Білім беру саласындағы қызмет Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген 2010-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған, оның аясында білім алуға қолжетімділік пен сапасын қамтамасыз ету, ауылдағы білім беруді дамыту бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.
Мектепке дейінгі ұйымдар желісін сақтау және кеңейту, 5-6 жастағы балалардың мектеп алды даярлығына қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. 2012 жылы облыста 183 балабақша және 1176 шағын орталық жұмыс істеді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы санынан мектепке дейінгі біліммен қамтылу 95,7 % (62588 бала) құрады. 2011 жылмен салыстырғанда балабақшалар желісі 35 ұйымға артты, 78 шағын-орталық ашылды.
5-6 жастағы балаларды мектеп алды даярлығымен қамту 100% құрады.
Сондай-ақ, облыстағы қалалармен аудандарда мектепке дейінгі ұйымдардағы орынға 14573 өтініш тіркелді. Ең көп орынға қажеттілік Семей қаласында (64,1 %) Риддерде (6,5%) және Зырянда (6,3%) байқалады.
Мектепке дейінгі ұйымдар желісінің даму динамикасы
9 кесте
Мектепке дейінгі мекемелер саны
|
Шағын орталықтар саны
|
Балалардың мектепке дейінгі қамтылуы
|
Шағын орталықтармен қамтылуы
|
Балалардың жалпы қамтылуы%
|
1.01.2013ж. Кезектегі адамдар саны
|
2011ж
|
2012ж
|
2011ж
|
2012ж
|
2011ж
|
2012ж
|
2011ж
|
2012ж
|
2011ж
|
2012ж
|
148
|
183
|
1098
|
1176
|
27639
|
32166
|
25282
|
30365
|
86
|
95,7
|
14573
|
2011-2012 жылдары мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базаларын күшейтуге 58,2 млн. теңге бөлінді.
Орта білім беруде 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуге дайындалу, мектеп жасындағы балалардың оқумен толық қамтылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.
Облыста жалпы білім беру мектептері санының төмендеу тенденциясы мен демографиялық және көшу үдерістері салдарынан оқушылар контингентінің азаюы сақталып отыр. Контингенттердің жоқтығынан жалпы білім мектептерінің санының азаюы байқалады.
2010-2012 жылдардағы мемлекеттік күндізгі жалпы білім
беретін мектептер желісінің өзгеру динамикасы
10 кесте
2010ж.
|
2011ж.
|
2012ж.
|
бірл. саны
|
контингент, адам
|
бірл. саны.
|
контингент, адам
|
бірл. саны
|
контингент, адам
|
731
|
175781
|
718
|
171263
|
698
|
167586
|
Облыстың барлық мектептері компьютерленген. 2012 жылы жалпы білім беру мектептерінде компьютермен қамтылу 9 оқушыға бір компьютерді құрайды. Интернетке мектептердің 35,7% қосылды.
Мектептердің материалдық-техникалық базасын жабдықтауда пәндік кабинеттер және қондырғылармен жабдықтау жеткіліксіз болып қалып отыр. 2012 жылы мультимедиялық кабинеттермен жабдықтау – 60,7 % физика- 59,7%, химия-29,8 %, биология-36,9% құрайды.
2012 жылы мектептерді пән кабинеттері мен құрал-жабдықтармен
қамту динамикасы
11 кесте
мультимедиялық кабинеттер
|
физика кабинеттері
|
химия кабинеттері
|
биология
кабинеттері
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
424
|
60,7
|
376
|
59,7
|
188
|
29,8
|
233
|
36,9
|
698 жалпы білім мектептерінің 225 бейімделген бөлмежайларда орналасқан, 61 мектеп апаттық деп танылған. Қосымша білім беретін ұйымдардың әлсіз материалды-техникалық базасы – 72 ұйым бейімделген бөлмежайларда орналасқан.
Оқушылардың сапалы білім алуы үшін жағдай жасау мақсатында мектептер құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2012 жылы жалпы сомасы 4,8 млрд. теңгеге 12 мектеп пайдалануға берілді.
2012 жылы Жол картасын жүзеге асыру барысында 47 білім беру нысандарына 1,389 млд. теңге сомасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Облыс мектептерінде 20,9 мың педогогикалық қызметкерлер жұмыс істейді, оның ішінде 16,9 мың адам және 81,0% әйел. Соның ішін ауылды мекенде – 65,0 %. Аз тартудың және еңбекақының аз болуы себебінен мектептерге жас педагогтар ағымы жеткіліксіз.
Қазақстан Республикасында сапалы білім жүйесін енгізуге сәйкес облыс мектептерінің оқушыларыбіріңғай ұлттық тестілеу (бұдан әрі ҰБТ) формасында аттестациядан сәтті өтеді. ҰБТ мониторингі 2012 жылғы түлектердің білімінің сапасы бойынша негізгі көрсеткіштер 2011 жылмен салыстырғанда 1,5 балл жоғары екенін көрсетеді. ҰБТ нәтижелері бойынша орташа балл 72,4 баллды құрады.
Облыста 3,5 мыңнан артық жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады, 2404 бала (2653-2012жыл) қамқорлыққа (қорғаншылыққа) және патронаттық тәрбиеге берілді. 17 интернаттық үлгідегі мекемелерде 1076 бала оқытылып тәрбиеленеді, оның ішінде 1814 жетім бала және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, 12 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернаттық мекемелерде 1464 бала тұрып білім алады. 30 баланың қамтылуымен девиантты мінез-құлықты балаларға арналған 2 интернат жұмыс істейді.
Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін қамқоршы отбасына және асырап алушылар отбасыларына беру есебінен интернатта тұратын балалардың әлеуметтенуі өзекті міндеттердің бірі болып табылады.
Жаз кезінде облыс бойынша 31 стационарлық қала шетіндегі сауықтыру лагерлері жұмыс істейді. Қала шетіндегі лагерлер 4 ауданда, 6 жетім балаларға арналған мекемелерде жоқ.
Балалар мен жасөспірімдерді қосымша білім берумен қамту жеткіліксіз болып отыр. 75 қосымша білім беру мекемесі, 64228 бала қамтылған, бұл 38,3% құрайды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісі 2011 жылдан бастап 3 ұйымға азайды. Облыста 97 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жұмыс істейді (ТжКБ), оның ішінде 42 кәсіптік лицей және 55 колледж. Облыстың 18 ауданы кәсіптік біліммен қамтылған.
ТжКБ оқу мекемелерінде 43,3 адам оқиды (сырттай оқу түрін қосқанда), соның ішінде мемлекеттік білім тапсырмасы бойынша 17,8 мың адам (немесе 41,1% ), кадрларды даярлау 111 мамандық бойынша (203 біліктілік) жүзеге асырылады, бұл экономика саласын техникалық және кәсіптік біліммен қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Техникалық және ауыл шаруашылық мамандықтар бойынша 21,3 мың адам оқиды (жалпы контингенттен 49,2 %).
2012 жылы мамандарды және жұмыс кадрларын енгізу 10,9 мың адамды құрайды, оның ішінде 63,1 % жұмысқа орналасты, 18,0 % блімін жалғастырды.
«Кадрларды дайындау және қайта даярлау» бағыты бойынша «Жол картасын» іске асыру аясында 2011-2012 жылдары кәсіби лицейлерде, колледждерде және оқу орталықтарында 17,9 мың адам жаңа мамандық алды (біліктілік). Курстық дайындықты аяқтағаннан кейін 65,0 % жұмысқа орналастырылды.
Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында консультативті-кеңестік органдардың қалыптасуы аяқталды:
облыс әкімдігі жанында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарының төрағалығымен техникалық және кәсіптік білім және кадрларды дайындауды дамыту мәселелері бойынша кеңес қызмет етеді;
қалалар және аудандары әкімдіктерінің жанында кадрларды дайындау бойынша кеңестер құрылған;
облысты шағын мамандандыру есебімен алалық кеңестер құрылған (аграрлы сала, туризм, металлургиялық сала).
«ШҚО Кәсіптік білімін өңірлік дамыту моделі» пилотты жобасын іске асыру аясында қазақстан-норвег «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту қоры» құрылды, оның негізгі мақсаты әлеуметтік серіктестік және кадрларды дайындаудың сапасын арттыру мәселесін дамыту болып табылады, сондай-ақ Норвегия Корольдігі Рогланд округын курстық және кәсіптік дайындау орталығы өкілдігі ашылды. Сондай-ақ, Ресеймен, Голландиямен, Германиямен, Франциямен халықаралық серіктестік дамып келеді.
26,0 млн.теңгеге 2 студенттік жатақхана күрделі жөндеуден өтті.
МТБ нығайтуға бюджет қаражатынан 904,0 млн. теңге инвестициялады, 2011 ж. - 208,8 млн. теңге.
Жеткіліксіз кәсіптік бағдарланған жұмыстың күшіне, соның ішінде жұмыс берушілер тарапынан экономика саласының кадрларға және нақты дайындыққа мұқтаждығы проблемасы келіспеушілік болып қалады.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтары:
1) балабақшалар желісінің және шағын орталықтардың ашылуының артуы;
2) балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамтудың артуы;
3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары желісінің сақталуы;
4) 3 ауысымды оқытудың жойылуы;
5) жыл сайын ҰБТ көрсеткіштерінің өсуі.
Әлсіз жақтары:
1) 40,2% мектеп жасына дейінгі балалар мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған;
2) демографиялық және көші-қондық үрдістер әсерінен оқушылар санының азаюы;
3) білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық базасының, оның ішінде мектептер асханаларының технологиялық жабдықтармен жеткіліксіз қамтылуы;
4) техникалық және кәсіптік блім беру ұйымдарында алған мамандықтары (біліктіліктері) бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіші 64 % құрайды;
5) ТжКБ ұйымдарында арнайы пәндік оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тапшылығы.
Қауіптер:
1) апаттық жағдайдағы мектептер санының өсуі;
2) еңбекақы көлемінің төмен болуынан кәсіптік және техникалық білім ұйымдарынан оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің кетуі.
Мүмкіндіктер:
жаңа мектептер салу жолымен апаттық мектептерді жою;
білім беру нысандарын салуда мемлекеттік-меншік серіктестігін дамыту;
электронды оқытуды енгізу;
білімнің мектепке дейінгі мекемелерінде орын тапшылығын азайту;
қосымша білім ұйымдарының жүйесін арттыру;
ТжКБ жүйесін жаңарту;
жетім және АҚҚ (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған) балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету.
2.2.2.2 Денсаулық сақтау
2010 - 2012 жылдары облыста демографиялық жағдай келесідей болады:
тұрғындардың туу деңгейі 1000 тұрғынға шаққанда 16,79-тен бастап (2010 жылы) 16,67-ға (2012 жылы) дейін артуы;
өлім көрсеткішінің 1000 тұрғынға шаққанда 2012 жылғы 11,62-ге (2010 жылы – 12,20) дейін төмендеуі;
тұрғындардың табиғи өсім коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда 2012 жылы «+5,05» қарсы «+4,59» (2010 жыл) дейін артқаны байқалады.
ШҚО және ҚР бойынша өлім-жітім динамикасы
21 сурет
2012 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш (16,67) орташа республикалық көрсеткіштен 1,4 есеге төмен (ҚР – 22,69; өлім орташа республикалық көрсеткіштен 1,4 есеге артады (ҚР – 8,51).
Облыста туудың барынша төмен көрсетіштері облыстың жекелеген өңірлерінде тұратын тұрғындардың жыныстық-жастық құрамының, яғни ұрпақты болу жасындағы (15-49 жас) тұрғындар жасына қатысты бала көтергіштіктің әсер етумен түсіндіріледі. Облыс тұрғындары демографиялық қатынаста жастардың төменгі үлес салмағы есебінен қартаю беталысы бар.
Аталған жағдай облыстағы еркектер мен әйелдер күтілетін өмір сүру ұзақтығы деңгейінде де байқалады: 2010 жылы көрсеткіш 2012 жылғы 66,98 -ға қарсы 68,58 құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,5% төмен (ҚР – 2012ж. 69,61 в); еркектер арасында өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші барынша төмен – 63,31; бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2, 4 % төмен (ҚР – 64,84).
Ластанудың жоғары деңгейі бар өндірістік қалалардың болуы, ластану аймағында радиобелсенді шөгінділерде тұрғындардың көп жыл тұру факторы өңір экологиясына әсер етіп, тұрғындар денсаулығына теріс әсерін тигізді, сонымен қатар, облыстың шекараға жақын сипаты және белсенді көші-қон үрдісі де облыс тұрғындарының денсаулығына әсер етеді.
Облыста әйелдер мен балалар денсаулығының төмен деңгейі және ұрпақты болу денсаулығының мәселесі өзінің өзектілігін сақтап отыр. Ана өлімінің көрсеткіші 2012 жылғы 13,2-ден бастап 2010 жылғы 21,5-ға дейін төмендегені байқалады, ҚР бойынша көрсеткіште 100 000 тірі туғанға шаққанда 13,5 (ҚР – 2010 жылы 22,7 ).
Ана өлімінің басты себептері-акушерлік қан кету, гестоздар, экстрагениталды патология, түсік пен аурушаңдықтың жоғары деңгейінің салдары (жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалар, анемия) болып табылады. Бұл жағдай медициналық қызмет сапасының жеткіліксіздігі және білікті кадрлардың, әсіресе ауылдарда тапшылығымен түсіндіріледі. 2012 жылы ана өлімі облыстың 3 ауданында тіркелген.
Облыс бойынша нәресте өлімі көрсеткішінің төмендеу үрдісіне қарамастан соңғы жылдардағы динамикада 2012 жылы тірі және өлі туу халықаралық өлшемдерінің енгізілуіне байланысты 1000 тірі туғанға шаққанда 20,0 бастап (2010 жыл) 15,8-ға (2012 жыл) дейін артқан.
ШҚО бойынша ана мен сәби өлімінің динамикасы
22 сурет
Нәресте өлімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайлар болып табылады. Нәресте өлімінің құрылымында екінші орынды туа біткен даму кемістігі алады, бұл жүргізілетін ерте диагностикалаудың жеткіліксіз деңгейімен (жүкті әйелдердегі туа біткен даму кемістігін анықтауға арналған скринингтер), жалпы облыстағы және жекелеген аудандардағы жайсыз экологиялық жағдайлармен түсіндіріледі.
Облыста Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтосқандағы № 1325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ана және бала өлімін төмендету бойынша 2008-2010 жылдарға арналған бағдарлама жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы бағдарламаны іске асыру босанатын әйелдер медицинасын 78,2 дейін, балалар ұйымдарын 72 % дейін материалды техникалық жабдықтауды жақсартуға мүмкіндік берді; жүктілік және босандыруды жүргізудің жаңа технологияларын енгізуге, перинаталды көмекті аудандастыруға жәрдемдесті.
Өткен 3 жылда облыста аурушаңдықтың көрсеткіші 2010 жылы 70423,5-2012 жылы 64 288,0 дейін 8,7 %ға төмендеді; алайда аталған көрсеткіш орта республикалық деңгейден 1,2 есе асады (ҚР – 2012 жылы 55161,3).
Ортареспубликалық көрсеткіштерден асу көптеген көрсеткіштер бойынша байқалады: эндокринді аурулар, соның ішінде қант диабеті, тыныс алу органдарының аурулары, сүйек-бұлшық ет жүйелері, зәр шығару жүйесі, жарақат және уланулар.
Өткен жылдары халықт әлеуметтік-маңызды аурулардың таралуының және ауруының көрсеткіштерінің төмендегені байқалады.
Облыста туберкулезбен аурушаңдық көрсеткішінің төмендеуі байқалады 100 мың халыққа 124,0-дан (2010 жылы) 101,0-ға дейін, бұл 2012 жылғы орта республикалық көрсеткіштен 23,7% артты (ҚР- 81,7).
ШҚО және ҚР бойынша туберкулез аурушаңдығы
(100 мың тұрғынға шаққанда)
23 сурет
Туберкулезден болған өлімнің жыл сайын төмендеуіне қарамастан облыс көрсеткіші ҚР бойынша 1,7 көрсеткішінен асады (2012 жылы ШҚО –12,0, ҚР 100 мың тұрғынға 7,2 ).
Эпидемиологиялық көрсеткішті тұрақтандыруға бағытталған беталысқа қарамастан туберкулез аурушаңдылығының алдағы уақытта жасаруы (18 жастан 55 жасқа дейінгі тұлғалар ауырғандардың жалпы санының 76,4 пайызын құрайды), жұмыссыздар мен әлеуметтік бейімделмеген топтар санынан ауырғандардың үлес салмағының артуы байқалады, туберкулездің дәріге көнбейтін аурушаңдық өсуі байқалып отыр.
2012 жылы балалар аурушаңдығының көрсеткіші шаққанда 23,4 (2010 жыл) және 100 мың тұрғынға 17,0 құрады, жасөспірімдер – 116,7 дан 74,4 дейін (Қазақстан Республикасы бойынша сәйкес халықтың 100 мыңына 13,7 және 90,9 ). Туберкулез жұқпасы ошағынан балаларды оқшаулау төртінші жағдайда ғана жүзеге асырылады, осының нәтижесінде жыл сайын туберкулездің асқынған түрімен ауырған балалар айқындалуда, сонымен қатар қатынаста болғандар арасында туберкулездің өсуі байқалады. Облыста мектепке дейінгі санаторлық топтар жетіспейді, сондықтан оқшаулау мен сауықтыруды жұқпа ошағынан шыққан балалардың 50 пайыздан астам жағдайы, «қауіп-қатер» тобынан 90 пайыздан астамы қажет етеді. Облыстағы эпидемиологиялық жағдай түзеу мекемелері санының көп болуынан, ондағы туберкулез науқастарының едәуір санымен шиеленісіп отыр. Осы контингент арасында белсенді туберкулез аурушаңдығы облыстың азамат тұрғындары арасында 10,6 еседен жоғары.
Туберкулез жөніндегі бағдарламаны іске асыру бойынша өткізілген іс-шараларға қарамастан науқастарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері (тұрғын үй бөлу, жол ақысын төлеу, туберкулез науқастарына, балаларды қоса алғанда тамақтануға қаражат бөлу) өзекті болып отыр.
Облыста қатерлі ісік аурушаңдығынан болған өлімнің 100 мың тұрғынға шаққанда 272,3 бастап 2010 жылғы 276,2 дейін артқаны байқалады, бұл ҚР бойынша көрсеткішті 2012 жылы 196,0. Аурудың артуы анықтаушылықтың жақсаруымен, қатерді ісік ауруларының алдынғы диагностикасы бойынша скринингтік бағдарламаларды енгізумен түсіндіріледі.
ШҚО және ҚР бойынша қатерлі ісік аурушаңдығымен ауыру
(100 000 тұрғынға шаққанда)
24 сурет
Қатерлі ісікпен барынша көп аурушаңдық облыстың мынадай өндірістік дамыған аудандарында және бұрынғы Семей сынақ полигонына іргелес жатқан аумақтарда тіркелген: Өскемен, Семей, Зырян, Риддер қалалары, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Ұлан, Шемонайха аудандары.
Облыста қатерлі ісік аурушаңдығынан болған өлімнің 100 мың тұрғынға шаққанда 161,2 бастап 2012 жылғы 154,8 дейін төмендегені байқалады, бұл ҚР бойынша көрсеткішін 2010 жылынан 1,5 есе көп (100 мың тұрғынға 104,0) құрайды.
ШҚО және ҚР бойынша қатерлі ісік аурушаңдығынан болған өлім
(100 000 тұрғынға шаққанда)
25 сурет
Тұрғындар аурулары арасында әлеуметтік-маңызды аурулардың қатарында барынша маңызды қан айналымы жүйесінің аурулары тұр. Жалпы өлім құрылымында 30,8% барынша көп үлес салмағы қан айналымы жүйесі ауруларына келеді. 2012 жылы қан айналымы жүйесі ауруларының көрсеткіші 355,7 құрады, Қазақстан Республикасы бойынша көрсеткіште 2012 жылғы 100 мың тұрғынға шаққанда 252,88 (мәліметтер алдын ала).
2010-2012 жылдардағы ШҚО және ҚР ҚАЖА өлу көрсеткіші
26 сурет
Қан айналымы жүйесі ауруларынан болған өлімді төмендету мақсатында облыста кардиохирургиялық көмек қызметінің жұмысы жолға қойылған. Жүрек патологиясы бар, әсіресе жіті коронарлық синдромы бар науқастарға емдеу тактикасын таңдауда жүрек қантамырлары патологиясын ерте диагностикалау әдісі және негізгі дифференциалдық әдіс ретінде коронарография енгізілген. Облыста кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектің дамуы, емдеу мен тексерудің жаңа әдістерінің енгізілуі 2012 жылы жүректің ишемиялық ауруынан болған өлімнің 2010 жылмен салыстырғанда 1,3 есе төмендеуіне әкелді.
Жарақаттардан, бақытсыз жағдайлардан және уланулардан болған (12,3%) өлімі облыс тұрғындары өлімінің себептері арасында үшнші орынды алады – 2012 жылы 142,2, 2010 жылмен салыстырғанда төмендеу 1,9%, ҚР көрсеткіші – 96,78 (ҚР ДСМ жинағының мәліметтері бойынша).
Жарақаттардан, бақытсыз жағдайлардан және уланулардан болған өлім
27 сурет
Өңір облыс тұрғындары арасында АИТВ жұқпасы таралауының індеттің концентрациялық сатысында тұр. АИТВ-жұқпасы аурушаңдығы динамикасын талдау аурушаңдықтың төмендеуін көрсетеді, 2012 жылы 214 жағдай анықталған (төмендеу 1,4 есе).
Індеттің шоғырланған сатысында АИТВ жұқпасының таралуының індеттің концентрациялық сатысында тұрақтандыру мақсатында алдын алу іс-шараларын кеңейту, сондай-ақ вирусқа қарсы терапияны қажет ететін ЖИТС науқастарын толық көлемде қамтамасыз ету жалғасуда.
АИТВ-жұқтырғандарды медициналық қызметтермен толық көлемде қамтамасыз ету мақсатында, АИТВ –жұқтырғандарды тексеру және емдеу үшін облыстың 5 стационары базасында төсек орындар бөлінген.
Тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне арналған шығыстар 2010 жылғы 20760,3 млн. теңгеден бастап 2012 жылғы 34103,3 млн. теңгеге дейін артып, облыстың денсаулық сақтау ісін тұрақты дамыту үшін жеткіліксіз болып отыр.
ШҚО бойынша денсаулық сақтау ісіне арналған шығыстар
(ТМКК мың теңге)
28 сурет
Ауылдық тұрғындарға дәрілік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін дәріханалық ұйымдары жоқ ауылдық елді мекендерде БМСК объектілері арқылы дәрі-дәрмектер сату ұйымдастырылған.
Облыстың денсаулық сақтау ісін білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі маңызды проблема болып отыр. 2010 жылы дәрігерлер саны – 5558 (мем. – 4440), орта медициналық жұмысшылар – 12445 адам (мем. – 10420). 01.01.2013 жылы дәрігерлер саны азайды және 5546 құрады (мем. 4384), орта медициналық персонал – 13 002 адам (мем. – 12 220).
Халықтың барлық мамандықтар, барлық ұйымдарды қосқанда дәрігерлік кадрларымен қамтамасыз 2012 жылғы 39,8-ге дейін артуына қарамастан бірнеше жылдар бойы практикалық бейін дәрігерлермен қамтамасыз ету бір деңгейде қалады – 31,5 (2010 жылы 31,8). Медициналық ұйымдардың дәрігерлермен жарақталуы 2012 жылы 93,1 пайызды құрайды.
2012 жылдың басында кадрлар тапшылығы 454 дәрігер, 70 орта медициналық қызметкер, соның ішінде ауылдық жерлерде 152 дәрігер және 36 орта медициналық қызметкерді құрады. 2012 жылы медициналық ЖОО 96 түлегі облысқа, соның ішінде ауылдық жерлерге 32 жас маман келді. Барлығы 43 адам көтермеақы алып, 29 дәрігер тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 2013 жылы дәрігерлер тапшылығы 419 дәрігер, оның ішінде қалалық жерде – 324, орта медициналық қызметкер 42.
ШҚО бойынша дәрігерлермен және орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу (мем. құрылымдар)
29 сурет
Дәрігер кадрлардың «қартаю» үрдісі байқалады: 50 жастан жоғары жастағы тұлғалар 36,1пайызды, 30 жасқа дейінгі 18,7 пайызды құрады. 25 жылдан астам өтілі бар мамандардың үлес салмағы артып отыр, бұл жас кадрлар келуінің төмендегені туралы куәландырылады.
Денсаулық сақтауды проблемаларды айқындау үшін SWOT-талдау жүргізіледі.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар:
1) демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, туудың өсуі, өлім-жітімнің азаюы, табиғи өсімнің артуы;
2) ана өлімі көрсеткішінің төмендеуі;
3) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тұрғындар үшін медициналық көмек жоғары технологиялық түрлеріне қолжетімділіктің жақсаруы;
4) кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметтің дамуы.
Әлсіз жақтар:
1) тұрғындардың денсаулық жағдайына әсер ететін өңірдегі экологиялық ахуал;
2) нәресте өлімінің жоғары көрсеткіші
3) тұрғындардағы әлеуметтік-маңызды аурушаңдықтардың жоғары деңгейі
4) облыс бойынша дәрігерлер тапшылығы 419 адам;
5) ұсынылатын медициналық қызмет сапасының жеткіліксіз болуы;
6) медициналық мекемелердің медициналық жабдықтармен және тұрпатты ғимаратпен жарақталу деңгейінің төмендігі.
Қауіптер:
1) саланы жеткіліксіз қаржыландыру медициналық құрал жабдық пен медицина мекемелерінің ғимараттарының тозуына әкеледі, бұл ауруларға уақытында диагностика жасау мен халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын төмендетеді;
2) Мамандар тапшылығының артуы.
Мүмкіндіктері:
1) заманауи медициналық объектілер құрылысын қаржыландыруды арттыру;
2) жаңа жабдықтар сатып алуға, ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуге байланысты шығындарды қаржыландыру тетігін әзірлеу;
3) жұмыс орнына, атап айтқанда ауылдық елді мекендерге жұмыс істеп отырған медициналық кадрларды бекіту және жас мамандарды бекіту бөлігінде шаралар жүйесін әзірлеу.
Сонымен, облыстың денсаулық сақтау ісіндегі негізгі мәселелер әйелдер мен балалар денсаулығының төмен индексі; нәресте өлімінің жоғарғы көрсеткіші; кадрлық мәселелер болып отыр. Тұрғындар аурушаңдығының, әлеуметтік-маңызды аурулар аурушаңдығын-онкологиялық аурушаңдықтарды, туберкулез аурушаңдығын қоса алғанда жоғары деңгейі; жарақаттар мен уланулар дың жоғары деңгейі; өңірдің экологиялық проблемалары және денсаулықты қорғау мәселелерінде тиімділігі аз сектораралық өзара әрекет, тұрғындардың өз денсаулықтарына жеткіліксіз жауапкершілігі.
Емдеу алдын алу ұйымдарының, әсіресе ауылдық жерлердегі ұйымдардың материалдық техникалық базасы әлі жеткіліксіз болып отыр.
2.2.2.3 Халықты әлеуметтік қорғау
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жағдайды талдау облыстағы соңғы 3 жыл бойында әлеуметтік қамту саласын дамытудың оң серпінін көрсетті: әлеуметтік саланы дамытуға бөлінетін бюджеттік қаражаттардың тұрақты өсіп отыруы, аз қамтылғандар санының 15,7 % төмендеуі, жұмысқа орналасқан жұмыссыздар санының жыл сайын өсуі, жұмыссыздық деңгейінің 0,6 пайыздық пунктке төмендуі.
2012 жылы экономикалық белсенді тұрғындар саны 748,5 мың теңге құрады. 2010 жылмен салыстырғанда жұмыспен қамтылған тұрғындар санының 15,6 мың адамға өсуі және жалпы жұмыссыздар санының 5,7 мың адамға қысқаруы есебінен 21,3 мың адамға өсті. Жұмыссыздар деңгейі 0,6 пайыздық пунктке азайып, 5,1 % құрады. Өзін өзі жұмыспен қамтығандар саны 11,6 мың адамға қысқарды.
Еңбек нарығындағы жағдай бойынша жұмыс күшіне ұсыныс соңғы жылдары жұмыс берушілердің белгілі кәсіптер мен мамандар жұмысшыларына қажеттілікті 2 есеге асқан. Селодағы жұмыс күшіне сұраныс және ұсыныс дисбалансының негізгі себебі болып жұмыссыздар кәсібінің бар жұмыс орындардың құрылымына сәйкес келмеуі, сондай-ақ бос орындардың орналасқан жері жұмыссыздың тұратын жеріне сәйкес болмауы табылады, яғни тұрғын үй нарығы жұмыс күшінің өңірлік жеделділігін әлсіз қолдайды.
2012 жылы тартылатын шетелдік еңбек күшінің құрамындағы білікті мамандар үлесі 60,8 % құрады. Тартылатын шетелдік еңбек күшінің саны және оның ішіндегі білікті мамандардың үлесі жұмысберушілердің өтінімдеріне байланысты, соның негізінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Квоталар бөлу туралы» бұйрық шығарады.
Нысаналы топқа жатқызылған жұмыссыз және жұмыспен қамтылмаған азаматттарды, оның ішінде репатрианттарды жұмыспен қамтуға жәрдем беру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары болып мыналар табылады: еңбек нарығындағы жағдай және ұсынылатын қызметтер кешені туралы ақпараттық қамту; жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу; жұмыссыздарды кәсіптік оқыту; қайта оқыту және біліктілігін арттыру; уақытша жұмыспен қамту: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру.
Одан басқа, халықты жұмыспен қамту мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру арқылы шешілетін болады. Бағдарламаны iске асыру бiрiншi кезекте оқытуға, тұрғылықты жерi бойынша жұмысқа орналастыруға, өзiнiң жеке iсiн ашуға және кеңейтуге жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкiндiктер болмаған жағдайда, жұмыспен нәтижелi қамтудың қолжетiмдiлiгiн кеңейту мақсатында экономикалық әлеуетi төмен елдi мекендерден экономикалық әлеуетi жоғары елдi мекендерге және экономикалық даму орталықтарына өз еркiмен көшуiне жәрдемдесуге бағытталған.
2012 жылы жұмысқа орналасқан этникалық репатрианттар үлесі 71,0 % құрады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметшілерін әлеуметтік қолдау мақсатында ұжымдық келісім-шарттар жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2012 жылы ұжымдық келісім-шарттармен қамту 77,2% құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 13% артады. Бұл ұжымдық келісім-шарттарды жаңа мерзімдерге қайта жасасу, және де келісім-шартқа отырмаған кәсіпорындармен жұмыстар жүргізу арқылы қол жеткізілді.
2012 жылы барлық бюджеттік әлеуметтік бағдарламаларды орындауға республикалық бюджеттен трансферттерді ескере 5,3 млрд. теңге бөлінді.
Экономиканың барлық салаларының және әлеуметтік саланың дамуымен байланысты шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде шығысқазақстандықтардың өмір сүру деңгейі едәуір жоғарылады. 2010 жылмен салыстырғанда аз қамтылған азаматтардың саны 16,9 % қысқарды және 2012 жыл соңында 35,4 мың адамды құрады. (.34 сур қараңыз).
2010-2012 жылдары аз қамтылған азаматтар санының
өзгеру серпіні
30 сурет
Ең төменгі күн көріс мөлшері 2010 жылдан 2012 жылғы мерзімде 13063 теңгеден 17127 теңгеге дейін ұлғайды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2010 жылмен салыстырғанда 42,7 % азайып, 2012 жылы 13287 адамды құрады.
2012 жылы жәрдемақының осы түрін 14555 отбасы алды, онда 36473 бала бар, бұл 2010 жылдан 29,2 % төмен (аз қамтылған отбасыларынан балаларға мемлекеттік жәрдемақылардың төлемі мен тағайындалуы 2006 жылы басталды).
Тұрғын үй көмегін 2012 жылы 11449 отбасы алды, бұл 2010 жылға қарағанда 33,5 % кем. Көмек мөлшері 2012 жылы орташа алғанда 1312 теңге (2010 жылы - 1137 құрады).
Атаулы әлеуметтік көмек алушылары ішіндегі еңбекке жарамды тұрғындардың үлес салмағы 2012 жылмен салыстырғанда 1,4 % азайып, 2010 жылы 35,4 % құрады.
Атаулы әлеуметтік көмектің орта мөлшері 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 1598 теңгеден 2084 теңгеге ұлғайды.
ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, соларға теңестірілген адамдарға 5 және 2 мың теңге мөлшерінде коммуналдық қызмет шығындарын жартылай өтеуге материалдық көмек беріліп отырады.
Облыста 2010 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 14 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді, оның 8 медициналық- әлеуметтік мекеме жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған, 3 психоневрологиялық медициналық- әлеуметтік мекеме, 2 тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған медициналық- әлеуметтік мекеме (1 мекеме 2010 жылы ашылған), 1 балаларға арналған психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекеме жұмыс істейді.
Онда 1152 қарттар мен мүгедектер, 1220 мүгедектер мен психоневрологиялық аурулар, 185 тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар, 105 психоневрологиялық балалар тұрады.
2012 жылы 43 жалғызілікті қарт азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері, онда 4996 адамға қызмет көрсетілді, бұл 2010 жылға қарағанда 3,9 % көп (4766). Мүмкіндігі шектеулі 2336 балаға 20 үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі қызмет көрсетті, бұл 2010 жылға қарағанда 34% көп (1743).
2012 жылы 150 балаға қызмет көрсету үшін 81,5 млн.теңге мөлшерінде қаражаттар бөлінді.
2010 жылы үкіметтік емес ұйымдар 124,3 млн.теңге сомаға психоневрологиялық патологиясы бар 650 балаға қызмет көрсетті. 2012 жылы қаражаттар сомасы 59,0 млн.теңгеге азайды. 18 жастан асқан 389 бала қамтылған.
2011 жылдан бастап балалар алғаш рет Өскемен және Семей қалаларында екі қоғамдық бірлестік базасында күндізгі бөлімде емдеуде болды.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтары:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш бергендер санының 42,7 % төмендеуі және төлемдердің орта мөлшерінің 30,4 % өсуі жеке атаулы көмекті нығайту туралы куәландырады;
2) табысы кедейлік белгісінен төмен тұрғындар үлесін 1,7 %-дан 1,0%-ға дейін төмендету.
Әлсіз жақтары:
1) облыстың 12 қалалары мен аудандарында табысы кедейлік белгісінен төмен тұрғындар үлесі орта облыстық деңгейден 642,2 теңгеге аз;
2) Облыстың 7 қалалары мен аудандарында тұрғын үй көмегінің орта мөлшері орта облыстық мөлшерден орта алғанда 274,7 теңгеге артта қалуда.
Қауіптер:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің жеткіліксіз әдісі, есепке табыстары алынып, шығыстары алынбайды.
Мүмкіндіктері:
тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналстыру, кәсіптік даярлыққа және қайта даярлыққа жіберу, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарын құру сияқты жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін қолдану, сондай-ақ тұрғындардың аталған санатын кедейлік шеңберден шығару бойынша өңірлік бағдарламалар әзірлеу;
тұрғындардың іс жүзіндегі кірісінің өсуі;
үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік қызметтер секторындағы жұмысты бесендіре түсіру.
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдайда жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны 4,0 мың адам құрады, бұл 2010 жыл басынан 1,7 есеге аз. Экономикалық белсенді тұрғындар санының үлесі 2010 жылмен салыстырғанда 0,2 пайыздық пунктке азайып, 2012 жылы 0,5 % құрады (35 сүрет).
2010-2012 жылдары тіркелген жұмыссыздар санының өзгеру серпіні
31 сурет
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтары:
1) жұмыспен қамтылған тұрғындар саны 2010 жылдан 2012 жылға дейін 5,7 мың адамға көбейді, 43,7 мың адамнан 38,0 мың адамға дейін;
2) жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайыздық тармаққа төмендеп, 5,1 % құрады.
3) әлеуметтік серіктестік дамуы, әкімдік, облыстық кәсіподақ бірлестігі және облыстық жұмысберушілері бірлестігі арасындағы Шығыс Қазақстан облысының 2010-2012 жылдарға арналған үшжақты Келісімі қолданылуда, ірі – 100 %, орта - 98,9%, шағын – 75,7% - мемлекеттік кәсіпорындарды тарта отырып ұжымдық келісім-шарттарға кол қойған кәсіпорындар саны ұлғая түсуде;
4) 2012 жылдан бастап аз қамтылған жұмыссыздарды кедейлік шеңберден шығару бойынша пилоттық жобалар іске асырылуда;
5) жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру басталды;
6) 2012 жылы моноқалалар мен тірек ауылдарды дамытудың кешенді жоспарларын іске асыру басталды.
Әлсіз жақтары:
1) еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың дисбалансы, онда дәрігерлер, жүргізушілер, электргаз дәнекерлеушілер, сатушылар, күзетшілер жоғары сұранысқа ие;
2) экономиканың кадрларға қажеттілік белгілеу механизмінің жоқ болуы кәсіпорындарда кадрларға қажеттілік туралы ақпаратты қалалар мен аудандардың әкімдіктері арқылы жинақтау және жалпылау сияқты болжауға әкеп соғады.
Қауіптер:
1) кәсіпорындарда және мемлекеттік секторда бос жұмыс орындар санын қысқарту салдарынан жүмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша мүмкіндіктерді шектеу.
Мүмкіндіктер:
1) жұмыс берушілер қоятын талаптарға сәйкесжұмыссыз тұрғындардың кәсіби даярлығы мен қайта даярлығы бағдарламаларын жетілдіру,
2) өңірде дайындығы жүзеге асырылмайтын мамандықтар бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту;
3) тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік белсенді бағдарламалары спектрын кеңейту;
4) жұмыссыз азаматтардың ауылды жерлердің тұрғындары үшін басмыдылықпен кәсіпшілік бастамаларын дамытуға жәрдемдесу.
2.2.2.4 Мәдениет
Соңғы жылдары аймақтағы мәдениет саласының іс-әрекеті тұрақты түрде дамып келеді. 2010-2012 жылдары мәдениет саласының қызметі атқарылу үшін бөлінген қаражаттын көлемі 13,3 млрд. теңге сомасын құрады. 2012 жылы бюджет қаражатының 2010 жылға қарағанда 1,2 млрд. теңгеге ұлғайғаны байқалады.
Қаржыландырудың «Жол картасы» бағдарламасы және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы есебінен ұлғайғанын айта кеткен жөн.
2012 жылы мәдениет мекемелерінің желісі 658 бірлікті (оның ішінде 639 мемлекеттік мәдениет мекемесі) құрады, олардың 295-і клуб, 324-ы кітапхана, 4 филиалы бар 10 мұражайы, 2-і театр, 4-і концерттік ұйым, 1-і тарихимәдени мұраны қорғау мекемесі, тарихи-мәдени мұраны қорғау бойынша 1 мекемесі, 1-і хайуанаттар бағы, 7-і кинотеатр, 9-ы Достық Үйі, 3-і мәдениет және демалыс саябағы, 1-і республикалық маңызы бар «Жибебай Бөрілі» мұражай-қорығы.
2012 жылы театрлармен 615 спектакль, оның ішінде 335-і (54,5%) – мемлекеттік тілде қойылды және оның 26-сы - жаңа қойылымдар. Театр өнері саласындағы жаңа қойылымдар үлесі 4,2%-ды құрады.
2012 жылы 166 мыңнан аса мәдени-бұқаралық іс-шаралар (концерттер, фестивальдар, конкурстар, форумдар, акциялар, айтыстар, шығармашылық есептер, облыс әкімінің қабылдаулары және тағы басқа) өткізілді, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушыларының концерттер саны 563 құрады, немесе 2009 жылға қарағанда 2,4 есе ұлғаюы байқалады.
2012 жылы шығармашылық халықаралық, республикалық конкурстарға қатысқан жас орындаушылар саны 173 адамды, оның 40-ы – халықаралық, 133-і республикалық конкурстарға, немесе 2010 жылға қарағанда 4,3 есеге ұлғаюмен қатысты.
2012 жылы көркемөнерпаздар шығармашылық ұжымдардан 117-і «Халықтық» атағы бар және 33-і «Үлгілі» атағы бар (2010 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аттестаттауды өткізуіне байланысты) ұжым жұмыс істеді.
Облыс мұражайларында 16507 мәдени-көпшілік іс-шара, оның 440-ы көрме өткізілді, оның ішінде 44 вернисаж безендірілді, 1584 дәріс пен семинар, оның ішінде мемлекеттік тілде -507, 13 мыңнан астам экскурсия, оның ішінде 4,6 мыңы мемлекеттік тілде, мұражайға келушілер саны 605,9 мың адамды құрады. Мұражай қорларын жаңа экспонаттармен жаңарту үлесі 1,6 %-ды (6,3 мың экспонатты) құрады.
Облыстың кітапханалар қоры 5176 мың дананы, оның ішінде 1266 мың данасы – мемлекеттік тілде, жаңартылған кітап қорының үлесі 52,8 %-ды құрады. Кітапхана оқырмандарының жалпы саны 483 мың адамды, облыс бойынша келушілер саны 3830 мың адамды құрады. Облыс кітапханаларымен 11050 мәдени-демалыс іс-шаралар (семинарлар, дәрістер, конференциялар, кәсіби конкурстар, кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер және т. б.) немесе 2010 жылға қарағанда 1,2 есеге ұлғаюмен өткізілді.
Облыс халқының мәдениет саласының қызметтері сапасымен қанағаттану деңгейі 2012 жылы 65 % құрады.
2012 жылы Аягөз қаласындағы тарихи-мәдени және әдеби мұражайының және Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы Мәдениет үйіне жапсыра салынған құрылыстары бойынша, «Зырян қаласындағы тарихи-мәдени орталық ретінде Горняк» Мәдениет үйінің және Абай ауданы Қараул ауылындағы «Нива» дүкенінің бұрынғы ғимаратын өлкетану мұражайы ретінде қалпына келтіру бойынша жұмыстар аяқталды.
Облыс аумағында 627 тарих және мәдениет ескерткіші, оның ішінде 15-і республикалық маңызы және 612 жергілікті маңызы бар ескерткіш тіркелді. Үш жылдың ішінде 2005 жылмен салыстырғанда 5,2%-ға (627 бірлікке/596 бірлікке) артық, 31 ескерткіш пен монументтер қойылды.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар:
1) 2009 жылмен салыстырғанда орын саны өзгерусіз мәдениет ұйымдарына халықтың бару деңгейінің 4,4 есеге ұлғаюы;
2) 2009 жылмен салыстырғанда облыс халқының мәдениет саласының қызметтері сапасымен қанағаттану деңгейі 3,6 есеге артты.
Әлсіз жақтар:
1) мәдениет саласында қолданылатын ғимараттардың тозуының деңгейі өте жоғары, 2012 жылғы жағдай бойынша тозған ғимараттар 80 %-ды құрайды. Күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуге аудандар бюджеттерінен қаржыландырудың төмен деңгейі;
2) облыстың мәдениет мекемелерінің материалдық техникалық базасын нығайтуға бөлінген қаржыландырудың төмен деңгейі.
Мүмкіндіктер:
1) әлеуметтік-осал топтардың өкілдері үшін тегін қызмет көрсету мәдениет қызметін қолжетерліктей қылады, сондай-ақ, мүгедектерге мәдени-ойын-сауық іс-шараларына қол жеткізу үшін жағдайды қамтамасыз ету.
Қауіптер:
жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тиісті аумақтардағы теңгерім ұстаушыларының жоқтығы ескерткіштерді есепке алу, қорғау және бақылаудың болмауына әкеп соғады, ол өз кезегінде ескерткіштердің бұзулуына және жоюлына әкеледі;
мәдени-демалыс қызметтерінің сапалық деңгейінің төмендеуі және жанрлық пен стильдік алуан түрлілігінің жоқтығы халықтың мәдениет саласының қызметтері сапасымен қанағаттану деңгейінің төмендеуіне әкеледі;
мәдениет және өнер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институттарының (орталықтарының) жоқтығы мәдениет саласы қызметкерлерінің дамуының төмен кәсіби деңгейде болуына әкеледі;
мәдени сала инфрақұрылымының дамуы жеткіліксіз дәрежесі, мамандандырылған кадрлардың және мәдениет ұйымдарының тапшылығы мәдени-ойын-сауық қызметтерінің алуан түрлілігін шектеуіне және болмауына әкеледі.
Өткізілген SWOT-талдау негізінде өңірдегі мәдениет саласының дамуын тежейтін негізгі мәселелер анықталды.
1) мекеме желісі облыс қажеттілігіне сай емес. Облыстың 194 елді мекенінде (немесе 23,7%) кітапханалар мен клубтар жоқ. Көшпелі мәдени ұйымдардың (барлығы 7 видеомобиль, 1 автоклуб) үлкен тапшылығынан мәдени қызмет көрсетуде шалғайдағы ауыл мен шағын аудандарды қамтып алуға мүмкіндік жоқ;
2) материалды-техникалық жарақтандырудың нашарлығы (қазіргі заманға сай музыкалық аспаптардың, жабдықтардың, сахналық костюмдердің жетіспеуі) мәдениет мекемелерінің қызмет көрсету сапасына әсерін тигізіп, халықтың өсіп келе жатқан мәдени қажеттіліктеріне сай келмейді. Экспонаттарды сандыққа айналдыру жабдығының болмауынан, аймақ тұрғындарының көпшілігіне облыс мұражайларының қорлары қол жетпес жағдайда болуда;
3) аудандық және ауылдық кітапханалардың орталықтандырылған кітап қорын жинақтау үшін қаржыландыру жеткіліксіз. 1000 тұрғынға 2 жаңа кітап келеді, ал халықаралық стандартқа сай 250 кітап жаңалықтары болуы қажет. Ауылдық кітапханаларда (облыстың 10 орталық аудандық кітапханасынан басқа) комптютерлендіру, ғаламторға кіру мүмкіндігі жоқтығынан облыстық, ұлттық кітапханалар қорына кіруі шектелген;
4) қаражаттың тапшылығы: ескерткіштерді қалпына келтіру және сақтау, кітапхана мен мұражай қорын сандық нысанға көшіру, жоғары біліктілігі бар қалпына келтіруші мамандарды тарту, компьютерлік бағдарламалау бойынша мамандарды, «Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы» Заңды сақтау бойынша заңгер маманын шақыруға қиындық тудыртып тұр;
5) мәдениет қызметкерлер кадрларының қартаюы, әсіресе мұражай мен кітапханалық қызмет көрсету жүйесінде байқалады. Облыста мәдениет қызметкерлер кадрларын даярлау және қайта даярлау орталығы жоқ, мәдениет мекемелерінде тар көлемді маман (жаңғыртушы, каталогшы, бағдарламашы) жоқ (немесе үлкен тапшылықта), шығармашылық көшбасыларының және маркетинг және арт-менеджменті меңгерген жаңа типті басқарушы кадрлардың тапшылығы байқалады.
2.2.2.5 Тілдерді дамыту
Өңірдегі мемлекеттік тіл саясаты саласындағы даму ұлттық бірегейлікті, мемлекеттік тіл саясатын тиімді ақпараттық қолдауға, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуды қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың басқа санаттарына мемлекеттік тілді оқыту мақсатында Өскемен, Риддер, Курчатов, Зырян қалаларында және Глубокое, Бородулиха, Бесқарағай, Шемонаиха аудандарында жұмыс істеп отырған орталықтарда 2466 тыңдаушысы мемлекеттік тілді үйренуде. Облыс бойынша ұйымдастырылған 641 үйірмеде 14516 тыңдаушы қазақ тілін оқыды. Сонымен бірге мектептер мен басқа да мекемелердегі үйірмелерде 30 мыңнан астам тыңдаушы қазақ тілін оқытумен қамтылған. 2013 жылдың Үлан ауданында орталық ашылса, Семей қаласында , Көкпекті ауданында – жоспарда.
Сондай-ақ 22 мемлекеттік емес орталықтарда 6 мыңнан астам тыңдаушылар мемлекеттік тілді оқып үйренуде.
Сонымен бірге Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясының шешіміне сәйкес облыстың елді мекендеріндегі 329 жалпы білім беретін мектептердің негізінде 7980 тыңдаушы 651 үйірмеге қамтылған.
Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде оқушылардың 57,9% қазақ тілінде оқуда. 39 балабақшада тәрбиеленушілердің 48,2% қазақ тілінде тәрбиеленуде.
Бүгінгі күні облыс бойынша тұтастай алғанда мектептер мен жоғары оқу орындарын қоса есептегенде 320 мыңнан астам тыңдаушы мемлекеттік тілді оқыту үдерісімен қамтылған. 2010 жылмен салыстырғанда тыңдаушылар саны 80 мыңға артып отыр.
Оқыту сапасын арттыру мақсатында ересектерге аналған оқу құралдары, 1-деңгейді оқытатын электронды оқулық, салалық сөздіктер (қаржы, мәдениет, спорт, кеден, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары т.б.), үйірме жетекшілеріне арналған мәтіндер жинағы, тыңдаушылардың жұмыс дәптерлері жасалынды.
Облыстың мемлекеттік органдарының тіл саясатын насихаттау бойынша ақпараттық орталық қызметін атқаратын сайттары жұмыс істеуде.
Мемлекеттік тілді меңгеру процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында KAZCENTER.KZ сайты жұмыс істеуде және ол үнемі жаңартылып отырады. Бүгінгі таңда 115 мыңнан астам тыңдаушы KAZCENTER.KZ сайтының қызметін пайдалануда (2012 жылы 91 мың адам пайдаланды).
БАҚ-тарда мемлекеттік тіл саясаты бойынша жарияланған материалдар саны: 2010 жылы - 423, 2011 жылы – 560, 2012 жылы - 400 болып, алғашқы кезеңмен салыстырғанда өсу 14,2%-ды құрады.
2012 жылы қазақ тіліндегі БАҚ-тың саны 29-ы (20,8%) қазақ және орыс тілінде, 70-ыі (50,3%) орыс тілінде 40-і (28,7%) шықты.
19 аудан мен қалада және 19 облыстық басқармаларда іс жүргізу мемлекеттік тілге көшірілген. Мемлекеттік органдардың құжат айналымындағы қазақ тілін қолданудың үлес салмағы 93,3% құрап, болса, 2010 жылмен салыстырғанда 5,1%-ға өсті.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде барлық оқыту орталықтарының мәліметтері бойынша қазақ тілін меңгерудің орташа деңгейі 69%-ды құрады. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармаларда тыңдаушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі 61%-ды, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын департаменттерде 59,2%-ды құрады.
Дегенмен, қол жеткен жетістіктерге қарамастан қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілдің әлеуетін іске асыру деңгейі жеткіліксіз болуда. Қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің арасында мемлекетік тілді өз қызметін атқару үшін қажет деңгейде білетін мамандар аз. Мемлекеттік тілде оқытатын мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерге деген қажеттілік бар. Мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі орталықтар мен үйірмелер жүйесін кеңейту де қажеттігі бар.
Өңірдің қоғамдық өмірінің барлық негізгі салаларында тіл құрылысы үдерісін одан әрі кеңейту мен тереңдетудің алғы шарттары жасалған. Бұл тұтастай алғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдарды және жұртшылықты жұмылдырып, үйлестірудің нәтижесі болды. Тілдік құрылыстың оңтайлы үдерісі облыс өмірінің барынша әлеуметтік маңызды аспектілерінің бірі болып табылады, өйткені ол қоғамдағы азаматтық келісімді нығайтуға және одан әрі топтастыруға ықпал етеді, солайша этнолингвистикалық және мәдени қажеттілікті толық іске асыруды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда тіл құрылысының қисыны бірқатар проблемалы аспектілердің бар болуымен байланысты.
1) қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгерудің әркелкі деңгейі.
Қызмет көрсету саласы қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді қызметтік функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті деңгейде меңгерген мамандар аз. Бұл проблемалы аспект қазақ тілі оқытушылары мен мамандарының даярлық деңгейінің төмендігімен, қазақ тілін оқыту инфрақұрылымы қызметінің бірынғай стандарттарының болмауымен, мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру және мониторинг жасау жүйесінің болмауымен тікелей байланысты.
2) әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі.
Бұл бағыттағы проблемалы мәселелер, ең алдымен, коммуникациялар, демалу мен ойын-сауық саласында мемлекеттік тілді белсенді қолдану аясының кеңеюіне, оны ғылымның және жаңа технологиялардың тілі ретінде дамытуға байланысты болып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру, оны отбасы құндылығы ретінде таныту сияқты мәселелердің маңызды тізбесі проблемалы болып табылыды.
3) тіл мәдениетінің төмендеуі. Аталған аспект бойынша сөйлеу мәдениеті жетілдіру, сондай-ақ толерантты тілдік орта құру қажет.
4) қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау және нығайту қажеттілігі. Бұл аспектіде орыс тілін меңгеру деңгейін сақтау, этностардың тілдерін дамыту үшін және халықаралық іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде ағылшын және басқа да шетел тілдерін оқуға жағдай жасаумен байланысты бірқатар мәселелер бар.
Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қоғамдық өмірдің барлық салаларында орыс тілі ресми түрде мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады. Орыс тілінің жалпы мәдени қызметі сақталуда және дамуда.
Сонымен бірге ағылшын тілін үйрену үшін жағдайлар жасалуда. 22 жекеменшік тіл оқыту орталықтарында 1500 тыңдаушы тіл үйренді. 2010 жылмен салыстырғанда бұл 607 тыңдаушы артық. Облыстың жалпы білім беретін барлық мектептерінде ағылшын тілін оқыту міндетті болып табылады.
2012 жылы 90 оралман қазақ әліпбиін оықп, орыс тілін үйренді. 257 оралман аудандарда тұрғылықты жері бойынша оқуға тартылды.
Этностардың ана тілі мен басқа тілдерді үйрену үшін 75 этномәдени бірлестіктер жанында жексенбілік мектептер мен үйірмелер құрылған. 2011-2012 жылдары 75 үйірмеде тыңдаушылар саны 1183 құрады.
Ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептер: Достық үйлері жанындағы 9 жексенбілік және 1 ұлттық қайта түлеу мектебінде облыста тұратын 15 этнос тілдері оқытылуда.
Қаржыландыру көлемі: облыстық бюджеттен 2010 жылы - 59 млн. 766 мың, 2011 жылы – 70 млн. 18 мың, 2012 жылы – 77 млн. 240 мың теңге бөлінді.
Саланың даму жағдайына SWOT талдау:
Күшті жақтары:
1) мемлекеттік және Қазақстан халқының тілдерін оқытудың инфрақұрылымы кеңейді;
2) мемлекеттік тілді оқытуды қамтамсыз етудің әдістемелік жүйесі құрылды;
3) мемлекеттік тілді үйрету үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды жасау және енгізу қамтамасыз етілді;
4) мемлекеттік тілде іс жүргізу үрдісі белсенді түрде іске асуда;
5) көптілділікті сақтау жағдайында мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңеюде;
6) Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін үйренуді мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды.
Әлсіз жақтары:
1) мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай стандарты жоқ;
2) тілдер туралы заңнамаларды бұзғандығы үшін қолданылатын әкімшілік шаралардың болмауы ретінде көрінетін айқын құқықтық тетіктің жоқтығы.
Мүмкіндіктері:
1) Қазақстан халқының рухани және ұлттық бірлігінің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің рөлін арттыру;
2) көптілділік ортаны сақтау жағдайында мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізу;
3) Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.
Қауіптер:
мемлекеттік тілді қолдану аясында құқықтық кемшіліктердің болуы;
Қазақстандықтардың тілді мәдениетінің төмендеу мүмкіндігі.
2.2.2.6 Дене шынықтыру және спорт
Облыста 72 спорт түрі насихатталады: жазғы олимпиадалық- 24, қысқы олимпиадалық– 8, олимпиадалық емес– 40.
Шығыс Қазақстан облысында 2012 жылы спорт ғимараттарының саны 2888 бірлікті құрады (соның ішінде жалпы білім беретін мектептердегі спортзалдарды қоса алғанда), олардың 1855 ауылдық жерлерде, 2010 жылмен салыстырғанда 84 бірлікке көбейген.
Дене шынықтыру мен спортпен облыс көлемінде жүйелі түрде шұғылданатындар саны 2010 және 2012 жыл аралығында 37,7% ұлғайып, 295362 адамды құрады, бұл жалпы халық санының 21,2% құрайды.
Облыста шаңғы спортын насихаттайтын 237 секция жұмыс істейді, контингенті 15,7 мыңнан астам адам, 25 шаңғы базалары жұмыс істейді, олардың 17 - қалаларда, 8 - аудандарда. Шаңғы жарысынан жыл сайын 79 астам спорттық-бұқаралық іс шаралар өткізіледі.
Кесте 12
2010-2012 жылдарда негізгі спорт көрсеткіштері дамуының динамикасы
р/с
№
|
Көрсеткіш атауы
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
1
|
ШҚО халық саны, адам
|
1398219
|
1398083
|
1395059
|
2
|
Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың саны, адам
|
214352
|
254549
|
295362
|
3
|
Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың қамтылуы, %
|
15,3
|
18,2
|
21,2
|
4
|
6-18 жас аралығындағы дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны, адам
|
149064
|
149064
|
181862
|
5
|
Спорт объектілері саны, бірлік
|
2804
|
2845
|
2888
|
Облыс аумағында футбол, волейбол, көкпар, гандбол спорт түрлерінен 7 кәсіби спорт клубтары қызмет етеді.
2012 жылы облыстың құрама командалары кешенді республикалық жарыстарға қатысып, жоғары жетістіктерге жетті, соның ішінде: жасөспірімдер арасында байдарка мен каноэда есуден Қазақстан Республикасының Чемпионатында Алматы қаласында 13 алтын, 5 күміс, 5 қола жүлдеге ие болған, Қазақстан Республикасының колледж бен мектеп оқушылары арасындағы VI жазғы спартакиадада көркем гимнастикадан облыс спортшылары жалпы командалық 1 орын, еркін күрестен ҚР Кубогінде облыс спортшылары жалпы командалық 1 орын.
2012 жылы облыстың спорт мектептерінде 21299 адам шұғылданады бұл 2010 жылмен салыстырғанда 1738 адамға көп. Аталған мектептерде НП топтары – 935 (2010-761, 2011-832), УТГ – 664 (2010-688, 2011-669), СС – 114 (2010-98, 2011-110), ВСМ – 9 (2010-26, 2011-18).
2012 жылда дайындалды:
халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері – 9 адам (2011 ж.-12 адам);
спорт шеберлері – 60 адам (2011 ж. -84 адам);
спорт шеберлігіне үміткерлер – 314 адам (2011 ж. - 369 адам);
1 разрядты спортшылар – 508 адам (2011 ж. - 435 адам).
Облыста, облыстың мектеп жасындағы балалардың 1,4%-ын ғана қамтый алатын мүмкіндігі бар 34 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері бар. Тұратын жерлерде және жаппай демалу орындары бойынша спорт алаңдары және имараттары жеткіліксіз. Инфрақұрылымның дамымағанына байланысты ауылда айналысатын жастардың және балалардың санының көрсеткіші төмен болып қалады. Бүгінгі күні облыстың 775 кентінде не бәрі 6 жабық спорт кешендері бар және спорт бойынша 45 әдіскер жұмыс істейді. Ашық спорт алаңдарының саны 1475 бірлік.
Қажеттілікті қанағаттандырмайтын материалдық-техникалық база, сапалы спорт құрал-жабдықтары мен саймандарының жоқ болуы спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды жоғары деңгейде дайындауға мүмкіндік бермейді. Балалар-жасөспірімдер клубтары жүйесі жеткіліксіз дамыған, тұрғылықты орындар мен бұқаралық демалыс орындарында қарапайым спорт алаңдары жеткіліксіз.
Саланың даму жағдайын SWOT талдау:
Күшті жақтары:
1) Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны 2012 жылы (295362 адам) 2010 жылмен салыстырғанда (214352 адам) салыстырғанда 37,7%,-ға, яғни 81010 адамға артты;
2) Спорт объектілерінің саны 2012 жылы (2845 бірлік) 2010 жылмен салыстырғанда (2804 бірлік) 01,4 % -ға немесе 41 бірлікке артты;
3) Шаңғы спортын дамыту үшін жағдайлар жасалды;
4) Шаңғы спортын дамыту үшін қолайлы климаттық жағдайлар.
Әлсіз жақтары:
1) Спорт объектілерінің материалдық-техникалық базаларының әлсіз жабдықталуы.
Мүмкіндіктері:
1) Облыстық инфрақұрылымда дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін мүмкіндік жасау (шағын-футбол, волейбол, баскетбол, үлкен теннис, шайбалы хоккей үшін алаңдар құру).
Қауіптер:
Өткізілген SWOT талдау нәтижесінде облыстың өңірлерінде дене шынықтыру және спорттың дамуын тоқтататын негізгі мәселелер анықталды:
1) бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортының әлсіз дамуы;
2) спорт инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, спорт ұйымдарының материалдық-тхникалық жабдықталуының төмен деңгейі: облыста жоғары спорт жетістіктерін дамыту үшін жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша жоғары спорттық шеберлік мектептері жоқ; ауылда спорт құрылғыларының, спорт құрал-жабдықтары және саймандардың жетіспеушілігі.
2.2.2.7. Ішкі саясат
Мемлекеттілікті нығайту, демократияны дамыту, азаматтық қоғам институттарын қолдау, қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық және дінаралық келісімді қамтамасыз ету, тұрғындар арасында кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу ішкі саясаттың негізгі басымдықтары болып табылады.
Облыста 8 саяси партия филиалы және республикалық қоғамдық ұйымдардың 3 өкілдігі, 615 үкіметтік емес ұйым, оның ішінде 200 белсенді жұмыс істейді, 99 этномәдени бірлестіктері, 120 бұқаралық ақпарат құралдары қызмет атқарады.
Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара сындарлы іс-қимылдары арқылы тұрғындарды қоғамдық үрдістерге кеңінен тартуды дамыту қамтамасыз етілуде.
Мемлекетік органдар мен азаматтық қоғам институты арасындағы қарым-қатынасты дамыту үшін келесі өзара іс-әрекет құрылысы қолданылуда:
консультативті-кеңесші органдар (ҮЕҰ өзара іс-әрекет Кеңесі, Ақпараттық саясат бойынша кеңес);
сұхбат алаңдары (Қоғамдық Кеңес, Саяси клуб, Бас редакторлар клубы);
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
мемлекеттік ақпаратттық тапсырысты орналастыру.
Азаматтық Альянс негізінде Ресурстық орталық құрылып және үкіметтік емес ұйымдардарға, оның ішінде 5 ауылдық ҮЕҰ арналған шағын-жобалық қаржыландыру қарастырылған.
Ішкі саясат басқармасының жобалары аясында республикада әлеуметтік-маңызды жобаларды бағалаудың әдістемесі әзірленді, тұрғындарды діни ағымдардың мәселелері жөніндегі ақпараттандыру орталығында діни мәселелер жайлы «тікелей желі» ашылды.
Өкілетті құрылымдармен бірлесіп әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау және алдын алу бойынша қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу жүйесі құрастырылған, Әлеуметтік шиеленіс Картасы құрастырылып үнемі жаңартылуда, БАҚ-тағы сыни мақалаларға әрекет ету сызбасы қызмет атқаруда.
Облыс әкімі жанындағы қоғамдық Кеңес пен азаматтық қоғам институтының сындарлы өзара іс-әрекет мақсаты аясында денсаулық сақтау, тұрақты даму, экология, ТҮКШ, жастар мәселелері бойынша 15 қалалар мен аудандарда 4 эксперт-жұмыс тобы жұмыс істеуде. Сонымен қатар Курчатов қаласы, Абай, Бесқарағай аудандарында Қоғамдық кеңестер құрылады.
Бүгінгі күні қалалар мен аудандар әкімдіктері тарапынан Кеңестер әлеуетін қолданудағы ролі жөнінде толық түсінушілік жеткіліксіз.
Қоғамдық-саяси, ұлтаралық жағдайға, мемлекет жүргізіп отырған саясатқа тұрғындардың қарым-қатынасын, мемлекеттік саясатқа бағытталған азаматтық қоғам институтының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс деңгейін анықтау үшін жыл сайын 24 мың адамды қамтитын 26 әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі
Жыл сайын ҮЕҰ әлеуметтік-маңызды жобаларын іске асыру үшін мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың көлемі ұлғайып келеді, 2010 жылы – 17,0 млн.теңге, ал 2011 жылы – 19,7 млн.теңге, 2012 жылы – 32,0 млн. теңге.
Қоғамның әлеуметтік міндеттерін шешу барысына үшінші әлеуметтік сектордың қатысу қажеттілігі ұлғаюда. Сонымен қатар бірнеше проблемалар орын алады:
мемлекеттік тапсырысты орналастыру мен қалыптастыру саласындағы заңдылықтың аяқталмауы, әлеуметтік-экономикалық және әдістемелік-ұйымдастырушылықты қамсыздандыру;
облыстың қалалар мен аудандар әкімдіктері, басқармалар әлеуметтік-маңызды жобаларын іске асыруда салалық принциптердің жетіспеушілігі;
әлеуметтік-маңызды жобалардың үшжылдық қаржыландыруын іске асыруда механизмнің жетіспеушілігі;
әлеуметтік жобаларды іске асыруда біртұтас мониторинг жүйесінің жетспушілігі;
қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде ауылдық ҮЕҰ төмен ролі мен нашар дамуы.
Облыста азаматтық қоғамды дамыту саласында заңдылықты жетілдіру бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Республикалық азаматтық форумдарда жергілікті мемлекеттік басқаруда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы, ҮЕҰ қолдау туралы ұсыныстар мен заң жобаларына ұсыныстар қарастырылды.
Сондай-ақ, облыста «Жергілікті өзін-өзі басқару орталығы» ҚҚ бірлесіп
ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің үйлестіруімен ҚР жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуының заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жұмыстар атқарылды.
Облыстың ақпараттық кеңістігін 120 тіркелген бұқаралық ақпарат құралы құрайды, оның ішінде 100-і басылымдық (18 журнал, 82 газет), 20-сы электрондық ақпарат құралы.
БАҚ мен тиімді іс-әрекет түрі - ол мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру.оның көлемі жыл сайын өсуде: 2010 жылы 236,5 млн. теңге, 2011 жылы – 332,4 млн. теңге, 2012 жылы – 393,7 млн. теңге бөлінді.
Тұрғындар арасында отандық сандық хабар таратудың артықшылықтарын түсіндіру жұмыстары жалғастырылды, БАҚ материалдар жарияланды. Сонымен бірге, ОТАУ ТВ ақпараттық нарығында нашар алға басушылық байқалуда, ол отандық телехабарлардың төменгі бәсекелестігі мен ОТАУ ТВ жабдықтарының қымбат тұруына байланысты болып отыр.
Облыстың 76 шалғай елді мекендерінде, «OTAU TV» экрандық тарату жетіспейді. 30 пайызы ғана құрылған (1145 тарелка орналастырылған).
Бүгінгі таңда келесі шараларды қабылдау қажеттілігі туындауда:
қоғам мен арнайы топтардың мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы туралы ақпараттану деңгейін «сұхбат алаңдары» мен ақпараттық-насихаттық іс-шараларын дамыту арқылы жоғарылату;
өңірлік БАҚ ақпараттық қолдау сапасын жоғарлату және ұлғайту;
БАҚ құқықтық мәдениетін жоғарлатуы мен ақпараттық салада заңдылықтың сақталуын қадағалау, журналисттік қоғамдастықтың этикалық ережелерді сақтауы (БАҚ мониторингілеу жүргізу);
мемлекеттік БАҚ ұйымдастырушылық және кадрлық нығайту шараларын қабылдау (кадрлардың біліктілігін жоғарлату, БАҚ бірлесіп мақсатты іс-шараларды дайындап өткізу, оның ішінде журналисттер кәсібилігін арттыру мектептерін ұйымдастыру, атақты журналисттер қатысуымен семинар-тренингтер мен мастер-класстар өткізу);
мемлекеттік БАҚ жан-жақты жаңғыртылуы (БАҚ сапалы деңгейі, Интернет ресурстарының және масс-медиа web-сайттарының бар болуы);
бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы үйлесімді дамуына жәрдемдесу (мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындауға тарту).
Ішкі саясат саладағы жағдайын бағалау үшін SWOT-талдау өткізілді:
Күшті жақтары:
қоғамдық саяси ахуалға, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық институттардың қызметтеріне мониоринг жүргізіледі;
азаматтық қоғам институттарының қатысуымен өткізілетін сұхбат алаңдарының белсенді жұмыстары қамтамсыз етілді;
ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге белсендірек тартылуда.
Әлсіз жақтары:
76 елді мекен қазақстандық телехабарлармен қамтылмаған;
ауылдық өңірлердегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс деңгейінің төмендігі;
кейбір қалалар мен аудандарда үкіметтік емес және жастар ұйымдарын қолдау мақсаттарына қаражат бөлінбейді;
үкіметтік емес ұйымдарға гендерлік-бағытталған көмектің төмен деңгейі.
Мүмкіндіктер:
қоғамдық-саяси, соның ішінде діни ахуалдың күрделенуіне жол бермеуге қатысты алдын ала шаралар қабылдау;
халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;
сандық теледидарды енгізудің мемлекеттік бағдарламасын жеделдете іске асыру;
ауылдық өңірлерде жұмыс істейтін ҮЕҰ әдістемелік көмектер көрсету;
ҮЕҰ әлеуметтік-маңызды жобаларын іске асыруына қаражат бөлуін арртыруы;
облыс қалалар мен аудандар әкімдіктерінде, салалық басқармаларда мемлекеттік тапсырысты орналастыруы.
Қауіптер:
Облыстағы қоғамдық-саяси ахуалдың күрделенуі;
Деструктивті діни ағымдардың таралуы;
Қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған жергілікті ҮЕҰ халықаралық грантарды іске асыру;
Ресейдің ақпараттық ықпалы.
Дін істері саласындағы саясаттың негізгі басымдылықтары діни тұрақтылықты, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, тұрғындар арасында кең ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу, толерантты қоғам қалыптастыру болып табылады.
Облыста діни тұрақтылықты, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, діни экстремизм және терроризм көріністеріне қарсы әрекет, тұрғындардың мемлекеттік органдарға сенімін жоғарылатуға бағытталған іс-шаралар кешені өткізіледі.
Діни бірлестіктер санының көбеюіне және тұрғындардың діни белсенділігінің артуына байланысты діни бірлестіктер қызметіне үлкен назар аударылады.
Облыста бүгінгі 297 діни бірестіктер мен филиалдар: 193 мешіт, 40 православты, 6 католиктік приход, 56 протестанттық, 2 дәстүрлі емес бірлестіктер бар.
Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі облыстық кеңес жұмыс істейді. Бірнеше диалогтық алаң (Діни бірлестіктер басшыларының клубы, Дін тану зерттеулері орталығы және басқа) жұмыс істейді.
Нысаналы топтарға арналған дін мәселелерін түсіндіру бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, ғылыми-практикалық конференциялар тұрақты өткізіледі.
«Единство» қоғамдық бірлестігі және «Даналык» қоғамдық қоры азаматтық қоғамның белсенді институты болып табылады, олар деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге ақпараттық және психологиялық көмек көрсетеді.
Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының конструктивті өзара іс әрекеті арқылы тұрғындардың қоғамдық процесстерге тартылуы және диалогты дамытуы қамтамасыз етіледі.
Тұрғындар арасында соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жетілдіру және белсендіру қажет. Облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде ай сайын «Дін» және «Духовность» арнайы айдарлары шығып тұрады, «Қазақстан-Өскемен» телеарнасында ай сайын «Дін мен діл» - «Близкие духом» хабарлары шығады. Жаңалық сюжеттері, «тікелей эфирлер» және пресс-конференциялар шығарылады.
Діни ағымдардың мағынасын түсіндіру, діни экстремизм мен терорризм идеяларының алдын алу жұмысы жалғастырылуда. Мемлекеттік қызметшілер, ішкі істер органдары, дінтану мамандары, дәстүрлі діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардан құралған арнайы ақпараттық-насихат топтарының сапарлары өткізіледі. Облыстың қалалары мен аудандарында осыған ұқсас топтар жұмыс істейді.
Құқыққорғау қызметі органдарының дін саласындағы жұмысын үйлестіру мақсатында жұмыс тобы құрылған, оның отырыстарында өзекті мәселелер талқыланады.
Жартыжылда бір рет ШҚО Талдау және болжау институты «ШҚО қалалары мен аудандарында дәстүрлі емес діни бірлестіктердің әлеуметтік шиеленіс деңгейіне ықпалын анықтау» әлеуметтік зерттеуін жүргізеді.
Заңсыз діни бірлестіктерге басшылық ету және қатысқаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында азаматтармен түсіндіру алдын алу жұмыстары өткізіледі.
Діни ахуал, діни бірлестіктер мен азаматтық қоғамның басқа институттары қызметінің жүйелі мониторингі, олармен конструктивті диалог және өзара іс-қимыл жасау өңірде діни тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.
Жастар саясаты саласында жетекші басымдылық елдің болшақ дамуын қамтамасыз етугемүмкіндігі бар интеллектуалды және рухани тұлға қалыптастыру болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысында 359 мыңға жуық жастар тұрады. Оның (26%) облыстағы барлық тұрғындардың төрттен бірін құрайды. Олардың ішіндегі - 182 367 адамы (51%) ерлер, 176 645 (49%) әйелдер, ауыл жастарының санатына жататындары - 138 931 адам (39%).
Облыста 80 астам жастар ұйымдары тіркелген. Ұйымдардың көбі Семей, Өскемен, Риддер қалаларында, Шемонаиха және Зырян аудандарында тіркелген.
Облыстың ЖОО және ООО-да 77 343 студенттер білім алуда (ЖОО - 34 030, ООО - 43 319).
2009 жылдан бері «Дипломмен ауылға» бағдарламасы іске асырылуда. 2012 жылы ауылдық елді мекендерге 322 маман келіп, жұмысқа орналастырылған, оларға бір рет төленетін көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алуға несие төленді. 2013 жылы 370 маман қолдауға ие болды.
Ведомствоаралық іс-қимылдың басты тетігі мен алаңы Жастар істері жөніндегі кеңестердің қызметі болып табылады. Олардың жұмыстарын белсендендіру мақсатымен қалалар мен аудандардың әкімдері аталған Кеңестердің төрағалары болып тағайындалған. Қалалық және аудандық Кеңестер мүшелерінің жалпы саны 284 адамды құрайды. 2013 жылы барлығы облыс қалалары мен аудандарында жастар істері бойынша 39 және облыс әкімінің жанында 2 отырыс өтті.
Сонымен бірге Тұжырымдаманы іске асырудың бірінші кезеңінде жастар саясатын жетілдіру тетіктерінің бірі жұмыспен қамтуды, жұмысқа орналастыруды, қолжетімді тұрғын үйді және келешегі бар бизнес-идеяларды іс жүзінде қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған жобалар болып табылады.
Осылайша, облыста жастарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету мақсатымен республика көлемінде тұңғыш рет «Жастардың электрондық еңбек биржасы» ашылды, оның жұмысының нәтижесінде бүгінгі таңда 1900-ден астам адам жұмысқа орналастырылды.
Жастарды ынталандыру және жемісті қоғамдық қызметтерін қадірлеу мақсатында «Жастар көшбасшысы»; «Студент көшбасшысы»; «Жылдың жастар акциясы»; «Жастар ұйымы»; «Жас журналист», «Жас кәсіпқойлар», «Жас отбасы» 7 номинациясы бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан қомақты үлесі үшін» атты сыйлығы тағайындалған.
Жастар саясатының өзекті мәселелерін ақпараттық насихаттау бағытында облыста «Молодежный клуб», «Жаңа әлем жастары», Шемонаиха ауданында-«Молодежный формат» жастар газеттері шығады. Мемлекеттік жастар саясаты мәселесі облыстық және аймақтық электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында кен көлемінде жария етіледі. Мемлекеттік жастар саясатын жемісті жүзеге асырудың ажырамас бөлігі ол оның ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етілуі болып табылады.
Жастар арасында негізгі көкейтесті проблемалардың бірі болып табылатын ол, сапалы білім алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз етілу.
Жастар саясатын жүзеге асырылуына, кадрлық, ғылыми және ақпараттық қамтамасыз етілуінің жетіспеушілігі. Халқаралық деңгейде жастармен алмасу дамымаған. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша, аумақтар үшін квотаны көбейту қажеттілігі.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтары:
1) қоғамдық саяси ахуалға, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық институттардың қызметтеріне түрлі әлеуметтік әдістер қолдану мен сарапшыларды тарту арқылы мониоринг жүргізіледі;
2) 7 ауданда мемлекеттік тілдеі жаңа қоғамдық-саяси БАҚ шығару (бұрын шығарылмаған);
3) азаматтық қоғам институттарының қатысуымен өткізілетін сұхбат алаңдарының белсенді жұмыстары қамтамсыз етілді;
4) діни жағдайды талдау, діни бірлестіктер қызметін, басылым және электронды ақпарат құралдарында жарияланған діни тақырыптағы материалдарды талдау;
5) жастарға арналған ресурсты орталықтар құру және жұмыс істеуі;
6) ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге белсендірек тартылуда;
7) «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ ашу.
Әлсіз жақтары:
1) 73 елді мекен қазақстандық телехабарлармен қамтылмаған;
2) ауылдық өңірлердегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс деңгейінің төмендігі;
3) тұрғындардың діни қызмет мәселелері бойынша ақпарат насихат жұмысының жеткіліксіз деңгейі, қалалар мен аудандардағы ақпарат –насихат топтары мүшелерінің төмен діни сауаттылығы;
4) Үкіметтік емес ұйымдарға гендерлік-бағытталған көмектің төмен деңгейі.
Мүмкіндіктер:
1) қоғамдық-саяси, соның ішінде діни ахуалдың күрделенуіне жол бермеуге қатысты алдын ала шаралар қабылдау;
2) халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;
3) Қазақстан Респубилкасы Президентінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 648 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Респубилкасының 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет ету бойынша сандық телевиденияны енгізу бойынша іс-шараларды жедел іске асыру;
4) ауылдық өңірлерде жұмыс істейтін ҮЕҰ әдістемелік көмектер көрсету;
5) ҮЕҰ әлеуметтік-маңызды жобаларын іске асыруына қаражат бөлуін артыруы;
6) облыс қалалар мен аудандар әкімдіктерінде, салалық басқармаларда мемлекеттік тапсырысты орналастыруы.
Қауіптер:
1) облыстағы қоғамдық-саяси ахуалдың күрделенуі;
2) деструктивті діни ағымдардың таралуы;
3) жастардың деструктивті ағымдарға тартылуы;
4) Қытай тарапынан ақпараттық кеңістіктің бұзылуы;
5) Ресейдің ақпараттық ықпалы.
2.2.2.8 Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
Жалпы облыс бойынша криминогенді жағдай тұрақты болып қалады. Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды есепке алу және тіркеу, қылмыстар жағдайы туралы объективті статистикалық мәліметтерге жету бойынша нысаналы жұмыс жүргізілуде. Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды есепке алу және тіркеу бойынша толық тіркеу шараларының нәтижесінде қылмыстардың статистикалық өсу көрсеткіші байқалады. 2012 жылы 25610 қылмыс тіркелген бұл 2010 жылдан 56 % аз. Тіркелген қылмыс санының өсуіне қарамастан ауыр және аса ауыр қылмыс түрлерінің саны 2 есе төмендеді (11,2 ден 6,7 – ауыр, 1,65 тен 0,8 – аса ауыр), соның ішінде кісі өлтіру 12%, денсаулыққа ауыр зиян келтіру 15%, қарақшылық 17% азайды.
Облыста тіркелген қылмыстар санының өсуі аздаған (95%) және орташа ауыр (22%) қылмыстың көбеюімен шартталған, олардың үлесіне барлық тіркелген қылмыстың 94% келеді. Негізінен бұл ұрлық, алаяқтық, бұзақылық және басқа ұсақ қылмыстар.
32 сурет
Сонымен қатар, облыстағы жедел жағдай күрделі болып сипатталатынын атай кету қажет. 10 мың адамға (185) қылмыс деңгейі бойынша облыс республикада 5 орында болып табылады.
Өскемен, Семей, Риддер, Зырян қалаларында, Шемонаиха және Глубокое аудандарында аса жоғары деңгей сақталуда.
2012 жылы қылмыс ашуды есептеу әдістемесінде өзгеріс болды. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды есепке алатын қылмыстарды ашудың жаңа формуласына сәйкес ол 57,5% құрады (республика бойынша – 42,7%). 2009 жылы жалпы қылмыстардың ашылуы 63,8% құрады.
Халықаралық есірткі трафигі мен есірткіні сату жолдарының жолын кесу бойынша құқық қорғау органдарының күші жеткіліксіз. Алдымен, ұйымдасқан қылмыстық топтардың құрамында жасалған қылмыстар. Есірткі бизнесінің қылмыстық құрылымдары Ресей мен европалық мемлекеттерге есірткі құралдарын тасымалдау үшін облыс аумағын пайдаланады. Жыл сайын заңсыз айналымнан есірткі құралдары алынады. Халықты есірткілерді пайдалануға тарту деңдейі жоғары болып қалуда. Нашақорлықты ерте алдын алу жүйесін құру, сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерді дамытуды талап етеді. Есірткіге қарсы күресті насихат жалпы мемлекеттік жүйені қалыстастыруға әкелетін жолдардың ұйымдастырылуын жетілдіруді, оның ішінде заңнама деңгейінде. Осыған байланысты барлық мемлекет органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін пайдалана отырып пәрменді ақпараттық-насихаттау шаралар кешенін қабылдау қажет.
Зорлық-зомбылық бағытта жасалған қылмыстар саныны артуда, әсіресе, бөтеннің мүлкін ұрлау, оның үлесі құрылымда 64 % астамды құрайды. Аталған түр қылмысын ашудың үлесі 2009 жыл қорытындылары бойынша 43,3 % құрды. Осыған байланысты, ұрлыққа қарсы әрекет – ішкі істер органдарының негізгі тапсырмаларының бірі болып табылады, ал бөтен біреудің мүлігін ұрлаудың профилактикасы және алдын алу мәселелері өзекті болып келеді.
Полиция қызметкерлерінің белсенділігі арнайы мекемелердің қолданыстағы мүмкіндіктерімен ұсталады. Облыста барлығы 3 медициналық айықтырғыш жұмыс істейді, 3 СЛПУ, 4 арнайы қабылдағыш бар.
Қылмыстық із кесу шараларын қабылдаумен қатар, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, құқық бұзушылықтардың профилактикасы жүйесін құру қажеттілігі туындап отыр. Ойын-сауық мекемелерін, сауда орталықтарын және дүкендерді бейнекамералармен жарақтандыру мәселесі бірнеше рет көтерілген. Алайда әлі күнге дейін жаңа нысандарды пайдалануға енгізу кезінде де нысан иелерінің алдында бұл мәселелер көтерілмейді.
Қоғамдық тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздік жағдайының индикаторы болып табылатын қоғамдық орындарды, соның ішінде көшелерде жасалатын қылмыс өсімінің әлеуеті сақталады. 2012 жылы көшелерде 3236 қылмыс жасалған болатын, олардың үлес салмағы 2010 жылы 10% дан 2012 жылы 13% дейін артты. Көшелердегі және басқа қоғамдық орындардағы жоғары криминогендік жағдай Жедел басқару орталықтарының әрі қарай дамуын, олардың Семей, Зырян, Риддер, Шемонаиха, Аягөз қалаларында ашылуын талап етеді. «Қауіпсіз аула» бейнебақылау жүйесін дамыту. Патрульдік-бекеттік қызметтерді материалды техникалық және кадрлық нығайту, автопатрульдердің санын, жылжымалы және стационарлық полиция пунктерін арттыру, біріктірілген деректер банкіне қол жеткізе отырып оларды компьтерлік техникамен жабдықтау қажет.
Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыстық оңалту мәселелерінде проблемалар бар (2010 жылы 689 дан 2012 жылы 702). Дене шынықтыру және спорт саласында мүмкіндіктер қажетті емес мөлшерде әрекет етеді. Облыстық орталықта салынған хоккей қораптары негізінен бос тұр, балалар спорт клубтарының қызметі ұйымдастырылмаған. Полицияның «мектеп» инспекторларының институттарын әрі қарай дамыту қажет, бұл оқушылар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алумен айналысуға мүмкіндік береді.
Азаматтарды және үкіметтік емес ұйымдарды құқық бұузышылықтаржы алдын алуға тарту бойынша жұмысты әрі қарай дамыту қажет. Қоғамдық тәртіпті қорғауда азаматтардың және қоғамдық қалыптастырулардың қатысуы жыл сайын қысқарып келеді. 2010 жылы қалыптасулар саны 717 құраған, ал оларың мүшелерінің саны 4365 адам, 2012 жылы облыс бойынша 3208 адам санында 543 қызмет атқарған.
Бұрын сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және жұмысқа орналастыру мәселелері өзекті болып қалады. Аталған тұлғалардың санаттары үшін жұммыс орындарына квота бөлу туралы кәсіпорындармен меморандумдар жасау қажет.
Облыс жолдарындағы апат жағдайы күрделі болып қалуда. Оның себебі Автокөлік құралдары парктерінің өсуі, жолдардың қозғалыс қарқындылығының сәйкес еместігі, жүргізушілер дайындығының сапасы мен тәртібінің төмен деңгейде болуы.
33 сурет
Жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру үшін, жол қозғалысын бақылау және реттелудің заманауи техникалық құралдарын қолдану қажет. Осы мәселелерді шешу жол көлік оқиғалар санының жыл сайын 2-3%-ға төмендеуіне мүмкіндік береді
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтары:
азаматтардың заңды мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша жағдай жасалған;
құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз етудің нақты субъектілері анықталды;
қоғамдық тәртіпті қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алуда қатысатын азаматтар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасасу нысандары келісілді.
Әлсіз жақтары:
ІІО-да есепте тұрған тұлғалар арасында отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралардың жеткіліксіздігі;
тұрмыстық маскүнемдік, Маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алу мәселелерінің шешілмегендігі;
тұрмыс жағдайы ауыр тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту деңгейінің жеткіліксіздігі;
облыстың ішкі істер органдарының қажеттілік нормасына дейін қамтамасыз етілмеуі, оларды үлгілік әкімшілік ғимараттарымен қамтамасыз етілмегені, жұмыс істеп тұрған ғимараттарды қайта салу қажеттілігі.
Мүмкіндіктер:
құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін жетілдіру;
құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың өсуіне жол бермеу бойынша уақтылы шараларды қабылдау;
алдын алу субъектілерінің жұмысын үйлестіруді арттыру.
Қауіптер:
облыстың географиялық орналасу орны Ресей мен еуропалық мемлекеттерге есірткі заттарды тасымалдау үшін мүмкіндік береді;
кедендік одақ пен болашақ бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру аясында трансұлттық байланыстары бар қылмыстық топтардың іс-әрекеттері белгілі бір қатерін ұсынады;
облыста түзеу мекемелерінің үлкен шоғырландыруы.
2.2.2.9. Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын дамыту
Шығыс Қазақстан облысы аумағының әртүрлі табиғи, кен-геологиялық және геодинамикалық жағдайлары оның – жер сілкінісі, су тасқыны, сел, көшкін, қар көшкіні, дауыл, орман және дала өрттері, температураның күрт төмендеуі және қарлы боран, індет және эпизоотия сияқты табиғи апаттарға айтарлықтай бейім болатындығын алдын ала анықтайды. Құралдар мен негізгі қорлардың, жылжымалы құрамның және көліктегі инфрақұрылымның ескіруі мен тозуы, табиғи ресурстарды өңдеуді қарқындандыру, оларды тасымалдау мен қайта өңдеу көлемін арттыру техногендік қауіп-қатердің өсуі үшін нақты алғышарттар жасайды.
Уақтылы қабылданатын шараларға қарамастан жол-көлік апатын қоса алғанда табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың және апаттардың серпіні, зақымданушы және қаза болғандар саны, мтериалды жоғалту осы орайда келесідей болып табылады:
13 кесте
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
Төтенше жағдайлар саны
|
2650
|
2585
|
2286
|
с.і. төтенше жағдайлар кезінде
|
201
|
222
|
182
|
Зардап шеккендер саны, барлығы
|
527
|
478
|
427
|
с.і. төтенше жағдайлар кезінде
|
265
|
248
|
248
|
Қаза болғандар саны, барлығы
|
183
|
165
|
152
|
с.і. төтенше жағдайлар кезінде
|
164
|
150
|
130
|
Материалдық жоғалту, барлығы
|
8851,7
|
601,6
|
579,7
|
с.і. төтенше жағдайлар кезінде
|
8500,0
|
0
|
0
|
Соңғы жылдар ішінде төтенше апаттар және төтенше жағдайлардың тұрақтың санына қатысты төтенше апаттар және төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен және қаза болған адамдар санының төмендеуі байқалады. Адами және материалды ресурстар санының әрі қарай азаюы облыс инфрақұрылымының сел және су тасқыны, сел, көшкін, жер сілкінісі және өрт әсерлерін қамтамасы ету деңгейін арттыру кезінде мүмкін.
Облыстағы 203 гидротехникалық имарат (соның ішінде 4 ірі), оның ішінде 107 коммуналдық меншік нысаны, 70 республикалық және 26 жеке меншік нысаны теңгерім ұстаушыға бекітілген болатын, олардың жағдайына үнемі бақылау жасалып отырады. Гидротехникалық имараттардың көбі бөлшектік инструментальді зерттеуді және құрастыруды күшейту бойынша жұмыстар жүргізуді талап етеді. Биік таулы көл өзендерінің және мұздықтарының болуы көктемгі-жазғы кезеңде 44 ошақ жалпы санында селдік қатерді туғызады. Көшкін құраушы 336 телімге 107 нысан қауіп төндіреді.
Жыл сайынғы залалады облысқа су апатымен (су тасқыны, су басу) байланысты төтенше жағдайлар әкеледі. Облыста су тасқынының туындауы бойынша әлеуетті қауіпті 157 учаске бар, онда тұратын халықтың жалпы саны 82 мың адам болатын 157 елді мекен орналасқан. 2010 жылғы көктем кезеңінде қолайсыз келген стихиялық ауа-райы шарттарына байланысты су тасқыны кезеңінде, наурыз айының ортасында ауа температурасының +17º-қа дейін күрт жылынуынан қар қорларының жаппай еруі орын алып, соның салдарынан Абай, Аягөз, Зайсан, Күршім, Тарбағатай және Ұлан аудандарындағы 52 елді мекенді су басты. Су тасқынының салдарынан 1739 тұрғын үй, 237,5 шақырым автомобиль жолдары, 84 су өткізу құрылыстары мен көпірлер, 3 білім беру объектісі, 4 денсаулық сақтау объектісі, 99 шақырым сумен қамту желілері, 44,5 шақырым электр жіберу желіліері бүлінді және қирады. Төтенше жағдайлар аумағынан 12 мыңға жуық адамдар көшірілді, 20 мыңнан астам бас мал қырылды. Дүлей апаттардың салдарын жоюға, жөндеу-қалпына келтіпу жұмыстарын өткізуге және келтірілген залалды қайтаруға 8,5 млрд. астам теңге жұмсалды. 2011-2012 жылдары жергілікті атқарушы органдар қаражаты есебінен су тасқыны алдын алу шараларын өткізуге 227,2 миллион теңге бөлінді, нәтижесінде су тасқынымен байланысты төтенше жағдайлар байқалған жоқ.
Шығыс Қазақстан облысы климатының шұғыл континенттік жағдайларында және елді мекендердің бір бірінен айтарлықтай алыс қашықтықта болуынан қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар адамдар өмірі мен денсаулығына қауіп туындатады. Осылай, 2010 жылдың қаңтар айының ортасында қар көшкіндерінің және жалғасқан дауылдардың салдарынан автожолдардың тұрақтылығының жойылды және 150-ден астам елді мекендермен көлік қатынас тоқтатылды. Облыстың 12 аудандарында шамамен 126 мың адамның өмір сүру жағдайы бұзылған болатын. 2011-2012, және 2012-2013 жылдарда қыс ерекше аязды және қарлы болды, бірақ адамдардың апат болуына жол берілген жоқ.
Мемлекеттік мағынасы бар ірі елді мекендер, қалалар, өнеркәсіп объектілерінің көптеген бөлігі облыстың 7-ден 9 балға дейін күші бар қиратушы жер сілкінісіне ұшырайтын аумағында орналасқан. 2.03-30-2006 ҚР құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес Шығыс Қазақстан облысында сейсмикалық қаупі 7 және одан да көп балдық аумақта 89 елді мекен орналасқан. Облыстық сейсмикалық қаупі жоғары аумағына аумақтың 165,4 мың шаршы километр кірді, бұл облыстың барлық аумағының 60 % құрайды, онда облыс тұрғындарының жалпы санының шамамен 981,0 мың адам немесе 62,5 % тұрады. Сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақ Өскемен, Риддер, Зырян, қалаларын, Глубокое, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар аудандарын қамтиды. Жоғары сейсмикалық аймақта 846 коммуналды меншік нысаны, соның ішінде 285 мектеп, 21 балабақша, 150 денсаулық сақтау нысаны, 80 мәдениет нысаны, 52 мемлекеттік сектордлың әкімшілік ғимараты, 7 тіршілік қамту нысаны, 1 жоғары қабатты ғимарат (9 қабат және жоғары), 270 басқа үйлер (3 қабаттан жоғары). Облыстық басқармалар ақпарат бойынша 103 республикалық меншік нысанын, соның ішінде денсаулық сақтау басқармасының теңгеріміндегі 71 нысанды, мәдениет басқармасының 18 нысанын, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларыд үйлестіру басқармасының 11 нысанын, 3 спорт нысанын сейсмокүшейту қажет. Барлық нысандар бойынша ғимарат және құрылыс конструкциясының жай-күйі туралы мамандандырылған ұйымның тексеру қорытындысы жоқ.
Облыстың елді мекендеріндегі сейсмикалық микроаудандау карталарының жоқтығы сейсмикалық қауіптілікті бағалауға және инженерлік қорғау мен жер сілкінісі апаттарының салдарын төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік бермейді.
Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі орын алған мәселелерді бірізді шешуді, туындаған жер сілкінісінен болуы мүмкін материалдық шығын болжамын, сонымен қатар конструкцияларды күшейту жолымен шығынды айтарлықтай азайтуды талап ететін кешенді болып табылады. Сейсмикалық күшейтуді инженерлік қорғау бойынша шараларды тексеру және өткізу облыстың бюджетінде жоқ бірсыпыра қаражаттың салымын қажет етеді.
Облыстың орманды алқаптарындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы күрделі болып отыр, онда жыл сайын 20-ға дейін ірі өрттер болып тұрады, 12 мың гектарға дейін орман алқаптары құртылады. Тұрғын секторда өрт шығу деңгейі жоғары болып қалуда, мұнда жыл сайын барлық өрттердің 75 пайызына дейін және өрт кезіндегі адам өлімінің 90 пайызына дейін болады. Барлық өрттердің 60 пайыздан астамы ауылдық жерлерде болады. Облыста ҚР ТЖМ өртке қарсы бөлімшелері жоқ елді мекендерде орналасқан 70 өрт сөндіру тірек пунктері жұмыс істейді. Елді мекендерді қажетті қорғаумен қамтамасыз ету үшін және орман-дала өрттерін сөндіру жұмыстарын өткізуге 62 ауылдық мекендерде қосымша базалар құру және өртке қарсы техникамен толықтыру қажет, бұл ретте 44 мың тұрғыны бар 105 ауылдық мекен қорғаумен қамтылуы тиіс.
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, алдын ала дайындалу дүлей апаттар, авариялар, катастрофалар кезінде пайда болатын қауіп-қатерлерден халықты, облыс экономикасын, материалдық және мәдени құндылықтарды әсерлі қорғаудың міндетті шарттары болып табылады.
Саланың даму жағдайына SWОT талдау:
Күшті жақтары:
1) табиғи өрттердің пайда болу және көктемгі су тасқыны қаупі кезеңіндегі қар қорының еруі ошақтарын алдын ала анықтау бойынша ғарыш мониторингінің болуы;
2) жыл сайын бекітілген жоспар бойынша басқару органдары, облыстық қызметтер, АҚ және ТЖ объектілік және аумақтық қызметтерімен командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізіледі;
3) төтенше жағдайлардың қаупі және пайда болуы кезінде әрекет ету және өзара әрекеттесу жоспарлары жасалды;
4) облыстың АҚ және ТЖ мәселелері бойынша басшы құрамы облыстық және республикалық оқыту курстарында жиі дайындықтан өтеді;
5) қалалар мен аудандар әкімдіктерімен орман-дала өрттерін сөндіру және шалғай орналасқан елді мекендерді қорғау үшін 63 өрт сөндіру тірек пунктерінің қызметі ұйымдастырылды.
Әлсіз жақтары:
1) халықты құлақтандырудың қолда бар жүйесі табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың қаупі немесе пайда болған кезде халыққа ақпаратты жедел толық көлемде жеткізуге қабілеті жоқ;
2) АҚ және ТЖ аумақтық құрылымдары авариялар және дүлей апаттар аумақтарында шұғыл құтқару жұмыстарын өткізуге қажетті құралдар, қондырғылар және құтқару жарақтарымен нашар жабдықталған;
3) жағалауды бекіту жұмыстарын өткізуді және кезек күттірмейтін қорғауды қажет ететін, елді мекендер мен инженерлік құрылыстарға тікелей қауіп тудыратын, су тасқыны және су басуы пайда болатын әлеуетті-қауіпті учаскелер бар;
4) сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстарды қаржыландырудың жоқ болуына байланысты қатты жер сілкінісі жағдайында адамдар өлмінің болдырмау мүмкіндігінің жоқ;
5) оның капитал тығыздығына байланысты апаттың және дүлей апаттың кері әсері және оны жою бойынша шаралар кешінін жүзеге асыру толық көлемде емес.
Мүмкіндіктері:
тұрғындар арасында АҚ және ТЖ саласындағы білімді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау, әртүрлі түрдегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл ережесінің көрнекілік құралдарын тарату жөніндегі кең көлемдегі жұмыстар ТЖ болатын шығындарды айтарлықтай азайтады;
өрт сөндірудің тірек пункттерін дамыту және мөлшерін артыру табиғи өрттерден болған шығындарды айтарлықтай азайтуға, сондай ақ аудан орталықтарынан шалғайда жатқан елді-мекен пункттерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
облыс әкімінің және қалалар мен аудандар әкімдерінің материалдық-техникалық запастарын күшейту төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен тұрғындардың кепілді тіршілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қауіптер:
1) облыс аумағында күші 7-ден 9 балға дейін болатын күшті жер сілкінісі туындауының нақты каупі бар. Бұл аймақта өнеркәсіптік жағынан дамыған Өскемен, Зырян, Риддер қалалары және халық көп шоғырланған ауылдық аудандар орналасқан;
2) объектілерді тексеру және сейсмикалық күшейту жөніндегі қаржыландыру жобасының болмауы қирататын жер сілкінісі туындаған жағдайда адам өліміне, сонымен қатар тұрғын үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың жаппай бүлінуіне соқтырады және тек облысқа ғана емес республикаға да айтарлықтай шығын келтіреді;
3) су құрылыстарының кепілді мықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді тәсілдің болмауы бөгеттердің жай-күйін тексеру және оларды күшейту жөніндегі іс-шараларды қаржыландырмаудан техногендік авариялар туындап, адамдар өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді;
4) тұрғындарға арналған қазіргі заманның жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға қаражат бөлмеу аумақтың химиялық ластануы болған жағдайда адамдар өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді;
5) қазіргі заманның қосалқы қорғалған басқару пункті құрылысына қаржыландырудың болмауы ерекше кезеңде АҚ және ТЖ күштері мен құралдарының сенімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге қауіп төндіреді.
2.2.2.10 Мұрағат ісі
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісінің дамуына жасалған талдау соңғы жылдар ішінде мұрағат өрісінің қызмет ету саласында ілгерілеудің позитивті үрдісінің байқалатындығын көрсетті.
Облыста 1 облыстық және 15 аудандық мемлекеттік мұрағаттар, Риддер қаласының мемлекеттік мұрағаты және Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысының қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы бар.
Облыста 1300-ден астам мекеме, ұйымдар, кәсіпорындар – мемлекеттік мұрағат құжаттарын жинақтау көздері болып есепке алынған. Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық мұрағат қорының көлемі 2010 жылғы 122 754 сақтау бірлігіне қарағанда ұлғаюмен 2 375 222 сақтау бірлігін құрайды.
Облыстың мұрағаттық мекмелерінде материалдық-техникалық базаларын модернизациялау, компьютерлендіру, автоматтандырылған мұрағат технологияларын құру және енгізу және Шетел мұрағаттарында және Қазақстан Республикасының мұрағаттарында сақтаудағы Қазақстан тарихы жөніндегі құжаттарды (көшірмелерін) іздеу және сатып алу жүргізілуде.
Ведомстволық сақтау кезеңіндегі сақталуын қамтамасыз етудің болмауы қызметкерлердің еңбек қызметін және олардың зейнетақымен қамтамасыз етуге ақша аударуы жөніндегі мәліметтерді растайтын құжаттардың мұрағат мекемелеріне келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстардың 20 % астамы оң растау алмауына әкеліп соқтырды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар құрылымдарының 40 %-да ведомстволық мұрағаттар жоқ.
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін 1 млн. сақтау бірлігіне арнап Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатына арналған арнайы ғимарат құрылысы қажет. Сонымен қатар, аудандарда да арнайы үй-жайлар жоқ.
Аталған мәселелерді шешу мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерінің және облыстың мұрағат саласының тиімді қызмет етуінің идеалды моделіне жақындауға мүмкіндік берер еді.
Саланың даму жағдайына SWОT талдау:
Күшті жақтары:
Басқарма және облыстың мемлекеттік мұрағаты мемлекеттік органдарының бірыңғай транспорттық желісіне қосылған. (интернет порталына шығу, облыс әкімінің ресми сайты, билік өкілінің порталы, электрондық қызмет орталығына шығу). Облыстың барлық 18 мұрағат мекемелерінде модем орнатылған, «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» сайты белсенді жұмыс істейді.
Әлсіз жақтары:
нормативтік –құқықтық базасының жетілмегендігінде, облыста мұрағат ісі құжаттарды сақтау саласында және мұрағат мекемелері жұмысында білікті мамандардың жетіспеушілігінде көрінетін мұрағат саласының инфрақұрылымы дамуының төмен дәрежесі;
мемлекеттік мұрағаттарда сақталатын құжаттама көлемінің өсуі мен мұрағат қоймалар көлемімен сәйкес келмеуі;
Қазақстан халқының құжаттық мұрасын зерттеу, дамыту мен насихаттауының жеткіліксіз деңгейі.
Мүмкіндіктер:
облыстың мұрағат мекемелеріне электрондық қызмет көрсетуі, заңды форматтағы ұлттық мұрағат қоры көлемінің өсуі, азаматтардың мұрағат ақпаратына қол жетуінің кеңеюі.
Қауіптер:
мұрағат саласындағы жергілікті атқарушы органдардың тиімсіз жұмысы, жергілікті атқарушы органдарынан кадрлардың кетуі.
Достарыңызбен бөлісу: |