Бағдарламасы өскемен қ., 013 жыл Паспорт



жүктеу 8,13 Mb.
бет2/7
Дата23.11.2018
өлшемі8,13 Mb.
#23677
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

1. Паспорт





Атауы

Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы, Қазақстан Республикасы Президентінің – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына жолдауы

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Шығыс Қазақстан облысы республиканың солтүстік-шығысында орналасқан, 1932 жылы құрылған. Облыста: 19 әкiмшiлiк-аумақтық бірлік, соның iшiнде 15 аудан, 10 қала, 760-ден аса кенттер мен ауылдар, 246 ауылдық және кенттік округтер бар. Халық саны – 1393,6 мың адам. Экономиканың базалық саласы түсті металургия болып табылады, сондай-ақ машинажасау және металл өндеу, орман және ағаш өндеу, жеңіл және тамақ, өнеркәсібі дамыған.

Әзірлеуші

ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мүдделі облыстық салалық басқармалармен бірлесе отырып

Стратегиялық бағыттары

Өнеркәсіпте, агроөнеркәсіп кешенінде, инвестицияда, шағын және орта кәсіпкерлікте, сауда және қоршаған ортада жоғары өндірісті инновациялық технологиялар енгізу негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы;

әлеуметтік сала мен адами әлеуетті дамыту, халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылату, барлық сапалы әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтамасыз ету;

экономиканың үдемелі индустрияландырылуына және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және көліктік қызметті қамтамасыз етуге жағдай жасайтын инфрақұрылым кешенін жаңарту;

аумақтық құрылым;

мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.


Мақсаттары


Облыс экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

өндірісті әртараптандыру арқылы өнеркәсіптің тұрақты және қалыпты дамуын қамтамасыз ету;

Өнеркәсіптің әртараптылығын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту;

үздіксіз және сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету, облыста электр энергиясы тапшылығын жабу үшін жаңа қуаттылықтарды енгізу, қолда бар энергетикалық құралдарын, электр желілерін жаңарту және қайта жаңғырту;

өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азық-түлік тауарларының ішкі нарығында отандық азық-түліктердің үлес салмағын арттыру, облыстың АӨК экспорттық әлеуетін іске асыру;

шағын және орта кәсіпкерлікті серпінді және кешенді дамыту,

ішкі сауда саласын серпінді дамыту;

өңір экономикасына инвестиция ағымын ынталандыру;

өңірдің инновациялық дамуын жандандыру;

мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың, жүйеқұраушы кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамту үлесін арттыру;

білім берудің сапасын, қол жетімділігін, тартымдылығын жоғарылату және балалардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін жоғарылату;

азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

отандық мәдениетті сақтау, тарату және

насихаттау;

бұқаралық спорт пен жоғарғы жетістіктер спортын дамыту;

Шығыс Қазақстан облысында туризм индустриясын тұрақты дамыту;

ұлт бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту. Мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-әрекетін жетілдіру арқылы мемлекеттілікті нығайту;

көшелерде және қоғамдық жерлерде сенімді құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстарды ашу, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды анықтау;

табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда шығындар мен залал тию қаупін мүмкіндігінше барынша азайту;

халықты қолжетімді және сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету;

құрылыс жұмыстарының көлемін арттыру;

тұрғын үйдің қол жетімділігін қамтамасыз ету;

автожол саласының инфрақұрылымын даму деңгейін арттыру;

облыс халқын сапалы, қолжетімді көлік қызметімен қамтамасыз ету;

облыс азаматтарының жайлы өмір сүруі;

өңір тұрғындарын қажетті көлемдегі және кепілдендірілген сападағы ауыз сумен тұрақты түрде қамтамасыз ету,

тұтынушыларды жылумен қамту қызметтерімен, өңірдің елді мекендерінде су бұру жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету;

ауыл аймақтарының тұрақты дамуының негізін құру, ауыл тұрғындарын өмір сүрумен қамтамасыз етудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;

шекаралас елді мекендердің экономикалық әлеуеті мен инженерлік инфрақұрылымын дамыту;

қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту;

бұрын мемлекеттік орман қорының ормандары алып жатқан кесінділер, өртенген және өзге аумақтарында ормандарды қалпына келтіру, ормандарды өрттен қорғау;

азаматтар және ұйымдар үшін мемлекеттік электрондық қызметтердің қолжетімділігін арттыру;



Міндеттері

Экономиканың болжамдалған параметрлері шегінде дамуын қамтамасыз ету

өнеркәсіптің тұтастай алғандағы басым салаларын дамыту;

өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларын дамыту;

металлургиялық саланы дамыту;

машинажасау саласын дамыту;

басқа металл емес минералды өнімдер өндірісін дамыту;

құрылыс материалдары өндірісін дамыту;

химия өнеркәсібін дамыту;

фармацевтика өнеркәсібін дамыту;

жеңіл өнеркәсіпті дамыту;

энергетикалық ресурстар мен қуаттылықтарды пайдаланудың тиімділігін жоғарылату;

өсімдік шаруашылығының өнім көлемін арттыру;

мал шаруашылығының өнім көлемін арттыру;

қайта өңдеу өнеркәсібінің тауарлық өнім көлемін арттыру;

ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін және өңірдің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

шағын және орта кәсіпкерлік саласын серпінді дамытуды қамтамасыз ету;

шикізаттық емес және жоғары технологиялық өндіріске инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

инновациялық қызметті дамыту үшін жағдай жасау;

қазақстандық қамту үлесін ұлғайту;

қоршаған орта сапасын басқару жүйесін оңтайландыру мақсатында табиғи ортаның ластану мониторингін жүргізу және табиғат пайдалануды экологиялық реттеу жүйесін жетілдіру;

су нысандарына антропогендік әсерді шектеу;

мектептегі білім беру қызметінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруды қамтамасыз ету;

мектепке дейінгі ұйымдар желісін арттыру және ұсынылатын қызмет сапасын жақсарту;

бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы дайындау үшін жағдай жасау;

Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;

азаматтардың денсаулығын нығайту;

әлеуметтік маңызды аурулардың ауыртпашылығын төмендету;

жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту;

заманауи сапалы деңгейде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету үшін жағдай жасау;

тілдерді дамыту және қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын табысты іске асыру;

дене шынықтыру және спортты насихаттау;

облыстың бәсекеге қабілетті туристік өнімін қалыптастыру;

этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту;

патриоттық өзіндік сананы, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, белсенді қоғамдық позицияны қалыптастыруға бағытталған жастармен өзара қарым-қатынас моделінің тиімділігін әзірлеу;

жолдардағы апаттарды және олардың салдарының ауыртпалығын қысқарту;

қылмысты және есірткі қылмысын ашу бойынша жедел-іздеу тәжірибесінің нәтижесін арттыру;

қоғамдық тәртіпті нығайту, қылмысқа қарсы әрекетте алдын алушылықты ұлғайту;

техногендік апаттардан, катастрофалардан және дүлей апаттардан болған тәуекелдерді төмендету және залалдарын азайту бойынша жағдай жасау;

жаңа, қазіргі заманғы байланыс қызметін енгізу, телефон байланысын жаңарту және қайта жаңғыртуды жүргізу;

ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануда және электрондық қызметті алуда халықтың қажеттілік өсімін ынталандыру;

көліктік инфрақұрылымды қалпына келтіру және жетілдіру;

облыс бойынша жолаушы бағытының қолданыстағы желісін дамыту, жолаушыларды тасу көлемін арттыру, халықтың қажеттілігі есебімен елді мекендер арасындағы көліктік қатынасты қамтамасыз ету;

халыққа көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің сапасын жақсарту;

облыстың ауылдық елді мекендерінің сумен қамту жүйесін тұрақты дамыту;

жылумен қамту жүйесін жаңарту және дамыту;

облыстың су бұру жүйесін қалпына келтіру;

ауыдың тіршілік етуін қамтамасыз етудің қалыпты шарттарын құруға жәрдем көрсету;

қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін онтайландыру және табиғат пайдалануды экологиялық реттеу жүйесін жетілдіру мақсатында табиғи ортанының ластануына мониторинг жүргізу;

су объектілеріне антропогенді әсерді шектеу;

орман ағаштарының жерсінуін ұлғайту;

орман өрттерімен күресуге бағытталған іс-шаралар кешенін 2015 жылға қарай 30% ұлғайту;

әлеуметтік маңызды қызметтерді электронды нұсқаға ауыстыру, ЖАО ішкі бизнес-процесстерді автоматтандыру



Іске асыру кезеңдері

I кезең (аралық) – 2011 – 2013 жылдар, бірінші кезектегі іс – шараларды іске асыру.

II кезең (қорытынды) – 2014-2015 жылдар, қойылған міндеттерді шешу үшін көзделген іс – шараларды іске асыру.



Нысаналы индикаторлар

Жалпы өңірлік өнім көлемінің табиғи көлем индексін 107 % дейін ұлғайту;

өнеркәсіптік өнім көлемінің табиғи көлем индексін 109,6 % дейін ұлғайту;

өңдеу өнеркәсібі өндірісінің табиғи көлем индексін 109,6 % дейін ұлғайту;

электр энергиясын шығару көлемін 105,2 % дейін ұлғайту,

ауыл шаруашылығы өнім өндірісінің табиғи көлем индексін 103,5% дейін ұлғайту;

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндірісінің табиғи көлем индексін 101% дейін арттыру;

бөлшек сауданың табиғи көлем индексін 106% дейін ұлғайту

негізгі капиталға инвестицияның табиғи көлем индексін 106,2% дейін арттыру;

инновациялық саласында белсенді кәсіпорындар және ұйымдар деңгейін 10,5 % ұлғайту;

тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамтуды 54,1 % ұлғайту;

халықтың білімге қол жетімділігіне қанағаттану және сапа деңгейін 100 % дейін арттыру;

балалардың жалпы санынан балалардың 95%-на дейін мектепке дейінгі біліммен және оқытумен қамту;

үлгілік жастағы жастарды (14-24 жас) техникалық және кәсіби біліммен қамту деңгейінің үлесі 19,5 % дейін;

халықты медициналық қызмет сапасымен қанағаттандыру деңгейін 92% дейін арттыру;

халықтың өмір сүру ұзақтығын 69 жасқа дейін ұлғайту,

жалпы өлімді 1000 халыққа 10,9-ға төмендету;

жұмыссыздар деңгейін 2015 жылға 4,9 % дейін төмендету;

күн көріс минимумынан төмен халықтың үлесін 4,7% дейін арттыру;

мәдениет саласы қызметінің сапасына тұрғындардың қанағаттану деңгейін 72 % дейін жоғарылату;

мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар санын 76 % дейін ұлғайту;

халықтың жалпы санынан жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын барлық жастағы тұрғындар санын 19,36% дейін ұлғайту;

туристік салада қызмет көрсететін жиынтық табысты 2015 жылы 2008 жылдың деңгейіне қарағанда кемінде 56,5% ұлғайту;

азаматтық қоғам институтының және мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оң бағалайтын тұрғындар үлесін 57% дейін арттыру;

халықтың ішкі істер органдарына сенім білдіруінің болжамды деңгейін 55% дейін арттыру;

төтенше жағдайлардан адами және материалды шығындарды 1,7% дейін төмендету;

халықтың байланыс және коммуникация саласының қызмет сапасымен қанағаттану деңгейін 75% дейін ұлғайту;

құрылыс жұмыстарының табиғи көлем индексін 103,7% ұлғайту;

тұрғын үйлерді пайдалануға енгізуді жалпы алаңнан 328,8 шаршы метрге дейін;

жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 73% дейін ұлғайту;

жүк айналым деңгейін 7522 мын тонна/км дейін ұлғайту;

жолаушы көлігі айналымының көлемін 11 951 млн. жолаушыға дейін ұлғайту;

тұтынушылардың коммуналдық қызмет сапасымен қанағаттану деңгейін 63% дейін арттыру;

халықтың орталықтандырылған сумен қамтуға қол жетімділігінің деңгейін 85,5% дейін ұлғайту;

жылумен қамту қызметімен қанағаттану деңгейін 10,5% дейін ұлғайту;

халықтың су бұру қызметімен қамтамасыз етілу деңгейін 55 % дейін ұлғайту;

жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендер санын 46 бірлікке дейін ұлғайту;

шекаралас аудандарда халық санының өсімін 100,3% ұлғайту;

стационарлық көздерден ластаушы заттардың атмосфераға тасталуы;

су объектілеріне нормативті тазартылған ағын суларды азайту;

2015 жылға орман алаңдарымен жабылған жерлерді 1169,8 млн. га ұлғайту;

халықтың әлеуметтік-маңызды қызмет сапасымен қанағаттану деңгейін 70% дейін арттыру.


Қаржыландыру көздері және көлемі

Қаржыландыру көздері: республикалық және облыстық бюджеттер, тартылған және меншікті қаражат, қарыз қаражат.

Қаржыландыру көлемі:

барлығы – 1 620 189 млн. теңге

соның ішінде:

2011ж. – 316 663 млн. теңге

2012ж. – 275 568 млн. теңге

2013ж. – 289 732 млн. теңге

2014ж. – 357 231 млн. теңге

2015ж. – 380 996 млн. теңге



2. Ағымдағы жағдайды талдау

Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Даму бағдарламасы) «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасы Президентінің – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына жолдауын орындау үшін әзірленді.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген «Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында бекітілген негізгі бағыттарға сәйкес келеді.

Даму бағдарламасы тұрғындардың өмір сүру сапасын жоғарылатуға бағытталған, және облыстың барлық өңірлерінің тең дәрежеде дамуы, өсім нүктесін қалыптастыру үшін жүргізіліп отырған саясаттын логикалық жалғасы болып табылады. Құжат облыстың барлық өңірлерінің тұрақты және қалыпты дамуы есебінен әртараптандыру және бәсекелестікті жоғарылату арқылы экономиканың өсімін қалыптастыруға бағытталған. Жобада 2015 жылға дейінгі Даму стратегиясы және Бәсекелестікті жоғарылату стратегиясының, экономика салаларын дамыту жөніндегі бағдарламалық құжаттардың негізгі пайымдаулары жинақталған.

Даму бағдарламасы шеңберінде облыстың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жасалған, күшті және әлсіз жақтары, қауіптер мен даму мүмкіндіктері анықталған.

Шығыс Қазақстан облысы ұлттық жүйеде жетекші өңірлердің бірі болу үшін нақты бәсекелестік артықшылықтары бар. Облыстың негізгі бәсекелестік артықшылықтарына: ұтымды географиялық орналасу, тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібі үшін минералды шикізаттың айтарлықтай қоры, түсті металлургия мен металл өндеуде айтарлықтай технологиялық әлеует, орман және энергетика ресурстары, жоғары білікті мамандар, жұмыссыздықтың салыстырмалы түрде төмен деңгейі, туризмді дамытуға мүмкіндік беретін бірегей рекреациялық жағдайлар бар.

Бәсекелестік артықшылықтар, сондай-ақ мүмкіндіктер мен қауіптер есебімен Даму бағдарламасының іс-шараларын іске асыру тұрақты әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық даму кезінде халықтың өмір сүру сапасын және деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегиялық мақсаты әртараптандыру және барлық салаларда бәсекелестікті жоғарылату, инженерлік инфрақұрылымның тиімділігі арқылы экономиканы дамытуды қамтамасыз ету, сыртқы және ішкі факторларды барынша пайдалану есебінен облысты әлеуметтік саласы мен әлеуметтік демографиялық дамыту, табиғи кешеннің қалпына келу әлеуетін сақтау және облыс тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз етудің қолайлы жағдайларын жасау үшін қоршаған ортаны сауықтыру болып табылады.

2.1. Табиғи-экономикалық әлеует

Шығыс Қазақстан облысы республиканың солтүстік-шығысында орналасқан, 1932 жылы құрылған. 1997 жылы облыс аумағына Семей облысы қосылды. Облыс аумағы - 283,3 мың шаршы шақырым (Қазақстан аумағының 10,2%).

Ресей Федерациясының екі өңірімен, Қазақстанның үш облысымен және Қытаймен шекаралас:

солтүстігінде – Алтай аймағы және Алтай Республикасымен,

шығыста – Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданымен,

оңтүстікте – Қазақстанның Алматы облысымен,

батыста – Қазақстанның Қарағанды облысымен,

солтүстік-шығыста – Қазақстанның Павлодар облысымен шектеседі.

Әкімшілік орталығы - Өскемен қаласы.

Облыста: 19 әкiмшiлiк-аумақтық бірлік, соның iшiнде 15 аудан, 10 қала, 760-ден аса кенттер мен ауылдар, 246 ауылдық және кенттік округтер бар.

2013 жылғы 1 қаңтарда халық саны 1393,6 мың адамды құрады (Қазақстан халқының 8,2%), бұл 2010 жылғы 1 қаңтардағы салыстырғанда 3,1 мың адамға аз.

Табиғи - климаттық тұрғысынан алғанда Шығыс Қазақстан теңдесі жоқ өңір болып табылады. Онда дала, шөлейтті және тау тайгасы ландшафттары қатар орналасқан.

Облыс аумағы су ресурстарына бай, жерінен 800 өзен ағып өтеді, олардың жалпы ұзындығы 10 мың км-ден артық. Басты күретамыры өзінің көп сулы салалары – Үлбі, Үбі, Қарақаба, Қалжыр, Күршім, Нарын, Бұқтырма және басқа да таулы өзендері бар Ертіс өзені болып табылады. Облыста Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл сияқты ірі көлдер бар. Мұнан бөлек көп ұсақ көлдер, су қоймалары бар, олардың ең ірісі Бұқтырма су қоймасы болып табылады.

Облыс климаты шұғыл континентальды, ауа температурасының тәулік, маусым және орташа жылдық ауытқуларының үлкен амплитудасы бар.

Өңір аумағының шамамен 30% ормандар алып жатыр, онда Қазақстанның іскер ағаш қорының 70% шоғырланған.

Облыста минералды-шикізат ресурстарының айтарлықтай қорлары бар және оның ең басты байлығы – құрамында мырыш, қорғасын, мыс, сирек және асыл металдары бар полиметалл кендері, тас көмір кен орындары бар, сондай-ақ, алтынның, сирек және сирек кездесетін металдардың, цемент өндіру үшін шикізат, шыны қождары қорлары, тақта тас пен цеолиттің айтарлықтай шоғырлары бар.

Пайдалы қазбалардың бай кен орындарының болуы облыс экономикасының өсіміне жағдай жасайды. Экономиканың негiзгi саласы түстi металлургия болып табылады, ол облыстың өнеркәсіптік әлеуетінің шамамен 60% үлесін құрайды.

Облыста мыс рудасын, аффинаждалған алтын, күміс, тазартылған мыс өткен жылмен салыстырғанда 16,7% өсті.

Жалпы республикалық көлемде облыста шығарылатын қорғасынның үлес салмағы 98,4%, мырыш – 96,6%, аффинаждалған алтын – 56,1%, аффинаждалған күміс – 15,7%, титан, магний, тантал, бериллий және атом электрстанцияларына арналған отын - 100%.

Өңірде сондай-ақ, машина жасау және металл өңдеу, энергетика, орман және ағаш өңдеу, жеңiл, тамақ өнеркәсiптері де дамыған.

Энергетикалық кешен үш гидроэнергетикалық (Өскемен, Шүлбі ГЭС-і және Риддер қаласындағы ГЭС каскады) және төрт жылу станцияларымен (Өскемен, Семей, Лениногор, Согра ЖЭО) ұсынылған.

Облыстың көлік кешені байланыстың барлық түрлерін қамтиды: автомобиль, темір жол, су, әуе жолдары.

Өңірде республикада ең ұзын жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары жүйесі бар – 11 841,8 шақырым.

Ішкі автомобиль жолдарының қатты жамылғысы бар жолдарының барлық жол ұзындығынан үлесі 90,9%.

Өңір аумағы бойынша екі магистральды автокөлік дәлізі өтеді: Омск -Майқапшағай және Алматы – Риддер - Ресей Федерациясы шекарасы.

Өңірде біршама тармақталған темір жол бар: Защита ст. - Алматы, Алматы - Аягөз - Шар - Семей - Локоть (Ресей Федерациясы), Шар - Өскемен - Шемонаиха - Локоть (Ресей Федерациясы), Өскемен - Риддер, Өскемен - Зырян, Семей - Курчатов - Ақсу - Павлодар.

Өзен кеме жолдарымен жолаушылар және жүк тасымалын өзен көлiгiнiң үш кәсiпорны жүзеге асырады. Екі жүк кемежайы жұмыс істейді.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы нақты сектор, сондай-ақ әлеуметтік сала және инфрақұрылым кешенінің оң даму динамикасымен сипатталады.

Соңғы 5 жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 2,1 есе ұлғайды және 1819,5 млрд. теңге құрады (Республикада 5 орын), сыртқы сауда айналымы – 1,6 есе ұлғайып, 4868,9 млн. АҚШ долларын құрады.

Машина жасау, энергетика, жеңіл, тамақ өнеркәсібі, химия және ағаш өңдеу өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіру қарқынды дамуда.

Өңір туристік мүмкіндіктері бойынша тартымды және перспективалы болып табылады. Облыс шегінде бірнеше рекреациялық аймақ бар: Бұқтырма жағалауы, Сибина көлі, Алакөл көлі, Катонқарағай, Глубокое ауданы, Риддер, Өскемен қаласының маңы.

Облыс аумағында қазіргі уақытта 125 туристік ұйым, 16 туризм инструкторы, 249 орналасу орны, 84 демалыс аймағы, 34 шипажай-сауықтыру объектісі, 24 ерекше қорғалатын табиғи аумақ тіркелген.Өңірде инновациялық инфрақұрылым құрылған және: технопарк және индустриялды аймақтар жұмыс істейді.

Облыста 2010 жылмен салыстырғанда халықтың табиғи өсімі беталысы байқалады 13,9%, жұмыссыздық деңгейі осы кезеңде 0,6% төмендеп, 18,5 мың жұмыс орнын ашу және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру есебінен 5,1% құрады (республикалық деңгейден 0,3% жоғары).

Өңір экономикасының дамуындағы позитивті беталыстар әліде шикізатқа бағдарланған құрылымына айтарлықтай жылжу әкелген жоқ. Түсті металлургияда жоғары қосымша құнмен сипатталатын төртінші және бесінші ауысу жоқ. Өндірілген өнімнің энергия сыйымдылығы жоғары және бәсекеге қабілеттілігі салыстырмалы түрде төмен. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар салыстырмалы түрде әртараптандырылудың төмен деңгейінде, ол әлемдік қаржы дағдарысында айқын көрініс тапты.

Өңірдің экологиялық проблемалары тізбесінде бір ғаламдық, алты ұлттық және екі локальды проблемалар айқындалған.

Өсіп келе жатқан энергия тапшылығында табиғи монополиялардың базалық субъектілері бойынша жоғары нормативтен тыс және нормативті техникалық шығындар байқалады.

Жекелеген елді мекендерде инфрақұрылымдық әлеуеттің салыстырмалы жоғары деңгейдегі айырмашылық деңгейі байқалады.
2.2 Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.2.1 Экономикалық даму

2.2.2.1. Өңірлік макроэкономика


2012 жылы Шығыс Қазақстан облысының жалпы өңірлік өнімі 1819,5 млрд. теңгені құрады.
2010-2012 жылдары жалпы өңірлік өнімнің өзгеру

динамикасы



(млрд. теңге)

1 сурет


Жалпы өңірлік өнім 2010 жылдан 2012 жылға дейін қарқынды өскен, оның көлемі облыс бойынша 2012 жылы 1,5 есе өсті немесе 2010 жылға қарағанда 575 млрд. теңге құрады.

Республикалық ЖӨӨ көлемінде облыс 6% орында, азаю шкаласы бойынша 6 орында.

2010 жыл мен 2012 жыл аралығында облыстың ЖӨӨ құрылымында келесі өзгерістер орын алды: ауыл шаруашылығы үлесі 8,1 % тен 9,3 %, сауда – сәйкесінше 14,4%дан 14,6%. Бұл ретте өнеркәсіп секторы 29,3%дан 28,5% азайды, құрылыс – 5,6% дан 4,6%, көлік және байланыс 9,3%-дан 8,6%, басқа қызметтер – 18,7% ден 18,3%.

Өнеркәсіп секторы өнімінің жалпы көлемі 153,9 млрд. теңге, ауыл шаруашылығы 68,8 млрд. теңге, сауда – 86,1 млрд. теңге, көлік және байланыс – 40,1 млрд. теңге, құрылыста өнім көлемі 13,9 млрд. теңгеге және басқа қызметтер 212,6 млрд. теңгеге өсті.



1 кесте

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2010-2012 жылдары



ЖӨӨ өзгеру динамикасы


№ р/с

Атауы

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2012 ж. 2010 ж. өсу қарқыны

2012 ж. 2010 ж. өсу қарқыны %

млрд. тенге

құрылым %

млрд. тенге

құрылым %

млрд. тенге

құрылым %

млрд. тенге

%

млрд. тенге

%

1

ЖӨӨ көлемі, млрд.тенге

1244,1

100

1624,3

100

1819,5

100

575,4

146,3

195,2

112,0

2

Өнеркәсіп

364,9

29,3

471,8

29,1

518,8

28,5

153,9

142,2

47

110,0

3

Құрылыс

69,6

5,6

83,98

5,2

83,5

4,6

13,9

120,0

-0,48

99,4

4

Сауда

179,6

14,4

267,8

16,5

265,7

14,6

86,1

147,9

-2,1

99,2

5

Көлік және байланыс

115,7

9,3

114,6

7,1

155,8

8,6

40,1

134,7

41,2

136,0

6

Ауыл шаруашылығы

101,1

8,1

122,6

7,6

169,9

9,3

68,8

168,1

47,3

138,6

7

Басқа

413,2

33,3

563,5

34,5

625,8

34,4

212,6

151,5

62,3

111,1

Кеден статистикасы мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2012 жылы 4868,9 млн. АҚШ доллары, соның ішінде экспорт көлемі – 3831,1 млн. АҚШ доллары, импорт – 1037,7 млн.АҚШ доллары.

2 сурет.
Сыртқы сауда айналымының жылсайынғы қарқынды өсімі бар.



3 сурет


Экспорт пен импорт құрылымы тұрақты құрылымға ие, алайда қарастырылып отырған кезеңде 2010 жылдан 2012 жылға дейін мал өнімдері (2,2 есе), минералды азық-түліктер (1,5 есе), машина, құрал-жабдықтар, көлік құралдары және аппараттары (17,8 есе), тоқыма мен тоқыма бұйымдары (163 есе) аяқ-киім, бас киім, бұйымдар және галантерея тауарлары (21 есе) экспортының көлемі қысқарған, бұл импорт бойынша ұқсас өнімдердің өсіміне әкелді.

2010 жылы тауар экспорты көлемі 2112,2 млн.АҚШ долларын, 2011 жылы – 2978,9; 2012 жылы – 3831,1 млн.АҚШ долларын құрады, республикада экспорт көлеміндегі үлес салмағы тиісінше 3,7 %, 3,7 % және 4,8 % сәйкес.

Экспорт құрылымында қарастырылып отырған кезеңде өнеркәсіп өнімдері орташа 61 % (руда, концентрат, сирек топырақты, түсті және қымбат металдар, кислота, жарылғыш заттар, тері т.б.), ауыл шаруашылығы – 1% (бидай, ұн, жарма, балық өнімдері, күнбағыс майы және басқалар), құрылыс – 0,2% (цемент, асбестоцемент бұйымдары, кірпіш) және басқа тауарлар – 26,3% құрайды.

Экспорттың жалпы құрылымында облыс үлесінің өзгеруі республика бойынша, сондай-ақ жылдар бойынша экспортталатын тауарлар құрылымының көлемінің өзгеруі негізінен сыртқы нарықтағы конъектураға байланысты.

Сонымен қатар, осы саладағы негізгі проблема көптеген тауарлардың бәсекеге қабілеттігінің төмендігі (түсті металлургия өнімдерінен басқа) болып табылады, осыған орай экспорт көлемі 2012 жылдың қорытындысы бойынша нақты секторда шығарылатын өнім көлемінен 58,9% аспайды.

2013 жылғы 1 қаңтарда өңірде екінші деңгейдегі банктердің 30 филиалы қызмет атқарған.

Екінші деңгейлі банктердің берген кредиттерінің көлемі 2012 жылы 250,6 млрд. теңгені құрады немесе 2010 жылмен салыстырғанда 2 есеге артты (2010 жылы 124,7 млрд. теңге).

Кредиттер бойынша негізгі қарыздар 2010 жылға 82,3 млрд. теңгеге немесе 36,7% өсті және 306,6 млрд. теңгені құрады, соның ішінде мерзімі өткен берешек 1,7 есе өсті және 29,4 млрд. теңгені құрады.

Заңды және жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі 166,3 млрд. теңгеге жетті, 2010 жылмен салыстырғанда 58,2 млрд. теңгеге ұлғайды (53,8%).


жүктеу 8,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау