылғы деңгейден 2,9 % жоғары. Көліктің жолаушы ағыны 20034,8 млн. жолаушы км. құрады.
Қала іші жолаушы тасымалын диспетчерлік басқару Өскемен және Семей қалаларының мамандандырылған орталықтарымен, облыс іші қалааралық – автовокзалдар мен автостанциялар арқылы басқарылады.
Қазіргі уақытта облыста тұрақты бағыттардағы қозғалыс құрамы бағыты бойынша елді мекендерде орналасқан, 5 автовокзал және 31 автостанция (2 Өскемен қ,. 2 Семей қ., және 1 Жарма ауданы Қалбатау ауданы) қызмет атқарады.
Диспетчерлік басқару мен облысіші жолаушы тасымалының сапасын жоғарылату мақсатында Семей қаласында жаңа халықаралық автовокзал ашылған, Жарма ауданы Қалбатау ауылында автостанция ғимараты жөнделген, Тарбағатай аудан Ақсуат ауылында автостанция ғимараты жөнделген, Аягөз ауданында барлық заманауи талаптар ескерілген жаңа автостанция салынған.
Сондай-ақ шешімін таппай отырған мәселердің бірі өзен көлігін дамыту болып отыр, мұндағы жолаушы ағынының үлесі 0,003% және жүк 0,001%, дамуды тежеп отырған жалғыз ғана себеп, ол көлік кемелерінің және сәйкесінше инфрақұрылымның жоқтығы.
20 кесте
2010-2012 жылдары барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау көлемінің өзгеру динамикасы
Жылдар
|
Автомобиль көлігі, млн. т.
|
Алдыңғы жылға арналған қарқын, %
|
Әуе көлігі, тонна
|
Алдыңғы жылға арналған қарқын, %
|
Су көлігі, мың тонна
|
Алдыңғы жылға арналған қарқын, %
|
Жүк тасымалдау, млн. тонна
|
Алдыңғы жылға арналған қарқын, %
|
2010
|
327
|
117,2
|
32,6
|
3,1
|
255,91
|
77,7
|
327,2
|
117
|
2011
|
417,8
|
127,8
|
28,9
|
88,7
|
273,7
|
107
|
417,8
|
127,7
|
2012
|
476,4
|
114
|
5,8
|
20,1
|
309,2
|
113
|
476,7
|
114
|
21 кесте
2010-2012 жылдарға жүк айналымының өзгеру
динамикасы
Жылдар
|
Автомобиль көлігі, млн. т.
|
Алдыңғы жылға арналған қарқын, %
|
Әуе көлігі, тонна
|
Алдыңғы жылға арналған қарқын, %
|
Су көлігі, мың тонна
|
Алдыңғы жылға арналған қарқын, %
|
Жүк тайналымы, млн. ткм
|
Алдыңғы жылға арналған қарқын, %
|
2010
|
7157,2
|
119,5
|
28,100
|
3,2
|
17769
|
96
|
7174,9
|
119,4
|
2011
|
10381,4
|
145
|
24,9
|
88,6
|
15368
|
86,5
|
10396,7
|
144,9
|
2012
|
11232,8
|
108,2
|
4,8
|
19,3
|
20259,4
|
131,8
|
11253
|
108,2
|
Жүк тасымалының жалпы көлемінде көлік түрлерінің үлес салмағы талданатын кезеңде мүлдем өзгерген жоқ. 2012 жылдың қорытындылары бойынша жүк тасымалы құрылымында автомобиль көлігінің үлесі 99,9 %, су – 0,01 % және әуе – 0,000004%.
2012 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жүк тасымалдауда 1200 жүк автомобилі қызмет атқарады.
2012 жылы автомобиль көлігімен 476,4 млн. тонна жүк тасымалданған, 2011 жылдың деңгейінен 14% артық. Жүк айналымы 11232,8 млн. тонна, 2011 жылдың деңгейінен 8,2% артық.
Жол маңы инфрақұрылымын халықаралық транзиттік дәліздерге дамыту мақсатында Зайсан ауданында Омск – Майқапшағай трассасында қонақүй, автостоянка және кафеден құралған жол маңы кешені ашылған, Риддер қаласында, Шемонаиха ауданында транзиттік көлік, Семей-Павлодар трассасында мотель, Алматы – Өскемен трассасында Ұлан ауданында кемпинг салынған.
«Омск – Майқапшағай» - 2, «Өскемен-Семей – 1 респубилкалық маңызы бар жолдарда жаңа автожанармай құю станциялары іске қосылды.
Бүгінгі күні республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 102 ЖЖС, 1 ТҚО, 121 тамақтану пункттері, 3 қонақүй және 1 тұрақ, облыстық маңызы бар жолдарда - 19 ЖЖС, 2 ТҚО, 11 тамақтану пункттері және 1 жылыту бекеті, аудандық маңызы бар жолдарда – 14 ЖЖС, 2 ТҚО, 3 тамақтану пункттері, 1 қонақүй, 2 кемпинг қызмет етеді.
Облыстың темір жол желісінің ұзындығы 1 243,3 км құрайды, онда 35 темір жол бекеті орналасқан. Жұмыс істейтін 35 вокзалдан 32-і «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2 вокзал (Жаңа Семей – Өскемен вокзалы) жеке меншікте және 1 вокзал (Шалабай) «Досжан темір жолы» АҚ тиесілі. Облыста 2005-2008 жылдары «Станция Шар – Өскемен» теміржол вокзалы ашылған, ұзындығы 151 км.
2011-2012 жылдары «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ 5 жолаушыларға қызмет көрсету пункті ашылған, 2012 жылы алты вокзалға күрделі жөндеу жүргізілді, 2013 жылы тоғыщ вокзал күрделі жөнделеді.
Темір жол көлігімен жолаушыларды және жүкті тасымалдау мынадай облысаралық және халықаралық бағыттар бойынша жүзеге асырылады: Защита-Алматы, Лениногорск-Астана (Мәскеуге дейінгі тіркелген вагонмен), Лениногорск-Барнаул (бір тіркелген вагонмен Новосибисркіге дейін және бір тіркемемен Бийскіге дейін), Семей-Қызылорада, сонымен қатар транзиттік: Новокузнецк-Семей-Бішкек, Новосибирск-Семей-Алматы, Новосибирск-Семей-Ташкент, Павлодар-Семей-Алматы, Павлодар-Семей-Қарағанды бағыттары.
Облыс ішінде жолаушылар «Защита-Зырян», «Защита-Лениногор» бағыттары арқылы теміржол көлігімен тасымалданады. Бұл бағыттар шығынды және тасымал шығындары жыл сайын облыс бюджетінен қаржыландырылады.
2012 жылы 132,2 мың жолаушы тасымалданды, 214,6 млн. теңге көлемінде субсидия төленді.
1995 жылға дейін облыстың Катонқарағай, Зырян, Үлкен Нарын, Күршім, Самар, Ақжар, Тұғыл, Теректы, Бобровка, Боран, Зайсан, Карагужиха, Рахман қайнарлары, Үржар, Аягөз, Ақсуат, Караул, Бестамак, Қайнар, Баршатас, Жорға, Емелтау, Жарбұлақ елді мекендерінде жергілікті әуе желілерінің әуе айлақтары болған.
Қазіргі уақытта облыста «Халықаралық» деңгейдегі екі әуежай уақытша сызба бойынша қызмет атақаруда – бұл Өскемен және Семей қалаларының әуежайлары, сонымен қатар «Д» санатындағы төрт елді мекендегі әуежай.
Өскемен қаласы әуежайынан Астана, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосібір, Баян Үлгі қалаларына әуе рейстері орындалуда. Семей қаласының әуежайынан – Астана және Алматы қалалырына.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығымен бекітілген, «2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының көлік стратегиясын», сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында, өңірдің тұрғындарын әуе тасымалдары бойынша қызметтермен қамтамасыз ету үшін жергілікті әуе желілері бойынша тұрақты әуе рейстерін жандандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
«Өскемен – Зайсан – Өскемен» бағыты бойынша Ан-24 әуе көліктерімен, 4 қыркүйектен бастап –Ан-2 «Өскемен - Катонқарағай» және «Өскемен – Күршім» бағыттары бойынша облыс ішінде авиарейстер қалпына келтірілді. 2008 жылғы 4 тамызда «Өскемен – Семей – Үржар» бағыты ашылды.
Тұрғындар үшін тұрақты ішкі жолаушы және жүктің әуе тасымалына қол жетімді тарифін сақтау үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен жыл сайын сәйкесінше қаржыландыру жүргізіледі. Мысалы, тұрақты ішкі әуе тасымалдарын субсидиялау үшін 2012 жылы 138,4 млн. теңге, 2013 жылы – 146,5 млн. теңге бөлінді.
Саланың даму жағдайына SWОT талдау:
Күшті жақтары:
2008 жылдан бастап тасымалданған жолаушылар саны 15,6 % артты;
ішкі әуе бағыттарын қайта жандандыру, ішкі теміржол және әуе қатынастарын қаржыландыруды ұйымдастыру арқылы, көліктің барлық түрлері қызметіне облыс тұрғындарының колжеткізушілігін қамтамасыз ету.
Әлсіз жақтары:
заңсыз тасымалдаушылар әрекеттеріне байланысты алыстағы елді мекендердің тұрақты қатынаспен қамтамасыз етілмеуі;
жеке аудандарда ауданішілік жолаушылар тасымалы жоқ.
Мүмкіндіктері:
мақсаттардың орындалу жетістігі басқа мүдделі органдармен бірігіп, әрекеттесу;
рұқсат құжаттарынсыз жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын заңсыз тасымалдаушылар мәселесін шешу үшін Жолаушы көлігі және автомобиль басқармасының, Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Жол полиция басқармасының, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының, сондай-ақ, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ынтымақтастығы қажет.
Қауіптер:
макроэкономикалық қатерлер сыртқы және ішкі конъюктураның нашарлау мүмкіндігіне, экономиканың өсу қарқыны және инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне, банк жүйесінің дағдарысына, өнеркәсіптегі құлдырауға және т.б. байланысты. Макроэкономикалық қатерлердің орындалған жағдайында көлік қызметі сұранысының төмендеуі мүмкін, бұл өз кезегінде мақсаттық көрсеткіштерге әсер етеді;
бағалық қауіптер. Жұмыстардың өзіндік құнына әсер ететін энергия тасымалдаушылардың және құрылыс материалдарының бағасы көлік саласы дамуының сындық факторлары болып табылады. Кейбір салалар (жанар-жағармай, құрылыс материалдарының өндірісі) жеткіліксіз дамыған.
2.2.3.4. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы
Өңірдің инфрақұрылымдық кешені электрмен қамту, сумен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, су бұру, жол саласы, көлік, телекоммуникация, пошта байланысы және абаттандыруду салаларымен ұсынылған.
Өңірдің инфрақұрылымдық кешенінің дамуы аталған қызметтерде экономика және халық қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Сумен қамту.
Өңірде 798 елді мекеннің 295-і орталықтандырылған сумен қамтылған немесе 10 қаладағы 81,9% тұрғын, 3 кент және 282 ауыл су құбыры суына қол жеткізген. Жергілікті көздерден сумен қамту 20,4% тұрғынды қамтитын 489 елді мекенде жүзеге асырылады, тасып жеткізілетін суды 0,1% тұрғынды қамтитын 5 елді мекен пайдаланады
13 қала, қала типіндегі кенттер тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 96,6%-ды құрайды, қала тұрғындарының 3,3%-ы суды жергілікті көздерден алады.
Ауылды сумен қамту жүйесінде тұрғындардың 61,3 %-ы орталықтандырылған сумен қамтылған, тұрғындардың 38,6 %-ы жер асты және беткі су көздерінің суын қолданады, сонымен қатар 0,1 % тасып жеткізілетін суды пайдаланады. 1474 адам тұратын 6 елді мекенге су тасып жеткізетін ұйымдардың есебінен жүзеге асырылады.
2011-2012 жылдары (22 кесте) қала тұрғындарының орталықтандырылған су құбырының суымен қамтамасыз етілуі 0,17 % өсті және 2013 жылдың 1 қаңтарына 96,74 %-ды, ауыл тұрғындары – 5,2% өсіп, 36,8% құрады.
22 кесте
Облыстың тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтуды қамтамасыз ету және 2011-2012 жылдардағы желілердің ұзындығы туралы ақпарат
Сумен қамтамасыз ету, %
|
Су құбыры желілерінің ұзындығыбарлығы, км
|
Олардан ауытыруды қажет ететіні
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
барлығы, км
|
Жалпы ұзындыққа %
|
қала
|
ауыл
|
қала
|
ауыл
|
3863,9
|
1450,3
|
37,5
|
96,57
|
31,6
|
96,74
|
36,8
|
Облыс тұрғындарын коммуналдық-тұрмыстық сумен қамту жүйесінде 3863,9 км су құбыры бар (оның ішінде қалаларда 59,6% - 2303,7 км). Желілер қанағаттанарлықсыз жағдайда болғандықтан желілердегі судың үлкен көлемі шығынға ұшырайды және халықтың суды тұтынуының үлес мөлшері артады.
Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 қаулысымен бекітілген қолданыстағы 2011-2020 жылдарға арналған «Ауыз суы» бағдарламасының аясында 2011 - 2012 жылдары бюджет қаржысынан 10,40 млрд. теңге игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 8,77 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,6 млрд. теңге (23 кестені қараңыз).
2011-2012 жылдары 49 нысанда жұмыстар жүргізілді, оның 32 бойынша құрылыс аяқталып, пайдалануға берілді, 17 нысан 2013 жылға ауыстырылды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 9 ауылда тұратын 13,5 мың адам орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізді, 426 км желі салынды және жөнделді.
23 кесте
2011-2020 жылдары «Ауыз суы» бағдарламасының аясында бюджеттің игерілген қаражаты көлемінің өзгеру динамикасы
|
2011-2012
|
2011
|
2012
|
Барлығы, млн.тенге:
|
10402,8
|
6498,4
|
3904,4
|
РБ
|
8776,6
|
5450,6
|
3326
|
ЖБ
|
1626,1
|
1047,7
|
578,4
|
2011-2012 жылдары іске қосылған объектілер
|
32
|
20
|
12
|
2015 жылға дейінгі облыс аумағын дамыту бағдарламасында ауылдық сумен қамту бойынша 152 жоба, қалалық сумен қамту бойынша 45 жоба, су бұру жүйесін салу және қайта жаңғырту бойынша 56 жобаны іске асыру жоспарланған.
Жер асты сулары сумен қамту көздері болып табылғандықтан, жер асты суларының орындары мен қорлары барланып, бекітілуі қажет. 2006-2013 жылдары Іске асырылуы жоспарланған 182елді мекендегі қорлар бекітілген, 2013 жылы 64 елді мекенде қорларды бекіту жұмыстарын жүргізу қажет.
Геологиялық-барлау жұмыстары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен ең аз мөлшерде қаржыландырылады, ал барланған қорлар бойынша қорытындылар екі жылдан кейін беріледі.
231 су құбырына қызмет көрсету және пайдаланумен мамандар және пайдаланудың ең қажетті құралдарымен жабдықталмаған 37 коммуналдық кәсіпорын, 77 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, шаруа қожалығы, жеке кәсіпкерлер және 33 ауылдық әкімдік айналысады. Осыған себептердің кесірінен құрылысы аяқталған және пайдалануға берілген ауыз сумен қамтитын объектілердің одан әрі пайдаланылуын қамтамасыз етуге байланысты проблемалар бар.
2012 жылы облыстың қалалары мен аудандарындағы халық үшін сумен қамту қызметтерінің тарифтері куб метрі 5,5 теңгеден 122,1 теңгеге дейін түрленіп отырды.
Саланың даму жағдайына SWOT талдау:
Күшті жақтары:
1) жер асты тұщы су қорының жеткілікті деңгейі;
2) ауыз суға аса қажетсіну;
3) сумен қамтудың қолданыстағы жүйелерінің бар болуы;
4) халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу көрсеткішін 77,9 %-ға дейін жеткізу;
5) пайдаланудың қолданыстағы қызметінің бар болуы.
Әлсіз жақтары:
1) Қолда бар жер асты тұщы су қорын жеткіліксіз пайдалану;
2) сумен қамту объектілері мен желілерінің аса тозуының және осының салдарынан апаттардың, жоғалтулардың, ауыз су сапасының төмен деңгейінің болуы;
3) негізгі өндірістік қорлардың ескіру процесі жаңартудан гөрі аса жылдам қарқынмен өтуде;
4) сумен қамту жүйелерінің жаңаларын салу мен қолданыстағыларын қайта жаңартуға мемлекеттік және жеке инвестициялардың жетіспеушілігі;
5) инфекциялық аурулардың туындау қауіптілігі;
6) берілетін судың сапасын бақылауды жүзеге асыратын лабораториялардың көптеген аудандарда болмауы;
7) ауылдық елді мекендерде сумен қамту және су тарту кәсіпорындарының жеткіліксіз дамуы.
Қауіптер:
1) ұңғымаларды пайдалану режімінің бұзылу нәтижесінде жер асты су көздері сапасының төмендеуі, иесіз гидрогеологиялық ұңғымалардың көп мөлшерде болуы, жер асты суының техногендік ластануы;
2)табиғи тозудың салдарынан жабдықтың жұмыс істемей қалуы, қоршаған ортаға теріс әсер ету тәуекелі;
3) сумен қамту объектілерінің ұзақ мерзім пайдаланудың нәтижесінде қалыптасқан қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі;
4) халықтың денсаулығының нашарлауына әкелетін су дайындаудың ескірген технологиясы қолданылады;
5) апаттың көбеюі, тәуліктік судың болмауы.
Мүмкіндіктер:
1) жер асты тұщы суларының жаңа кен орындарын игеру;
2) халықтың сапалы ауыз суымен қамтылуы;
3) сумен қамту жүйелерінің техникалық жай-күйінің жақсаруы, су тазарту және су дайындауға шығынның ұлғаюы;
4) замануи тиімді технологияларды қолдану мүмкіндігі;
5) пайдалану қызметін материалдық-техникалық базаны жарақтандыру жолымен жетілдіру.
Жылумен қамту.
Өңірде 3 аса үлкен көмір кеніші бар – Қаражыра, Майқұба және Кендірлік. Қазып алынатын қатты отын өңірдің ішкі сұранысын ғана қамтамасыз етіп қоймай, республиканың басқа да облыстарына жіберіледі және республика аумағынан тыс жерлерге де экспортқа жіберіледі.
Облыс аумағында 5 жылу электр станциясы орналасқан – Өскемен, Семей, Риддер қалаларының тұтынушыларын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін Өскемен ЖЭО, Согра ЖЭО, Риддер ЖЭО, Семей қаласындағы ЖЭО-1 және ЖЭО-2.
Облыс аумағында жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 1208,9 км. Қуаты 100 Гкал қазандықтар саны 746 дана. Қазандықтардың негізгі бөлігі қатты отынмен жұмыс істейді, тозудың орташа шамасы 70 % құрайды. Көмірді тұтынушыға дейін тасымалдау шығыстарының ұлғаюына байланысты соңғы уақытта оның соңғы бағасы өскен. Бұл жағдай облыс тұтынушыларының жылумен қамту әдістерін қайта қарауды талап етеді, яғни жаңа технологиялар енгізу жолымен.
Ауылдық елді мекендерде әлеуметітк мәдени тұрмыс нысандарын жылумен қамтуды ұсақ қазандықтар қамтамасыз етеді, олар қатты отынмен мен және электр энергиясымен жұмыс істейді. Қазандықтардың көбі қатты тозған.
Бүгінгі күні өңірде жылумен қамту желілерінің тозуы орташа алғанда 55%, нормативті шығындар 18,5% құрайды. Бұл ретте өңірде нормаивтен артық шығындар жоқ.
Статистикалық мәліметтер бойынша облыстың жылумен қамту кәсіпорындарымен барлығы 2012 жылы 9800 мың Гкал жылу энергиясы өндірілген, 7100,6 мың Гкал жылу энергиясы жіберілген, оның ішінде жылу электр станцияларымен – 5400 мың Гкал, қазандықтармен – 4400 мың Гкал. Жылу энергиясын өндіру мен жіберу бойынша республикада облысымыз Қарағанды мен Павлодар облыстарынан кейін 3-орынды алады (төмендеу шкаласы бойынша).
2010 жылдан 2012 жылға дейін облыстың жылу көздерімен жылу энергиясы өндірісінің 9794 мың Гкалдан 9800 мың Гкалға дейін өскені байқалды, бұл жаңадан қосылған тұрғын үй, өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық объектілер санының өсуімен байланысты.
36 сурет
2012 жылға жылу энергиясын тұтыну құрылымында тұрғындардың үлесіне – 38%, ұйымдардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері – 15%, кәсіпорындардың өндірістік қажеттіліктері – 21%, басқа кәсіпорындар (алып қайта сатушылар) – 30% болып келеді.
2010-2012 жылдарға тұтынушыларға жылу энергиясын бостау көлемінің өзгеру динамикасы біраз ауытқуларды қоспағанда жалпы тұрақты болып тұр (2010 жыл – 9794,7 мың Гкал, 2011 жыл – 9533,7 мың Гкал, 2012 жыл – 9800 мың Гкал).
Бұдан басқа, облыста заманауй энегрия үнемдеу технологиясын енгізу тәжірибесі жүзеге асырылды, атап айтқанда жылу сорғыш қондырғыларынан Прапорщиков кентінің Киров ОМ ТНУ жобасы іске асырылады.
Жүргізілген талдаудың негізінде өңірдің жылумен қаму саласының дамуын ұстайтын келесі негізгі проблемалар анықталды. Жылу көздерінің, магистральді және квартал ішілік желілерінің энергетиклық және қазандық құралдарының қатты тозуының проблемалары ТЭО құралдарының және қазандықтарының тозуына, жылу көздерінің энергетикалық құралдарын жңартуға және жаңалауға инвестиция көлемінің аздығымен байланысты. Семей қаласының жылу көздері қатты қауіпті тудырады. Өткен жылу кезеңінде көрсетілгендей Семей қаласының жылумен жабдықтау жүйесі әсіресе қаланың сол жағалау бөлігі қатты қиындықтарға душар болған. Сол жағалаудың негізгі жылу көздері ТЭО-1 және РК-1 қайта жаңғырту және жаңалау бойынша жұмыстарды міндетті және дереу жүргізуді талап етеді, өйткені аталған жылу көздерінің барлық қазандық агрегаттары өзінің қызмет ету мерзімін жойған, олардың тозу деңгейі нашар ретінде бағаланады және 70-93% құрайды.
Тарифтерді талдаған кезде, тариф тапшылығының негізгі үлесі «электроэнергия» шығын бабы бойынша қалыптасады. Өйткені, шығындар сметасына электроэнергия бойынша ескі тарифтер салынады. Электроэнергияға жаңа тарифтерді бекіткен кезден бастап жыл, ыстық сумен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету бойынша тарифтер қалыптаса бастайтын болады.
Бүгінгі күні қуаты 100 Гкал жылу көзі бар мемлекеттік жылумен қамту кәсіпорындар шығынды болып табылады: Семей қ. «Жылукоммунэнерго» МКК, Курчатов қ. «КМЭП» МКК, Зырян қ. «Жылу орталық» МК, Серебрянск қ. «Бухтарма Инфрасервис» КМК, Глубокое к. «Жылуэнергия» МКК және Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын а. «Нарын» МКК.
Саланың даму жағдайына SWOT талдау:
Күшті жақтары:
облыстың жылу көздерімен жылу энергиясын өндірудің өсуі;
облыстың ЖЭО-лары мен қазандықтарына арзан отын көздері болып табылатын көмір кен орындарының облыста бар болуы;
Әлсіз жақтары:
Семей, Курчатов, Зырян, Риддер қалаларындағы, Глубокое кентіндегі жылумен қамтудың сапасыз қызметтері;
жылумен қамтамасыз ететін желілердің 17,8 %-ы ауыстыруды талап етеді.
Мүмкіндіктер:
жылумен қамтамасыз етудің дәстүрлі емес көздерін дамыту песпективалары.
Қауіптер:
ЖЭО орнатылған және мүмкіндігі бар қуаттарының көптеп төмендеуінің болуы, қазандықтар қуаттылықтарының істен шығуы, жылу көздері агрегаттарының негізгі қорлардың тозуының жоғары деңгейде болуына байланысты апаттық жөндеуде тұрып қалуы;
бәсекелестік ортаның дамымауы.
жылу желілерінің жылу көздерінің, магистральдік және ішкі кварталдық энергетикалық және қазандық құралдарының қатты тозуы;
жылу энергиясын жоғалтудың жоғары деңгейі.
Су бұру.
Өңірде орталықтандырылған су тарту 798 елді мекеннің (бұдан әрі ЕМ) 42 елді мекенінде жұмыс істейді. Облыста барлығы 125 канализациялық сору станциясы, 21 тазарту имараттары бар. 3 ауданда тазарту тазарту имараттары жоқ. 2010 жылы толық биологиялық тазарту арқылы тәулігіне 1168,7 мың текше метр ағынды сулар өткізілді.
70-жылдары салынған тазарту имараттары өздерінің пайдалану ресурстарын орындаған, имараттардың жобалық қуаты жеткіліксіз, соның салдарынан толық тазартылмаған шаруашылық-тұрмыстық, өнеркәсіптік және нөсер сулары Ертіске төгіледі.
Қалалық су каналдарының басты бір проблемасы өнеркәсіптік кәсіпорындардың 2 және 3 токситтік сыныбының ауыр металдармен: қорғасын, мырыш, никель, темір, мышьяк, бериллий, сынаппен және т.б. ластанған суларды ағызуы болып отыр.
Тазарту имараттар кешені шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларын тазартуға арналғандықтан, өнеркәсіптік ағындалар түскен кезде табиғи тазарту қиынға соғады (микрофлора өледі), қоршаған ортаға зиян келеді. Қалалық су каналдарымен балық шаруашылығына арналған су қоймасы болып табылатын Ертіс өзеніне ластаушы заттарды тастағаны үшін айып салынады.
Әсіресе кіші қалалар мен аудан орталықтарында қиын жағдайлар қалыптасқан. Елді мекендердің тазарту имараттары қатардан шығып қалады. Нәтижесінде нормативті техникалық жоғалтулардың орташа деңгейі облыстың су шаруашылық жүйелерінде шамамен 30-35%-ды құрайды.
Тазарту имараттарын сапалы пайдалану және олардың істен шығуына жол бермеу мақсатында канализациялық желілерді қайта жаңғырту қажет.
2011-2012 жылдары Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 қаулысымен бекітілген «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Өскемен, Курчатов, Глубокое ауданы Белоусовка кенті және Тарбағатай ауданы Ақсуат а. 4 жоба бойынша канализация жүйесін қалпына келтіру және қайта жаңғыртуға 1804,0 млрд. теңге бөлінді және игерілді.
Канализациялық желілердің жалпы ұзындығы 1417,4 км, оның ішінде 487,9 немесе 34,4% ауыстыруды қажет етеді, бұл апаттық жағдайларға әкеліп соғады. Мысалы 2011 жылғы 120 апатқа қарсы 2012 жылы канализация желілерніде 744 апат болған. Облыс тұрғындарының су бұру қызметтерімен қамтылу деңгейі 2012 жылы 34,2% құрады (кесте 24).
Кесте 24
2011-2012 жылдары облыс тұрғындарының су бұру қызметтерімен
қамтылу деңгейі
|
|
2011
|
2012
|
Тұрғындарының
су бұру қызметтерімен қамтылу деңгейі:
|
%
|
34,1
|
34,2
|
Канализация желілерін жөндеу
|
км
|
4
|
8,2
|
Тазарту имараттарын күрделі жөндеу
|
шт
|
0
|
2
|
Су тартуға қолданыстағы тарифтер технологияларды жаңартуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған кешенді жаңарту жүргізу шығындарын есепке алмайды, өйткені тарифтың структурасы мен пайданың инвестициясы көздерінің үлесі шамалы.
Сонымен, облыс бойынша 2012 жылға канализация қызметіне тарифтер куб метр үшін 5,6 теңгеден 151,2 теңгеге дейін өзгерді. Сол кезде Су каналдарының есептері бойынша эксплуатациялық шыығындарды жабуға жеткілікті тариф 20 теңгеден 190 теңгеге дейінгі деңгейде болу керек болған.
Облыс тұрғындарын су тарту қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейі 2012 жылы 34,2%-ды құрады.
Саланың даму жағдайына SWOT талдау:
Күшті жақтары:
тұрғындардың су бұру жүйесіне қол жетімділігі - 34,2%;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 қаулысымен бекітілген «Ақ бұлақ» бағдарламасының шеңберінде су бұру, тазарту имараттарын салу және қайта жаңғырту қарастырылған.
Әлсіз жақтары:
70 % канализациялық желі қанағаттанарлықсыз жай-күйде тұр және ауыстыруды талап етеді.
Мүмкіндіктер:
су тарту объектілерін, канализация жүйелерін, тазарту имараттары мен канализация желілерін салу және қайта жаңартудың инвестициялық жобаларын іске асыру тұрғындарды су тарту қызметтерімен қамту деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қауіптер:
су тарту объектілерін, канализация жүйелерін, тазарту имараттары мен канализация желілерін салу және қайта жаңарту жобаларының мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландырылуы объектілерді пайдалануға беру мерзімін бұзуы және облыс халқының санитарлық-экологиялық аман-есендігіне кері әсерін тигізуі мүмкін.
Газбен қамту.
Шығыс Қазақстан облысында орталық газбен қамту 6 қалада және 2 кентте бар. Сұйытылған газдың негізгі үлесі Павлодар мұнайөндеуші зауытынан жеткізіледі.
Сұйытылған газдың аккредиталған жеткізушілері: «Капан» ПКФ ЖШС (Өскемен қ.), «ШҚ Газ» ЖШС (Өскемен қ.), «Ертiс трансгаз» ЖШС (Семей), «Аманат газ» ЖШС (Семей).
Газ таратушы қондырғылар және халықты орталықтандырылдған газбен қамтамасыз ету ыдыстары бүгінгі күні қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайда болып табылады.
Жалпы облыста 595 ГРУ бар, оның 420 жұмыс істемейді, ал 365 қалпына келтіруге және қайта куәләндіруге, 57 ГРУ демонтажға жатады.
Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ГРУ жөндеу жұмысы басталды. Мысалы Риддер және Ұлан ауданында ГРУ жөндеу бойынша оң мемлекеттік сараптама қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама бар.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі өңірді газдандыру мақсатында «Рубцовск – Өскемен» газ құбырын салу мүмкіндігін қарастыруда.
Газ құбырының жобалық ұзындығы шамамен 260 км, 2015 жылға дейін табиғи газды жыл сайын тұтыну 1,5 миллиард куб метр, 2017 жылға қарай 2,5 миллиард куб метрге жетеді. Жобаны іске асыру мерзімі қазақстан аумағында – екі жыл.
«Рубцовск – Өскемен» газ құбырын салу жобасын ҚР Мұнай және газ министрлігі қарастыруда.
Газ құбырын жобалау және салуды қаржыландыру мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде жүзеге асыру жоспарланған.
Газ құбырының ұсынылған трассасы Ресей Федерациясы шекарасынан Бородулиха ауданы Бородулиха кенті арқылы, Шемонаиха қаласы, Глубокое ауданы Глубокое кенті арқылы облыс орталығына өтеді (Бородулиха кентінен Семей қаласына таралумен).
Қазіргі уақытта Өскемен және Семей қааларының жылумен қамтуы жылуэлектрорталықтары арқылы жүзеге асырылады, олар қатты отынмен жұмыс істейді. Көмірдің негізгі көлемі Қаражыра көмір разрезіне жеткізіледі.
Жобада мыналар қарастырылған:
1) I кезеңде құрылысы жоспарланған Өскемен қ. ТЭЦ-2 және Семей қ. ТЭЦ-3 газ құбыры трассасында орналасқан жылу көздерін (Бородулиха, Шемонаиха және Глубокое аудандары) табиғи газ пайдалануға ауыстыру. Сондай-ақ негізгі зәкірлік тұтынушы өңірдегі металлургиялық және тау кен өндіру саласы кәсіпорындарының тапшылығын өтеу көзделген;
2) II кезеңде «Өскемен ТЭЦ» АҚ және Семей қ. «Теплокоммунэнерго» МКК жылу көздерін ауыстыру, бұл тұтынылатын қатты отыннан бас тартуға әкеледі.
I кезеңде 1 394 млн. м³ газ тұтыну жоспарланған, II кезеңде тұтыну 2 907 млн. м³ табиғи газға жетеді.
Қазандықтар мен жаңа ТЭЦ құрылыстарын жылу көзі ретінде табиғи газға ауыстыру атмосфераға зиянды заттардың тасталуын 31 мың тоннадан 3 мың тоннаға азайтуға (көмір күлі, күкірт диоксиді, азот және оксид көміртегі) әкеледі, бұл ластанудың 9 есе азаюына және өңірдегі экологиялық және әлеуметтік жағдайдың жақсаруына әкеледі.
2012 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Респубилкасы арасында «Сарыбұлақ – Зимунай» газ құбырын салу және пайдалануда ынтымақтастық туралы келесім жасалды (бұдан әрі – Келісім). Келісімнің 7 бабына сәйкес Сарыбұлақ кенорнынан алынатын табиғи газдың жартысы Қазақстанның ішкі қажеттіліктері үшін жұмсалады, бұл ретте бұл шамамен 250 миллион куб метр табиғи газды жыл сайын құрайды.
Қазіргі уақытта Зайсан қ. және Зайсан ауданының 9 ауылдық елді мекенінде газ инфрақұрылымын салу бойынша нақты жұмыс жүргізілуде.
Газ шаруашылығы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын 2020 жылға дейін дамытудың салалық бағдарламасы аясында Қостанай-Көкшетау-Астана-Қарағанды магистралдық газ құбырын салу мәселесі қарастырылды және келешекте облыс бұл газ құбырын Шығыс Қазақстан облысының аумағында салу мәселесін түбегейлі қарастыратын болады.
Саланың дамуына SWOT- талдау:
Күшті жақтары:
облыстың газбен қамту ұйымдарын аккредитациялау Қазақстанның мұнайхимия зауыттарынан сұйытылған газды тұрақты бағада импорттауға мүмкіндік берді.
Әлсіз жақтары:
газ таратушы қондырғылардың, квартал іші желілерінің қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы тұрғындардың денсакулығы мен өміріне қаіп туғызады.
Мүмкіндіктер:
Сарыбұлақ газ кенорнын өндіру Зайсан және Тарбағатай аудандарының тұтынушыларын табиғи газбен қамтуға, және ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасында үкіметаралық келісімге сәйкес сұйытылған газды Шығыс Қазақстан облысының ішкі нарқына жеткізуге мүмкіндік береді.
Қауіптер:
жаңа немесе қолданыстағы орталық газбен қамту жүйелерін салу немесе қалпына келтіру іс-шараларын жеткіліксіз қаржыландыру өңірді газбен қамту деңгейін сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік бермейді.
Тұрғын үй қоры.
Шығыс Қазақстан облысында 5200 көппәтерлі тұрғын үй есептеледі, соның ішінде облыстық орталықта 1645 кондоминимум нысандары бар және Семей қаласында 1305 үйлер. Өңір аумағындағы үй құрылыстарынан 90 пайыздан астамы 20 жылдан астам пайдалану мерзіміне ие.
25 кесте
Үйлер саны
|
Пайдалану мерзімі
|
%
|
1643
|
50 жылдан астам
|
25
|
1352
|
50-40 жыл
|
26
|
1055
|
40-30 жыл
|
20
|
1040
|
30-20 жыл
|
20
|
Алдын ала жүргізілген зерттеу бүгінгі күні 3500 нысан жөндеуді қажет ететінін, ал 1661 тұрғын үй апаттық деп танылу үшін инструментальді зерттеуді талап ететінін көрсетті. Бір кондоминимум нысанын зерттеу құны 800 мың. Тенге құрайды. Қажетті қаржылық бекітумен республикалық деңгейде кондоминимум нысандарын инструментальді зерттеу бойынша бағдарлама әзрлеу мәселесін қарау қажет.
Тұрғын үй қорын пайдалану және ұстауды негізінен пәтерлердің жеке меншіктерінің кооперативті жүзеге асырады (бұдан әрі – ПЖК). Қазіргі уақытта өңір аумағында 371 ПЖК жұмыс істейді, соның ішінде қалаларда – 365 және аудандарда – 6.
Коммуналдық қызмет есебінің құралдарын сатып алу бойынша істер қанағаттанарлықсыз жағдайда. Есеп құралдары энергия ресурстарын үнемдеуіне қарамастан оларды енгізу көп жағдайда энергия тұтынуды азайтуға әкеледі. Бұл тұтынушылар өздерінің тұтынулары туралы нақты ақпарат ала бастайтынына негізделген, және нәтижесінде тұтынушылар табиғи түрде энергия ұнемдеуге көшеді. Сондықтан барлық энергия ресурстар есебінің құралдарын орнату және есептегіш көрсеткіштер бойынша энергия ресурстарын пайдалануға есепті ұйымдастыру мәселесі энергия ресурстарын тұтынудың тиімділігін арттырудың негізгі құралдарының бірі болып қала береді.
Бүгінгі күні тәжірибе жүзінде кондоминимум нысандарын басқарудың негізгі формасы болып табылатын ПЖК қызметіндегі аса ір проблема тұрғын үйдің күрделі жөндеуін жүзеге асыру болып табылады. Мезгілсіз және толық емес көлемде жүргізілген жөндеулердің нәтижесінде ғимараттың ескіру процессі жылдамдайды. Нәтижесінде үйді ұстау адал төлеушілер – ПЖК мүшелеріне жатады.
Жүргізілген талдау ПЖК бойынша пайдалану салымдарын жинаудың орта пайызы 70-80% құрайтынын көрсетеді, шамамен пәтер иелерінің 20% пайдалану шығындарын төлемейді.
Қазіргі уақытта КСК ғимарат пайдалануға енгізу және жөндеу бойынша жұмысы бақылаусыз қалып отыр. Көбінесе ғимаратты пайдалану ережесі қадағаланбайды, ұсақ ақаулар уақтылы жойылмайды, олар жылдар бойы қомақты шығындарды талап ететін апатты жағдайларға әкеледі.
Осыған орай, кондоминиум нысандарын басқарудың баламалы басқару нысандарын құру мақсатында басқарушы компания құру мәселесі пысықталуда, оның қызметі кондоминиум нысандарын ұстау және пайдалану бойынша қызметтер сапасын және тиімділігін жоғарылатуға және кондоминиум нысандарына қызмет көрсету саласында бәсекелес орта құруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңартудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының аясында 2011-2012 жылдары 189 көппәтерлі үй 1671,3 млн. тенге жалпы сомасына, соның ішінде 1-тетік бойынша – 47 үй 552,5 млн. тенге сомасына, 2-тетік бойынша – 142 үй 1118,8 млн. тенге сомасына жөнделді.
Кондомиумның ортақ мүлкін жөндеу термомодернизация элементтерін қамтиды, бұл ғимараттардың жылутехникалық сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік береді, бұл қабырғаларды, үйдің шатыры мен фасадын жылылау және жөндеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қол жеткізіледі, ағымдағы жөндеу кезінде 10 пайызға дейін, күрделі жөндеу кезінде 30 пайызға дейін үнемдеуге қол жеткізіледі.
Кондомиум нысандарын жөндеу жобасын 2013-2015 жылдары іске асыру жөндеуді қажет ететін кондомиум нысандарын 69,7% дан 49,2% дейін азайтады, 2020 жылға дейін 3970 үйден 2600 жөндеу және үлесін 10% жеткізу жоспарланған.
Саланың даму жағдайына SWOT талдау:
Күшті жақтары:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңартудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының аясында көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жүргізіледі. 2020 жылға дейін жөндеуді қажет ететін үйлердің 10% үлесі күтіліп отыр.
Әлсіз жақтары:
кондоминимум нысандарының жалпы мүлкін ұстауда тұрғындардың нашар белсенділігі.
Мүмкіндіктер:
көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңарту бойынша жобаларды іске асыру кондоминимум нысандарының техникалық жағдайын және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Қауіптер:
көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңарту бойынша жобаларды мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыру, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңартудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына қатысу қажеттілігі туралы нашар түсініктеме жұмыс.
Абаттандыру.
Облыс аумағында 5061,2 км көшелер мен жолдар, 421 га саябақтар, скверлер, алаңдар, аулалар, 2227 тұрғын үй кондоминиумдарының аулалары, 296 ескерткіштер мен қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдалануға арналған арнаулы 350 орындар бар.
Облыстың елді мекендерінің санитарлық жағдайын қалпында ұстап тұру және көріктендіру деңгейін көтеру, күзгі және көктемгі кезеңде тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық амандығын қамтамасыз ету үшін жыл сайын аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі, соған сәйкес көшелер мен жолдарды, саябақтар, алаңдар, тұрғын үйлер аулаларын, мектептер мен мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдаланатын орындар қанағаттанарлық жағдайға келтіріліп, рұқсат берілмеген қоқыс төгу орындарын жою, көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
37 сурет
Жыл сайын облыс бойынша 140 мың ағаш көшеті, 40 мың погон метр бұталар және 50 мың шаршы метр гүлзар отырғызылады.
Елді мекендерді көріктендіру бойынша жұмыстарды жүргізуге жергілікті бюджеттен 2010 жылдан 2012 жылға дейін 2636 млн. теңге бөлініп, толық игерілді.
Қаржыландыру нәтижесінде 2227 аула аумағының 214-інде көріктендіру бойынша жұмыстар жүргізілді. 574 мың ағаш көшеті, 139 мың погон метр бұта, 258 мың шаршы метр гүлзар отырғызылды.
Алайда шешілмеген проблемалар қалады.
Көп пәтерлі тұрғын үй қорының аула аумақтарының 40%-ы балалар мен спорттық алаңдар салуды, ескі ағаштарды кесіп, шығаруға, жасыл көшеттерге түгендеу жүргізуді қажет етеді Көгалмен жабылған алаңдардың азаюына байланысты елді мекендерді көгалдандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.
Аумақтарды көріктендіру және көгалдандыру конкурстарын өткізу үшін облыстық бюджеттен жыл сайын қаражаттың бөлінуін қарастыру қажет. Аудандар үшін көріктендірудің проблемалы мәселелерінің бірі ол қатты-тұрмыстық қалдықтарға арналған орынды ұстау болып табылады. Қоқыстар экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес келмейтін және қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонының статусы жоқ ұйымдастырылмаған қоқыс тастайтын жерлерге төгіледі. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинап, шығаратын мамандандырылған кәсіпорындар жетіспейді.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтары:
аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру бойынша жыл сайын іс-шаралар жүргізу, соған сәйкес көшелер мен жолдарды, саябақтар, алаңдар, тұрғын үйлер аулаларын, мектептер мен мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Әлсіз жақтары:
аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру іс-шараларының жеткіліксіз қаржыландырылуы.
Мүмкіндіктер:
аумақтарды көріктендіру, қасбеттерді, аула аумақтарын, скверлерді, саябақтарды және т.б. жөндеу бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестігінің болашағы.
Қауіптер:
облыс елді мекендерінің қанағаттанарлықсыз санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйі, тұрғын қорының, көріктендіру элементтерінің тез тозуы, жабындардың, қасбеттердің қанағаттанарлықсыз жай-күйі, елді мекендердің келісімсіз келбеті.
Аумақтық құрылыс
Облыста 15 аудан, 4 қала (соның ішінде облыс орталығы Өскемен қ.), 246 ауылдық округтер. Қалалардың бас жоспарлары, сондай-ақ көптеген елді мекендер жоспарлары 20-30 жыл бұрын әзірленіп, бекітілген. Олардың негізгі орналасулары қазіргі талаптарға сай емес.
Бас жоспарлармен, жеке құрылыс аудандарының бөлшектік жоспарлау жобаларымен, тарихи-мәдени мұраның демалу аймақтарының және ескерткіш орындарының бас жоспарларымен бекітілген елді мекендердің қамтамасыз етілуі қажетті деңгейде қалмайды. 799 елді мекеннен 209 елді мекен бас жоспарлары бар, 590 түзетуді қажет етеді.
2011-2015 жылдарға облыс бойынша 1402,9 млн. тенңге сомаға 137 елді мекеннің бас жоспарларын және құрылыс сұлбасын және 20 тұрғын ауданның бөлшектік жоспарлауының жобаларын әзірлеу қарасытылған.
Облыстық маңызы бар қалалардың және аудан орталықтарының бас жоспарларын әзірлеу.
Бас жоспарлар бекітілді:
1) тұрғындар саны 100 мыңнан асатын облыстық маңызы бар қалалар: Өскемен және Семей;
2) тұрғындар саны 100 мыңға дейін облыстық маңызы бар қалалар: Риддер, Курчатов.
19 аудан орталықтары және облыстық маңызы бар қалалардың 14 бас жоспарларды әзірлеу аяқталды, 4 бойынша 2012 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, біреуі бойынша 2015 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Аудан орталықтарының бас жоспарлары бекітілді: Шемонаиха, Молодежное, Глубокое, Ақсуат, Үрджар, Бесқарагай, Бородулиха, Күршім, Қараул, Үлкен Нарын.
Тірек ауылдардың және шағын елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу.
Сондай-ақ 2015 жылға дейін облыс бойынша 351,0 млн. теңге сомаға 74 шағын елді мекеннің бас жоспарларын әзірлеу қарастырылған.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2082 қаулысын орындау үшін облыстық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысының кадастырының ақпараттық жүйесі 5 қалада қабылданған болатын: Өскемен, Семей, Риддер, Зыря, Курчатов; 6 аудандық орталықтарда: Аягөз қ., Молодежное а., Ақсуат, Глубокое, Бородулиха, Бесқарағай.
Қалалар және аудандарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасына жалпы құны 269,6 млн. теңгеге 23 елді мекенде базалық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын әзірлеу бойынша жұмыстар енгізілген.
Облыста «Мекен жай регистрі» ақпараттық жүйесі» мемлекеттік мәліметтер базасын дамыту және енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бағдарламаның негізгі мақсаты – қалыптастырудың бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құру және «Жеке тұлға», «Жылжымайтын мүлік регистрі» мемлекеттік мәліметтер базасы үшін мекен жай ақпаратын, сондай-ақ басқа ақпараттық жүйелерді ұсыну болып табылады.
Саланың даму жағдайына SWOT- талдау
Күшті жақтары:
тұрғындардың тіршілігіне қолайлы орта құру үшін кешенді аумақтар құрылысы. Бұл ретте табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанып отырған демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, зоналауды фукнциялау және бұл аймақтар аумағын пайдалануға шектеулік, экологиялық жағдайда жақсарту бойынша шаралар есебімен елді мекеннің , соның ішінде әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, қосқандағы дамуының негізгі проблемалары шешілуде.
Әлсіз жақтары:
бас жоспарлары жоқ аумақтарды жаппай салу кейіннен меншік иелерінің құқықтарын шектеуге, жердің оңтайлы игерілмеуіне, әлеуметтік объектілердің, тұрғын үйдің және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысының қымбаттауына әкеледі.
Қауіптер:
елді мекендердің бас жоспарлар, құрылыс жобалары мен детальды жоспарлау жобаларының келісілген тәртібінде бекітілгендегіде болмаған жер телімдерін беру және объектілер салуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынады.
2.2.4.1 Ауылдың тіршілігін қамтамасыз ету
Ауылдың қалыпты тіршілігін қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін ауыл тұрғындары өмір сапасының ұлттық стандарттарына сай болып білім, денсалық сақтау, мәдениет және спорт, сапалы ауыз су, автомобиль жолдары, электрлендіру, байланыс, теледидар, Интернет жүйесі сияқты қызметтерімен қамтамасыз етілуі тиіс, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу нормативтеріне жету қажет.
Халықты денсаулық сақтаумен қамтамасыз ету мақсатында ауылдық аумақтарда 11 аудандық орталық аурухана, 15 - ауылдық ауруханалар бар.
174 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 344 медпункт, 68 жеке үй-жайсыз медициналық қызметкерлер бар.
Жалпы білім беру мекемелерінің жүйесі ауылдық жерде 534 мектеп және онда 77358 бала бар. Мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беру 100%-ды қамтиды.
Ауылдық аумақтарда 271 кітапхана, 261 клуб және мәдениет үйлері, 1 кинотеатр және 1 мұражай қызмет көрсетеді.
Облыстың 764 ауылдық елді мекенінің 107 немесе жалпы халық санынан 14%-ы (169480 адам) орталықтардырылған су жүйесімен қамтамасыз етілген.
«ШҚО облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының титулдық тізіміне» сәйкес жергілікті маңызы бар ауылдық жолдардың жалпы ұзындығы 8 421,8 км. құрайды, оның ішінде асфальтбетондық жолдар – 175,4 шақырым, қара жамылғы – 3357,0 шақырым, қиыршық тас жамылғы – 4132,7 шақырым, грунттық – 756,7 шақырым.
«Ауыз су» бағдарламасын іске асыру тасымалданатын суды қолданатын 1993 адамға (Аягөз ауданының Мәдениет, Бидайық ауылдарында) су құбыры суын алуға қол жеткізді.
764 ауылдық елді мекеннің 119 (15,6%) телефон жүйесімен қамтамасыз етілмеген.
764 ауылдық елді мекеннің 13 ауылында немесе 1,7%-да электр энергиясы жоқ, оның 7-і 50 адамман аса тұрғыны бар, 6-і 50 адамға дейінгі тұрғын тұрады.
Басты мақсатты индикаторы экономиканың динамикалық өсуі және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, даму әлуеті жоғары ауылдық елді мекендерінің санын ұлғайту болып табылады..
Мемлекеттік қолдау шаралары тіршілікті камтамыз ету инфрақұрылымының дамуына бағытталған, біріншіден ауыл тұрғындарының қажетті табыс деңгейін қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық даму әлуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендердің дамуына.
Облыста 764 ауылдық елді мекеннің даму әлуеті жоғары 36 ауыл (5%), даму әлуеті орташа 680 ауыл (86%) және даму әлуеті төмен 62 ауыл (8%) бар, 7-де халқы жоқ (1%).
2012 жылдан бастап облыста тірек ауылдарды дамытудың үшжылдық бағдарламасы басталды. 2012-2014 жылдарға 50 тірек ауылдық елді мекендерді дамыту бойынша кешенді жоспарлар әзірленген.
673 жобаны іске асыру үшін 2012 жылы 10,8 млрд.тенге, соның ішінде бюджеттен тыс қаражаттан 5,6 млрд.тенге жұмсалған.
2013 жылы 11,2 млрд.тенге сомасына соның ішінде бюджеттен тыс қаражаттан 5,6 млрд.тенге сомасына 943 жобаны іске асыру жоспарланған.
Кешенді жоспарларды іске асыру кезеңінде жұмыссыздар саны барлық тірек ауылдарда 24,7% немесе 163 адамға азайды. 5231 қосымша жұмыс орны ашылған. Аз қамтылған отбасылар саны 22% немесе 662 отбасыға азайған. Жеке кәсіпкерлер саны 18,2% немесе 243 бірлікке көбейді.
Ауыл шаруашылығы саласында ірі қара мал 22,5%, ұсақ мүйізді мал 39,4%, құс 30,6% көбейді.
Тірек ауылдарды дамытуды қолдау шаралары 22 тірек ауылда тұрғындардың 1066 адамға көбеюіне жағдай жасады.
2014 жылы тірек ауылдарды дамытудың кешенді жоспарларына сәйкес 10,8 млрд.теңгеге, соның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен 3,6 млрд.тенгеге жобаларды іске асыру қарастырылған.
Аудандар, ауылдар мен кенттік округтер әкімдері резервтерді талдау жұмысын жүргізуде, тірек ауылдардың нақты секторына инвестиция көлемін ұлғайту мүмкіндіктері қарастырылуда.
Ауылдық жерде орташа айлық еңбекақының өсу тенденциясы байқалады.
Ауылдық жерде орташа зейнетақы мөлшері 25000 теңгеден жоғары.
Кедейлік шегінен төмен өмір сүретін халыққа мемлекеттік атаулы көмек көрсетіледі. Жыл сайын отбасылар және алушылар саны азайуда. 2013 жылдың 1 қаңтарына 1953 отбасы тіркелген (2012 жылдың кезеңіне сәйкес салыстырғанда аз), алушылар – 8079 адам (5507 адамға аз), орташа айлық мөлшері 1847теңгені құрайды (66 теңгеге көп).
Ауылды мекен бойынша жұмыспен қамту мәселесі бойынша жұмыспен қамту органдарына өтініш білдіргендер саны 2013 жылғы 1 қаңтарда 11717 адамды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,3% аз немесе 1639 адамды құрайды. Экономикалық белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздар үлесі н жыл деңгейінде 0,7%.
Еңбекақының, зейнетақының, жәрдемақының өсуі халықтың ақшалай табысының өсуіне ықпал етеді. 2012 жылы халықтың атаулы жан басына шаққанда орташа ақшалай табысы 2011 жылмен салыстырғанда 14,4%-ға өсті және 47160 теңгені құрады. Жан басына шаққанда орташа ақшалай табыс ауылда қаладан қарағанда орташа 30-40%-ға төмен.
Сонымен бірге, ауылда үй маңындағы шаруашылықтан ақшалай емес формадағы кіріс кең тарады. Үй шаруашылығының әрбір мүшесіне ауылдық жерде жеке шаруашылығына өндірілген өнімнен айына 3500-4000 теңгеден келеді.
Ауылда бұқаралық спортты дамыту материалды-техникалық базаның жоқтығынан проблемасы аса маңызды болып отыр. Елді мекендердегі қолда 432 спорт залдардан 421 зал жалпы білім беретін мектептерде орналасқан және оқу жаттығуларын жүргізу үшін пайдаланылады. Тек 2,6 % спорт имараттары ғана барлық халықтың пайдалануы үшін қол жетімді.
Ауылды мекендегі спорт және спорт-сауықтыру имараттарының желісі олардың жеткіліксіз санымен, нашар жабдықтанумен, төмен сапамен және олардың тегізсіз орналасуымен сипатталады. Бұның салдарынан облыстың жалпы білім беру мектептерінің оқу процессінде «шаңғы дайындығы», «гимнастика» сияқты тәртіптер орындалмайды немесе толық көлемде орындалмайды.
Саланың даму жағдайына SWOT- талдау
Күшті жақтары:
ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы топырақ-климаттық жағдай, бұл ауыл тұрғындарының негізгі кіріс көзі болып табылады.
Әлсіз жақтары:
1) әлеуметтік инфрақұрылым объектілері желілерін жеткіліксіз деңгейі, шалғай ауылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жетімділіктің жоқтығы немесе қиындығы;
2) жан басына шаққанда кірістердің аумақтық бірдей бөлінбеуі;
3) ауыл тұрғындарының білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтеріне бірдеу қол жетімділігінің болмауы ауылдық жерлерде адами әлеуеттің деңгейін азайтады.
Мүмкіндіктер:
1) жұмыс істейтін медицина кадрларын және білім саласы мамандарын жұмыс орнына ұзақ мерзімге бекіту және жас мамандарды тарту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу;
2) ауылдық елді мекендер әлеуетін дамыту.
Қауіптер:
ауыл халқының көшуіне байланысты халық санының азаюы.
2.2.4.2. Шекаралас өңірлер
Шекаралас аудандар бұл мемлекеттік шекараға жақын мемлекет аумақтары, ерекше шекара функцияларын атқарады және осыған байланысты ерекшеліктері бар. Шекаралас жерлердің ерекшеліктерін шарттайтын басты факторы географиялық орналасуы болып табылады.
Облыстың шекаралас аудандарының әлеуеті мемлекеттік шекарадан өтумен, көлік шарттарымен, шекаралас өткелдердің және кеден бекетінің инфрақұрылымымен, сондай-ақ тұратын халық санымен байланысты игерілетін нарықтың өндірістік факторларының құнымен, инвестициялық климаттың ерекшеліктерімен анықталады.
Шығыс Қазақстан облысы солтүстігінде және солтүстік-шығысында Ресей Федерациясымен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Шығыс Қазақстан облысының аумағы 283,4 мың кв. км. Облыс халқы – 1393,6 мың адам, соның ішінде шекаралас аудандарда – 383,9 мың адам. Облыста 9 шекаралас аудан бар: Риддер қ. , Бескарағай, Бородулиха, Зайсан, Катонқарғай, Күршім, Тарбағатай, Үржар және Шемонаиха аудандары.
Бүгінгі күні шекаралас аудандарда халық санының азаю беталысы байқалады, осылайша соңғы үш жылда халық саны 39,4 мың адамға немесе 2009 жылдың деңгейіне қарағанда 9 % азайған, бұл осы аудандардың дамуына кері әсер етеді.
Халық санының азаюының негізгі себептері жұмыс болмауы, тұрғындардың қалаға және жақын аудандарға көшуі, табиғи азаю, тұрмыс жағдайының болмауы болуы мүмкін.
Шекаралас аудандарда және ауылдық елді мекендерде мынадай проблемалар бар: кейбір елді мекендерде орталық сумен қамту және канализацияның болмауы, әлсіз дамыған әлеуметтік сала мен сауда.
Сонымен қатар әлсіз дамыған нарықтық инфрақұрылым себебінен қолайсыз инвестициялық климат. Сондықтан инвестиция көлемі әзірге экономиканың құрылымдық өзгеруі үшін жеткіліксіз. Нәтижесінде шекаралас саудадан кірістер ұсақ және орта жеке фирмалар қолында қалып отыр.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы нысанындағы жер аумақтарымен, туристік саланы дамыту, шекаралас сауданы дамытумен байланысты шекаралас аудандардың жоғары әлеуетті дамуын ескеру қажет.
Мысалы, Риддер қ. табиғи-рекреациондық ресурстармен сипататалады (Риддер қ. маңы ландшафтары).
Осы аумақта Кенді Алтайдың негізгі көрекіліктері шоғырланған, мұнда Қазақстан, ТМД және шетеле елдерінен көп туристер келеді
Өңірде Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы,, Алтай ботаникалық бақшасы «Ак-кем», «Ак-Кем-Риддер», «Бумеранг», «Радуга» турклубтары, 2 тау шаңғы базасы, 4 демалыс базасы - «Синегорье», «Климовка», «Громотуха», «Кедровка» бар.
Катонқарағай ауданында Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бар.
Күршім ауданында Марқакөл ұлттық қорығы және Марқакөл көлі бар. Тұзсыз, ағынсыз Алакөл көлі Балқаш-Алакөл белдеуінде орналасқан, ол Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары шекарасында Үржар ауданында орналасқан.
Өңірде төрт шекаралас сауда аймағын құру жоспарланған. Олар Ресей мен Қытай шекараларында, «Майқапшағай», «Бақты», «Жезкент», «Уба» кеден бекеттерінде орналасады, олардың басты міндеті шетел әріптестермен бизнес жүргізу, Қытай мен Ресеймен тауарайналымын ұлғайту.
Қазір уақытта Бородулиха ауданында «Жезкент» кеден өткелінде шекаралас сауда және бірлескен бизнес жүргізу аймағы құрылуда, мұнда тиісті инженерлік инфрақұрылыммен қамтылған жер телімдері шекаралас сауда объектілері мен бірлескен өндіріс құру үшін бөлінеді. Бұл аймақ құрылысының жобасында шекаралас сауданы жүзеге асыру үшін бөлмежайлар, әкімшілік ғимараттар, қойма бөлмежайлары, туристік инфрақұрылымды дамыту нысандары, өндірістік нысандар қарастырылған.
Сонымен қатар шекаралас ынтымақтастық инфрақұрылымын дамытуға (шекара өткелдері, бақылау-өткізу және кеден бекеттері) және көршілес елдермен бірлескен құрылыс жүргізу шараларына және пайдалануға көңіл бөлу қажет.
Барлық аталған аспектілер аудандар және жалпы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының құрамдас бөлігі ретінде шекаралас аумақтардың экономикасын көтеру мақсатында шекаралас ынтымақтастыққа көзқарасты өзгерту қажеттігін анықтайды.
2014 жылдан бастап облыста Қазақстан Республикасының 2014-2020 жылдарға арналған шекаралас аудандарын дамытудың кешенді шараларын іске асыру басталады. Шекаралас өңірлерді дамытудың негізгі бағыттары жаңа мүмкіндіктер, шағын және орта бизнесті дамыту; көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту; мемлекеттік шекараның қиылысу орнын жайластыру мен олардың инфрақұрылымын дамыту; табиғат қорғау іс-шаралары мен трансшекаралық өзендерді пайдалану; шекаралас аудандардың туристік инфрақұрылымын дамыту; шекаралас сауданы дамыту, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету; шекаралас аудандардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту мүмкіндіктерін есепке алып шекаралас аудандардың экономикасын әртараптандыру болып табылады.
Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:
Күшті жақтары:
көршілес елдермен сауда және іскерлік қатынастар жүргізуге мүмкіндік беретін географиялық орналасу.
Әлсіз жақтары:
әлсіз дамыған инфрақұрылымдық және әлеуметтік сала.
Мүмкіндіктер:
туристік сала мен шекаралас сауданы дамыту, жаңа келген тұрғындарға жер телімдерін беру.
Қауіптер:
халық санының азаюы, ауылдық елді мекендердің құлдырауы.
2.2.5 Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесі
Мемлекеттік басқару.
Облыстың мемлекеттік органдарының құрылымын: облыстық және 19 аудандық және қалалық мәслихат аппараттары, 272 барлық деңгейдегі әкімдік аппараттары (облыс әкімі аппараты, 19 аудандық (қалалық) әкім аппараттары, 252 аудандық маңызы бар қалалар, кенттер мен ауылдық округтер аппараттары), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 250 атқарушы орган (226 аудандар бөлімдері және 24 облыстық басқармалар) және 23 орталық органның аумақтық бөлімшелері құрайды.
Облыс әкімі аппаратының қызметі әкімдіктің қызметін тек ақпараттық, аналитикалық, ұйымдастыру және басқа да қолдау түрлерін қамтамасыз етуді ғана көздемейді. Қазіргі уақытта жегілікті атқарушы органдары қызметінің үйлесімділігін жақсату және тиімділігін арттыру бірінші жоспарға кіреді.
Дәл осындай мақсатпен Шығыс Қазақстан облысында «е-үкіметті» құрастырушының бірі «электронды әкімдікті» құру бойынша өңірлік бағдарламаны іске асыру басталды.
Бүгінгі күні Бірыңғай көліктік орта салынды (бұдан әрі – БКО). БКО құрамына әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің 52 мемлекеттік мекемелері жатады. Шығыс Қазақстан облысының ішкі порталы құрылды (интернет-портал). IBM компаниясының «Lotus Notes» бағдарламалық қамтамасыз етуі орнатылған барлық облыс басқармаларында, өңірлік бөлімшелерде, құқық қорғау органдарында және аудандық (қалалық) әкімдіктерде электронды құжат айналымның бірыңғай жүйесі енгізілді (бұдан әрі – ЭҚАБЖ).
2010 жылы электронды құжат айналым еншісі 28%, электронды құжат айналымы жалпы құжат айналымынан 85% құрады. Жаңа мемлекеттік басқару жүйесін енгізу қазіргі уақытта мемлекеттік басқарманың ашықтық деңгейін көтеруді талап етеді. Осы мақсатпен облыс әкімінің блогы жұмыс істейді, мемлекеттік органдардың виртуалды қабылдауы жұмыс істеп, облыстық сайтта тұрғындармен тұрақты түрде сауалнама, интернет-конференциялар жүргізіледі, форум жұмыс істейді.
2012 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа сайт платформасы құрылды. Мемлекеттің жалпы саны 44 452 құрады, оның ішінде – 2938 ақпараттық және 41 514 жаңалықтар мемлекеті. Облыс әкімінің интернет портал жұмысы барынша автоматтандырылған, басқа ресурсты мемлекеттік органдармен салыстырғанда бұл жүйені бірегей қылады.
Қазіргі уақытта облыстың мемлекеттік мекемесінде 125 виртуалды қабылдауы ашылды. Шығыс Қазақстан облысы Ұлттық куәләндыру орталғынан 895 электронды цифрлық кілті берілді
2010 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында «Электронды үкімет шлюзі кіші жүйесі сияқты өңірлік шлюзі» («Е-әкімдік» АЖ) ақпараттық жүйесі аясында 25 мемлекеттік қызметті электронды түрге ауыстыру жүзеге асырылады.
Өңірдің тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылату үшін «Азаматтық интерактивті сұрақ алуды өзіне енгізетін, оларға ұсынылған мемлекеттік қызмет сапасы туралы мемлекеттік қызмет сапасы мониторинг» электронды жүйесі енгізілді. Облыстың 5 мемлекеттік мекемесінде терминалдар орнатылды.
Облыста тұрғындардың компьютерлік сауттылық деңгейін көтеру бойынша жұмыс жалғастырылуда. Тыңдаушылардың санына қарай компьютерлік сыныптар ашылды, барлық қалалар мен аудандарда оқу жүргізілуде. Курсты бекітілген Бағдарламаға сәйкес, сертификат және кітапшалар тиражымен таратылған оқытушы жүргізеді.
2012 жылы облыс бойынша халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 42,5% (364 775 адам) құрады. Көрсеткіштің жоспарлы маңызы бар жетістігі үшін (50%) 64 372 адам (7,5%) оқытылды.
Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:
Күшті жақтары:
ЖАО жеткілікті техникалық жабдықталуы;
мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мониторинг жүргізу үшін негіз бар;
электрондық қызметтер орталығығында Интернет-портал арқылы 123 электрондық қызмет: 11 интерактивті мемлекеттік қызмет, 112 виртуалдық қабылдау, 1 транзакция көрсетілуде;
сайттың wap нұсқасы жұмыс істеуде;
облыстың ЖАО бірыңғай көлік ортасының болуы;
серверлік, соның ішінде резервтік бөлменің болуы;
бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесінің болуы;
облыстың елді мекендерінде 153 қоғамдық қатынау пункттері жұмыс істеуде;
мемлекеттік органдардың жеке 50 сайтының болуы;
SMS – мәлімдеу арқылы ұтқыр қызметтердің болуы.
Әлсіз жақтары:
жауапты мемлекеттік органның электрондық мемлекеттік қызметтерді тұтынушылармен өзара әрекеттестік тәртібін реттейтін нлрмативтік-құқықтық базаның толық жетілмегендігі;
жауапты мемлекеттік органның электронды мемлекеттік қызметтер тұтынушылармен өзара іс қимылын реттеу үшін нормативтік-құқықтық базаның жетілмеуі;
халықаралық тәжірибенің заманауи үздік тәжірибелерін ескере отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын мониторингілеу және бағалау әдіснамасының және тиімділігінің жетілдірілмегендігі;
құқықтық келісілген ҚР МДҚ ықпалдандырудың жоқтығы;
бизнестарды басқарудың негізгі бизнес-процестері автоматтандырылмаған;
интернет-порталдағы әлеуметтік талап етілген интерактивтік, транзакциялық мемлекеттік қызметтердің саны тұрғындардың қажеттілігін жаппайды;
мемлекеттік қызметтерді ұсыну процестерін жеңілдетуге бағытталған АЖ болмауы;
мемлекеттік басқару саласын мониторингілеуге бағытталған АЖ болмауы;
«Е-үкіметтің» базалық компоненттерімен ықпалдандырудың жоқтығы;
БҚАЖ тек облыстық деңгейде қамтылуы.
Мүмкіндіктері:
өңір тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға қызығушылығы;
ұялы телефондардың кеңәнен таралуы «е-әкімдікке» қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қолданылуы мүмкін;
«Е-үкіметті» құрудағы басқа елдердің халықаралық тәжірибесі;
мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде ұсыну процесін жеңілдету және оңтайланлыру үшін ОМО АЖ пайдалану;
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «электронды үкіметті» дамыту үшін инфрақұрылымды дамытудың жоғары деңгейіне ие – біріңғай көліктік орта, құжат айналымының бірыңғай жүйесі, сервистік және желілік құрал, резервті серверлі бөлменің бар болуы, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингің сапасы.
Қауіптер:
ЖАО е-үкіметтің базалық компоненттерімен ықпалдандырылуы жоқтығына байланысты интерактивтік мемлекеттік қызметтерді ұсынуға дайын еместігі;
облыс халқының әлсіз ақпараттанғанына байланысты электрондық мемлекеттік қызметтердің сұранымсыздығы;
халықтың ұсынылатын электрондық мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттанбауы.
Гендерлік саясат
Қазақстанның гендерлік саясатының ерекшелігі ол гендерлік жобалардың бастамашысы бірінші кезекте мемлекет болып табылады, ол гендерлік даму саласында превентивті және озық шаралар қабылдайды.
Шығыс Қазақстан облысында облыс әкімдігінің 2008 жылғы 13 маусымдағы № 33 қаулысымен әйелдер мен отбасы-демографиялық саясат істері жөніндегі комиссия құрылған.
Комиссияның негізгі міндеті әйелдер мен ерлердің экономикалық салада тең мүмкіндіктері, әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту, еңбек нарқында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, отбасы мүшелерінің үй шаруашылығы қызметтерімен балалар тәрбиесі қызметтерін біріктіру, отбасы институтын нығайту, отбасы қатынастарында әйелдер мен ерлердің тең мүмкіндіктері, отбасыда және жұмыс орнында зорлықты жою және ерлер, әйелдер мен балаларға қатысты зорлықпен күресудің және гендерлік білім және халықты ағартушылық бойынша халықаралық тәжірибесін енгізу.
2011 жылы облыста облыстық Әйелдер форумы өтті, онда қызметтің түрлі салаларынан 500 делегат қатысты. Форумда «Шығыс Қазақстан облысының әйелдер-көшбасшылары» облыстық конкурсы қорытындылары шығарылды. Олар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқан 20 әйел.
2013 жылы облыста 1393,6 мың адам тұрған, оның 731,0 адамы әйелдер, 52,5%. Әйелдер ерлермен қатар облыстың экономикалық қызметі саласында белсенді қатысады. Барлық жалдамалы жұмысшылар қатарында әйелдердің үлесі 47,9%. Бұл орайда экономика қызметінің кейбір түрлерінде әйелдер көп. Осылай, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласында барлық қамтылғандар санына 84% (2010 жылы – 76,7%), жұмыспен қамтылғандардың ішінен қонақ жай-ресторан бизнесі саласында – 83,1% (2010 жылы – 82,7%), білім беру – 75% (2010 жылы –75,3%), қаржы қызметі – 76,6% (2010 жылы – 67,2%).
Сонымен қатар ерлер мен әйелдер еңбек ақысында айырмашылық сақталады. Облыс бойынша орташа алғанда ерлердің еңбек ақысы әйелдерге қарағанда 22,5% жоғары. Өнеркәсіпте, құрылыс, сауда, қаржылық қызмет және басқа қызмет салаларында әйелдердің еңбек ақысы ерлерге қарағанда 11,1-28 % төмен.
2012 жылы ерлердің жалақысы 94935 теңге болды және 2010 жылмен салыстырғанда 37% өсті, әйелдердікі 39,2 % өсті және ерлердікіне қарағанда 77,5% (73567 теңге) құрады.
Бұдан басқа, әйелдер бұрынғыша еңбек нарығында бәсекеге қабілеттіліктері төмен болып қалуда. 2012 жылы жалпы қамтылғандар санында ерлер 365,0 мың адам, немесе 51,4%, әйелдер – 345,5 мың адам (48,6%). Жұмыссыздардың жалпы санында әйелдер саны 20,9 мың адам немесе 55,1%. 2010 жылмен салыстырғанда 0,8% төмендеген
Облыста әйелдерді саяси жылжыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Облыстық, қалалық және аудандық мәслихат 320 депутатының 47 әйел, облыстың 73 қала және аудан әкімдері мен орынбасарларының 13 әйел, 249 аудандық маңызы бар қала ауылдық округ, кенттер әкімдері мен орынбасарларының 35 әйел.
Берілген мәліметтерге қарағанда аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде өкілетті билік органдарында шешім қабылдау деңгейінде әйелдер үлесі не бәрі 14,7 %, биліктің атқарушы органдарында – 15 %.
Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:
Күшті жақтары:
атқарушы және өкілетті билік органдары басшыларының арасында әйелдердің үлесінің артуы;
экономикалық қызметтің кейбір түрлері бойынша әйелдер қызметі басым;
әйелдердің өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда жоғары.
Әлсіз жақтары:
жұмыссыздардың жалпы санында әйелдер саны 24,5 мың адам немесе 55,1%;
әйелдер шешім қабылдау деңгейінде билікте жеткіліксіз қамтылған;
ерлер мен әйелдер еңбек ақысында айырмашылық сақталуда.
Мүмкіндіктер:
әйелдердің саяси жылжуы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Қауіптер:
әйелдердің құқықтарын қадағаламау;
әйелдерді жыныстық дискриминациясы.
Облыс бюджеті
Облыс бюджеті бюджеттік әкімшілендірудің барлық функцияларында мемлекеттік қаржыландыру көлемінің айтарлықтай ұлғаюымен сипатталады.
Облыс бюджетінің көлемі 2012 жылға 226,5 млрд. теңге құрады.
Республикалық бюджет трансферттері 2010 жылға қарсы 1,4 есе артты, соның ішінде нысаналы трансферттер - 1,5 есе, субвенция – в 1,4 есе. Республикалық бюджеттен трансферттер үлесі 72,8%, меншікті кірістер үлесі – 27,2%.
2010-2012 жылдардағы облыс бюджетінің құрылымы
млн. теңге
38 сурет
2012 жылы экономика салаларының қол жеткізілген өсім қарқындары және облыста жүргізілген табыс көздерінің қосымша резервтерін іздестіру жұмыстары арқылы меншікті табыстар өткен жылға қарағанда 16,4% өсті.
Облыс бюджетінің шығыстары соңғы үш жылда 1,41 есе өсті және 226,5 млрд. теңгені құрады.
Облыс бюджетінде барлық әлеуметтік міндеттер сақталған, әлеуметтік саланы қаржыландыру көлемі 2012 жылы 2010 жылға 111,7 есе өсті.
Бюджеттің қалыптасуы түрлі аймақтарда шығындық қажеттіліктерінде айырмашылықпен шартталатын бюджеттік қызметті тұтынушылар және объективті факторларға қарай шығындық қажеттіліктерді бағалау негізінде жүзеге асырылды. «Сметалық» байламнан шығындар деңгейінің айырмашылығын шарттайтын объективті факторлар есебімен формулалық сұлба бойынша бюджеттік қызметтерді тұтынушылар санына қарай ағымдағы шығындарды бағалауға көшу жүзеге асырылды (демографиялық құрам, халықтың тығыздығы, климаттық жағдайлар, көліктік қол жетімділік және т.б).
Облыстың бюджеттік саясаты облыстың барлық қолға алған міндеттемелерінің толық және уақытында жүзеге асырылуы үшін қаржылық ресурстардың жұмылдырылуына және дайындалуына бағытталған, және, ең алдымен, бұл әлеуметтік міндеттемелер, сонымен қатар жұмыспен қамтуды қосқанда облыс халқын әлеуметтік қолдауға жанама әсер ететін бағдарлама.
Осылайша, бюджеттің әлеуметтік бағытталуы сақталған, және жоспарланған шығындардың негізгі басымдығы әлеуметтік қолдау, денсаулық және білім беру, сонымен қатар сапалы дағдарыстан кейінгі облыс экономикасының өсіміне жағдай жасау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |